Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ғылыми жоба Ауыл тарихы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Жамбыл облысы, Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімі
№6 «Кеңес» орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тақырыбы: «Қазақстан» колхозының тарихы
сыр шертеді.
Ғылыми зерттеу жұмысы
Тарихи-өлкетанушылық /ауыл тарихы/
Ғылыми жұмысты орындаған: Мамытхан Рүстем Мамытханұлы
10 «Ә» сынып оқушысы
Ғылыми жетекшісі: Түсіпбекова Дәметкен Ибрайымқызы
тарих пәнінің мұғалімі.
Меркі ауданы 2015 жыл
Зерттеудің мақсаты: Жас ұрпаққа Меркі өңіріндегі кең салалы шаруашылықтың бірі болған Қазақстан колхозы аталған ауыл тарихы туралы мәлімет беру. Кеңес одағы кезінде одақтық, республикалық облыстық және аудандық деңгейлерде көтерілген ауыл тарихын таныту. Ауылдың кешегі еңбек озаттары, олардың игіілкті істері туралы құнды мәліметтер беру. Ауыл жетістіктері мен еңбеккерлерінің ұлан-ғайыр еңбектерін үлгі ету.
Аннотация
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Еліңнің ертеңін білгің келсе, оның жастарына қара» деген сөзін басшылыққа ала отырып, мемлекеттігіміздің 550 жылдық мерекесіне орай тарихымыздың әрбір парағын білу бүгінгі жас ұрпаққа міндет, әрі парыз екені рас .
Осы мақсатта кезінде аты мәлім болған «Қазақстан» колхозы туралы зерттеу жұмысын ұсынбақпыз.
Кеңес Одағы ұлы аталатын алып мемлекет тарих сахнасына келісінен, сол кездегі алып мемлекеттің әр түкпірінде шаруашылықтар, ауыл шаруашылығы ұжымдары құрыла бастады. Сондай шаруашылықтардың бірі, іргелі «Қазақстан» колхозы туралы ой қозғамақпыз. Мемлекет мүддесі, ортақ меншік ұғымы үстемдік құрған кезеңдегі елді мекеннің әлеуметтік экономикалық жағдайы, шаруашыылықтың маманданған салалары, ауыл шарушылығында, мал шаруашылығында, егін шаруашылығында жеткен жетістіктер мен қоғамдық меншікте негізделген шаруашылық кезеңіндегі қарапайым еңбек адамдарының шын мәніндегі ерен еңбектері туралы жазылған жинақтың қазіргі жастарға, қазіргі ұрпаққа берері мол дүние екендігі рас.
«Қазақстан» аталған колхоз Кеңес Одағы кезінде одақтық, республикалық, облыстық және аудандық деңгейлерде көптеген биік жетістіктерге жеткен құрылым, сол игі дәстүрді бүгінгі нарықтық экономика үстемдік құрған уақытта әрбір еңбек адамның біліп, ертеңгі күнге нық сеніммен байланыстыра отырып, іске асырады деген сенімдеміз.
Мазмұны:
1.Кіріспе.
2. Ауыл коллективтендіру кезеңінде.
3. Ашаршылық зобалаңы ауылға әсер етті.
4. Саналы басшылық-халықтың ырысы.
5. Ауылдың алғашқы еңбек тарландары.
6. Колхоздың сатылай өрлеу жылдары.
7. Ауыл ХХІ ғасырдың бас кезеңінде
І. Кіріспе
Қазақстан колхозы Меркі өңіріндегі кең салалы іргелі шаруашылықтың бірі еді.
Шаруашылықтың орталығы - Кеңес үкіметі деген ұғымнан туындаған «Кенес» ауылы деп аталады.
Елді мекен ауданы орталығының солтүстік шығысында 45 шақырым жердегі Аспара-Мықан өзені Жібек жолының бойындағы жер асты суынан (қайнардан)бастау алды, суы жылы, қыста қатпайды.
Мықан өзенінің бойындагы Өмірбек ауылы деп аталатын елді мекенінде,ұлы Тұрар Рысқұловтың «азапты балалық шағын» өткізгенін оның өмірге көзқарасының сол жерде қалыптасқанын Шерхан Мұртазаның ‘’Қызыл Жебе’’ романынан білеміз.
Кеңес ауылының солтүстігінде ұлы Жібек жолының бір тармағы-елді мекендерді айналып өтетін Большевик-Благовещенск’’ автомобиль жолы,оңтүстігінде Турксиб темір жолының Луговой-Бішкек тармағының Шалдуар бекті (поезд аялдамасы)14 шақырым жерде Ұлы Жібек жолы бар. Ауылдың шығысынан бауырлас Қырғыз Республикасының мемлекттік шекарасы өтеді.40 шакырым жерде(шығысында ) орналасқан шаруашылықтың астық аймағы-Жауғаш батыр ауылы орналасқан.(Бабамыз хан Абылайдың оң қолы,елші уәзірі болған).Елді мекен Тоқташ өзенінің бойында Жауғаш батырдың табыны тиген,ордасы тігілген киелі жере орналасқан. Батырдың туы,ордасының босағасы, батырдың жетінші ұрпағы СансызбаевЗауыттың үйінде сақталған.1998жылы Жауғаш батыр жерленген екінші Мекке »Киелі жер»-Ахмет Яссауи кесенесіне тапсырылды.
1989 жылы халық санағы бойынша селодағы 592 түтінде 9ұлттық өкілдерінен құралған32216 адам тұрады,олар қазақ,орыс,украйн,өзбек,ұйғыр,татар,грек,қарашай ұлтатарының өкілдері «бір жеңнен қолы,бір жағадан бас шығара» отырып еңбек етті.
Кеңес елді мекені мен Жауғаш ауылында Ботпай бабамыздан тарайтын Құдайғұлдың Жаныс,Әлімі мен Бәйтігі тарапынан тарайтын Малқара мен Мамыр және Ботпайдың Қораласынан тарайтын Жауғаш руы мекендейді.
Шаруашылық негізінен екі салада,мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы бағытында жұмыс істеген.Соның ішінде мал шаруашылығының улес салмағы басым. Климатын Меркі ауылы мен тау бөктеріндегі елді мекендерге қарағанда 5-6◦C айырмашылығы бар.Қыс айларында бұл айырмашылық қатты сезіледі. Жылына орта есеппен 50-60 мм жауыншашын туседі кейбір қолайлы жылдары оның мөлшері 80-100 мм дейін көтеріледі. Кей жылдары қыс қатал болып -8 -10 температура жаз айларында 23-25 дейін ысиды. Қыстың ең суық айы- қаңтар, ыстық- шілде айы. Жауынды айлар сәуір, мамыр. Жауынсыз шілде мен тамыз айлары болып келеді.Көктем төс беткейінен гөрі екі аптаға кеш шыгады.Қар ери бастауы мен көктем шығу шекарасы елді мекеннің солтүстігіндегі Жалғыз аяқ деп аталатын сүрлеу,Зәді сол жерден географиялық параллель өзені болу керек.
ІІ. Зерттеу бөлімі
Ауыл коллективтендіру кезеңінде.
Құрамында « Қазақстан» колхозы бар Меркі революцияға дейін сауда тасымалдау пункті ретінде Земство ауруханасы,почта бастауыш приход мектебі бар ауыл болатын.Меркі аймағындағы Меркі,Қарақыстақ,Қорағаты,Аспара болыстары болды.Сол Аспара болысына қазіргі «Қазақстан» колхозының елді мекендері кіретін еді қосшы ,артель болып бірігіп,әр артель ретімен аталатын дәрежеге жетті.
1927-1928 жылдары ұжымдастыру даярлық жұмыстары жүргізіле бастады.Мркі өңіріне Сыр- Дария губерниялық партия және атқару комитеттерінің өкілдері келе бастады. Міне осы кезенде жерлердегі бай -құлақтардың мал- мүлкін конфискелеу жұмыстары жүргізілді. Аспара болысында бұл жұмысты Малқара- мамыр руынан шыққан Құралбай Серікбаевқа тапсырылды.Ол батрактармен бірге малды тауға көшірісіп,байлардың малының саны жөнінде мәліметтер жинады. Жер- жердегі секілді Меркі өңірінде де бай -кулактар партия, Совет оргондарының өкілдеріне қатты қарсылық көрсетті. Мәселен, 1927жылы Аспара болыстық партия ұйымының хатшысы Константин Иванович Шабельбниковты Кузьминка селосының кулактары – Аверин мен Дунаев дегендер айуандықпен кескілеп өлтірді.
«Қазақстан» колхозын құрып отырған14, 19, 28 ауылдарда аса ірі қазақ байлары болмаған.19 ауылда тұратын20- шақты орыс жанұяларының12 сі ғана конфискелеуге ілінді.Олардан алынған 80- ге жуық жылқыны Құралбай Серікбаев артельге өткізді. Байларды конфискелеуге жер жерде аудандар ұйымдастырумен қатар келді. ВЦИК-тің шешімімен 1928жылы 3сентябрьде Меркі ауданы ұйымдастырылды.
Алғашқы аудандық партия комитетінің бірінші секретары -Таджидин,аудандық атқару комиттетінің төреағасы Ш.Омаров,аудандық комсомол комитетінің бірінші секретары Омархожаев болды.
Қазақстан колхозының түп төркіні болған тарихи деректер бойынша 14 артель болған. Артельдің бірінші төреғасы - Әбден Әзеков болған.Сұраншы,Бах,Әзек сияқты орташа байлар өз еркіммен артельге350 қойын өткізген.Ортаға жиналған артель қойының алғашқы шопандары Бәрменқұлов Әлімше, Әтіков Исақұл болды. №14ауылдың төреағасы Жылқышиев Бораншы, ауылдың төрағасы №19 Абаев Тескенбай, №25 ауылдың төрағасы- Сартаев Әсілбай –«Кеңес» болыстық атқару комитетінің алғашқы төреағасы - Ибақов Қасым болған.
Ауыл тұрғындарының саяси ағымға тусіне бастағандары артельге мүше болып тіркеле бастайды. Жеке меншік арба, ағаш соқаларын,айыр,күрек,тырмаларын артельге өткізіп,ортақ тіршілкке араласа бастайды.Артель мүшелерінің айналысатын жүмысы қой өсірумен егіншілік болды
1929 жылы артельдерді ірлендіру науқаны басталып 14,19 ауыл бірігіп Кеңес колхозы 23ауылдық негізінде Мықан өзенінің бойында ‘’ Салин’’ атындағы колхоз ұйымдасқанда шаруашылықта 370 қой, 60 жылқы, 25 ағаш соқа, 290 гектар егістік жер 229 түтін болды.
Ашаршылық зобалаңы ауылға әсер етті.
Бірлесіп егін егіп енді ел қатарына оңала бастаганда 30 жылдың басында зобалаң келді. «Асыра сілтеу болмасын,аша тұяқ қалмасын» деген ұранның авторы Қазақстан өлкелік партия комитетінің басшысы Голощекинмен бірге Қазақстанға ашашырлық келді.
Қазақ ССР Ғылым Академиясының академигі Манаш Қозыбаев «Қазақ әдебиті» газетінің1988 жылғы 9 желтоқсандағы нөмерінде 1931-1932жылдардағы зобалаң жөнінде былай деп жазады. Коллективтендіру саясаты көбінесе «Асыра сілтеу болмасын,аша тұяқ қалмасын», «Қайдан тапсаң,одан тап, қап түбін қақ» деген айғайшыл ұрандармен жүзеге асырды. Мұның бәрі орны толмас қайғы- қасіретке әкеп соқтырды. Мысалы 1929 жылы Әулиеата аймағында 1,5 миллион бас мал болса 1934 жылы небары 7 мың бас мал қалды.
Сарысу ауданында тұратын екі түйе, бес қойы бар Сарыбаев дегн азаматқа салық ретінде қой,бес сиыр өткізу міндеттелінді.Осындай сорақылықтар жер жерлерде орын алған.
Жылдың ортасында Ғ.Мүсірепов, Дәулетқалиев бастаған сол кездегі халық зиялылары халқымыздың ауыр жағдайларын ВКП(б)Орталық комиттетіне хат жазып хабарлайды.Өлкелік партия комиттетінің бюросы 1932жылы 15 шілде де арнайны қаулы қабылдап,хат авторларын ұлтшылдар деп айыптайды.
Халық Комиссарлар Совет Председателнің орынбасары Тұрар Рысқұлов Сталинге екі рет хат жазып,елдегі қайғылы жағдайды хабарлайды.Ел қамын ойлаған Т.Рысқұлов халық жауы деп табылып,жазықсыз атылғаны барша қазаққа аян.Қазақтың ашаршылық жылдары босып шуаған сырын Голощекин басшылыққа оп -оңай түсіндіреді.
Қазақ который никогда не выезжал из своего аула,не знал путей,кроме путей своего кочевания, теперь с легкостью переходит из района в район внутри Казахстан, переходит на работы, на хозяйственное стройтельство в Повольжие и в Сибирь деп түсіндіреді.Шындығында Волга мен Сібірге қазақтар ашаршылықтан қырылып қалмау үшін кеткен еді.Сол ашаршылықтың орны толмас қасіреті бүкіл ауылды,жаңадан ұйымдастырылған колхоз,совхоздарды камтыды.Кеңес колхозындағы шамалы жек меншік мал мен колхоз меншігіндегі малдың бірде бреуі қалдырылмай жинап әкетілді.80 жылқы мен 500 дей қойдың бірде бір тұяғы қалдырылмады. Құрғақшылықтың салдарынан екі жыл қатарынан 1931-1932 жылдары егілген егін мүлде өңбей,еңбек зая кетті. Әркім өз басыммен болып кеткен заман болды. Ашаршылықтың салдарынан жол бойында тал тарақтардың түбінде жатқан адам өліктері көбейіп кетті.
Ашаршылық кезеңді Томатаев Еркебек ақсақал былай деп еске алады: «Ол күн өте ауыр жағдайда өтті Орыстың кулактарнан конфискациялап алынган 80жылқыны Көмекбай Ермекбаев екеуміз бағып жүрген жерімізден барлығын сыпырып алып кетті. Содан көп ұзамай біздің аулға маңқа ауруынан ұшыраған ауру жылқы алып келді. Бірақ оны күш ,көлік ретінде пайдалануға мүлде болмайтындығын ескертті. Бақсақ, осындай маңқа ауруына ұшыраған жылқылардың бәрін біздің аулға жинап, атып тастамақшы екен».
1931 жылдың жазында колхоз бастығы Абаев Тескенбайды байдың тұқымы деп босатып,оның орнына колхоз председатель етіп Асан Төлебаевты сайлады. Міне осы председательді әлгі маңқа ат шегілген жәшік арбамен аудан орталығына апарып, алып кеп тұрдым. Бір күні колхоз бастыгы маған арбамен аудан орталығына он шақты қап бидай алып келуді тапсырды.
Мен қатты толқыдым. Өйткені өте қауіпті кезеңнің туа бастаған кезі еді. Қауіптілігі сол,жолда жалғыз жарым жүрсең өзіңді өлтіріп,астыңдағы атыңды, алып келе жатқан азық түлігіңді талап алып кетіп жатқан қараңғылықтан мезғілі еді. Амал жоқ,басқа көліктің жоқтығынан баруға тура келді.Әрі халық күйзеліс үстінде,жаным ашыды. Содан Меркіге келіп он қап бидай тиедім де, Қарағаудың жолымен ауылға тарттым. Алыстан байқадым: Қарағаудағы үлкен өзендегі көпірдің үстінде үш үштен екі жарылып алты адам тұр. Кейін қайтуға жігіттік арым жібермеді, басқа жол жоқ. Жақындай бере атқа қамшы бастым да, өзім арбаның үстіне шалқамнан жата қалдым. Мұны күтпеген олар, ұмытылғандарынан еш пайда болмады. Алтауы алты жаққа ұшып,мен өте шықтым, бір тәуірі қолдарында қарулары жоқ екен.Сөйтіп аман- есен бидайды ауылға жеткіздімде адамдарға аз -аздан бөліп бердім.
Міне осы кезеңдердегі шаруашылық басшысы Асан Төлібаевтың жұмыс істеу тәсілі өзгеше болды.Халықты тәртіпке шақырудың бір амалы болу керек,ұрлық немесе еңбек тәртібі бұзыла қалатындай жағдай болса, ол біреуді соттатып, не қаматтыруды білмеді,керісінше өзіндік жаза қолданды. Өзі де көп адамдарды тәртіпке шақырды.
Ашаршылық ауылда белең алып, халық күйзеліске ұшырады.Жоғарыда атап өткен маңқа ауруына ұшыраған жылқыларды атып, шұңқырларға көміп тастайды.Ашаршылықтың зардабын көп шекені соншалық ауылдың кәрі- жасы демей әлгі атып тасталған жылқылардың өлігін түн мезгілдерінде ұрланып барып, қазып алады да мүше мүше етіп бөліп алып асып жейді.Мынау өліктің еті екен- ау деп жатқан ешкім жоқ,қайта оған қол жеткендеріне қуанады.
1933 жылы біздің ауылға бірінші рет жүгері егіледі.Бұрын бұл дақылды егіп көрмеген ауыл адамдары алғашында оған тосырқай карайды. Сөйтсек,нағыз адам үшін азық екен дейді ақсақал өткен күнді еске алып.
Қазақстан өлкелік партия комитетінің басында отырған сол кездегі секретары Голощекиннің тікелей қатысумен болған осындай ашаршылықтың зардабын ауыл адамдары көп көрді.Әлгі маңқа ауруына ұшыраған жылқыларды ауыл тұрғындарына бергізбей, оны атып тастаудың өзі де сол Голощекиннің жандайшап өкілдерінің іс әрекеттері барша халыққа зобалаң туғызған жоқ па?
Егер сол жылқылардың жөнсіз атып тастамай- ақ жергілікті халықтарға бергенде,адам өлімі әлде қайда аз болар ма еді? Бойында күш қуатты бар жандар ғана ашаршылықтың зардабын көп көргенімен өліммен аман құтылып қала берді. Сөзіміз дәлелді болу үшін мына бір мысалды келтірсек те жетіп жатыр. Сол 1931- 33- ші ашаршылық жылдары бойында күш қуатты бар ауыл азаматтары колхоз шаруасына белсене араласып, жұмыс істей білді. Ол кезде жасыратын жоқ, қазіргідей егістік алқап емес. Әр колхозда бар болғаны 300- 400 гектардай ғана егістік алқап болды. Міне осы егістік алқапты ат, өгіз соқалармен аударып игере алмағандықтан,көктемгі мезгілдерде бел күректеп жер аударатын. Бұл жұмысқа ер адамдармен қатар әйелдерде белсене қатысады.Егер норма бойынша ұзындығы 100 таяқ, ені бір таяқ жерді бір күнде аударып бітірсе оған тиесілі еңбек ақы ретінде қара шытырдан жасалған бір табақ быламық, бір кесе қант,100 грамм сары май артық берілетін. Ал мұндай норманы орындап шығудың өзі оңайлыққа соқпайтын. Жұмыстың қиындығына қарамастан сол кездегі диқандар: Ақатай, Халық, Еркебек, Салмақанбет, Тарбақ, Мақаш сияқты жігіттер жоғарыдағы аталған норманы орындап,әлгі артық берілген азық -түліктерін өздері жемей, үйіндегі бала- шағаларына апарып беретін.
«Ашаршылықта жеген құйқаның дәмі аузыңнан өмір бойы кетпейді,»
дегендей сол кездердегі диқандар үшін уақытпен санаспай күндіз-түні бірдей тамақ дайындап беріп отыратын Сатина,Майеке апайдың еңбегі зор болды.Ол қара шытырдың дәнінен быламық жасап,шырыштың түбін талқандап нан орнына пісіріп беретін,-дейді ауыл қариялары Көпберген Шағыров пен Емберген Телғараев.
Ауыл адамдары аштан қырылмас үшін неше түрлі іс-әрекеттер жасады.Сол кезенде көрші жатқан қырғыз ағайындардың жағдайы бізге қарағанда бір шама жақсы болғанға ұқсайды.Оның өрісте жүрген малдары кейбір уақыттарда біздің азын-аулық еккен егістік алқабымызға келіп жайылғаны үшін оның бодауы ретінде өгіз бен сиырларын ағаш жегіп,белгілі бір уақытқа дейін ашықтан-ашық пайдаланатын.Сол Қырғызтаннан сатып алған төрт мая сабан көп адамдарға азық болды.өйткені сабанның арасында арпаның,бидайдың дәні өте көп еді.Міне.сол дәнді бастырып алып,тамақ етті.
1934-35 жылдары Кеңес колхозының еңбеккерлері ашаршылықтың құтыла алмады.
Саналы басшылық-халықтың ырысы.
Колхоз басқармасы мен Кеңес селолық советінің алғашқы председатель Қасым Ибақов халық қамқоршысы бола білді. Олар халықты аштыққа ұрындармау үшін колхоздың меншігіндегі азын аулық қойларды әр отбасына бес бестен бөліп беріп, оның сүтін сауып ішуге жағдай туғызды. Колхоз басқармасының бұл қамқорлығына ауыл тұрғындары шексіз риза болып, ауылшаруашылық жұмыстарына белсене араласты.
1935 -1939жылдары Мәдиян Сағымбаев селолық председатель қызметін атқарады
1936жылы ауданымыздың басқа шаруашылықтары сияқты “Кеңес”колхозы да қант қызылшасын егумен айналыса бастады. Алғаш бұл шаруашылықта үш бригаданың есебінен бір- бірден үш қызылша звеносы құрылды. Звено жетекшілері: Рәзім Аманжолов, Еркебек Томатаев, Әуелбай Иманқұлов болды. Әр звеноға он гектардан барлығы отыз гектардан қызылша бекітілді.Бұл қызылша бекітілді. Бұл қызылша звеналарына үш бригаданың бригадирі Кәдірқұл Ермекбаев,Нұрманбет Сырымбетов, Рәшту Сүйіндіков басшылық жасады. Алғашында бұл техникалық дақылды күтіп баптау оңайға соқпады.
Қант заводының,ұрықтық қызылша совхозының мамандары жиі келіп, кеңес беріп отырды.Соның нәтижесін көп ұзамай шаруашылықтың қызылшашылары өз ісіне машықтанып та алды. Қант қызылшасын күтіп-баптаумен айналысқан шаруашылықтың алғашқы қызылшашылары Нүрпия Ибақова, Құлқаныш Томатаева, Жаңылбүбі Ерменбаева, Рәзім Аманжолов,Салмаханбет Тастеміров,Мәдиян Сағымбаева, Зағи Жұрқабаева,Бүбіза Байқұлова,Майкө Иманқұлова сияқты еңбек адамдары бойындағы күш жігерін қант қызылшасын күтіп-баптауға жұмсай білді. Міне,еңбек адамдарының зор еңбігінің нәтижесінде алғаш егілген қант қызылшасын әр гектарынан 450-500 центнерге дейін өнім алынды. Осы тұста айта кететін бір ерекше жағдай,қант қызылшасын күтіп-баптау,суғару,арамшөптен тазарту,жекелеу жұмыстарының бәрі-қазып жинаудың өзі де қол күрекпен атқарылатын.Қолмен қазылып,жиналған өнім алты жәшік арбамен қант заводына тасылады.Атқарылған жұмыстың бәрі ақшасыз, тегін жүргізілді.Халықтың еңбек ақысы жыл соңына бидай орылған уақытта,аздаған бидайлар берілді. Міне осыны еңбек адамдары қанағат тұтты.Ал ақша алу мүлде болмаған.
1936-37 жылдары колхоз басшысы Халық Диқанбаев болды. Бұл тұста коммунистер саны аз болғандықтан үш төрт шаруашылықтардан біріктірілген партия ұйымы жұмыс істейтін. Сондай партия ұйымдарының бірі Кеңес ,Сталин,Мерке асыл тұқымды қой совхозынан біріктірілген еді. Бұл партия ұйымына Кеңес колхозының председателі Халық Диқанбаев басшылық жасады. Ол кезде әр колхозда үш төрт коммунисттен аспайтын. Ал комсомол ұйымының секретары Дәгірбек Андабаев болды. Осы тұста айта кету керек, комсомолдың беделі өте жоғары болды. Партия емес, комсомол келе жатыр десе, жылаған бала жылауын қойып, еңкейген қарт орнынан қарғып түрегелетін . Есебі комсомол мүшелерінің араласпайтын жұмысы болмайтын.
1936 жылы товарлы сүт фирмасының іргесі қаланған болатын. Алғаш товарлы сүт фермасында бар болғаны25-30 сауын сиыры еді, одан өндірілген сүт мемлекетке өткізілді. Ашаршылық құрсауынан құтылған ауыл еңбеккерлері қой шаруашылығын дамытумен қатар товарлы сүтфермасының жұмысын жандандыру үшін ббарлық мүмкіндіктерді пайдаланды. Оның алғашқы сауыншылары Сара Бөлегенова, Қанышкүл Жаманбаева, Тоқтабүбі Текебаева, Алтынкүл Ұзақбаева, Мырзабала Әтікова, бақташы Іңкәрбек Жаманбаев, қоғам малын барынша мол өнім өндіруге бар күш жүгірін жұмсады.Осындай еңбек адамдарының зор еңбегінің нәтижесінде жыл өткен сайын товарлы сүт фермасы жоғарғы жетістіктерге қол жеткізе бастады.
1938жылы «Кеңес» колхозына Қыдыралы Байқожаев бастық болып келді.Жаңа басшы шаруашылық жұмысын қалайда өрге бастырудың жолдарын іздестіріп,әр іске жаңа көзқараспен қарады.Әрбір еңбек адамдарымен тіл табыса сөйлесіп,олардың жұмысқа деген ынтасын арттыра түсе білді.Оның шаруашылыққа келуі көп өзгерістерді ала келді.Дәл осы жылы республикамыздың басқа шаруашылықтардағындай Кеңес колхозында да қойды қолдан ұрықтандыру ісі қолға алына бастады. Бұл кезеңде жекеменшіктен жиналып құрылған товарлы қой фермасындағы қой саны едәуір көбейіп қалған еді.
1938 жылдан бастап колхозға техникалар келе бастады.Атап айтқанда,осы жылы колхозға полутурка деп аталатын екі автомашина келді.Оның алғашқы жүргізушілері:Райымбай Құлбаев,Дәнебай Ақылбаев оларға оқушы ретінде Көпбеоген Шағыров,Сүлейман Кештібаев өзінше бір бір машинаға ие болды.Машинаға ие болған олар шаруашылықтың барлық жұмыстарына араласады. Азда болса қол еңбегін яғни ат арбаның жүгін біраз жеңілдеткендей болды.Орылып,жиналған ыстық,қант қызылшасын тасу,малшылардың,ауыл тұрғындарының азық түлігін жеткізу осы автомашинаға жүктелді.
Сондықтан да жоғарыда есімі аталған жүргізушілер ауыл тұрғындарының арасында зор беделге ие болды .
Отызыншы жылдары Қазақстан ЛКСМ Орталық Комиттетінің жолдамасымен Еркебек Томатаев,Сейітқазы Сағымбаев,Құрманбек Шәмшиев, Мақат Мырзабаев, Көпберген Шағыровтар Ақмола - Қарталы теміржолын салу ісіне қатысып,ел игілігі жолында көп еңбек сіңіріп қайтты.Одан қайтып оралған Еркебек Томатаев 1940 жылдың басында Үлкен Шу каналының салуға қатысты.
1939жылы 24 желтоқсанда халық депуттаттары жергілікті Советтерінің алғашқы сайлауы болып өтті. Міне,осы сайлауда халық қалаулысы ретінде сол кездегі Кеңес селолық Советінің председатель Мәдина Сағымбаева,колхоз бастығы Қыдыралы Байқожаев және бірнеше еңбек озаттары селолық,аудандық советтерге депутат болды.
Ауылдың алғашқы еңбек тарландары.
Иә,осы тұста колхоз ұйымдасқан алғашқы күннен ақ шаруашылық жұмысына белсене араласқан еңбек озаттарының бірнешеуінің есімін атап өткен жөн. Мысалы олардың қатарына шопандар Әлімше Бәрменқұлов,Байқұлақ Сауранов,Төленді Құттықбаев,Сабаншы Бәктеев, Шағыр Қоңқабаев,Манапбай Иманқұлов, Көмекбай Қорғанбаев, Әзімжан Шолжанбеков.Жылқышылар:Нұрахан Үкібасов,Сейітқазы Ілебаев,Шәріп Мамырбаев,Байқоңыров,Бекәсіл Демесінов товарлы қой фермасының меңгерісушісі Жақыпбай Манапбаев колхоз құрылысының іргесіне қалаған алғашқы еңбек тарландары.
