Материалдар / Ғылыми – жоба тақырыбы: «Асқабақтың адам өміріндегі емдік қасиетін зерттеу.»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми – жоба тақырыбы: «Асқабақтың адам өміріндегі емдік қасиетін зерттеу.»

Материал туралы қысқаша түсінік
1.Асқабақтың шығу тарихы туралы мәлімет жинақтау. 2. Асқабақтың маңызына тоқталу. 3. Асқабақ тұқымдастары туралы сипаттама. 4. Асқабақтың түрлеріне тоқталу; асқабақтың емдік қасиетін, пайдасын зерттеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Мамыр 2021
1248
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

КІРІСПЕ


Қой шаруашылығы - қазақ халқының ежелден келе жатқан тарихи дәстүрлі мал шаруашылығының саласы. Халқымыздың тұрмыс тіршілігі, күнкөріс көзі қой шаруашылығымен тікелей тамырласып жатыр. «Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл-көсір» деген сөздерде терең ұғым бар. Қой еті мен сүті тағамға, жүні мен терісі киім-кешекке, қиы отқа, тұяқ пен мүйізі түрлі түйме сияқты бұйымдарға, құйрық майы емге, елтірісі жағаға, асығы мен тобығы ойынға пайдаланады.

Осындай адам тіршілігіне қажетті жан-жақты қасиеттері үшін қойды түрлі шаруашылықтарда көптеп өсіреді. Қой жүнінен жіп иіріліп, түрлі жүн өнімдері тоқылады, киіз басылып, кілем, сырмақ, текемет сияқты ұлттық өнер бұйымдары дайындалады. Өнделген елтірісінен ішік тон, шалбар, етік тігіледі.

Жалпы қой шаруашылығының өнімділігін, қазіргі қол жеткен зоотехния ілімі мен технологиясын жақсы қолданумен, ерекше жаңалық жасамай-ақ көп қаржы шығармай-ақ, едәуір жақсартуға да көбейтуге де әбден болады[1,2,3].

Зерттеудің мақсаты: Қойлардың шығу тарихын, олардың түрлерін, тіршілігін, мекен ортасын зерттей отырып адамға тигізетін пайдасын түсіну.

Мақсатқа жету үшін шешілетін міндеттер:

  • Қойдың маңызын анықтау;

  • Қойларға жұғатын ауру түрлерін зерттеу

  • Аурулардың алдын алу жолдарын қарастыру;

  • Қой шаруашылығының халық өміріндегі рөлін анықтау.

Күтілетін нәтижелер:

1. Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында қой малының санын көбейтіп, малдың ауруларың алдын-алу.

2. Осы жоба бойынша қорытынды жасап бір нәтижеге келу.

Тақырыптың өзектілігі: Қойдың жүні адамға қаншалықты пайдалы

екенін және сүтінің ауруға қандай ем болатынын, қалай қолдану керектігін, үйреніп білу.

Жұмыстың жаңашылдығы: Қой шаруашылығының халық өміріндегі рөлі анықталды.

Практикалық мәні: Жүргізілген зерттеу жұмыстары қой малының инфекциялық ауруды болдырмауға және сақтандыруға мүмкіндік береді.

Жұмыстың болжамы: Қазіргі кезде қаншама адамдар синтетикадан жасалған киімдерді пайдаланып, осыған байланысты тері ауруларына шалдығып отыр. Себебі, химиялық синтетикадан жасалған киімдер адамның денсаулығына зиянды әсер етеді.

Сондықтан да табиғи жүннен тігілген киімдерді пайдаланған тиімді екенін адамдардың санасына толық жеткізсем деген ойым бар.



  1. ҚОЙ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ (2014-2018 жылдар аралығында)


2014 жылы тамыз айында Бесағаш ауылына барып, қойлар жайында мәлімет жинадым. Қойлардың жалпы сипаттамасына келетін болсақ қой қуысмүйізділер тұқымдасына жататын, күйіс қайыратын жұптұяқты мал. Қой неолит дәуірінде қолға үйретіле бастаған жабайы қойлардан (арқар және муфлон) шыққан. Менің зерттеген қойлардың дене ұзындығы 60 сантиметр, шоқтығының биіктігі 55 сантиметр. Нұрлан шопанның айтуы бойынша қойлар орта есеппен 12 – 15 жыл тіршілік етеді. 5 – 7 айлығында жетіледі. Саулықтарының буаздық мерзімі 145 – 155 тәулікке созылады. Көпшілігі жалқы, кейде егіз туады.  Еркек және ұрғашы тоқтылардан бөлек отар жасалынады. Жас төлдерден құралған отарларды бөлек жақсы жайылымдарға жаяды, жеммен үстеп қорректендіреді. Отарлар бір-бірімен араластырылмайды, үш төрт адамнан құралған малшылар (шопандар) бағып күтеді. Төлдеген қойлар – саулық, 1 жыл төлдемеген қойлар – қысыр, бірнеше жыл төлдемегендерін – ту қой деп атайды.

