Материалдар / Ғылыми жоба 10 сынып Сапарғалиқызы Бақерке
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ғылыми жоба 10 сынып Сапарғалиқызы Бақерке

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқырманға керек, көпұлтты мектептің тыныс тіршілігі жайлы жазылған. Толеранттылық, үйлесімділік орнаған білім ошағы жайлы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Ақпан 2021
366
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Аннотация



Қармақшы ауданы Ақжар ауылындағы № 28 орта мектебінің 10 «А» сынып оқушысы Сапарғалиқызы Бақеркенің ғылыми жұмысы.





Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан халқы Этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісімнің Қазақстандық үлгісі, жалпыұлттық құндылықтарын одан әрі нығайту мен дамытуды қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыстардың атқарылып жатқанын ерекше үлгіде баяндау.



Ғылыми жұмыстың мақсаты: Этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісімнің Қазақстандық үлгісін дамыту және жалпы ұлттық бірлікті нығайту. Ұрпақтар арасындағы байланыстарды дамыту және Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру және нығайту.



Мақсатқа жету үшін алға қойған міндеттерім: Ғылыми жұмыстарда дайындауда Этносаралық және Ассамблея жайында жазылған көптеген еңбектер, мақалалар, іздену қосымша құжаттарды кеңінен пайдалану.



Зерттеу барысы: Елімізде бірлік пен келісімді нығайтып, экономикалық, әлеуметтік табыстарға қол жеткізуге, саяси тұрақтылыққа мүмкіндіктер жасалады. Этносаралық төзімділік талантты және мақсатына жетуге ұмтылған жастарға табысты болуға кепіл береді.









19.09.19 жыл

Аннотация

Научная работа Сапаргаликызы Бакерке, ученицы 10 «А» класса

средней школы № 28 Кармакшинского района





Актуальность темы: Доклад о масштабных работах по обеспечению дальнейшего укрепления и развития общенациональных ценностей, Казахстанской модели межэтнической толерантности и общественного согласия

в Республике Казахстан.



Цель научной работы: Развитие Казахсктанской модели межэтнической толерантности и обещественного согласия и укрепления общенационального единства, развитие связи между поколениями и формирование казахстанского патриотизма.



Задачи для достижения поставленной цели: Изучение научных работ, статей о межэтнической толерантности и общественном согласии, широкое использование дополнительного материала.



Ход исследования: Создание всех возможностей для укрепления единства и согласия в стране, политической стабильности и достижения экономического и социального успеха. Межэтническая толерантность дает гарантию талантливой и целенаправленной молодежи.













19.09.19 год

Abstract



Scientific work of Sapargalykyzy Bakerke, student of 10«A» grade of №28 schools in Akzhar village, Karmakshy region.





Relevance of the themes: Specifically the people of Kazakhstan are working on a large- scale work on ensuring Kazakhstan’s model of interethnic tolerance and social harmony as well a strengthening the nation wide values.

The purpose of scientific work: Kazakhstan’s model of interethnic toleranceand social harmony is to strengthen the common unity. Development of ties between generations and Kazakhstan formation and strengthening of patriotism.



My goals are to achieve the goal : The wide range of works, articles, research articles and other documents written in the preparation of scientific works on the Interethinc and Assembly.



Research progress: The country has the potential to achieve unity and accord, achieving economic success and political stability. The Inter-ethnic community is talented and achieving its goals will help young people to succeed.













