Графикалық дизайн. «Құс бейнесін салу».

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Графикалық дизайн. «Құс бейнесін салу».

Материал туралы қысқаша түсінік
Графика өнерінің түрлерімен оқушыларды жүйелі түрде таныстыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:________ Күні: ----------

Сыныбы 5 «а», «ә»


Сабақтың тақырыбы: Графикалық дизайн. «Құс бейнесін салу».

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Графика өнерінің түрлерімен оқушыларды жүйелі

түрде таныстыру.


ә) Дамытушылық: Жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу

қабілеттерін дамыту.


б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты

түсіне білу.


Сабақтың көрнекілігі: Слайд ,иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, тушь бояуы, перо, қылқалам және тағы басқа.


Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

Графика - грек сөзі, «жазамын», «суретін саламын» деген үғымды білдіреді. Графиканың ең қарапайым түрі ақ қағазға карындашпен, тушьпен орындалады.

Графика орындалу ерекшелігіне және салу тәсіліне (техникасына) байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Мұны біз 4-сыныпта жалпы таныстырып өткенбіз. Енді соның ішіндегі ең негізгі екі түрімен, яғни гравюра және линогравюрамен таныстырып өтпекпіз. Гравирлеу француздың grawer - «қию», «тырнау» деген сөзінен шыққан. Гравюра деп бетіне сурет ойып салынған тақтаны да, сондай-ақ одан алынған басылымды да айтамыз. Гравюра Қытайда шамамен 6 ғасырда пайда болды. Батыс Еуропада ол 13-14 ғасырларда шығып, 16 ғасырда кемеліне жетті. График суретшілер әр түрлі техниканың әдіс-тәсілдерін жетік пайдаланған. Оның түрлері: линолеум, пластикті гравюра, автолитография, офорт, т. б. Көптеген графиктерді байқасақ,олар қарындаш, акварель, тушь сияқты колайлы әрі ыңғайлы материалды қолданған. Батыс Еуропа суретшілерінің әсерімен, графика өнерінде жаңа техника- «сюрреализм» бағыты қалыптасты. Жаңа бағытта да графика өнері көптеген табыстарға жетті. Еліміздің графика өнерін дамытып, сол салада жемісті еңбек етіп жүрген суретшілер деп И. Исабаев, Ә. Рахманов, М. Қисамединов,

А. Смағұлов, Б. Табылдиев, К. Баранов, Н. Гаев, В. Гурьев, Е. Сидоркин,

Т. Ордабеков, Қ. Қаметов, В. Тимофеев, т. б. атауға болады. Қазақстан суретшілерінің үлттық графикаға қосқан үлесі зор.

Гравюраның түрлері өте көп: металға жасалған гравюраны офорт дейміз; ағашқа жасалған гравюраны ксилография дейміз; линолеумге жасалған гравюраны линогравюра дейміз; тасқа жасалған гравюраны литография дейміз және т. б.

Линолеуммен жүмыс істеу бастауыш сынып оқушылары үшін емес, жоғарғы сынып оқушыларына арналған. Бұл арнайы шеберханаларда істеледі. Линолеуммен жұмыс істеу әдісін линогравюра деп атаймыз. Ол да гравюраның бір түріне жатады. Мұнда да сурет ақ және қара түстен тұр Қазақстан суретшілері арасында графикалық туындылармен әлемге танылған суретшілер баршылық. Олар: Е. Сидоркин, М. Қисамединов, А. Смағұлов, Б. Табылдиев, Б. Пак, Ә. Рахманов, И. Исабаев, А. Гурьев, Н. Гаев, К. Баранов, Т. Ордабеков, т. б.

Оқушыларға құстың суреттерін слайд,дидактикалық материал арқылы көрсету, түсіндіру.

Тапсырма: Графика түрлерін меңгеріп құс бейнесін салу .


Сабақты бекіту : Оқушылардың суреттерін тексеру, баға қою.



Үйге тапсырма беру: Компьютермен жұмыс.
























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
22.12.2017
942
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі