Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ғылыми жоба
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Аннотация
Бұл ғылыми ізденіс жұмысы, көп жылдан астам жазылмай келген ауылымыздың, жеріміздің тарихын, ел арасна тараған мұраларын жинақтауға арналған. Сондықтан осы еңбегімізді болашақ жастарымызға, туған елінің тарихы ешкімнен де олқы емес екендігін түсінсін деген сөз.
Бұл зерттеу жұмысында оқушыларға өз өлкемді танысам, сырын білсем деген құштарлығын арттырып, берері мол болар еді. Отан сүюге тәрбиелейді.
Абстракт
Это исследовательская работа, в течение многих
лет, без какого-либо урегулирования, помогла установить историю
нашего аула, чтобы получить их общее наследие нашего
государства.
Поэтому молодые должны всегда помнить что история народа передается
из поколения в поколение.
Ученики , ознакамливаясь с работой
данного исследования, знают, что это было бы полезно, чтобы
увеличить стремление к жизни, чтобы воспитать любовь к
Отечеству.
Abstract
This research work is designed to store the history of our locality, the land that has been unspotted for more than a decade, and the heritage of the nation. That is why we understand that our future youths understand that history of their country is not inferior to anyone else.
In this study, students would be more likely to be acquainted with their region, to be more aware of their secrets. Educate the fatherland.
Пікір
«Көненің көзі – Көк мешіт » атты тақырыпта біраз уақыттан бері ізденіс жүргізуде. Бірінші жыл айналысқандықтан бұл жұмыста тек қана жалпылама құжаттық мәліметтер жинақталған. Қарастырылған жобада, ауыл тарихын зерттеу кезінде халық қазынасының ауыл тарихына тереңіне бойлап, оның аса мазмұнды да, құнды тарихын зерттеп , зерделеп қажетіне жаратпақшы болған бұл оқушының қадамы құптарлық іс.
Зерттеу жұмысының тақырыбының өзі тың, зертелмеген тақырып. Жұмыстың барысында қойылған мақсатының өзі айқын. Зерттеу жұмысы барысындағы жетістіктер көп. Зерттеу барысында тарауларды толықтыра түсу қажет, қосымша деректік құжаттамаларды қосу қажет. Жоғарыда аталған кемшіліктердің болашақта түзелеттіндігіне сенім білдіруге болады.
Бұл ғылыми жоба білімділік пен тәрбиелік мақсаттарын жүзеге асырумен қатар, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеп, оқушыларды ұлттық мақтаныш рухында тәрбиелеуде үлкен маңызы бар. Осы жоба ішінде оқушыларға таныс емес қасиетті сандар енгізілген. Мектеп оқушыларына осы ғылыми жобамен таныса отырып, оны меңгеру өте қажет. «Көненің көзі – Көк мешіт» тақырыбын одан әрі жүргізетініне, оның қолдау табатынына сенім білдіремін. Оқушы өзіндік ізденіс жұмыстарын жүргізіп, ақпараттар жинаған. Жобада қолданылған әдебиеттер санын көбейтіп, ізденіс жалғастыруда. Әлі де болса дерек жағынан молырақ қолдану керек.
Оқушының зерттеу барысының мақсатын айқын көрсетеді. Болашақта жұмыс жалғасын табады, мақсатына жетеді деп ойлаймын. Бұл да зерттеу барысындағы жетістік деп бағалаймын.
Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Родниковка ауылы
Родниковка орта мектебі
Ғылыми жоба тақырыбы: «Көненің көзі – Көк мешіт»
Бағыты: өлкетану
Жобаны жасаушы – Ерматов Мерейхан 9 «Ә» оқушысы
Жоба жетекшісі – Ерматов Аманжол Серикбайулы
2019 жыл
Тақырыбы: «Көненің көзі – Көк мешіт»
Бағыты: Қазақ тарихының құңдылықтарын
дәріптеу
Секциясы: өлкетану
Ғылыми жобаның
мазмұны:
Орыс және ағылшын тілдерінде абстракты
(аннотация)
І.
Кіріспе
ІІ. Негізгі
бөлім
1.
«Көк мешіт» туралы
мағлұмат
2.
Көне заманда тұрғызылған
мешіттерінің ғылыми негізде салынуы және тәлім - тәрбиелік ордалар
ретіндегі орны
3.