19.09.19 year

Жетекші мұғалімнің пікірі



Мен, Қаражанов Дінмұхамед Байназарұлы, оқушым Сапарғалиқызы Бақерке «Қазақстан халқы бірлігінің тарихи тамыры.» тақырыбында жүргізген ғылыми жұмысы үлкен нәтижеге жетеді деп ойлаймын. Оның көрінісі атап айтар болсақ, жұмыстың жүйелі және жоспарлы түрде ұқыпты және тиянақты түрде жүзеге асырылған. Оның дәлелі ретінде мазмұнын келтіруге болады. Кіріспе бөлімде оқушым Қазақстан халқы Ассамблеясы арқылы елдегі татулықпен бірлікті нығайту мақсатында осы ғылыми жобаның мақсатын, жобаның өзектілігін, міндеттері мен практикалық маңызын қамтып өткен. Бұл жерде ғылыми жетекші Еспенбетова Алтынның дұрыс және нақты бағыт-бағдар берілгені айқындалады. Осының арқасында оқушы үлкен жетістікке жеткен. Дәл қазір өзге ұлт өкілдерінің діні мен салт – дәстүрін жаңғыртуға барынша жағдай жасалған. Осындай ынтымақты бірлікке дүниежүзілік көптеген елдер қол жеткізе алмауда. Керек десеңіз, Қазақстан – Орталық Азияда ұлтаралық татулықты сақтап, алауыздыққа жол бермеген жалғыз ел.. Осы мәселені негізгі бөлімде жан-жақты таратып көрсеткен және тарихи маңыздылығын да келтіре білген.Қазіргі таңда өзге ұлт өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясының маңайына топтасып, өздерінің салт – дәстүрі мен мәдениеттерін дамытуда. Осы орайда 1995 жылы құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының алатын орны ерекше. Бүгінде бұл аталған достық шаңырағы қазақ жерінде тіршілік ететін ұлттық – мәдени орталықтардың басын қосатын және аз ұлттардың мүддесін қорғайтын мекеме есебінде нәтижелі жұмыс жасауда. Қорытынды бөлімде оқушым Сапарғалиқызы Бақерке қазақ елінде татулығы жарасқан 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Олардың барлығының жүрегінде бір ел, бір арман, бір сенім және барлығы да Қазақстанмен байланысқан. Еліміздің шаңырағында алаңсыз өмір сүруіміз бірінші Елбасымыздың көрегенді саясаты, екінші xалқымыздың еңбегінің жемісі. Осындай ізденіс,зерттеу жұмыстары арқылы үлкен жетістіктерге жететініне сенім білдіремін.







Жетекшісі: Қаражанов Д.Б









Мазмұны



І Кіріспе



ІІ Негізгі бөлім

2.1 Этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісімнің Қазақстандық үлгісі.

2.2 Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы – объективті қажеттілік.

2.3 Ел бірлігі – барша табыстарымыздың кілті.

2.4 Көпұлтты ауыл. Көпұлтты мектеп.





Қорытынды

Қазақстан – бірлік пен татулықтың мекені.

Пайдаланылған әдебиеттер.











Кіріспе

Азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім – біздің басты құндылығымыз. Көпұлтты еліміздегі татулық пен келісім, мәдениеттер мен діндердің үндесуі әлемдік эталон ретінде танылған. Қазақстан халқы Ассамблеясы мәдениеттер үндесуінің бірегей еуразиялық орталығына айналды.

Н.Ә.Назарбаев.

Егеменді елімізде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық, саяси өзгерістер жалпы білім беру жүйесіне игі әсерін тигізіп, соның нәтижесінде Қазақстанның ертеңгі тізгінін ұстауға қабілетті, жан-жақты, парасатты,ақылды,білімді,саналы ұрпақ тәрбиелеу көзделіп отыр. Тәуелсіз Қазақстан жерінде өсіп өнген қоғам жастары туған жерін,елін,Отанын құрметтей білуге міндетті. Ұрпақ тәрбиесі- Қазақстанда жүріп жатқан реформалар мен ғылыми- техникалық дамудың алғы шарттарының бірі. Сондықтан да Этникааралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің Қазақстандық моделі пәні қоғамда қалыптасқан төзімділікпен қоғамдық келісімнің дамуын жетілдіре отырып қарастыруды көздейді. Әлемдік тәжірбеде мойындалған бір ақиқат бар. Ол – елдің тыныштығы, бірлігінің нығаюы сол халықтың бейнесін танытады. Сол бейнені қалыптастырудың бастауы – елдік сана мен мемлекеттік сапаны қалыптастыру, барды баянды ету.

