Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ғылыми жоба
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
№65 орта мектеп
Киікбаева Нұрай 6-сынып оқушысы
Тақырыбы: Өлкеміздің шипалы өсімдіктері және оны пайдаланудың жолдары.
Жұмыстың дайындалған бағыты, секциясы: Жаратылыстану
Жетекшінің аты – жөні: Косанова Гулден Рахатовна
Аннотация
Лечебные растения окружающей земли и их применение
Растения – сокровищница природы, народное богатство. Без растений на земле нет и жизни. Многие растения относятся к лекарственны. Если взглянуть на историю всех лекарственных растений всего мира, то на лечение сердечно-сосудистых забоолеваций относится 80% лекарственных растений на лечение бронхо-дыхательной системы -73% на остановку кровотечения 60:
Лекарственные растения по иному называют «травой жизни». Во многих Казахстана лекарственные растения исследованы мало.
В Кызылординской области Казахстана, особенно в Аральском районе найдены ценные лекарственные растения. Их можно использовать при лечение различных заболеваний.
Лекарственные растения укрепляют человеческий организм, дают ему силу, укрепляют почки и печень сердце и лёгкиекишечно-желудочных тракт, выделяет с мочой, калом, потом и мокротой опасные и токсичные выщества, уничтожает микробы и бактерии,вирусы,обезболивают, приостанавливают высокую температуру, останавливают кровь, успокаивают центральную нервную систему
В составе лекарственных растений есть многие полезные биологические вещества.
Когда эти лекарственные растения попадают в организм, там возникают различные физиологические изменения.
При попадании полезных веществ лекарственных растений в организм, они употребляюся в виде лекарства,
Лекарственные растения употребляются в виде высученных трав, настойки, порошка, чая и др,
При приготовлении лекарства лекарственные растения выделяются отделю.
-1-
Кіріспе.
Зерттеудің мақсаты: Жергілікті дәрілік өсімдіктер жайлы толық мағлұмат алу және оны тұрмыста пайдаланылуы жөнінде ой өрісімізді кеңейту,іздену қабілетімізді арттырып,сабаққа деген қызығушылықты жоғарылатып,ұлттық салт- дәстүрімізді насихаттау,өз күшіне сенімін арттыру.
Өзектілігі: Дәрілік өсімдіктердің адам өміріндегі маңызын аңғарта отырып,жергілікті жердің табиғатын әр адам өзінше толық зерттеп,табиғат берген байлықты өз керегіне пайдалануға үлес қосу,кеңінен ақпарат беріп,өсімдіктердің тіршілікте мәні зор екенін түсіндіріп,табиғатқа жанашырлықпен қарауға,ептілікке,ұқыптылыққа,шыдамдылыққа баулу.Ертедегі ата- бабаларымыздың дәріні білмей тұрған кездің өзінде- ақ шипалы өсімдіктердің табиғатын жақсылап біліп,ой қабілеттерін дамыта білгендігін кейінгі ұрпақтарға түсіндіру.
Зерттеудің міндеті: Шипалы өсімдіктерді тұрмыста пайдалану,шипалы өсімдіктер туралы жинаған білімді биология сабақтарында тақырыпқа сай пайдалана білу.
Зерттеу жұмысының дереккөздері: Зерттеудің материалы ретінде деректер,сауалнама,түсіндірме,оқулықтар мен ғылыми еңбектер алынды.
Зерттеу әдіс тәсілдері:Зерттеудің барысында жинақтау,салыстыру,сауалнамалар,талдау анализ және синтез тәрізді зерттеу әдістері пайдаланылады.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні: Зерттеу барысында алынған нәтижелерді тірек сызбалар,диаграммалар жасауда пайдалануға болады.
Зерттеудің жаңалығы: Шипалы өсімдіктер,олардың құрылысы,қасиеті,тұрмыста пайдаланудың жолдарына ерекше мән бере отырып,оны халық арасында кеңінен насихаттап,пайдалану аясын кеңейтетін ,халқыма еңбек сіңірген ұлы ғалым боламын.
Зерттеу жұмысыныңқұрылымы: Ғылыми жоба кіріспеден,негізгі бөлімнен,қорытындыдан,пайдаланылган әдебиеттер және қосымша тізімінен тұрады.
-2-
Мың теңге тұратын дәрі шарбағыңның жанында өсіп тұр.
Дана қазақ халқы Ауырып ем іздегенше,ауырмаудың жолын ізде деген екен.Қай заманда болсын,адам өсімдік өнімдерінің тағамдық жағына ғана емес,соныменқатар емдік, шипалық жағына да көңіл бөлген.Қазіргі кезде тері ауруы ,аллергияның шығуы,иммунитеттәі азаюы сияқты құбылыстардың байқала бастауына байланысты оның маңызы артыла түспесе кеміген жоқ.Жеміс жидектерді ем ретінде пайдалану сонау көне заманнан бері дағдыға айналған,мұны ескі ескерткіш қолжазбалардан айқын көреміз.Адам баласы кейбір өсімдіктерді әртүрлі ауруларды емдеуге пайдалануға болатындығын алғашқы қауымдық кезеңнен бастап ақ білген.Біздің ғасырға жеткен осындай жазбаларда,науқастарды емдеу,өсімдіктерді пайдалану туралы ілімдер,біздің заманымыздан алты мың жыл бұрын Ирак жерінде өмір сүрген Шумер мемлекетінен пайда болғандығы туралы айтылған.Онда Шумерлік дәрігерлердің емдік қасиеті бар өсімдіктердің жапырықтарынан,тамырларынан,сабақтары мен дәндерінен науқастарды емдейтін әртүрлі ұнтақ, тұнба дайындағаны жайлы жазылған.Шумерліктер кейбір өсімдіктерді түнде жинау керек екендігін ұсынған.Қазіргі кезде біздің елімізде дәрілік өсімдіктер көп,бірақ көпшілігі әлі зерттелмеген.Олардың түрлері өте көп,мысалы мыңжапырақ,бақбақ,қалақай,жолжелкен,итмұрын,түйежапырақ,түймедақ,атқұлақ,түймешетен,ащы алқа,меңдуана және т.б.
Науқастарды емдеуге өсімдіктерді пайдалану әр елде өздеріне керек бағытта,әр бағытта жүргізіледі.Емге керекті дәрі алумен қатар,құрамында әртүрлі дәрумендер,микроэлементтер,нәруыз,көмірсутегі,май соның ішінде эфир майы болуына байланысты дәрілік өсімдіктер тағам және басқа да халық қажетіне пайдаланылады.Қазіргі заманда әр адам өз денсаулығын сақтау керек,бұл барлығымыздың қасиетті парызымыз.Оның негізгі тұтқасы өзіміз тіршілік етіп отырған ауаны таза ұстау.Қоршаған орта әртүрлі зиянды қосылыстардан таза болса ғана халықтың дені сау болатынын естен шығармауымыз керек.
Көктем уақытында ағзада дәрумен жеткіліксіздігінен зат алмасу үрдісі нашарлайды.Қазіргі уақытта табиғатта 30 дан астам дәруменнің түрлері бар.Олардың басым көпшілігі дәрілік өсімдіктердің құрамында кездеседі.Қолда бар өсімдіктерден үй жағдайында керекті қоспаларды жасап пайдалануға болады.Дәрілік өсімдіктер құрамында көптеген биологиялық пайдалы заттар болады.Осы өсімдіктерді емдік мақсатта пайдаланғанда олар ағзаға түсіп,әртүрлі физиологиялық өзгерістер тудырады.Дәрілік өсімдіктер табиғи өсімдіктер.Олар өте пайдалы.Қазіргі кезде дәрілік өсімдіктер көп пайдаланылады.
-3-
Жер бетінде шипалық қасиетке ие алуан түрлі өсімдіктер өседі.Осынау әрқилы географиялық аймақта қоныс тепкен емдік,шипалық қасиеттері алуан түрлі өсімдіктерді адам баласы ерте кезден ақ өз қажетіне жаратып келеді.Тіпті осыдан үш жыл бұрын ақ кейбір шығыс елдерінде қолданылып жүрген дәрілік өсімдіктердің бірсыпырасы белгілі болған.
Дәрілік өсімдіктер жайында тұңғыш рет біздің дәуірімізге дейінгі ертедегі грек дәрігері Гиппократ 460-377 б.д.д. белгілі еңбек жазды.Ол өсімдіктің қай бөлігі болсада пайдалы,оларды ауруды емдеу мақсатында кеңінен қолдануға болады деп есептеді.Сондай-ақ ол өз дәуірінде қолданылған екі жүзден астам өсімдікке сипаттама берді.Бірақ ғалым сол сипатталынып отырған өсімдіктерде неліктен шипалық қасиет болатынын айтып бере алған жоқ.Бұл мәселеге арада алты ғасыр өткен соң барып,біздің дәуіріміздің екінші ғасырында ғана Рим дәрігері Гален алғаш рет жауап берді.Ол өсімдіктерде болатын шипалық қасиеттердің болуы олардың құрамындағы белгілі заттардың қасиетіне байланысты екенін анықтады.Ол сонымен бірге бұл заттарды қалай бөліп алуға болатынын көрсете отырып,тұңғыш рет науқастарды өсімдіктің қайнатындысымен,шырынымен,тұнбасымен,ұнтағымен және одан жасалған дәрімен емдеді.
-4-
Негізгі бөлім.
Бақбақ
XVI ғасырда алғаш рет Парацельс атты атақты дәрігер шипалық қасиеті бар өсімдіктерге химиялық анализ жасады.Олда өсімдіктің емдік қасиеті оның құрамындағы кейбір заттарға байланысты екендігіне баса назар аудара отырып,сол заттарды таза күйінде алуға күш салады.Осындай дәрілік өсімдіктің бірі-бақбақ.
