Материалдар / ғылыми жоба "Арыс - Түркістан каналында кездесетін балықтардың адам ағзасына пайдасы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ғылыми жоба "Арыс - Түркістан каналында кездесетін балықтардың адам ағзасына пайдасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға, жетекші мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Наурыз 2018
740
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы



К.Омаров атындағы жалпы орта мектебі мемлекеттік мекемесі



Shape1

Тақырыбы: «Арыс - Түркістан каналында кездесетін балық түрлерін зерттеу , балықтың пайдасын анықтау.»



Орындаған: Дулатбек Е

Жетекшісі: Умерзахова А







Жоспар

Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

2.1 Арыс Түркістан каналында кездесетін балықтың түрлерін зерттеу

2.2 Балықтың пайдасын көрсететін тәжірибелер

2.3 Балықтан жасалынатын тағамдардың түрлерімен танысу оның жасалу жолдарын анықтау.

Қорытынды:







































І.КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында көрнекі құралдарды пайдалана отырып зерттеу жұмыстарын жасауға өте үлкен мүмкіндік жасалынуда.

Қазіргі бүкіл дүние жүзінде қоршаған ортаны қорғау , оның табиғи байлықтарын тиімді пайдалану , биологиялық әртүрлілікті сақтау проблемасына зор маңыз беріліп отыр. Әсіресе , жануарлар мен өсімдіктер дүниесін сақтау , қалпына келтіру және пайдалану мәселесі бүгінгі күн тәртібінде оларды зерттеу , олармен терең танысуға көңіл бөлінуде. Осы бағытта ауылымызда орналасқан Арыс Түркістан каналында кездесетін балық түрлерін зерттеп , балықтың пайдасын анықтай отырып , жасалынатын тағам түрлерін анықтауда 7А сынып оқушысы Дулатбек Ердәулет ғылыми жоба үсынғалы отыр. Мұнда қазіргі заман жағдайына байланысты , балықтардың түрлерін , құрамы , пайдасы , алынатын тағам түрлері көрсетілуде.

Жұмыстың мақсаты: Арыс – Түркістан каналында кездесетін балық түрлерін анықтап, балықтың құрамындағы витаминдерді көрсете отырып , адам ағзасына тигізетін пайдасын зерттеп , жасалынатын тағам түрлерін анықтау.Балықтың жойылып кетуіне жол бермеу жолдарын ескере отырып , өсіп - өнуіне жағдай жасау.

Жұмыстың міндеттері:

1.Арыс Түркістан каналында кездесетін балықтың түрлеріне талдау жасау;

2.Дәстүрлі емес әдіс терді пайдалана отырып балықтың адам ағзасына тигізетін әсерін анықтау;

3.Балық тағамдарынның жасалыну жолдарын білу.

4.Балық шаруашылығының жойылып кетпеуіне үлес косу.

Зерттеудің болжамы:Балықтың түрлерін анықтау арқылы оларға дұрыс жағдайды анықтауға болады. Адам ағзасына пайдасын анықтап , балық тағамдарын күнделікті қолданысқа тағам ретінде ұсыну.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы :

1.Арыс Түркістан каналында сүйекті балықтардың түрлері бар екені анықталды . Олардың адам ағзасына пайдасы бар екендігі дәлелденді

Практикалық құндылығы: таңдап алынған әдістер бұдан кейін де зерттеуге қолданылуы мүмкін. Жұмыс Берген ауылы К.Омаров мектебінен 900м қашықтықта орналасқан Арыс Түркістан каналында жүргізілді.Жинақталған мәліметтерді оқушылар мен мұғалімдер үшін қосымша әдебиет ретінде пайдалануға болады.











































ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1 Арыс түркістан каналында кездесетін балықтың түрлері

Балықтар – Ріsces

Балықтар сулы ортада тіршілік етуге бейімделген төменгі сатыдағы омыртқалы жануарлар. «Балықтың жаны – суда» деген халық даналығы соның айғағы. Зоология ғылымының балықтарды зерттейтін саласы ихтиология (грекше «ихтис»- балық, «логия»- ілім, ғылым) деп аталады.

