Материалдар / Ғылыми жоба "Аустралиядағы өрт - әлем назарында! " 9 сынып география
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба "Аустралиядағы өрт - әлем назарында! " 9 сынып география

Материал туралы қысқаша түсінік
География пәнінен ғылыми жоба "Аустралиядағы өрт - әлем назарында! " тақырыбында 9 сыныпқа арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Тамыз 2021
1044
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар ұлттық гимназия






Тақырыбы:


Аустралиядағы өрт - әлем назарында!




Бағыты: Табиғатты қорғау, сақтау- әр адамзаттың борышы!


Секция: Экология


Орындаған: 8 «А» сынып шәкірті Аманова Айзада


Ғылыми жетекші: география пәні мұғалімі Есенғазы Аяжан














Атырау, 2020




Мазмұны:


Кіріспе................................................................................................................4

І. Әдебиетке шолу

1.1. Аустралия мемлекеті,құрылу тарихы, климаттық жағдайы..................5

1.2. Аустралия қызықтары, экономикасы.......................................................5

1.3. Мемлекеттік құрылымы,халқы ................................................................7

ІІ. Негізгі бөлімі

2.1. Орман өрттерінің себептері мен салдары................................................9

2.2. Аустралиядағы өрт неден тұтанды?.........................................................10

ІІІ. Зерттеу бөлімі

Жойылу қауіпі бар сирек кездесетін жануарлар мен эндемик өсімдіктер

3.1. Жойылу қауіпі бар эндемик өсімдіктер....................................................16

3.2. Жойылу қауіпі бар жануарлар...................................................................17

3.3. Ғалымдар пікірі...........................................................................................18

Қорытынды.......................................................................................................19

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................21











Аннотация


Зерттеу жұмысының басты мақсаты: Аустралия материгін жайлаған алапаттың өрттің табиғатпен, халықтың тұрмыс жағдайына тигізген зиянына жалпылама сипаттама беру.


Зерттеу жұмысының негізгі болжамы: Аустралиядағы өрт салдарынан материктегі жан-жануарлардың үштен бірі қырылып қалған. Сидней университетінің экологтері келтірген деректерге сүйенсек, өртеніп кеткен сүтқоректілердің, құстардың жалпы саны жарты миллиардқа жетеді.


Зерттеу жұмысының әдістемесі:

  • Материктің табиғатына шолу жасау;

  • Сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарларының қазіргі қал-ахуалына деректер келтіру;

  • Қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге өз идеямды қосу;


Зерттеудің жаңалығы мен дербестік нәтижесі:

  • Әлемді алаңдатқан Аустралия материгіндегі өрттің табиғат анаға әсерін, тигізген зиянына жан-жақты сипаттама беруі;

  • Жойылып кету қауіпі бар жан-жануар, эндемик өсімдіктерді сақтап қалу шараларын ұсыну;

  • Ғаламдық проблемаға айналған осындай алапат өрттердің алдын алу шараларын ұйымдастыру жолдарын көрсету.


Зерттеудің теориялық және практикалық мәні:

  • Әлемдік жаңалықтарға шолу жасау арқылы әлем назарында болған Аустарлия материгіндегі өрттің шығуы мен табиғатқа келтірген орасан зор шығындарын көрсету теориялық мәні болып табылады. Зерттеу барысында табиғи және адам қолымен жасалған өрттердің алдын алу шараларын ұйымдасыру практикалық мәні болып табылады.


Аннотации

Основная цель исследования: дать общую характеристику ущерба, нанесенного пожаром природе и условиям жизни населения в результате стихийного бедствия на материковой части Австралии.

Основная гипотеза исследования: треть животных на континенте погибла в результате пожаров в Австралии. По данным экологов Сиднейского университета, общее количество сожженных млекопитающих и птиц достигает полумиллиарда.

Методы исследования:

- Обзор природы континента;

- данные о современном состоянии редких растений и животных;

- Добавьте свою идею к работам по реконструкции;

Новизна и независимость результатов исследования:

  • подробное описание воздействия пожара на материковую часть Австралии, вызвавшего тревогу во всем мире, воздействия на природу;

  • обеспечение мер по сохранению исчезающих видов животных и растений;

  • Показать, как организовать меры по предотвращению таких катастрофических пожаров, которые стали глобальной проблемой.