Бұл өсімдік республикамыздың барлық аудандарында кездеседі.Қазақстанда 59 түрі өседі,оның 23 түрі сирек кездеседі.Мал азықтық,тағамдық,дәрілік өсімдік.
Өсімдіктің тамыры мен жапырығының құрамында ащы гликозид-кристалды таракцин қышқылы болады.Бақбақтың негізгі емдік қасиеті де осыған байланысты.Сонымен қатар тамырының құрамында флавнойдтар,смола,24% дейін полисахарид инулин,аскорбин қышқылы,эфир майлары,илік заттар,аздаған май,нәруызды заттар бар.Жапырағы мен гүлшоғырында каротиноид С және В2 дәрумендерімен қатар никотин қышқылы,сенанин бар.
Бақбақтың халық шаруашылығындағы маңызы.
Бақбақтың емдік қасиеті ерте кезден белгілі болған.Оның шырынын Ибн-Сина да емдікке пайдаланған.Ежелгі Римде беттегі сепкілді дақтарды кетіруге бақбақты қолданған.Орта ғасырларда да бақбақтың емдік қасиетін ұмыты қоймаған.
Бақбақтың тамырын ерте көктемде сәуір-мамырдың басында және күзде жапырағы қурай бастаған күрекпен 15-20см тереңдіктен қазып алады.Бір жерден бақбақтың тамырын қазу үшін арасына 2-3 жыл арасына үзіліс жасап қазу керек.Тамырын қазып алғаннан кейін жер үсті мүшелерін,жанама тамырларын кесіп тастағаннан кейін,салқын суға жуады.Содан кейін ғана ашық жерде кесілген жерінен сүтті шырын ағуын тоқтатқанға дейін кептіріп,жақсы жел қағып тұратын шатырдың астына мата немесе қағаздың үстіне жұқа қабаттап жайып кептіріп,әлсін-әлсін араластырып тұрады.Кепкен шикізатты қағаз дорбаға немесе шыны ыдысқа 5 жылға дейін сақтау керек.Тамырын жазда жинамау керек,сапасы төмен шикізат болады.Бақбақтың тамырынан жасалған тұнба тәбет ашады,астың қорытылуын жақсартады,емшек сүтін молайтады,тері аурулары кезінде зат алмасуын дұрыстайды,қақырық түсіреді.Өсімдіктің дененің қызуын басатын,тер шығаратын,өт жүргізетін ,ішек құртын түсіретін қасиеті бар.Халық медицинасында өсімдіктің жаңа алынған тамыры мен ұнтақталған жапырағын қатты ісіктерді басуға қолданады.Сонымен
-5-
бірге оларды трофикалық жараға да жапсырады.Бақбақ тамырынан алынған шырынды өт тасы мен бүйрек тасы аурулары кезінде нефритке,неврозға,циститке ұшырағанда аш қарынға 4 ас қасықтан ішеді.Бақбақ тамырынан алынған шырынды сонымен қатар бауыр циррозына,тері сыртына шыққан бөрткендерге қарсы қолдану өте тиімді,сондай-ақ одан дәрі,шай жасап,балалардың экссудативті диатезін емдеуге де болады.Бақбақ препаратының адамды тыныштандыратын,аздап ұйықтататын қасиеті де бар.Неміс халқы медицинасында бақбақтың тамыры мен шөбін тәбет ашатын,ас қорыту мүшелерінің қызметін жақсартатын шипалы зат ретінде пайдаланады.
Бақбақтың сүтті шырынымен күстенген жерлерді және сүйелдерді де сүртуге болады.Еуропаның кейбір елдерінде жас жапырағынан қан аздыққа,авитаминозға,тері ауруларына,бауыр ауруларына қарсы салат дайындайды.Бағалы құрамына байланысты тек медицинада ғана емес,тағам өнеркәсібінде де танымал.Бақбақтың тамырын пеште қойып қоңыр түске дейін қыздырып кофеге суррогат ретінде қолданады.Гүл бүршіктерін маринадтауға,әртүрлі салаттарға да дәмдеуіш ретінде қосуға да болады.Кейбір елдерде,Францияда мәдени түрде өсіріледі.
Бақбақ гүлінен бақбақ балын жасауға да болады.Ол үшін гүл табанынан 200 грамм гүлін тазалап жуып,үстіне 1,5 литр қайнап тұрған су құйып,аузын жауып,бір тәулік қояды.Содан кейін сүзіп,гүлдерін сығады да,шырынына тікбұрыштап туралған 2 лимон,1,5 кг қант қосып қоюланғанша қайнатады.Жылы шырынды шыны ыдыстарға құйып,аузын мұқият жауып,қараңғы,салқын жерде сақтайды,Бақбақ балын салқын тигенде,асқазан жұмысын жақсартуға пайдаланады.Жол бойынан бақбақтың тамырын не болмаса,гүлін жинауға болмайды.
Шайқурай . Шайқурай Қазақстанның барлық жерінде өседі. Ол көбіне өзен жағасында, шалғынды далада, бұталы өсімдіктер арасында, тау сайларында, беткейлерінде, тың жерлерде өсе береді. Оның жіңішке мықты бұтақтары, бар, одан жылда қатты бірнеше екі қырлы сабақтар тарайды. Жапырақтары қарама – қарсы орналасқан,эллипс тәрізді, жиектері бітеу болып келеді. Жапырақтары қарама –қарсы орналасқан, эллипс тәрізді, жиектері бітеу болып келеді. Жапырағына тән ерекшеліктің бірі –оның көп нүктелі бедері бар. Егер оны күн көзіне қаратар болса, олар жіңішке инемен тесілгендей болып көрінеді. Бұл нүктелер – эфир майлары. Осыған байланысты «шілтержапырақты шайқурай» деп талып кеткен. Гүлдері едәуір көлемді, жылтыр сары болып келеді. Тостағаншалар мен күлтелердің жиегіндегі қара нүктелер анық көрінеді. Ал оларды үйкеген кезде қызғылт – сары бояғыш шығады. -6-
Осы қасиетіне қарай бұл өсімдіктің гүлін жұппен тоқылған заттарды сары түске бояу үшін пайдаланады. Оның тозаңдануы жәндіктердің көмегімен жүреді. Гүлдеу кезеңі өсіп тұрған жеріне қарай маусымнан тамыз,а дейін созылады.
Тұқымы тамыз бен қыркүйек айларында жетіледі.
Шайқурайдың жер беті бөлігінің құрамында әртүрлі биологиялық активті заттар, яғни дәрумендер мен эфир майы бар. Гүлдеу кезеңінде жиналып алынған шайқурайдың жеке өзі немесе басқа өсімдіктермен қоспасы түрлі препараттар күйінде көптеген елдердің ғылыми және халықтық медицинасында кеңінен қолданылып келеді.
Славян халқының бір мақылына сүйенсек: «Ұнсыз нан пісір мүмкін болмаса, шайқурайсыз адамдар мен жануарлардың ауруларын емдеу мүмкін емес» деген екен. Негізінен бұл өсімдік суық тигенде, микробтарды өлтіруге және жараны емдеуге қолданылады. Сондай – ақ ғалымдардың соңғы кездері жүргізген зерттеулері шайқурайдан жасалған препараттардың вирустарды жоятындығын дәлелдеді.
Қаңбақ
Қаңбақ –шала бұталы өсімдік, биіктігі әрқалай болып келеді. Сабақтары жіңішке. Қаңбақ көктемде шығып, күзге таман ұшады. Өйткені ол өте жеңіл өсімдік. қаңбақты іш ауруына қолданады. Кепкен қаңбақты жинап алып, үлкен ыдысқа 2-сағат қайнатады. Одан кейін басқа ыдысқа құйып суытады. Суыған соң күніне үш рет ішу керек. Іш ауруын лезде қойдырады.
Долана
Жемісі мен гүлінен дайындалған тұнбалар қан тамырларының қысымын бәсеңдетуге, жүрек ауруларына пайдаланады.
Емге керекті тұнбалар бірнеше жолмен дайындалады:
-
Долананың жемісін ұсақтап, 70% спиртке салып, біраз ұстау керек. Бұл жағдайда долана жемісі және спирт 1:0 мөлшерінде алынады. Осылай дайындалған тұнбаның 20-30 тамшысын тамақтан бұрын 3-4 мезгіл ішу керек.
-
5кг долана гүліне бір стақан қайнаған ыстық су құйып, бетін жауып, су құйылған кеңірек ыдысқа орналастырып, 15 минут қайнатады. Бөлме температурасында 45 минуттай суытып сүзеді. Алынған тұнбаны стақанға құйып, толмаған жеріне қайнаған су құйып, толтыру керек. Осылай дайындалған тұнбаны күніне 3 мезгіл 4-5 ас қасықтан ішеді.
-
Долананың гүлінен жасалынған дәрі –жүрек аруларының барлық түріне ем. Ол үшін гүлін теріп алып, салқын жайда кептіріп ұнтақтайды. Сол ұнтақтың 100г 0,5 кг балға араластырады. Күніне бір шай қасықтан 3-4 рет 3 ай үзбей ішеді. Қан тамырын кеңейтіп, қан жүрісін қалыпқа келтіреді.
Жемісіне шекер қосып қайнатады, тосап жасайды. Хош иісті дәмі жағымды болады. Бұл қайнатпаны қан қысымы төмендп ауырмаса, аяғы ауыр аналарға, әсіресе балаларға пайдалануға болмайды.
Таңқурай
Жас таңқрайды халық мдицинасында қаназдыққа, жүрек –тамыр жүйесімен гипертония ауруларына қолданады. Оның құрамында көміртек 5,6 % , тез сіңетін қант 10,7% (оның ішінде глюкоза, фруктоза), пектин 0,9%, органикалық қышқылдар (лимон, алма, қымыздық, силицилл, құмырсқа қышқылы ) бар.
