Ішкі
нтеграция (жалпыадамзаттық құндылықтарды
сабақ мазмұнына интеграциялау)
Гүл сағағы – жапырақ сағағына
ұқсаған гүлдің жіңішкерген жері. Сағағы арқылы сабаққа бекінеді.
Гүл сағағы болмаса, отырмалы гүлдер дейді. Гүл табаны – гүлдің
барлық бөлімдері бекінетін гүл сағағының жоғарғы жағындағы кеңейген
жері.
Балалар біз гүлді иіскеген
кезде жағымды күйге бөленеміз.Ал егерде адамдар бір-бірімен жақсы
қарым-қатынас жасаса адамда ішкі тыныштық орнай
ма?
Күлте – тостағанша
жапырақшалардан кейін орналасады.
Аталық—гүлдің көбеюге
қатысатың бөлімі.Әрбір аталық –аталық жіпшесіненжәне тозаңқаптан
тұрады.
Аталық – гүлдің көбеюге
қатысатын бөлімі. Әрбір аталық –аталық жіпшесінен және тозаңқаптан
тұрады.
Аталықтың жіңішкерген жері –
жіпшесі. Тозаңқап бір-бірімен байланысқан екі бөліктен құралған. Әр
бөлігінде 2-ден тозаң ұясы бар. Тозаңқапта мыңдаған тозаң
түйіршіктері түзіледі, пісіп жетілгенде тозаңдары сыртқа
шашылады.
Тозаң – сыртқы және ішкі
қабықшасы бар жасуша, пішіндері де алуан түрлі Тозаңдар сырттай
қарағанда ұнтақ тәрізді. Әрбір тозаңның сыртында үшкір өсінділер,
майда тікенектер, бұртиған төмпешіктер болады. Атқаратын қызметіне
қарай сыртқы қабықшасы қалыңдап өзгереді. Сыртқы қабықшасында тозаң
түтігінің өнуіне қажет көптеген тесіктері болады. Тозаңның
құрамында май, қант, минералды тұздар, нәруыз, витаминдер
бар.
«Гүл өссе жердің көркі, қыз
өссе елдің көркі»деген мақалдың мағынасын балалар қалай түсінеміз?
(балалардың жауаптары тыңдалынады)
Аналық – гүлдің жеміс түзуге
қатысатын негізгі бөлімі гүлдің дәл ортасына орналасады. Аналықтың
ұшын – ауыз, ортаңғы жіңішкерген жерін мойын, түп жағындағы
жуандаған жерін жатын дейді.
Балалар қыз баланы неліктен
әдемі, нәзік гүлге теңейміз? (балалардың жауаптары
тыңдалынады)
«Гүл — дүние көркі». Гүлдердің
де біздер сияқты жаны бар. Олар адамға үлкен пайда келтіреді.
Кейбір гүлдер қоршаған ортаға жағымды энергия бөледі. Әр адамның
өзінің сүйікті гүлі болады. Мерекелерде, туған күндерде, жақсылықта
гүл сыйлау - үлкен құрметтің белгісі. Сондықтан бүгінгі сабағымызды
осы гүлдер әлемімен байланыстырып
отырмыз...
Гүлді біз арнайы күтіп
бапсасақ ол әдемі, нәзік болып өседі.Ал егер біз адамдарға жақсы
сөз айтып, оған жылы шырай танытсақ, біздің жан дүниемізде қандай
өзгеріс болады?
-Балалар, мен сендерге С.
Оспановтың «Гүл туралы аңыз» ертегісін айтып
берейін.
Гүл туралы
аңыз
Ерте, ерте, ерте
еді,
Айнала түгел көркем
еді,
Шаруалар тұқым
сеуіп,
Күні - түні тер
төгеді.
Шаруалар терлерін
сүртеді.
Бидай мен гүл
өседі,
Ел қызықпен күн
кешеді.
Бір ғана гүл солмауы
үшін
Бүкіл адам
күреседі.
Әсем гүл боп дала
сәні
Ауыл сәні, қала
сәні,
Гүл сыйлайды бір –
біріне
Қарсы ап гүлмен
тамашаны.
Хан сахнаға
шығады.
- Бидай ғана – ердің
көркі,
Дән өсіру ел
міндеті!
Пайдасы жоқ гүл
дегенге
Толып кетті жердің беті!
–
Деп хан бірде жарлық
етті,
Шақырып тез алды
көпті.
