Психологиялық
дайындық .Барлық оқушылар тақта алдында тұрады.
Оқушылар:
Үлкенге де сіз
,
Кішіге де
сіз.
Барша жанды құрметтеп бас иеміз
біз.
Тақтадағы 4 суретті 4 оқушы келіп таңдап
топтарына барып топ басшысын
сайлайды.
1-топ Гүлдер 3-топ
Ағаштар
2-топ Таулар 4-топ
Ғарыш
Кіріспе тапсырма. Оқушыларға
алдыңғы сабақтағы ғарышқа сапар жалғасатынын
ескеру.
Ыстық орындық
әдісі:
Әр топтан топбасшылар келіп
қойылған сұраққа мүдірмей, күймей жауап беру
керек.
Олардың назарын Жер
ғаламшарының өте үлкен екеніне аударыңыз. Ойын барысында сұрақтар
қойыңыз:
— Жердің барлық түкпір-түкпірін
көру үшін не істеу қажет?
— Біздің ғаламшарды оның үстінде
тұрып тұтас көруге бола ма?
Жер. Оқушыларға ғарыштан
түсірілген Жер ғаламшарының фотосуреттерін көрсетіңіз. Оларды
талқылаңыз. Мынадай сұрақтар қойыңыз:
— Фотосуреттен не көріп
тұрсыңдар?
— Жерді тұтастай көруге бола ма?
(Жоқ.)
— Неліктен? (Ол үлкен, бір фото
арқылы оны жан-жағынан көрсету мүмкін
емес.)
— Осыншама үлкен Жерді
жан-жағынан қалай көруге болады, себебі біз Жерді кішірейте
алмаймыз ғой?
Оқушылардың пікірін толық
тыңдаңыз. Дұрыс немесе дұрыс емес жауаптарды бірден айтуға
асықпаңыз. Оның дұрыс- бұрыстығын келесі тапсырманы орындау
барысында өздері түсінеді.
Глобус туралы түсінік
қалыптастыру.
Ең бірінші глобусты неміс
географы және саяхатшысы Мартин Бехайм жасаған (1492
ж.)
Бірақ оның глобусында
Солтүстік пен Оңтүстік Америка жоқ еді. Себебі ол кезде Оңтүстік
және Солтүстік Америка әлі ашылмаған
болатын.
Ең бірінші жерді айналып,
жердің шар тәріздес екенін Фернан Магеллан
дәлелдеген.
1-топ:Глобусқа ұқсас заттарды тауып
жабыстыр.
2-топ Глобуста ұқсас суреттерді
сал
3-топ:Глобусқа ұқсас заттарды
жаз
4-топ: Глобусқа ұқсас заттың
модельін жаса.
Оқулық суреттеріндегі
заттардың моделін қарастыруды ұсыныңыз. Оқушыларға: “Бұл заттардың
өзі емес, олардың моделі, кішірейтілген көшірмесі” — деп
ескертіңіз. Барлық оқушылардың дұрыс түсінгеніне көз жеткізіңіз. Ол
үшін алдын ала сынып бөлмесіндегі заттардың суреттерін, макеттерін
дайындаңыз. Әр затты көрсете отырып, “Бұл не?” — деп сұраңыз. “Тек
жекелеген заттардың ғана емес, үйдің, бөлменің де моделін жасауға
болады” — деп ескерту Алдыңғы тапсырманы орындау кезіндегі “Біздің
үлкен ғалам шарымызды зерттеу үшін оның суретін қалай салуға
болады?” деген сұраққа қайта оралыңыз. Оқушылардың пікірін тыңдап,
бұл үшін бізге оның кіші рейтілген моделін жасау қажет деген
тұжырымға келуге жетелеңіз. Олар “Мұндай модель — глобус. Глобус —
Жердің кішірейтілген көшірмесі” деген
қорытындыға келуі
тиіс.
Зерттеу
жұмысы. Оқушылардан ермексазбен кез
келген заттардың моделін жасайды.
Глобуспен танысу. Бұл
тапсырманы топпен орындайды.
Глобустың басым бөлігі
неліктен көк түспен боялғаны туралы оқушылардың өздері
қорытындылағаны жөн. Осы тапсырмадан кейін глобус — Жердің
кішірейтілген моделі екенін тағы қайталап, алған білімдерін
тиянақтау керек.
1-топ Өзіңнің сүйікті ойыншығыңның
модельін жаса.
2-топ Өзіңнің сүйікті жануарыңның
модельін жаса
3-топ: Өзіңнің сүйікті
жеміс-жидектің модельін жаса
4-топ: Глобусқа ұқсас заттың
модельін жаса.
|