Материалдар / Ғылыми жоба Әл-Фараби
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба Әл-Фараби

Материал туралы қысқаша түсінік
әл-Фараби туралы толық мәлімет берілген
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қаңтар 2021
419
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақтөбе облысы

Шалқар қаласы

«№3 ЖОББМ»КММ



















«Әл-Фарабидің өмірі мен қызметі»

















Орындаған: Әбдіжамил Асемай Нұрбекқызы

Жетекшісі: Боранбаева Клара Усынысовна

География пәні мұғалімі











Шалқар қаласы 2020 ж

Мазмұны:

І. Кіріспе



ІІ.Негізгі бөлім

-Әл-Фарабидің өмірі

-. Әл- Фарабидің қызметі



ІІ І.Қорытынды



Пайдаланылған әдебиеттер





































Аннотация



Зерттеу жұмысы мың жылдан артық уақыт өтсе де,аты ауыздан ауызға жатталып, еңбектері уакыттың, мезгілдің қатыгез сынынан мүдірмей өткен,сол адамзат ұлдарының, тарих перзенттерінің бірі Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмірі мен қызметі туралы.

Зерттеу жұмысының өзектілігі.Ғылым мен мәдениетте көрнекті із қалдырған ортағасырлық ойшыл,энциклопедист-ғалым, Шығыс Ренессансының көшбасында тұрған дара тұлғалардың бірі, өзінің білімділігі мен сауаттылығының арқасында,"Екінші Ұстаз"атағына ие болған

Әл -Фарабидің еңбектері мен қызметімен ерекшеленеді.

Жұмыстың мақсаты: Әл-Фараби бабамыздың математикалық мұраларының мазмұнын қазіргі математика мазмұнымен сабақтастыра отырып, оларды математикадан заманауи білім беруде жаңа ақпараттық технологиялар көмегімен тиімді қолдану жолдарын көрсету болып табылады.

Осы зерттеуді жүргізу нәтижесінде бір жағынан, математиканы оқыту, яғни Әл-Фараби математикалық мұраларын оқыту; екінші жағынан, информатика оқыту, яғни Әл-Фарабидің математикалық мұраларын оқытудың электрондық құралдарын жасап оқыту жүзеге асырылды.

Осы максатка жету үшін келесідей міндеттер аныкталды:

-Әл-Фараби табиғаттану туралы ойларын математикалық есептерге негіздейді

Әл-Фараби аспан шырактарын бақылау ы, жұлдыздардың жылжу бағытын анықтауы;

-Күн мен Айдың тұтылу ұзактығын есептеп шығаруы;

- математика арқылы қалалардың орнын , географиялык бағытты аныктауы;

-математикалық жолмен күн сағатын, географиялык құбылыстарды түсіндіру.

Зерттеу жұмысының курылымы.

Зерттеу жұмысы кіріспеден, зерттеу бөлімі, корытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.



Жетекшісі: Боранбаева Клара Усынысовна









































І. Кіріспе

Тарихты білмей тұрып қазіргінің қадіріне жету, болашақты болжау қиын дейтін ғылымның өз қатдасы бар. Өміріміздің даму барысын дүрыс түсініп, ғылымның бүгіні мен ертеңін танып, бағдарлап отыруда ғылым тарихы маңызды орын алады. Расында адамзаттың жинақталған материалдық байлықтары қандай ұшан теңіз болса, оның рухани байлығының қоры да сондай көп. Бұлардың бәрі — баршаға бірдей ортақ қазына. Сол мәдени мұраны талдап, іріктей білу, оны қастерлеп бағалай білу, халыққа жеткізу — кейінгі ұрпақтың абыройлы міндеті.
Осы кездегі өркені өскен сан салалы ғылым мен мәдениетті жасауға талай елдің, талай үрпақтың таңдаулы өкілдері қатысты. Орта ғасырларда адамзат білімінің молайып, ақыл-парасатының жетілуіне орасан зор еңбек сіңірген ғұламаларының бірі — казак, топырағынан шыққан данышпан перзент Әбунасыр Фараби (870-950) болды.
Фараби және оның шәкірттерінің ғылым мен мәдениетті дамытудағы орнын анықтау, ғылыми мұраларын мұқият зерттеу өте үлкен маңызды жұмыс. Бұл жағдайды білімпаздар өте ертеден-ақ аңғарған сияқты. Сондықтан да болу керек, дүние жүзінің әр түрлі халықтарынан шыққан оқымыстылар Фараби мұраларын мың жыл бойы зерттеп келеді.
Қазақстан ғалымдары да бұл салада біраз жұмыстар істеді. Орыс және казак тілдерінде Фарабидің философиялык және әлеуметтік- этикалык трактаттарының жинақтары, орыс тілінде математикалык, тарихи-философиялык, логикалык, жаратылыстану ғылыми еңбектері, "Птолемейдің "Алмагестіне " түсініктемелері" жарык көрді. Ғұламаның философиялык, ғылыми еңбектерін зерттеуді, түсіндіруді, насихаттауды нысана еткен көптеген ғылыми-зерттеу монографиялар, кітаптар, мақалалар, көркем әдеби туындылар басылып шықты. Бұлардың ішінде осы еңбек авторының "Әл-Фараби", "Фарабидің математикалык мұрасы " (орыс тілінде), "Сөнбес жұлдыздар ", "Фараби еңбектеріндегі астрономия мәселелері" (орыс тілінде), "Фарабидің педогогикалық мұрасы "(орыс тілінде) монография, кітаптары, "Фараби Бағдат шаһарында " атты повесі, көптеген мақалалары бар.
Менің бұл рефератты жазудағы көздеген басты мақсатым, қолда бар материалдарға, мағлұматтарға сүйене отырып, ұлы ғалымның ғылым мен өнердегі қол жеткен табыстарының, мұраларының кейбір қырларын көпшілікке түсінікті түрде таныту болып отыр.