Теоретическая и практическая значимость исследования:

- Это теоретически показать происхождение пожара на материковой части Австралии и огромный ущерб, который он нанес природе, просматривая мировые новости. В ходе исследования практическое значение имеет организация мероприятий по предотвращению природных и техногенных пожаров.













Annotations


The main objective of the study: to provide a general description of the damage caused by fire to the nature and living conditions of the population as a result of a natural disaster on the mainland of Australia.


The main hypothesis of the study: a third of the animals on the continent died as a result of fires in Australia. According to ecologists at the University of Sydney, the total number of mammals and birds burned reaches half a billion.


Research methods:

- An overview of the nature of the continent;

- data on the current state of rare plants and animals;

- Add your idea to renovation works;


The novelty and independence of the research results:

- a detailed description of the impact of the fire on the mainland of Australia, causing alarm worldwide, impact on nature;

- provision of measures for the conservation of endangered species of animals and plants;

- Show how to organize measures to prevent such catastrophic fires, which have become a global problem.


Theoretical and practical significance of the research:

This is to theoretically show the origin of the fire on the Australian mainland and the enormous damage it caused to nature while watching the world news. In the course of the study, the organization of measures to prevent natural and man-made fires is of practical importance.














Кіріспе

Аустралия ресми аталуы — Аустралия Одағы - Аустралия материгі мен  Тасмания аралында және көптеген кішігірім аралдарында орналасқан мемлекет. Аустралия Одағы Шығыс Тимор, Индонезия Республикасы, Папуа — Жаңа Гуинея, Вануату, Жаңа Каледония, Соломон аралдары, және Жаңа Зеландия елдерімен теңіз арқылы шектеседі. Аустралияның астанасы – Канберра қаласы. Ірі қалалары – Сидней, Мельбурн. Аустралия G20,  ЕЭЫДҰ,  ДСҰ, АТЭЫ, БҰҰ, Британ достығы, АНЗЮС, Тынықмұхит аралдарының форумы ұйымдарының мүшесі. Бүгінде бұл мемлекет қызыл өрттен көз аша алмай отыр. Адамдар, жануарлар мен үйлер - өрттің негізгі құрбаны. Осымен бес айға жуық уақытқа созылған табиғи апат шамамен 2019 жылдың қыркүйегінен басталған. Соңғы мәліметтер бойынша, елдегі орман өрті салдарынан жарты миллиардқа жуық жануар қырылған.


Зерттеудің өзектілігі: Бұл ғылыми жұмыста бүткіл әлемді алаңдатқан Аустралиядағы алапат өртке жалпы мәлімет беріледі. Сонымен қатар сирек кездесетін жануарлар мен эндемик өсімдіктердің санының азаюы, қазіргі кезде осындай тілсіз жаудың алдын-алу шараларын ұйымдастыру деңгейі, осы тақырыпты зерттеуіме қызығушылығымды оятты.

Зерттеудің қарама-қайшылықтары: табиғатты аяулауға арналған қанша шаралар ұйымдастырылған мен адамдардың кесірінен шыққан өрттердің саны азаймай отыр.

Зерттеудің мәселесі: Аустралиядағы ауқымды өрт Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында қыркүйек айында орманды алқаптың өртенуі басталған. Бүгінде алапат өрттің кесірінен жарты миллиардқа жуық жануар қырылып қалған. Соның ішінде, коала санын қайта қалпына келтіру мүмкіндігі өте аз.

Зерттеу барысындағы менің міндеттерім:

Аустралия материгінің ерекшеліктерін анықтауға бағытталған. Қойылған мақсатқа сәйкес келесі міндеттер шешілу тиіс:

1. Материктің экономикалық- географиялық жағдайына сипаттама жасау;

2. Табиғат жағдайына, ресурстарына баға беру;

3. Материктің ауыл шаруашылығының даму ерекшеліктерін анықтау;

4. Материктің экономикалық-географиялық факторларының халықтың өмір сүру деңгейіне ықпалын зерттеу.

