Материалдар / Ғылыми жоба
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
Жоба "Бақсы типі және оның функиясы" тақырыбына арналады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қазан 2024
80
0 рет жүктелген
5900 ₸
Бүгін алсаңыз
+295 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +295 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


МЕКТЕП АТАУЫ


ҚАЛА ОБЛЫС












ҒЫЛЫМИ ЖОБАНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:

«Бақсы типінің қалыптасуы, оның функциясы»






Секциясы:


Тақырыбы: «Бақсы типінің қалыптасуы, оның функциясы»

Оқушының толық аты:

Сынып: 10

Ғылыми жетекшісі:







2022 -2023 жж.

ЭССЕ

Қазақтың «бақсылық» ұғымы әлемдік этнография мен фольклортануда «шаманство» терминімен сәйкес келеді. Бұл терминнің молынан қолданылған уақыты- ХІХ ғасырдың соңы болып табылады.

Бақсы (бақсы) - бағзы ұғымы бойынша ерекше қасиеттерге ие, жұмбақ әлеммен қарым-қатынас жасай алатын, ерекше қасиеттерге ие адам: балгерлік, сәуегейлік, бақсылық және т.б. ("шағатай" тіліндегі аудармасы бақшы). атаумен аталады. Бақсылық-ерте шаманизмнен сақталған ұғым.

Ол мынадай сенімнен құралады: жан нәзік денеден және нәзік жаратылыстан тұрады. Өлгеннен кейін адам денесін тастап, өзінің нәзік болмысымен жаңа әлемге жанның ұлы көре алмайтын рух түрінде өтеді; ол әлем ретінде түсіндіріледі — бұл фэнидің өмірінің жалғасы, сондықтан рух оған әр түрлі формада еніп, әрекет етеді; олар табиғат құбылыстарына да әсер етеді. Қазақтар жақсылық істерін, елестерді, періштелерді, су перілерін және т. б. басқаратындарды, ал зұлымдық істерін басқаратындарды перілер, шайтандар, жындар, албастар, жезтырнақтар және т. б. деп атайды.

Жалпы алғанда, бақсы- шамандықпен байланыстырылған, ертедегі адамдардың наным-сенімінен туған фольклортанудың өкілі. Әдет-ғұрыптық әндердің бір түрі ретінде танылған бақсы сарыны да осы жүйемен сарындас. Бұл сарынды орындаушыларда ақын, сазгер, әнші болған деседі. Көне сарындар бағзы заманда пайда болып, ұлттық мәдениетіміздің рухани құндылығына айналып, ғасырлар кеңістігінде ұзақ тарихи кезеңдерден өтіп, атадан балаға, ауызданм- ауызға жетіп, ұлттық рухтың мәйегі ретіндегі музыкалық-көркемдік бояуын сап алтындай әлі күнге дейін сақтап келеді. 











AННОТAЦИЯ

Қазақ халқының наным-сенімінде бақысыларға қатысты біршама пікір кездеседі. Расында да, бақсылардың шығу тегі сонау сақ, ғұн-үйсіндерден бастау алады. Байқағанымыздай, көне дәуірден басталып, орта ғасыр, ислам, тіпті, Қазақстан аймағына кеңінен танылған. Бақсылар, жалпы алғанда, сәуегей, балгер, емші қызметін атқарған деседі. Сондай-ақ, олардың өзінік сарыны, өзіндік емдеу жолы болған.

Терминологиялық сөздікке сәйкес, «Бақсы» сөзнің этимологиясын көне түркі тіліндегі «Бақ», яғни «Көру», «Қарау» сөзінен шыққан деп түсіндіреді.  «Бақ» – ежелгі түркі сөзі, қазақ тілінде «Бақылау», «Кесел бағу» (емдеу) т.б. сөздерінде сақталған. Бұл сөз «Ауруды емдеу» ұғымына жақын келеді. 

