Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ғылыми жоба
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Т.Тоқтаров атындағы орта мектеп,
мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесімен
Бастауыш сынып мұғалімі Тубекбаева Гульнар Сабетбековна
Аннотация
Жұмыстың мақсаты:
Қазақ тіліндегі халықтық өлшемдердің ерекшеліктерін анықтап,мән-мағынасын айқындау; танымдық тұрғыдан зер тей отырып, олардың ұлттық сипатын ашып, халқтың ұлттық санасына, наным-сеніміне, тілдік табиғатына тереңірек үңіліп, жан-жақта зерттеу.
Жұмыстың міндеттері:
-
Құрамына ұлттық –мәдени компанеттері бар, қазақ тіліндегі халықтық өлшемдерді жинақтау;
-
Анықталған топтардан қазақ тіліндегі халықтық халқтық өлшем атауларының қолданыс аясын қарастыру;
-
Қазақ тіліндегі халықтық өлшем атауларының шығу тарихының дерек көздерін , мағыналық қалыптасуы мен даму зағдывлықтарын зерттеу;
-
Қазақ тіліндегі халықтық өлшем атауларының қолдану аясын анықтау;
Жұмыстың зерттеу нысаны:
Тіліміздегі салмақ-көлем, ұзындық және сандық өлшем бірлігіне жататын байырғы өлшем атауларының тақырыптық және қолдану ерекшеліктерін анықтау.
Жұмыстың дереккөздері:
Халықтың өлшем атауларына байланысты қазақ тіл біліміндегі тақырыпқа сай зерттелген түрлі материалдар мен сөздіктер, мәдени-танымдық ақпарат құралдарына жарық көрген мақалалар және ғылыми зерттеу еңбектерінен қажетті мәліметтер алынды. Лексикографиялық деректер: Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, 1-10т, 1974-1986; Қазақ әдеби тілінің сөздігі, 2006; І Кеңесбаев. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі, 1977; Лингвистикалық сөздіктер: А.Салқынбай, Е.Абақан. Лингвистикалықтүсіндірме сөздік,1998; Сүлейменова Э.Д.Тіл білімі сөздігі, 1998. Қазақ ауыз әдебиетінің нұсқалары, көркем әдебиет туындылары мен баспасөз материалдары негізінде жинақталған картотека.
Жұмыстың әдістері:сипаттау,жүйелеу, тақырыптық, талдау.
Жұмыстың құрылымы: Кіріспе, екі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер.
Аннотация
Цель работы задач:Казахский народ, чтобы определить конкретные критерий в определениий смысла; путем изучения познавательной точки зрения, раскрывает природу языка, комлексного исслеования определены в качестве основной цели. Для этого, интересы следующих задач устанавливается:
-
Часть национальных кульурных компанентов, критериев в Национаьном Собрании казахской;
-
Рассмотреть сферу измерений в определенных групп имен казахстанских людей;
-
Казахский национальный измерение в истории просхождения названий источников, изучение формирования и развития семантических моделей;
-
Опрделение обьема меры в именах народных казахских.
Обьектом исследований:Язык вес, обьем, длина и цифровой единицы измерения, чтобы определить специфику дела и имена коренное.
Источники работе: Народные названия на тему казахского языка, знание измерения изучали различные материалы и словари, культурный и образовательный массовой информации статей и научно-исследовательских сексикографическое данные: Словарь казахского языка,1-10, 1974-1986; Казахский словарь литературного языка (2006);И. Kesenbaev Словарь казахского языка, фразеологииии, 1977; Лингвистические словар: А.Салқынбай, Е.Абақан Язык словарь , 1998; Сулейменов Е. Словарь лингвистики, 1998.Казахского устного литературы, искусства, литературы и пресс-материалов на основе накопленных файлов.
Методы рабаты: Использовали описание работы, организации, тематические методов анализа.
Структура работы: Введение, два главы, заключение, список литературы.
