Материалдар / Гипербелсенді балалардың мінез ерекшеліктерін психологиялық ойындар арқылы түсету
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Гипербелсенді балалардың мінез ерекшеліктерін психологиялық ойындар арқылы түсету

Материал туралы қысқаша түсінік
Гипербелсенді балалардың психикалық ерекшеліктерін әр- түрлі ойын арқылы түсету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Ақпан 2023
316
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Гипербелсенді балалардың мінез ерекшеліктерін психологиялық ойындар арқылы түзету


«Гипербелсенділік» ұғымының осы күнге дейін бір жақты талдауы жоқ. Көптеген мамандар гипербелсенділіктің сырттай пайда болуын импульсивтілік, ұқыпсыздық, қозғалыс белсенділігінің жоғарлығымен түсіндіреді. Ал теория жағынан толығымен айтатын болсақ, баланың мінез-құлқындағы «гипербелсенділік» сөзіне былайша түсініктеме беруге болады:

бала үнемі әбігерге салынып, еш тыныш отырмайды, көбінесе қолдарын, аяғын себепсіз қимылдатып, үстелде отырғанда қисаңдап, жан-жағына қарап отырғанын байқауға болады;

бала бір орында ұзақ отыра алмайды, рұқсатсыз тұрып кетіп ары бері жүреді;

баланың қозғалыс белсенділігінің көзделген бағыты жоқ, ол бекерден бекер жүгіріп, айналып, өрмелеп, әр жерге бір шығып жүреді, көбінде бұл қылықтары қауіпсіз бола бермейді;

бала тыныш ойындар ойнай алмайды, демалу, бір орында тыныш отыру, белгілі бір жұмыспен айналысу дгенді білмейді де олай істемейді;

бала үнемі қозғалыста болады;

көп сөйлейді.

Сонымен, гипербелсенді бала – өте көп қимылдайтын (қозғалатын), шаршауды білмейтін, айтқанға көне бермейтін, басқа балалардан мінез-құлқы мен қимылы өзгеше бала. «Гипер» сөзі «шамадан тыс жоғары деңгейде» дегенді білдіреді. Гипербелсенді балалар аңғырт əрі ырықсыз болып, сақтық жетіспенгендіктен олар кездейсоқ жағдайға жиі ұшырайтын болып келеді. Алайда, баланың гипербелсенді екендігін бірден ажыратуға асықпаған дұрыс, бұл – ата-анамен қатар дәрігерлердің де бақылауы арқылы көрініс табатын кешенді жұмыс.

Гипербелсенді баланы тəрбиелеу оңай емес. Дегенмен ата-ана тарапынан тәрбиеде жиі жіберілетін қателіктерге төмендегілерді жатқызуға болады:

  • тәрбиелеу тәсілдерінің әр түрлі болуы (аталар мен әжелердің, әкелер мен аналардың, тәрбиешілер мен мұғалімдердің тәрбиелеу тәсілдерінің әр түрлі болуы);

  • балаға қойылатын талаптардың тиянақсыздығы (ережелер үнемі өзгеріп отырады, бала оларға үйреніп үлгірмейді),

  • агрессияны басқару бойынша білім мен дағдылардың болмауы және оларды балаларға үйрете алмау;

  • эмоционалды жылудың болмауы: гипербелсенді бала тіпті ең жақын адамдарының өзін жиі шаршатып, қатты ашуландырады.

Гипербелсенді балаға 12 баладан артық емес топта, сабақ ұзақтығы 30 минутқа дейінгі уақыт аралығы жəне бірінші қатарда отыру ұсынылады. Себебі бұл баланың мұғалімге қарап отырып, зейіннің шоғырлануын қамтамасыз етеді. Ата-аналармен психотерапиялық жұмыс жүргізу барысында баланың іс-əрекетін бұзықтық деп қабылдамай, оған түсіністікпен жəне сабырлы көзқараспен қарау керектігі айтылған жөн. Сондай-ақ ата-аналар гипербелсенді баланың тамақтану, серуендеу, ойнау, үй жұмыстары, ұйықтау уақыты секілді күн тәртібінің сақталуын қадағалап, нақты реттеуі керек. Осы орайда гипербелсенді балалардың ашушаң, қозғыш екенін естен шығармай, адамдар көп жиналатын іс-шаралардан алыс ұстағаны дұрыс.

Қазіргі таңда баланың гипербелсенділік белгілерін түзетуге арналған бірнеше әдістер ұсынылады: арт-терапия, құм терапиясы, қуаршақ терапиясы, музыка терапиясы сияқты психотерапиялық жұмыстар, рөлдік әдістер, ойын түрінде оқыту әдістері, тыныстау гимнастикасы әдісі. Осылардың ішінен психологиялық ойындар арқылы түзетуге тоқталып, мысалдар келтіретін боламыз.