ІІ. Негізгі бөлім

Әбу Насыр бала күнінен ғылымға үйір болып өсті, оның бақытына қарай сол заманда Отырарда аса бай кітапхана бар еді. Әл-Фараби парсы, грек тілдерін үйренеді, осы тілде ғылыми трактаттар оқиды. Фараб пен Бұқарада бастапқы білім алған соң әл-Фараби өз білімін жетілдіру мақсатында Бағдатқа аттанады. Фарабидің дүниетанымының қалыптасуына Мерв мектебінің ғылыми дәстүрлері мен философиялық бағдарлары өз әсерін қалдырды. Бағдадта әл-Фараби ғылым мен әртүрлі пәндерді оқиды. Білімге деген құштарлығының арқасында әл-Фараби сол уақыттағы ғылым мен білімнің ордасы саналған Дамаск, Халеб, Каир, Шаш, Самарқан, Бұхара, Мерв, Нишапур, Рей, Хамадан қалаларында да болып, білімін үнемі жетілдірумен болды. Сол қалаларда оқыды, еңбек етті. Шығыстың осы шаһарларында ол өз дәуірінің ең көрнекті ғалымдарымен, көркем сөз деректерімен танысады. Олардан тәлім-тәрбие алады.

Әл-Фараби – көрнекті ойшыл, өзінің замандастарының арасындағы ең ірі ғалым, философ және шығыс аристотелизмінің ең ірі өкілі. Өзінің білімділігі мен сауаттылығының арқасында "Екінші Ұстаз" атауына ие болды. Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы орасан зор (150-ге жуық философиялық және ғылыми трактаттар), ал оның айналысқан ғылыми салалары ол – философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономия. Ғылыми еңбектерінің ең әйгілісі "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат" деп аталады. Оның атақты “Музыка туралы үлкен трактат” деген шығармасы әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.

Әл-Фараби философия саласы бойынша грек ойшылы Аристотельдің "Категориялар", "Метафизика", "Герменевтика", "Риторика", "Поэтика", бірінші және екінші "Аналитика", "Топикасы" және т.б көптеген еңбектеріне түсініктемелер жазды.

Әбу Насырдың Платон және Аристотель философиясындағы идеяларға арналған кітабы оның философия саласындағы аса көрнекті ғалым екенін әрі философия пәнін терең меңгергенін дәлелдейді. Фараби Аристотельдің әлеуметтік-қоғамдық идеяларын дамыта отырып, өз тарапынан да “Кемеңгерлік меруерті”, “Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы”, “Мәселелердің түп мазмұны”, “Ғалымдардың шығуы”, “Бақытқа жету”, “Азаматтық саясат”, “Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері” сияқты көптеген сындарлы философиялық еңбектер жазған. Фараби бұл еңбектерде дүние, қоғам, мемлекет, адамдардың қатынастары туралы заманнан озық тұрған пікірлер, пайымдаулар айтады.

Әл-Фарабидің еңбектері күні бүгінге дейін өз мән-маңызын жоғалтқан жоқ. Әл-Фарабидің мемлекет, ел басқару жөніндегі тұжырымдары, әлеуметтік-этикалық саяси көзқарастары бүгінгі қоғам үшін де айрықша маңызды. Оның еңбектері еуропалық Ренессанстың өрлеуіне үлкен ықпал етті. Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі мәдениетін табыстыруда зор рөл атқарды. 





















ІІІ. Қорытынды

Қорытынды жасап, былай айтуымызға болады: белгілі шығыстанушы ғалым Бобожан Ғафуров Шығыста Аристотель əл-Фарабидің арқасында Аристотель болды дейді. Ортағасырлық Еуропа ежелгі грек философиясымен оның еңбектері арқылы танысты (тікелей немесе оның ізбасарлары Ибн Сина, Ибн Рушд, Маймонидтің еңбектері арқылы). Фарабидің философиясы оның шығыстағы ізбасарларының еңбектерінің арқасында байып, латын аверроистері арқылы өтіп, Еуропалық Қайта өрлеу дəуіріне өз үлесін қосты. Осылайша әл-Фараби ислам өркениетінің тарихында еркін ойлардың таралуына негіз жасады.































IV.Пайдаланылған әдебиеттер

А.Кобжов. Әл-Фараби, Алматы, 1971.
Әл-Фараби. Философиялық трактаттар, Алматы, 1973.
Әл-Фара6и. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. Алматы, 1975.
Әл-Фараби. Трактаты о музыке и поэзии. Алматы, 1974.
Аль-Фараби. Математические трактаты, А-Ата, 1972.
Aль-Фараби. Комментарии к "Алмагесту'" Птолемей. А-Ата, 1975
Аль-Фараби. Логические трактаты. Алма-Ата, 1975.
Аль-Фараби. Историко-философские трактаты. Алма-Ата, 1985.
Аль-Фараби. Естественно-математические трактаты. Алма-Ата, 1987.
Аль-Фараби. Научное творчество. Сб. статей. М., 1975
А.Кубесов. Математическое наследие аль-Фараби. Алма-Ата, 1974
А.Кубесов. Астрономия в трудах аль-Фараби, Алма-Ата, 1981.
А.Кубесов. Педагогические наследие аль-Фараби. Алма-Ата, 1989
А.Кубесов. Педагогические наследие аль-Фараби. Педагогика ғылымы докторлығын алу жөніндегі диссертация, Ташкент, 1990.
А.Кобесов. Сөнбес жулдыздар. Алматы, 1973.
Қазақэнциклопедиясы.Әл-Фараби. 2 том, 1971.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!