Мешіттің салыну технологиясын
зерттеу жұмыстары
4.
«Көк мешіт» туралы ел
ауызындағы әңгімелер
5.
Мешітті зерттеушілердің
іздеңіс жұмыстары
6.
Мәдени мұра бағдарламасының
тәрбиелік мәні.
ІІІ. Қорытынды
Сілтемелер
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Презентация материалдары
Тақырыбы: «Көненің көзі - көк мешіт»
Жұмысымның негізгі мақсаты:
Ескі заманда салынған тарихи ескерткіштер болып саналатын мешіттерінің ғылыми негізге сүйеніп салыну үлгісі мен ағарту бағытындағы маңызын ашу.
Жұмысымның ғылыми
жаңашылдығы мен өзекті мәселелері:
Кеңес одағының саясатынын
негізін тарихи құндылықтарымыздың жойылып зардап шеккендігі. Тарихи
ақтаңдақ беттерінің бірі болып келген Көне тарихи мұраларын
зерттеуші ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып талдау арқылы
тарихта алатын орнын зерделей отырып, кейінгі ұрпаққа насихаттау
біздің еншімізде екеніне ықпал ету.
Жұмыстың практикалық
маңызы:
Тақырыптық тұрғыдан талданған
деректерді өскелең ұрпақ сұранысын қанағаттандыру мақсатында таңдау
курстары мен үйірме жұмыстарына көмекші құрал ретінде
пайдалану.
Мақсатқа жету жолындағы
алға қойылған міндеттер:
- Тұлғалар мәдени мұрасын зерттеген еңбектерді оқып, талдау;
- зерттеуші ғалымдарды анықтау, салыстыру жұмыстарын жүргізу;
- тарихи тұлғалар ескерткіштерінің тұрған жерін, орнын анықтау,
салыну ерекшелігіне мән беру;
- келешек ұрпақ үшін маңыздылығын анықтау;
Жұмысымның тәжірибелік
құндылығы:
Жиналған материалдар негізінде ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың: "Бабаларын қалтқысыз қастерлей алған халық, балаларының болашағын да қапысыз қамдай алмақшы",- деген ұлағатты сөзін басшылыққа ала отырып, тарихи тұлғалардың өмірлік мұратын, мәдениетті дамытуға қосқан еңбегі мен үлгісінен өнеге алу, рухани - адамгершілік құндылықтарды бойыма сіңіре отырып, болашақта өз ортама насихаттау.
Зерттеу
әдістері:
1. дереккөздермен жұмыс; 2. интернет материалдарын пайдалану; 3. баспасөз беттерінен деректер іздеу; 4. табылған, қол жеткізген материалдарды талдау, талқылау, ой елегінен өткізу, салыстыру, т.б.
І. Кіріспе
Қазіргі уақытта, өлкеміздегі тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіріп, олар туралы құнды мәліметтерді келер ұрпаққа жеткізу өзекті мәселелердің бірі болып отырғандығы белгілі. Бұл өз кезегінде ұмыт болған тарихымызды қайта қалпына келтіруге ықпал ететіндігі айқын.
Ескерткіш - кең мағынасында - елдің, халықтың мәдени мұрасының жалпылама атауы. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы мұражайлық, көрмелік маңызы бар заттар мен жылжымайтын ескерткіштерді (құрылыс, ғимарат, т. б.) қамтиды. Ортақ типологиялық белгілері бойынша ескерткіштерді негізгі 4 түрге бөледі: археологиялық, тарихи, сәулет өнері және монументтік(мүсін) өнері. Сондай - ақ, ескерткіштерге тарихи - танымдық немесе тарихи - көркем құндылығы бар жазбаларды да жатқызуға болады.
Қазір Қазақстанда 25 мыңға жуық тарихи ескерткіштер бар. Олардың
бәрі мемлекеттің қорғауына алынған.
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев "Мәдени мұра" бағдарламасын іске
асыру жөніндегі мәжілісте: "... Адамзат тарихының күретамыры –
мәдениет, ал мәдениеттің күретамыры – адамзаттың ақыл - ойы мен іс
- әрекетін дүниеге әкелген материалдық құндылықтар болып табылады.