Сол себептен де, бақсы типінің қалыптасуын, оның атқаратын функциясының ерекшелігін, маңыздылығын зерттеу өзекті деп білеміз. Осылaйшa, біз осы зерттеу жұмысымызғa «Бақсы типінің қалыптасуы, оның функциясы» тaқырыбын тaңдaй отырып, ғылыми ізденіс жұмысымызды жaсaуғa бел будық.



















АННОТАЦИЯ

В верованиях казахского народа встречается некоторое мнение относительно Шаманов. Действительно, происхождение ведьм восходит к Сак, гунну-уйсуну. Как мы видели, начиная с древнейших времен, средневековье, ислам и даже широко признавался Казахстаном. Говорят, что шаманы в целом служили гадалками, балгерами, целителями. У них также был свой желток, свой путь исцеления.

Согласно терминологическому словарю,» Шаман «объясняет этимологию слова как происходящего от древнетюркского слова» сад«, то есть» видеть«,» смотреть". "Сад « - древнетюркское слово, сохранилось в казахском языке в словах» контроль«,» Кесел багу" (лечение) и др. Это слово близко к понятию "лечение болезни".

Поэтому мы считаем актуальным изучение формирования шаманского типа, специфики, значимости выполняемой им функции. Таким образом, мы решили сделать нашу научно-исследовательскую работу, выбрав для этой исследовательской работы тему «Формирование шаманского типа, его функции».























ANNOTATION

In the beliefs of the Kazakh people there is some opinion about Shamans. Indeed, the origin of witches goes back to the Sak, the Hun-uysun. As we have seen, since ancient times, the Middle Ages, Islam and even widely recognized by Kazakhstan. It is said that shamans generally served as fortune tellers, Bulgarians, healers. They also had their own yolk, their own way of healing.

According to the terminology dictionary, "Shaman" explains the etymology of the word as originating from the ancient Turkic word "garden", that is, "to see", "to look". "Garden" is an ancient Turkic word, preserved in the Kazakh language in the words "control", "Kesel bagu" (treatment), etc. This word is close to the concept of "disease treatment".

Therefore, we consider it relevant to study the formation of the shamanic type, the specifics, the significance of the function performed by it. Thus, we decided to do our research work by choosing the topic "Formation of the shamanic type, its functions" for this research work.























ҒЫЛЫМИ ЖОБAНЫҢ МAЗМҰНЫ



І. КІРІСПЕ...............................................................................................6

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ...............................................................................8

2.1.Бақсы типінің қалыптасуы...............................................................8

2.2. Бақсының атқаратын функциясы...................................................9

2.3. Бақсы сарыны ұғымына жалпы шолу............................................11

2.4. Қазақ тарихындағы бақсылар.........................................................13

ІІІ. ПРAКТИКAЛЫҚ БӨЛІМ............................................................16

3.1. Бақсы сарынының бір үлгісіне талдау жасау................................16

3.2. Ұлттық кітапханаға саяхат..............................................................18

ІҮ. ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................19

ПAЙДAЛAНҒAН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................20



























І. КІРІСПЕ

Бақсы- наным-сенімге байланысты дүниеге келген шамандық ұғым. Термин бертін келе халық арасында кеңінен қолданылған. Ғылым-білім дамымай тұрған уақытта, «бақсы» ел ішіндегі, балгер, көріпкел, емші қызметін атқарған.Ал оның қалыптасуы, атқаратын негізгі функциясы қандай? Осы себептен де, бақсы типінің қалыптасуын зерттеу өте маңызды деп есептейміз.

Жобaның мaқсaты: Ежелгі наным-сенімдегі бақсы типінің зерттелу тарихына жалпы шолу жүргізу. Таңдалған тақырыптың маңыздылығын айқындау.

Тaңдaлғaн тaқырыптың өзектілігі: Бақсы типі, бақсы сарыны көпшілігімізге термин ретінде таныс. Ал мәдениетімзде аталмыш тақырыптың ерекшелігі қалай көрініс табады? Міне, сол себептен де, бақсы типінің қалыптасуын, оның функциясының ерекшелігін қарастыру сонысымен құнды,қызықты әрі өзекті.

