Материалдар / Глобусты қалай қолданамыз?
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Глобусты қалай қолданамыз?

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық оқушылар: жасанды моделіне сүйене отырып, Жердің пішінін анықтай алады. Көптеген оқушылар: глобустан Қазақстан Республикасын таба алады Кейбір оқушылар: қоршаған әлемдегі құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды зерттеу қажеттілігін түсіне алады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Сәуір 2021
550
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән:

Жаратылыстану

Күні:

12.04.2021

Сынып:

0 Әсынып

Сабақтың тақырыбы:

Глобусты қалай қолданады?

Осы сабақта қолжетілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.4.1.1 Жердің пішінін оның жасанды моделі негізінде анықтау. 1.1.1.1 қоршаған әлем құбылыстары, үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: жасанды моделіне сүйене отырып, Жердің пішінін анықтай алады.

Көптеген оқушылар: глобустан Қазақстан Республикасын таба алады.

Кейбір оқушылар: қоршаған әлемдегі құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды зерттеу қажеттілігін түсіне алады.

Тілдік мақсаттар:

Модель, глобус жаңа терминдермен танысады.


Құндылықтарды дамыту

Патриоттық сезімдерін қалыптастыру, сыни тұрғыда ойлануға дағдыландыру.

Пәнаралық байланыстар:

Математика (мұхиттар мен құрлықтарды санауда), дүниетануды (глобус моделімен жұмыс жасауда) көркем еңбек (ермексазбен жұмыс жасауда).


АКТ қолдану дағдылары:


Жер ғаламшарының көрінісі интерактивтік тақтадан көрсетіледі.Ай мектеп сайтын қолдану.

Ресурстар:

Глобус, слайд, ермексаз, суреттер,бейнеролик


Бастапқы білім


Өткен тақырыпқа байланысты «Бізден сұрақ, сізден жауап» ойыны арқылы қайталайды.

Сабақ барысы:


Сабақтың жоспарланған кезеңдері:

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Сабақтың басы:

3-мин


Сәлемдесу:Психологиялық көңіл-күй ахуалын орнату.«Сәлемдесу» жаттығуы Мақсаты: қатысушылармен сәлемдесу, сыныпқа күш-қуат беру;

Жаттығу барысы:Қатысушыларға өз орындарынан тұрып, жұптасуды ұсынылады: «еуропалықтар», «жапондықтар» , «африкандықтар» және «италияндықтар». Кейін әрбір қатысушы шеңбер бойымен жүріп, «өз амандасу тәсілімен» барлығымен сәлемдеседі: «еуропалықтар» қолдарын қысады, «жапондықтар» бастарын иеді, «африкандықтар» мұрындарымен, италияндықтар» құшақтасады.


Ой толғау

«Екі өтірік, бір шындық» әдісі.

Ертеде адамдар Жерді төрбұрыш деп ойлаған (ө.)

Біздің ғаламшарымыз Нептун деп аталады. (ө.)

Ғарыштан қарағанда Жер үлкен көгілдір және сопақша шар тәрізді көрінеді. (ш.)


Топқа бөлу

«Сиқырлы сандықша» Осы сандықшаның ішіндегі суреттердің қиындысыннан сурет тер құрастырады.

1.Құрлық

2.Ай

3.Су


Белсенді оқу

12 мин


Топпен жұмыс. Зерттейік.

Оқушыларды топқа біріктіру. Топқа тапсырма беру. Әр топтың алдында бір глобус тұрады. Оқушылар глобусты зерттейді. Глобустан біздің мемлекетімізді табу керек. Оқулықтағы мәліметпен танысады.

Оқушылар өз ойларын айтады.


Сабақтың ортасы:








Глоссарий:

6 мин

«Глобус» туралы бейнеролик көрсету.

- Балалар, глобус неге түрлі түсті деп ойлайсындар?

(балардың жауабы)

Жердің көп бөлігін су алып жатыр. Жер шарында 4 мұхит, 6 құрлық бар екен.


Глобус-глобус- globe


Сергіту сәті

2 мин

«Құрлық пен мұхит» ойыны. Төрт құрлықты есте сақтай отырып төрт қадам жасау. (оңға, солға, артқа, алдыға)

Алты мұхитты еске асқтай отырып қолмен алты рет ескек жасау.

Саралау әдісі

5-6 мин

Жұппен жұмыс. «Бейнеле» ойыны

1 қатардағы оқушылар А4 қағазда берілген глобустың суретінде тек құрлықтарды бояйды.

2 қатардағы оқушылылар А4 қағазда берілген глобустың суретінде тек мұхиттарды бояйды.

3 қатардағы оқушылар А4 қағазда берілген глобустың суретінен Мұхит пен құрлықтың санын анықтайды.

Оқушылар жасаған жұмыстарын тақтаға шығып іледі. Оқушылар қорытынды жасайды.

жұппен бағалау

Оқушылар бір бірінің жұмыстарына пікірлерін айтып бағалайды.


Белсенді оқу

5-мин

Жеке жұмыс. Ермексаздан глобустың моделін жасау.


Жақсы жасалған глобус моделін атап өту.

Сабақтың соңы



Бағалау критерийі: Білім алушы

-Глобусқа анықтама бере алады.

-Жер ғаламшарындағы құрлықтың санын анықтайды.

-Жер шарында неше мұхит бар екенін анықтайды.

-Глобуста су қандай түспен көрсетілгенін табады.

- Глобуста құрлық қандай түспен көрсетілгенін табады.


Дескриптор:

Білім алушы

-Глобусқа анықтама береді.

- Жер ғаламшарындағы құрлықтың санын айтады.

- Жер шарында неше мұхит бар екенін айтады.

- Глобуста су қандай түспен көрсетілгенін айтады.

- Глобуста құрлық қандай түспен көрсетілгенін айтады.


Қалыптастырушы бағалау.

Түсті белгі арқылы

оқушылардан тест жұмысын алу.

Глобус дегеніміз не?



Қызыл) Оқу бөлмесінің моделі

Сары) Ғаламшар

Жасыл) Жер ғаламшарының моделі



Жер ғаламшарында неше құрлық бар?



Қызыл) 4

Сары) 9

Жасыл) 6

Жер шарында неше мұхит бар?



Қызыл) 9

Сары) 5

Жасыл) 4



Глобуста су қандай түспен көрсетілген?



Қызыл) сары

Сары) жасыл

Жасыл) көк



5.Глобуста құрлық қандай түспен көрсетілген?



Қызыл) қара және ақ

Сары) көк және қызыл

Жасыл) сары және жасыл



Кері байланыс

2-мин

«Сызғыш» әдісі

(1-8) Қызыл - мүлдем ештене түсінген жоқпын!

9-16) Сары - әлі де көмек керек!

(17-25) Жасыл - бүгінгі тақырыпты жақсы түсіндім!


Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?


Бүгін оқушылар

не білді?


Сыныптағы ахуал

қандай болды?


Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?


Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе?


Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?


Нақты алынған мақсат.



Оқушылар глобус жердің моделі білді.

Сыныптағы ахуал көтеріңкі көңілде,



Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды.



Берілген уақытты тиімді қолдандым.



Мен өз жоспарыма өзгертулер енгізген жоқпын.




Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз?


Мен тапсырманың күрделілігіне байланысты зерттеу кезінде қолдандым.


Сіз қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Жұптық жұмыста тапсырманы күрделендіру арқылы жоспарладым.




Нақты алынған мақсат.



Оқушылар глобус жердің моделі білді.

Сыныптағы ахуал көтеріңкі көңілде,



Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды.



Берілген уақытты тиімді қолдандым.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!