1940 жылы бұрынғы үш шаруашылықтан құрылып келген ұйымы енді дербес бастауыш партия ұйымы болып құрылды.Кеңес колхозының бастауыш партия ұйымының секретары болып Сейітқазы Игембаев сайланды.Дербес партия ұйымы болып құрылған алғашқы күннен- ақ КПСС мүшелігіне ерлермен бірге қыз -келіншектерде өте бастады.Мысалы колхоз жұмысына белсене арласып жүрген К.Иманбаев,Ш.Дөненбаев.М.Жексенбиева сияқты әйелдер КПСС қатарына өтіп жолдастары арасында үлкен беделге ие болды.
Колхозға Қыдыралы Байқожаев бастық болып келгеннен жұмыс жолға қойыла бастады.Ол мал саны мен егістік алқаптардың қөлемін арттыру мәселесін шешу үшін барлық мүмкіндер мен резервтерді пайдаланды. Жаңа бастықтың белсене араласыумен. Алматыға дейін барып жатып бұрындары өзінше колхоз болып келген Папанинді осы Кеңес колхозына қосып алды. Бұл 1940 жыл болатын. Папанин Кеңес колхозының участігі болып кірегенен соң, егістік алқаптың көлемін арттыруға мүмкіндік жасады., шаруашылыққа қосымша 6000 гектар егістік көлемі қосылды..Ол кезде Папанинде қырық шақты отбасы бар еді.Міне, осы участок қосылған бойда «Кеңес» колхозының экономикасы өрлей бастады.
Бірақ көп ұзамай,яғни 1941 жылы 22маусымда неміс басқыншылары Отанымызға баса, көктеп кірді.Барша халық сияқты Кеңес колхозынның да еңбеккерлерінің қабырғасына батты.Соғыс басталған алғашқы күннен ақ өз еркімен ауыл азаматтары кіндік кесіп ана сүтін емген туган жерін,Отанын жаудан қорғау үшін аттана бастады.Соғыстың алғашқы күннен ақ колхоздың алғашқы шоферлары: Р.Құлбаев,К.Шағыров,С.Кештібаев,Д.Ақылбаевтар өздері жүргізіп жүрген автомашинасымен соғысқа аттанып кетті.
Бұл күндері сол ұлы Отан соғысына қатысып жеңіспен оралған ардақты ағаларымыз бен інілеріміздің көпшілігі дүние салды. Арамызда әліде бойында күш қуаты бар Е.Томатаев,Б.Мұхтаров,К.Демесінов,К,Айманов,Ж.Балабеков,С.Кештібаев,А.Жақсымбетов,Қ.Биғазиев,А.САлықбаев сияқты соғыс және еңбек ардагерлерін ауыл адамдары құрмет тұтып,ардақтайды.
Иә,соғыс жылдары өте ауыр жағдайда өтті.Соғысқа аттанған азаматтардың орнын әйелдер мен балаалар,қарттар мен соғыстан оралған мүгедектер басып,еңбек даласындағыбарлық жұмыстарды мойнымен көтерді. Олар жер аударып,егін екті,қызылша өсірді.
Олардың ер- азаматтары неміс басқыншыларымен аяусыз соғысжүргізіп жүрсе,тылдағы еңбек еткен сол кездегі аяулы азаматтар Ш.Мамырбаев, Д.Үмбетов,Р.Ермекбаев,Т.Серкебаев,К.Керімбеков,С.Оспанова және тағы басқалары еңбек көрігін қыздыра түсті.Өсірген,дайындаған азық түлік пен киім кешектерін тұтастай майданға жіберумен болды.Ауыл адамдары кисе киімге ,ішсе тамаққа,жарымады,өйткені дайындалған өнімнің барлығы майданда жүрген өздерінің жерлестеріне жіберіліп жатты.Аш жалаңаш жүрседе “ Біз ауылда жүрміз,аштан өлмеспіз, тамағымыз тойынар,киімміз бүтінділер,Отан үшін оққа төсеп жүрген бауырларымыз бен ағаларымыз ,әкелеріміз аман болсын.деген тілекпен қолдағы бар азық- түлік,киімдері майданға жөнетіліп жатты.Соғыс кезінде майданнан жарақат алып,мүгедек болып оралғандар да бар.Солардың бірі-Еркебек Томатаев.Соғыс барысында аяғынан жараланып,кемтар болып қайтты.Ол келген бойы мен жаралы болдым,бір мүшемнен қарадым деп қарап жатпады.Қайта ауылдағы бала-шағалармен әйелдерге,қарттарға үлгі көрсетерліктей еібек етті. Ол егіс дала бригадасының бригадирлігі қызметін атқарды,одан соң жылқы товарлы фермасының меңгерушісі болды.Үлгілі жұмыс істеген жалғыз Еркебек Томатаев қана емес,соғыстан оралған ауылдың көп адамдары нағыз еңбектің үлгісін көрсетіп,шаруашылықтың экономикасын дамытуға өз үлестерін қоса білді. Ұлы Отан соғысы аяқталып елімізге бейбітшілік орнады,соғыс зардабынан құлдырай бастаған колхоз экономикасын қайтадан қалпына келтіру басталды.Мал шаруашылығын,соның ішінде қой шаруашылығын өркендетуге баса көңіл бөлінді.Соғыстан оралмаған ер-азаматтардың салып жеткен жолын,олардың замандастарымен кейінгі ұрпақ жастар одан әрі жалғастыруды парыз етті.Уақытпен санаспай күндіз түні қайнаған еңбектің ортасында жүр.
Осындай ұйымшылдықтың,іскерліктәің нәтижесінде колхоздың қой шаруащылыгы үздіксіз дамыды.Егістіктің көлемі артуының нәтижесінде әр гектардың орылған өнім артып,жоспарлы тапсырмалар мен міндеттемелер артығымен орындала бастады.Осы кездегі механизаторлар менжүргізушілер Көбәсіл Айдаев,Қанатбай ТАйшыманов ,Оразай Сәмбетов,Жексенбі Қарабаев,Айнакүл Салмаханбетова,Ақәсіл Демесінова, Айтай Пішімықова сияқты еңбек адамдары нағыз еңбектің үлгісін көрсетті.
Колхоз бастығы Қыдыралы Байқожаев 1946жылы бұрынғы Қызыл Еңбек колхозына бастық болып ауысып кетсен соң,оның орнына Бердалы Нұрмаханов Кеңес колхозының бастығы болды.
Нұрманов Шаруашылықтағы өркенделеп келе жатқан мал санын одан әрі дамыта түсуге көңіл бөлді. Оған дейінгі ұйымдастырылған яғни 1945 жылы ұйымдастырылған түйе фермасындағы жұмысты жандандыруға тікелей басшылық жасады.Алғаш Шәуілдірден әкелінген 24түйеден тұратын ферманы Маржанкүл Жексенбиева басқарды.Оның жолдасы Әбілда Жексенбиев түйе бақты.Сол түйе үлкен қомқорлықтың нәтижесінде 1946 жылғы дейін 276-ға жеткізілген.Бұл жерде сөз жоқ,түйе фермасының меңгерушісі Маржанкүл Жексенбиеваның зор үлесі бар.
