Материалдар / Ғылыми жоба
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
Ауыл туралы мәліметтер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қазан 2020
781
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Бекітемін”

Мектеп директоры: Х.Урманов



Түркістан облысы Сайрам ауданы

Манкент ауылы №11 “Манкент” жалпы орта мектебі

Рухани жаңғыру” бағдарламасы негізінде жазылған

Ғылыми жоба

Тақырып: “Манкентім-майлы кентім”



Орындаған: 8 -“В” сынып оқушысы Мақсатова Фатима

Жетекші тарих пәні мүғалімі: Л.Юсанова

Манкент-2020 жыл



«Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде

Тақырып: «Манкентім-майлы кентім»

Жоспар:

І. Кіріспе

Даналар туған жер туралы.

ІІ. Негізгі бөлім:

  1. Манкентім- майлы кентім” түсінігі.

  2. Ауылымның терең тарихи.

ІІІ. Қорытынды:

Туған жеріңе туыңды тік!”.



Ақын боп, азамат боп Отан — Ана,
Өзіңнен қайта тудым осы арада.
Жер түгіл, айды айналып күнді құшсам,
Жаныма мұнша шаттық қоса ала ма.

(Асқар Оразақын)



Туған жер-адам баласының кіндік қаны тамған,жанына,журегіне жақын,қимас сезімге бөлейтін алтын ұясы.Оның топырағы да, тауы мен тасы да ыстық болады.Әркімге өз ауылы,туған жері мақтан.Дегенмен, менің кіндік қаным тамған өлкемді атағанда елең етіп,мойын бұрмайтын адам кемде-кем.
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады.Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер,туған көше,туған қала немесе мен үшін туған кент. «Рухани жаңғыру» бағдарламасында айтылғандай: «Жергілікті билік «Туған жер» бағ­дар­ла­масын жинақылықпен және жүйелі­лікпен қолға алуға тиіс. Бұл жұмысты өз бетімен жіберуге болмайды, мұқият ойластырып, халыққа дұрыс түсіндіру қажет.

Туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап-құрметтеудің түрлі жолдарын табу керек.

Менің ауылым Манкент ауылы.Табиғаты ғажап көркем кермет! Тауы сулы, даласы кең, ағаштары жемісті, жері құнарлы, ауасы таза.Адамдары қонақжай, жігіттері мықты да, күшті, қыздары сұлу да, көркем. Көп ұлтты ауыл болса да тату- тәтті өмір сүріп, бір- біріне түсіністікпен қарайды. Бірін- бірі құрметтеп, керек кезде көмегін аямайды. Ауылымыздың басқа ауылдардан ерекшелігі өте көне ауыл болуында. Сондай ақ бұл ауылдан көптеген қайраткерлер, жазушылар, ақындар, шешендер, сарбаздар шыққан.

Ауылым – алтын бесігім
Жүрегім, жырым сенікі,
Кеңесті далам, кең далам.
Тудым, өстім, есейдім

Ауылымыз өте көне болғандықтан, оның көп жылдық тарихы бар. Сондықтан да бізде тарихи жерлер өте көп. Мысалы айтатын болсам: Жалал ата кесенесі, Төрт күл, Долан тас, Құшақ көмген, Ақ бай, Ақ қала, Ғайып ата тағы басқалар.

Үйреніңдер адамдар

Долан тастың мейірімін

Бәрі- бірде тірі жан

Бұл өмірден кетеді

Ауылымыздағы «Долан тас» әулиесінің тарихынан сыр шертетін болсам, ол өте ежелгі әулие жер болып саналады. Тастың маңы ағаштармен оралған, табиғатын көрген, ауасынан тыныс алған адам рахаттанады.

Тасқа алыстан қарасаң, тас құдды бір бала көтеріп алған адам бейнесінде болып көрінеді. Оның «Долан таc» деп аталуының себебі де соған байлансты. Аңызға көре бір Долана есімді қыз інісін көтеріп, даладан шығып бара жатқан екен. Алдынан жау шығып, қыздың алдын тосады. Байғұс қыз не істерін білмей Алладан жау қолына түскенше тасқа айналдыруын сұрайды. Сонда Алла қыздың тілегін қабылдап, інісімен бірге тасқа айналдырады. Міне «Долана тас» атауы сол қыздың есіміне қойылған. Бірақ жылдар өте келіп, оның атауы өзгеріске ұшырап «Долан тас» болып қысқарып кеткен.