5. Аустралия шарпыған алапат өрттен кейінгі табиғат жағдайына сипаттама беру;

Зерттеу нысаны: Аустралия материгінің өсімдіктері мен жан-жануарларының таралу аймақтары, 2019 жылы болған алапат өрттің материкке тигізген әсері!

4

І. Әдебиетке шолу

1.1. Аустралия мемлекеті, құрылу тарихы, климаттық жағдайы Аустралия ресми аталуы — Аустралия Одағы - Аустралия материгі мен  Тасмания аралында және көптеген кішігірім аралдарында орналасқан мемлекет. Аустралия Одағы Шығыс Тимор, Индонезия Республикасы, Папуа — Жаңа Гуинея, Вануату, Жаңа Каледония, Соломон аралдары, және Жаңа Зеландия елдерімен теңіз арқылы шектеседі. Аустралияның астанасы – Канберра қаласы. Ірі қалалары – Сидней, Мельбурн. Аустралия G20,  ЕЭЫДҰ,  ДСҰ, АТЭЫ, БҰҰ, Британ достығы, АНЗЮС, Тынықмұхит аралдарының форумы ұйымдарының мүшесі.

Құрлықтың басым бөлігін тропиктік (18°—30° оңтүстік ендік), ал солтүстігі мен оңтүстігін субтропиктік белдеу алып жатыр. Шығыс жағалауының климаты — тропиктік теңіздік, Күн радиациясы үнемі жоғары, ашық күндер басым. Сондықтан Құрлықның барлық аймағында темп-pa жоғары және тұрақгы (20 -28 °C ға дейін), тек қыс айларында (шілде - тамызда 12 -20°С температуpa төмендейді. Қаңтардың орташа температурасы 40 °C болатын аудан құрлықтың солтүстік-батысында, абс. максимум — Клонкарриде (53,1 °C). Тұрақты аяз тек оңтүстік-шығыстағы Құрлық Альпісінде (-22°С-қа дейін) байқалады. Үлкен суайрық жотасының Тынық мұхиттан соғатын ылғалға бөгет жасауы, құрлықтың бүкіл орталық аймағының климатының кұрғақ болуына әсерін тигізеді. Құрлық жерінің 40%-ке жуығында жауын-шашын мөлшері 250 мм-ден аспайды. Құрлықтың солтүстігі мен шығысындағы тауларда жауын-шашын мөлшері 500 мм-ден 2000 мм-ге дейін жетеді. Бұл аймаққа экватордан келетін ылғалды муссонның әсері бар.

Бірінші адамдар Австралияға 42−48 мың жыл бұрын келген. Олар Оңтүстік Шығыс Азия жерлерінен келген қазіргі Австралия аборигендердің бабалары. Соңғы зерттеулерге сәйкес Австралия жергілікті тайпалары африка тайпаларымен туыстық байланыстары болуы әбден мүмкін;

  • 1606 жылы – Голландиялық Duyfken атты кемесінің капитаны Биллем Янсзон Австралияны ашады. XVII ғасырда голландиялықтар дүниежүзінің картасына Австралияның батыс және солтүстік жағалауларын Жаңа Голландия деп енгізеді.

  • 1770 жылы Джеймс Кук (ингл. James Cook) Австралияның шығыс жағалауын ашады. Ол оны Жаңа Оңтүстік Уэльс (англ. New South Wales) деп атайды және оны Ұлыбритания жері деп жария етті.

Құрлықтың іргетасын, негізінен, құрлық платформасы мен Шығыс құрлық геосинклинальді белдеуі құрайды. Платформа құрлықтың батысын, Сент-Винсент шығанағына дейінгі орталығын және оның Арафур т. астындағы бөлігін, Жаңа Гвинея аралының оңтүстігін қамтиды. Геосинклиналь белдеуі Кейп-Йорк түбегінен басталып, Тасмания аралымен бітеді.