Зерттеу нысaны: Бақсы типі

Міндеттері:

1. Тақырып идеясын ашып, ғылыми әдебиеттерді саралау;

2. Берілген тақырып бойынша зерттеу жүргізу;

3. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, қорытынды жасау.

Гипотеза: Ежелгі мәдениетімізде бақсының алар орны бөлек. Бақсы типі несімен ерекше? Оның құрылымы не үшін маңызды? Анықтап көрелік.

Жұмыстың мaңыздылығы мен қолдaнбaлы құндылығы: «Бақсы типі, оның функциясы» ұғымы жайлы білім мен түсініктерді кеңейту, оқушылардың тaнымдық қызығушылығын дaмыту.

Зерттеу әдістері:

- Жұмыс тaқырыбы бойыншa әдебиеттерді тaлдaу әдісі;

- Ғаламтордағы дереккөздерді саралау;

- Бақсы сарынына талдау жүргізу.



. ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1.Бақсы типінің қалыптасуы

Ежелден-ақ, қазақ тарихында абыз немесе бақсы атауларымен кездесіп жүрген кейіпкерлер жетерлік. Ал «бақсы» сөзі қайдан шыққан? Ол туралы кезінде біршама ғалым, соның қатарында, Ш.Уәлиханов, В.Ралов секілді т.б тұлғалар пікір білдірген. Этимологиясына сәйкес, «бақсы» сөзінің түп-төрікіні «юағу» деген мағынадан шыққан деседі. Шаман мағынасындағы «бақсы» сөзі қырғыз, ұйғыр, өзбек жұртында кеңінен қолданылған. Түрікмен елінде бақсының мағынасы бөлек. «Бахшы» яғни, ақын-импровизатор адамды осылай атайды екен. Олардың бақсысы «порхан» деп аталған деген дереккөздер бар. Өзбек халқында «дуахон» дуагер мағынасында айтылған деседі.

Бақсылық - ескі діннің сарқыты. Бұрынғы кездегі бақсы, көмескі болжайтын сәуегейлігіне қарап, өз дінінің пайғамбар әулиесі сияқты болған. Ол кезде жақсы болжам айтса, "аспан сияқты жасырын елшілер" арқылы жалғасады; тіл алады деген сенім болған. Бері келгенде де ел сол елшінің бәрін бекер дей алмаған. Бірақ бұрынғы наным бойынша, ол елші қадірлі, қасиетті сипатқа ие болса, бері келіп мұсылманшылық жеңген соң қараңғылық, жамандық белгісін білдіретін жиренішті заттар болып, жын деп аталған. Барлық бақсылық жолына қайшы келетін, адамшылыққа қас табиғаттан шығатын сияқты болған. Сол себепті, бақсының барлығының түп иесі шайтан, пері сияқтылар деп, бұрынғы діннен қалған нанымның барлығын бергі мұсылманшылық заманындағы жаманшылық иелеріне апарып қосақтап қойған.

Жалпы деректемелерге сәйкес, «бақсы» атауының кең қолданыс тапқан уақыты- ХІХ ғасырдың соңы деп көрсетіледі.Кейін ала шаманизм үстем құрып, екі атау біріге бастайды. Бертін келе туындаған тағы бір көзқарас: екеуінің ара-жігін ажыратып, жеке-жеке ұғымда қолдану тиіс деген пікірлер айтылып жүр. Шығу тарихы отқа табыну және шаманизммен тығыз байланысты психологиялық емдеу әдістерін әр елдің бақсылары осы халыққа тән ерекше әдістермен қолданды. Мысалы, қазақ бақсылары қобыз ойнап, дауысы қатты шығатын аспаптармен, түсініксіз жыр жырлау арқылы "жынды шақыру" немесе гипноздық, жонглерлік және т.б., жүйке жүйесіне әсер ету нәтижесінде ем-шара қолданады. Табиғаттың құдіретті күшіне сендіріп, солайша жан-тыныштығын сыйлауды мақсат етеді. Әрине, бұл әр адамның қолынан келеді деген сөз емес, бұл кәсіп үшін де тумасынан Құдайдан берілген қабілет, дарын, талант қажет.