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі.Бүгінгі таңда әрбір халық үшін оның өткен өмірі, тарихы, болмыс-бітімі, салт-дәстүрі өте маңызды болып табылады.Сонымен қатар өткен заманда халық қолданысына енген тілдік ерекшеліктер де жан-жақты дамуымызға , мәдениетімізге , әдет-ғұрпымызға айтарлықтай әсер етті.Тумысынан қызығушылығы зор ата-бабамыз еш жазудың, кітаптың көмегінсіз-ақ өлшем бірліктерді ойлап таба білді.Неліктен біз өлшем бірліктерді халықтық өлшем бірліктер дейміз? Өйткені, дарындылығы басым халқымыз ұзындықты, салмақ-көлемді, мезгілді, арақашықтықты, санды табиғат сыры, адамның дене мүшелері, төрт түлік мал, әдет-ғұрыпқа байланысты өлшеудің өзіндік ұтымды тәсілін ұсынды. Аршын, құлаш, түйе көш жер, ат шаптырым жер, сүт пісірім уақыт, бір қора қой, бір үйір жылқы, бір айдам жер, бір мая шөп, бір қарын май, түн ортасында, таң аппақ атқанда, бір құшақ, қол созым жер, бір табан жақын, сала құлаш жіп, таяқ тастам жер, бір елі, үш елі, аспан мен жердей, бір үзім нан, бір асым ет.Шындығында, қазіргі математикалық өлшемдердің астарында қазақ халқының ойлап тапқан өлшемдік атаулары жатыр. Бұл халықтың өлшем атаулары қазіргі таңға қалай жетті? Халық ауыз әдебиеті тәрізді ауызша, халықтан-халыққа, ұрпақтан-ұрпаққа тарады. Өткен өмірімізді, салт-дәстүрімізді бүгінгі ұрпаққа насихаттайтын
өлшем атауларында төрт түлік малдың кездесулері тегіннен тегін емес.Мәселен, түйе көш жер, ат шаптырым жер, қозы көш жер деп аталатын арақашықтықты білдіретін өлшем атауларынан ата-бабамыздың төрт түлік малды қастерлеп,жауға шапқанда көлік, жесе тамақ, кисе киім ретіде қолданып, өз пайдасына жаратқанын түсінеміз.Қазақ өлшем атауларының ұлттық-мәдени ерекшеліктеріне көңіл бөліп, олардың ортақ айшықтарын тауып, қазақ халқының рухани мұрасы болған халықтық өлшемдердегі құнды деректер мен мәліметтерді ғылыми түрде зерттеуге деген қажеттілік осы жұмыстың өзектілігін айқындайды.
1.Қазақ тіліндегі халықтық өлшем бірліктер және олардың тақырыптық сипаты.
1.2. Қазақ тіліндегі халықтық өлшем бірліктер
Өлшем-бір нәрсенің көлемін, салмағын анықтайтын өлшеу бірлігі. «Халық айтса қалып айтпайды» дегендей халық өлшемі анық өлшем десек қателеспейміз. Өйткені, оны ата-бабамыз сан ғасырлар бойы қолданып және сол арқылы өлшем негіздерін жасаған. Енді халық өлшемдерінің негізгі түрлеріне тоқталайық. Мұны халықтың өзі белгілегендей, «салмақ өлшемдері, көлем өлшемі мен мөлшері, ұзындық өлшемі, қашықтық өлшемі, уақыт пен мезгіл өлшемдері деп бөлуге болады(1,56 б).
Халықтық өлшемдер тым ерте кездерден қолданыла бастаса да, күні бүгінге дейін тіл қолданысынан шықпай өлшем мағынасындағы ұғымды бейнелеп, баяндаудың бір тәсілі болып саналады.
Біз осы жұмысымызда қазақ тіліндегі халықтық өлшем атауларын төмендегіше топтарға бөліп қарастырдық:
-
Салмақ өлшем атаулары
-
Көлем өлшемдері
-
Ұзындықты білдіретін өлшеу атаулары
-
Қашықтық пен жақындықты білдіретін өлшеу атаулары
Ендігі ретте халықтық өлшем атауларын мағыналық топтарына жеке-жеке тоқталамыз.
