Германия бірігуі
XIX ғ. 50
ж. Германия капиталистік дамудың
жолына нық аяқ басты. Өнеркәсіп төңкерісі жеделдеді. Ел
өнеркәсібінің қарқынды дамуына басты кедергі Германияның
бытыраңқылығы болды.
1849
жылы революциялық оқиғалар
бәсеңдегеннен кейін Пруссия Герман мемлекеттері Австрия, Бавария,
Саксония, Ганноверді кеңеске шақыртып, елді біріктіру мәселесін
қарауды ұсынған еді. Пруссияның бұл жоспарына Австрия қарсы болып,
кеңесті тастап кетті. 1850 ж.
қыркүйекте Пруссия соғысқа дайындық
жариялап, елді күшпен біріктіруге айналды. Австрия үкіметі Ресейге
шағым жасады. «Еуропа
жандармы» I Николай патша
«неміс лаңын
тоқтатыңдар» деген қатаң ескерту жасады.
Пруссия райынан қайтуға мәжбүр болды.
1857
жылы дүниежүзілік экономикалық
дағдарыс Германияда Ұлттық қозғалыстың жандануына әсерін тигізді.
Осындай жағдайда 1857
жылы Пруссия
королі IV
Фридрих-Вильгельм жүйке ауруына шалдығуына
байланысты принц Вильгельм (1861 ж.
король) өкімет басшылығына
либералдарды тартып, азды-көпті реформалар жүргізе бастады. Күші
артқан буржуазия 1859
ж. өзінің саяси партиясын –
Ұлттық одақты құрды. Король үкіметі, юнкерлер (консерваторлар)
буржуазияның күші мен ықпалын мойындауға мәжбүр болған еді.
Палатаны тарату, 1861
ж. қайта сайлау буржуазиялық
депутаттар өкілдерін бұрыңғыдан да күшейтті. Ел ішінде үкіметке
қарсы толқулар басталды. Монарх үкіметі дағдарыс жағдайына
келді.
Осындай шиеленіс
кезеңінде 1862 ж.
қыркүйекте король үкімет басшылығына
князь Бисмаркті тағайындады. Парламенттің қарсылығына қарамастан,
король сенімін арқалаған Отто Бисмарк армияны реформалауды жүзеге
асыра бастады.
1850 ж. соңы –
60-жылдары Германияның бірігуіне қолайлы
халықаралық жағдай қалыптасты. Габсбургтер әулетінің империясы
(Австрия имп.) құлдырау жағдайына жетті.
1859
жылы Франция-Италия одағынан
жеңілуі оны әлсіретті. Ресейдің Қырым соғысында жеңілуі, ішкі
қиыншылықтар он «Еуропа
жандармы» ретінде саяси аренадан
кетірген еді. Франция
60-жылдары Мексиканы өзіне қаратпақ
болған сәтсіз жорығынан қолы кесіліп, шырмалды. Ал Англия болса
құрлықта ұлы мемлекеттерсіз Пруссияға қарсы тұра алмайтын
еді.
Бисмарк осы сәтті кезеңді
елдің ұлттық мәселесін шешуде пайдалана білді. Германияны біріктіру
жолындағы басты кедергі Австрия империясы еді. Германияның
кішігірім мемлекеттері Пруссиядан қорыққандықтан Австрияны
қолдайтын.
1863
жылы Дания королі немістер
мекендейтін Шлезвиг және Гольштейн аймақтары мәңгілікке Данияның
құрамына кіреді деп жазылған Конституция жариялады. Езілген неміс
туысқандарын азат ету ұранын желеу қылып
Бисмарк 1864
ж. Данияға соғыс жариялап, ол
соғысқа үлкен ептілікпен Австрияны да тартты. Данияның әскери күшін
оп-оңай жеңіп, одақтастар Шлезвиг пен Гольштейнді тартып алды. Осы
екі аймақты басқару мәселесі екі елдің арасындағы жанжалға себеп
болды. Бисмарк осы шиеленісті соғысқа ьұластыру мақсатын көздеді,
өйткені ол Австрияны күйретпейінше, Германияны біріктіру ісінен
аластата алмайтынына көзі жеткен еді. Бірақ соғысты бастамас бұрын
ол қолйлы халықаралық ахуал дайындап алды. Франция императорына
Бельгия мен Рейннің сол жағалауындағы аймақтарды беруге уәде етті.
Ал Италияға Австрияның қол астында қалған Венецияны қайтарып беруге
уәде беру арқылы өзіне одақтас етіп соғысқа
тартты.
1866
жылы Пруссия әскерлері Саксония,
Ганновер, Гессен-Каасель жерлеріне басып кіріп, Австрияға соғыс
жариялады. Австрияның үлкен әскері Пруссия мен Италияға қарсы екі
майданға бөлінуге мәжбүр болды. 1866 жылы 3
шілдеде Чехияның Садово қыстағы
түбінде Пруссияның әскері австриялықтарға күйрете соққы берді.
Австрияға жақтасқан кішігірім гермен мемлекеттерінің әскері де
талқандалды.
Осы жеңістен соң Пруссия
генералдары Венаға жорыққа шығып, Австрия империясын мүлдем жойып,
өздеріне қосып алуға ұмтылды. Король Вильгельм де сол пікірде
болған, тек Бисмарк бұған жол бермеді. Ол соғыс созылып кетсе ұлы
державалар, әсіресе Франция араласып, Германия біріктіру ісі
екіұшті болып қалатынын түсінді. Бейбіт бітімге тез қол қойылды.
Австрия империясы Герман одағынан аластатылып, іле-шала одақтың өзі
таратылды. Оның орнына Пруссия басшылығымен Солтүстік Герман одағы
құрылды. Оның құрамына 22 неміс мемлекеттері кірді. Солтүстік
Герман одағының рейхстагы 1867
ж. басында қабылданаған
Конституция бойынша өкімет билігі мұрагерлік негізінде қалыптасатын
«президент» – Пруссия короліне берілді. Одақтың көлеміндегі
аймақтардың бәрінде бір азаматтық және біртұтас заңдылық
жарияланды. Сөйтіп, Германияның экономикалық және мәдени дамуын
шырмап тұрған бытыраңқылық жойылды.
Германияның толық бірігуіне
Франциядағы II империя басты кедергі болды. III Бонапарт Оңтүстік
Герман мемлекеттерінің Одаққа қосылмауын, Рейннің сол жағалауын
өзіне қосып беруді талап етті. Өз тарапынан Бисмарк Францияны
күйретпей, Германия толық біріге алмайтынын жақсы
түсінетін. 1870
ж. Испания тағына мұрагерлік
шиеленісін сылтау қылып, III Наполеон Пруссияға соғыс жариялады.
Француз армиясына күйрете соққы берген Бисмарк Пруссия басшылығымен
Гермен империясын құрды, сонымен елдің толық бірігуі
аяқталды. 1871 жылы
қаңтарында француз корольдерінің
салтанатты сарайы Версальда Германия империясы жарияланып, Пруссия
королі I Вильгельм император болып, ал Бисмарк рейхсканцлер болып
тағайындалды.