Бейбіт сүйгіш қазақ халқының сан ғасырлардан бергі тарихында аты аңызға айналған ел басқарған хандар мен билері, батырлары елдің амандығын, тыныштығын сақтауға мол үлесін қосқаны мәлім. Осы игі үрдіс қазіргі жаңа ғасырда да өз жалғасын тауып, әлем алдында Қазақстан досқа қамқор, дұшпанға кешірімді, көршілерге мейірімді ел екендігін дәлелдеп келеді. Осы аяулы арман, асыл мұраттың аясында тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарапынан ауқымды саяси қадамдар жасалып бейбітшілік пен достықты нығайтудың жарасымды үлгісі қаланып жатыр. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаев биылғы жылғы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол » атты Қазақстан халқына Жолдауында : «Толысқандықтың жаһандық сынынан өту үшін біздің топтаса білуіміз қажет. Біз барлық қазақстандықтар арасындағы сенімді нығайтуға тиіспіз! Бір-бірімізге тағатты болуымыз керек. Бұлар – Қазақстанның болашағына кілттер. Этносаралық келісім- ол өміршеңдік оттегі. Біз дем алған кезде оны байқамаймыз, ол өздігінен болады- біз тек өмір сүреміз. Бірлігіміз бен этносаралық келісімді біздің өзіміз сақтауға тиіспіз. Оны біз үшін ешкім ешқашан сырттан келіп жасамайды. » - деді. Бүгінде Қазақстан – бірлігі жарасқан, мейманасы тасқан, атағы әлемге асқан мемлекет. Жүз отыз ұлт баласы қазақ шаңырағының астында жиналып, дүрдараз болмай, дүрлікпей, бір үйдің баласындай тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Татулық, бірлік мемлекет өмірінің басқа да маңызды міәселелерін демократиялық жолмен шешу жолында Қазақстан халқы Ассамблеясы өзіндік үлесін қосты. Соның нәтижесінде Қазақстанның азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық келісім жөніндегі тәжірбиесін әлемдік қауымдастық үлгі ретінде мойындады, оны бәріміз мақтаныш етеміз. Әрине бұл оңай жолмен қолымызға тие қалған дүние емес. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстанда ұлтаралық келісімі және бірлігі Ассамблеясын құру ұсынысын енгізген сәттен бастап , бүгінгі күні көпұлтты Отанымызда саяси тұрақтылық пен ұлттық татулықты ұлтына, діні мен нанымына бөлмей, елдің барлық азаматтарының құқықтары мен мүмкіндіктерін теңдей сақтау жолымен қалыптасуына кепіл болған Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы, ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен қолымыз жеткен жетістік. Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған кезеңінде оның алдына қойылған міндеттер бүгінгі таңда тұтастай алғанда орындалды. Елде күллі этностардың теңдігі, олардың тілдері мен мәдениетін қайта түлету мен дамыту қамтамассыз етілді. Экономикалық саладағы нарықтық реформалар негізінен аяақталды, саяси жүйені демократиялау жүргізілді. Қазіргі уақытта Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғам мен мемлекеттегі орны мен рөліне ,біздің ішкі дамуымыздың сол сияқты сыртқы факторлар әсерінің де нәтижесі болып табылатын міндеттерді шешуге жаңа көзқарас қажет .Мемлекеттік ауқымды әрі маңызды кез-келген мәселені шешу гиосаяси даму перспективаларын алдын – ала болжауды, мемлекеттің тәуелсіз даму жолының мүдесіне тарихи маңыздылық пен ғылыми негізділікті ескере отырып, айрықша қажырлылық пен табандылықты талап етеді. Бұрынғы КСРО -да жүргізіліп келген ұлттық саясатты жүргізу және ой елегінен өткізудің принципті маңызы бар. Егер бүгінгі таңда кеңестік заман бір жолатта өткенге айналып біз оны жеткілікті дәрежеде жақсы білеміз деп ойласақ қателесер едік. Бұл жүйенің тарихи кемшілігі, тоталитарлық мемлекеттің аясында, оның үстіне пролетарлық интернационализм туы астында бүтіндей халықтардың күшпен көшірілуінде жатыр. Ал іс жүзінде бұл ұлттық сана- сезімнің серпінін ширықтыруға әкеп соқты. Бүкіл кеңес тарихы халықтардың сан рет бұзылғанын және тікелей геноцид фактілерінің орын алғанын көрсеттеді. Бұл миллиондаған азаматтар қаза тапқан 20-30 шы жылдардың аштығы. Қазақтардың саны жартысына дейін кеміді, орыс және басқа халықтар миллиондаған адал еңбеккерлерінен, білімді де кәсіпқой адамдарынан айрылды. Көптеген ұлттардың гендік қорына нұқсан келтірілді. Бұл халықтарды жаппай күшпен көшіру мен ұлттық құрылымдарды жою болды.

Ойластырылмаған экономикалық саясаттың және «ғасырлар жобаларын» жүзеге асырудың салдарынан шын мәнінде Қазақстанның бүкіл территориясын қамтыған елеулі экологиялық апаттар орын алды. Әскери ведомстволардың қызыметті зор зардаптарға әкеп соқты. Мұның өзі біз үшін Семей полигонының проблемасына, Арал теңізінің, Возраждение аралындағы биополигонның, Батыс және Орталық Қазақстандағы полигондардың қасіретіне айналды. Мұндай саясат кәдімгі қарсылықты туғызды.

Этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісімнің Қазақстандық үлесі

Елімізде ұлтаралық татулықтың салтанат құруы – біз мемлекеттің негізін құрайтын қазақ халқының саяси мәдениетінің биік деңгейге көтерілгенінің белгісі. Біле білсек, толеранттылық – үлкен құндылық. Мұны тәуелсіздікке қол жеткізген 20 – жылдағы маңызды жетістігіміз десек артық айтқандық болмас еді. Қазақстандағы полиэтникалық қоғамда негізінен екі мәдениеттің үстемдік құрып отырғаны белгілі. Біріншісі, сөз жоқ қазақ мәдениеті, бұдан кейінгі орында орыс мәдениеті тұр. Дәл қазір өзге ұлт өкілдерінің діні мен салт – дәстүрін жаңғыртуға барынша жағдай жасалған. Осындай ынтымақты бірлікке дүниежүзілік көптеген елдер қол жеткізе алмауда. Керек десеңіз, Қазақстан – Орталық Азияда ұлтаралық татулықты сақтап, алауыздыққа жол бермеген жалғыз ел. Бүгінде кең – байтақ қазақ жерінде 11 – тілде жастарға тәлім беретін мектептер жұмыс істейді. Біздің билік мұндай білім ошақтарының барлық шығындарын көтеріп отырғаны белгілі. Осыдан – ақ еліміздегі өзге ұлт өкілдеріне қандай жағдай жасалғанын бағамдай беруге болады. Сондай – ақ,мұндай мектептер өзге ұлт өкілдері жастарының қазақ тілін оқып – үйренуіне негіз болып отырғанын тілге тиек ете кетуіміз керек. Бұдан басқа ел аумағында 13 – тілде түрлі радиохабарлар тарайтыны белгілі. Бұны үлкен жетістік деп айтуымызға қақымыз бар.

Қазіргі таңда өзге ұлт өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясының маңайына топтасып, өздерінің салт – дәстүрі мен мәдениеттерін дамытуда. Осы орайда 1995 жылы құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының алатын орны ерекше. Бүгінде бұл аталған достық шаңырағы қазақ жерінде тіршілік ететін ұлттық – мәдени орталықтардың басын қосатын және аз ұлттардың мүддесін қорғайтын мекеме есебінде нәтижелі жұмыс жасауда.

Қазақстандағы аз ұлттардың өкілдерінің мұқтаждығын өтеуге, ұлтаралық қарым- қатынас арасында үйлесім орнатуға барынша жағдай жасалған. Барша ұлттардың азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік , мәдени құқықтарын қорғауға байланысты жүзеге асырылатын шаралар халықаралық стандарттарға сай және осы орайда өзге мемлекеттерге үлгі бола алатынын айта кеткен жөн.





Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы – объективті қажеттілік

Консититуцияны қабылдаудың және Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылуының 20 жылдығы салтанатты тұүрде атап өтілді. Осы даталарды атап өте отырып, бізге қазақстандықтарды рухани тқрғыда бұрынғыданда күштірек, топтасқан және бұрынғыдан да бетер тағатты ету маңызды. «Қазақстан, тек алға! атты біздің басты қағидатымыз тарихтың жаңа жауапкершілікті орамында жаңаша үн мен неғұрлым терең мағынаға ие болатынына сенімім мол. Баршаларыңызға біздің Отанымызды бұрынғыдан да зор биікке көтеретін жаңа шыңдарға қол жеткізуде табыстар тілеймін»,- деді тұңғыш Елбасы. Біз мұны терең ұғынып, әрбіріміз өзімізге жүктелген міндетті адал атқарып, Елбасы Жолдауындағы «Мәңгілік Ел» идеясына бірігуіміз қажет. Қазіргі күні Қазақстан халқы Ассамблеясы 470 ұлттық – мәдени орталықты біріктіріп отыр. Бұл – елімізде жүргізіліп отырған сындарлы саясаттың нақты нәтижесі.