-
Салмақ өлшем атаулары
Шығыс халықтарының көбісінде ең кіші салмақ өлшеміне арпаның дәні алынған. Түрік жазба әдебиеттерінде және соңғы жылдардағы зерттеулер нәтижесінде «арпа» дәні алтын мен асыл тастардың салмағын бағалауға арналған қазыналық өлшем ретінде қолданылған.
Бір зат, нәрсе немесе құбылысты басқа бір зат, нәрсе, құбылыс арқылы тану, ажырату үшін алғашқы заттың түрлі белгілері, қасиеттері адам санасында бейнеліп, жаңа туынды мағына жасалы, екінші бір заттың атауы пайда болады. Көлем өлшемдерін білдіретін бір қарын май, бір мес қымыз, бір саба қымыз, астау көже, бір табақ ет, бір түйір дән, бір қап астық, бір қап бидай бір асым ет, бір үйір жылқы, бір қайнатым шай, бір ұрттам су сияқты құрылымдық үлгісі ұқсас тұрақты сөз тіркестері қолданыстық образында ата-бабамыздың дүниетану мен қабылдауының тілдік үлгісіндегі тұрмыстық заттық мәдениетімен байланысты халықтық білім жүйесіне сүйенген ой-тұжырымдары мен мәдени мәнділіктері жатқаны айғақ.
Қазақ халқының мәдени өзіндік ерекшелігіне орай, салмақ-көлем өлшемдерінің тілдік табиғатынан мағыналық қатынастарды аңғартуымызға болады. Салмақ-көлем өлшемдерінің дерлік көпшілігі өздері тұрған ыдыспен тікелей байланысты болғандықтан ыдысты микроконцептей отырып, ол құрайтын тілдік өріс аясына бір саба қымыз, бір табақ ет, бір қарын май, бір теген сорпа, бір торсық айран, астау-астау көже, қап- қап бидай сияқты өлшем атауларын айтуға балады.
Халықтық өлшем атаулары халықтың күнделікті өмірімен, күн көрісімен, шаруашылығымен байланысты пайда болды. Олардың көпшілігі көшпенді халық үшін зор маңызы бар- жылқы шаруашылығымен байланысты.Жылқының дене мүшелері қатысқан өлшем бірліктері де баршылық. Мысалы, қазақтар ертеде қыстыгүні жауған қардың қалындығын: шашадан қар кешу, аттың қара тұяғынан келу, тұсардан, тізесінен, қара қапталынан деген сөз орамдарынан жеткізсе, су тереңдігін ат бойымен өлшеген. Мәселен, аттың шаашсынан , тоарсақтан,тілерсектен, үзеңгіден, қабырғалықтан, ат кекілінен асады деп мөлшерлеген. Кебіс басы қар- халықтық өлшем. Жұлықтан аса жауған , тобыққа таяу, кебіс басы батарлық қар.
Халқымыздың танымында шамадан тыс, азғантай көлем мөлшерді білдіргенде-дай, -дей, -тай,-тей жұрнақтарының жалғануы арқылы да болжам мәнді өлшемдік ұғымдар жасалған. Мәселен. пұшпақтай, ұлпадай, алақандай т.б. Салмақ өлшемдерін халық былайша жіктеген:
1.Мысқал(1гр);
2.Қадақ (750гр);
3.Келі (1к);
4.Пұт(16кг);
5.Батпан(100кг).
Бұл өлшемдермен бірге халық салмағынан жер ойылғандай, түйеге жүк болғандай деген сияқты бейнелеу, теңеу сияқты айшықты сөз өрнектерін қолданып ауыр, жеңіл деген сөздерді де пайдаланады.
Мысқал. Мысқал-Шығыс елдерінде көп тараған салмақ белгісі. Мысқал бүкіл араб елдерінде қазыналық өлшем ретінде пайдаланған.Б.з басында 780ж жасалынған шыны зауыттар табылған.