1946-1948жыл аралығында шаруашылықтың мамандары яғни бас зоотехнигі Аббас Мұхамедалиев,бас мал дәрігері Я.Ладиженко,товарлы қой фермасының менгерушісі Базаркүл Келменбетова,қой шаруашылығын өркендетуге өзіндік үлестерін қосты.Мал шаруашылығын өркендетуге өзіндік үлесін қоса білген Базаркүл Келменбетова осы жылы Қазақ ССР Жоғарға Советіне депутат болып сайланды.
Колхоздың сатылай өрлеу жылдары.
1948жылы колхозда құрылыс бригадасы ұйымдастырылып, оның алғашқы прорабы Е.Семенов боллды.
1948жыл Кеңес колхозы үшін тарихи жыл болды.Осы жылдан бастап қой тұқымын асылдандыру қолға алынды.Бұл жұмыстарды жүргізу үшін Алматы қаласындағы зооветеринарлық институтының оқытушысы,ауылшаруашылығы ғылымының докторы А.И.Петров арнайы келіп,басшылық етті.Сол сияқты сол институттың аға ғылымы қызметкері И.П.Фень,колхоз мамандары зоотехник селексионер Асқанбек Әбдірешов,товарлы қой фермасының меңгерушісі Сарғасқа Құрманқұлов тәуір жұмыстар жүргізе бастады. Сол кезде шаруашылықта қырық сегіз мыңға жуық қой болды. Колхозда қой шаруашылығын дамытуға оны отарлап жайылымға шығаруға және Оңтүстік Қазақстан мериносы жаңа қой тұқымын алуға табиғи жайылымның жеткілікті болуы көп септігін тигізетіндігі анықталды..Кейіннен оған ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты Фень Петрович қосылды. Екеуі шаруашылыққа жиі келіп жергілікті жердің мамандарына асылдандыру ісін үйретумен болды.Алғашқы күнен ақ бұл іске зоотехник селекционер Асқанбек Әбдірешов кейінен шаруашылықтың бас зоотехнигі болған Байдәулет Нүсіпбеков зор үлес қосты . Шаруашылықтың сол кездегі зоотехнигі селекционері Асқанбек Әбдірешов бұл жөнінде былай дейді:
Бұдан қой басқалардан гөрі ірілеу терісі қатпарсыз дене құрылысы түзу болып қалыптасты.Бұл қойдың көпшілігінің басты кемшілігі жүндерінің ұйысқақтығы және тек тек бауыр жүні ғана емес бүкіл денесінің негізгі бөліктерінде жүндерінің сирек болуында.Колхоздың мал өсірушілерінің алдында неғұрлым жоғарғы өнім беретін жергілікті жағдайға үйренген меринос қойын өсіру міндеті қойылды.
Жергілікті қылшық жүнді саулықты будандастыру үшін кавказ тұқымды ошқарларды әкелді. Бұл биязды жүнді қой өсіруге мүмкіндік берілді. Ұзақ жылдар шаруашылықта бас зоотехник болып істеген Байдаулет Нүсіпов товарлы қой фермасының меңгерушісі, Сарқасқа Құрманқұловтар төменгідей тұжырым жасады.Өз төлі есебінен өсіру үшін қолданылған өндіре будандастыру сіңіре будандастырға қарағанда саулықтардың23,5-26,9 төлдегіштігін процентке дейін арттырды.Қозылар ірі болып туды:жалқы туған еркек қозының орташа салмағы 4-5 килограмм келді.Алынған төлдердің өміршеңдігі де едәуір жоғары болды.Мәселен, туғаннан бастап енесіне бөлінгенге дейін табындағы төлдің бірнеше шығыны бірнеше жыл бойы 2,5-3 проценттен асқан жоқ. Енесін еміп жүрген мезгілде қозының өсіп,марқасқасы айтарлықтай жақсы болды,ал 4-5 айлық кезінде еркек қозының тірідей салмағы отыз отыз алты килограмм,ұрғашыларының салмағы 28-32килограмм болды.
1950жылы көктемде органдардың нұсқауы бойынша Кеңес колзозынан Тасөткөл,Тоқташ сияқты колхоздар біріктірілді.Үш колхоз біріктірілген шақта бұл шаруашылықта 85 мың қой болды.Әрине осыншама малды игеріп,оны қағып бағудың өзі үлкен ұйымдастырушылық қабілетті талап етеді.Бұл кезде шаруашылықтың бастығы Наурызбай Тағайбаев болды. Соғыс салдарынан туралап қалаған шаруашылықтың экономикасы енді көтеріліп келе жатқанда Оңтүстік өңірде бұрын соңды болып көрмеген қыс болды.Бұл1950-1951 жылғы қыстың салдарынан шаруашылықтағы 85 мың қойдың 66 мың қойы қырылып,орны толмас шығынға ұшарады. Көп шопандар қолындағы таяғын ұстап, өздерінің аман қалғанына қуанған күн болды. Бір таңқаларлығы осы жылғы қыстың ызғарын күні бұрын сезгендей қайсар мінезді товарлы қой фермасының меңгеруші Жақыпбай Иманқұлов қарамағында20-ға жуық отарды, барлығы 12 мың қойдың 8 мыңы аман қалып, 4 мыңы ғана шығын болды.Қиындыққа мойын ұсынып көрмеген ауыл еңбеккерлері жоғалған шығының орнын толтыру үшін барлық мүмкіндерді пайдаланып жұмыс істеді.Осы тұста ерекше бір айта кететін жағдай колхоз еңбеккерлері бұрындары бір тиын ақша алмай жұмыс істеп келсе,енді яғни 1951 жылдан бастап әр еңбек 20 тиыннан ақша алатын болды.
Партиямыз бен үкіметіміздің ауыл еңбеккерлеріне жасап отырған бұл қамқорлығын сезіне білген олар қайтарыммен жұмыс істеуді парыз санады.
1951-1955 жылдар аралығында колхоздың председатель болып Оңалбай Келдеубаев істеді.
Жылдар аралығында партком секретары болып Жұмабек Дәндібаев одан кейін Сейтжапар Төлендиев істеді.Осы жылдары Кеңес селолық Советінің председатель болып Ермек Телғараев жұмыс атқарды.Селолық Совет атқару комитетінің ол кездегі ролі өте жоғары болды.Колхоз бастығы мен партия ұйымының секретарына өзінің нұсқауын жүргізе білетін. Сондықтан ауыл тұрғындары Селолық Советтің председательдерін ерекше құрмет тұтатын .Білте шаммен күн көрген колхоз еңбеккерлері 1952 жылдан бастап электр жарығын пайдалануға көшті.Алғаш электр линиясы арқылы емес,дизель моторының күшімен жарық берілді. Ол моторды Чепернов жүргізіп,берілген жарықтардың бұзылған жерін жөлдеп,оны қадағалап отыратын.Әрине,дизельді мотордың кұші ауыл тұрғындарының бәріне беруге жетпейді.Бірақ соған қарамастан барға қанағат тұтып,берілген жарықтың өзіне ауыл тұрғындары риза болды.
1953 жылы Кеңес колхозына біріктірілген Тоқташ пен Тасөткел Ленин-Жолға бөлініп кетті де,Кеңес колхозына іргесіндегі Сталин колхозын әкеліп қосты. Іргелі екі шаруашылықтың еңбек адамдары енді бірлесе жұмыс істей бастады.Сталин колхозынан отар-отар қой,табын-табын жылқылар мен сиырлар қосылды.