Бұл бәрімізге белгілі ақиқат. Қай халықтың болмасын өзге жұртқа
ұқсамайтын бөлек болмыс - бітімін даралап, өзіндік тағдырын
айқындайтын басты белгі – мәдениеті. Мәдениет - ұлттың бет -
бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл - ойы, парасаты. Өркениетті
ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы
тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді -
кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп тек өзінің ұлттық төл мәдениеті
арқылы ғана басқаға танылады.... Ең алдымен, білім беру саласын
дамыту, халқымыздың тарихына қатысты мәдени мұрамызды сақтауды
қамтамасыз ету, алыс - жақын шет жұрттағы жәдігерлеріміз бен
мұрағаттарымызды іздестіріп, жинақтау керектігі міндеттелді.... Ал
рухани - мәдени таным арқылы, тарихи сана негізінде патриоттық
сезім, отаншылдық рух қалыптасатыны белгілі. Әсіресе бүгінгі
жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеу – мемлекеттік идеологияның
темірқазығы болуы тиіс.
... Келешекте мектеп, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының
бағдарламаларын осы «Мәдени мұра» кітаптары негізінде қайта қарап,
толықтыру мәселесі де ойластырылуы қажет."- деген болатын.
[1]
Бұл жоба қазақтың мәдени мұрасын сақтап, насихаттауға бағытталған. Бұл жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатыр. Осы бағдарлама аясында қаншама асыл мұраларымыз танылып та, табылып та жүр. Қазақ мәдениеті ғасырлар бойы ұрпақтар арасындағы сабақтастықты жалғастырып келеді. 30 жылға жуық тәуелсіздік тарихымызда да ұлттық құндылықтарымыз аз дәріптеліп жүрген жоқ. Жобаның көздегені – жас ұрпаққа төл мәдениетімізді таныстыра отырып, олардың санасына рухани жаңғыру кодын сіңіру. Және әлемге қазақстандық мәдениетті жаңа тұрпатта таныстыру.
ІІ. Негізгі
бөлім
1. «Көк мешіт» туралы
мағлұмат
Мәртөк ауданының тарихында маңызды орны бар мәдени мұралардың бірі – Бөрте ауылында орналасқан «Көк мешіт».
Аталған мешіттің іргетасы 1901 жылы қаланған. Мешіттің құрылысын жүргізуге тама руынан шыққан Үсен Айтқұлұлы (1870 – 1933 жж.ө.с.) есімді хазірет бастамашы болған. Ғимараттың салынуына жергілікті тама және табын рулары қолғабыс көрсетсе, ғимаратты 25 ірі қараға башқұрт шеберлері тұрғызған. Ені 9 метр, ұзындығы 18 метр. Мешіт 3 бөлмеден тұрады. 1-бөлме – 8*6, 2-бөлме – 6*5, 3-бөлме – 6*25. Мешіттің кіреберісі солтүстікке орналасқан. Мешіт күмбезі – көк түсті. Бөренелерінің ұзындығы – 5 метр.
1901-1905 жылдары бұл мешітте жақын орналасқан 5 ауылдың балалары діни сауат ашқан. Сондай-ақ, жұма намазының уақытында жамағат көп жиналатын болған.
Мешіт құрылысын жүргізуге бастама болған Үсен хазірет 1928 жылы мал-мүлкі тәркіленіп, айдауға жіберілген. Алты айдан соң қайтып оралғанда бар байлығынан айырылған.
Жалғыз баласы Артығали да әкесі салдырған мешітті бұзуға қарсы шыққаны үшін 1937 жылы қудаланған. Түйетөбеде жерленген.
Атасы мен әкесі айдауға жіберілгенннен соң қорғансыздың күнін кешкен хазіреттің немелерінің сөзіне қарағанда ұжымдастырудың белсенділері «Көк мешіттің» терезелерін кірпішпен қалап, темір есіктер салып, ұжымшардың қоймасына айналдырған.
1933 жылы өмірден өткен Үсен хазіретті мешіт қасына жерлеп, келіні Сәбира құлыптасын қойған.
Салынғанына бір ғасырдан асқанымен мешіт ғимараты әлі күнге дейін сақтаулы.
2019 жылдың көктемінде Родниковка ауылының белсенді тұрғындары мен жастары қараусыз қалған мешітті айналысына тазалық жұмыстарын жүргізді.
Мешітке реставрациялық жұмыстар мүлдем жүргізмеген. Мешітті қазіргі күйі өте мүшкіл. Мешіттің оңтүстік-шығыс бұрышы құлап қалған, мешіттің іші мүлде қирап, олардың қабырғалары ғана сақталған. Алғаш салынғанда түсі көк түстес болғасын «Көк мешіт» аталып кеткен. Кеңес үкіметі жылдары мешіт жарамсыз болып қалғандықтан, қайта тұрғызуға мүмкін болмады.
3. Мешіттің салыну технологиясын зерттеу жұмыстары
Ендігі таңда, бұл мешітті «Рухани жаңғыру» және «Туған жерге тағзым» бағдарламаларының аясында қалпына келтіріп, тарихи-мәдени ескерткішке айналдыру мәселесін күн тәртібіне қою қажет деп есептейміз.
Осы көне ғимаратты ерекше қорғалатын нысандардың мемлекеттік тізіміне енгізген дұрыс деп есептейміз. «Мәдени мұра» бағдарламасының тізіміне жатқызылып, уакыт өте, мешіт үйі келер ұрпақ үшін қалпына келтірілгені жөн.
Ақтөбе облысының Мәртөк ауданы, Родниковка ауылына қарасты Бөрте атаулы елді мекенде тарихы тереңде жатқан көне мешіт бар. Бұл тарихи нысан Ақтөбе шаһарынан 65 шақырым жерде орналасқан. Бүгінде құлағалы тұрған ескі мешіттің тарихы, қазіргі жай-күйі есті жанды алаңдатпай тұра алмайды. Көненің көзіндей болған көне мешітті 1901-1905 жылдары Үсен Хазірет деген кісі салған.
Тарихи нысанның ең басты ерекшелігі – оның табиғи әр түрлі өлшемдегі тастарды бір біріне үйлестіріп, ешқандай топырақ пен сазды, цемент секілді қосымша материалдарсыз (растворсыз) тұрғызылуы. Ең кіші тастардың өлшемі: қалыңдығы 5 см басталады, ұзыңдығы 30 ге дейін. Ең ірі тастардың өлшемі: қалыңдығы 20 см басталып, 50-60 см жетеді, тастардың ені 30 см асып түседі. Осындай өлшемдегі табиғи тастарды бір-біріне жанамалап қиыстыру арқылы, мешіт үйінің растворсыз салынуы көп адамды таңырқататыны анық. Іргетасы көне заманның шеберлеріғана қолданған топырақпен пен сазды араластыру технологиясы арқылы табиғи тастарды араластырып қаланған. Мешіт құрылысы кезінде Үсен Хазірет сол кездегі ең үздік сәулетшілерін шақыртқан.
Мешіт 1901 бірінші жылы ірге тасы қаланған мешітті салуға сол жердегі бес ауыл азаматтарының барлығы ат салысқан. Қаржы жинап башқұрттардан ұста шеберлерді шақыртып салғызған. Бұл мешіттің салынуына негіз болған Үсен хазірет деп жоғарыда айтып кеттік.
Мешітті жиырма бес ірі қараға салғызған. Мешіттің тастарын сол жергілікті Жаңабұлақ тауларынан алған. Үлкендердің айтуы бойынша құмы мен қоспасын ту араб жерінен алдырған дейді. Мешіттің ұзындығы 18 метр ені 9 метр. Биіктігі бес метр, мешіт үлкен кішілі үш бөлмеден тұрады. Бірінші бөлме кіре беріс ені 8 метр ұзындығы 2,5 метр. Екінші бөлме жай бөлме ені 8 метір, ұзындығы 6,5 метр. Үшінші бөлме жамағаттың намаз оқитын негізгі бөлмесі ені 8 метр, ұзындығы 9 метр. Мешітке сол кезде «Көк мешіт» деген ат берген екен себебі күмбезі және ішкі қасбеттеріде көк болған. Оның айқындамасы әлі күнге дейін бөлмелерінде көк түстің іздері байқалуда. Мешітте 10 терезе бар. 5 терезе солтүстік бетінде ал 5 терезе оіңтүстік бетінде. Кіре беріс сыртқы есігі солтүстік бетінде.
