Материалдар / Ғылыми жоба
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
Ә. Кекілбай "Бір шоқ жиде" шығармасы . Жоба Облыстық кезеңге қатысып жүлделі 2-орын иемеденді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қаңтар 2023
578
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі









Ұйымның аты: Б. К. Мергенбаев атындағы

226 мектеп- гимназия


Тақырыбы: «Бір шоқ жиде» шығармасында

қолданылатын этнофразеологизмдер


Бағыты: Туған ел

Орындаушы: Қожаберген Көркем

10 «А» сынып оқушысы

Б. К. Мергенбаев атындағы №226 мектеп-гимназия

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы



Жетекшісі: Жөлекеш Мирамкүл Жеткербайқызы

педагогика ғылымдарының магистрі

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Б. К. Мергенбаев атындағы №226 мектеп-гимназия


Жұмыстың орындалған 2022 жыл

уақыты



























МАЗМҰНЫ



I КІРІСПЕ «Бір шоқ жиде» повесі -ұлттық болмыстың өзегі

II НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1 «Бір шоқ жиде» шығармасында халық дәстүрінің көрініс табуы

2.2 Этнофразеологизмдердің көркем шығармадағы сипаты

III ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

Жазушы шығармаларындағы тәлім-тәрбиенің тірегі-рухани құндылық

IV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

V Қосымша материалдар



































Аннотация

Зерделеу жобаның мақсаты: Үй құстарының бір түрі тауықтың табиғи және ғылыми даму циклімен танысу;жұмыртқаның кереметін ашу.

Міндеттер:

Тақырып бойынша ғылыми еңбектермен танысу.

Тауықтардың тұқымдары туралы ақпараттарды жинау.

Балапандардың икубаторда өсуін бақылау

Тауықтарды күту және күту жағдайларын зерттеу.

Алынған нәтижелерді талдау, пайдасын достарымен бөлісу.


Зерттеу обьектісі: Тауық жұмыртқасы

Гипотезасы: Көркем шығармада көрініс тапқан этнофразеологизмдерге түсініктеме беру, тілдік ерекшеліктеріне тоқталу, қазіргі қолданысына зерттеу жасау;

Зерделеу жобасында қолданылған әдістер:

  1. Мәліметтерді жинау

  2. Практикалық тәжірибелер жүргізу

  3. Байқау, бақылау

  4. Мәліметтерді жазып алу, жинақтау, бағалау


Зерделеу жобасының өзектілігі:

Тауық жұмыртқасының балалар денсаулығына аса қажеттілігі;

Зерделеу жобасының жаңалығы:

Тауық жұмыртқасының кереметін өз өмірімде практикада зерттеу, зерттелген ақпараттарды жинастырып 9-10 жас аралығындағы құрдастарыма арнап «Тауық жұмыртқасының кереметі» жадынаманың құрастырылуы;

Жүргізілген практикалық жұмыстар:

  1. Сауалнама алу, талдау, сұрақтарға жауап табу;

  2. Этнографизмдерді теру, жинақтау,іріктеу, беттерін түсіру.

  3. Оқушыларға түсіндірме жұмыстары, кітап оқуға үндеу

  4. Этнографизмдер анықтамалығын құрастыру

  5. Тұрақты сөз тіркестерін теру, мағынасын ашу

  6. Көркем шығармада көрініс тапқан дәстүрлерге суреттер топтамасын әзірлеу

  7. Tik-tokқа бейнебаян жүктеу арқылы оқуға құштарлықты арттыру

  8. Этнографизмдерді қоғамда дұрыс қолдануын зерттеу

Тақырыптың көкейкестілігі: Ә. Кекілбайдың «Бір шоқ жиде» шығармасында көрініс тапқан ұлттық дәстүрлер мен этнофразеологизмдердің көркемдік қолданысы мен бүгінгі сипатын зерделеу арқылы қазіргі таңдағы сипатына талдау жасалынғаны, кітап оқуға жаңаша көзқараспен шақыру қадамдарын жасалынғаны

Жұмыс нәтижелері және қорытынды: Ұмыт қалған этнофразеологизмдердің қолданысын арттыру, Tik-tok бейнебаяндары арқылы қызықты түсініктеме жасау, анықтамалықтың әзірленуі;

Ғылыми жобаның құрылымы. Ғылыми жоба кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады





Кіріспе


Бір шоқ жиде повесі -ұлттық болмыстың өзегі


Желтоқсан айында дүниеге келіп, желтоқсанда дүниеден озған жазушы Ә.Кекілбайұлының әлемі – поэтикалық күш-қуаты бөлек әлем. Одан тамырын тым тереңнен тартқан таным, өзінің бай мұрасын да сарқып ішкен шыншылдық мен мұндалайды.

