400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғұн тайпаларының бірігуі. Зерттеу сұрағы: Неге Мөде шаньюй «Жер - мемлекеттің негізі» деді?

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғұн тайпаларының бірігуі. Зерттеу сұрағы: Неге Мөде шаньюй «Жер - мемлекеттің негізі» деді?
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар-1

     

Бөлім:

Ғұндар


Педагогтің аты-жөні

Сабыралиева Э.О.

Күні:


Сынып: 5

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ғұн тайпаларының бірігуі.


Зерттеу сұрағы: Неге Мөде шаньюй «Жер - мемлекеттің негізі» деді?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.3.1.1 картада тайпалық одақтардың орналасуын көрсету;

5.3.1.2 ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылуын түсіндіру

Сабақтың мақсаты

Ғұн тайпалық одағының жер аумағын, орналасуын анықтайды.

Ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылуын сипаттайды.


      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

кезеңі


«Миға шабуыл» оқушыларға ребус шешуді ұсына отырып, тақырыптың атауын ашып аламыз.

,,,, ‘‘ ‘‘‘‘

ұн а





















Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Оқушылар өз жауаптарын ұсынады

мадақтау


http://surl.li/ssdil




Жаңа сабақ

Зерттеу сұрағы: Неге Мөде шаньюй «Жер - мемлекеттің негізі» деді?


Қосымша әдебиетпен жұмыс:

Мөде.

Мөде таққа отырғаннан кейін ауыздыға - сөз, аттыға - жол, қасарысқан жауына жеңістің дәмін татырмай, тебінгісінен тер тамшылап жүріп елін ел, жерін жаннат етті. Өлмейтін даңққа бөленді. Алайда ол дүниенің тыныштығын көрмей, өмірі арпалыспен өтті. Сол арпалыстың нәтижесінде хұн елі дүниенің төрт бұрышын тітірентіп, ұлы қағанатқа айналды. Тоқсан баулы тайпаға, қырық құрауға бөлінген қандастарының басын қосты. Ол сонау шығыстағы Корей түбегінен батысындағы Арал теңізіне, солтүстіктегі Байқал көлінен оңтүстіктегі Ордос жазығына дейінгі аралықтағы бауырлас халықтарды бір мемлекет етіп, бір ұранға тәжім жасатгы. Бұл хұн жұртының тарихтың үлкен сахнасына соңғы рет шығып, дәуірлеген заманы еді. Осыншама ұланғайыр жерді игеру және шығысындағы Цин, Хань әулетгері бірінен кейін бірі айдаһардай ысқырыньш тұрғанда ежелгі жауына сес көрсету Мөде тәңірқұтына да оңайға тиген жоқ. Халқы қытайланып, оларға сіңіп кетейін деп тұрған кезінде арашаға түсіп, аман-есен алып қалды. |

Мөденің жеке өз басының тағдыры — "Мың бір түннің" хикаяларына бергісіз тосын да қауіпті, қызықты әрі қасіретгі оқиғаларға толы. Оның қаталдығы мен даналығы қатар өріліп, кейде тым мейірімді боп, жұмсара қалуы себептерінің барлығы да саясаткерге тән қасиеттер еді. Өзі үшін емес, елі үшін тапқан амалы мен айласы сол болатын. Өз әкесінің өзіне жасаған қастандығын кешірді, бірақ елін ездікке, өзара қырқысқа душар еткен томырықтығы үшін оны өлімге қиды. Қалай дегенмен де, жеке басының қайшылығы мол, алайда арманы асқақ, жақын туған халқы үшін ту етіп көтерген қаншыл азамат еді ол.

Егерде хұн елінің ішінде осындай азаматтар болмаса, Лев Гумилев айтқандай, дүниеде ондай халықтың өмір сүргенін білмей кетеріміз анық еді.

Т. Жұртбай. «Дуылға» Көне түркі батырлары туралы тарихи әфсаналар. Алматы «Жазушы» 2007. Бет- 272.


Тарихи дереккөзді зерделеу және талдау арқылы тақырыпты түсінуге бағытталғантапсырма:


  1. тапсырма

Деректі пайдалана отырып, Ғұн мемлекетін құрушы тұлғаны анықтаңыз


  1. тапсырма:

Ғұн мемлекетінің жер аумағын кескін картаға түсіріңіз.





















  1. Ғұндар және Мөде шанью

    Мемлекет құрылымы

    Жер аумағы

    Жорық бағыттары




    тапсырма

Семантикалық картамен жұмыс

№Shape1

Жауаптар







Сұрақтар







Қытайдың солтүстігінде Байкалдан Ордосқа дейінгі аралықты

Б.з.б 1 ғасырдың ортасында, яғни б.з.б. 55 жылы

Б.з.б 2 ғасырмен

1 ғасырда Мөде билік құрған жылдар

Б.з.б 2 ғас. басталып б.з. 4 ғасырына дейін созылды

1

Ғұн тайпалары бірлестігі қай жерлерді мекендеді?


+




2

Ғұн тайпаларының бір мемлекетке бірігіп саяси күшейген кезі




+


3

Ғұн мемлекеті қай жылы оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінді?



+



4

Ғұн тайпаларының шығыстан батысқа қарай жылжуы қай ғасырда болды?





+


Мәтінмен жұмыс



Дескриптор:

  1. Деректі оқи отырып Ғұн мемлектін құрушы кім екенін анықтайды

  2. Картаны пайдаланып Ғұн мемлекеттінің жер аумағын көрсетеді.
















































Дескриптор:


  1. Ғұн тайпалары бірлестігі қай жерлерді мекендегенін анықтайды

  2. Ғұн тайпаларының бір мемлекетке бірігіп саяси күшейген кезі анықтайды.

Ғұн тайпаларының шығыстан батысқа қарай жылжуы қай ғасырда болғандығын анықтайды















ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады



«Ең үздік жауап»





«Алақан-жұдырық»


«Жұлдызшалар»




Т. Жұртбай. «Дуылға» Көне түркі батырлары туралы тарихи әфсаналар. Алматы «Жазушы» 2007. Бет- 272.


Қорытынды

Кері байланыс

« Білімді стикер». Мына сұрақтар бойынша жауап береді.

- Не білдім?

- Не білемін?

- Не білгім келеді?

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады

ҚБ – сабақтағы өз әрекетіне рефлексия жасау;



А4, конспект


Оқу тапсырмасы

«Ұлттық киімдерді тарихи маңызы» Еркін жазу












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
18 сәуір
306
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі