Материалдар / Ғылыми жоба 9 сынып

Ғылыми жоба 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
география пәні мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Желтоқсан 2020
1219
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

География пәні

Ғылыми жоба

Ақтөбе облысы

Әйтекеби ауданы

Жамбыл ауылы

Жамбыл жалпы орта білім беретін мектебі

9 «а» сынып оқушысы

Ғылыми жоба тақырыбы: Қарағанды өңірі топонимдерінің (жер-су атаулары) мағыналық және құрылымдық сипаттары.


Болатбекқызы Қарақат

Ғылыми жетекшісі: География пәні мұғалімі Маленкина Нургуль Абаевна


Тақырыбы:

Қарағанды өңірі топонимдерінің (жер-су атаулары) мағыналық және құрылымдық сипаттары.

Мақсаты:

Жер-су атауларын жинау, олардың шығу, пайда болу себебін анықтау, әрбір атаудың мән-мағынасын ашу.



Жобаның міндеттері:

  • Қарағанды және облысқа бағынысты қалалардың атауларын жинақтау;

  • әрбір атаудың тарихын, дүниеге келу себебін анықтау арқылы топқа бөлу;

- топонимдердің көне заман, ескі тарихымызбен тығыз байланыстығын көрсету.


Практикалық құндылығы:


-Өлкетанушыларға және өлкенің жер-су атауларын білгісі келетін оқушыларға арналған.


- География сабағында қолдануға болады.


























Аннотация

Осы ғылыми жобамызда Қарағанды өңірі топонимдерінің шығу, пайда болу себептерін зерттеп, материалдар жинақтадық. Бұл тақырыптың бүгінгі күнге қатыстылығы, өзектілігі сол: ұмыт болған тарихи атауларды өзгерген жер су аттарының анықталуы.

Жұмыс 4 бөлімнен тұрады.

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Қарағанды өңірі топонимдерінің мағыналық және құрылымдық сипаттары.

  2. Топонимдерді топқа бөлу

-Этникалық топ

-Жалқы есімдер тобы

-Жердің табиғи ерекшеліктерін айқын көрсететін атаулар тобы

  1. Тау кен өндірісімен пайда болған атаулар.

  2. Қазақстанның Ресей империясына қосылуына байланысты пайда болған топонимдер.

ІІІ. Қорытынды

ІҮ. Пайдаланған әдебиеттер




























Мазмұны.



I. Кіріспе


  1. Зерттеу бөлімі.


    1. Қарағанды өңірі топонимдерінің мағыналық және құрылымдық сипаттары.

2. Топонимдерді топқа бөлу:

- Этникалық топ;

- Жалқы есімдер тобы;

- Жердің табиғи ерекшеліктерін айқын көрсететін

атаулар тобы.

3.Тау-кен өндірісімн пайда болған атаулар;

4. Қазақстанның Ресей империясына қосылуына

байланысты пайда болған топонимдер.



III. Қорытынды.



IV. Пайдаланған әдебиеттер.




















Кіріспе.



Көне түркі салт-сана, әдет-ғұрпының қаймағы бұзылмаған қазақтарда өмірдің бір саласын қамтитын тарихи оқиғалармен байланысты жер-су атаулары, адам аттары, тағы да басқалары есте сақталып, атадан балаға жалғасып жатады.

Шоқан Уәлиханов


Топонимика географиялық атауларды зерттейтін ономастиканың бір бөлімі. Топономика гректің topos - орын + опума - есім, ат деген сөздерінен алынған. Ол өзен, су, құдық, бұлақ, көл, теңіз аттарын; тау, сай-сала, қырат, жоталар, асулар, орман-тоғай, жайлау аттарын; елді мекендердің аттарын жан-жақты зерттейді. Әрбір атаудың өз тарихы, дүниеге келу себебі бар.

Кез-келген елдің өткені мен бүгінінің сабақтастығы оның жер-су атаулары – топонимдері арқылы көрініс табады. Қазақ елінің де жер-су атаулары халықтың сан ғасырлық тарихынан сыр шертеді. Осы себепті де және еліміздің басынан өткен «сан қилы» заманда көптеген топонимдердің өзгеріске ұшырауына, ұмыт болуына байланысты да жер-су атауларын зерттеу бүгінгі күні өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.




I. Зерттеу бөлімі.


1.Қарағанды өңірі топонимдерінің мағыналық және құрылымдық сипаттары.


Сарыарқа өңірі тарих пен мәдениетке бай қазыналы өлке. Сарыарқа өңірінің үлкен бөлігін қамтып жатқан Қарағанды облысының территориясында сан мыңдаған жер-су атаулары бар. «Жер-су аты, тарихтың хаты» демекші, бұл атаулардың түп-төркінінде өңіріміздің талай тарихының сыры жатқаны айқын

Қарағанды облысының топонимдері де республикамыздың басқа өңірінің топонимдеріндей қоғам өмірі, халық тіршілігімен тығыз байланысты. Олардың құрамында әрбір кезеңдерде Қазақстанды, Қарағанды облысын мекендеген әр алуан елдің тілі мен сөзінен қойылған географиялық атаулар көптеп кездеседі. Облыс топонимдерінің бір тобы көне заман, ескі тарихымызбен тығыз байланысты .

Облыстағы әрбір топоним белгілі бір замана құбылысына, өзгерісіне қарай әр түрлі мағұлматқа: түрлі соғыстар, халықтық әдет-ғұрып, салт-сана, халықтардың қарым-қатынасына және т.б. тарихи оқиғаларға бай.





2. Топонимдерді топқа бөлу.


Профессор Т.Жанұзақов топонимдерді лексикалық тұрғыдан екі үлкен топқа бөледі.

1. Адамдардың іс-әрекеті, тұрмысы және қоғамдық өміріне қатысты атаулар.

2. Жаратылысқа қатысты атаулар.

Топқа бөле отырып, мән-мағынасын ашып, олардың адамның іс-әрекет, тұрмысы, қоғамдық өмірімен байланысын анықтайды.

Сонымен, көптеген зерттеушілер тарапынан (О.Т.Молчанова, О.А.Сұлтаньяев, Т.Ж.Жанұзақов, Е.Ә.Керімбаев т.б.) қолдау тапқан лексика-семантикалық классификацияны негізге ала отырып, өлке топонимдерін үш топқа бөлдік:


1. Этникалық топ.


2. Жалқы есімдер тобы.


3. Жердің табиғи ерекшеліктерін айқын көрсететін (жер бедері, өсімдіктер, топырақ т.б.) атаулар тобы.


Этникалық топ:



Ақша-Қожай - Қарағанды облысындағы мекен аты. Қос этноним: Ақша және Қожай этникалық топтарының аты.

Атығай - мекен аты (Балқаш көлінің оңтүстік жағалауы). Қазақ тілінде - этникалық топ атымен аталған.

Топаркөл - Нұра ауылының учаскесі. Түрік тілінде этникалық топ атауы. Топаркөл -«Топарлардың көлі» мәніндегі атау.

Бағаналы - Ұлытаудағы мекен аты. Қазақ тілінде этникалык топ атауы. «Баған таңбалы» мағынасындағы атау.

Барақ - Қарағанды облысының Ұлытау ауданының солтүстігінде Барақкөл аталатын көл бар. Ол көне заманнан қалған шұңқырда орналасқан. Көл атауындағы Барақ сөзі көне дәуірлерден белгілі тайпа атынан қойылған. Немесе Барақ деген кісі атынан қойылған көл деге мағынада.

Боғажелі - Ұлытау ауданындағы көне елді мекен аты. Түрік тілінде этнонимі. Осы күнге қазақ этнотопонимдері.

Кеңгір - өзен, село, Ұлытау ауданы, Қарағанды облысында. Оның Қаракеңгір, Сарыкеңгір атты тармақтары бар. Сарыкеңгір Қаракеңгірге құяды да, Қаракеңгір Сарысу өзеніне қосылады. Кеңгір ескі, көне атаулар қатарына жатады, сондықтан да халық арасында оның мағынасы белгісіз. Бұл атаулар алтай, көне түркі дәуірлерінен белгілі этнонимнен жасалған.

Қазыбек - Қарағанды облысының Жезқазған өңірінде ұзындығы - 59 км болатын Қазыбек деген өзен ағады. Сарысу алабындағы бұл өзен Ұлытаудың солтүстігіндегі бұлақтардан басталып, Қара-Кеңгір өзеніне құяды. Бұл атау Қазыбек немесе Қазы руларының, болмаса Қазыбек бидің атына байланысты қойылғаны, яғни этнонимнен, немесе антропонимнен жасалғаны белгісіз.

Мадьяр бұлақ - Қарағанды облысының Ұлытау ауданында Мадьярбұлақ деп аталатын бұлақ бар. Мадьяр - венгер халқының өзіндік атауы. Қазақстанда Орта Жүз Арғын ішінде мадьяр атты ру бар. Кейбір венгр ғалымдары венгерлер мен қазақ халқының арғы аталары Есіл-Еділ арасында іргелес отырып, аралас-құралас өмір кешекенін айтады. Зерттеушілер венгер тілінің түркі тілдерімен жақындығын, ұқсастық белгілерін анықтады, көптеген сөздері қазақ тіліндегі сөздермен сәйкес келеді. Мадьярбұлақ - осы қазақ ішіндегі ру атына немесе сол этнонимге байланысты кісі атына қойылған.

Ноғайсай - Қарағанды облысының Ұлытау ауданында Ноғайсай аталатын құрғап қалған өзен, сай бар. Бұл атау белгілі этнонимнен, халық атынан қойылған.

Ақшатау - поселке аты. Ақшатау – қазақ тілінде этникалық тобына тән атау.

Арғынбай - Қарағанды облысының Ұлытау ауданында Арғынбай аталатын өзен бар. Атаудың кісі есімінен қойылғанын Арғынбай сөзіндегі бай қосымшасы білдіріп түр. Ал, Арғын - Орта Жүздің белгілі ру аты.


Байшегір - өзен. Бұл этногидроним, яғни ру атынан қойылған өзен.


Есен - өзен. Бұқар жырау және Жаңаарқа ауданының жерін басып ағады да Нұра өзеніне құяды. Басын Арқалық тауынан алады, ұзындығы 85 км. Есен, шежіре деректеріне қарағанда Орта Жүз Арғын тайпасының Қанжығалы руынан тарайды. Аты аталған өзенге жоғарыдағы ру атының берілуі әбден мүмкін.



Жалқы есімдер тобы.


Бабаев атындағы ауыл - Ауыл агроном-ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Авиация апаты кезінде қаза тапқан, Қазақ егіншілік институтын басқарған Қылыш Бабаевтың (1913-1948) құрметіне аталған.

Баймырза – қыстау. ХІХ ғасырда өмір сүрген байдың есімімен аталған.

Ботақара – елді мекені /көл/тау/. Орталық Қазақстандағы ұсақ таутөбелері. «Қара» сөзі көлемді көрсететін анықтауыш. Ал «Бота» сөзі халықта ХVIII ғасырда өмір сүрген Нарбота батырдың есімімен байланысты. Ел ауызындағы аңыз бойынша осы таутөбешіктердің арасында қазақ пен қалмықтың ортасында шайқас болған. Қазақтың жауынгерлерінің басшысы Нарбота батыр, ал қалмақтар әскерінің басында – Шешен есімді қыз тұрды. Сондықтан, қазақтар бекінісі Ботақара, ал қалмақтар жағы Шешенқара деп аталынды.

Бұқар жырау ауданы - Қазақ поэзиясының тарихындағы ең соқталы тұлғалардың бірі Бұқар жыраудың есімін иеленген аудан 1928 жылы негізі қаланған Тельман және 1938 жылы ашылған Ульянов аудандарының бірігуі нәтижесінде 1997 жылдың 23 мамырында қүрылды. Ауданның орталығы - Ботақара поселкесі (Бұрынғы Ульянов поселкесі).

Бұқар жырау - XVIII ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілдерінің бірі. Ол ұзақ өмір сүріп, көптеген тарихи оқиғалардың куәсі болған қазақ жырауы, мемлекет қайраткері 1668 жылдар шамасында туған, ол ерте кезден көзге түсіп, Тәуке ханның тұсында-ақ (1718 жылы өлген) қабырғалы би болған деседі. Бұқар жырау Қалқаманүлы Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының аумағындағы Далба тауының бір сілемінде жерленген.

1993 жылы жыраудың 325 жылдық мерейтойын атап өтіп, Бұқар жырау жерленген Далба тауының етегінде халқымыз әулие деп танитын үлы абыздың кесенесі салынып, ол 21 тамыз күні салтанатты түрде ашылды. Табаны үш таған болып келетін, биіктігі 12 метрге жететін бұл ғимарат қазақтың үлттық бас киіміне үқсас келеді де, кезінде үлы бабамыз аңсап кеткен үш жүздің, бүкіл елдің бірлігін бейнелейді. Кесененің ашылу салтанаты көне Далба тауы етегіндегі салқар тойға үласты.


Құртқа - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында Құртқа өзені әйгілі «Қобыланды батыр» эпосындағы қалмақ ханы Алшағыр мен Қобыландының жұбайы, Қызылбас елінің ханы - Көктемнің қызы - Құртқа есімімен бірдей аттас. Құртқа сөзі ертедегі түркі тілдерінде «кәрі кемпір», «әже» деген ұғым берген.


Мәди атындағы ауыл - Қазақтың халық композиторы, әнші, ақын Мәди Бәпиұлының (1880-1912) құрметіне аталған. Ол жасынан өлең, жырға, домбыраға құмар болады. Мәди ел арасында әнші, ақын, серілігімен белгілі болды. Оның бүкіл өмірі әділетсіздікке қарсы күреспен өтті. Сол кездегі үстем тап өкілдерінің «Ұры» деген жаласымен Атбасар, Қарқаралы, Семей, Омбы түрмелерінде болады. Түрмеде елін, жерін сағынып әділетсіз заманға қатты налыған. Бұрынғы «Айрық» шаруашылығы 1990 жылдың 9 мамырында Мәди Бәпиүлының есімі берілді.


Қансүйек - Токаревка поселкесінің қазақша аты. Нұра жағасында жерленген, аты аңызға айналған Қансүйек батырдың атымен аталған.

Кондратовка (Кондратьевка) - село. Орыс-жапон соғысының батыры, өжет генерал Кондратенко Роман Исидорович құрметіне аталған.


Скобелевка - село. Генерал, әскер басшысы Михаил Дмитриевич Скобелев (1843-1882 ж.) атымен байланысты аталған. 1908 жылы орыс-түрік соғысының Жеңіске 40 жыл толғанын Ресейде аталып өткен. Осы соғыстың батыры М.Д.Скобелевтың құрметіне селоға жаңадан келген патриот - тұрғындар атаған.



Арғынбай - Қарағанды облысының Ұлытау ауданында Арғынбай аталатын өзен бар. Атаудың кісі есімінен қойылғанын Арғынбай сөзіндегі бай қосымшасы білдіріп түр. Ал, Арғын - Орта Жүздің белгілі ру аты.


Барақ - Қарағанды облысының Ұлытау ауданының солтүстігінде Барақкөл аталатын көл бар. Ол көне заманнан қалған шұңқырда орналасқан. Көл атауындағы Барақ сөзі көне дәуірлерден белгілі тайпа атынан қойылған. Немесе Барақ деген кісі атынан қойылған көл деге мағынада.

Есілбай - Қарағанды облысының Ұлытау ауданының жерінен Есілбай атты өзен ағады. Есілбай - кісі есімінен қойылған атау.


Жұмабай - Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы өзен аты. Ол кісі есімінде жиі кездеседі. Жұма араб тілінде екі түрлі ұғым береді: біріншісі - құдайға құлшылық ететін күннің аты, (аптаның бесінші күні); екіншісі - апта. Әдетте аптаның бесінші күні (жұма күні) туылған балаға осындай ат қойылады.


Қазыбек - Қарағанды облысының Жезқазған өңірінде ұзындығы - 59 км болатын Қазыбек деген өзен ағады.. Бұл атау Қазыбек немесе Қазы руларының, болмаса Қазыбек бидің атына байланысты қойылғаны.


Нөгербек - Қарағанды облысының Ұлытау ауданында Нөгербек (Нөкербек) дейтін өзен бар. Монғол тілінде «нөкер» деген сөз «жолдас», «дос» деген мағына береді, оған бек сөзі қосылып, кісі есімі жасалған да, ол өзен атына ауысқан.