Бүгінгі өткенімізді ой елегінен өткізе отырып, жаңа қоғамдық институт – Қазақстан Ассамблеясы өмір келген 1995 жылғы Наурызды еске алмай тұра алмаймыз. Ассамблеяға күдік келтірген қаншама күмәнданушылардың болғанын еске түсіргеніміз жөн. Дегенмен, өткен жылдар сонда қабылданған танымдар дұрыстығын қуаттап берді. Ассамблея арқылы біздің қолымызға ұлттық саясатты жүзеге асырудың қуатты құралы берілгенін, азаматтық қоғамның іргелі институты бой көтергенін өміріміздің өзі көрсетіп берді. Ассамблеяның қызметі халықаралық ұйымдардың, соның ішінде ЕҚЫЕ сияқты ұйымның жоғары бағасын алып, кеңінен танылды. Бірлікке апаратын жолдағы бұрынғы кедергілерді жойып, әдетке, ерекше мүдделерге, дінге, жас қарайластығына немесе басқа факторлардың қайсысына негізделгеніне қарамастан жаңа кедергілерді болдырмау – Ассамблеяның міндетіне жатқызылды. Сондай – ақ, адамдар арасындағы өзара байланыс пен қарым-қатынастарды күшейту арқылы біз біртіндеп ұлттық ынтымағымызды нығайтып, ұлттық әлеуетімізді ұлғайтамыз.

Ассамблея біздің отандастарымыздың бойында орта таптық психологиясын- жоғары ізгілік мәдениетіне ие, іскерлік пен жоғары өнімді еңбекке құлшынған патриот пен азаматтық психологиясын тәрбиелеуге өз үлесін қоса алады. Себебі, қазақстандықтардың әл-ауқаты да күшті болады.

Азаматтық бейбітшілік пен келісімнің, этносаралық және конфессияаралық үнқатысудың мемлекеттік саясатын біз басты бағытқа жету – өркенді көп ұлтты Қазақстанды құру мақсатында нығайтып, дамытатын боламыз, деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазіргі тарихтың кестесі мейлінше тығыз. Бұрындары жүзжылдықтар мен онжылдықтарға созылатын іс- бүгіндері қас қағымда атқарылады. Қазір мемлекеттердің басшылары мен президенттері күн сайын кездесіп жатады, ал кезінде тіпті көрші державалардың билеушілері бір-бірімен ешқашан кездеспеген немесе кездескен күнде де белгілі бір биліктің, яғни мемлекеттің жаңғыруы себепші болып отыған. Осыдан он жыл бұрын БҰҰ Ассамблеясында БҰҰ-ның мүше мемлекеттеріне мәні мен рухы қарапайым ғана мынадай ұсыныс жасадым: «Келіңіздер, күшімізді біріктірейік, ерікті ынтымақтастық қадамын жасап көрейік, сөйтіп дағдарыстағы өңірлер мен дамыған елдердің проблемаларын шешу үшін барлық елдердің әскери бюджетінен бір пайыз берейік» деп атап көрсеткен Н.Назарбаев.Бұл қайшылықты саябырсытуға, сөйтіп, мүмкіндігінше жаңадан бой көтеретін қайшылықтар мен шиеленісті жағдайлардан құтылуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда Ассамблея этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы маңызды құралға айналып, елімізде тұрмыс кешіп отырған барлық этностардың өзара тең құқықты қатынасын қамтамасыз етуші алаң рөлін атқаруда. Он төрт жылдың ішінде аталған құрылым қоғамдағы тұрақтылықты сақтаушы құралға айналғанын уақыттың өзі дәлелдеп отыр.

Ассамблеяның негізгі бағыты барлық этностық топтарды ортақ мақсатқа жұмылдыру болып табылады. Ассамблеяның өміршеңдігінің ең басты ерекшелігі – ол этностық топтардың қызметін бақылаумен айналысатын қарапайым ұйымға ғана айналып қоймай, сонымен қатар еліміздегі барлық ұлт пен ұлыстың мүдделерін бір арнаға тоғыстырушы, барлық азаматтардың этностық, діни ерекшеліктеріне қарамастан құқығы мен бостандығын сақтаушы толыққанды саяси институтқа айналуында.

