Материалдар / «Гүл шаруашылығы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Гүл шаруашылығы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Биология пәнін негізге ала отырып, гүл түрлері, сәндік және үй өсімдіктерін өсіру, баптау, күту, гүл ерекшеліктері, гүл сыйлай білу туралы мағлумат беру . Бұл курс оқушылардың биология пәніне қызығушылығын арттырады, яғни жасыл желек патшалығының төресі-гүлдер жайлы мағлұмат алып, табиғат таңғажайыбының бізге әкелер пайдасы да ұшан-теңіз,мол екеніне көз жеткізеді. Гүлдердің көктемде, жазда және қоңыр күзде дейін гүлдейтін түрлері жайлы мағлұмат алып қана қоймай өсіру тәсілін үйренеді.Сонымен қатар бөлмеде өсетін гүлдердің ерекшеліктерімен танысып оларды өсіре отырып әр бөлмеде орналастыра біліп, адамға маңызын айқындайды..
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1981
21 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алматы облысы Алакөл ауданы Достық кенті

«Достық орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын

орталығы бар» мемлекеттік мекемесі.

Биология пәні мұғалімі Омарова Гульмира Абдрашимовна

Авторлық бағдарлама «Гүл - ғажайып дүние»

7-8 сынып оқушыларына арналған , 34 сағат.

Түсінік хат

Биология пәнін негізге ала отырып, гүл түрлері, сәндік және үй өсімдіктерін өсіру, баптау, күту, гүл ерекшеліктері, гүл сыйлай білу туралы мағлумат беру . Бұл курс оқушылардың биология пәніне қызығушылығын арттырады, яғни жасыл желек патшалығының төресі-гүлдер жайлы мағлұмат алып, табиғат таңғажайыбының бізге әкелер пайдасы да ұшан-теңіз,мол екеніне көз жеткізеді. Гүлдердің көктемде, жазда және қоңыр күзде дейін гүлдейтін түрлері жайлы мағлұмат алып қана қоймай өсіру тәсілін үйренеді.Сонымен қатар бөлмеде өсетін гүлдердің ерекшеліктерімен танысып оларды өсіре отырып әр бөлмеде орналастыра біліп, адамға маңызын айқындайды..

Бағдарламаның базалық білімнен өзгешелігі:

Бірінші кезекте оқушылар тірі гүлдердің түрлерімен табиғатта, аулада, бөлмеде) жақын танысып, теориялық білімдерін молайтады. Бағдарламаның бірнеше бөлімінде, биология пәнін негізге ала отырып гүлдерді қандай мүшесімен көбейтуге болатынын, қалай баптап өсіруге болатынын практика жүзінде үйренеді. Адам өмірінде гүлдердің алатын орны, тигізетін пайдасы, маңызымен танысып, көз жеткізеді.

Бағдарламаның мақсаты:

-Гүл өсірудің қыр-сырын үйрету арқылы жаны нәзік, қайырымды, рухы биік,іскер, табиғатқа жанашыр салауатты адам тәрбиелеу;

- Ой-өрісін дамытып, өзіндік дүниетанымын қалыптастыру.

- Оқушылардың шығармашылық , танымдық жұмыспен айналасуына жағдай жасау.

- Оқушылардың өзін-өзі дамытуына, өз мүддесі мен қызығушылығын қанағат-тандыруға, ынтасын арттыруға, бойындағы қабілетіне сай білімін тереңдетуге ықпал ету.

- «Жасыл ел» бағдарламасын орындау жолында өз үлестерін қосуға тәрбиелеу.

- Оқушыларды өз қызығушылықтарымен күз кезінде гүлдердің тұқымын жинауға,

гүлшоғын, гүлдестелер жасай білуге үйрету.

- Осы бағдарламадан алған білімін өз өмірінде пайдалануға үйрету.

Бағдарламаның міндеті:

- Оқушының ой-өрісін кеңейту, биологияның сыры мен ғажайыптарымен танысу.

- Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, өз бетінше жұмыс жасауға

үйрету.

- Оқушыларға өз шығармашылық жұмыстарын толықтыру, базалық білімін жинақтау-

ға баулу.