-7-
Таңқурай С,А, B2, B3,B9,PP,E витаминдеріне, калий, әсіресе фосфор тұздарына бай. 100 грамм таңқурайда 30-40 мг фосфор және осы мөлшерде оның жиегі мыс элемнтіне деген тәуліктік қажеттіліктерді қанағаттандыра алады, таңқурайда кобальт, темір, фтор және басқа да микроэлементтер кездеседі. Р –витаминдік әсері бар заттар 200мг жетеді. Таңқрайдың жапырақтарында тұтқыр зат танин бар, ал оларды С витамині жиектегідей 1,5 есе көп.
Шеңгел
Шеңгел қыркүйек айында гүлдейтін, сабақтары жайыла өсетін, тамыр жүйесі өте қуатты, көп жылдық өсімдік. Шеңгелдің тұқымын қоңырау деп атайды. Оның құрамында ононоин, ононид деген гликозиттер және эфир майлары бар. Шеңгелдің емдік қасиеті өте зор. Бел ауырғанда тамырын 0айнатып белге таңады. Буынды булайды. Кішкентай нәрестелерді күн ысып, іші өткен кезде суына шомылдырса, баланың ішінің ыстығын алады. Шеңгелдің тұқымын қайнатып, зәр жүрмей қалғанда ішеді. Дәрілік мақсат үшін шеңгелдің тамырын күзде қазып алады. Шеңгелдің тамырының тер шығаратын, іш жүргізетін, несеп айдайтын қасиеттері бар.
Жантақ
Жерімізде жантақ шөбі өте көп кездеседі. Оның емдік қасиеті кішкентай балалар ауырғанда тұқымыны суға қайнатып, нәрестелерге беруге болады. Баланың ыстығы түсіп, басылады. Жантақтың тамыры аяқ сырқырағанда, бел ауырғанда, бүйрек ауырғанда бірден – бір ем болып есептеледі.
Итсигек
Итсигек –бұтақтары жұмыр, жапырақсыз улы өсімдік. шөлді далаларда, сортаң жерлерде қалың болып өседі. Итсигектің жас бұтақшаларын гүлдемей тұрғанда орып, машинамен майдалап, електеп өткізеді. Медицинада тікелей қолданылмайды. Негізінен анабазин және афиллин алкалоидтерін алу үшін 60% пеганин (вазицин) және вазицинон. Өсімдікте табылған алкалойдтар: пегнидин, пегании, пеганол және дезоксипегании. Тамыр құрамында 2,45-2,70% алкалойд бар, атап айтқанда гармон,вазицин, ваицинон.
Адыраспан өсімдігінің емдеу тәсілдеріне тоқталайық. 10 грамм қоспаны, 0,5 литр суға салып, 2 сағат тұндырады, сонан соң оны сүзіп тазалайды. Дайындалған препаратты тамақтанардан жарты сағат бұрын 50 граммнан 4 рет ішеді. Осылай 4-6 ай емделу керек. Бұл әдіс гастрит аруынан айықтырады. Ал құздамамен ауыратын адамдар 100 грамм су сұйып 15-20 минут қайратып, салқындағаннан кейін сүзіп алып, қайнатпаны 38-39С температурада ваннаға құйып, әрбір 2 күн сайын 10-15 рет ваннаға түсіп отырса ауруынан айығады.
Адыраспан өсімдігін құздамада, буынның қабынуына, ұмытшақтыққа, асқазанды тазалауға, тарамыс, тіс, бел, сал, бастың созылмалы ауруларына емдік ретінде пайдаланылады.
Қазақ халқы адыраспан өсімдігін ем үшін қолданып қана қоймай, сонымен қатар бәле – жаладан сақтайды деп түтінімен үй ішін, ошақ басын аластаған. Бұл дәстүр осы уақытта да сақталған. Қазақ халқы ертеден адыраспанды жинау кезінде иіліп сәлем жасап барып терген. Емдік қасиеті жағынан адыраспан Орта Азияда ертеден –ақ белгілі болған. Адыраспанды Кавказ халқы ұйықтататын дәрі ретінде қолданады. Адыраспан өсімдігі медициналық препарпттардың көзі болып есептеледі.
-8-
Жолжелкен
Жолжелкенді кей жерлерде «тәуіпдәрі» деп те атайды. Жолжелкен екі – жылдық шөптесін өсімдік. латынша «табан, адамның ізі» деген мағына береді. Ақшыл тамырлары айқын көрінетін жалпақ жапырақты жолжелкен жерге жабыса өседі. Ежелгі үндістер «ақ адамның ізі» деп атапты. Өйткені, Америка жерінде еуропалықтар алғаш аяқ басқалы бері, жалпақ жапырақты шөпті теретінін байқаған көрінеді.