Ел бірлігі- барша табыстарымыздың кілті

Аталған құндылықтарды ашатын шаралар қоғамдағы тұрақтылық пен этносаралық үйлесімді нығайтуға мәдениеттерді өзара байытуға қазақстандық қоғамдық келісім мен бірлік үлгісінің жетістіктерін көрсетуге бейбітшілік пен зорлық-зомбылық жасамау диалогы мәдениетіне бағытталған бұқаралық жалпыхалықтық сипат алуы тиіс. Сан ғасырлық мемлекеттік дәстүрі бар қазақстанда мемлекеттің зайырлы сипаты үнемі рухани негізбен өзара тығыз байланыста. Нәтижесінде, барлық әлемдік және дәстүрлі діндер негізінде жатқан рухани құндылықтар зайырлы мәдениетке азаматтық қоғам нормаларына білімге, еліміздің қоғамдық саяси өміріне кірікті. Көп этносты және көп конфессиялы қоғамды қазақстанның даму стратегиясының ресурсына айналдырып, руханилық пен азаматтылық қоспаны нығайтты. Бұл құндылықтарды ашу шараларының мақсаты- бейбітшілік пен татулықты нығайту, діни төзімділік, қайырымдылық, жалпы ұллтық сананың, мұраттың қалыптасуына жалпы азаматтық және демократиялық құндылықтар негізінде қоғамның ұйысуына көмектесу. Елдің жаңа даму кезіндегі стратегиялық басымдылық барлық азаматтар үшін ортақ құндылықтар мен қағидаттар жүйесін тануға бағытталған бірлікке жету болып табылады.

Қазақстан тарихы – бұл қиын қыстау кезеңдерде ізгілік дәстүрлерін, ынтымақтастығын және өзара көмекті сақтап қалған, әрбір соққыға қарсы ұйысып, бірлік арқылы жеңген ұлттың тарихы. Қазақстанда мемлекеттік тілдің рөлі туралы мәселелер шешілген. Оны игеру Қазақстанның әрбір азаматының міндеті мен парызы, қоғамдық өмірде жеке бәсекеге қабілеттілігі мен белсенді қатысуын белгілейтін мұраты болуы тиіс. Бұл- басты басымдық, рухани және ұлттық бірліктің басты факторы. Қазақстанда тұратын барлық этностардың рухани-мәдени және тілдік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мемлекет тұрақты көмек көрсетеді. Қазақстанның ұлттық мәдениетінің дамуы жаңа серпін алды: «Мәдени мұра» бағдарламасы іске асырылды. Еліміздің бай мәдени мұрасы мен өнері әлемдік рухани байлықтың бір бөлшегіне айналды. Тарих, мәдениет және тілдің ортақтығы елімізде өзіндік мәдени білім мен әлеуметтік- лингвистикалық кеңістіктің үйлесімдігін құрды. Бұл құндылықтардың барлық түрін ашатын шаралар ұлттық тарих пен мәдениетті дамытуға және зерттеуге тарихи сананы нығайтуға , мәдениеттердің өз ара сабақтастығын, мемлекеттік тілдің әлеуметтік және коммуникативті түрлерін күшейтуге, әлемдік қоғамадастықтың интеграциялық құралы ретінде ағылшын тілін үйренуге , орыс тілін сақтауға, этностардың тілін дамытуға бағытталуы қажет. Этностық топтардың мемлекеттік тілдерді меңгеру жетістіктері, қазақ қалқының бірінғай ролін, оның тарихы мен мемлекеттілігін көрсету қажет. Қазақстан халқының Ассамблеясы – беделді халықаралық тұрғыда мойындалған қоғамдық форум, ол еліміздің хадлықтарын үйлесімді біріктіріп, бірлесе отырып осы заманғы ең күрделі сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік берді. Азаматтық бейбітшілік пен келісімнің, этносаралық және конфессияаралық үгқатысудың мемлекеттік саясатын біз басты бағытқа жету- өркенді көп ұлтты Қазақстанды құру мақсатында нығайтып, дамытатын боламыз, деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Теңестірілген ел саясаты, Қазақстан халқының лингвистикалық байлығын молықтыру біздің бірлігіміз бен прогрестің негізі болып табылады. Өткен жылдарда қоғамымызда мемлекеттіліктің бүкіл ғимараты тұрғызылған іргетас ретінде қазақ тілі мен мәдениеттің рөлін терең түсінудің орын алуы өте маңызды. Сонымен бірге, бүгінде отандастарымыздың өз тағдырына өзі қожа болу құқығын нығайта отырып, біз сондай – ақ бабалардың тарихи, мәдени мұрасын, қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрін, рухани тәжірбиесін толық мәнінде қалпына келтіріп дамытуға, сол арқылы шын мәнінде тең құқық беруге тиіспіз. Егер Ассамблеяның барлық мүшелері қазақ мәдениетін зерттеу мен таратуға барынша тікелей қатысатын болса, біз ел мен болашақ ұрпақтар алдындағы нарызымызды өтеп шығамыз, деді өз сөзінде Н. Назарбаев.