Қошқарлар мен саулықтардың орташа тірідей салмағы 50 – 90 килограмм тартады. Олардан шамамен 2 – 4 килограмм (ұяң және қылшық жүнділерінен) жүн қырқылады (сурет 1).[7,8,9]



Сурет 1. Бесағаш ауылындағы қойларды бақылау кезінде

1.1 Қойдың түрлерін зерттеу (2014 жыл қыркүйек айы)


Мен зерттеген қойлардың отарында мынадай қойлардың қолтұқымдары болды: Еділбай, Қарғалы қойы, Дегерес, Құйрықты қазақ қойы, Қаракөл қойы, Ғиссар қойы. Биязы жүнді қойлардың қолтұқымдары өкінішке орай кездескен жоқ (сурет 2).

Сурет 2. БҚО-да кездесетін қойлардың қолтұқымдары


Дегерес қойы – биязы жүнді, құйрықты қой тұқымы. Құйрықты қой саулығын шропшир және прекос қошқарларымен күрделі зауыттық будандастыру арқылы шығарылған. Маған кедескен қойының дене бітімі шымыр, сүйегі берік, кеудесі кең, құйрығы орташа. Жыл бойы жайылымда бағуға бейімделген, ұзақ жүруге төзімді. Салмағы 97 кг. Қошқардан 6 кг, саулықтан 3 кг жүн қырқылады. Жүн талшығының ұзындығы 9 – 16 см.

Қарғалы қойы – Құйрықты ұяң жүнді қой тұқымы. Құйрықты қазақы қой мен еділбай қойының будан саулықтарын сараджадегерес қойларымен будандастырып, алынған ұрпақты одан әрі сұрыптау арқылы шығарылды. Қошқары  90 кг. Қошқарынан 4,5 кг, саулығынан 2,2 кг жүн қырқылды.

Еділбай қойы – ет-май өндіру бағытында өсірілетін қылшық жүнді, құйрықты қазақы қой тұқымының бір түрі. 19 ғасырдың аяғында Еділ-Жайық бойынан тараған. Құрғақ және шөлейт аймақтарда өсіруге бейімделген. Түсі бозғылт, қызыл қоңыр, көбінесе қара болады. Дене бітімі мығым, басы үлкен, тұрқы ұзын, жоталы, кеудесі кең, құйрығы үлкен. Қошқарының  салмағы 100 кг. Еділбай қойы өсімтал келеді, тез ет алады. Жүн түсімі де басқа құйрықты қой тұқымдарынан жоғары, түбіті көбірек, қылшығының ұзындығы 15 см, жіңішке әрі жұмсақ. Еділбай қойы құйрықты қазақы қой тұқымдарын жақсарту үшін пайдаланылады. Көбінесе бізде Батыс Қазақстан өсіріледі.

Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойы – дене бітімі шымыр, сүйегі берік, басы орташа, тұмсығы түзу, не сәл дөңестеу. Мойыны аса ұзын емес, кеудесі кең, жоталы. Сирақтары ұзын, тұяқтары өте мықты. Қойының түсі қоңыр, қызғылт сары болады. Қошқарының тірідей салмағы 90 кг.

Қаракөл қойы – қозысының елтірісі өте бағалы болатын қой тұқымы. Қылшық жүнді қой тұқымдарының ішіндегі ең көп тарағаны. Денесі мығым, шағын, жүрдек, құйрықты қой. Құйрығының ұшы S – тәрізді иілген, сирағы жіңішке, тұяғы берік. Суға өте шыдамды келеді. Біздің аймақтарының қатаң ауа райына және жұтаң жайылымына әбден бейімделген. Тірі салмағы 55 кг. Қаракөл елтірісі қара, қоңыр, ақ түсті болып келеді. Жүні тұлымды, жылына екі рет (көктем, күз) қырқылады. Одан қалың жүн маталар, кілем тоқылады.