Балықтар омыртқалылардың ішіндегі төменгі сатыдағы желбезектерімен тыныс алатын аузында қозғалмалы жақтары бар, суда тіршілік ететін жануарлар. Ауыз қуысында нағыз тістері бар, көкірегінде және құрсағында қозғалыс мүшесі жұп, жүзу қанаттары болады. Суда тіршілік етуіне байланысты балықтың дене құрылысында, тіршілігіне айтарлықтай өзгерістер кірген. Барлық балықтарда бір қан айналым шеңбері өзгереді.Денесінің темперетурасы өзгеріп отырады. Балықтар қоректерін жүзіп жүріп іздеп тауып ұстайды, ортаға тез бейімделе алады. Қазір балықтардың 20 мыңға жуық түрлері бар. Олардың түрлерінің көптігіне қарай, балықтарға толық сипаттама беру үшін балықтарды екі топқа бөледі.

БShape3 Shape2 алықтар





Шеміршекті балықтар Сүйекті балықтар.



Біздің ауылымыз Арыс Түркістан каналының жағасында орналасқан. Мұнда балықтың түрлері өте көп.Сүйекті балықтар кездеседі.Сүйекті балықтар барлық жер шарындағы мұхиттарда теңіздерде және тұщы суларда тіршілік етеді.Тіршілік жағдайларына қарай балықтардың сыртқы пішінінде алуан түрлі болып келеді.Барлық балықтардың 99% (20 мың түр) осы сүйекті балықтар қамтиды.Сүйекті балықтардың қаңқасы сүйек болғандықтан денесі ауыр болады. Осыған байланысты торсылдақ жақсы дамыған.Сүйекті балықтардың көпшілігінің дене пішіні тез жылдам жүзуге бейімделген.



Арыс –Түркістан каналында қандай балық түрлері бар екенін анықтау үшін мен өзеннен балық аулап көруді ұйғардым. Ауылымызда Исмайыл Марат ағай көктем шыға салысымен ауымен балыққа арналған қармағын алып канал жағасында отырады. Мен осы ағаймен бірге каналдан балық аулап көруді ұйғардым . Қармағыма көлемі 25см болатын сазан балық түсті . Бұдан басқа балық түспеді . Дегенмен каналда басқа балық түрлерімен танысу үшін каналдың бастама алған жері Бөген су қоймасының басшысы Жұмабаев Бекмолда Әнзебайұлымен кездестім .

«Оңтүстіксушылар» мемлекеттік кәсіпорнына қарайтын Ордабасы ауданы Бөген ауылының шығыс жақ беткейінде орналасқан «Арыс – Түркістан каналы мен Бөген су қоймасы» филиалының негізгі қорығындағы Бөген су қоймасы облысымыздың бес ауданын сумен қамтамасыз етеді, осы бес ауданның 60 мың га жерін суғарып , 600 мыңнан астам халықты асырауға негіз болып отырған стратегиялық мәні бар облысымыздағы гидротехникалық нысан. Мұнда жыл сайын Бөген су қоймасына 15 мың балық жіберіледі екен. Балық өсірумен 2005 жылдан бері айналысып келеді. Бөген су қоймасының ұзындығы 18 шақырым ені 13 шақырым. Су сыйымдылығы 370 млн текше метр.



1.Сазан - (латынша Cyprinus carpio) – тұқы тұқымдасына жататын балық. Саза́нның қабыршағы ірі, аузының екі езуінде мұртшалары бар, жұтқыншақ тісі жақсы дамыған. Ересектерінің ұзындығы 40 – 45 (кейде 100) см-дей, салмағы 2,5 (ірілері 20) кг-дай болады. Жыныстық жағынан 3 – 5 жасында жетіледі. Уылдырығын (аналығының көлеміне қарай, ірілері – 1,5 млн-дай) 2 – 3 бөліп, тереңдігі 1,5 – 2 м-дегі өсімдіктерге, көбінесе тереңдігі 0,5 м-дегі жайылма судағы шөп үстіне шашады. Уылдырығы су температурасы – 16 – 22ӘС, тұздылығы 9,6% болса жақсы жетіледі. Саза́ндар қорек талғамайды. Шабағы алғашында зоопланктон және майда балдырлармен, кейін әр түрлі жәндіктермен қоректенеді. Соңғы жылдары өзен-көл, бөген суының тартылуына байланысты саза́н саны күрт азайып кетті және тіршілік ортасы мен қорек құрамының нашарлауына байланысты саза́ндардың дене тұрқы да кішірейіп кетті. Саза́нның еті дәмді, етінің майлылығы 4,1%, белогы 16,5%; кәсіптік маңызы өте үлкен

Сазан балығына жасалған зерттеу жұмысы: Арыс – Түркістан каналында ауланған балықтың салмағы 1кг 200г болды , ұзындығы 32см болды. Зерттеу жұмысы биология кабинетінде жүргізілді. Сазан сүйекті балықтар класына жатады. Мен балықты зерттей отырып дене бөліктерімен таныстым.

Зерттеу жұмысын жазу кезінде



Балықтың салмағын өлшеу кезінде.





2.Табан (Abramis) — тұқы балықтар тұқымдастарына жатады. Тұрғылықты және жартылай тұрғылықты түрлері кездеседі. Жалаңаш төс қыры құрсақ жүзбеқанаттарынан соң орналасқан, анал жүзбеқанаттары ұзын. Ең кең таралғаны табан балық. Дене ұзындығы 50 см, сапмағы 5 кг дейін. Солтүстік, Балтық, Ақ Баренц, Қара, Азов, Каспий және Арал теңіздері бассейінін тұрғылықты және өтпелі түрлерін құрайды. Бағалы кәсіпшілік балық.

Республиканың барлық табиғи су алаптарында тараған. Әдетте ағысы жай және нулы суларда тіршілік етеді. Жыныстық жағынан 2 – 4 жасында жетіледі. Уылдырығын шілденің соңы – тамыздың басында (жасы, көлеміне қарай 383 мыңдай), су температурасы 14°С болғанда, судың таяз, шөбі қалың жерлеріне салады. Табан балықтар қорек талғамайды, зоопланктон, зообентос, өлексемен (детритпент) қоректене береді. Кәсіптік маңызы бар балық, қақталған, тұздалған, ысталған, жас түрінде тағамға пайдаланылады. Табан балықты қолдан да өсіреді.

3.Жылан балық - қылтанақты балықтар тобына жататын, ұзыңдығы 10 см-ден 3 м-ге дейін, массасы 15 грамнан 65 кг-ға дейін болатын балықтар. . Көп тараған жыланбалықтың ұзындығы — 50—150 см (2 м-ге дейін), массасы — 4~6 кг болады. Етінің майы 22%-ға жетеді. Жас етінен тағамдардың барлық түрлерін дайындауға болады. . Олардың 30-дан аса түрі бар. Ұзындығы — 100 см. Каспий жыланбалығы — Каспий теңізі мен Еділ өзенінде кездеседі. Дене тұрқы — 37—41 см, массасы — 120— 170 г. Бүл балықтардың еті өте дәмді болады. Жыланбалықтың қаңқа сүйектері мен ішек-қарны болмайды, сондықтан оның ішін жармайды, тек басын кесіп тастайды. Балықтың сыртындағы шырышты қабат мұқият тазаланады



4. Лақа— нәлім тұқымдасына жататын балық; жіңішке әрі ұзын, түсі теңбіл. Ұзындығы — 1,2 м-ге дейін, массасы 32 кг-ға дейін жетеді. Арқа жүзу қанаты екеу, ауызының астыңғы жағында ұзын мұртшасы бар, қабыршақ тары ұсақ. Кәсіпшілік маңызы бар.



