Материалдар / Ғылыми жоба Алоэ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба Алоэ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми зерттеу жұмысы: Алоэ өсімдігінің пайдасы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қараша 2023
388
3 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


МАЗМҰНЫ



І. Кіріспе …...................................................................................................3


ІІ. Негізгі бөлім


2. 1 Шипалы өсімдіктің бірі – алоэ ................................................................5

2. 2 Алоэның түрлері ........................................................................................8

2. 3 Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері мен емдік қасиеттері.........................10

2. 4 Алоэның басты ем болатын аурулары және қолданылуы ................13


3. Тәжірибелік бөлім

3. 1 Көз аурулары және оларды алоэ сығындысымен емдеу....................16

3. 2 Алоэдан жасалынған емдік қоспалар ...................................................19

3. 3 Алоэ сөлінің адам ағзасына әсерін

тәжірибе жүзінде зерттеу нәтижесі .........................................................20


ІІІ. Қорытынды...........................................................................................22

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер................................................................23














Аңдатпа


«Алоэ өсімдігінің емдік қасиеті» атты ғылыми жобасы алоэ өсімдігінің өзіндік ерекшеліктерін сипаттай отырып,оның адам ағзасына пайдалы жақтары мен зиянын танып білуге,оның емдік қасиеттерін ашуға арналған.

Зерттеудің мақсаты: Алоэ өсімдігінің өзіндік ерекшеліктерін терең зерттей отырып, оның емдік қасиеттерін танып білу, тәжірибе жүзінде анықтау, күнделікті тұрмыста пайдаланудың тиімді жақтарын меңгеру және насихаттау. Алоэден дайындалатын тұнбаларға сипаттама бере отырып, олардың жасалу жолдарына зерттеп танып-білу.

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Егер алоэнің өзіндік қасиеттері мен құпия сырларыжан-жақты таныстырылып, оның адамзат үшін пайдалы жақтары ашылса, сонымен қатар емдік қасиеттері жүйеленіп берілсе,алоэ туралы таным-түсініктеріміз арта түсер еді, оның пайдасын жетік меңгеріп, өз қажетімізге тиімді жарата алар едік.

Зерттеу барысында:

1. Алоэнің сан алуан қыр-сыры ашылды;

2.Оның адамзат өміріндегі алатын орны айқындалып, маңыздылығы ашылды;

3. Алоэнің медицинада қолданысы мен олардың адам ағзасына пайдасы айқындалды;

4. Алоэден дайындалатын тұнбалар дайындалу жолдары мен оның емдік қасиеттері көрсетілді.

Зерттеу жұмысының негізгі болжамы: Алоэ өсімдігінің емдік ерекшелігін пайдалану арқылы көптеген аурулардың алдын алуға болады.

Зерттеу жұмысының әдістемесі:

- Ғылыми - әдебиеттерге шолу жасау;

- Тәжірибелер жүргізу;

- Оқушылар арасында сауалнамалар жүргізу;

Зерттеудің жаңалығы мен дербестік нәтижесі:

-Алоэ өсімдігінін емдік ерекшеліктеріне жан – жақты сипаттама берілді;

-Алоэ өсімдігінің емдік қасиеттерінің тиімді пайдаланудың жолдары көрсетілді.

Зерттеудің теориялық және практикалық мәні:

Ғылыми - әдебиеттерге шолу жасау арқылы алоэ өсімдігіне жан – жақты зерттеу және емдік ерекшеліктерін көрсету жұмыстың теориялық мәні болып табылады.

Жұмыс барысында қолдан жасалған емдік қоспаны көпшіліктің тұрмыстық жағдайда жасап пайдалану мүмкіндігі яғни, қолжетімдігі жұмыстың практикалык мәні болып табылады.

Жұмыстың орындалу әдістері. Алоэ туралы баспасөз, энциклопедия, интернет материалдарымен жүйелі түрде танысу, оларды жүйелеп, жинақтау; ғылыми ізденіс, зерттеу, деректер жинау.