- Құртыңдар – деп - гүл
біткенді!
Ол бәріне салық
етті:
- Гүл де
егеміз,
Дән де
егеміз
Туған жерге сән
береміз!-
Дегендерді тыңдамайды
–
- Дән ғана, деп жанмен
егіз!
Хан
ашулы,
Хан
айбатты,
Гүл үстінен мал
айдатты,
Талай бақтың гүлін
жұлып,
Жіберді өртеп талай
бақты.
Жалмауыздай жалмады
бір,
Жер бетінде қалмады
гүл.
Амалсыздан шаруалар гүлді
жұлады.
Ханның жаны тыныш
тапты
Орындалып арманы
бұл.
Кетіп мүлде қала
сәні
Кірмей қойды дала
сәні.
Гүл
сыйламай,
Қалай
енді,
Қарсы алады ел
тамашаны?
Еш адам жоқ
ықыласты
Жанарды ашу бұлты
басты.
Гүл қуаныш сыйлаушы
еді,
Елден енді күлкі
қашты.
Әсем гүлді жан
қимайды,
Әрбір атқан таң
қинайды.
Ызыңдаған аралар ортаға
шығады.
Ызыңдайды бал
аралар,
Қайдан?
Қалай бал
жинайды?!
Хан бір күні ауырып
қалды,
Айлар бойы
сауықпады.
Емші шығады
сахнаға.
Емші
айтты:
- Бал
қосылған
Беріңдер, - деп - тауып
дәрі
Бал табылса қалар
жаны,
Бал іздеп таба
алмады.
Хал
үстінде,
Хан
жылайды,
Бал ғана боп бар арманы. Хан
еңіреп жылайды.
Бір балақай
таптатпады,
Ханнан гүлін сақтап
қапты
Сол араға жиналып
кеп,
Бал аралар қаптап
жатты,
Күлкілі де, қайғылы
әрі,
Бала болған жайды
ұғады.
Ханға апарып гүл
сыйлайды,
Хан аурудан
айығады.
Ұғып сонда
қателігін,
Екен ғой деп қате
мұным
Күлім деп хан балаға
айтты:
- Гүл тұқымын әкел
бүгін!
Гүлде екен барлық
көрік,
Гүл ек! – деді жарлық
беріп,
Балақайдың гүлзар
бағын,
Қуанысты халық
көріп,
Гүл егіпті ел
қайтадан,
Түрленіпті жер қайтадан.
Барлық шаруалар шығып бірге.
- Гүлім, гүлім, гүлім, -
дейді,
Гүл десе ел
күлімдейді.
Сансыз гүлден шырын
жинап,
Бал аралар
гуілдейді.
Гүлді әрқашан ел
іздейді.
Бақтан оны кім
үзбейді,
Бидай -
тамақ,
Бидай
сұлулық,
Гүл мен бидай егіз
дейді.
Сұрақтар:
-
Қаланың сәні неге
кетті?
-
Балалар ханның бойында қандай
қасиеттер бар?Ханның орнында болсаңдар қандай әрекет жасар
едіңдер?
-
Балалар біз гүлді неге теңесек
болады?
Балалар, ғалым, физик және
педагог Арт-онг Джумсай адамдардың ойы мен сезімінің өсімдіктерге
ықпалын көрсеткен тәжірбиелерін сипаттайды. Егер де өсімдіктерді
суғарып тұрып, адам реніштерін, өкпелерін күйзеліс мәселесін
ойласа, онда өсімдік баяу өседі, кейде сола бастайды. Ал егер
адамның ойы мен сезімі сүйіспеншілікке толы болса, тіпті
биологиялық гүлдену уақыты келмесе де, өсімдік қаулап өсіп
гүлдейді.
Табиғатта гүлдердің түрі өте
көп, олар сан алуан. Олар туралы бір ғана сабақта айтып жеткізу
мүмкін емес. Гүлдер бізді әсемдікке, ізгілікке
тәрбиелейді.
Үй
тапсырмасы: оқулықтағы
«Гүл, оның құрылысы мен
маңызы» тақырыбын оқып
келіңдер.
Сабақтың қорытынды
сәті: Баяу музыка
ойнатылады
-Балалар, бүгінгі сабақтан
алған жақсы қасиеттерді жүрегімізге сақтайық. Рахмет! Сау
болыңдар.
|