Материалдар / Ғылымдар әлемінде, 2 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылымдар әлемінде, 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
2 сынып мұғалімдеріне мамандық таңдауға байланысты тәрбие сағаттарын өткізгенде көмегі болар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Мамыр 2021
555
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ғылымдар әлемінде»

2 «В» сынып.

Мухаметрахимова Айнур Есимхановна

Сабақтың мақсаты:

  • балаларды түрлі мамандықтармен таныстыру;

  • зейінді, есте сақтауды, ойлауды, қиялын, көркемдік қабілетін дамыту;

  • еңбекке деген құрметті тәрбиелеу.

Тапсырмалар:

  • әр түрлі кәсіптер туралы негізгі түсініктер беру;

  • жұмысқа деген оң көзқарас қалыптастыру;

  • еңбектің қоғам үшін маңыздылығы мен қажеттілігін ашып көрсету, адамдарға пайдалы болу қажеттілігін қалыптастыру.

Сынып сағатының барысы.

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

- Сәлем, дәрігерлер мен мұғалімдер, жазушылар мен ақындар, спортшылар мен ғарышкерлер, суретшілер мен штурмандар, Отанды қорғаушылар мен құрылысшылар! Сіздерді осылай атайтыныма таң қалмаңыздар. Мектептегі жылдар өтеді, ал сіздер кеме тізгінін ұстап, жайлы үйлер саласыздар, әдемі және жайлы киімдер тігесіздер, әлемдегі ең дәмді торт пісіресіздер, патшайым өзі қызғанатын етік тігесіздер немесе алғашқы болып жаңа жұлдыздарды ашасыздар.

Бірақ өмірде біреу болу үшін алдымен өсіп, білім алу керек.

-Бүгін біз не туралы сөйлесеміз? (Мамандықтар туралы)

-Мамандық деген не? Көмек үшін түсіндірме сөздікке жүгінейік.

Мұғалім: «Мамандық» сөзіне анықтама:

Профессия - латын сөзінен шыққан, “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.

Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

Ой қозғау. Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 — ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Араларыңызда кейбіреулерің ендігі қандай маман иесі болатыныңызды, қандай бағытта, оқу орнында оқитыныңызды анықтаған шығарсыз және де өздеріңнің болашақ кәсіби қызметтеріңді жақсы білетін де шығарсыз. Дегенмен де өз таңдауыңды тағы бір тексерген артық етпейді, таңдаған мамандығыңыз шындығында өзіңізді жетілдіруге мүмкіндік бере ме, сол жөнінде ойлануға кеш емес. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.
Мамандық — қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір
 дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

Балалар сендер қандай мамандық түрлерін білесіңдер?

(Оқушылардың жауаптары)

Мұғалім: Келесі кезекте мына суреттерге назар аударайық. Қандай мамандықтарды көріп тұрмыз?

(Оқушылардың жауаптары)

Мұғалім: Келесі кезекте бейнеролик тамашалайық.

Пікір бөлісуСыныпта кім қандай мамандық иесі болғысы келеді

Мамандық таңдау — тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірдеь өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай — ақ өз мамандығының 10 — 20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі.

Мамандық таңдау ережесі:

  • Барынша көптеген мамандықтарды зерттеу керек және сіз тіршілік еткен аймақта қандай мамандықтар керектігін анықтау қажет;

  • Барынша өзіңе ұнамды және ыңғайлы мамандықты таңдауың керек;

  • Өзіңнің болашақ мамандығыңды таңдай отырып ойыңды жүзеге асыруда және мамандықты жетік меңгеруде табандылық танытуың керек.

Сергіту сәті: Балалар, шаршап қалған болармыз. Кішкене сергіп алайық.

  • Әзір ас жоқ дүниеде,

  • Сабақ өзі оқымайды,

  • Көйлек өзі тоқылмайды,

  • Тұқым өзі себілмейді,

  • Үйлер өзі салынбайды,

  • Кендер өзі табылмайды,

  • Кітап өзі жазылмайды.

  • Барлық істің батыры-біз,

  • Екі қол мен ақылымыз!

  • Мамандық алғың келе ме?

  • Мамандық өзі немене?

  • Айналаң толған мамандық,

  • Айналаң толған өнеге.

Ой бөлісу

Өзің келіспейтін тұжырымдарды таңдап алып, ойыңды дәлелде

  1. Мамандық бір — ақ рет біржола таңдалады.

  2. Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты.

  3. Отбасы және достарыңның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады.

  4. Қартайғанда да мамандық таңдауға болады.

  5. Жақсы білім алу үшін қымбат оқу орнына түсу керек.

  6. Мамандық таңдау – күн көріс қамы.


Қазіргі заманғы жоғары білімі бар маманға қандай талаптар қойылады?

 Жауаптар:

-         Компьютерді білу;

-         Бірнеше тілді, ағылшын тілін білу.

-         Адамдармен қарым-қатынас жасай білу.

-         Өз тауарын, қызметін өткізе білу.

-         Тез шешім қабылдап, бастамашылық жасау.

-         Үнемі білім алуға, қайта оқуға бейімділік.


Тестік тапсырмалар:

 Ең ақшасы көп мамандық қандай?

а/еден жуушы; ә/мал дәрігері, орманшы; б/ бухгалтер, экономист

Ең “жасыл” мамандық қандай?

а/ мұғалім, дәрігер; ә/ эколог, бағбан; б/ мұнайшы, ұшқыш

Ең “тәтті” мамандық қандай?

а/ аспаз, кондитер; ә/ сот, заңгер; б/ шахтер, ғарышкер

Ең “күлкілі” мамандық қандай?

а/ журналист, зергер; ә/ клоун, крикатурашы; б/ ғарышкер, ұшқыш

Ең жауапты мамандық қандай?

а/ сот, бухгалтер; ә/ әнші, биші; б/ ұста, шебер

Ең салмақты мамандық қандай?

Клоун, әзілкеш; ә/мұғалім, заңгер; б/ аспаз, кондитер

Ең қарым-қатынасы күшті мамандық қандай?

а/ мұнайшы, орманшы; ә/ бағбан, дихан; б/ бизнесмен, кәсіпкер

«Сыңарын тап» іздену, дәлелдеу.

Суретші

емдейді

Әнші

сурет салады

Биші

үй салады

Дәрігер

би билейді

Құрылысшы

ән айтады


«Кім тауып айтады?» ойыны.

Үйлерді кім тұрғызды?
Кім балықты аулайды?

Қой жайып кім шығады?

Үстіңдегі киімдерді кімдер тігіп береді?

Ғарышқа кім самғайды?


Психологиялық сәт: «Психогеометрия»- өзін - өзі тану:
Оқушылар өзіңе ұнаған геометриялық фигуралардың кез - келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.
Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік администратор шығады
Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай - ақ шығармашылық қабілетін, ой - өрісін дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.
Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін, басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан. Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.
Үшбұрыш. Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.


Қорытынды: Мамандық таңдаудың 7 қадамы. 
Еңбек етсем, ертеңгі - бақытыма сенемін. 
Мақсатыма жеткізер - уақытыма сенемін. 
Достық іспен қасты да - жеңеріме сенемін. 
Ақыл, сана білім мен - өнеріме сенемін. 
Арым - таза, ақ көңіл - адалдыққа сенемін. 
Абыройлы, ақ ниет - адамдыққа сенемін!- дегендей қандай маман иесі болсақ та, ел болашағын ойлайтын халқына абыройлы қызмет ететін адам болайық! Егеменді еліміздің ертеңі — маман  иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!