Материалдар / Ғылыми жоба
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
Уақтың ой еліндегі арысы – Ғабдылуахит хазірет бейітінің тарихын зерттеу, сол арқылы Ғабдылуахит хазірет бабамыздың есімін қайта жаңғырту.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түсініктеме.

Мақсаты: Уақтың ой еліндегі арысы – Ғабдылуахит хазірет бейітінің тарихын зерттеу, сол арқылы Ғабдылуахит хазірет бабамыздың есімін қайта жаңғырту. Осыған сәйкес автордың алдына қойған мәселелері:

  1. Павлодар өңіріне қарасты тарихи-мәдени ескерткіштерге тоқталу;

  2. Уахит хазірет бабамыздың қасиетін өскелен ұрпаққа паш ету;

  3. Ғабдылуахит хазірет бейітінің Павлодар өңірінің тарихи ескерткіштер тізіміне енбей қалу себебін анықтау;

  4. Рухани-мәдени таным арқылы, тарихи сана негізінде патриоттық сезім, отаншылдық рух қалыптастыру;

  5. Ғабдылуахит хазірет бейітінің Павлодар өңіріндегі тарихи ескерткіштер қатарынан өзіне тиесілі орнын табуына ықпал ету.

Егер біз оқушыларды әлі күнге дейін көпке беймәлім Ғабдылуахит хазірет бейітінің тарихымен таныстырып, сол арқылы қасиетті бабамыздың есімін қайта жаңғыртсақ, онда оқушылардың рухани-мәдени танымы артып, өлкетануға деген қызығушылықтары оянады деп сенеміз.

Осы еңбек 2010-2011 жылдар аралығында Павлодар өңіріндегі тарихи ескерткіштер жайлы мағлұматтарды зерттеу, саралау , сол елді мекен тұрғындарымен сұхбаттасу және С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің археологиялық ғылыми-зерттеу орталығының директоры – Виктор Карлович Мерцтің сілтнген бағыт-бағдары негізінде жасалған.

Ғабдылуахит хазірет бейітінің тарихын зерттеудің өзектілігі – алашқа аты әйгілі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өзі Ғабдылуахит хазіреттің қасиеттілігін естіп, жүздесу үшін арнайы келген бабамыздың бейіті тарихи ескерткіштер қатарынан өз орнын таппағандығы. Сондықтан да бұл зерттеу жұмысының авторы қасиетті бабамыздың бейіті тарихтан тиесілі орнын тапса деп тырысады.

Автор бұл еңбек практикалық түрде тек өлкетанушыларға, археологтарға ғана емес, сонымен бірге оқушыларға да қызықты әрі пайдалы болады деп үміттенеді.















Кіріспе

Өзектілігі: Ауыл балаларына білім беру, имандылық пен инабаттылыққа тәрбиелеу мәселелерін өмірлік мақсат еткен, алашқа аты әйгілі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы қасиеттілігін естіп, жүздесу үшін арнайы келген Ғабдылуахит хазірет бабамыздың бейіті тарихи ескерткіштер қатарынан өз орнын таппағандығы. Сондықтан да бұл зерттеу жұмысының авторы қасиетті бабамыздың бейіті тарихтан тиесілі орнын тапса деп тырысады.

Зерттеу мақсаты: Уақтың ой еліндегі арысы – Ғабдылуахит хазірет бейітінің тарихын зерттеу, сол арқылы Ғабдылуахит хазірет бабамыздың есімін қайта жаңғырту.

Зерттеу мәселелері:

1. Павлодар өңіріне қарасты тарихи-мәдени ескерткіштерді зерттеу;

2. Уахит хазірет бабамыздың қасиетін өскелен ұрпаққа паш ету;

3. Ғабдылуахит хазірет бейітінің Павлодар өңірінің тарихи ескерткіштер тізіміне енбей қалу себебін анықтау;

4.Рухани-мәдени таным арқылы, тарихи сана негізінде патриоттық сезім, отаншылдық рух қалыптастыру;

Жорамал: Егер біз оқушыларды әлі күнге дейін көпке беймәлім Ғабдылуахит хазірет бейітінің тарихымен таныстырып, сол арқылы қасиетті бабамыздың есімін қайта жаңғыртсақ, онда оқушылардың рухани-мәдени танымы артып, өлкетануға деген қызығушылықтары оянады деп сенеміз.