Аннотация


«Целебные свойства растения Алоэ предназначен для описания специфических особенностей растения алоэ, познания его полезных свойств и вреда организму человека, раскрытия его лечебных свойств.

Цель исследования: цель исследования: углубленное изучение специфических особенностей растения алоэ, изучение его лечебных свойств, практическое определение, освоение и пропаганда эффективных сторон повседневного бытового использования. Изучение путей их создания, характеризуя осадки, изготавливаемые из алоэ.

Научный подход к исследованию: если бы были разносторонне ознакомлены с самобытными свойствами и секретами алоэ, раскрыты его полезные для человечества стороны, а также систематизированы лечебные свойства, мы бы смогли бы понять о алоэ, хорошо освоить его выгоду и эффективно использовать для себя.

В ходе исследования:

1. раскрыты многообразия алоэ;

2.Раскрыта значимость и роль его в жизни человечества;

3. выявлено медицинское применение алоэ и их польза для организма человека;

4.продемонстрированы способы приготовления настойки из алоэ и его лечебные свойства.

Основной прогноз исследовательской работы: можно предотвратить множество заболеваний, используя лечебные особенности растения Алоэ.

Методика исследовательской работы:

- Обзор научной литературы;

- Проведение экспериментов;

- Проведение опроса среди учащихся;

Новизна исследования и результаты самостоятельности:

- Дана подробная характеристика лечебных особенностей растения Алоэ;

- Были показаны пути эффективного использования лечебных свойств растений Алоэ.

Теоретическое и практическое значение исследования:

Теоретическим предметом работы является всестороннее исследование растений алоэ с обзором научно - литературы и демонстрация лечебных особенностей.

Практическим предметом работы является возможность использования искусственной лечебной смеси в бытовых условиях населения, т. е. доступность.

Методы выполнения работ. Систематическое ознакомление с материалами печати, энциклопедии, интернета о Алоэ, их систематизация и сбор; научный поиск, исследование, сбор данных.




Annotation


«Healing properties of the aloe» plant is intended to describe the specific features of the aloe plant, the knowledge of its beneficial properties and harm to the human body, the disclosure of its medicinal properties.

The purpose of the study: in-depth study of the specific features of the aloe plant, the study of its medicinal properties, the practical definition, development and promotion of the effective aspects of everyday household use. The study of the ways of their creation, characterizing the sediments made of aloe.

Scientific approach to the study: if we were comprehensively acquainted with the original properties and secrets of aloe, revealed its useful side for humanity, as well as systematized medicinal properties, we would be able to understand about aloe, well master its benefits and effectively use for themselves.

During research:

1. varieties of aloe are revealed;

2.The significance and role of it in the life of mankind are revealed;

3. the medical use of aloe and their benefits for the human body were revealed;

4.the methods of preparation of aloe tincture and its medicinal properties are demonstrated.

The main prognosis of the research work: it is possible to prevent many diseases by using the medicinal features of The aloe plant.

Methodology of research work:

- Review of scientific literature;

- Conducting experiments;

- Conducting a survey among students;

The novelty of the research and the results of independence:

- A detailed description of the therapeutic features of the aloe plant;

- Ways of effective use of medicinal properties Of aloe plants were shown.

Theoretical and practical significance of the study:

The theoretical subject of the work is a comprehensive study of aloe plants with a review of scientific literature and demonstration of therapeutic features.

The practical subject of the work is the possibility of using an artificial therapeutic mixture in the living conditions of the population, i.e. accessibility.

Methods of work. Systematic acquaintance with the materials of the press, encyclopedia, Internet about Aloe, their systematization and collection; scientific search, research, data collection.










Пікір


Оқушының«Алоэ өсімдігінің емдік қасиеттері» атты ғылыми жобасы алоэнің өзіндік құпия сырларын ашуға, оның адам ағзасына тигізетін пайдалы жақтары мен шипалық қасиеттерін танытуға арналған.