2.2Балықтың пайдасын көрсететін тәжірибелер

Балықтың адам ағзасына тигізетін пайдасы өте көп. Мен Ордабасы ауданы Қараспан ауылдық емхана бөлімшесінің терапев маманы Отызбай Мұқағали ағайдан және мектеп медбикесі Зупыхарова Гүлайым апайдан кеңес алдым. Кеңес алу барысында балықтың адам ағзасына тигізетін пайдасы туралы әңгіме айта отырып, қолдану жолдарын анықтауға кеңестер алдым. Кеңес ала отырып бірнеше тәжирбие жасап көрдім.Соның бірі көршім Мейрамкүл апайдың аяғының сілтіп баса алмай жүргенін байқадым балықты емге қолданып көрсем калай болады деп сұрадым. Зерттеу жұмысын 15.04.2016ж бастадым. Балықтың майда шабақтарын апаның тізесіне күнделікті таңып бақылау жасап жүрдім. Екі апта өткен соң таңуды тоқтаттым. 01.05.2016ж тағыда 2 апта көлемінде жалғастырдым. Нәтежиесінде балықтың тізеге тигізген әсерін байқадым тізенің ауырғанын басып аяқты нық басуға көмек берді. Дәрігерлердің айтуынша балықтың пайдасы балық құрамында Д витаминінің көптігін және оның сал аурулары мен буын аурулырына ем екендігін анықтадым. Сонымен қатар балықты бауыр ауруларына ,семіздікке , балалардың сал ауруларына , қалқанша безінің жазылуына көптеп қолдануға болады.

Балықтың құрамында:

-Балықтағы амин қышқылдары адам ағзасына сіңімді.

-Балықты қолдану арқылы бауыр ауруларының алдын алуға болады.

- Балықпен балаларды азықтандырудың да маңызы зор.

- Балық пен сүтті араластырып тағам дайындауғада болады.

-Балық пен сүт белоктары қосылған кезде адам ағзасына қажетті ең құнарлы заттар түзеледі.

- Олардың калориясы аз, бірақ құрамындағы белок деңгейі сиыр еті мен сүзбесіндегімен бірдей, ал жұмыртқадағыдан тіпті көп.

-Балық майының құрамында майда еритін А және Д дәрумені көп. Сондай – ақ менолен және арахидон қышқылдары бар. Арахидон қышқылдары табиғатта тек балық майында кездеседі.

- Балық өнімдерінен жасалған тағамдар ас қорыту бездерінің жұмысын жақсартады. Олардың құрамында йод , фтор, фосфор, мыс, кобальт сияқты химиялық элементтер бар.

2.3 Балықтан жасалатын тағамдардың түрлері мен жасалу жолдары.

1.Кептірілген тағамдар Өңделген балықтың дәмдік, тағамдық қасиеттері жақсарады, сақтау мерзімі ұзарады әрі тасымалдауға да қолайлы болады. Балық өңдеудің кең тараған әдісі – оны тоңазыту, суықта сақтау және мұз етіп қатыру. Балықты тоңазыту үшін көбіне мұз қолданылады, контейнердің ішіне балықтарды қаз-қатарымен қойып, арасына ұсақталған мұз (балық массасының 30 – 40%-ы) салады. Тоңазытылған балықтың дене температурасы –1 – 50С болады. Мұндай күйде балықты сегіз – он бір тәулік сақтауға болады. Ұзақ мерзімге (4 айға дейін) сақтау үшін балықты арнаулы тоңазытқыштарда –18 – 400С температурада мұз етіп қатырады. Балықтың дәмдік, тағамдық қасиеттерін жақсарту үшін тұздау, кептіру, қақтау, ыстау, консервілеу сияқты балық өңдеу тәсілдері қолданылады. Тұздау – балық өңдеудің ежелден келе жатқан, кең тараған әдісі. Тұз мөлшері балық етінде 10 – 15%-ға жету керек, мұндай жағдайда шіріткіш микроорганизмдердің өсіп-өнуі тоқтағанымен, балықты сақтау үшін қосымша антисептикалық заттар мен салқын температура қажет. Ыстау – тұздалған балықты 40%С-тан аспайтын температурада түтінмен өңдеу әдісі. Ыстау барысында балық кебеді, түтін балық етінің терең қабатына дейін сіңеді. Ыстауға көбіне арша, қарағай, емен, жаңғақ ағаштарының жаңқаларының түтіні қолданылады. Кептіру – тұздалған балықты одан әрі өңдеу әдісі. Балықты табиғи жағдайда немесе арнайы кептіргіш қондырғыларда кептіреді. Балықты консервілеу – балыққа томатты тұздық қосып немесе майға араластырып, қаңылтыр қалбырда ұзақ мерзім сақталатын дайын тағам алу әдісі. Балықтан жасалған консерві құрамында белок, май, кальций, фосфор, А, В, С, Д витаминдері бар.