Ғиссар қойының жүнінің түсі қара. Майлы — етті тұқымы құйрықты қойдың түрі. Ғиссар қойының - жүні қылшық, еті майлы келетін құйрықты қойдың бір тұқымы. Еркек қойының тірілей салмағын өлшеген кезде шамамен 90 кг. Сойғаннан соң 40-45 кг ет. Ғиссар қойы Тәжікстанда Ғиссар деген жерінде шығарылған, атауы да осыдан шыққан (сурет 3,4). [4,10,11]




Сурет 3,4. Қой тұқымдары

2.2 Сүтің өнімділігіне, құрамына зерттеу жұмыстарын жүргізу


Қой сүті, түсі ақ немесе аздап сарғылт болады. Химиялық құрамы малдың физиологиялық күйіне, күтіп-бағылуына және тұқымына қарай аздап өзгеріп отыруы мүмкін.

Сиыр сүтімен салыстырғанда қой сүтіндегі қоректік заттар 1,5 – 2 есе көп. Қой сүтінде май (6 – 8%) мен белок (4 – 5%), 4,5% сүт қанты, 1%-дай минералдық заттар, витаминдер болады.

Одан ірімшік, құрт, айран, қаймақ, сары май өнімдерінің көптеген түрлері дайындалады. Қой сүтінен өндірілетін өнімдер дәмділігімен, сапалылығымен және сіңімділігімен жоғары бағаланады (сурет 5).



Сурет 5. Қой сүтінен өндірілетін өнімдер


Ғылымда қой сүті жұғымдылығымен және бағалы диетикалық қасиетімен сипатталады. Оның құрамында жүзден астам жұғымды заттар бар. Мәселен, қой сүтінде 6-8 пайыз май, 4-6 пайыз ақуыз, 4,6 пайыз қант және 0,8 пайыз минерал заты болады. Сиырдың сүтімен салыстырғанда қойдың сүтінде май мен белок көп. Егер, адам ағзасына сиыр сүті ақуызының 92 пайызы сіңірілсе, қойда 99 пайыз. Қазіргі күні қой сүтінен алынған өнімдер ірі қара мал шаруашылығы аз дамыған аймақтарда, яғни Өзбекстанда, Түрiкменстанда, Қазақстанның кейбір аудандарында және де көптеген таулы жерлерде, әсіресе Закавказье жерлерінде дәмділігімен, сапалығымен және сіңімділігімен жоғары бағаланады. Біздің еліміздің аумағында да қой басын көбейтіп, халықты қой сүтінен дайындалатын құнарлы азық-түлікпен қамтамасыз етудің үлкен мүмкіндіктері бар (сурет 6).[6]



Сурет 6. Қой сүтінің құрамы


2.3 Қойдың етінің құрамы және пайдасы


Қой еті - ерекше ет. «Оның ерекшелігі неде?». Қой етінің құрамы басқа еттермен бірдей деп ойласаңыз дұрыс, бірақ оның артықшылығы құрамындағы темір, йод (2,7 мкг.) сияқты микроэлементтерде. Сондықтан тұрақты қой өнімдерін тағамда қолдану біздің организмізге қажетті мөлшерде қандағы гемоглобин деңгейін және қалқанша бездің жақсы жұмыс жасауын қамтамасыз етеді, әсіресе қатты сәулелену шарттарында жұмыс істейтін және сондай аймақта тұратын тұрғындар үшін маңызды.

Витаминдер мен май қышқылдары сияқты пайдалы қасиеттерге ие қойдың құйрық майы таңдаулы тағам түрлерінде пайдаланылады, ал қойдың төс еті тамақ талғағыш адамдардың да көңілінен шығады.

Қой етінде пайдалы көмірсу қосындылары, темір, фосфор, ақуыз мол. Етті семіздіктен арылу үшін, әлсіздікке қарсы, босанған әйелдердің денсаулығын жақсарту мақсатында пайдаланады.

Сойылған жас малдың етін және сорпасын науқас адамға, іш ауруына байланысты үздіксіз берсе, денсаулығы жақсарып, іштегі жел қайтады.

Қой етін күйдіріп, көмірін сірке суына салып, жылан, шаян шаққан жерге таңса, уытты қайтарады, сыздап ауырғанды басады.

Шаштың арасы бөртіп кеткенде сабындап жуып, сумен сұйытылған өт жуындысымен шашты жуса, бөрткен жоғалады.

