Материалдар / ҒКП "Дене массасы мен осы дененің Жерге тартылу күші арасындағы байланыс "
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҒКП "Дене массасы мен осы дененің Жерге тартылу күші арасындағы байланыс "

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушының аты-жөні: Самитова Айару №12 жалпы білім беретін мектеп коммуналды мекемесінің 7 сынып оқушысы. Ғылыми жобаның тақырыбы: Дененің массасы мен осы дененің Жерге тартылу күші арасындағы байланыс. Ғылыми жобаның мақсаты: Дене массасы мен осы дененің Жерге тартылу күші арасындағы сандық байланысты зерделеу. Зерттеу кезеңдері; • Тақырыпты негіздеу ,мақсаттары мен міндеттерін айқындау; • Тақырыпқа байланысты теориялық мәліметтер жинақтау , әдебиеттерге шолу жасау, талдау • Денеге әсер етуші күш пен дене массасы арасындағы тәуелділікті зерттеу ; • Эксперимент нәтижесі бойынша қорытынды жасау,график түрінде кескіндеу; • Тұрақты шаманың мағынасын ашу, мысалдар келтіру; • Жұмысты қорытындылау. Зерттеу жаңашылдығы; Табиғаттың ерекше көрінісін-тартылыс құбылысын сипаттайтын жекелеген заңдылықты тағайындау. Жұмыс нәтижелері мен қорытындылары; Эксперименттік түрде алынған нәтижелері мен жинақталған мәліметтер бойынша денеге әсер етуші ауырлық күші мен дене массасы арасындағы тәуел
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қазан 2023
357
6 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі









Тақырыбы: Дене массасы мен осы дененің Жерге тартылу күші арасындағы байланыс

Бағыты: Физика













Авторы:Самитова Айару

Әлібек Бүркітбаев атындағы

12ЖББМ КММ-сінің

7-сынып оқушысы

Жетекшісі:Қалел Асыланбек Қабдоллаұлы

Физика пәнінің мұғалімі

Әлібек Бүркітбаев атындағы №12 ЖББМ КММ









2023 жыл

Аннотация

Оқушының аты-жөні: Самитова Айару

12 жалпы білім беретін мектеп коммуналды мекемесінің 7 сынып оқушысы.

Ғылыми жобаның тақырыбы: Дененің массасы мен осы дененің Жерге тартылу күші арасындағы байланыс.

Ғылыми жобаның мақсаты: Дене массасы мен осы дененің Жерге тартылу күші арасындағы сандық байланысты зерделеу.

Зерттеу кезеңдері;

  • Тақырыпты негіздеу ,мақсаттары мен міндеттерін айқындау;

  • Тақырыпқа байланысты теориялық мәліметтер жинақтау , әдебиеттерге шолу жасау, талдау

  • Денеге әсер етуші күш пен дене массасы арасындағы тәуелділікті зерттеу ;

  • Эксперимент нәтижесі бойынша қорытынды жасау,график түрінде кескіндеу;

  • Тұрақты шаманың мағынасын ашу, мысалдар келтіру;

  • Жұмысты қорытындылау.

Зерттеу жаңашылдығы;

Табиғаттың ерекше көрінісін-тартылыс құбылысын сипаттайтын жекелеген заңдылықты тағайындау.

Жұмыс нәтижелері мен қорытындылары;

Эксперименттік түрде алынған нәтижелері мен жинақталған мәліметтер бойынша денеге әсер етуші ауырлық күші мен дене массасы арасындағы тәуелділік тағайындалып,тұрақты шаманың сан мәні мен физикалық мағынасы анықталды .

Практикалық маңыздылығы;

Денеге әсер етуші ауырлық күші мен дене массасы арасындағы тәуелділікті өрнектейтін формуланы пайдаланып,түрлі мазмұндағы есептерді шығаруға болады.











Дене массасы мен осы дененің жерге тартылу күші арасындағы байланыс тақырыбындағы ғылыми жобаға

Пікір

Әлібек Бүркітбаев атындағы №12 ЖББМ КММ-нің 7 сынып оқушысы Самитова Айару Дене массасы мен осы дененің Жерге тартылу күші арасындағы байланыс атты ғылыми жобасы физиканың қызықты саласының бірін қамтиды.Жобаны орындаушы зерттеу әдістемесін дұрыс таңдаған. Дене массасы мен ауырлық күші арасындағы байланысты эксперименттік түрде зерделеп,график түрінде тағайындап ,қорытынды жасаған .Ғылыми жобаны орындау барысында жалпы ғылыми әдістер қолданылған (бақылау, эксперемент, теориялық әдіс). Ұсынылып отырған жоба жалпы мектеп бағдарламасындағы физика курсының өзекті тақырыптарының біріне жатады. Тақырыпты зерттеу арқылы бірқатар дүниетанымдық мәселелер шешіледі; табиғаттағы физикалық заңдардың байқалуын көре білу, бағалай білу біліктілігі қалыптасады.

