Материалдар / "Гулдер-біздің сәніміз"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Гулдер-біздің сәніміз"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Гулдер-біздің сәніміз" тақырыбында балаларға түсінік бере отырып Гүлдердің түрлерімен,күту ережелерімен таныстыру.Түстер туралы ұғымдарын кеңейту.Сөздік қорын молайту, тілдік белсенділік қызметін арттыру. Есте сақтау, қабылдау,ойлау сезімдерін дамыту. Туған елінің табиғатына, гүлдер мен өсімдіктерге қамқорлық көрсетуге,күтуге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Ой-қиялдарын дамыту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Сәуір 2022
430
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

 «Гүлдер  біздің  сәніміз»

Тақырыбы:  «Гүлдер  біздің  сәніміз»

Мақсаты: Гүлдердің  түрлерімен  таныстыру Гүлдердің  түр – түстерін  ажырата  білуге  баулу. Өсімдіктерді күту  ережелерімен  таныстыру. Түстер  туралы  ұғымын  бекіту, түстердің  атын  білуге  машықтандыру. Сөздік  қорын  молайту, тілдік  белсенділік  қызметін  арттыру. Гүлдердің  түр – түстерін  есте  сақтау, қабылдау, ойлау  сезімдерін  дамыту. Түған еліннің табиғатына, гүлдер мен өсімдіктерге қамқорлық көрсетуге, күтуге, сүйіспеншілікке жастайыннан тәрбиелеу.

Жаңа  сөздер: қызғалдақ, күнбағыс, раушангүл, түймедақ, лалагүл, бәйшешек, бақытгүл, «жеті қазына».

Көрнекі  құралдар: экран-проэкторға салыған  гүлдердің  суреттері, қойылған  бөлме  гүлдері, қиылған  гүлдердің суреттері.

Әдіс- тәсіл: әңгімелесу, көрсету, түсіндіру, сұрақ- жауап.

Сабақ  барысы: Балалар  жарты  шеңбер  болып  тұрып, бір- біріне  күлімдеп, келген  қонақтармен  амандасады.

Балалар: Білер  қазақ  баласы

                  «Сәлем»-  сөздің  анасы

                  Алдымыздан  кезіккен

                  Көп  танысты  көреміз

                  Бәріне  де  ізетпен

                  Біздер  сәлем  береміз

Тәрбиеші: Балалар,  келіңдер  шеңбер  болып  отырайық, бәріміз  көзімізді  жұмып, әуенді  тыңдайық. Осы  кезде  гүлдердің  киімдерін  киген  қыздар  келеді. Балалар  орындарынан  тұрып,  орындыққа  отырады. Олай  болса  мен  сендерді  гүлдермен  таныстырайын. 

Бәйшешек:  Бес  дегенім  бәйшешек

( Меруерт)   Бірінші  гүлі  көктемнің

         Бәйшешекті  оятар

         Баяулап түртіп, көктен  нұр.

Түймедақ:  Түймедейін  сары  дақ  ортасында,

Тарала  өскен  ақ  гүлі  бар  қасында

         «Түймедақ»  деп  аталып  кеткен  екен,

         Түймеге  ұқсас  сол  дақтың  арқасында.

Қызғалдақ: Қырқалардың  төрінен

( Айнамкөз)Лаулап  көзге  ұрады

         Қызғалдақтар  өңірді

         Қып- қызыл  ғып  тұрады

    Лалагүл:  Лаулап  оттай  шілде  айында лалагүл,

( Айғаным)  Лала  гүлмен  құлпырады  дала  бір

         Ләззат  алмау  мүмкін  болмас  көркінен

         Лалагүл  де өзгеше  әсем, дара  гүл 

Күнбағыс: Көк  төсінде  алтын  күн

( Нұрай)     Көрінгенмен  мұнша  алыс

                     Келеді  одан  көз  алмай    

                     Кербез  сұлу  күнбағыс

Раушангүл: Әдемімін, менен  қай  гүл  аса  алған

( Жансая)     Әуелден  -ақ  «Гүл патшасы»  атанғам

         Әсемдік  пен  хош  иістен  нәр  алдым

         Әлемнің  көп  жерлеріне  таралғам

Бақытгүл:  Бұл  әсем гүл күзде, ұзақ  гүлдейді

( Ақниет)    Басқа  гүлдей  шілдеде өмір  сүрмейді

                     Бір  мереке  бар  жапондар  елінде

                     Бақытгүлі  тұрады  оның  төрінде

Сергіту  сәті: Жайқалады  ағаштар,

                            Бетімізге  жел  еседі,

                            Кіп- кішкентай  балалар,

                             Үп- үлкен  болып  өседі.

                            Біз  гүлдерше  өсеміз

                            Жапырағы  жайқалған

                            Сабақтары  салалы,

                            Желмен  бірге жайқалған    

 

Жарайсыңдар  балалар!  Балалар  орындыққа  отырады.

Ойын: «Жеті  қазына»

Шарты: Қоржыннан  түрлі- түске  боялған  асықтарды, балалар  бір-  бірден  шығып, алады.  Қандай  түсті  алса  тура  сол  түсті  гүлдің  шоғырын  алып, оның  ішіндегі  суретін  атап  әңгімелейді.

Әңгімелеп  болған  соң, тақтаға  іледі.

Тәрбиеші:  Балалар  бәріміз  енді  мына  үлкен  теледидарға  қарайық. «Түстерді үйренеміз»  атты  слайдқа  қарайық.

Қыздардың  орындауында  «Гүлдер»  биі.

Балалардың  шығармашылық  жұмысы  «Меруерт гүлін»  жапсыру.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!