Жолжелкен аты айтып тұрғандай, жол бойында, өзен, су жағалауларында көптеп өседі. Назарыңа алыстан ілінеді. Бір қызығы – адам аяғы баспайтын жыңғыл, қалың тоғайларда аз өседі. Оның себебі –жолжелкен тұқымын әрлі –берлі жүрген адамдардың аяқ киімі тасымалдайды. Үй жанарлары, әсіресе тұрақты жануарлар: жылқы, сиыр, түйе, қой, ешкі де жабысқақ тұқымын бір жерден екінші жерде тасып көбейтетін көрінеді. Жолжелкен жерге жабыса өсетіндіктен, тұқымын жел, су ағысы өзімен бірге ілестіруі, құстардың тұмсығында кетеқоюы қиын. Сондықтан да жолжелкен адамдарға жақын өседі. Жалпақ жапырақтарының жерге жабысуы, тамырына баратын ылғалды ұзағырақ сақтайды. Жауын –шашыны мол мезгілде жолжелкен жапырақтары біршама көтеріледі.
Жолжелкен жапырағы мамырдан күзге дейін гүлдейді. Үй маңында өседі. Жапырақтары жуан. Жолжелкеннің бірнеше түрі бар. Оны мамандар жапырағының көлеміне, түрлі үлгілеріне қарап ажыратады. Емдік қасиеті мол. Кейбір түрлерінің жапырақтары тыныс ауруларында, өкпе туберкулезінде және бүйрек аурауларында ем ретінде қолданылады. Асқазын ауруларына таптырмайды. Жапырақтарының сөлі жараны тез жазады. Емдік жапырақтарын көлеңкеде, ашық ауада кептіреді.
Алқызыл долана
Бойы 1-4 метрдей тікенекті бұта. Оның бұтақтары қатты, қызғылт қоңыр түсті, жылтыр. Жемісі қою – қызыл реңді. Диаметрі 8-10 миллиметрдей. Дәнді, ортасында 3-4 ұсақ тастары бар. Алқызыл долана Қазақстанның барлық өңірінде, әсіресе, таулы аймақтарда көп өседі. Далалы, орманды жерлерде, өзен –су жағалауларында да алқызыл жемістерімен алыстан кө тартады.
Алқызыл долана қазан айында пісіп жетіледі. Осы кезде жинаған дұрыс. Ал гүлін мамыр, маусым айларында жинайды. Гүлшоғырын, жемістерін жел аңқылдап соғып тұратын көлеңкеде кептіреді.
Алқызыл долананың емдік қасиеті көп. Жемісінің тұнбасы жүйке жүйесін тыныштандырады. Жүрек – қантамырлар жүйесін жақсартуда таптырмайды. Қан қысымын түсіреді. Ұйқыны реттейді. Құрамында дәрумендері көп болғандықтан, тұнбасын ауыр науқастан айыққан әлсіз адамдарға ішкізсе, қуаттанады. Ертеректе алқызыл долана қосылып қайнатылған сусынды аңшылар өздерімен бірге алып жүретін болған. Сусынның қарынды аштырмайтын да қасиеті бар екен.
Алқызыл долананың діңі, бұтақтары қатты болғандықтан, түрлі тұтыну бұйымдарын жасауға қолданылады. Ал химиктер, оның сарғыш тамырынан сары боя алады. Дәрігерлер емге пайдаланады.
Ауылдық жерлерде алқызыл долананың жас өскіндерін, үй сыртындағы шарбақ түбіне егеді. Әрі әсем, әрі ауланы жел –шаңнан сақтайды.
Қызылмия
Қызылмия –бұршақ тұқымдас біржылдық өсімдік, биіктігі 1 метрге жетеді. Жемісі қоңыр түсті бұршақ. Шілде, тамыз айларында гүлдейді.
-9-
Қызылмияны Тибет медицинасында кеңінен қолданады. Оның препараттарын өкпе туберкулезін емдеуге, артериеосклерозға, өкпенің қабынуына қарсы қолданады. Тамырында алколоидтар, эфир майы, калий, кальций тұздары, глюкоза, пепсинді заттар, фловандар, крахмал және көптеген заттар бар. Іш жүргізетін, қақырық түсіретін қасиеттері бар. Бұл өсімдік тамырынан 60 түрлі дәрі жасауға, халық шаруашылығында 20 салада пайдаланылып келеді.
Қызылмия тамырын сыра жасауда көбік түзуші зат ретінде пайдаланады. Оған қоса қызылмия тамырынан жасалған препараттарды көкжөтелмен ауырғанда, құрғақ бронхит кезінде қолданады.
Тамырын терең етіп қазып алып, сөлі кеткенше сорып пайдалануға, сөлі кеткеннен кейін қайнатып пайдалануға болады.
Қоға
Батпақты бөгеттерде өсетін қоға өсімдігі –көпжылдық өсімдік. Маусым, шілде айларында гүлдейді. Емдік мақсатта қоғаның сабағы мен жапырағы пайдаланылады. Қоғада антисептикалық, қан тоқтататын, жараны жазатын қасиет бар. Қоғаның сабағында крахмал бар.сабағының судағы тұнбасын іш өткенде дизентерияға қарсы ішеді.
