Жаңа тақырыпты
түсінідіру.
Гиперсілтеме-құжаттың өзіндегі
әріп, сөз, сөйлем, абзац немесе графикалық объектілердің біріне
сілтеме беретін гипермәтіндік құжаттың бөлігі. Сонымен бірге
жергілікті дискідегі файлдарға, компьютерлік желіде файл, бума,
қосымша, веб-беттерге сілтеме беріледі.
Құрылымы гиперсілтемелер
көмегімен ұсынылатын құжаттар мәтіні гипермәтін деп
аталады.
Көрсетілім.
Word-та
гиперсілтемені іске қосу үшін гиперсілтеме қойығымыз келетін әріп,
сөз, сөйлем, абзац немесе графикалық объектілердің бірін ерекшелеп
аламыз. Вставка →Гиперссылка командаларын
орындаймыз.
Гиперсілтеме
кірістіру:
-
Ерекшеленген объектіні сыртқы
файл немесе веб-бетпен байланыстыру.
-
Ерекшеленген объектіні құжаттың
ішіндегі екінші бір орынмен байланыстыру.
-
Ерекшеленген объектіні жаңадан
құрылатын құжатпен байланыстыру.
-
Ерекшеленген объектіні
электронды поштамен байланыстыру.
Ерекшеленген объектіні құжат
ішіндегі екінші бір орынмен байланыстыру үшін Закладка
кірістіруіміз керек.
Гиперсілтемені құжаттан алып
тастауыдың бірінші тәсілі-контекстік мәзірден Удалить гиперссылку
командасын таңдау. Екінші тәсілі-гиперсілтеме берілген объектіні
ерекшелеп, Вставка гиперссылки сұхбат терезесінен адрес жолағындағы
сілтемені Удалить ссылку алып батырмасы көмегімен
орындау.
Жеке жұмыс. 1-
тапсырма.
Оқулық § 4.2-4.3, 113-бет,
«Практикада қолдану» тапсырмасы
Дескриптор:
-мәтіндік редакторды іске
қосуды біледі;
-мәтіндік редакторда мәтін жаза
алады;
-гиперсілтеме кірістіру командаларды
пайдаланады;
-құжатты өз атауымен
сақтайды.
ҚБ: стикер / 4 балл/
Жеке жұмыс.
2-тапсырма.
Оқулық § 4.2-4.3, 114-бет,
2-тапсырма
Дескриптор:
-мәтіндік редакторды іске
қосуды біледі;
-https://kitap.kz/ сайтындағы Ғабит Мүсіреповтың «Қазақ
солдаты» романынан үш беттік үзіндіні құжатқа
көшіреді;
-әр беттегі
бірінші кездесетін сын есімге Закладка қояды;
-Құжат
ішінде бір беттен екінші бетке жылдам ауысатын гиперсілтеме
кірістіру командаларын қолданады.
ҚБ: стикер / 6 балл/
|