2.2. Бақсының атқаратын функциясы

Бақсының атқаратын қызметі әртүрлі болған. Сәуегей, көріпкел, балгер, емші, музыкалық аспапты меңгерген фольклортану өкілі. Бақсылық қасиет тумасынан адамға берілетін қасиет. Ол біреуге ерте, біреуге кеш қонуы әбден мүмкін. Бақсылықтың уақытша ғана қонатын немесе кездейсоқ қонатын кездері де болған. Бақсылықты ұстаған адамдардың басым бөлігі көп жағдайда бұрынғы өткен аталары түсіне еніп, «бақсылық қасиетті жалғастырасың немесе өзіңнің бір мүшең кем болады, әлде отбасың бір қиындыққа тan болуы мүмкін, ұрпақсыз қаласың» деп аян берілуі нәтижесінде осы бағытқа келгендігін айтады. Яғни, ата-бабаларының бірінде болған қасиет қан арқылы ұрпақтарына беріледі деген түсінік болған. Мұндайда келіп қонған «жын» мен адам арасында түсіністік болмаса, ол ауруға душар болады деседі. Егер қасиет қонғаннан соң, халыққа көмектесіп, адам емдесе ғана ауруынан айығады деген аңыздар бар. Аталмыш қасиетте бақсы атқаратын функцияның бірі- емшілікті көрсетеді.

Бақсылар көбінесе қобызда ойнаған. Тіпті, жындарды қуу үшін дәл осы аспапқа айна орнатылған деседі. Қазақтың көне аңыз-әңгімелеріндегі бақсылардың өз аспабын бәйгеге қосуы - оның бақсылардың «көлігі» деген ескі сенімдердің жаңғырығы болып табылады. Ал аса, асатаяқ, даңғыра секілді аспаптарды бақсылар жындарды қуу, шошыту, қорқыту мақсатында қолданылған. Пышақ, қанжар, айбалта, сарыала қамшы тәрізді өткір жүзді құралдар бақсылықтағы кең таралған атрибутына есептелген. Сондай-ақ, қажет болған жағдайда шалғы, кетпен, шот, төс, көрік, балға, балта, күрек іспетті шаруашылық құралдары да пайдаланылды. Мұнда да бақсының атқаратын функциясы- аспап арқылы адамдарды жындардан ада ету мақсаты тұр.

Бақсы киімі

Оның киім үлгісі де көрер көзге оғаш болып тігілген. Қамшысы үкі қауырсындарымен әшекейленген, бас киімінің түрі өзгеше, сырт киімдері үй жануарлары мен жабайы аңдардың терілерінен тігіледі және тағы басқа қазақ бақсысының атрибуттары асатаяқ, шылдырлауық, қоңырау, тұмар, қамшы және даңғыралардан тұрады. Ол қобыз немесе домбыра аспаптарында ойнап, бақсылық ойындарында жынын шақыратын» өзіндік сарындары болған. Бақсылық турасында Шоқан Уәлиханов өз еңбегінде тұңғыш ғылыми пікір қалдырған. Адамзат санасының жас шағын сипаттайтын көне наным-сенімдер ғұрпының ең еежелдегі үлгілері болғандықтан, антология бақсы сарындарымен басталды.



2.3. Бақсы сарыны ұғымына жалпы шолу

Жоғарыда айтып өткеніміздей, расында да, «бақсы сарыны» ұғымын термин ретінде алғаш рет Ш.Уәлиханов еңбектерінде қолданыс табады. Ал бақсы сарыны дегеніміз не? Бақсы сарыны тамағынан қырнап шығып, көмеймен айту дәстүріне жақын. Әуенінде кең және «Олқы» секірмелер, сондай-ақ ырғақ екпінінің әркелкілігі, яғни әрбір тактінің соңында берілуі, көне дәуірде шамандар пайдаланған ұрмалы аспаптың соққысын еске салады. Яғни, бақсы сарыны дегеніміз- аспап арқылы жындарды үркіту жоралғысында қолданылатын өзіндік ырғақ деп анықтама бере аламыз.