2. Қуырылған балық

1 кг сазан белдеме еті

Сұйық май

Тұз

Ұн

Балықты ірі бөлшектерге бөліп жуыңыз да тұзды суға 30 минутқа қойып қойыңыз. Балықты сәл кептіріп екі жағын да ұнға малыңыз . Енді аз майға екі жағын қуырыңыз. Қуырған кезде табаның үстін жабыңыз. Майдың азайғаның көрсеңіз, үстінен қосыңыз. Гарнирға картоп пюресі жасалынса жақсы.

3.Балық сорпасы 4- 5 адамға арнайы балық сорпасын әзірлеу үшін 500 – 600г балық , бір- бірден сәбіз , петрушка пияз қажет .Балықтың қабыршағын іш құрылысын тазартып, желбезегін алады да жақсылып жуады.Осыдан кейін балықты бірнеше бөлікке бөліп кастрюльге салады, оған балықтың басы мен құйрығын да , кесілген сәбіз бен пиязды да қосып , салқын су құйып (2-2,5 л), тұз салып 25- 30 минуттай қайнатады. Балық сорпасын табақшаларға құйып , дастарханға қояр алдында балық етінің бір кесегін қоса салады не бөлек қояды.Егер сорпа балық қалдықтары мен басынан қайнатылатын болса , онда сүйегін жақсылап тазартады.



4.Балық уылдырығы (Балық тарысы) - балықтар мезгіліне қарай көшеді, қыс түсіп, мұз қалыңдағанда тармақ өзендегі балықтар ұлы өзенге, тереңге қарай тартады, ал көктемнен жазға дейін ағынды өзендерден уылдырықтың дамуына қолайлы тармақ өзендерге, суы жылы, ағыны баяу, таяз жерге жүзіп барып, уылдырық шашады. Балық уылдырығы тарыға ұқсайтындықтан оны балық тарысы деп те атайды. Балықтың құнарлы нәрлі болатын уылдырығын ұнға аунатып алып қуырып та жейді. Ал Бекіре, қызыл балық уылдырығын сүзгіден өткізіп, шырыш ажыратып, шикілей сақтау арқылы тағам ретінде пайдалапады.

































Қорытынды

Өлкеміздегі теңіздеріміз , көлдеріміз бен өзендерімізде бағалы кәсіптік балықтарды өсіруге мүмкіндік туғызып , өларды көптеп аулауда негізгі міндеттердің бірі. Балық – халық байлығы.Қазір әр түрлі елдерде адамға қажетті белоктік заттар арасында балықтан жасалған тағам үлесі 17 пайыздан 83 пайызға дейін деп саналады.Қазақстан балық шаруашылығы жөнінен Украинадан кейін үшінші орын алады.Балық өнімдерінің адам ағзасына тигізетін пайдасы өте зор.

Жетістіктер:

1.Балықта адам сүйегінің қатаюына көмекберетін Д және С витаминдері бар.

2.Апаның тизесіне көмегі , балықтың суық пен тұзды жоюға көмек берді.

3.Балықтан жасалынатын тағамдар күнделікті қолданысқа енгізілді.

Балықтың адам денсаулығына тигізетін пайдасын дәлелдей отырып , балық шаруашылығын қолға алып , балық өнімдерін көбейтуді іске асыру қажет. Балық санының көбеюіне жағдай жасап , өзендер мен су қоймаларын ластану көздерінен қорғау керек. Сонда ғана балық шаруашылығын қолға алып, күнделікті өндірісте балық тағамдарын пайдалана аламыз. Балықтан жасалынатын тағамдарды күнделікті қолдана отырып денсаулығымызды жақсартайық ағайын.Балық шаруашылығын қолға алып қорғайық



















Пайдаланған әдебиеттер:

1.С.М.Махмұтов Зоология «Алматы»- 2006ж

2.М.Қ Смағұлова Оқушы анықтамасы

«Арман- ПВ» баспасы 2005ж 286-287б

3. А.Ф.Ковшарь, В.А Ковшарь

Қазақстандағы жануарлар әлемі

«Алматы » кітап 2004-2005 ж

64-65б

4. А.Ф Ковшарь Қазақстан қызыл кітабы беттерінен



«Алматы» 2004 33-36 б



































Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы

К.Омаров атындағы жалпы орта мектебі мемлекеттік мекемесі











Күнделік

Күнделік жүргізген:

7А– сынып оқушысы Дулатбек Е.