Райымбек - өзен. Қазақтың белгілі батырының есім


Рысбай - Қарағанды облысының Ұлытау ауданында Рысбай бұлағы бар. Рысбай атауы көне түркі тілдерінде, Орхон-Енисей жазбаларында кездесетін Ырыс сөзінен жасалған. Бұл сөз орыз, ораз, рыз формаларында да қолданылып, «бақыт» деген мағына береді. Ырыс сөзі мен бай терминінің бірігуімен Ырысбай деген кісі есімі жасалып, одан бұлақ атына ауысқан.

Абылқайыр - Қарағанды облысы, Шет ауданындағы өзен аты. Абылқайыр - кісі есімі.


Шерубай-Нұра - Қарағанды облысының Абай ауданында Шерубай-Нұра деп аталатын өзен және аттас бөген бар. Атау дара мағыналы екі сөзден жасалған, бірінші Шерубай сыңары кісі есімінен жасалған. Ол көне түркі тіліндегі шери, алтай тіліндегі черу - «әскер», «армия» дегенді білдіретін сөз, ал ұйғыр, өзбек тілінде шериқ деп аталып, «әскер, қолбасшы» деген мағына береді. Бұл сөзге қазақ тіліндегі бай сөзі қосылып кісі есімі жасалған.

Жәмші - Қарағанды облысының Ақтоғай, Шет аудандары жерінен Жәмші деп аталатын Ұзындығы 117 км. өзен ағады. Ол Қызылтас тауының оңтүстік беткейінен басталып, Қарабұлақ мекені тұсында тартылып қалады. Бұл өзенді Жаман, Қарасай деп те атайды. Жәмші - Үш Оқтан тараған қазақтардың бір тайпасының аты. Оның есімі жоғарыда аталған өзенге және сол жердегі ауылға қойылған.

Түменбек - шоқы. Энтуазист ауылының солтүстік-батысында 1,5 км жерде орналасқан. Көп уақыт бойы кошпелі қазақтардың кыстағы болған. Шоқы дәулетті адамның есімімен аталған.


Ерейментау - таулар. Ерейментау - кезінде бұл жерде тұрған кісінің құрметіне аталған Ереймен таулары.


Осакаровка - Осакаров ауданының орталығы, темір жол стансасы. Атаудың екі нұсқасы бар: 1) «Аса қарлы мекенжай» деген қазақша сөйлемшеден шыққан сөз. 2) Наурызек руынан Асқар деген кісі осы мекеннің иесі болған дейді. Оның қыстағы кейін осы жерге салынған Ералы ауылының жерінде орналасқан. 90-шы жылдары столыпин реформасы кезінде, бұл өлкеге орыс қоныс аударушылар келіп, өздерінің селенияларын құрған. Олар қазақша сөйлеу білмегендіктен, қазақша атауларды өздерінше өзгертіп айтқан. Сөйтіп, «Аса қарлы» және «Асқар» елді мекені «Осакаровка» болып аталып кеткен.



Жердің табиғи ерекшеліктерін айқын көрсететін (жер бедері, өсімдіктер, топырақ т.б.) атаулар тобы.



Аққұдық - Тихоновка поселкесінің қазақша аты. Атау «құдықтың суға толып тұрғанын» білдіреді.


Аққұм - Балқаш көліндегі түбектің, елді мекен аты. «Ақ» сөзі құмның түсін көрсетпейді, сипатын көрсетеді. Этимологиясы: «сусымалы, ақпа қүм».


Ақжал - Қарағанды облысындағы жал, жұмысшы кент аттары. Ақжал - «бозарыңқы, ағарып көрінетін жал» немесе отты жал мәндес атаулар.


Ақтақ - Жезқазған өңіріндегі таулы жер аты. Көне түрк тілінде ағ және тағ компонентерінен құралған атау, яғни «ақтау» мағынасында.



Ақтас - жұмысшы кенті. Ақтас атауы өзінің тіке мағынасында (ақ және тас компонентерінен құралған атау).

Ақөлең - Жезқазған өңіріндегі мекен аты. «Ақ өлең шөпті» мағынасындағы атау.


Андагүл - Балқаш маңындағы жазық даланың аты. Қазақ тілінде аңды және гүл сөздерінен құралған атау.


Андасай - даланың аты. Бетпақдаланың оңтүстік-шығысындағы жазық (Құланөтпес - Бүркіттау аралығы). Түрк тілінде анда және сай компоненттерінен құралған атау. Этимологиясы: «аңды сай»

Арыснұра - өзен аты (Жезқазған өңірінде). Этимо

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