Малдың бауырын қаны аз, денесі әлсіз, көру қуаты төмендеген ауруларға береді.[5]


2.4 Cыйлы қонаққа бас тарту


Бас тарту - кәде, жиын-той, аста, қонақ күткенде сойылған малдың басын қадірлі адамға сыбағалы, кәделі, сыйлы мүше ретінде тарту. Бас мүшесін дүниенің, жаратылыстың, әлемнің бастаушы күші деген ежелгі наным-сенімге байланысты оны жасы үлкен, сыйлы қонаққа немесе мәртебесі жоғары адамға Бас тарту байырғы ортада ежелден орныққан.

Үйтілген қойдың басын піскен соң мандайынан айқастыра тіліп, табаққа салып әкеліп тарту ырымы қазақ арасында біркелкі атқарылады.

Онысы тігінен түскен біздің жол, көлденең түскен сіздің жол дегенді ырымдағаны. Бұл қонаққа жасаған құрметтің белгісі болып табылады. Қазақ арасында қой басының құйқасын тілуді қасқалдақтау деп те атайды. Айқас тілу немесе қасқалдақтау (қас таңбасы) ұқыптылықты қажет етеді. Яғни қасқалдақтағанда бас сүйегі құйқа арасынан ырсиып көрінбеуі тиіс.

Қадірлі қонақ әуелі не шүйденің бауыздау шетінен немесе екі езуден кесіп алып, ауыз тиеді. Мұнысы – «мен сендерге сүйеу болам, тілеуіңді тілеймін» деген ишара. Бастың оң құлағын кесіп, шаңырақтың ең кішкентай баласына береді. Кейбір өңірде үй иесі оң құлағын өзі кесіп алып қалады. Ол – "осы үйде де құлақтың иесі бар, малдың киесі орнында қалсын, ұрпағы сақ болсын» деген белгі. Әрі қарай «палуан бол» деп шүйдеден, «беделді бол» деп маңдайдан, «езуіңнен күлкі кетпесін» деп құйқаның езуінен етекте отырған келіндерге, «пейіштің шөбін иіскеген жері» деп тұмсық тұсынан, «мәртебелі бол» деп төбесінен, «батыр бол» деп желкесінен, «пәленшені көздің қарашығындай сақтаңдар» деп екі жанашырға екі көзді, «қамқор болыңыздар» деп көздің жұмсақ етін тілеуқор үлкендерге ұсынады. «Шешен бол» деп таңдайды кішірек қыз балаға алақанына соғып ұстатады да, «алғыр бол» деген қосымша тілек айтады. «Әнші бол» деп көмейді, «құлағың жақсылыққа түрік болсын» деп, сол құлақты ойып үлестіреді. Жартылай етінен ажыратылған басты «орта табақтағы» сыйлы бір қонаққа ұстату, болмаса «бас иесіне» қайтару да әдебімізде бар. Басты толық тықырлап мүжімей, жартылай мүжіп қайтару – сыпайылықтың, әдептіліктің белгісі. Күтушілердің арасындағы қағылездеу біреуі бастың миын шығарып, тостағанға аздап тұздық, жылы-жұмсақ араластырып, «мипалау» даярлап, бас ұстаған кісіге қайтарады. Ол оны отырғандарға тегіс ауыз тигізеді. Тіпті, тісі шықпаған балаға дейін сыбағасыз қалмайды, оған кеңсіріктің ішіндегі шеміршекті береді. Тісі қышыған сәби шеміршекті кеміріп, бір жырғап қалады.

Бұл салтымыз қауымдағы әр адамның міндеті мен орнын есіне салады.

Мүжілген бастың, әсіресе құрбанға шалған, садақаға сойған малдың қаңқасын терең суға ағызып немесе ошақтағы отқа өртеп жіберетін болған, еш уақытта итке тастамаған. «Малының басын ит мүжіген – жаман ырым» деп есептелінеді (сурет 7).



Сурет 7. Сыйлы қонаққа бас тарту


3 ТӘЖІРБИЕЛІК БӨЛІМ


3.1 Аудандық ветеринария станцияның мал дәрігермен сұхбат өткізу


13 қаңтар аудандық ветеринария станцияның мал дәрігерімен Махсут Нургалиевичпен кездесіп, қойлар шалдығатын аурулары жайлы көп мәлімет алдым (сурет 8).