Қаражусан
Қаражусан – күрделі гүлділер тұқымдасының көп жылдық өсімдігі. Шілде, тамыз айларында гүлдейді. Қаражусан құрамында шырышты,шайырлы заттар каротин,С дәрумені,эфир майы,аздаған алкалоидтар бар.
Шөбі мен тамырының тұнбалары тәбет ашады.Асқазан,ішек бездерінің қызметін күшейтеді.Демікпеге шалдыққан адамға қаражусанның сабағы мен жапырағының түтінін иіскетеді.Қаражусанның тамырында илік заттар,су,эфир майы болады.Емдік мақсатта шөбі мен тамырын пайдаланады.
Шөбін шілде,тамыз,ал тамырын күздің соңғы айларында жинайды.Айтылғандардан басқа оның тер шығаратын,ішек құртын түсіретін қасиеті бар.Шөбі мен тамырының тұнбасын жүйкені тыныштандыратын дәрі ретінде ішеді.
Жалбыз.
Жалбыз-ерінгүлділер тұқымдас өсімдік.Маусым,шілде айларында гүлдейді.Жалбыз сулы жерде өседі.Бақшаның ішінде көп кездеседі.Жапырағының түсі ақшыл жасыл.Ұсақ түтікше көкшіл гүлі бар.Жалбыз жапырақтарының құрамында эфир майы,илік заттар,алколойдтар мен кейбір қышқылдар бар.Кейбір дәрігерлер жалбыз тұнбасын қақырық түсіретін,әл беретін,несеп жүргізетін,қан тоқтататын дәрі ретінде қолданады.
Жалбызды халық медицинасында бауыр мен өт қабы,бүйрек,бүйрек түбекшесі ауырғанда,іш өткенде,дауыс қарлыққанда,тұмау тигенде,суық тигенде қолданады.Сонымен бірге,жалбыздан жасалған шайдың ішек құртын түсіретін қасиеті бар,сондай-ақ сөлдің бөлінуін жақсартады.
Халқымыз жалбызды қасиетті деп санайды.Өйткені,жалбызды көптеген аурудың емі ретәнде қолданады.Емдік қасиеті жөнінде мынандай бір аңыз бар.Бір ханның жалғыз баласы болыпты.Бір күндері ханның баласы ешқандай ем қонбай,белгісіз бір кеселден қайтыс болады.
-10-
Хан неден қайтыс болғанын білгісі келіп,өлген баласының ішін жарғызады.Сонда ішінен бөлшектеуге келмейтін қатты бір нәрсе шығады.Хан ол нәрсені бәкісіне салып қояды.Бірде хан бұлақ басына барады.Хан бұлақтан беті-қолын жумақ болып бәкісін шөптердің (жалбыз) үстіне тастай салады.Қайта бәкісін алуға келгенде бәкісіндегі қатты түйіншік еріп кетіпті.Сол кезде хан аһ ұрып:<<Баламның дертіне ем жалбыз болған екен ғой>>,депті.Халық даналығында<< Жалбызды жерде жан қалады>> деген аталы сөз бар.[3]
Қара андыз.
Қара андыз- күрделігүлділер тұқымдас көпжылдық өсімдік.Халық медицинасында жақсы таныс өсімдік.Сабағы мен тамырында сапониндер мен алколоидтар,ал жапырығында ащы зат бар.Емдік мақсатта қара андызды гүлі тамырын пайдаланады.Қара андыз тәбет ашатын ,ас қорытуды жақсартатын,асқазан мен ішектің жұмысын реттейтін,зат алмасуды жақсартатын,несеп жүргізетін,өт жүргізетін дәрілік өсімдік.
Қара андыздың құрамында Е дәрумені мен эфир майы бар.Қара андыз гүлі мен тамырының спиртке ашытылған тұнбасымен безгекті емдейді.Бұл өсімдіктің тек тұнбасы қайнатылған түрінде ғана емес,тамыры мен гүлінен жасалған ұнтақты балға араластырып та қолданады.Тері аурулары мен қотырға ем.
Киікоты.
Киікоты-жергілікті дәрілік
өсімдік.Маусым,тамыз айларында гүлдейді.Киікоты құрамында
тимал,карвокрал,эфир майы бар.Емдік мақсатта шөбін пайдаланады.
Оны гүлдеген кезде жинап,көлеңкеге кептіреді.Халық медицинасында
киікотының қайнатпасын,асқазан мен ішек,кеңірдек
ауруларын,әйелдердің әр түрлі ауруларын,жатыр ауруын емдеуге
қолданады.Оның ұйықтатын да қасиеті бар.Киікоты тұнбасын тәбет ашу
мақсатында қолданады.