Біздің еліміз өрлеу үстінде, біз өөімізге және өз күшімізге сенімдіміз. Өзіміздің өскелен мүмкіндіктерімізді ескере отырып, біз алдымызға жаңа мақсаттар мен міндеттерді батыл қоюдамыз. Біз этнокофессиялық келіспеушілік болашақ қақтығыстардың негізіне айналуына жол бермеуге тиіспіз. Біз үшін және біздің өңір үшін бұл айырықша маңызды. Өйткені олар бірлігі бекем елдің болашағы да зор екенін біледі. Әлемдегі мемлекеттердің қайсысын алып қарасаңыз да ол өз болашағының жарқын болғанын және озық елдер арасында жүргенді тілейді. Бірақ кез келген мемлекеттің бұл мақсатқа қол жеткізуге дәрмені жете бермейді. Оның себептері әрі алуан. Адамзат дамуының өткенінен зер салып қарасақ, мемлекеттің ілгері дамуымен өркендеуіне бөгет болатын негізігі кедергілердің бірі ол – ел ішіндегі алауыздық пен берекесіздік екенін тарих көрсетті. Мәселен, қазақ қазақ болғалы талай заманды өткерді, талай зобаланды бастан кешті. Жаугершілікті де, аштықты да, бодандықты да, құғын-сүргінді де көрді. Қайсар қазақ халқының өткерген қиыңдықтарын, кешкен азаптарын айтып бітудің өзі мүмкін емес шығар. Еуразия құрлығының апайтөс даласы небір ұлы шайқастар мен ұлы жеңістердіңде күәсі болды. Байтақ жеріміздің қойнауы сол қиын қыстау кезеңдермен мерейіміз үстем болған замандардан сыр шертетін шежіреге тұнып тұр. Заманында жарты әлемді бағындырған ғұндардың, түркілердің, Монгол алып империяларының орталық ордасы да осы киелі далада орын тепкені баршаға аян. Ал, ХҮ ғасырдың ортасында «Ұраңымыз алаш, керегеміз ағаш» деп, киіз туырлықты көшпенділер құрған Қазақ хандығы бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттігі тарихының бастауы болғандығын зор мақтанышпен айтамыз. Себебі біздің тарихымыз ұлы тарих. Сондықтан оның насихатталуы да өзінің ұлылығына сайма-сай болғаны ләзім. Ол тарихты ешкім аттап өте алмайды. Алайда Ұлы дала тарихы өкінішке қарай, толық қанды қамтылды деу қиын. Әсіресе, мынау соңғы 250 жылға созылған бодандық тұсында, қазақ өз тарихын жаза алмады. Кезінде үлкендердің «қасқыр күшігінің тірсегін кессе, қасқыр болмай қалады» деген сөзін естуші едік. Қызыл империя сөйтті, тірсектен кесті. Ұлы дала рұхын сындыру үшін оның тарихын тартып алды. Шовинистік идеология тарихымызды насихаттамақ түгіл, зерттеуге тыйым салды. Содан кейін діни болмысымызды бұзды. Мәнгүрттеді. Дінің тартып алды. Тіліне де қиянат жасады. Ал тарихсыз, тілсіз, дінсіз халық та ұлт болып ұйыспайды. Ұлт ретіндегі табиғи болмысынан ажырайды. Кеңестік идеология ол мақсатына белгілі бір дәрежеде жетті. Сол тоталитарлық диктатура заманның сарқыншақ көріністері күні бүгінге дейін сақталып келеді. Қысқаша айтқанда, қазақ даласына отарлық идеологияның кірген ізі бар да, шыққан ізі жоқ. Ендеше ел боламыз десек, ұлттық рухты оятамыз десек ең алдымен елдің тарихи санасын оятуға ден қою керек. Сондықтан да халықтың тарихи санасын қалыптастыру жолында алдымызда таудай жұмыстар күтіп тұр. Қазақта «Елу жылда ел жаңа» деген сөз бар.Тұтас бір ұлттың санасын өзгерту оңай шаруа емес.Оған уақыт керек.Қажырлы еңбек керек.Тарихымызға қатысты екі-үш кино түсірумен, газет-журналдарға мақала жариялаумен ұлттың тарихи санасын қалыптастыра алмаймыз.Ол жүйелі хәм кешенді мемлекеттік саясатты қажетсінетін дүниелер.Оны қозғасаң ар жағынан ұрпақ тәрбиесі сияқты үлкен мәселенің төбесі көрінеді. Ол отбасындағы, балабақшадағы,орта мектептегі,жоғары оқу орындарындағы тәрбие мәселелері.Ұлт санасын қалыптастыруда білім беру саласының маңызын елбасымыз Н.Ә.Назарбаевта үнемі айтып келеді.Мәселен,Елбасының Қазақстан жастары мен болашақ көшбасшыларының үндеуі түрінде ойластырылған «Қазақстан жолы» деген еңбегінде былай дейді: «Бәсекеге қабілетті ұлт туралы айтқанда ұмытылмайтын бір нәрсе – бәсекеге қабілеттілік; Бұл – ең алдымен барлық артықшылықтарыңды пайдалана білу деген сөз,бірақ оларды өзіміздің кім екендігімізді ұғынғаннан кейін ғана анықтауға болады.