Қадақ.Қадақ кей әдебиеттерде екі жүз граммға тең салмақ өлшемі. Мысалы:Әйелдердің жол-жорасын Ұлпан оң қолымен үлестірді:кілем,текемет,көрпе,киіз,бір-бір қадақ қашанннан жатқан қағаз шай.....-бәрібір таусылар емес.
Батпан. Бір батпанда 100 кг ауырлық болады.Мысылы: Бұт болдым деп мақтанба,одан да ауыр батпан бар.Бүкіл аяғым тұтасып, зіл батпан болып ауырлай түседі.(2,383б)
Табақ. Табақ- шамамен 12 орыс фунтына тең салмақ белгісі. Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстік аудандарында жиі қолданылған.Ол үлкен табақ12-17 кг шамасында, кіші табақ3,9-4 кг шамасында болып екіге бөлінеді.
Қап. Қап-салмағы 16 кг тең ауырлық өлшемі.(3,21б) Кірген бетте-ақ сиырдың қорадағы ақырдың ішінен шөптің астына тыққан екі пұттай бидайды тауып алыпты (2,344б)
Тілімізде төмендегідей салмақ өлшемдер ұшырасады:
Титімдей, титтей.
Тинақтай,тырнақтай
оймақтай
Шүйкедей- ұршыққа ыңғайланып шиыршықталған жүндей
Бір жапырыақ-бір жұлым
Бір жұтым-ауыз толтырып бір ішерлік (су,сүт,т.б)
Бір шайнам-ауызға бір салар(тағам)
Бір тілім, үзім-өте жұқа, жварты бөлшек.
Бір тартым-1.Бір рет шегуге жетер шылым.
2.Көлге,өзенге бір рет ау салып тартқанда торға ілінетін балық мөлшері.Бір шөкім, бір шымшым, бір атым(насыбай) үш саусақтың ұшымен, бір қайнатым(шай) шымшып аларлық өлшем, бір мысқал(мысқал-5гр)
Қадақ-200 грамм(кейбір әдебиетте400гр)
Бір шелек(су, сүт)-10 литр
Бір торсық(айран)-6-7 литр
Бәр саба (қымыз)-10-15 литр
Бір қап (ұн, қант)—50-60 кг
Бір арқа (жүк)-45-50кг
Найза қап, қанар-70-80 кг
Пұт-16 кг,жуық
Бір құлақ су-3-4 текше метр
Батпан-әр елдің өлшемі әртүрлі.
Көлем өлшемдері. Ине жасауындай.Түйіршік.түйір. Алақандай.Жапырақтай. Ат төбеліндей..Уыс-қол саусақтарын жымдастыра бүккенде шұңқырайған алақанг аясының іші, алақанға сиярлық мөлшер.Құшақ-қауышқан екі қолдың ішкі жағын қамтитын адамның алдыңғы иіні,қойын.Табақтай-жалпақ. Тулақтай-мал терісінің көлемі.Үй орнындай-киіз үйдің ішкі көлеміндей.Бір танап жер-гектардың алтыдан бір бөлігі.Бір мойын жер-жарты гектар.Көлдей-өте көлемді, кең. Ұлтарақтай-адам табанының көлемі.
Кейбір көне салмақ –көлем өлшемдеріне мысал келтірейік:
1 көнек сүт-шамамен 6-7 литр
1шелек шамамен-12 литр
1 қап шамамен4 пұт -50-60 кг
1 мысқал-шамамен 4,4,6г
1 қадақ бидай- шамамен 19,47кг
1 жамбы күміс- шамамен 6 кг
1 кез – шамамен 62см
1 бітір бидай- шамамен 3 кг
1 ширек шай- шамамен 250 г
Қалыңдық мағыналы сөздер: пышақ сырты, қылыш сырты.Бұлар жұқа, бір елдің аз деген мағынада, шамамен 3-5 мм. Осы тәрізді сере, қазы екі елі, үш елі 7-10 см, сондай-ақ шынашақ елі., бармақ 1-2,5 см-ге теғ қалыңдық мағыналы сөздер бар.Мысалы жаясының майы тап бір елі шықпаса, мұрнымды кесіп берейін(4,365б)
Қазақ тіліндже көлемдік өлшемдерді білдіретін тұрақты сөз тіркестері негізінен бір деген сан есімнің көмегі арқылы жасалатындығын аңғарамыз.Мұндағы бір сөзі әрі сандық, әрі мөлшерлік ұғымды екі джақтап бейнелейді.Мысалы,бір қора жан, бір қора қой-дегенннен бір сөзін алып тастаса, қора жан, қора қой болып мүлдем түсініксіз болып қалар еді.