Шығарма атауының «Бір шоқ жиде» аталуының өзі символдық мәнге ие. Құлазыған иен далада тіршілік барын тек 5-6 түп кәрі жиде ағашының өсіп тұруымен байланыстырып, кейіпкердің ішкі сезім арпалысын да дәл сол жерде, туған өлке төсінде шынайы суреттей білген жазушының шеберлігі өзіндік қолтаңбасын айқындағандай әсер береді.

Зерттеу жұмысымның алғашқы қадамы «Жидек» ағашы туралы зерттеуді қолға алдым. Мен жиде ағашы туралы қызықты ақпараттарды таптым.


Жиде ағашы туралы


Ырым-тыйымдар

Жиде - жиде тұқымдасына жататын мәдени, жапыраған тастайтын ағаштардың ішінде ең соңында гүлдейтін мәңгі жасайтын ағаш. Дүниежүзінде қоңыржай және субтропиктік белдеуде өсетін үш туысы елудей түрі бар. Қазақстанда екі түрі өседі. Оның бірі сүйір жемісті жиде. Оның биіктігі 3 – 8 метр, бұтақтары тікенді, жапырақтары сыртын майда күмісті түсті тарамдалған түктер жауып жатады.

« Атың ағаш десем, шамданба, ағаш! О, Мекке мен Мәдениенің есігі болған – ағаш! Ерлерді ері Әлидің дүлділіне ер болған – ағаш! Зұлыпқарға сап болған, - ағаш! Хасан мен Хұсайынға бесік болған – ағаш! Мені саған асар болса, құлап түс ағаш! » - деп келетін айшықты сөз бар. Жиде пайдалы ағаш. Оның қолданылмайтын жері жоқ. Одан ешқандай қалдық қалмайды. « Қалауын тапса қар жанар » дегендейоның діңгегі, бұтақтары, гүлі, жемісі, ұнтағы мен сүйегіде қолданылады


 Қазақ халқының сенімінде, рымында жиде ағашының қасиетіне сенген.- Найзағай отынан сақтану үшін үйге сексеуіл не жиде ағашының бұтағын іліп қоятын болған.Бұлда ағаштың киелі екендігін білдіреді.Мысалы. 8 тобылғының түбіне қонсаң – басың ауырады, жанғақ астына қонсаң уланасың.


Жидек ағашының киелілігі туралы ұққаннан кейін, повесті толықтай бір күнде оқып шығып, шығармада суреттелген салт - дәстүр, ұлттық үрдіс, әдет – ғұрыптарды шынайы оқиғалармен нақты байланыстырдым.Зерделеу жобама жоспар құрып, жұмыс жасау қадамдарымды нақтыладым.

Тіліміздегі тұрақты тіркестердің мағыналық астарында халықтың ерте уақыттан бергі өмірінің бүкіл болмысы сақталып суреттеледі және ұлт санасында бейнеленеді. Образға негізделген көрініс тіл арқылы жарыққа шыққанда, ондағы ұлттық қабылдау, қазақи дүниетаным, ойлау ерекшеліктері бірден аңғарылады. Фразеологизмдердің қалыптасу негіздерін халықтың ұлттық мәдени көздерімен байланыстыра қарастырудың мәні зор. Фразеологиялық тіркестерде берілетін этномәдени ақпарат тілдің танымдық қызметін аша түседі.

Сонымен, тілімізде ойымызды бейнелі, мәнерлі етіп, айқын жеткізуде өзінің бейнелілігімен, әсерлілігімен, экспрессивті-эмоционалды бояуымен және ұлттық сипатымен айрықша  көзге түсетін этнофразеологизмдердің орны ерекшеленіп тұрады.   

Ә.Кекілбайұлының қазақтың салт-дәстүрлерін насихаттайтын «Бір шоқ жиде» повесі нағыз тұнып тұрған, жастарға мол рухани азық болатын шығарма дер едім. Шығармада жас сәбидің дүниеге келгенде орындалатын жөн - жоралғыларымен қатар, жеңгенің қайын сіңлісі, қайнысына ат қою, жыл санау, өлген адамды соңғы сапарға шығарып салу дәстүрлері де сөз болады. Әрбір ұлттың салт-дәстүрі -халықтың қазынасы дер ем. Мен осы кітапты оқи отырып, халқымыздың талғамның биіктігіне, ауызбіршіліктерінің беріктігі мен қазақы болмыстың кеңдігіне тағы бір мәрте куә болып, қызықтым. Осы қызығушылық мені зерделеу жоба жазуыма жетелей түсті.

Менің таңдаған зерттеу жұмысымның тақырыбы: «Бір шоқ жиде» шығармасында қолданылатын этнофразеологизмдер»

Зерделеу жобаның мақсаты:

«Бір шоқ жиде» шығармасында көрініс тапқан ұлттық дәстүрлер мен этнофразеологизмдердің көркемдік қолданысы мен бүгінгі сипатын зерделеу

Тақырыпты ашу бағытында төмендегідей міндеттерді шешу көзделеді:

  • Көркем шығармадағы салт - дәстүр, ұлттық үрдіс, әдет – ғұрыптар мен этнофразеологизмдердің қолдану аясына шолу жасау,

  • Зерттеуге қатысты мәтін үзінділерін жүйелеу;

  • Жазушы қолданысында әдет-ғұрып, салт-сана, мәдениетіне байланысты кездесетін фразеологизмдерді тізімдеу;

  • Фразеологиялық сөз тіркестерінің мағынасын ашу;

  • Этнофразеологимдердің өзіндік ерекшеліктеріне тоқталу

  • Этнофразеологимдердің қоғамдағы сипатына зерттеу жасау,


Тақырыптың көкейкестілігі: Ә. Кекілбайдың «Бір шоқ жиде» шығармасында көрініс тапқан ұлттық дәстүрлер мен этнофразеологизмдердің көркемдік қолданысы мен бүгінгі сипатын зерделеу арқылы қазіргі таңдағы сипатына талдау жасалынғаны, кітап оқуға жаңаша көзқараспен шақыру қадамдарын жасалынғаны

Жүргізілген практикалық жұмыстар:

  1. Сауалнама алынып, талдау жасалынды;

  2. Этнографизмдерді теру, жинақтау,іріктеу жұмыстары жүргізілді.

  3. Оқушыларға түсіндірме жұмыстары, кітап оқуға үндеу жасалынды

  4. Этнографизмдер анықтамалығы құрастырылды.

  5. Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасы сөздіктен ізделіп, анықтамалыққа түсірілді.

  6. Көркем шығармада көрініс тапқан дәстүрлерге суреттер топтамасын әзірленді.

  7. Tik-tokқа ұлттық дәстүр туралы танымдық бейнебаяндар жүктелінді.

  8. Көркем шығарманы оқуға жаңаша көзқараспен үгіттеп, 12 оқушы кітап оқуға кірісті.

  9. Этнофразеологизмдердің қоғамда дұрыс қолдануына өзіндік үлесімді қостым.




НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1 «Бір шоқ жиде» шығармасында халық дәстүрінің көрініс табуы

Ұлттық рухани құндылық, рухани байлыққа әр халықтың тілі, діні, ділі, адамгершілік қасиеттері, ұлттық салт-дәстүрі, өнері, әдебиеті мен мәдениеті жатады.

Зерттеу жобама негіз болған шығармада ата-баба әруағын сыйлап, құран бағыштау, қасиетті туып өскен мекенді қадірлеу, кісіден қарғыс емес алғыс алу, шаңырақтың отын өшірмеу, ырымды жөнімен қолдану, құрбан шалу, өнерді бағалау, адами құндылықты жоғары қою т.б. кең көлемде жазылған.

П овесте оқиға бірден басталмайды, қолынан бал таматын шебер, зергер Тілеу қарттың жетпістің сегізіне қараған шағында өмірден өтіп, жерленгенінен басталады. Тұяқтың арғы аталары өте ділмар кісі болған, ел аралап жүріп бір бақсыға тілі тиіп, қарғысқа ұшырап, баласы тұрмайды. Аталары біршама ауқатты болғанымен, тірі ауылының саны төрт-бестен аспаған.

Шығармада лирикалық шегініс жасап, ұрпақ жалғастығының мән-маңызын кейіпкер психологизмімен тоғыстыра отырып, адамдық қасиеттің ұлылығын да дәріптей көрсетеді. Достыққа адалдық, туған-туысқа сүйіспеншілікпен қарау, ата-баба мекенін шексіз сүю, қонақжайлылық, артында қалар ұрпаққа дұрыс тәлім беру сияқты ең керемет құндылықтар шығармаға арқау болып қана қоймай, тәрбиенің темірқазығына айналып та тұр.

Әр халықтың ұлттық танымын, көзқарасын, өзіне тән жеке ұлттық ерекшелігін білдіретін наным-сенімі, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі бар. Ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрдің қаймағын бұзбай, ұмытылып кетуіне жол бермей, қазіргі қоғамда өте жарасымды етіп қолданып жүрген халықтың бірі – қазақ халқы. Қарымды қаламгер Әбіш Кекілбаевтың қай шығармасын алсаңыз да халық дәстүрлері кең көрініс тапқан. Қазақ халқының салт – дәстүрлерін шынайы дәріптеген шығарма- «Бір шоқ жиде» повесі.