Мешіттің сыртында темір белгі бар онда мешіт 1905 жылы аяқталды деген жазу бар. Мешіттің төбесін жуан бес метірлік тоғыз метірлік бөренелермен жапқан.
Мешіттің тарихына тоқталып кететін болсақ. Мешіт кеңес үкіметі орнағанша өз жұмысын қалытқысыз атқарып тұрған. Үкімет орнаған соң мешіт мектепке айналдырылған артынша ауыл клубының қызыметін атқарған, елуінші жылдары дүкен қоймасы сосын жем қоймасына ауыстырылған. Себебі бұл ауыл ірі қара шаруашылығына негізделген еді.
4. «Көк мешіт» туралы ел ауызындағы әңгімелер
Бөрте ауылының тұрғыны: «Бір күні дауыл келе жатқанда, мешіттен азан айтқандай, дауыс шықты. Сол дауыл айналадығы барлық, қарағаймен мен құрылыстарды түбімен қопарып кетті. Ал мешітке жоламай айналып өтті», – дейді. Мешіттің ерекше киелі орын екенің осыдан естіп білуге болады. Және де мешіттің бір ғасырдан бері қабырғалары құламай, берік әрі мығым тұрғанын сол замандағы шеберлердің хас шеберлігінің дәлелі екенің осыдан аңғаруға болады. Біраз жылдан бері ауыл тұрғындары мен жастары мешітке жөндеу жұмыстары жүргізілсе деп тосып жүр.
т Тарихы ереңде жатқан мешіт үйін музейге айналдыру туралы бастама
көтерілсе дұрыс болар еді. Сондай-ақ көне ғимараттың кішкене
көшірмесінде жасап қойдық. Сол макетті Ақтөбе қаласындағы бір
музейге табыстауды көздеп жүрміз. Родниковка орта мектебінің тарих
пәнінің мұғалімі Аманжол Серикбайулы Ерматовтың айтуынша,
«алғашында осы бір нағыз мұсылман ғибадатханасына қайта жөңдеу
жұмыстарын жасап мешітке айналдыру көзделген болатын. Бірақтан
Бөрте шағын ауылында іс жүзінде ешкім тұрмайды, онда барлығы төрт
бес үй ғана қалған, ал мешіт болса жөндеу мен күтімді талап ететіні
айдан анық». Осыдан белгілі болғандай, мешітті жаңартып, тиісті
жөндеу жұмыстарын жүргізіп, күтіп ұстау керек. Себебі жергілікті
халықтың нанымдарынша бұл жер, мешітке бір жаратушы таңдаған
жер.
Ерекше сәулетті тарихтың қиын кездерінде бастан өткізді, ғимарат совет үкіметі орныққанға шейін мешіт қызметін атқарған. Кейін дінге тыйым салынған кезеңде мәдениет үйі, одан мектеп, кітапхана мекемесіне айналдырылған екен. Тіпті ауыл тұрғындарының кейбірі көне тарихи орынды мал қора етіп де ұстаған. Одан кейін қаңырап бос қалған.
Тәуелсіздік алған жылдардан
бері мешіт тарихи-мәдени нысандардың тізіміне кірмегені бізді
алаңдатады, мәдени мұрамыздың сақталып қалғаның
қалаймыз.
Мешіт алғашқы салынған кездері
өзінің сұлулығы қайран қалдырса, қазір төзімділігімен қайран
қалдырған керемет нысан. Құрылыстың бірегейлігіне біздерді тәнті
етіп жүр. «Бұл мешіт – біздің өңіріндегі ең киелі орындардың
бірі. Көне мешіт табиғаттың барлық апаттарынан аман келеді. Бұл
мешітті бұзуға, қиянат жасауға болмайтын құпиясы бар... Тылсым...»
– деп айтады ауыл тұрғындары. Талай жыл иесіз қалғандықтан, осы
күні ғимараттың тозығы жеткен. Нысан бүгінде қолданылмайды,
жөнделмеген және біртіндеп қирауда. Мешіттің шатыры шіріп барады.
Тұрғындар балалардың ойын алаңына айналған мешіттің аяқ астынан
құлап қалуынан
қауіптенеді.