Ғылыми жоба аймақтық ғылыми-практикалық жобалар байқауына қатысуға лайық деп бағаланады.









Жоба жетекшісі: Қалел А.Қ





















Мазмұны

Кіріспе.................................................................................................................................1

Зерттеу бөлімі.....................................................................................................................3

Қорытынды.........................................................................................................................6

Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................................7













































Кіріспе

Жердің өзінің бетіндеге барлық денелерді өзіне тарту себебінен «ауырлық» түсінігі пайда болады. Жердің үстіндегі және маңындағы барлық денелерді өзіне тартып тұруы-тартылыс күшінің салдары. Жер бетіндегі барлық денелерді Жердің өзіне тарту күші сол дененің « ауырлық» түрінде байқалатын болғандықтан, бұл тартылыс күші ауырлық күші деп аталады. Жердің тартылыс күшін тікелей тек Жердің бетінде тұрған денелерді жоғары көтеру арқылы ғана көріп жүрген жоқпыз. Мысалы, қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров те, дүниедегі алғашқы ғарышкер Юрий Гагарин де ғарыштан қайтып Жерге оралды. Ауырлық күші-тек қана Жер шарына қатысты тартылыс күші. Ендіше, неліктен бір денелер ауыр, екіншілері жеңіл болып көрінеді деген сұрақ туындайды.

Осы ғылыми жобаны жасау барысында төмендегідей мақсат қойдым:

  • Дене массасы мен Жреге тартылу күші арасындағы сандық байланысын анықтау.

Аталған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді алға қойдым:

  • Тақырыпқа байланысты теориялық мәліметтер жинақтау,әдебиеттерге шолу жасау,талдау;

  • Денеге әсер етуші күш пен дене массасы арасындағы тәуелділікті зерделеу;

  • Эксперемент нәтижесі бойынша қорытынды жасау, график түрінде кескіндеу;

  • Тұрақты шаманың мағнасын ашу, мысалдар келтіру;

Ғылыми жоба жұмыстарын орындау барысында бақылау, зерттеу, талдау әдістері тәрізді жалпы ғылыми әдістер қолданылды. Бұл әдістердің сипаттамалары зерттеу бөлімінде баяндалады.



















Зерттеу бөлімі

Денелердің Жерге тартылу күшін ауырлық күші деп атайды және әрпімен белгілейді. Дене массасы және жерге тартылу күші арасындағы сандық байланысты табайық. Ол үшін массалары әртүрлі денелер, таразы және динамометр қажет. Өлшеу нәтижелерін кестеге жазамыз.

m, кг

0,1

0,2

0,3

0,4

F, Н

1

2

3

4



Нәтижелерді график түрінде көрсетсек:

Графиктен нүктелердің барлығы 0 нүктесінен өтетін бір түзудің бойында жатқандығы байқалады, яғни қандай да бір заңдылық бар. Алынған заңдылықты тағайындаудың екі жолы бар:

  1. Графикке байланысты, егер барлық эксперементтік нүктелер 0 нүктесінен өтетін түзудің бойында орналасса, онда бір шама (біздің жағдайда ) өзімен байланысты екінші шамаға (m) тура пропорционал болады.

~m

Тура пропорционал тәуелділік ұғымы өте қарапайым: бір шама (масса) неше есе артса (кемісе), екінші онымен байланысты шама (күш) сонша есе артады (кемиді).

Екінші тәсіл екі шаманың тура пропорционалдығын график көмегенсіз тағайындауға мүмкіндік береді.

  1. Егер екі шама (ауырлық күші және масса) бірдей өзгерсе, олардың қатынастары тұрақты болу керек. Мұны тексеру үшін ауырлық күшінің мәнін массаның мәніне бөлсе жеткілікті. Бұл қатынас тәжірибеде алынған сан жұптарына бірдей болу керек тексерейік:

қатынасы барлық тәжірибе нәтижелері үшін 10H\кг болып шықты. Бұл санды (математикада) пропорционалдық коэффициент деп атайды. Сонымен,денеге әсер етуші ауырлық күші дененің массасына тура пропорционал. Пропорционалдық коэффициент 10 H\кг.