Зерттеу жұмысында оқушы оның өзіндік ерекшеліктеріне сипаттама бере отырып, оның жер бетіне таралуы туралы кеңінен талдау жүргізеді. Алоэнің адам ағзасына тигізетін пайдасына нақты мәліметтер келтіре отырып сипаттама жасаған. Оның адам өмірінің денсаулығын жақсартуда көптеген шипалық қасиеттерінің қыр-сырын ашып көрсеткен.Алоэнің негізгі ем болатын ауруларына анықтама бере отырып, олардың әрқайсысын жүйелеп, талдаған.

Зерттеуші алоэнің пайдалы жақтарын, емдік қасиеттерін танытуда көптеген еңбектермен, интернет материалдарымен таныса отырып, одан жасалатын тұнбалардың сырын ашуға тырысқан.

Жалпы алғанда ғылым жоба өз дәрежесінде жасалынған деуге болады. Зерттеу жұмысының мазмұндылығы мен мәнділігін ескере отырып, жоғары дәрежеде бағалауға ұсынамын.





















Мектеп директоры: К.Қалдыгөзова








К Ү Н Д Е Л І Г І

(2020-2021жыл)


Атқаратын жұмыс тізімі

Мерзімі

Жетек-ші қолы

Нәтижесі

1

Ғылыми жұмыстың тақырыбын айқындау мақсатында ғылыми жетекшімен кеңесу, пікірлесу

Желтоқсан

2020ж.


«Алоэ өсімдігінің емдік қасиеттері» зерттеудің тақырыбы болып бекітілді.

2

Ғылыми жетекшімен үнемі кеңесе отырып, зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Қаңтар

2021ж.


Жұмыстың мақсатымен, міндетімен таныстым. Орындау барысы туралы мағлұмат беріп, пайдаланатын әдебиеттерді көрсетіп берді.

3

Зерттеу тақырыбы негізінде интернет, баспа материалдарымен танысып, олардың ішінен қажеттілерін іріктеу


Ақпан

2021 ж.


Берілген материалдармен танысып, өзіме қажетті мағлұматты алдым.

4

Ғылыми жетекшіден кеңес алу

Наурыз

2021ж.


Қажетті материалдарды жинақтап, саралап-жүйеледім.









І. Кіріспе

«Дана көптен шығады, дәрі шөптен шығады»

(халық даналығы).



Қазақстан жері әр түрлі табиғи жағдайда орманды далалы, таулы аймақтан тұрады. Міне осындай ұланғайыр өлкемізде алуан түрлі өсімдіктер өседі. Қай заманда болмасын, адамзат баласы өсімдік өнімдерінің тағамдық жағын ғана емес, емдік, шипалық жағынан да көңіл бөлген.

Ерте заманнан бері мал бағумен айналысқан көшпелі қазақ халқы шөптердің жалпы өсімдіктердің емдік қасиеттерін ертеден білген.

Әбу-Насыр әл-Фараби, Әбу-Әли ибн-Сина, Беруни, Әл-Джуржани және орта ғасырда өмір сүрген т.б. ғылымдар халық медицинасының дамуына, әсіресе дәрілік өсімдіктерді тауып пайдалануға зор ықпал етті. Жер жүзіндегі дәрілердің 40% өсімдіктен дайындалады. Жанға шипа, дертке дауа дәрілердің көпшілігі өсімдіктен алынады.

Адам баласы ақылы мен еңбегінің арқасында жабайы өсімдіктерден тұқым алып 20 мыңнан астам мәдени өсімдіктерді қолдан өсіріп шығарды. Сөйтіп қазіргі кезде олар адамның игілігіне айналады.

Ерте заманнан-ақ ата-бабаларымыз дәрілік өсімдіктерді тани біліп, оның емдік қасиеттерін және тиімді пайдалану жолдарын өз тәжірибелеріне өткізген.