5

Құрлық платформасының түпкі негізі (архей-төм. протерозой) күшті метаморфтану салдарынан гнейс пен гранитке айналған жанартаулық жыныстар мен терригенді шөгінділерден тұра-ды. Архей жыныстары Пилбара мен Калгури жақпарларында, солтүстікте Кимберли үстірті мен Антрим тауларында және Арнхемленд түбегінің солтүстік-батысында кездеседі.  Протерозой шөгінділері Батыс құрлықтың Наллагайн, Кимберли үстірті ойыстарында, Карпентария шыганағының оңтүстік-батысында көп ұшырасады. Платформаның солтүстік-батысындағы Үлкен құмды шөлде триас, юра шөгінділеріне толы Каннинг ойысы, Үлкен шығанақтың солтүстік жағасында палеоген жыныстары басып жатқан кайнозой дәуірінің Юкла ойысы бар. Шығыс Құрлық геосинклиналь белдеуі батыстан шығысқа қарай біртіндеп алмасатын каледондық (Аделаида) және герциндік (Жаңа Англия) жүйелерден құралған. Солтүстіктен оңтүстікке қарай Карпентария шығанағы, Үлкен Артезиан және Муррей алаптары сияқты бірнеше ойыс жатыр.

Құрлықтың архей, протерозой, кембрий, ордовик жыныстарында, алтынның (Калгури, Кулгари, Бендиго, Балларат), уранның (Рам-Джангл, Мэри-Катлин, Радиум-Хилл), түсті металдардың (Брокен-Хилл, Маунт-Айза, Клонкар-ри) ірі кен орындары, оңтүстік мен бат-ндағы протерозой шөгінділерінде темір мен марганецтің, ал солтүстігіндегі Уайпа кен орнында боксит кен тасы бар. Үлкен артезиан алабы мен Амадея ойысында, Виктория жағалауындағы әр түрлі геологиялық жүйелерде мұнай мен газ мол. Құрлықтың шығысы мен батысында титан мен цирконийдің аса ірі кен орындары орналасқан.

Аустралияда өзен, көлдер аз. Материктің 60%-ын қамтитын ішкі тұйық алапқа уақытша кебетін өзен арналары - криктер тән. Олар қалдық көлге құяды. Өте таяз, суы тұзды болып келетін, жағалаулары қалың тұз қабыршақтарымен жабылған көлдер – қалдық көлдер. Көлдер құрғақ кезеңде тартылып қалады.

Қалдық көлдер материктің батысы мен орталығында көп. Ең ірісі – Эйр көліне бағытталған Куперс-Крик. Аустралия өзендері жаңбыр және жер асты суларымен қоректенеді. Үнді мұхиты алабына Аустралияның ең үлкен өзені – Муррей жатады. Муррей мен оның ірі саласы Дарлинг Үлкен Суайрық жотасынан басталып, Үнді мұхитына құяды. Муррей өзені жыл бойы Аустралия Альпісінен келетін сулар есебінен толығады. Құрғақ кезеңде Муррейдің деңгейі күрт төмендейді, ал Дарлинг төменгі ағысында мүлде тартылып қалады. Аустралияда 33 артезиан алабы (жер асты сулар) бар. Мұнда дүние жүзіндегі ең ірі Үлкен Артезиан алабы орналасқан. Жер асты суларының көпшілігі тұзды болып келеді. Қабат аралық жер асты сулары 2000 м-ге дейінгі тереңдікте жатқандықтан, оларды бұрғылап, жер бетіне шығару көп қиындық туғызады.

Австралияның көпшілік жері тропиктік, ал 30° оңтүстік ендіктен оңтүстікке қарай субтропиктік топырақты келеді.

6

Ішкі аудандарында құнарсыз шөл топырағы мен өсімдік дүниесі мардымсыз құмдар кездеседі. БатысАвстралия таулы үстіртінің топырағы қиыршық тасты және құмды болады. Орталық ойпаттың жазықтарында құмдақ, саздақ, Орталық алап көлдерінің төңірегінде тұзды топырақтар кездеседі. Құрлықтың орталығынан батысқа, солтүстікке, шығысқа қарай, жазғы жауын-шашын көбейген сайын шөлдің құнарсыз топырағы шөлейт пен саваннаның қызыл құба, қызыл топырағына ауысады. Ылғалды солтүстік және шығыс жағалаулары қызғылт сары топырақты.