Жетекшілік еткен: Умерзахова А













2016– 2017 оқу жылы

2016 жылдың сәуір айынан – 2017 жылдың наурыз айына дейін жүргізілді.



Атқаратын жұмыстар мазмұны

байланысы

Мерзімі

1

Зеттеу бөлімін жоспарлау


Флора экологиясымен байланысты

Сәуір

2

Кітапханамен байланыс жүргізе отырып, тың ізденістер жүргізу.


Оқулықтар мен журналдар материалдарымен

Мамыр

3

Омыртқалылар туралы мәліметтер жинау


Омыртқалылар оқулық

Маусым

4

Кіріспе бөлімін жоспарлау


Арыс – Түркістан каналымен танысу

Шілде

5

Зерттеу бөліміне ізденіс жұмыстарын жүргізу


Маңызы

Тамыз

6

Жинақтау, жүйлеу жұмыстарын жүргізу


Жоспарлау

Қыркүйек

7

Ғылыми жоба тақырыбын нақтылау


Тақырыпты ашу

Қазан

8

Кіріспе, зерттеу бөлімін бір – бірімен байланыстыру


Адам денсаулығымен байланыстыру

Қараша

9

Қорытынды бөлім жұмыстарын жүйелеу.

Қорытынды

Желтоқсан

10

Балық тағамдарына талдау жасау


Тағам түрлерімен танысу

Қаңтар

11

Тағамдардың маңызын анықтау


Салыстыру, байланысын анықтау

Ақпан

12

Аудан көлеміндегі кітапхана

лармен жұмыс жүргізу


Мектептің, ауылдың,

аудандық

Наурыз

































К.Омаров атындағы жалпы орта мектебінің 7А сынып оқушысы Дулатбек Ердәулеттің «Арыс - Түркістан каналында кездесетін балық түрлерін зерттеу , балықтың пайдасын анықтау»- атты ғылыми жобасына

Пікір

1.Тақырыптың өзектілігі. Арыс - Түркістан каналында кездесетін балық түрлерін зерттелген, балықтың пайдасы анықталған.

2.Ғылыми жұмыс тақырыбы бойынша міндеттердің шешілу деңгейі.

Жобада алға үш міндет қойылған:

  • Арыс –Түркістан каналында кездесетін балық түрлерін анықтап зерттеу ;

  • Балықтардың пайдасын анықтау ;

  • Балықтан жасалатын тағам түрлерімен таныстырып , қолданысқа енгізу;

Жұмысының негізгі мазмұны аталған міндетке сәйкес жазылған , міндеттер толық шешімін тапқан .

3.Жұмыс жоспары мен құрылымына баға: Жоба тақырыптың мәнін толық ашатындай мазмұнда құрастырылған . Жұмыстың бірінші бөлімінде балықтың түрлері толық анықталып, зерттеу жұмыстары толық баяндалған. Жұмыстың екінші бөлімінде балықтың пайдасы зерттеу әдістерінен көрсетілген . Үшінші бөлімінде тәжірбие нәтижесі баяндалған . Олар сурет ,кесте түрінде берілген.

4. Тақырып мәселелерін ашып көрсету , баяндау толықтылығы : Жұмыста алға қойған мақсат толық орындалған.

5. Ғылымилық деңгейі: Зерттеу әдісі , проблеманы айқындауы , ғылыми көзқарастарды сипаттауы , қорытындылар мен ұсыныстардың негізгілері мен дәйектілігі , оқушының жас деңгейіне сәйкес келеді, автордың тақырып бойынша мәселелерді шешудегі үлесі халық арасында қолданылатын тәсілдерді сынақтан өткізіп , салыстырып , тиімділері анықталған.

6. Кемшіліктері мен ұсыныстар: Жұмысты талдау барысында принципті кемшіліктер байқалған жоқ . Балықтың адам ағзасына пайдасын толығырақ зерттеу қажет. Сонымен қатар биологиялық жағынан әдістер қолданған жөн.

7.Жұмыстың рәсімделу деңгейі : Жұмысы ғылыми жобаларға қойылатын талаптарға сәйкес рәсімделген .

Сын пікір беруші

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!