Сейіт Асқарұлы Қасқабасовтың тұжырымына сәйкес, «Бақсы сарыны – тыңдаушысын үрейлендіріп, өзіне табындыру үшін айтылатын арнайы мәтіні бар әуен. Ол негізінен, қобыз сүйемелдеуімен айтылады. Бақсы сарынының нұсқаларын көбінесе, бақсылардың өздері шығарған. Олар халық поэзиясын, ән-күйін кеңінен пайдаланған. Бақсы сарынының сөздері екпінді және әсерлі болып келеді. Себебі, бақсылар «Жындарын» шақырғанда, өте ұтымды, батырлық жырларға тән әсірелеу, теңеулерді қолданып, түйдектете, екпіндете айтады. Бақсы сарындарының сөздері сегіз буынды жыр үлгісіне келеді. Бақсылар өз «Ойынының» әсерін арттыру үшін сарынға көптеген мифтік бейнелер енгізіп, «Жындардың» күресін суреттегенде, адамның есінде қаларлықтай образдар жасайды. Қазіргі кезде бақсы сарыны да өмірден өшкен әдет-ғұрыптардың бірі»-деп ұғымға толық анықтама береді.

Оның негізгі сипаты — синкреттілігі болып табылады. Бақсы сарынын орындаушылар әрі ақын, әрі биші, әрі сазгер. Олар  аруақтармен, жындармен  өзіндік сарынымен тілдесіп, іс-әрекетін би қимылдары арқылы жүзеге асырылады. Бақсы сарыны қазақ халық поэзиясына тән 7 — 8 буындық жыр немесе 11 буындық қара өлең өлшеміне сай жазылып, арнайы музыкалық аспаптағы ырғақпен орындалған. Бағзы заманда бақсылар асатаяқ, кепшік секілді ұрмалы аспаптарды қолданса да, негізгі құралы — құлағына қоңырау, жындарды қуу мақсатында айна орнатқан қасиетті қобыз. Бақсы сарыны шынында, қазақ ұлттық музыка мәдениетінің тарихи қалыптасуын, оның негізгі ерекшеліктерін зерттеу үшін аса қажетті, маңызды асыл қазына қатарында...

Оның фольклорлық-этнографиялық үлгілерін жинақтап, нотаға түсірген әдебиетші-ғалымдар қатарында Ә. Қоңыратбаев, М. Ғабдуллин, С. Қасқабасов, А. Затаевич, Б. Ерзакович, Б. Қарақұлов, Т. Бекхожина сынды біршама тұлғамыз бар. Аталмыш зерттеулер бір-біріне ұқсамаса да, сол негіз нәтижесінде Бақсы сарынының нағыз стильдік ерекшеліктерін жіктеуге, саралауға толық негіз бар. Олар: музыкалық-әуенді-сөздік құрылымы, октава көлемінен аспайтын шектеулі диапазоны, аралас метрикалық өлшемі және бірде диатоникалық, бірде хроматикалық жүйеге жуық әуендік негізі.

Қазіргі таңда, бақсылық үрдісінің біртіндеп жойылып келе жатқандығына байланысты бақсы сарыны да бүгінгі күнде жоқтың-қасы. Бүгінде тарихпен ғана байланысты бұл сарын өмірден өшіп бара жатқан әдет-ғұрыптардың қатарына қосылған.



2.4. Қазақ тарихындағы бақсылар

Ғылыми жобаның дәл осы бөлімінде қазақ тарихында қалған бақсылар жайында сөз қозғамақпыз. Оның ең біріншісі әйгілі Қорқыт бабамыз.