Ерте кезеңнен -ақ ата-бабаларымыз бала, ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөліп, оларды үлкенге тағзым, кішіге ілтипат етіп, бауырмалдыққа, мейірімділікке, ізеттілікке баулыған.Зерттеу жобасын жазу барысында ұлттық салт-дәстүрлерді жинақтап, түсініктеме келтіріп, кітапта берілген бетін де құжаттадым. Қазіргі уақытта ұмыт қала бастаған «Қолүздік», «Ерулік», «Бастаңғы» секілді дәстүрлер туралы жасаған бейнематериалдарыммен, суреттер топтамасымен кітапқұмар оқырмандармен бөлістім. «Бір шоқ жиде» шығармасында кездесетін салт-дәстүр, наным-сенімдерді жинақтап, анықтамалыққа енгіздім. Алайда, мені қынжылтатын бір жағдай бар, ол – қазіргі таңда кейбір салт-дәстүрлеріміздің ұмытылып бара жатқаны және оны тек наурыз мерекесінде есімізге түсіретініміз. Бұлай жалғаса берсе түбі терең құрдымға кетпесіне  кім кепіл, кім куә? 

Б ұл мақсатты әркім әрқалай жүзеге асырады. Ал мен осы жазбам арқылы сыныптастарымның бойына қазақтың салт-дәстүріне деген қызығушылықты қалыптастырып, қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындырып, олардың бойына адамгершілік, имандылық қасиеттерін қалыптастыра алдым деп ойлаймын. Ұлтымызға жалын, ұрпағымызға тәлім беріп келе жатқан дәстүрімізді ұмытпай, қазақ деген халықтың патриот ұрпағы болып атын шығара беру – кез-келгеніміздің парызымыз. Менің айтқан ойым біреуге жай ұран болып қалар, ал біреулерге қамшы болып тиетініне  көзім  жетеді. Төменде анықтамалыққа енген дәстүрлер берілген.


2.2 Этнофразеологизмдердің көркем шығармадағы сипаты


Шығармада көрініс тапқан ұлттық салт-дәстүрлер туралы ақпараттарды зерттеуді жалғастырып, этнофразеологизмдердің шығармадағы көрінісі туралы зерделеу жұмыстарымды жалғастырдым.

Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесі, танымдық мұрасы мен дүниетанымы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрыпы, өлең-жырлары, ұлттық ойындары, музыкалық мұрасы, аспаптары баға жетпес асыл қазына.

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «Этнография» терминіне 961-бетінде төмендегідей түсініктеме берілген:

  1. Белгілі бір халықтың материалдық және рухани мәдениетін зерттейтін ғылым

  2. Белгілі бір халықтың тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, мәдени өзгешеліктері.


«Бір шоқ жиде» повесінде кездесетін тұрақты сөз тіркестері

Тұрақты сөз тіркестері-екі немесе одан да көп сөздердің тіркесуінен жасалып, бір ұғымды білдіретін бейнелі сөз.

Құлағын түріп қояды-аңысын аңдады; зейін салды; тыңдады.

Беті-263, сөздіктегі беті-473

Ықшам кеудеше-көлемі шағын,жинақы, ыңғайлы, кеудеге киюге арналған, түйе жүнінен не түбіттен тоқылған,жаға,жеңсіз,жұқа киім.

Беті-262, сөздіктегі беті-942,392

Қолын бұлғап-қоштасу,шақыру.

Беті-262,сөздіктегі беті-473

Жалпақ жаға ақ көйлек-үлкен,ірі,иықты ақ жейде.

Беті-262,сөздіктегі беті-230

Тіл қату-бірдеңе деді,сөйледі.

Беті-263,сөздіктегі беті-717

Қоңқақ мұрын-үлкен құс мұрын,мұрынның үлкендігін аңғартатынындығын байқаймыз.

Беті-263,сөздіктегі беті-455

Алақандай көзі-көзінің кішкентайлығы жайында айтылған.

Беті-263

Мол күлте сақал-сақалдың үлкен,толқын шашақты,әдемі екендігі бейнеленген.

Беті-263,сөздіктегі беті-374

Сәлде-қожа молдалар,басына орайтын ақ мата,шалма.

Беті-263,сөздіктегі беті-719

Тығырықтап шүберек-жалпы немесе шағын матаны нығыздап байлап тағу.

Беті-263,сөздіктегі беті-836,928

Шикі өкпе-перзент,жас бала,нәресте.

Беті-264,сөздіктегі беті-916

Шымшуыр-шоқ,қоламта тәрізділерді қысып ұстайтын құрал,ұзынша темір қысқыш.

Беті-264,сөздіктегі беті-933

Екі көзі төрт боп-сағынды,аңсады,жолына қарай-қарай шаршады,күте-күте зарықты,көруге асық боп.

Беті-265,сөздіктегі беті-203

Тақияларын аспанға атып жатыр-қуану.

Беті-265

Телміре қапты 770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!