Манкент ауылы өте көне ауылдардың бірі болып есептелінеді. Сол үшін тарихи жерлері өте көп.Аыуылымызда Хан жолы, Төрт кул, Долана тас, Құшақ көмген, Ақ бай, Орта жер, Жалал ата, Ғайып ата сияқты қадімгі кесенелер мен тарихи жерлер өте көп. Олардың өздеріне тән ерекшеліктерімен тарихы бар. Оларды төмендегі жолдар арқылы окуыңыз мүмкін.Біздің ауылымыздың адамдары бір біріне өте мейіріді, тату тәтті өмір сүреді. Ауылымыздың адамдары Муса ата, Розимат ата, тажиктер, Сайға симастар, Қарға, Ноғайлар, Бидайшы, Түяқ әулеттерінен тараған. Солардың ішінен мен Сайға симастар менің ата бабаларым. Ауылымыз үлкен болып: шығыстан Ақсуға дейінгі, батыстан Жібек Жолы ауылына дейінгі жерлерді қамтиды. Ауылымызда ауыл шаруашылығы өте жақсы қалыптасқан.

Picture 4

Манкент ауылы

Жалал ата кім?

X-XI ғасырларда Манкент ауылында яғни біздің ауылда өмір сүрген Жалал ата- өте білімді әскери жолдарды жақсы менгерген болып, Манкент халқына Ислам дінін, араб жазуын үйреткен қайраткер. Ол өз дәуірінің адамдары, жастары үшін мешіт, мектептер салуды өз қолына алып жұмысын жолға қойған. Манкент ауылында алғаш рет білімді ұрпақ тәрбиелеген қайраткер. Аңыз әңгімелерге сүенсек ол халқын бір неше рет жаудан ақылы мен сауаттылығы арқылы аман алып қалған. Жалал ата халықтың басын біріктіре алған күшті топбасшылардың бірі. Ол өте көп бау- бақшалар отырғызған. Мұғалімнің айтуы бойынша ол өте қайратты , сөзге шешен, халықтан көмегін аямайтын қадірлі адам болған екен. Сонымен бірге ол Қарға әулетінен тараған Исмаил ата Ибрагим аталардың туысы болған екен.

Долан тас

Ауылымызда қәзіргі Соқақ маңында дала ортасында жалғыз тас бар. Алыстан қарағанда бала көтерген адамға ұқсап көрінеді Аңыз әнгімелерге қарағанда Долана қыз інісін көтеріп даладан алып шыға жатқанда алдыдан жау шығып, қыздың жолын тосқан. Қыз Алладан жау қолына түскеннен көре тасқа айналуын сұрайды. Сол кезде ол інісімен бірге тасқа айналып кетеді. Сол үшін бұл жерді Долана тас деп атайды екен. Үлкендердің айтуынша бұл тас үлкен болған, қазіргі кезде тас кішрейіп қалған. 2001 жылы сол маңда өмір сүретін Анарметов Тажимат атамыз түсінде сол қызды көреді екен. Сосын өзі жаңа заман талабына сай кесене салдырады. Ол кесенені Долан тас кесенесі деп атайды екен.

Ғайып ата кесенесі

Ғайып ата кесенесі қазіргі жаңа емхана маңында орналасқан . Халқ арасындағы әнгімелерге қарағанада халқ жауға қарсы күрескенде бұл әулие де жауға карсы от болып атылады екен. Соғыс біткен соң жоқ боп кетеді екен. Сол үшін халқ оны Ғайып ата деп қадірлеген. Ғайып ата кесенесі қәзірде бұрынғыдай сақталып келе жатыр. Оны зират етуге,зерттеуге барғанда бір ғажайып күйде боласың, сені бәле жаладан сақтап, саған күш беріп тұрғандай жеңіл күйде боласың. Мұғаліміміз Лала апайдың айтуы бойынша бұл жерді зират етіп, тазалап тұру қажет.

Picture 2 Picture 3

Ғайып ата зираты

Ауылымыздың салт- дәстүріне байланысты қызықты да, қадірлі жер- «Құшақ көмген». Олай аталуының себебі жел қатты тұрғанда, халық жиналып, Құрбандық жасап, Құран бағыштап, «Шай әже» өлеңін айтады екен.

Шай әженің өтінішін,

Уәде бердік орындауға.

Жиналыңдар ел-жұртым,

Балаларды қорғауға.