Оның сол кездегі шопандары Исақұл Әйтіқов,Айдаралы Жарқынтаев,Әліқұл Келменбетов,сауыншылар Шәйжан Сәдірмекова,Орынкүл Жарқынтаева,табыншылар Омарбек Сәдірмеков,Юсуп Жібітов,Қасым Пірәлиев,Тілеуқұл Қоқанбаев сияқты еңбек адамдары колхоз біріккенде де өзінің еңбектегң үлгісін бұрынғыдай көрсете білді.
Сталин колхозында товарлы қой фермасын ұйымдастырып,оның меңгерушісі болған,ұзақ жылдар бойы товарлы сүт фермасында сауыншы болған Бәтикүл Жібітова Кеңес колхозына келіп қосылғанда бұзау өсіруші болып жұмыс атқарды.
Колхоз біріккен 1953 жылы шаруашылықтың бас мамандары,яғни бас зоотехнигі Асқанбек Әбдірешов,бас мал дәрігері Жандос Құттыбаев,товарлы-сүт фермасының меңгерушісі Төкен Байманатов,товарлы қой фермасының меңгерушісі Сарғасқа Құрманқұлов,Жақыпбай Иманқұлов, Манапбай Иманқұлов, Жәдік Әбиров Мал санын көбейтіп,оны асылдандыру жұмысына едәуір еңбек сіңірді. Әрине бұл тыныста шаруашылықтың бас мамандары ғана жұмыс істеді деген ой туындамауы тиіс. Сөз жоқ малдың тікелей басы-қасында жүрген шопандар мен жылқышылардың сауыншы мен бақташылардың еңбегі зор. Мысалы, Б. Демесінов, Ы.Түсіпбеков, Қ.Әлімшиев, М.Төртбаев, Ш. Мамырбаев, Е. Райысов, Қ. Тіленбаев, И. Айдарбеков, С. Ілебаев, Қ. Сазанбаев, жылқышы Нұрмахай Үкібасов Социалистік Еңбек Ері атанды. Н. Ахметова, М. Әтікова, О. Рысқұлова, Б, Жібітова, Б. Піралиев, Т. Қақанбаев мал санын көбейтуге айтарлықтай ұлес қосты. 1948 жылы 80 жылқыны 1000-ға жеткізуге сүбелі үлес қосқан, яғни әр жүз биеден 100 құлын алғаны үшін,
1948 жылы А.И Петровтың басшылығымен жүргізелген қой тұқымын асылдандыру ісі жақсы жолға қойыла бастады. Міне, осы салада зор жұмыс істей білген зоотехник - селекционер Асқанбек Әбдірешов 1954 жылы Бүкіл Одақтық Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің кіші күміс медалімен ‘’Урал’ мотациклын сыйлыққа алды. Сол сияқты 1955 жылы ол тағы да Бүкіл Одақтық Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің кіші алтын медалімен ‘’Урал ’’ мотациклын тағы да алды. Бұдан оның мал тұқымын асылдандыруға еңбегін партиямыз бен үкіметіміз жоғары бағалағандығын білеміз.
1955 жылы колхоз басшысы тағы да ауыстырылды. Бұл жолы 30 мыңдықшылыр ретінде Алматы ауылшаруашылығы институтының экономика кафедрасынының оқытушысы Ерғали Дауымов бастық боллды.
Ол бұл шаруашылықта 1959 жылға дейін істеді. Жоғары білімді эконоимистің әрі ғылыми жұмыспен айналысып жүрген жанның шаруашылыққа бастық болып келуі жағдайды күрт өзгертті. Осы жылдарды шаруашылықтың даму кзеңдері басталды. Оның басшылығының тұсында әр істі өндіре атқарып, әр тиын үнемді жұмысалатын болды. Колхоз басшысы әрбір еңбек адамы үшін жағдай жасай білді. Егістік алқаптарыда сол кездегі бас агроном Батырбек Сүйімқұловпен бірлесе отырып агротехникалық шаралы тиісті дәрежесінде жүргізілді. Механизаторлар мен диқандар үшін нақты шарттар жасалып, жоспарлар мен міндеттіемелер анықталып берілді. 1955-1956 жылдары шаруашылық ақ егістіктің әр гектарын көп мөлшерде астық жинады. Соның нәтижесінде 1956 жылы шаруашылық басшысы Ерғали Дауымов пен Папани учаскесіндегі егіс-дала бригадасының бригадирі Қанатбай Тайшыманов Соцалистік Еңбек Ері атанды.
1950 жылдардың әр тұсында әр түрлі салада жұмыс істейтін Жолымбай Иманқұлов, Ыбырайм Түсіпбеков, Керімбай Төлешов, Күлқаныш Томатаева, Ұлдан Мәттева, Көбәсіл Айдаев жұмыстағы жоғары жетістіктері үшін Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Құрмет громатасына ие болды.
1956жылы “Кеңес” колхоз “ Қазақстан” колхозы деп атала бастады. 1956-57 жылдары машина-трактор шеберханасына, 25орындық селолык аурухана салынды. Сондай-ақ 1959жылы Е.Дауымов жұмыстан кетерінде мектеп, клубтың ірге тасы қаланды. Бірақ, ол толық аяқталмай Е. Дауымов жұмыстан босап кетті.
МТМ-нің пайдалануға берілуі ауылшаруашылық техникаларының сынған бөлшектерін қалпына келтіруге мүмкіндік туды. Темір жонатын станок арқылы алғашқы тоқр Қыдырқұл Шікірбаев қажетті бөлшектер жасап,бұрыңғы қиыншылықтарды азайта түсті.
1957 жылдан бастап,колхоз еңбектерінің әл-ауқаты,тұрмыс-жағдайлары жақсара түсті.Енді бұрыңғы жаппа там мен қамыспен жабылған шатырлы үйлердің орнына енді еңселі де биік,жаңа типті пәтерлер салына бастады.
1959-1972 жылдар аралығында Қозкен Көксалов шаруашылықтың басшысы болды.Осы жылдары Кәріпбай Кәдірсізов ,Әбітай Амалжолов,Өрнек Тастеміров,Рысбай Қосыбаев партия комитетінің секретары болып істеді.
Жоғарыда есімі аталған шаруашылық жетекшілері қанат жайып дәірлеп келе жатқан Қазақстан колхозының экономикасын одан әрі дамыта түсу үшін бойындағы бар күш қайратын жұмсады.
1959 жылы автомашиналардың саны көбейіп, оның меңгерушілігіне байырғы жүргізуші Көпберген Шағыров тағайындалды.
Шаруашылықтың экономикасы артқан сайын жергілікті халықтың да тұрмыс жағдайлары да жақсара түсті.
1960 жылы колхоз еңбеккерлерінің үйлерінде радио нүктелері жұмыс істеп, радио қабылдағыш пен телевизорлар келе бастады. 1961 жылы іргесі қаланған клуб үйі, басқарма кеңесі, автогараж салынып, пайдалануға берілді.