Көпшілігі күйші ретінде таныған бабамыздың ертедегі танымалдығы мұнымен шектелмеген. Ел аузындағы әңгімелерге қарағанда Қорқыттың әкесі қара бақсы аталған ғұлама адам болған деседі. VІ-VІІ ғасырлардағы оғыз-қыпшақ дәуірінде өмір сүрген Қара бақсы болашақты болжап айта алатын, санасыздарға саналы ой салатын дана, көрегенді, жалаң аяғымен қызыл шоқ басқан, ағын суды тоқтатқан, көкке ұшып, жерге түсе алатын ерекше қасиетке ие болған деген аңыз-әңгімелер кездеседі. Ал академик Әлкей Марғұлан Қара бақсыдан туған Қорқытты бақсылардың бабасы деп таниды. Қазақ фольклорының ірі жанашыры Ә. Диваев жинағында Қорқыт туралы мынадай жыр жолдарын арнайды.

«Әуелі бақсы пірі Қорқыт ата,

Тілеймін ғафу ет деп кетсе қата.

Адамнан ер Сүлеймен өткеннен соң

Мойныма көп жамағат салған бата» деп халыққа басқа да қырларын көрсетеді.

Екінші, Қойлыбай есімді бақсы. Ш.Уәлиханов Қойлыбайды “бақсылардың бақсысы әрі пірі” деп пікір қалдырса,  Ә.Марғұлан “Қорқыттың қобызын, оның сарынын ең алғаш рет мирас еткен кісі – Қойлыбай бақсы. Ол Қорқыттың шәкірті болып саналады” деген тұжырым келтіреді.

Тіпті, М.Жұмабаевтың көпшілікке таныс «Қойлыбайдың қобызы» атты шығармасы осы кісіге арналған. Оның қобызы 200 жүйріктен оза шапқан екен.Дастандағы ақпаратқа сәйкес, ол

«Ертеде ел бар екен қалың Найман,

Қытайға қалың найман қанат жайған.

Қалың найман ішіндег бағаналы

Қазақта бақсы асқан жоқ Қойлыбайдан» деп таныстырылады.

Көкше бақсы-Шыңғыс хан заманының ұлы бақсысы – әкелі-балалы Мұңлық және Көкше. Қаһарлы ханның Қазақ даласы мен Орта Азияға жасаған сапарының жолы ашқан осы бақсылар деп жазылған дереккөздері кездеседі.

Көкше бақсы Шыңғысханға: «Мен тәңірінің өзімен тілдесіп тұрамын. Көкке шығып жүремін… Сенің жорығың сәтті болады, болашақта дүниенің билейсің!» деп сәуегейлік танытқан. Расында да, бұл көріпкелдігі оңынан келіп, Шыңғысханның даңқы әлемге таралады.

Есенғабыл бақсы- Есенғабыл өз кезеңінде даңқы елге таралған үлкен бақсы, алыс-жақынға аты шыққан айтулы адам болағн деседі. Бақсының шыққан тегі – Қақсал атанған Арғынның Шегендік руынан. Қазақ шежіресінде Арғын тайпасының ішіндегі Шегендік – Мейрамның бес ұлының бірі және Қақсал руының түп-төркіні ретінде айтылғаны болмаса, көп жағдайда ру атауы ретінде жазба деректер мен ауыз әдебиетінде Қақсал атауы қолданылады. Шежіреші Мәшһүр Жүсіп: Шегендіктің лақап есімі жөнінде «…Қақсал деген де кісі аты жоқ, қақсай берген соң Қақсал атанған» деп пікір қалдырған.

 

Есенғабыл бақсы – ХІХ екінші жартысында өмір сүрген адам. Шежіре деректеріне қарағанда, ол Бала бақсының ұрпағы болып саналады. Сонымен қатар, ол өзіне біткен қасиетін ел мүддесіне жұмсай білген көрнекті тұлға. Емшілікпен айналысып, талай адамның жанына дауа болған деген аңыз-әңгімелер ел арасында кең таралған.