Тілімізде өлшемдік ұғымды білдіретін өзге де тұрақты тіркестердің мол қоры бар. Мысалы, сыңсыған қалың орман, мыңғырған мал, қара құрттай қаптаған жұрт, жер қайысқан қол, самсаған сары қол,алалы жылқы, ақтылы қой,айдын шалқар көл, кең байтақ дала т.б Бұлардың бәрі көптік ұғымды білдіре отырып, бейнелі образ жасай алады.
Сонымен, салмақ –көлем өлшемдері туралы қорытындылап айтатқанда , шашылып төгілетін және суық заттардың салмақ-көлем мөлшерін анықтауда халқымыздың өзіндік ментальдық дүнитанымына килограмм , грамм, милиграмм, литр синақты өлшем бірліктері қалыптаспаған қалыптаспаған кездің өзінде-ақ, солардың көлем ммөлшерін өздері күнделікті тұрмыс тіршілігіне қолданған ыдыс-аяқтары мен түрлі зат, нәрселерінің пішіндік, сыйымдылық қасиеттерінен таба білген.
1.2 Ұзындықты білдіретін өлшем атаулары
Халық өлшемі білдіреті ғасырлар бойы қалыптасқан қажеттіліктен пайда болған тілдің көмегімен , бейнелі тәсілмен дүниеге келген, реалды өмір құбылысы іс-әрекетпен тікелей жалғсты, олардың күнделікті істерінде, қатынастарында болды, оларды атау сөздермен бекітті.
Қазақтың өткен өміріндегі мәдениетінен мол мәлімет беретін арқан, құрық, қамшы, найза, оқ сияқты құрал-саймандарды ата-бабаларымыз өздерінің күнделікті тұрмыс тіршілігінде негізіг қызметімен қатар, өлшеу қызметіне де кеңінен қолданған.Мұнымен бірге, халқымыз дене мүшелерін де ұзындық өлшемі ретінде қолдана білген. Соның негізінде тұтам, қарыс, кере қарыс, сүйем сере қарыс, қары, құлаш, адым, қадам-қарыс, уыс,аяқ, табан дегендер өлшем құралы ретінде жұмсалған.
Қазақ тілінде де ұзындық, биіктік, қалыңдық өлшем атаулары осы дене мүше атауларының негізінде дамып қалыптасқан.Олар: қар, қарыс, қарыс сүйем, сере қарыс, кере қарыс, жырта қарыс, ат шаптырым, бір шақырым, аспан мен жердей, бір құшақ, елі, аршын, шынтақ, табан, бармақ, құлаш, сүйем сияқты өлшемдік мағынадағы сөздер бар.
Қарыс-бас бармақ пен ортаңғы саусақтың аралығымен өлшенетін ұзындық өлшемі. Бас бармақ пен ортаңғы саусақтың жай ғана созылуын –қарыс, барынша керіле созылуын кере қарыс деп атайды.Ал, сере қарыс – бас бармақ пен шынашақтың арасы.
Мысалы. Қартайғандықтың белгісі болар, қарыс жер мұң болып, баламның үйіне жете алмай отырмын (5,204б)
Қазақ арасында кең тараған өлшемнің бірі-елі.Бір елі ауызға екі елі қақпақ.Тіліміздегі елі атауынан тараған бір елі, екі елі, үш елі, төрт елі, қыл елі, шынашақ елі, пышақ сырты, бармақ елі сияқты тіл бірліктерінің мазмұнынан ұлт танымындағы өлшем жүйесін ешкімге ұқсамайтын тілдік ерекшелігі деп қарай аламыз.