Сондай ақ әйелдер барлық іс- шара біткеннен кейін құшақ тігеді екен, ал оны еркектер алып, бір биік таудың басына апарып, әтешпен бірге басын шығарып көмеді екен. Әтеш мойнын созып шақырғанда жел тоқтайды екен. Сол жер қәзірге дейін сақталып қалған. Манкентімнің тарихы мол болғандықтан біз оны майлы кентім деп атаймыз,

Біз тоқсандық, жазғы демалыстарда бұған ұқсас жерлерге көп барамыз. Мысалыға айтатын болсақ Исмаил хан кесенесі, Шалдірман эшан кесенесі, Маллахан кесенесі тағы басқалар.Сонымен бір қатарда біз өз ауылымыздан басқа жерлерді де зерттеп, тарихын білуге қызығамыз. Демалыстарда мұғаліммен бірге ұйымдастырып Түркістан, Сайрам, Машат, Қазығұрт және тағы басқалар. Сайрамға барған саяхатымызда маған ғажайып әсер қалдырған кесенелердің бірі Арыстан баб кесенесі болып саналады.

Арыстан баб кесенесі

Бұл кесене XXI ғасырда өмір сүрген діни көріпкел Арыстан баб мазарының үстіне салынған. Кесененің бірінші құрылысы XIV-XV ғасырға жатады. Сол құрылыстан кесілген айван тізбектері қалған. XVIII ғасырда көне мазардың орнында жер сілкінісінен кейін екі кесілген ағаш тізбекке тірелген айванмен салынған екі күмбезді құрылыс орнатылды. Қазіргі кезде бұл кесене Орталық Азиядағы қажылық міндетті өтейтін мұсылман киелі жерлерінің бірі болып саналады.

irc_mi Picture 6

Аңыз бойынша Арыстан баб Мұхаммед пайғамбардың елшісі болған. Бір күні Мұхаммед пайғамбар өзінің шәкірттерімен құрмажеп отырған еді. Бір құрмақ айта-қайта ыдыстан құлай беріп, пайғамбар ішкі дауысты естіді: « Бұл құрма Сізден кейін 400 жыл алдағы уақытта туылатын мұсылман бала Ахметке арналған». Сонда пайғамбар шәкірттері ішінен бұл құрманы кім иесіне жеткізетінін сұрайды. Ешкім сұранған жоқ. Пайғамбар сұрақты қайта қойғаннан кейін, Арыстан баб былай деді: « Егер Сіз Алла Тағаладан 400 жыл сұрап берсеңіз мен бұл құрманы иесіне жеткіземін» .Халық аңыздарынан және жазба деректеріне қарағанда («Рисолаи Сарем-Исфижоб» және Куприлозада кітабы) Арыстан баб Ахмет Яссауидің ұстазы болып құрманы жеткізеді.

Мен өз ауылымды зерттей отырып, туған жерім туралы көп мәлімет жинадым. Адам өз туған жерінің тарихын үйреніп, оны дамытпаса, халыққа танытпаса, өзінің тарихыда өлгені. Сол себебті 1- Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында:»Үшінші, жергілікті билік «Туған жер» бағ­дар­ла­масын жинақылықпен және жүйелі­лікпен қолға алуға тиіс.

Бұл жұмысты өз бетімен жіберуге болмайды, мұқият ойластырып, халыққа дұрыс түсіндіру қажет. Туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап-құрметтеудің түрлі жолдарын табу керек. Бұл жерде де көп жұмыс бар. Осы арқылы қалаларды көгалдандыруға, мектептерді компьютерлендіруге, жергілікті жо­ғары оқу орындарына демеушілік жасауға, музейлер мен галереялар қорын байыта түсуге болады. Қысқаша айтқанда, «Туған жер» бағдарламасы патриотизмнің нағыз өзегіне айналады. Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады. Төртіншіден, жергілікті нысандар мен елді мекендерге бағытталған «Туған жер» бағ­дар­ламасынан бөлек, біз халықтың санасына одан да маңыздырақ – жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз керек. Ол үшін «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы керек- деп айтған болатын.

Ауылым- алтын бесігім,

Жүрегім-жырым сенікі

Кеңесті  далам, кең далам.

Тудым,өстім, есейдім –деп ақындарымыз жырлағандай, Ауыл гүлденсе бұл қазақ халқының байығанымен тең. Себебі, әрбір ұлт ұл-қыздарының шыққан ортасы ол ауылдық мекендер. Ауылдың түтіні, самал желі, айраны мен құрты, даладағы ас пісіп жатқан ошағы,сарқылдап қайнап жатқан самаурынның шайы, таза ауасы-баға жетпес асыл қазынасы. Осындай ауылдың тұрмыс-тіршілігіне сырттай қарап отырсаң, балалық шақтың өскен ортасын, еш уайымсыз өтіп жатқан күнделікті тұрмыс-тіршілікті әрбір ұлт баласы сағынары сөзсіз. Ауылымыз кеңінен қанат жайып келе жатыр.


Пайдаланылған әдебиеттер:



1.Манкент тарихы Х.Юлдашев

2. Интернет мәліметтері.

3.Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!