Налларбор жазығында субтропиктік құрғақ шөл топырағы, оңтүстік-батыс пен оңтүстік-шығыста сұр қошқыл, қошқыл және қызыл қошқыл топырақ кездеседі. Австралияның оңтүстік-батысында реликт қызыл және сары топырақ, Үлкен Суайырық жотада (28° оңтүстік ендіктен солтүстікке қарай) таудың латерит топырағы, аңғарларында тропиктік қара топырақ, субтропиктік белдеудің тау беткейлерінде таудың сары, қызыл, орманның құба топырағы, Австралия Альпісінің жоталарында шалғынды топырақ басым. Бұталардан тазартып, суарса, тұзын шайса, Австралия шерінің 60%-і егіншілікке жарайды. Бірақ 60 жылдары жерінің 2%-і ғана егіншілікке пайдаланылды.

1.2. Аустралия қызықтары, экономикасы

Аустралия – үлкендігі бойынша әлемде 6-орынды иеленетін мемлекет. Ол аумағы шамамен 7,6 миллион шаршы шақырым болатын тұтас бір құрлықты алып жатыр.

Аустралиялықтардың 80 пайызы жағалаудан 100 шақырым жерде өмір сүреді. Аустралия халқы 200-ден астам тілде және диалектіде сөйлейді. Олардың 45-і – байырғы халықтардың тілі. Мемлекетте ағылшын тілінен бөлек итальян, грек, кантон, араб, вьетнам және қытай тілдері кеңінен тараған. 

Дамыған елдердің арасында Аустралияда мигранттар саны көп. Аустралиялықтардың 25 пайызынан астамы өзге мемлекеттерде дүниеге келген. Мұнда байырғы халықтардан бөлек, 200 елден келген мигранттар өмір сүруде.

Мемлекетте ерекше экологиялық жүйемен танысып, сонымен қатар адам қолы тимеген торпикалық ормандар, ежелгі құздар және керемет жағажайларды көруге болады.

Аустралияда ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұрасының

16 нысаны орналасқан. Олардың қатарында тарихи ауылдар, қалалар мен ландшафттар бар. 

7

Аустралия әлем бойынша әйелдерге дауыс құқығын берген (1902 жылы) Жаңа Зеландиядан кейінгі екінші мемлекет болды. 

Сидней мен Мельбурнның қайсысы астана болатыны туралы келісе алмағанда, 1908 жылы Канберра құрылған. 

Әлемдегі ең үлкен ферма Оңтүстік Аустралияда орналасқан. Anna Creek Station фермасы 34 мың шаршы шақырымнан астам аумақты алып жатыр. Бұл Бельгияның аумағынан (30,5 мың шаршы шақырым) үлкен. 

Аустралиялықтар әлемнің өзге елдерімен салыстырғанда, құмар ойындарына ақшаны көбірек жұмсайды. Мемлекетте ересектердің 80 пайызы құмар ойындарын ойнайды. Бүкіл дүниежүзіндегі покер ойыны автоматтарының 20 пайызы Аустралияда. 

Супермаркеттерден, ет сатушылардан кенгурудың етін сатып алып, мейрамханада тапсырыс беруге болады. Кенгуру еті сиыр немесе қой етінің баламасы ретінде қарастырылады. Себебі ондағы майдың үлесі – 1-2 пайыз.

Аустралиялықтардың дені спортты жақсы көретініне қарамастан, мемлекет семіздік деңгейі бойынша көшбасшы елдердің бірі болып табылады. Мемлекет тұрғындарының 26 пайызы семіздіктен зардап шегеді. Ал халқының 63 пайызы артық салмаққа ие.

Аустралияда шарап жасайтын 60 өңір бар. Аустралиялық шарап жасаушылар жылына 1,35 триллион шөлмек шарап өндіреді. 2007 жылы Аустралияның бұрынғы премьер-министрі Кевин Радд мемлекеттің байырғы тұрғындарынан кешірім сұрады. Бұл ұлттың ымыраға келуіндегі негізгі кезең болды.

Аустралиялықтар ағылшындарды Pome деп атайды. Бұл

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!