Fa = 10H\кг.m

Алынған нәтижеге келетін болсақ, біріншіден ауырлық күші мен массаны өлшегенде дәл өлшеулер алынған жоқ, қандай да бір қателіктер жіберілді. Сондықтан пропорционалдық коэффициенттің де сан мәні абсолют нақты болмауы мүмкін. Ол үшін өте дәл өлшенетін құралдар мен өте аз қателіктермен нәтижелер алу керек, бірақ біз дайын нәтижелерді пайдаланамыз. Нақты өлшеулер өлшеу жүргізілен жердің ендігіне байланысты Вашингтонда Fa\m=9,8012 H\кг, Токиода 9,7980 H\кг, Солтүстік полюсте 9,8322 H\кг. Сондай-ақ коэффициент мәні өлшеу жүргізілгебиіктікке де байланысты. Тееңіз деңгейінде F\m=9,8066 H\кг ,Эверест шыңында (8888М) – 9,7820H\кг, өте биікте (400км) – 8,45 H\кг. Айырмашылығы өте аз, бірақ бар.

Пропорционалдық коэффициенттің физикалық мағынысы нені білдіреді? Күш пен масса арасындағы пропорционалдық коэффициент берілген ортадағы қандай да бір планетаға тартылу қаңшалықты үлкен екенін білдіреді. Осы тартылу көрсеткішін латынның g әріпімен белгілейді. Біздің Жерде g=9,8 H\кг, ал басқа планеталарда оның мәні басқа. Күн айналасында жылдам айналатын Меркурийде g=3,7 H\кг, Шолпанда g=8,8 H\кг, Марста g=3,8 H\кг, алып планета Юпитерде g=24 H\кг, ал сақиналы Сатурында g=9,1 H\кг, Уранда тартылу біздегідей g=9,8 H\кг. Жерге жақын аспан денесі Айда g=1,6 H\кг, яғни Ай бетіндегі тартылу Жер бетінен 6 есе аз .

Сонымен қорытындылай келе, денеге әсер етуші ауырлық күші сол дененің массасына тура пропорционал:

Fa=mg

g пропорционалдық коэффициент, тартылыс көрсеткіші.

Бұл нәтиже бізге массасы белгілі кез келген денеге әсер ететін ауырлық күшін щңай анықтауға мүмкіндік береді.

Мысалдар:

  1. Сізге Жерде және Күн жүйесінің басқа планеталарында әсер ететін ауырлық күшін анықтаңыз. Сіз өз массанызды білесіз. Дене массасы дененің қай орында болатынына байланысты емес, ал тартылыс күші байланысты екенін қалай түсіндіресіз?

  2. Қандай да бір планета тұрып, сіз дене массасы мен оған әсер етуші күшті өлшедіңіз. Нәтижесі: m= 150 г, Fa=0,57 H. Сіз қай планетада тұрсыз?

  3. Қандай да бір денеге әсер етуші күш Fa=10 кH. Осы дененің массасы қандай?Жауабыңызға түсінік беріңіз.















































Қорытынды

Жұмысты орындыу барысында массасы белгілі денеге әсер етуші ауырлық күшін анықтаудан бастадық, яғни табиғат құбылысын сипаттайтын жекелеген заңдылықты тағайындадық. Жүргізілген зерттеу нәтижесі денеге әсер етуші ауырлық күші дене массасына тура пропорционал болатынын көрсетті . Мұндағы g-тартылыс көрсеткіші. Бұл нәтиже бізге массасы белгілі кез келген денеге әсер етуші ауырлық күшін еш қиындықсыз анықтауға мүмкіндік береді.

Ғылыми жоба жұмыстарын орындау барысында математикалық есептеу жұмыстары, бақылау, эксперемент, талдау сияқты жалпы ғылыми әдістер қолдандым. Бұл әдістердің сипаттамалары зерттеуде қолданылды. Жекелеген заңдылықтарды оқып, үйрену физикалық дүниетанудың ерекшеліктерін, мағынасын түсінуге үйретеді. Жекелеген заңдылықтарды оқып, үйрене отырып, әртүрлі денелер мен құбылыстарды терең зерттейтін ұлы табиғат заңдарына апарар жолды анықтау мүмкіндіге туады, себебі табиғаттың негізгі заңдары-физикалық зерттеулерді ең басты мақсаты болып табылады.

































Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Балашов М.М. Физика 7. Москва «Просвещение» 1995

2. «Физика және астрономия» журнал 2009

3. В.П.Орехова, А.В.Усова «Методика преподавания физики в средней школе».

4.Қалығұлов А.Ж. физика 7. Алматы «Рауан» 1994

5. «Физика және информатика» журнал 2007

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!