Біз – ғасырлар бойы әлемдік өркениеттердің тоғысқан жерінде өмір сүрген әулеттердің ұрпақтарымыз.Ұлы дала қашан да әртүрлі мәдениеттер, тілдер, әскерлер,діндер,тауарлар,идеялар тоғысқан қиылыста тұрды.Мыңдаған жылдар бойы дала халықтардың генераторы болды. Ал ХХІ- ғасырда ол ерекше сападағы адамның генераторына, жаңа идеялардың генераторына айналуы тиіс.Біздің табиғатымызға біткен далалық ойлау машықтары,ғаламдық трендттер – икемділік пен жүйелілікті барынша толық бейнелеп көрсетеді.Көшпелілер қашанда икемделгіш болған және бір қарағанда, ешбір ақылға сыймайтын бір қасиеттері, оларды барлық іс-әрекеттері қашанда табиғаттың белгілі бір қайталанбалы кезеңінде және қоғамдық өзара қатынастардың принціптеріне сәйкес келетін.Сонымен бірге, «ұлттық багаж қазақстандықтардың дүниежүзілік жалпы білім беру кеңістігіне қосылуына кедергі болмауы және олардың бәсекеге қабілеттіліктерін төмендетпеуге тиіс.Бұл қасиеттер әрбір адамның бойына жанұя,мектеп,университет сияқты әлеуметтік институттарда сіңірілуі тиіс.Президенттің бұл ойынан ұғатынымыз ұлт санасын қалыптастыруда мемлекет негізгі күш болуы тиіс және қазақстанда идялогиялық саясат ең заманауи үлгіде болуы тиіс.Қазақстан - тарихи тағдыры ортақ этностардан құралған унитарлы мемлекет. Оларды ортақ құрылымның аясына біріктірудің сара жолы – Қазақстан халқы Ассамблеясын құру болды.

Ассамблеяны құру идеясына Қазақстан қоғамының тарихи бастаулары алғы шарт болды. Жаңа әрі теңдесі жоқ құрылымды іске асыру жұмыстары аймақтарды кіші Ассамблеялар құрудан басталды.Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамды топтастырушы тетіктердің біріне айналды.Шын мәнінде, ол ұлтаралық келісімнің Қазақстандық моделін жүзеге асырудың маңызды тетігі болатын.

1995 жылы 16 ақпанда Президент Н.Ә.Назарбаев еліміздегі ұлттық мәдени орталықтардың жетекшіл

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!