ІІІ. ПРAКТИКAЛЫҚ БӨЛІМ

3.1. Бақсы сарынының бір үлгісіне талдау жасау

Діни-ғұрыптық фольклордың бір түрі – бақсы сарыны. Философ-ғалым Ғарифолла Есім «қазақта бақсылық бары рас. Бақсыны шаман десек қателесеміз, себебі бақсы дінге қатысты емес, ол балгер, емші, қазіргі тілмен айтқанда дәрігер дейді »- деп пікір қалдырған болатын.
Бақсылардың негізгі қаруы- олардың аспаптары. Бақсылар қобыздың көмегімен аруақтармен тілдесіп, адам емдеген, тағдырын айтып берген.  Бақсыларда ауру иесін сауықтыру үшін жасалатын ең танымал бақсылардың рәсімі ауру иесіне жабысқан жаман рухты малға аудару рәсімі ретінде саналған. Мұндай рәсімнің куәгері болған, орыс зерттеушісі Г. Потанин: «Қазақтар қатты науқастанған кезде ақ сарыбас қойды құрбандыққа шалады», - деп айтқан болатын. 
Бақсылардың ұғымында, жамандық иесі ешқашан өлмейді. Сондықтан да, адамға жабысқан немесе мазалаған жаман рухты ауырған адамнан басқа жаны бар тіршілік иесіне көшіріп жіберуге болады екен.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, Бақсы сарыны халық поэзиясына тән 7 — 8 буындық жыр немесе 11 буындық қара өлең өлшемінде құрылып, арнайы музыкалық сарынмен орындалған. Ғұрыптық қимыл-әрекеттердің орындалу ретіне қарай бақсы сарындарын төмендегідей сюжеттік қабаттарға бөлуге болады:

1. Пірлерге сыйыну – бақсылардың «кіріспе сөзі».

2. Жын шақыру – негізгі бөлігі.

3. Жын қайтару – қорытынды бөлімі.

Мысалы үшін, мына өлең жолдарына талдау жасайық:

Уа, терегім-терегім!

Бір күніме керегім.

Бейбақтың оты жанбайды,

Бейбақтың үйіне,

Шақырса қонақ қонбайды...

Мен, Жаманның ұлы Шақармын,

Көпті көрген мақармын!

Ойбай да терек, уай, терек!

Маған бір пәле тақалдың

Бұл Жаман бақсының сарынынан өзін жаманнан арашалап алғысы келіп, жоғары әлеммен байланысып тұратын тылсым күшіне «белгілі бір хабарды» жеткізіп, мәлім еткізіп тұрған жолдарды көреміз. Сарынның астарынан ешқандай нақты мағынаны көрмейміз, бірақ бұдан жынмен «контактіге» түсу үшін айтылатын «таныстыру» іспетті мәнде қолданылып тұр.

Қорыта келе, бақсылық – халықтың дәстүрлі дүниетанымның, идеологияның, мінажаттық ғұрыптардың, халықтық емдеу тәжірбиесінің қалыптасуына әсер еткен қазақ халқының этнографиялық мәдениетінің құрамдас бөлігі ретінде саналды. Бүгінде, халық арасындағы бақсылардың қолданылатын өз рәсімдері мен қабілеттері әдет-ғұрып ретінде қалыптасып, о бастағы діни сеніммен байланысын жоғалтқан. Қазақ халқын құрушы басты ру, тайпалардың арқасында ислам дініне кіргенімізге X ғасырдың шамасы болды. Соған қарамастан халқымыздың фольклорында, этнографиясында атадан балаға мұра ретінде қалып, бүгінгі өркениетіміздің мәдениетінде жойылып кеткен жоқ. Десе де, қазіргі таңда, қолданыс аясы өте тар деген пікірге келуімізге болады.













3.2. Ұлттық кітапханаға саяхат

Бақсы типі, оның функцясы жайлы ақпараттарды толықтыру мaқсaтындa Aлмaты қaлaсындaғы Ұлттық кітaпхaнaғa сaяхaт жaсaдым. Аталмыш саяхатымда тақырыпқа қатысты көптеген ақпаратқа қанық болдық.

Мәселен, Бақсы типінің шығу-тегі, зерттелуі, ерекшелігі сіз бен біз білмейтін мәліметке толы екендігі байқалды.

