Авторы: КОСЖАНОВА МАРЖАН
БУРАБЕКОВНА
Маңғыстау облысы, Бейнеу
ауданы, Бейнеу селосы «Құлшар Бақтыбайұлы атындағы «Бейнеу өнер
мектебі» МКҚК КӨРКЕМӨНЕР мұғалімі
Сабақтың тақырыбы : Гуашь - сәндік
кескіндемесі.
1.Тақырыптық натюрмортта
гуашпен кескіндеу.
2.Гуашь кескіндемесіндегі
түс сәні.
Машықтық жұмыс: Бірнеше перделі әртүрлі
материалдардан ,
көкөністерден ,жемістерден ,
бірнеше
жапырақтардан тұратын
тақырыптық натюрморттың
ұзақ мерзімді шығармашылық
этюді.
1.Натюрмортың құрылымы.
2.Жұмыс істеу кезіндегі түс таңдаудың
техникалық тәсілі.
3.Жалпылау және жұмысты аяқтау.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділігі: Оқушылардың кескіндеу
пәнінен
білімдерін жетілдіру,
таза түспен жұмыс жасауға үйрету.
2.Тәрбиелігі: Оқушылардың
тазалыққа,
шыдамдылыққа, инабаттылыққа
тәрбиелеу.
3.Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау
қабілеттерін,
ой-өрістерін дамыту, арттыру.
Сабақтың
түрі: топтық
Сабақ
әдісі: а) теориялық
б) машықтық
Сабаққа қажетті құралдар
мен
көрнекіліктер: Муляждар, карандаш, кетіргіш,
ватман,
гуашь, кисть, палитра,
т.б.
Сабақтың
жоспары: I
Ұйымдастыру
II Үй тапсырмасын тексеру
III Жаңа сабақ
а)теориялық
б)машықтық
IV Қорытындылау
V Үйге тапсырма
VI Бағалау
VII Сыныпты
жинақтау
Сабақтың барысы.
I.Ұйымдастыру
Сыныпты жабдықтау, оқушыларды орындарына
отырғызу, жоқ оқушыны журналға белгілеу.
II.Үй тапсырмасын
тексеру.
Үйге қандай тапсырма берілді?
Үйден пейзаж көрісіндегі адам
фигурасын жазып келу.
Тапсырмаларын тексеріп,
қателерін айтып тиісті бағаларын қоямын.
III.Жаңа сабақ. Гуашь - сәндік
кескіндемесі.
1.Тақырыптық натюрмортта
гуашпен кескіндеу.
2.Гуашь кескіндемесіндегі
түс сәні.
Бейнелеу өнеріндегі үш түс: сары, қызыл және
көк – негізгі түстер деп есептелді. Егер бояулар туралы айтатын
болсақ, бұл краплак, сары кадмшт және бермендік көкшіл
бояу.
Көркемдік ерекшелігін беру
үшін гуашьпен кескіндеу. Гуашь – желім араласқан бояу. Оның
құрамындағы желім байланыстырғыш қызмет атқарады. Гуашьтың
акварельден айырмашылығы гуашь түстері бірін- бірі жабады, мөлдір
емес. Гуашь бояулары кескен кезде ағарады. Бұл әсіресе затқа қарап
салынған кезде кейбір қиындықтарды туғызады.
Бояуды жалпақ қылқаламмен,
бір жаққан жерге екінші рет қайталамай тез жағады. Өйткені
байланыстырғыш қоспа (желім) қайта жағу кезінде еріп, із
қалдырады.
б)
машықтық.
Бірнеше
перделі әртүрлі материалдардан, көкөністерден, жемістерден, бірнеше
жапырақтардан тұратын тақырыптық натюрморттың ұзақ мерзімді
шығармашылық этюді.
1.Натюрмортың құрылымы.
2.Жұмыс істеу кезіндегі түс таңдаудың техникалық
тәсілі.
3.Жалпылау және жұмысты
аяқтау.
Натюрморт француздың nature morte
- өлі
табиғат деген сөзіне шыққан.
Этю
дегеніміз – аз уақытта орындалған көркем
шығарманы айтамыз. Енді натюрморттың құрылымын құрып, қағаз бетіне
дұрыс орналастыруымыз керек.
Бірінші кезеңде есте
сақтайтын нәрсе заттар бейнесі қағаздың ортасынан, жан – жағынан
өте көп орын алмауы тиіс немесе қағаз шетіне өте жақын орналаспауы
керек.
Екінші кезеңде қағаз бетіне
белгіленген заттардың орындарының ішіне жекелеген заттардың
өздеріне тән бөліктерінің пропорциялық қатынастарын (өлшемдік
қатынас) салыстыра отырып геометриялық денелер пішінде бейнелейді.
Зат көлемін дұрыс бейнелеу үшін оның тасаланып көрінбей тұрған
жерлерін де бейнелеу керек. Сөйтіп көмекші сызықтар арқылы
заттардың дәл бейнесін анықтап бейнелейді.
Бейнелеуші заттар көлемі
симметриялы болса, бейнелеу барысында ортағы (осы) сызықты
пайдаланып тең бүйірлерді дәл көрсетуге болады. Заттар бейнесінің
дұрыстығын тексерген соң көмекші сызықтарды кетіріп
тастаймыз.
Натюрмортты қағаз бетіне
орналастырып болған соң, заттарға түскен жарық пен көлеңкенің алып
жатқан орындарын анықтап, олардың шекараларын белгілейді. Жарық
заттарға сол жағынан түскендіктен, негізгі ең қою көлеңке заттардың
сол жағында орналасқан, жарық көлеңке реңдерінің алатын орындары
белгілі болған соң, заттар бейнесінің ең қою негізгі көлеңке
жерінен бастап жарыққа қарай Біртіндеп гуашьпен жазып
бастаймыз.
Натюрмортты салып болған соң
оның ұсақ бөлшектерін (деталь) шығарамыз.
Гуашьпен жаза отырып, алдымызды натюрморттағы
құмыраның біреуі қыштан, ал екіншісі ағаштан, ал муляж (мемон)
пласмастадан жасалғанын бөлшектер көрсетеміз. Сонымен қатар
натюрморттағы заттардың жарық, көлеңкелерін, рефлекс, 1,2,3 планда
орналасқан заттардың орынын анықтап көрсетіп, жұмысымызды
аяқтаймыз.
IV.Қорытындылау
1.Бүгінгі сабағымыз түсінікті ма?
2.Гуашьпен бояуының техникасы қандай ?
3.Натюрморт дегеніміз не?
4.Натюрмортты орналастыру заңдылықтары
5.Натюрморт неше заттан құралады?
V.Үйге тапсырма
Үйден тұрмыстық заттардан құрылған натюрмортты
гуашьпен жазып келу.
VI.Бағалау
VII.Сыныпты жинақтау