Осындай ғасырлар бойы тәжірибеден өтіп сұрыптала келіп, адам баласына орасан зор пайдасын тигізетін қарапайым өз ауламызда немесе ауыл маңында, үйде өсетін дәрілік өсімдіктерді неге пайдаланбасқа? Дәрілік өсімдіктерден жаңа дайындалған тұнбалар мен ерітінділердің химиялық жолмен жасалған дәрі-дәрмектерден анағұрлым тиімді болады.

Зерттеудің өзектілігі. Кейінгі жылдары медицинада шөптердің емдік қасиеттері, оларды кеңінен пайдалануға ерекше назар аударылуда. Қазіргі кезде шөппен емдеу – фитотерапияны үй жағдайында кеңінен қолдануға мүмкіндік жеткілікті. Ол үшін дәрісіз ем-домды жасауды дәрілік өсімдіктерден іздеуіміз керек. Өсімдіктер сарқылмайтын қазына емес, сондықтан оларды орынды пайдаланып, қорғай білудің өмірлік маңызы зор. «Мың теңге тұратын дәрі шарбағыңның дәл түбінде өсіп тұр» деген халық даналығы бекер айтылмаған. Дәрі-дәрмек жасау ісінде өсімдіктердің алатын рөлі аса зор екені тәжірибеден мәлім. Сонымен қатар химиялық тәсілмен жасалатын дәрі-дәрмектерге қарағанда дәрілік өсімдіктердің артықшылығы өз алдында.

Осындай дәрілік мақсатта қолданылатын өсімдіктердің бірі бөлмеде өсірілетін алоэ өсімдігі болып табылады.

Адам баласы ақылы мен еңбегінің арқасында жабайы өсімдіктерден тұқым алып 20 мыңнан астам мәдени өсімдіктерді қолдан өсіріп шығарады. Сөйтіп қазіргі кезде олар адамның игілігіне айналды. Ерте заманнан-ақ ата-бабаларымыз дәрілік өсімдіктерді тани біліп, оның емдік қасиеттерін және тиімді пайдалану жолдарын өз тәжірибелерінен өткізген. Сол себептен жұмысымыздың құндылығы да осында деп есептейміз.

Зерттеудің мақсаты: Алоэ өсімдігінің өзіндік ерекшеліктерін терең зерттей отырып, оның емдік қасиеттерін танып білу, тәжірибе жүзінде анықтау, күнделікті тұрмыста пайдаланудың тиімді жақтарын меңгеру және насихаттау . Алоэден дайындалатын тұнбаларға сипаттама бере отырып, олардың жасалу жолдарына зерттеп танып білу.

Зерттеудің міндеттері:

1. Алоэ өсімдігінің сан алуан қыр-сыры ашылды;

2.Оның адамзат өміріндегі алатын орны айқындалып, маңыздылығы ашылды;

3. Алоэнің медицинада қолданысы мен олардың адам ағзасына пайдасы айқындалды;

4. Алоэден дайындалатын тұнбалар дайындалу жолдары мен оның емдік қасиеттері көрсетілді.





ІІ Негізгі бөлім


2. 1 Шипалы өсімдіктің бірі – алоэ


Қазақстан жері әр түрлі табиғи жағдайдан, орманды далалы, таулы аймақтардан тұрады. Міне осындай ұланғайыр өлкемізде алуан түрлі өсімдіктер өседі. Қай заманда болмасын, адамзат баласы өсімдік өнімдерінің тағамдық жағынан ғана емес, емдік, шипалық жағына да көңіл бөлген. Жер жүзіндегі дәрілердің 40% өсімдіктен дайындалады. Жанға шипа, дертке дауа дәрілердің көпшілігі өсімдіктен алынады. Жер бетінде өсетін барлық өсімдіктердің пайдасына көз жіберіп қарасақ, жүрек ауруларын емдейтін дәрі – дәрмектің 70%, ішек – қарын, бауыр дәрілерінің 75%, жатыр ауруларының шипалы дәрі –дәрмектерінің 80%, қақырық түсіретін дәрілердің 80%, қан тоқтатын дәрілердің 65% тек өсімдіктен алынады. Шипалы өсімдіктер қатарына әр түрлі сәнді өсімдіктер де жатады. Сондай-ақ, біздің бау-бақшамызда аяқ астында қаптап өсетін арамшөптер жөнінде де осыны айтуға болады. Өздерінің жер үстінде және жер астында өсетін мүшелерінде аса бағалы «үй дәріханасына» қажетті заттардың болуы арқылы олардың көпшілігі аса пайдалы.