Қызығы сол, Бақсылық өнерді барлай зерттеген В.Н.Басилов «Избранники духов» атты еңбегінде: «Зікір кезінде бақсы суықтың не екенін сезбейді. Эвенкі бақсылары қатты аязда жартылай жалаңаш ұзақ мерзім далада жүретін. Суыққа төзімділік нганас бақсыларына да тән», – деп жазады. Күні бүгінге дейін ұмытылмай, халықтың жадында жаңғырып, сақталып келе жатқан «Нышан Әз» туралы әлгі әңгіменің ұлы нобайы әлем халықтары арасындағы бақсылықты тұтынған елдердің біразында ортақ желі ретінде сақталған.

«Мәдени және рухани даму, ұлттық сана-сезімді дамыту, шығармашылық қабілетті арттыру, ғылыми іздену жолында әдебиетімізді, ғылымымызбен тарихымызды мақтанышпен дәріптеу біздің борышымыз деп білеміз. Сондай-ақ, бақсы сарыны- бүгінде қолданыс аясы тарылып келе жатқан көне сарындардың бірі", - деп бөлісті Ұлттық aкaдемиялық кітaпхaнaның сирек кітaптaр секторының жетекшісі Дaриғa Дәуренбековa.



















ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

Қазақ халқының музыкалық фольклорында бақсы сарындары ерекше орын алады. Себебі: көне наным-сенімдер ғұрпының бұл түрі ертедегі кезеңдерден бастау алып, орта ғасырларда, исламға дейін және онан кейінгі дәуірлерде де жалғасып, Қазақстан аймағында кең таралған. Бақсы типі ертедегі халықтың наным-сенімінен туса, оның функциясы сан салалы. Яғни, көріпкелдік те, емшілік те бір бойына тоғысқан ерекше талант иелері. Олар тарихымыздың бір көрінісі.

Өзіндік ұрмалы музыкалық аспаптары, киім киіс ерекшеліктері тарихымыздың әр кезеңінен хабар береді. Бүгінде, аспаптар қолданыста болса да, бақсылардың өзі тұрмақ, атауының өзі қолданыста емес. Бірте-бірте тарих бетінде ғана қалғандығын көрсетеді. Ғылыми жоба соңында, менің ұсынысым:

  1. Бақсы типінің қалыптасуы, оның функциясы жайында мектеп кітапханасына бұрыштамалар орнату;

  2. Жасөспірімдердің санасында бақсы типі, сарыны жайында кеңінен насихаттау нәтижесінде белгілі бір түсінік қалыптастыру. Қолданыстан мүлдем шығып кетпеуін қадағалау.

















ПAЙДAЛAНҒAН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.Ысмайло Е.Әдебиет жайлы ойлар.Ақындық өнер мен ақындар туралы, Алматы,1968.- 320 б.

2. Тұрсынов В. Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері. -

Алматы. 1976 - 200 б.

3. Бердібай Р. Халык ауыз әдебиетін жасаушылар мен дамытушылар. Билер сезінін фольклорлык сипаты // Эпос. Ел казынасы.Алматы,1995- 352 б

4. Уәлиханов Ш. Тандамалы. 2-бас. - Алматы: 1985 - 560 б.

5. Диваев Ә. Тарту. - Алматы: 1992 256 б.

6. Эуезов М. Әдебиет тарихы. - Алматы: 1991 - 240 б.

7. Уахатов Б. Қазақтың халык өлеңдері - Алматы: 1974 - 288 б.

8. Абылкасымов Б. Телконыр. - Алматы:1993 - 160 б.

9. Өмірәлнев Қ. «Оғыз қаған » эпосының тілі. - Алматы: 1988 - 280 6.

10. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр,аңыздар. - Алматы: 1985 - 368 б.

11.. Құнанбаев А. Кара сөз. Поэмалар. - Алматы: 1993 - 272 б.

12. Ыбыраев.Ш.

«Коркыт ата» энциклопедиялык жинақ.1999 - 800 б.

13. Отырар.Энциклопедия. - Алматы.2005 - 760 б.

14. Қазақ совет энциклопедиясы.-Алматы, 1973, 2-т. 600 б.

15.Мұхтар Әуезов энциклопедиясы.Алматы,2011-655 б.







PAGE \* MERGEFORMAT 20 


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!