Киікоты шөбінде аскорбин қышқылы бар.Халық арасында киікотын адамның көңіл- күйі нашарлап,еңсесі түскенде,жабырқаған кездерінде береді.Сонымен қатар оны хош иісті ванна жасау үшін қолданады.Құздаманы (ревматизмді),құрысуды,ентікпені емдейді.
Адыраспан.
Адыраспан-еліміздің солтүстік аймағынан басқа жердің барлығында өсетін,тұзды-сортаңды топырақтарда тұрған жерлерде ,жайылымдарда және егістіктерде,шөлейт және тау беткейлерінің жазықтығының сазды және құмды топырағында,кейде таудың 2800м биіктігінде кездесетін.
-11-
Адыраспан өсімдігінің тұқым құрамында 3,5-6% алкалойд бар.Оның 60%гармалин,30%гармин және аз мөлшерде гармалол,пеганин,дезоксивазицин,бояғыш заттар және 14,25% май бар.Шөптің 1,5% алкалойд қолданылады.Одан никотин қышқылы алынады.Ол дене сыртындағы көптен жазылмай жүрген жараларды емдеу үшін қолданады.
Қорытынды.
Дәрілік өсімдіктер медицина саласында және мал дәрігерлігіндегі емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер.Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олалдың құрамында стеройд,тритерпен,алкалоид пен гликозидтердің,дәрумендердің,эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қасиеттерімен түсіндіріледі.Әдетте,өсімдіктің пайдалы заттары жиналған бөліктері дәрі ретінде қолданылады.Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп,тұнба,қайнатынды,шай,ұнтақ және т.б түрінде қолданылады.Дәрілік заттарды дайындау үшін шикізат ретінде қолданылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі.Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады.
Мен осы ғылыми жобама байланысты шипалы өсімдіктерді зеоттер қана қоймай,газет-журналдардан шипалы өсімдіктерден ауруынан айыққан адамдардың материалдарын жинадым.Соның бірін жобама мысал ретінде алдым.Мен 2005 жылы инсульт алып ауруханаға түсіп қалдым.Оң жағымдағы бір аяқ,бір қолым жансызданып,тіпті,сөйлеуге де
икемім келмей қалған еді.Балаларым ауруханаға апарып,күні-түні жанымда болып,кезектесіп қарап жатса да бетім бері қарамады.Дәрігерлердің тағайындаған емдерін қабылдап,одан пайда көрмедім.Керісінше жағдайым күннен- күнге нашарлап бара жатқандай еді.Дәрігерлер менің ауруымның себебін тап басып айтып бере алмады.Яғни,диагнозым дұрыс қойылмағандықтан,жағдайым нашарлай түсті.Ауруханада ұзақ жатуға шыдамым жетпей мені шығарыңдар деп балаларыма айтып,аурумен күресуге ден қойдым.
Бала күнімде әжемнің жол бойында өсетін түрлі шөптерді жинап алып,кептіріп сақтап қоятынын көргенім бар еді.Оны не істейміз деп сұрағандарға бұл көптеген аурулардың емі,шай ретінде демдеп ара-тұра ішіп тұрған пайдалы дейтін еді.Әжемнің сол әдісі ойыма сап ете қалып,немерелерімді жолжелкен теріп келуге жұмсадым.Сөйтіп оны еттартқыштан өткізіп,сөлін алдым,Таза дәкемен сүзіп,жапырақтарын алып тастайсыз.1 пакет жолжелкеннен жарты литр сөл шығады.Алған сөлге 50 мл спирт қосып араластырып,қоспаны денемнің жансызданған аймақтарына жағып шықтым.Қалғанын мұздатқышта сақтап қоюға болады.Осы емді жүргізу кезінде кептірілген жолжелкен жапырағынан шай демдеп ішуге де болады.
-12-
Ол үшін 2 ас қасық жолжелкен жапырағына жарты литр су құйыңыз.15-20 минут қалдырып жарты сағат сайын 2-3 стаканын ішіп отырыңыз.Мен осы әдісті үзбей 1 жыл бойы қолданған соң ауруымнан айықтым.
Әдебиеттер.
1.А.М.Задорожный и другие.Справочник по лекарственным растеням.<<Лесная промышленность>> 1988.415 с.
2.К.В.Доброхотова,А.А.Писарев.Целебные растения вокруг нас.Алма-ата.И-во << Казахстан>>.1980.144 с.
3.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздіктері.Биология.(Төреағасы Құл-Мұхаммед) Алматы. <<Мектеп>>,2002
4.М.Қожабеков,Г.Қожабекова.Дәрілік өсімдіктер.Алматы.<<Қазақстан>>.1982.182-б.
5.<<Алтын босаға>> газеті.
-13-
Мазмұны.
1.Аннотация ...............................................................................................1бет
2.Кіріспе........................................................................................................2-4 бет
3.Негізгі бөлім...............................................................................................5 бет
4.Қорытынды.............................................................................................. 6-12бет
5.Пайдаланылған әдебиеттер......................................................................13 бет
6.Мазмұны......................................................................................................14 бет
-14-