5. Мешітті зерттеушілердің ізденіс жұмыстары
Жалпақ жқртыңды, иісі алашыңды құрметтеу, алдымен өзің туған өлкенің тарихын, табиғатын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады.
Н.Ә. Назарбаев
Еліміздің өлке танушымыздың бірі Ілиясова Рысжан апайымыз.
Ілиясова Рысжан 12.08.1937 жылы туылған. Ырғыз ауданында Толыбай ауылында мұғалім – өлкетанушы болып жұмыс жасаған. 1957 – 1963 жылдар аралығында Әл – Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
Ырғыз ауданында кітапханашы, автоклуб меңгерушісі, мәдениет бөлімінде инспектор болып еңбектенген. 1963 – 73 ж Ақтөбе облысы музейінде ғылыми қызыметкер, ал 1973 – 74 жылдары Ақтөбе қалалық мәдениет бөлімінің меңгерушісі болған.
1980 жылдан Ақтөбе обл. Тарихи – өлкетану музейінің директоры болып қызмет жасады. Жүзден аса зерттеу мақалалардың авторы, сонымен қатар облыстың мәдениетімен өнерінің тарихына арналған, әйел қайраткерлердің өмірін баяндайтын бірқатар деректі кітаптардың авторы. «Құрмет» орденімен, медалдармен марапатталған.
Өлкетанушы маман Р. Ілиясова өзінің ұзақ жылдар бедерінде жинақталған мәліметтерін оқырман назарына ұсынады. Еңбекте Ақтөбе өңіріндегі жер, ел атауларына қатысты ел аузындағы әңгімелер деректі мағлұматтар келтіреді, және Ақтөбе жерінде ғұмыр кешкен даналар мен діндарлар, батырлар мен бақсылар, зергерлер мен ұсталар, өнер қайраткерлері, сондай – ақ елі үшін еңбек еткен ерлер туралы өнегелі сөз қозғалады.
Р. Ілиясованың соңғы жиырма жыл ішінде жинақтаған естеліктері әр дәуірде Ақтөбе өңірінде өмір сүрген ерекше қасиет иелері – әулиелер, кеңес өкіметінен қуғын көріп, айдалып – атылып кеткен діни қайраткерлер – ахундар, ишандар, хазіреттер туралы мол мағлұматтар береді. Рысжан Ілиясова Қазақстан Республикасы мәдениетіне еңбек сіңірген қызметкер.
6. Мәдени мұра бағдарламасының тәрбиелік мәні.
Елбасымыздың тапсырмасын басшылыққа алып, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының кемелді келешегін қамтамасыз ету ісі пәрменді түрде жүзеге асырылуда. Еліміз тәуелсіз даму жолында, біртіндеп дамыған, гүлденген, өркениетті елдер қатарына қосылып келеміз. «Мәңгілік ел» болу идеясының да жарыққа шыққанына көп уақыт өткен жоқ, жалпы бұл идеяны өмірдің өзі дүниеге әкелген дер едім. Идеяны шындыққа айналдырып, ақиқатқа айналдыратын біздің ұрпақ, ал бізге – өз еліміздің өткен тарихын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын жете білу міндет, өткенді білмей келешекті болжау қиын, сондықтан да еліміздің тарихын жатпай-тұрмай оқып-үйренуіміз керек. Бұл істі «Мәдени мұра» бағдарламасына сүйене отырып, барлық қазақстандықтар қолға алғаны жөн. Қазақстан құңдылықтары – мысалға отан тарихы, туған отанының тарихын білмесе АҚШ сияқты елдерде азаматтық берілмейді екен, сондай үрдісті бізге де енгізу қажет. Тарихқа, оның ішінде Отан құңдылықтарына енжар, немқұрайды қарайтын отандастар жеткілікті, солардың санасын ояту міндетін нәтижелі атқарып келе жатқан Мәдени мұра бағдарламасының тәрбиелік маңызы өте зор. Ұлттық құндылықтар жүйесін насихаттайтын бағдарлама біздің ұлттық санамыздың қалыптасып, дамуы мен жетілуіне мейлінше қолайлы жағдай туғызады. Төл тарихымызды мақтан тұтатын менің құрдастарымның қатары көбейе берсін.