Сурет 8. Аудандық ветеринария станциясы

Сұрақ: Махсут Нургалиевич біздің ауданымызда қойлар арасында жиі кездесетін қандай аурулар бар?

Жауабы: Қойлар, кез-келген жануар сияқты, түрлі аурулармен ауырады. Олар жалпы дәстүрлі аурулармен (құтыру, туберкулез) және жеке ерекшеліктеріне байланысты (братцот, агальактия) ауруларына шалдығады (Сурет 9,10). Соңғы кездері Бөрлі ауданы бойынша ең жиі кездесетін аурулардың түрлері:

1. Сібір жарасы

2. Пастереллез

3. Құтыру ауруы

4. Ихинакокк

5. Бруцеллез




Сурет 9,10. Қойларды кезекті тексеру үстінде

Сұрақ: Осы аурулардың белгілері қандай? және де бұл аурулардың емі бар ма?

Жауабы: 1. Сібір жарасы - мал және жабайы жануарлардың бациллус антрацис микробы коздыратын, жіті түрде өтетін аса қауіпті жұқпалы ауруы. Сібір жарасына қарсы қойларға вакцина жасалады. Ересек даралар жылына екі рет, қозылар 3 ай сайын екпе алады. Сібір жарасы адамға да қауіпті.

Белгілері:

  • Жануардың дірілі байқалады;

  • Көздері көк түске боялады және қанмен толады;

  • Қойлар артып келе жатқан қозу күйінде болады;

  • Жануарлардың температурасы 42 ° C-қа дейін көтеріледі;

  • Жануар салмақты тез жоғалтады;

Емі:

  • Бір дараға 10 миллилитрдей сарысу егеді;

  • Сонымен қатар бір басқа гамма-глобулинді инъекциялар жасалады;

  • Пенициллинді антибиотиктер қолданады;

2. Келесі Пастереллез жануарлардың көптеген түрінде және адамда болатын жұқпалы ауру. Қоздырғышы - ауру немесе аурып жазылған жануарлар организмінде болатын пастерелла бактериясы. Пастереллёз аэрогенді және алементарлы жолмен жұғады. Пастереллёзбен ауырған малдың тыныс алу, ішек-қарын жолдарының кілегей қабығы қабынып ісінеді.

Белгілері:

  • Ауру малдың дене қызуы көтеріледі;

  • Тәбеті болмайды, тамыр соғуы және тыныс алуы жиілейді;

  • Егер тыныс алу жолдары қабынса танауынан іріңді сұйық ағады;

  • Көзі конъюнктивит болады;

  • Тыныс алуы нашарлап жөтеледі;

  • Ішек, қарынның кілегей қабығы қабынса іші өтеді, әлсірейді, басы, мойны ісінеді;

Емі:

  • Ауру малға ем сарысуын егу;

  • Антибиотиктер, сульфаниламид дәрілерін ішкізу.


3. Құтыру ауруы құтырған хайуанаттардың: иттің, мысықтың, түлкінің, қасқырдың қабуынан немесе тістеуінен пайда болады. Бұл аурудың нәтижесінде қойдың орталық жүйке жүйесі зақымдалады. Жарқанат және басқа хайуандар да құтыруды таратушы болуы мүмкін

Белгілері:

  • Қойлар қарылдаған дауысты шығарады;

  • Сілекейі молынан ағады;

  • Сал ауруы қалыптасады;

  • Жануарлар өте агрессивті, әсіресе иттерге қатысты;

  • Еш себепсіз баспен жарға соғылу мүмкін;

Емі:

Бүгінгі күнге дейін құтыру ауруына ем табылған жоқ. Бұл ауруды жұқтырған жануарды тез арада өлтіреді, өйткені оның адамға жұқтыру қаупі зор.

4. Эхинакокк қойлардың өте кең таралған инвазивті ауруы. Аурудың қоздырғышы цестода дернәсілі. Паразиттің ресми атауы эхинококк. Бастапқыда, цистодалар итің тік ішегінде тіршілік етеді, кейін нәжіспен бірге сыртқа шығады. Инфекция сумен, сондай-ақ шөппен бірге топырақ арқылы енеді. Бастапқы кезеңде аурудың ешқандай белгілері байқалмайды, тек қатты зақымданған жануарлардың ауру белгілерің көруге болады (Сурет 11).

Белгілері:

  • 770 ₸ - Сатып алу

    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!