Мәдени өсімдіктер арасында ең көп таралғаны – алоэ. Алоэ – араб тілінен аударғанда «ащы» дегенді білдіреді. Сонымен қатар дәрігерлер мыңжылдық деп те атайды. Алоэнің қоспалары Қытайдың мыңжылдық қоспаларында бар. Египетте үйдің кіре беріс жерінде алоэ отырғызылады. Ол денсаулық пен ұзақ өмірдің символы. Христофор Колумб бірде айтқан екен: «Адамзаттың өмірне маңызды төрт өсімдік бар: бидай, жүзім, зәйтүн және алоэ; біріншісі – тамақтандырады, екіншісі – қуантады, үшіншісі – үйлесімділік береді, төртіншісі – емдейді». .Халық медицинасында оны қызыл иектің, қабақтың қызаруына, өкпе туберкулезіне, экземді емдеуге, асқазан жарасы сияқты ауруларға пайдалануға болады. Осындай ғасырлар бойы тәжірибеден өтіп сұрыптала келіп, адам баласына орасан зор пайдасын тигізетін қарапайым өз ауламызда немесе ауыл маңында, үйде өсетін дәрілік өсімдіктерді неге пайдаланбасқа? Дәрілік өсімдіктерден жаңа дайындалған тұнбалар мен ертінділердің химиялық жолмен жасалған дәрі –дәрмектерден анағұрлым тиімді болады.

Өте көп өсімдіктердің бірі – алоэ. Оның осы күнде 350-ге жақын түрі бар. Шығыс елдерінде, Египетте бұл өсімдікті есіктен кіре беріс маңдайшасына, ыдысқа өсіріп, іліп қоятын болған. Себебі дәл осылай өсірілген алоэ өсімдігі сол үй ішіндегілерге денсаулық тілеп, ұзақ өмір сүруге көмектеседі деп жорамалдайды. Осымен қатар бұл өсімдік көп уақыт сусыз өмір сүріп гүлдей беретін, өте шыдамды болған. Сол себепті одан алынатын емдік шырынды арабша «сабыр», «шыдамды» деп атайды екен.

Алоэ — суккулентті (ылғалдылықты сақтай алатын арнайы ұлпасы бар) өсімдіктер тобына жататын гүл. Шыққан жері Оңтүстік Африка аймағы болып саналады. Негізінен, құрғақ әрі құмды шөлдерде өседі. Алоэ сөзі араб тілінен шыққан. Мағынасы ”ащы” деген сөзді білдіреді. Сондай-ақ, емдік қасиетіне байланысты ”Үй гүлдерінің королі” деген де балама атқа ие. 

Алоэның етті, семсер тәріздес жасыл, жалпақ әрі жуан жапырақтары бар. Жапырақтары гүл бойында су қорын сақтауда үлкен маңызға ие.

Алоэ гүлі үйде тек декоративті мақсатта ғана емес, емдік мақсатта да өсіріледі. Емдік практикада алоэның жапырағы мен шырыны және де алоэ экстракты (механикалық және химиялық әдістермен бұзылған ұлпа) пайдаланылады.

Дәрілік өсімдіктер туралы көптеген мәліметтерді Оңтүстік Батыс Азия халықтары да біздің заманымызға жеткізген. Соның ішінде Индия фармакологтары өз елінің флорасынан өсімдіктің сегіз жүзге жуық түрін тапқан. Тибет дәрігерлерінің е

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!