Оқушыларға дайындық деңгейіне қойылатын талаптар -күтілетін нәтиже:

Атау керек:

  • гүлдерді түріне қарап ажырату;

  • гүлдердің қай мүшесімен көбейтуге болатынын білу;

  • жарық сүйгіш, көлеңкеде өсетін гүлдерді;

Анықтау керек:

  • біржылдық гүлдердің тұқымын қай айларда жинау керек;

  • пиязшығымен, тамырсабғымен көбейетін гүлдерді қай айларда көшіріп көбейтуге болатынын анықтай алу керек;

Құрастыру керек:

  • гүлдердің тұқымын жинақтап, материалдық база құру;

  • гүлдер жайында материалдар жинақтап кітапшалар жасау;

  • гүлдерді суретке түсіріп, слайдтар жасай білу.

.

Тұжырымдылық бөлім ( аннотация)

Кіріспе. Гүлдердің адам өміріне маңызы. Курстың мазмұнымен таныстыру, гүлдердің түрлеріне тоқталып, сипаттама беру және гүлдердің адам өміріндегі маңызын түсіндіру.

1. бөлім. Аулада өсетін жазғы, күзгі гүлдер (қыркүйек, қазан))

Жазда, күзде гүлдейтін гүлдердің түрлерімен танысу. Гүл шоғын, гүлдестелер жасау әдісін үйрену.Гүл мерекесін өткізу. Аулада өсетін гүлдердің тұқымын, пиязшығын жинау. Тұқымдарды ажырата білу. Тұқымдарды арнайы қалталарға салып сақтау. Аулада қыстай-тын гүлдердің тамырсабақтарын жабу.

2. бөлім . Бөлме өсімдіктері ( қараша, желтоқсан, қаңтар, ақпан)

Бөлмеде өсіп тұрған тірі гүлдер тек әдемілік символы ғана емес. Олар көмір қышқыл ғазын өзіне сіңіріп, оттекті бөледі, яғни бөлмедегі ауаны тазартып, ондағы вирустарды жойып отырады. Сонымен қоса, адамның жүйке жүйесін тыныштандырып, тез ұйықтауға көмектесетін розмарин, мелисса, пеларгония өсімдіктері жатады. Бөлме өсімдіктерінің түрлерін ажырыта білу. Олардың биологиялық ерекшеліктерімен танысу Бөлме өсімдік-тері үйді тек шаңнан тазартып қана қоймай, жиһаздардан және еден мен қабырғадағы синтетикалық жабулардан бөлінетін улы заттарды (бензол, формальдегид) бейтараптан-дырып отырады.Бұл тұрғыда шырмауық (плющ), фикустың Бенджамин түрі және фело-дендрон мен кәдімгі алоэ өсімдіктері өте пайдалы.

Бөлме өсімдіктерін өсіру үшін дұрыстап таңдап алу керек. Олардың өсуіне қажетті жағдайларды жақсы білу керек. Оны табиғат жағдайларына сәйкестендірген дұрыс. Өсімдіктер өсіп өну үшін жарық, температура, ылғал қажет. Өсімдіктің жарықты сүйетін (кактустар, сүттіген, кливия, пеларгония т.б.), көлеңкеге төзімді (қырыққұлақтар, монстер, филодендрон, традесканция т.б.) , сондай-ақ жарықтың шашырап түскенін қажет ететін түрлері ( аспарагус, бегония т.б.) болады. Әр түрлі бөлме өсімдіктер тобы әр түрлі топырақты қажет етеді. Оларға қорда, қарашірік , шымтезек, шым және күлгін құм араласқан топырақ дайындалады. Отырғызатын қолайлы ыдыстарын таңдап алу керек.

Өсімдіктер қоректік тұздары бар суды тамыры арқылы бойына сіңіріп, біртіндеп топырақты құнарсыздардырады, сондықтан оларды әлсін-әлсін алмастырып, жаңа топыраққа отырғызу керек. Көбейту жолдарымен таныстыру. Көшірііп , аударып отырғызу жолдарын жасау. Бөлме өсімдіктерін кабинетте жарық түсуіне байланысты орналастыру. Үстеп қоректендіру жолдарын көрсету. Зиянкестерімен ауруларынан күресу жолдарымен таныстыру.Суғару уақытымен жиілігі туралы мағлұмат беру. Бөлме өсімдіктерінің адам өміріне маңызы туралы білім беру. Дәрілік қасиеті бар өсімдіктермен таныстыру.

3. бөлім. Аулада өсетін көктемде гүлдейтін гүлдер ( наурыз, сәуір, мамыр)

Көпжылдық гүлдерді сирету жұмыстарын жүргізу. Көктемде гүлдейтін алғашқы гүлдер-мен танысу (құртқашаш, наурызгүл, қызғалдақ, нәркес т.б.) . Біржылдық гүлдердің тұқымын отырғызуға дайындау (қырмызыгүл, дәрілік түймедақ, үлпек т.б.) .Алдынала, ерте көктемде бөлмедекөшет дайындап өсіру түрімен (жұлдызгүл, петунья) таныстыру. Екі жылдыққа-қоңыраугүл, дәстүргүл,т.б. жатады. Ал көп жылдыққа морфологиялық ерекшеліктеріне қарай: тамырсабақты- шоғыргүл, қияқ, інжугүл, таушымылдық;

пиязшықты- лалагүл, нәркес,, қызғалдақ, баршынгүл; түйнекті- нарғызгүл, ләйләгүл т.б.

жатады. Гүлдерді күтіп баптау, суғару , арамшөптерден тазарту, үстеп қоректендіру,

зиянкестерінен қорғау жолдары . Көктемгі гүлдерден гүлшоғын жасау. Ауланы гүлдендірудің маңызы. Казіргі заманға сай ауланы гүлдендірудің түрлерімен таныстыру.

Гүлдестені бір жылдық, көпжылдық және үй гүлдерінен жасайды. Біржылдық гүлдерге –

ақсәуле, шырайгүл, сәлбен, үлпет сияқты жыл сайын тұқымын егіп өсіретін өсімдіктер жатады. Ал көпжылдық гүлдер деп түнгі шырақ, бақытгүл, раушан, т.б. жатады

Гүл, гүлшоғын сыйлағанда, гүлшоғын жасағанда гүлдің түрі, түсі, саны - гүл сыйлайтын адамның жасы, жақындығы, мерекеге байланысты таңдап алынады .


Гүл- ғажайып дүние» факультатив курс бағдарламасы.

7-8 сынып оқушыларына арналған, аптасына-1сағат, жылдық -34 сағат.

Бағдарламаның күнтізбелік жоспары


Тақырыптық атауы


Сағат саны



Жүргізілу

түрі



Білімділік

қазынасы


Бар-

лығы

Теория

лық

Прак-

тика

1

Кіріспе.

Гүлдердің маңызы

1

1


Слайд,

суреттер

Маңызын

білу

I

Аулада өсетін гүлдер

күзде






2

Жазда гүлдейтін гүлдердің

түрлерімен танысу


1


1


Көрсетілім

Түрлерін ажырата білу

3.

Күзде гүлдейтін гүлдердің

түрлерімен танысу


1



1

Көрсетілім

Түрлерін ажырата білу

4.

Гүлшоғын, гүдестелер

жасау әдістері


1



1

Гүлдестелер

жасау

Жасай білу

5

Гүл мерекесін өткізу

1


1

Кеш


6.

Аулада өсетін гүлдердің

тұқымын жинау


1



1

Өзіндік жұмыс

Тұқымды

ажырата білу

7.

Гүлдердің түйнегін, пиязшығын жинау


1



1

Прак жұмыс

Пиязшықтарды

жинай білу

8.

Гүлдердің тұқымын сақтау

тәсілдері


1



1

Прак. жұмыс

тұқымдарды

сақтау жолын

9.

Аулада өсетін гүлдерді

қыстауға дайындау


1



1

Гүлдерді

жабу

Гүлдерді жабуды үйрену

II.

Бөлме өсімдіктері

қыста






10.

Бөлме өсімдіктерінің түрле-

рін ажырату


1



1

Прак.

жұмыс

Түрлерін ажырата біледі

11.

Бөлме өсімдіктерінің био-

логиялық ерекшеліктері


1


1



Ерекшелік-терін білу

12.

Бөлме өсімдіктеріне

топырақ дайындау


1



1

Топырақ

дайындау

Топырақпен жұмыс жасау

13.

Ыдыстар таңдап алу

1

1



Ыдыстарға гүл

отырғыза білу

14.

Көбейту жолдарымен

танысу


1



1


Гүлдерді көбейте білу

15.

Көшіріп аударып отырғызу

1


1


Гүлдерді көшіре білу

16.

Гүлдерді бөлмеде, кабинетте

орналастыру


1



1

Орналас-

тыру

Гүлдерді орна-ластыра білу

17.

Үстеп қоректендіру

жолдары


1




1

Прак. жұмыс

Гүлдерді қорек

тендіре білу

18.

Ауру, зиянкестерімен

күресу әдістері мен тәсілдері

1


1


Аурулармен

күресе білу

19.

Тазалығын сақтау , суғару

уақыты және жиілігі


1



1

кеңес

беру

Гүлдерді суара

Тазай білу

20.

Адам өміріне маңызы

1

1


тазалау

Маңызын білу

21.

Дәрілік қасиеті бар бөлме өсімдіктерінің түрлері


1


1



Дәрілік өсім.

ажырата білу

III.

Аулада өсетін гүлдер

( көктемде)






22.

Көпжылдық гүлдерді

сирету, көшіру жұмыстары


1



1

Прак жұмыс

Гүлдерді сирете білу

23.

Көктемде, жазда гүлдейтін

түрлерімен танысу


1


1


Слайд,

көрсетілім

Гүлдерді ажырата білу

24.

Екіжылдық гүлдерді

түрлерімен танысу, сирету


1



1

Прак. жұмыс


25.

Бір жылдық гүлдердің

тұқымын отырғызуға

дайындау



1




1

Прак. жұмыс

Тұқымды отырғыза білу

26.

Біржылдық гүлдердің

тұқымын , көшеттерін отырғызу


1



1

Прак.

жұмыс

Көшеттерді отырғыза білу

27.

Көктемнің алғашқы

дала гүлдері


1



1

Топ-

серуен

Көктемнің алғашқы гүлдерін көру

28.

Гүлдерді күтіп, баптау

жолдары


1



1

Прак. жұмыс

Гүлдерді күту

жолдарын білу

29.

Суғару, арамшөптерден

тазарту, зиянкестермен курес


1



1

Прак.

жұмыс


Гүлдерді дұрыс суғару жолдарын білу

30.

Үстеп қоректендіру жолдары

1


1

Прак.

жұмыс

Қоректендіре білу

31.

Көктемде гүлдеген гүлдер-

дің түрлерімен танысу


1



1

Прак.

жұмыс

Гүлдердің түрлерін ажырату

32.

Көктемгі гүлдерден

гүлшоғын, гүлдесте жасау


1



1

Гүлшоғын

жасау

Гүлдерден гүлшоғын жасай білу

33.

Гүл сыйлай білу жолдары

1


1

Прак. жұмыс

Гүлсыйлағанда түрлерін дұрыс ажырата білу

34.

Қорытындылау

1

1


Шығарма-шылық

жұмыс қорғау



Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Қ Қайым, Р.Сәтімбеков және т.б. Биология. 7-сынып, Алматы, 2007.

2. Н.И. Сонин., Ә.Қ.Қисымова. Биология. 7-сынып, Алматы, 2007

3. Т.Н. Михнева, А.В. Широкова, С.М..Нарбутовских «Спутник цветовода»

Алма-Ата Кайнар 1986 г.

4. Г. Құлжабаева «Гүлстан» Республикалық ғылыми-танымдық көпшілік журнал.

Алматы, 2006-2011 ж.ж.

5. Б.Қалкенова «Биология және салауаттылық негізі» Ғылыми- педагогикалық журнал

Алматы қаласы,№1-2005, №3-2005, 4-2006 , №6-2007, 3-2008жж. ; т.б.№№

6. Г.М.Балабекова «Биолог анықтамалығы» республикалық ғылыми-танымдық

педагогикалық журнал №1-2012 ж ; т.б. №№.

7. Қызықты биология. Өсімдіктер әлемі Р.Сәтімбеков, Р.Әлімқұлова Алматы 2006

8. Интернет көздері.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!