«Гүлдер, гүлдер әсем гүлдер»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Гүлдер, гүлдер әсем гүлдер»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Гүлдер, гүлдер әсем гүлдер»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:«Гүлдер!»
Мақсаты:
Білімділік:
Дала гүлдері мен бөлме гүлдері мен оны күтудің ережелерімен таныстыру. Гүлдердің құрылысын білу, гүлдердің отырғызылуын, тәжірибе жасау, өсуін бақылау. Бөлме гүлдеріне қамқорлық.
Дамытушылық: Есте сақтау, қиялын, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Бөлме гүлдеріне қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу, әдептілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар: дидактикалық ойын үлгілері, бөлме өсімдіктері, отырғызылатын материалдар, шелек құмымен, таяқшалар, су құйғыш суымен, қалақтар, клёнкалар, алжапқыштар.

Сабақтың өту барысы:
I. Шаттық шеңбер.
II. Тыныс алу жаттығуы «Гүлді көбелекке қондыру».
III. Көктем жылдың ең тамаша мезгілі.
Балалар: - Көктемде жер жыртады, егін, бау – бақша егеді.
- Ағаштар бүршік жарып, гүлдер, шөптер шығады.
- Көбелектер, аралар, шегірткелер ұйқыдан оянып гүлден – гүлге қонып хош иісімен, тозаңдарымен қоректенеді.
- Қар астынан ең алғашқы болып бәйшешек шығады.
- Көктемде қызғалдақ, бәйшешек, бақ - бақ, жауқазын, т. б. гүлдер өседі.
Тәрбиеші: - Дұрыс айтасыңдар балалар, бұл гүлдер дала гүлдеріне жатады. Дала гүлдерінен сабын, сусабын, денеге арналған майлар, әтірлер әртүрлі заттар жасалынады. Дала гүлдері туралы кім қандай тақпақ біледі?
1 - ші бала: Бәйшешектен білеміз,
Көктем келіп қалғанын.
Мәз боламыз, күлеміз,
Көрсек гүлін жарғанын.
2 - ші бала: Алғаш рет күркіреп,
Ағыл – тегіл жауса күн.
Қырға шығар дүркіреп,
Көктем басы – жауқазын.
3 - ші бала: Үлбіреген бақбақ,
Үлпілдеген аппақ.
Уф! – десем, бақбақ,
Ұшасың ғой қаптап.
- Дала гүлдері туралы тақпақтар біледі екенсіңдер. Далада өсетін гүлдердің пайдасында білдік.


- Ал балалар біздің топта қандай гүлдер бар?
(Балалар гүлдерді атап айтады).
- Традесканция, алоэ, колеус, кактус, кливия, бальзамин, пион.
1 - ші бала: Гүл қауызын ашады,
Күн нұрын шашады.
Қуанышын біліп гүл,
Балаларға күліп тұр.
2 - ші бала: Гүл өсірсең терлеп,
Мұның ата еңбек.
3 - ші бала: Қызыл, жасыл гүл ектік,
Баптап күтіп түрленттік.
Қалмасын деп қуарып,
Апта сайын суғардық.
Гүлдендіріп бөлмені,
Бөлмеде гүл қаулады.
4 - ші бала: Ұмытпай күнде,
Су құям гүлге.
Жайнайды гүлім,
Құлпыртып түрін.
Дидактикалық ойын: «Кім шапшаң?»
(Дала гүлдерін атағанда орындарынан тұрады, бөлме гүлдерін атағанда қол шапалақтайды).
- Ал сендер қандай бөлшектерден тұратынын білесіңдер ме?
(Балалар үлгі сурет бойынша көрсетеді)
- Ал жақсы өсу үшін не қажет?
(Балалар гүлдерге су, жарық, жылу, топырақ қажет екенін айтады.)
- Тағыда не қажет?
(Гүлге су құйып, жапырағын сүртіп, су бүркегішпен су шашып, топырағын қопсытып, тыңайтқыш сеуіп тұру керек.)
- Жазда көбірек, ал қыста сирек суарады. Оларды суқұйғышпен суарады.
- Жылына бір рет топырағымен, ыдысын ауыстырып тұру керек.
- Гүлдерді бөлме температурасындай сумен суару керек, өйткені гүлдер ауырып, өліп қалуы мүмкін.
Тәжірибе: Ал енді балалар біздің бөлмеде традесканция гүлі мен бальзамин гүлі жоқ екен қазір біз сол тамырланған гүлді ыдысқа отырғызайық. Сендер бүгін табиғат бұрышында жұмыс жасасыңдар.
Гүлге бірден суық су құюға болмайды. Суды ыдысқа бір күн бұрын құйып қою қажет. Содан соң ғана суаруға болады. Анда санда жапырақтарына су бүркіп тұрған жөн. Себебі гүл шаңды жақтырмайды. Топырағында қопсытып отыруымыз керек. Ол тамырларына өте пайдалы. Тамырына тигізіп алмау керек, зақымдануы мүмкін. Тамыр топырақтың астында болады. Олар көрінбейді. Өсімдіктің су ішуіне көмектеседі. Тамыр дем алу үшін қопсытып

тұруымыз қажет.


Балалар екі ыдысқа бірдей гүлдің көшетін отырғызады. Тәжірибе барысында күнделікті белгілі бір уақыттың аралығында гүлдің біреуіне жақсы сөздер айтып, жеңіл, сазды әуен қойып өсіреді.
Екі ыдыс аламыз. Біреуіне бальзамин, екіншісіне традесканция. Әуелі ыдысқа отырғызбас үшін гүлді түсіндіру. Тамырланған гүлді әңгімелеу. Ыдысқа әуелі тастарды саламыз. Ыдыстың түбі тесік болады.
Содан кейін топырақ саламыз. Тастар арқылы гүл дем ала алады. Топырақты шамалы ғана қазып, гүлді тамырын отырғызамыз. Екінші бала топырақ салады. Үшінші бала су құяды.
Дидактикалық ойын: «Жалғастыр».
Мақалдар.
«Гүлді гүлдеме, егер сабағы болмаса».
«Гүл – өмір қызығы».
«Гүл ашылмай, бұлбұл сайрамас».
«Гүлші бір гүл егем дегенше, жүз тіккеннің уын жұтады».
«Гүлдің тоны қырық жамау. Бірақ иісі бар».
Қыз өссе – елдің көркі.
Гүл өссе – жердің көркі.
Дидактикалық ойын: «Сөйлем құрастыр»
Суреттен балалар сөйлем құрайды. Гүлдің пайдасын а
й.



















МКҚК №6 «Нұрай» бала бақшасы





















Тақырыбы:«Гүлдер!»















Тәрбиеші: Билялова Б.Т

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
1388
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі