Материалдар / Ғылыми жоба

Ғылыми жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
"Жылан уы" туралы ғылыми жоба
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Мамыр 2024
220
1 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

40 «Ынтымақ»ЖББМ КММ






Ғылыми жоба


Тақырыбы: «Жылан уының емдік қасиеті»

Бағыты: Жаратылыстану

Зерттеуші: Бахтияр Жасмина Алайдарқызы

Сыныбы: 2 «Б»

Жетекші: Арапбаева Балзия Шадиярқызы














КІРІСПЕ



Біздің халықта тілі айыр жылан туралы ала-құла көзқарастар бар. Тамыры тереңнен бастау алатын Түркі жұртының ертегілері мен аңыздарында жылан киелі, жарылқаушы рух бейнесінде көрініс тапса, кемел ақын, кемеңгер ойшыл Абай Құнанбаев:

«Естілер де ісіне қуанбай жүр,

Ел азды деп надандар мұңаймай жүр.

Ала жылан, аш бақа күпілдектер.

Кісі екен деп үлкеннен ұялмай жүр», - деп жаратпаған адамын ысылдаған жыланға теңейді. Сөйте тұра, үйге кірген жыланды өлтірместен, басына ақ құйып, құрметпен шығарып салады. Ал, қазіргі медицина шарықтап дамыған заманында жылан уының емдік қасиетіне тең келер дәрі жоқ деген көзқарастар да бар. Олай болса, мен ғылыми зерттеу жұмысымның тақырыбын «Жылан уының емдік қасиеті» деп атап, тақырыпты толық зерттедім. Ғылыми зерттеу жұмысым кіріспе, негізгі бөлім, зерттеу бөлімі, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер және жыланның пайдасы жайында бірнеше видео-роликтерден тұрады.




























АННОТАЦИЯ


Яд змеи применяется не только для создания высокоэффективных прививок и сывороток от змеиных укусов. На сегодняшний день доказано, что микродозы этого продукта оказывают лечебное действие при таких заболеваниях, как невралгия, ревматизм, гипертоническая болезнь и бронхиальная астма. Достаточно часто змеиный яд используется в лечении сердечных заболеваний, инсульта, онкологических проблем и болезни Альцгеймера.

В медицине змеиный яд применяется только после специальной обработки, так как в его состав входят смертоносные ферменты. Однако, несмотря на это, яд змей уже много сотен лет используется в медицине, хотя механизм его действия до конца так и не изучен. Предположительно, основные компоненты змеиного яда оказывают рефлекторное влияние на рецепторы человеческого организма путём их раздражения, чем и способствуют улучшению всасывания биологически активных веществ.

Змеиный яд очень полезен для укрепления иммунной системы человека. Яд кобры способен снимать спазмы и сильные болевые ощущения, а препараты из яда индийской гадюки и гюрзы способствуют быстрой сворачиваемости крови даже при выраженной гемофилии. Яд чёрной мамбы, а именно, выделенный из него белок, является хорошей заменой морфия, только без побочных наркотических эффектов.

Применять лекарства на основе змеиного яда необходимо только по назначению врача. Такие препараты выпускаются в форме мазей, инъекций для внутримышечного или подкожного использования, связанного с лечением опорно-двигательных заболеваний. Мази применяются для снятия болезненных ощущений при травмах, ушибах и ревматических болезнях.












ЖЫЛАН УЫНЫҢ Е МДІК ҚАСИЕТІ







ЖОСПАРЫ:

І. КІРІСПЕ


ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Жылан - жұмбаққа толы тіршілік иесі.

2. Жылан немен қоректенедi?

3. Жылан саудасы қызып тұр...

4. Қызықты мәліметтер

ІІІ. ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ

1. Жылан уының емдік қасиеті

2. Жылан жылы және жыланның пайдасы жайлы пікірлер

3. Жыланды қалай "сауады?"

4. Жылан етінен дәрі жасаған жан

IV. ҚОРЫТЫНДЫ


V. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР






НЕГІЗГІ БӨЛІМ


Жылан - жұмбаққа толы тіршілік иесі. Қадым замандарда Желмаясына мініп "Жерұйық" іздеген Асан Қайғы атамыз бұл туралы «Аяғы жоқ, қолы жоқ, Жылан қайтіп күн көрер...» деп бекер айтпаған. Оның бойында әлі де ашылмаған талай құпиялар бар секілді....

Осы орайда, біз өздеріңізге патша жылан туралы сіз білмейтін деректерді назарларыңызға ұсынғанды жөн көріп отырмыз.

Әлемдегі ең алып жылан – анаконда. Оның ұзындығы 5 метрге дейін жетеді.

Әлемдегі ең ұзын жылан – тор көзді питон, ол 10 метрге дейін өседі.

Әлемдегі ең улы алып жылан – корольдық кобра. Оның мөлшері 6 метрге жуық. Кобра өзінен кішілерін ғана емес, өзімен мөлшерлес жылан түрлерін жеп қоя алады. Патша кобра үшін жемтігінің ұзындығы, көлемі маңызды емес, өзіне керегін алған соң, сыймағанын түкіріп тастай салады екен.

Ғылымға жыланның 2600-ге жуық түрі белгілі. Олар 12 тұқымдасқа бірігеді. Ең көбі – сарыбас жыландар, олардың 1500-дей түрі бар. Қазақстанда 5 тұқымдасқа жататын: соқыр жыландар (1 түрі), айдаһарлар (2 түрі), сарыбас жыландар (12 түрі), сұржыландар (2 түрі), бозша жыландардың (1 түрі) 18 түрі белгілі. Жыландар тек қана Антрактидада ғана мекендемейді.

Сыртқы құлақ (есту) тесігі және дабыл жарғағы болмайды. Сондықтан жыландар ауадағы дыбысты естімейді. Сезу қызметін тілі мен бір жұп Якобсон мүшесі атқарады. Якобсон мүшесі – кеңсіріктің ішкі жағындағы ауыз қуысына ашылатын, екінші ұшы тұйықталып біткен екі қуыс; бауырымен жорғалаушылар мен сүтқоректілерде болатын иіс сезу мүшесі.

Жылына бір рет көбейеді. Кейбір жыландар бір туғанда 75 жыланды дүниеге алып келе алады.

Сіз бен біз жылан ысылынан қорқып жүрген болсақ, мексикалық бөбектер шөпқоректі жыландармен ойнағанды ұнатады екен.

Африкалықтар өздерінің улы сарыбас жыландарын (гадюка) қалталы азаматтарға ғимараттарды қорғайтын күзетші қызметін атқару үшін жалға береді екен және аз пайда таппайтын көрінеді.

Жыландар айлар бойы нәр татпастан өмір сүре алады.

Сыртқы пішініне қарағанда жыландар аяқсыз кесірткелерге ұқсайды. Аяқсыз кесірткелерден айырмашылығы жыландардың жақ аппаратының оң және сол жақ бөлімі жылжымалы болып байланысқан қозғалмалы қабағы, дабыл жарғағы болмайды. Сол сияқты жыландардың иық белдеуі де болмайды.


Жыландардың бірқатарында ғана мойын бөлімі байқалады. Көпшілігінің денесі — бас, дене және құйрық бөлімдеріне бөлінеді. Жыландардың аяқтары және олардың скелеттері жүруге жарамайды. Тек қана айдаһарларда ғана артқы аяқтың қалдығы, мықын сүйегі мен ортан жіліктің қалдығы сақталған. Соқыр (ТурһІорidае) жыланында да жамбас сүйегінің қалдығы болады.

Жыландардың денесі мүйізді қабыршақтармен қапталған. Сарбас жыланның кейбір түрлерінде ғана тері безі болады. Басқа түрлерінде тері безі болмайды. Түлеген кезде алдымен терінің үстіңгі қабатының жаққа бекіген жері ажырайды да, дененің артқы бөліміне қарай қолғап сияқты сыпырылып түсіп қалады. Бұл кезде көздерінің үстін жауып тұрған қабыршақ-тары да түсіп, бұрынғысынан да мөлдір болып көрінеді.

Қозғалу ерекшеліктеріне байланысты жыландардың омыртқа жотасы біркелкі, көптеген (200—450) омыртқадан тұрады. Омыртқаларында әдетте болатын өсінділерінен басқа жоғарғы доғаның ортасында кішкене өсіндісі болады. Омыртқаның мұндай құрылысы, омыртқа тізбегіне ерекше мықтылық беріп, ирелеңдеп қозғалғанда, оның тез қозғалуын қамтамасыз етеді.

Оң жақ өкпесі жақсы жетілген, сол жақ бөлімі болса рудимент түрінде ғана болады. Қуығы болмайды. Бүйректері мен гонадылары күшті созылған. Жыныс бездері бүйректерінің алдыңғы жарында орналасқан.

Жыландардың қазір 2300—2500-ге жуық түрі белгілі. Олар жер бөліктерінің барлығына тараған, әсіресе ыстық жерлерде көптеп кездеседі. Солтүстікте полярлық шеңберге дейін еніп жатады. Оңтүстікте — Оңтүстік Америкаға дейін тараған. Отты жерде, Жаңа Зеландияда және Полинезияның көптеген аралында жыландар болмайды. Жыландар ағашты, далалы, таулы жерлерге, кейбір түрлері суда, жер астында тіршілік етеді.

Олар жұмыртқа немесе тірі жұмыртқа салып көбейеді. Тек қана жануар тектес заттармен қоректенеді. Жыландар ұсақ насекомдар мен кемірушілерден бастап, бұғының бұзауына дейінгі әр түрлі организмдермен қоректенеді. Жануарларды сескендіріп барып, тез шабуыл жасап, ұстайды. Бұған қосымша улы жылан адамды тек қана мазалағанда шағатынын айтуға болады.


Жылан немен қоректенедi?

Аяғы жоқ , қолы жоқ Жылан қайтiп күн көрер? Құйрығы жоқ, жалы жоқ Құлан қайтiп күн көрер? -деп Асан қайғы атамыз жырлапты. Шынында жылан немен қоректенедi? Аяғы жоқ, қолы жоқ жылан қалай қозғалады? Жыландар шөптесін жерлерде бауырымен жылжып қозғалуға, көлемді заттарды тұтасымен жұтуға бейімделген жануарлар.

Патша кеңалқым жылан (лат. Ophiophagus hannah) - аспид тұқымдасы. Әлемдегі ең ірі улы жылан, ұзындығы 5,5 м. Түсі бірыңғай сарғыштан сарғыш-жасылға дейін өзгереді. Денесінде қисық қара жолақтары бар. Бұл жылан Оңтүстік, Шығыс Азияның тропикалық ормандарында таралған. Жылан тіршілік белсенділігі күндіз байқалады. Ағаштарда жақсы өрмелейді, суда жүзеді. Қорегі, қосмекенділер, бауырмен жорғалаушылар, жыландар, олардың арасында крайт және кеңалқым сияқты улы жыландарменде. Ұрғашы жылан үйіп, жапырақтармен жауып 40 жұмыртқа салады да, оны әрдайым күзетеді. Жыланның уы өте күшті жүйке, салдандыру әсері бар, барлық жануарларға қауіпті.


Жылан саудасы қызып тұр...

Көктем келісімен оңтүстікте жылан саудасының көрігі қызады. Сарыағашта сары жыландарды 2-3 мың теңгеге саудалайды. Бүгінде ел арасында сары жыланның сорпасын қайнатып ішіп, ауруынан айықтым дейтіндер көп. Сол себептен болар сары жыланның сорпасына деген сұраныс артқан. Алайда көбіне жыланның қай түрі ем екенін, қалай дайындау тәсілін білмей дертіне дерт жамап алып жатқандары да жоқ емес.


Қызықты деректер

1.Әндіжан облысы Алтынкөл ауданының тұрғыны Мұхаммадзулун Тұрғынов өзінің учаскесінде шөп арасынан екі басты жылан ұстап алды.

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.Жыланның ұзындығы 30 см екі тілі де бір уақытта қимылдайды.Тұрғыновтың сөзіне қарағанда, оның әкесі 1969 жылы тап осы аумақта екі басты жыланның мекен ететіндігін айтқан

Екі басты жылан жақын уақытта зерттеу жүргізу үшін мамандарға беріледі. Бұдан бұрын екі басты жыландар Испанияда, Түркияда, Германияда, Армения және Ресейде табылған болатын.


2. Бір теректің түбінде 3000 жылан

Өзбекстан ғылым академиясының зоологиы мен паразитология институты жарақтаған улы жылан аулайтын экспедиция Нұрат таулары шатқалдарының бірінен табиғатта сирек кездесетін құбылысқа тап болды. Бұтақтарын жылтыраған жыландар орап алған тарамдалған үлкен ағаш ғалымдардың назарын аударды. Сөйтсе ағаштың түбіндегі терең ор кенеріне дейін жыланға толы екен. Зерттеушілер улы жыландардың мұншама көп топтанып жатқанын бұған дейін кездестірген емес еді. Шамамен алғанда бұл жердегі жыландардың саны үш мыңға жететін болу керек.

3. Мысырлықтар жылан уынан түрлі дәрі-дәрмектерді жасауды ерте кезден білген. Қазіргі уақытта Мысырдағы Суэцк университетінде ұзақ, қажырлы еңбекпен жылан уының химиялық құрамы зерттеліп,таңғаларлық жаңалықтар ашылды. Жылан уынан жасалған дәрімен қатерлі ісікті, белсіздікті, қант диабетін емдеуге, қан тоқтатуға, қан қысымын қалыпқа келтіруге болады екен. Жылан уының пайдасы мұнымен де шектелмейді. Мамандардың сөзіне сенсек, өндіріс салаларының ішінде жылан уын жинау – ең пайданы көп әкелетін, алтын қазудан кем түспейтін жұмыс. Себебі жылан уының бір грамы 2,5-5 мың доллар аралығында тұрады екен.


4. Жылан туралы шешілмеген құпия: Британдық мұражай 1846 жылы шөл даладан екі жылан алып келеді. Оның бірі 1850 жылы тіріліп кетіп, тағы да екі жыл өмір сүрген екен.

5. Жыландар жер шарында кең тараған. Тек Антарктидада ғана кездеспейді. 12 тұқымдасқа бөлінеді. Ең көбі сарыбас жыландар, олардың 1 500 түрі бар. Қазақстанда 5 тұқымдастары бар. Соқыр жыландар, айдаһар, сарыбас жылан, сұр жыландар, бозша жыландарға жататын 18 түрі бар. 16 түрі «Қызыл кітапқа» енгізілген.

6. Жапондықтар жылан уынан әжімге қарсы крем ойлап тапты. Оны бір-екі рет жаққаннан-ақ бетті үтіктегендей теп-тегіс етеді... Ал новосибирскілік дәрігер-ғалымдар араққа жыланның уын қосып жаңа ішімдік түрін ойлап тапты. Оны ішкеннен кейін адам ағзасына қауіп төндіретін қасиетінен айырылады. Жылан арақты ішкеннен адреналинді қоздыратын қуатқа еш залал келмейтін көрінеді.

7. Жанкент қаласын жылан жұтпаған

Орта ғасырлық Жанкент қаласы туралы аңыз бен шындық

Ел арасында Жанкент туралы аңыз көп. Бала күннен сол аңыздардың біршамасын естіп, тыңдап өстік. Көбісі Жанкент шаһарын Санжар ханмен Бегім Ананың оқиғасынан кейін Қарабура теріс бата беріп, соңында жылан жұтқан дейді. Аңыздарға сүйенсек, қала содан тып-типыл болыпты-мыс. Қорғанның күншығыс жағындағы дуалдардың бірінен жүгіріп түскенде бір жерлер дүңкілдейтін. Ауыл тұрғындары оның астында кезінде Санжар ханнан қалған алтын бар деп жорамалдайтын. Бірақ, қазуға қорқады. Себебі, ол жерлерде кешеге дейін ордалы жыландар көп болды. Бала кезімде Жанкенттің үстінен талай өткенде шіркін, осының құпиясын білсем деп ойлайтынмын. Соңғы уақытта ғылыми зерттеу экспедиция барыпты дегенде қуандым. Барып сөйлестім. Сөйтсем, олар Жанкентті ешқандай да жылан жұтпаған дейді. Таң қалдым. Қалай сонда? Баяғы күндіз-түні тыңдаған аңызым қайда қалды?

8. Қырғызстанның Ош облысы, Алай ауданында жыландар көптеп ұшыраса бастағандықтан, орта мектептердің бірін жабуға тура келді. Бұл туралы Қырғызстан ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады. Аталмыш ТЖМ мәліметінше, Биринчи май ауылының Орозов атындағы орта мектебінде бірнеше күн ішінде адамдар 30 шақты жыланды көрген. Оқушылар мен мұғалімдердің денсаулығына қауіп төнбеу үшін мектепті уақытша жабуға кеңес берілді. Енді ТЖМ мамандары аталған аумақты толық тексерген соң ғана шамамен 140 оқушы оқитын мектеп оқу бағдарламасын жалғастыра алады.

9. Жуырда бразилиялық аңшылар керемет көріністі бейнеге түсіріп алды. Джунглидің ну орманын мекендейтін алып анаконда жеген асын қорыта алмай, оны қайта құсып тастаған. Бейнекадрлардан жылан асқазанынан шыққан жемтіктің сиыр екендігін анық байқауға болады. Бұл видео ғаламторға түсе салысымен 5 күннің ішінде юзерлер тарапынан 600 мың рет қаралды.Дегенмен, жыланның ішінен шыққан хайуанды сиыр емес су доңызы дегендер де табылып жатты. Өйткені оның ұзындығы бір метрден сәл ғана асады, ал бойы шамамен 60 сантиметр. Жалпы жыланның бұл түрі балықпен, құстармен және ұсақ жануарлармен қоректенеді.

10. Жылан туралы аңыз. Австралия, Орталық Африка аборигендері, ежелгі грекиялық фессалийцтер, солтүстікамерикалық үндістер өздерінің ата-тегін жыландар деп есептейді. Сондықтан бұл тайпалар жыланға аса құрметпен қарайды. Алайда бертіндегі ғалымдар мұны ежелгі тотеизмнен қалған сарқыншақ деп түсіндіреді. Қалай десек те, Х VII ғасырда жыланға табыну – фанаттық формада жүзеге асқаны шындық. Жыландар зәулім храмдарда тұрып, рахат ғұмыр кешкен. Ал көптеген африкалық тайпалар жыланға қызмет көрсетуді мәртебелі іс санаған. Оқыған абыздар белгілі бір мерзімде елді аралап, 10-12 жасар қыздарды жыланға табынушылық құпияларына үйреткен.


ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ

Жылан уының емдік қасиеті ХVII ғасырда белгілі болды. Франческо Реди деген адам мұны алғаш ашқан деген мәлімет бар. Ал жүз жылдан соң тағы бір итальяндық ғалым Фелисе Фонтане удың ұңғыл-шұңғылын зерттеп, адам ағзасына әсер ету механизмін түсіндірген. Бүгінгі медицинаның басты белгісі болған символ – тілін сумаңдатқан жіңішке жылан XVI ғасырдан бастап қолданысқа енген. Бұл символды кеңес елі де 1924 жылы түпкілікті мақұлдаған.

Жылан уына қатысты тағы бір жағымды жаңалық бар. Осыдан бірер жыл бұрын Новосибирскінің дәрігер-ғалымдары ішімдік десе елең ететіндер үшін баламалы сусын жасауды қолға алыпты. Кәдімгі араққа жыланның уын қосады екен. Оның кереметі сонда, алкоголь адам ағзасына қауіп төндіретін қасиетінен айырылып қалады және “жылан арағын” ішкеннен адреналинді қоздыратын қуатқа еш залал келмейтін көрінеді.


Терісі әшекей, сілекейі дәрмек болған жылан етінің де адам денсаулығын нығайтуда пайдасы өте зор. Жылан етінен жасалған тамақ ағзаны суықтан арылтып, буын ауруларынан, басқа да сырқаттардан арылтады екен. Жылан етінің қаншалықты пайдалы екенін Қытай, Тайланд, Сингапур, Малайзия, филиппиндіктер жақсы біледі. Олар емдік мақсатта арнайы жылан фермасын ұстайтын көрінеді. Ал жақында француздықтар жылан етінің обыр (рак) ауруына да таптырмас ем екенін анықтапты. Ол үшін жылан етін жүгері майына қуыру қажет. Француз емшілерінің айтуынша, кесілген жылан етін табаға салып, жүгері майына әбден шыжғырып қуырады. Содан кейін ауру адамға қуырылған жылан етін бес күн қатарынан түс мезгілінде аш қарынға жегізіп отыру керек. Емделетін адамға жылан етіне дейін нәр татқызбаған жөн. Қуырылған жыланды жеп болған соң, екі сағаттан кейін ғана ет пен жұмыртқадан басқа тағамдарды жеуге болады. Сонымен қатар, жылан еті адам ағзасын жақсы тазалайды. Мамандардың айтуынша, бірінші аптада бес күн қатарынан, содан кейін жеті күн үзіліс жасап, осы ережеге қайта кірісу керек. Адамды обыр ауруынан толық айықтыру үшін бұл ережені төрт рет қайталаған жөн. Кейбір дерек көздерінде «француздардың бұл емін қазір Қытай мен Сингапур сынақтан өткізіп жатыр» деген ақпар бар. Жылан жоқ болса, кеміргіштер көбейеді

Мысырлықтар жылан уынан түрлі дәрі-дәрмектерді жасауды ерте кезден білген. Қазіргі уақытта Мысырдағы Суэцк университетінде ұзақ, қажырлы еңбекпен жылан уының химиялық құрамы зерттеліп, таңғаларлық жаңалықтар ашылды. Жылан уынан жасалған дәрімен ракты, белсіздікті, қант диабетін емдеуге, қан тоқтатуға, қан қысымын қалыпқа келтіруге болады екен. Улы жыланның сілекей безінен бөлініп шығатын ақшыл сары не көкшіл түсті сұйықтың құрамы альбулин, глобулин, ферменттер, су, тұздардан тұрады. Жалпы, удың қасиеті жыланның түріне байланысты бөлінеді. Сұр жылан уында қанға әсер ететін геморрагин, көзілдірікті жылан уында жүйке жүйесіне әсер ететін нейротоксин болады. Жылан уынан кезінде кеңес медицинасы да май, сұйықтар түрінде дәрілер дайындаған. Ол дәрілер дәрігердің рұқсатымен қолқа демікпесін, ревматизм, артрит сияқты көптеген ауруларды емдеуге қолданады. Бір ескертетін жағдай, жылан уынан дайындалған дәрілерді туберкулез, бүйрек,

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