Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғұндардың Қазақстан территориясында қоныстануы қандай өзгерістерге әкелді

Материал туралы қысқаша түсінік
5сыныптарға көмекші материал
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

Автор : Бихан Болат Жақсыбайұлы
Пән : Қазақстан тарихы
Сынып : 5-сынып
Бөлім : Ғұндар
Тақырып : Ғұндардың Қазақстан территориясына қоныстануы қандай өзгерістерге әкелді?
Осы сабақта қол
жеткізілетін оқу
мақсаттары (оқу
бағдарламасына
сілтеме)
 5.1.1.3 ғұндардың қоныс аудару бағыттарын тарихи картадан көрсетеді
Дескрипторлары:  1.Деректермен жұмыс жасап, ғұндардың батысқа қарай жылжуы туралы мәлімет жинап кестені
толтырады. 2.Ғұндардың батысқа жылжуының себебін анықтау үшін кем дегенде 2 сұрақ
құрастырады. 3.Қазақстан территориясына қоныстануы қандай өзгерістерге әкелді? сұрағына 2-6
дәлел келтіреді. 4.Ғұндар – қазақ халқының арғы атасы деген ойға қорытынды жасайды.  
Тілдік мақсаттар  Сөз тіркестерімен жұмыс. Сөз тіркестерді қолданып, кем дегенде 5 сөйлемнен тұратын шағын оқиға
құрастырады (жазылым дағдысы);
Қажетті сөздер мен сөз тіркестері: тайпалық одақ мемлекет қоғам жауынгерлер егіншілер мен
малшылар патша әскери демократия археология антропология шаньюй Ғұндардың қоғамдық
құрылысын келесідей сипаттауға болады... Ғұндардың ұлы қоныс аударуы дүние жүзін өзгертті,
біріншіден..., екіншіден..., үшіншіден... Ғұндардың әскери күші... Аттила келесідей қабілеттерімен
ерекшеленді... Ғұндардың мәдени ескерткіштерінің ерекшеліктері келесіде... Ғұндар... Біздің
анықтағанымыз... Қорытындысында... Біздің тобымыздың ойынша...   
Құндылықтарды
дарыту
 Қазақстанның мәдениетін, Отанды, туған жерді сүюге баулу, ата - бабамызды құрметтеуге
тәрбиелеу. Өз елінің тарихи құндылықтарын құрметтеуге үйрету.
Пәнаралық
байланыстар
 Дүниежүзі тарихы. География. 
АКТ қолдану
дағдылары
Интерактивті тақта, презентация арқылы оқушылардың шығармашылық түрде жұмыс жасауына
мүмкіндік ашылып, пәнге қызығушылығы артады. Мүмкін болған жағдайда интернет желісі арқылы
деректер, ақпараттар, суреттер табу. 
Бастапқы білім  Ғұндар мен Ұлы Қытай қорғанының салынуы арасындағы байланыс туралы біледі    
Сабақ барысы
Сабақ
кезеңдері
Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар


Page 2

Сабақтың басы
(10мин.)
 (Б) СУРЕТТЕР ЖИНАҒЫМЕН ЖҰМЫС:
1.Суретте не көріп отырсыздар?
2.Бұл суретте кімдер ерекшеленіп тұр деп ойлайсыздар?
3.Бұл тайпалық одақтар туралы не білесіздер?
4.Тақырыпты болжап көріңіздер....
Болжамдарын негіздейді.   
Ықтимал жауаптар:
Көпшілігі:
Суретте темір дәуірін мекен еткен тайпалардың атаулары бейнеленген.
Әртүрлі түстер арқылы олардың территориялары көрсетілуі мүмкін.
Суреттің сол жақ шетінде (батыс бөлігінде) сақ тайпалары бейнеленген.
Кейбірі:
Менің ойымша сақтар бейнеленген аймақ Қазақстанның оңтұстік-шығыс
бөлігі, Жетісу болуы мүмкін. Картаның басым бөлігі Қазақстан
территориясы болмағандықтан мүмкін көрші елдердің Қазақстанға әсері
туралы шығар. (М) Оқушылар сабақтың тақырыбы, мақсаты және
дескрипторлармен танысады.  


Page 3

Сабақтың ортасы
(30мин)
 (Ж) 1-тапсырма:
Ғұн тайпаларының қоныс аударуы туралы жалпы ақпарат алу үшін
оқушылар бейнебаянды көріп, төмендегі кестені толтырады. Оқушыларға
бейнебаянның 30 секундтан 3:50 сеунд аралығы ғана көрсетіледі. 1-
қосымша.
9-мин. http://www.nci.kz/history/view?f=113&id=6&lang=kaz
 
Image not found or type unknown
   Саралау:
Кем дегенде 3 бағанды толтырады.
1-тапсырманы бекіту:
Жұптар әрқайсысы 2 сұрақтан құрастырып бір-біріне қояды. ЖҰППЕН.
2-тапсырма. Мәтінмен жұмыс 2-қосымша.12мин.
1.Ғұндардың қоныс аударуы Қазақстанның этникалық құрамына, саяси
жағдайына, тіліне, антропологиялық ерекшеліктеріне қалайша әсер етті?
Мысалы, этникалық құрамындағы орын алған өзгерістер:
Ғұндар Қазақстан жерін бұрыннан мекендеген сақтармен, үйсіндермен
араласты. Олар бір-бірімен тұрмыс-тіршілігі, тілі жағынан жақындасты. Ғұн
тайпаларының шығыстан батысқа қарай жылжуы тек ғұндарға ғана тән
құбылыс емес, басқа да ірі тайпаларға әсерін тигізді. Бұл оқиға әсіресе
Қазақстанға үлкен әсерін тигізді: жергілікті сақ, юэчжи, үйсін, қаңлы
сияқты тайпалардың шығыстан батысқа қарай орын ауыстыруына әкелді.
Тілі мен антропологияға әкелген өзгерістер: Ғұндар өздерінен бұрын
Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың түркіленуіне, бет әлпетінің
моңғолдануына біршама әсер етті. Саяси картаға әкелген өзгерістер:
Тарихтағы «Ұлы қоныс аудару» Орталың Азияның саяси картасына,
этникалық құрамына үлкен өзгерістер әкелді. Қытайдың ығыстыруымен
ғұндар Алтай, Сарыарқа арқылы Батыс Қазақстанға жылжыды. Олар
жолшыбай көптеген тайпалардың орын ауыстыруына әсер етті.  
       ( әрқайсына 2-6 дәлел) САРАЛАУ:
Бағалау критерийлері: Барлық оқушылар- кем дегенде 2 дәлел Көпшілік
оқушылар- 4 дәлел Кейбір оқушылар - 6 дәлел келтіреді. 
 
Image not found or type unknown
  Жеке. 3-тапсырма. Шағын ой-толғау 9 минут. Көлемі 30-50 сөз. 4-5
оқушының жұмысы оқылып, ауызша кері байланыс беріледі. Ғұндар – қазақ
халқының арғы атасы Критерийлері:
1. Сабақ барысында меңгерген білімдерін пайдалану;
2. Оқиғалардың себеп және салдарын ажырата білу;
3. Өз ойын жинақты әрі нақты түрде білдіре алу.  
Рефлексия мен кері байланыс «Үлкен шеңбер» тәсілі
- Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?
- Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?
- Сабақта қандай қиындықтар туындады?
- Сабақ аяғындағы көңіл-күйіңіз қандай болды?
Неліктен?   
Үйге тапсырма: Кескін картаға «Ғұндардың қоныс аудару бағыттарын»
сызып келу.  


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
10.05.2020
451
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12