Зерттеу нысанасы: Павлодар өңірінің тарихи ескерткіштері.

Зерттеу пәні: Ғабдылуахит хазірет бейітінің тарихы.

Зерттеу тәсілдері: сұхбат, құжаттармен жұмыс, ізденіс, тарихи орынға сапар.




















Жоспар

І Кіріспе бөлім:

  1. Павлодар өңіріне қарасты тарихи ескерткіштер.

  2. Шарбақты ауданындағы тарихи ескерткіштер.

ІІ Негізгі бөлім:

  1. Уақтың ой еліндегі арысы – Ғабдылуахит хазірет.

  2. Ғабдылуахит хазірет бейітінің тарихы

  1. Ғабдылуахит хазірет бейітінің Павлодар өңіріндегі тарихи ескерткіштер тізіміне енбей қалу себебі.

ІІІ Қорытынды:

1. Ескерткіштердің тарихын зерттеу – бүкіл әлемге біздің ұланғайыр жеріміздің мәдениеті мен тарихын көрсету жолындағы дұрыс бағыт.

































  1. Павлодар өңіріне қарасты тарихи ескерткіштер


Археологиялық зерттеулер көрсеткендей, Ертіс өңірінде тарихи кезеңге дейін де көптеген тайпалар өмір сүрген. Ежелгі адамның тұрақ орындары Баянауыл ауданында, Ертіс өзенінің жағалауында табылған. Тас және т.б. құралдар табылған. Мың жылдықтар өте келе, Ертіс өңірінде өмір сүрген тайпалардың мәдениеті өзгерді. Мұнда қимақтар, үйсіндер,қаңлылар,наймандар қоныс аударған.
           Павлодарды
ң болмысы– Коряков пошта форпостысы Ертіс өзені жағалауында Ямышев бекінісінен алыс емес жерде 1720 жылы пайда болған. 1861 жылы Коряковка станицасы қала статусын алып Павлодар қаласы атауына өзгертілді. Павлодар облысы 1938 жылы 15 қаңтарда құрылды.
1868 жылы Павлодар әкімшілік-территориялық бөлім ретінде танылды. 1901 жылдың басында Павлодарда мыңнан аса үйлер, екі шіркеу, мешіт болды. Орталыққа жақын көпестік сауда қатарлары мен лабаздар өсті. Жаңа құрылыстарда пошта-телеграф кеңселері, Ресей-Азия банкісінің Павлодарлық бөлімшесі, қазына, 2 жер құрылғылары мен көлік сақтау орындары болды.
           1901 жыл
ы болған өрт қаланың үштен екі бөлігін жойып жіберді. Осыдан кейін Павлодар бос қалған жерге айналды. Бұдан кейін қала тек қана құрылыс орындарын көтеріп қоймай, сонымен қатар өсті. Павлодар Ертістегі ірі сауда орталығы маңызына ие болды.
           Ертіс
Павлодардың дамуы үшін маңызды болып табылды. Мұнда үлкен тұрақтардың бірі орын алды: кемелердің қысқы орны үшін қолайлы орындар, қолайлы кеме аялдайтын орын, терең арна.
           1938 жылы
құрамына 10 аудан, орталығы Павлодар қаласы болып табылатын Павлодар облысы құрылды.

Павлодар өңірі бойынша көптеген тарихи-мәдени ескерткіштер нысанасы бар. Облысымыздың орталығы – Павлодар қаласы ғана емес сонымен қатар облысымыздың әр ауданы тарихи-мәдени, архитектуралық, археологиялық, мүсіндік ескерткіштерге бай.

Шарбақты ауданында 33 мәдени-тарихи ескерткіштер:

Археологиялық ескерткіштер – 26 / қорғандар – 12, қорғандық топтар – 11, қоныстар – 2, тұрақтар – 1/. Ескерткіштер Найза, Қабантақыр, Бура, Жалғызсор көлінің екі жағалауының бойында орналасқан. Негізінен бұл қорғандар мен қорғандық топтар ерте темір ғасырына жатады. Ең ірі қорғандарға темір ғасырына жататын Александровка, Жанаауыл І , ІІ.

Тарихи және мүсіндік ескерткіштерге – 7 ( мемлекеттік құрылымға байланысты – В.И.Ленинге қойылған ескерткіші, милиционер Б.Буратбаевқа қойылған ескерткіш, соғыс тарихына қойылған – 4, оның ішінде Ұлы Отан соғысында қаза болған жерлестерімізге қойылған ескерткіштер). [2]

Біздің тілге тиек ететініміз Шарбақты ауданы Есілбай елді мекенінде алғышқылардың бірі болып мешіт-медресе ашып, жүздеген шәкірттерге ілім -білім беріп, өз өмірін халқына арнаған ғұлама – Ғабдылуахит хазірет бейітінің тарихы.

ІІ 1. Уақтың ой еліндегі арысы – Ғабдылуахит хазірет.


Бұхар барған жасынан,

Бақыты асқан басынан.

Дәріс айтып халқына,

Мешіт салған қасынан.

Жан-жақтан кітап алдырған,

Ғұлама еді ол тұрған!

Құйылып шәкірт алдына,

Діни ілім қалдырған.

Халық жыры.



Тіленші отбасының ауыз толтырып айтып, сенімді тірек болар деп үміттенетін томағадай тұңғыштары Ғабдылуахит еді. Өмірге 1853 жылы келген Ғабдылуахит алты жасынан ауыл молдасынан дәріс алып, арабша сауатын ашады. Ол сабақты зер сала ықыласпен тыңдап, ынта-жігерін білім алуға жұмсады. Аз уақыт ішінде әліппені игере алады. Сөйтіп, ауыл мектебіндегі шәкірт – тең құрбыларының алдына шығады. Ата-анасы түлектерінің зеректігін, оқу-білімге құштарлығын көріп әрі қарай оқытуды жөн көреді. Осы тұжырымға келіскен ауылдас қауым, қолдау мен қаражат жинап, Бұхари – шәріпке аттандыруға ұйғарып, сапарға шығарып салады. Ғабдылуахит өзі армандаған жоғарғы дәрежедегі діни оқудың бар қиыншылығын жеңе отырып, сыныптас 500 шәкірттердің алдыңғы қатарында көрінеді. 15 жыл ішінде өтілетін 12 пәнді тәмәмдап медресені аяқтайды. Үздік бітіріп «Хазірет» атағына ие болған төрттіктің ішінде Ғабдылуахит хазірет болады. Сөйтіп, көп жылғы еңбектенуінің зейнетіне бөленіп, туған еліне оралады.

Ғабдылуахит Бұхари – шәріптен оқуын тәмәмдап, туған жеріне Хазірет атағына ие болып оралғанда осы өңірдің халқына ислам дінін тарату, имандылық пен инабаттылықты уағыздау үшін жұртшылықтың қолдауына сүйеніп, мешіт-медресе салуды ұйғарады. Осы діни құрылыстың тұрғызылу жоспарын ірі шаһардағы мұсылман ғибадат орындарының үлгісіне сәйкестендіріп, қазіргі Шарбақты ауданы Есілбай ауылының ту сыртындағы ну қарағайлы орманның қоршаған баурайында биік етіп, іргесін қалап, аспан түстес көк мешіт бой түзеді.

Ғабдылуахит хазірет мешіт-медресенің имамы болды. Ең алғашқы қабылданған жүзге жуық әр елден келген жас түлектерді оқытып, діни сабақтар жүргізетін ұстазы болды.

Тіленшеұлы Ғабдылуахит хазірет тікелей өз жауапкершілігіне алып, өзінің Бұхари-шәріптен сусындаған білімдерін саналы азаматтық әрі дарындылық қасиеттерін ақысыз-пұлсыз тегін дін жолына бет бұрған түлектерге, әм бұқара халықтың пайдасына жарата білген.Жүзге жуық шәкірттер бір мезгілде шеңбер тәріздес қаз-қатар жайғасып отырған. Шәкірттер медреседе есеп, жағрафия діни ырым-жорадан туындайтын емшілік, шығыс поэзиясы мен философиясының ілімдерінен дәріс алып, жан-жақты ғылым иегерлері, зиялы адамдар болып шықты.

Күтпеген қонақ

Мәшһүр Жүсіп Көпеұлы жаздың жайма шуақ сәті күнінде қарт Ертістің оң жағасына қоныстанған елді аралап, Асан қайғы бағасын көтерген қарағайлы ну орманды көзімен көріп, табиғатына үңіліп ләззаттанумен бірге атағы елге тарап даңқы әйгілене бастаған Уақ тайпасының азаматы – Ғабдылуахит хазіретпен жүздесу үшін арнайы келген.

Сырттай бір-бірінің аттарына қанық тек жүз көрісуді армандап жүргенде, орайы келіп сәті түскендей. Салмақты денесін серіппелі, жеңіл арбадан көтеріліп түсе бастағанда Мәшекеннің қолтығынан тегеурінді қол жабыса кетіп, әп-сәтте жерге аяғын тигізді. – Иә, бұл неткен ептілік – деп иесін тапқанша, әлгі ыңғайлы қозғалыс айқара құшақтап, еріксіз бауырына құша жөнелді. Кім болса да өзінікін қайталайтындай Мәшекеңде қапсыра бүріп, аясын жазып, қайта сығымдай берді. Әлден соң, қапсырған құшағын сәл босатыңқырап қарсысындағы өзімен балуан күресіндегідей тіресіп тұрған адамына қараса, нағыз қара торының әдемісі, үлкен әрі өткір көзді, жазық маңдай, самайы мен шоқша сақалы аздап бурылдана бастаған, тас төбеде кестелі қоңыр түстес тақия, денесі толықша мығым, бойы өзіне ұқсас ортадан жоғарылау. «Мынаның бет әлпеті, жылы жүзділігі, тез қимылы менің іздеп келген адамым болмасын,»- деп Мәшекең алғашқы төс қағыстыру рәсімін қайталап, бұл өзі не істер, кезек сенікі – деп қимылын тосыңқырап еді. Осы тұста артқы жақтан: Үйге кірмейсіздер ме? Хазірет бастамайсыз ба? – дегеніне секем-ап, мына төс қағыстыруды күш сынаспаққа айналдырған дәудің өзі екен-ғой, деп қолдарын сілкіп, шапанға қонған шаңды желпіді. Осы тұста Ғабекең де дауысын көтере сәлемдесіп, сапарының оңынан болуына, нәтижесі арта түсуіне тілек білдірді.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы Ғабдылуахит хазіреттің қасиеттілігіне, білімділігіне тәнті болып өзінің мына бір өлең жолдарын арнаған:

Белгілі орта жүзден ол асқаның.

Ақылың біліміне жарасқаның.

Туысың Бұқар барған Ғабдылуахит,

Сонымен Сарарқаға дін ашқанын.

Атағын бір өзіңнің жеткен еді,

Дін қарындас жер жүзі білген еді

Зиянкес, ұры-қары қыр елінің.

Балта шап тамырына дегеніңді,

Естіді дүние жүзі барша ғалам.

Хақ досы Мұхеммедтің бұл бір адам,

Дегендер он сегіз мың ғалам болды.

Мәшһүр Жүсіп досыңнан дұғай сәлем,

Осыменен сөз аяғын тоқтатамын,

Хазірет Ғабдылуахит ден қоямын.

Ғылым-хикмет дүниеде теңдесі жоқ,

Деп солай Мәшһүр Жүсіп қол қоямын. [5]

Ғабдылуахит ғұлама мешіт-медреседе имам болып, ислам дінін тарату, шәкірттерге ұстаздық етумен бірге, халықты инабаттылыққа, имандылыққа тәрбиелеп, ағартушылық салада көп еңбектер атқарды. Есінен танған , әртүрлі дерт шалған сырқаттарды қарап дұға оқып дауалап, ем жасап жүздеген адамдарды сауықтырған.

Кеңес өкіметінің алғашқы жылдары ел ішіндегі бай-шонжарларға, молда-қожаларға бүйідей тиіп, соңдарына түскені белгілі. Сондай қиянатқа Ғадылуахит хазірет те душар болыпты.Тап жауларын құртуға арнайы шығарылған жазалаушылардың бір тобы мешітте жайнамаз үстінде отырған хазіретті ұстап, үйімен де тілдестірмей, үкімін де өздері шығарып, осы шалмен несіне әуреленеміз, одан да атып тастаған жөн – деп келіседі. Іштеріндегі шегір сары ұстамсыздау солдат хазіреттң қолындағы Құрани-Әл-Кәрімге жарма

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!