Жалпы ойын – мектеп жасына дейінгі баланың барынша жан-жақты дамуында маңызды рөл атқаратын құралдың бірі. Қозғалмалы ойын баланың психологиялық ахуалын сақтауға, оның қоғаммен қарым-қатынасын анықтауға, ересек өмірге дайындайды,сонымен қатар өмірге деген құлшынысын арттырады, эмоционалды және физиологиялық жағдайын жақсартады. Гипербелсенділік белгісі бар балалар үшін қозғалмалы ойын психологиялық күйзелістен шығу үшін бір тәсіл ретінде қолданылады. Бала ойынға өз еркімен қатысып, ойыннан қуаныш рахатын көру керек. Гипербелсенді балалардың жекеленген ерекшелігін еске ала отырып, олармен кешкілік емес, күннің бірінші жартысында жұмыс жасау керек, жұмыс жүктемесін азайтып, арасында үзіліс жасап отырған жөн. Баланың зейінін арттыруға септігін тигізетін ойындарға мысалдар келтіретін болсақ.

«Ырғақты есте сақтаңыз» ойыны:

Мақсаты: есту, көру қабілеттерін, зейінді дамыту.

Барысы: жүргізуші балалардың өзінің артынан шапалақпен жасалған ырғақты модельді қайталауын сұрайды. Естіген үлгіні есіне түсіре алмаған балалар үшін арасындағы сызықша-үзіктермен (мысалы, 1-1-3-4-2) шапалақтардың саны көрсетілетін сандық жазба түрінде бағдар беріледі. Тапсырманы жеңілдету үшін олардың көру бейнесіне сәйкес шапалақтардың санын дауыстап санау ұсынылады. Барлық ырғақты әуенді игергеннен кейін балалар шеңберде тұрып, алдымен баяу қарқынмен, содан кейін жылдам қарқынмен ырғақты әуенді ойнайды. Шапалақтың дыбысы бойынша  жаңылған бала ойыннан шығады.

«Сұр қоян жуынады» ойыны:

Мақсаты: Қимыл қозғалыс қабілеттерін арттыру, тілдерін дамыту, ептілікке тәрбиелеу.

Шарты: Балалар шеңбер жасап тұрады. Қоян болған бала ортаға шығады. Балалар:

Қоян, қоян тұршы,

Беті, қолды жушы

Айнаға қарашы

Шашыңды тарашы

Енді бізді қушы.

Қоян қимылмен көрсете отырып жасап, тұрады. Енді бізді қушы дегенде, балаларды қуа жөнеледі. Ойын 4-5 рет қайталанады.

«Тасбақа» ойыны:

Мақсаты: өз қимылын бақылауды үйрену.

Барысы: жүргізуші ойын өтетін бөлменің қабырғасында, ал балалар қарама-қарсы қабырғада тізіліп тұрады. Жүргізушінің белгісі бойынша олар қозғала бастайды. Одан əрі қарай жүргізуші: «Көз алдыңыздарға елестетіңіздер, сіздердің барлығыңыз тасбақасыздар. Мен үлкен тасбақамын, ал сіздер кішкентай тасбақасыздар. Мен сіздерді өзімнің туған күніме шақырдым. Мен сіздерді қонаққа күтіп отырмын. Бірақ та мерекелік торт дайын емес. Менің бұйрығым бойынша сіздер маған келулеріңіз керек. Естеріңізде болсын: сіздер тасбақасыздар, сіздер мүмкіндіктеріңіз келгенше ақырын жүрулеріңіз қажет, сонда сіздер келгенше торт та пісіп қалар» деп түсіндіреді. Ешкімнің де тоқтап қалмауын жəне асықпағандықтарын қадағалауы керек. 2-3 минуттен соң ол белгі берген уақытта, барлығының да «қатып» қалулары қажет. Туған күнін атап өтіп жатқан үлкен тасбақадан барлығынан да алыс тұрған қатысушы жеңіске жетеді. Ойын бірнеше рет қайталануы мүмкін. Содан соң жүргізуші топтан шеңбер бойынша, балаларға ақырын ғана қозғалу қиындыққа түсті ме, нұсқауды орындау үшін не көмектесті, осы сұрақтар көлемінде талдау жасайды.

Гипербелсенді балалардың мінез ерекшеліктерін түзетуге арналған осы сияқты көптеген ойындар бар. Оларды баланың жеке қасиеттеріне, топтық ерекшеліктерін ескере отырып қолдану мақсатты жүзеге асыруда үлкен көмегін тигізеді.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!