Қ.Көксаловтың тұсында Шалдуар - Қазақстан құм - тас жолы, шаруашылықтың ішіндегі көшелерге , құм – тас төселді. Сол құм-тасты өгіз арбамен тасып жеткізуге жергілікті тұрғын Майор Оңғарбаев зор үлес қосты. Шалдуар - Қазақстан құм – тас жолын салуға сол кездегі халық депутаттары аудандық Советі атқару комитетінің жанындағы жол басқармасының бастығы Құралбай Серікбаевтің еңбегі сіңді. Бүгінде сол кісінің есімі бір көшеге берілді.
Клуб үйінің пайдалануға берілуі ауыл жастарының көркем өнерпаздар үйірмесін құрып шаруашылық еңбеккерлері алдында жиі өнер көрсетулеріне мүмкіндік туды. Өнерлі жастар тек өз ауылдарында ғана емес, ауданымыздың басқа да шаруашылықтарына, тіпті облыстың өзге аудандарына дейін шығып жазушылардың әр түрлі шығрамалары негізінде пьеса, концерт қойып, көпшілік құрметіне бөлене бастады.
Өнерпаз жастардың тынымсыз еңбегі нәтижесін берді. 1963 жылы ауыл өнерпаздары Халық театры құрметті атағына ие болды. 1961 жылы сауыншылар қол еңбегінен босап, сиырларды арнайы аппаратпен сауа бастады.
1963 жылы бұрыңғы Кеңес,Меркі,Аспара шаруашылықтары біріктірілген селолық Советі енді олар өзінше дербес селолық Совет болып шықты. Аспара,Мерке селолық советінің пердседателі Құлмет Жангесиев болды.
1964-66 жылдары шаруашылық еңбеккерлерінің тұрмыс жағдайлары жаксарганы сол осы жылдарда бір шаруашылықтың 40-қа жуық еңбеккерлері ГАЗ-21 жеңіл автомашинасын сатып алу дәрежесіне дейін жетті.
Шаруашылықтың мал шаруашылығы дамыған үстіне дами түсті.Қой-тұқымын асылдандыру тұрақты жүргізіліп тұрды.Көптеген шопандар бағымындағы қойдың әр жүзінен 120-130-дан қозы алып,колхоз эканомикасын өркендетуге өзіндік үлестерін қосты.
1966 жылы колхоздың озат шопаны Ошакбай Ибраимов Социалистік Еңбек Ері атанды.
Оңтүстік Қазақстан мериносы жаңа қой тұқымын дамытуда зор еңбек еткені үшін 1967жылы шаруашылықтың бас зоотехнигі Байдәулет Нүсіпов «Қазақ ССР-ның еңбегі сіңген зоотехнигі» құрметті атағына ие болды. Сол сияқты осы жылдары мал шаруашылығындағы қол жеткен еңбегі үшін Сарқасқа Құрманқұлов, Есдәулет Еркебеков,Қырғызбай Сабырқожаев,Үмбетов Байқұл сияқты азаматтар «Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президумының Құрмет громатасымен» марапатталды.
1 968-69жылғы қыс Оңтүстік Қазақстан өңірі үшін өте ауыр қыс болды.Елді мекендер мен мал қыстаулары-орта құм мен Сарғобы учаскелеріне қалың қар түсіп, мал шығынына әкелді. Сол жылдары «Қазақстан» колхозының шопандары көп шығындарға ұшырады. Осы қыстан соң құмдағы мал жайылымы учаскелеріне қора - жай салына бастады.
Сөйтіп 1972жылға дейін шаруашылық құм жайылымы учаскелерінеде 22 қора салынып,шопандар үшін зор қамқорлық жасалынды.Бұрындары шет-шеті қамыспен қоршалған төбесі ашық қораларға жататын қойлар енді жылы қораларға орналастырылды.
1972 жылдың көктемінде колхозды Ә.Беріков қабылдап алды. Ол бұл шаруашылықты 1976 жылдың көктеміне дейін басқарды. Міне осы аралықта жаңа басшы жергілікті халықтың, мамандардың зор көмегіне сүйене отырып біраз жұмыстар тындырды. Атап айтқан бұл басшылықтың тұсында, құмнан қосымша алты қора, шопандар үшін төрт үй, үш құдық, он бес орындық қонақ үй, диірмен, қырқын пункті, товарлы-сүт фермасының комплексі, оның жанынан үш тұрғын үй, механизаторлар үшін 2 үй, машина-трактор шеберханасы, жем-шөп цехы ауыл маңындағы малшылар үшін 4 құдық, Папанин учаскесінде 900 метрлік су құбыры, 2 астық тазалайтын мехток орталық усадбаның 8 километр тас жолына асфальт, жаңа типті екі қабатты дүкен пайдалануға берілді. Көптеген ауыл шаруашылық техникалары сатылып алынды.Дауымов, Көксаловтың тұсындағындай шаруашылық дүрілдемесе де,Беріков шаруашылық үшін жоғарыда аталғандай біраз иілікті істер атқарды. Мал шаруашылығы саласына еңбек етіп жүрген малшылар айтарлықтай нәтежелерге қол жеткізді. Атап айтқанда Социалистік Еңбек Ері Ошақбай Ибраимов, Ленин, Октябрь революциясының иегерілері Кеңесбек Әмірқұлов, Әшірбек Байтаев және байырғы шопан Қойшыбай Дәрменқұлов тоғызыншы бес жылдықты төрт жылда орындап,әріптестері арасында шоқтығы биік болды.Озат шопандардың жолын қуған Тұрғынбай Дүйсенқұлов,Тохан Әсіреңкиев,Теңізбай Үмбетов,Еркебай Райсов және тағы басқа шопандар өздерінің жоспарлы тапсырмалары мен социалистік міндеттемелерін асыра орындап, колхоз экономикасын дамытуға айтарлықтай үлес қоса білді.
Сондай-ақ бал-бармақты сауыншылар Нуриева,С.Райымханова,Ж.Исабаева, бұзаушылар Ж.Сапарбеков,К.Ахметов,Б.Майлыбаев,механизаторлар Б.Көбасилов,Ш.Әбдіразақов,ағайынды Сайысбек,Мазин Бейсен Оразбаевтар молшылықтың негізін қалауға белсене арласты.
1973 жылы колхоз мал шаруашылығы өнімін өндіру жөніндегі қол жеткен жетістіктері үшін Бүкіл одақтық халық Шаруашылышы Жетістіктері Көрмесінің 1-дәрежелі дипломы мен 6000 сом ақшалай силығына және газ-24 жеңіл автомашинасына ие болды.
1973жылы шаруашылықтың егістік алқабына, жемшөп тасуға дала алыбы атанған ‘’К-700 маркалы бір трактор шықты. Бұл трактордың алғашқы жүргізушісі шаруашылықта ұзақ жылдар бойы еңбек еткен тәжірибелері механизатор Н.Злобин болды. Ол бұл техниканы тиімді пайдалынып, шаруашылықтың жұмысына белсене арласты.
Осы жыл ауыл іргесіне жаңадан салынған товалы-сүт фермасының жанынан 2200 сиыр үшін бірінші рет сыйымдылығы 3600-4200 тонналық пішіндеме салатын 4 шұңқыр жасалынды, оның табаны цементтелінді. Осы жылдары шаруашылық 12 мың центнерге дейін сүт өндіріп, тек осы сала бойынша 18 мың сом таза пайда алынды. 1976 жылы Ә. Беріков жұмыстан босап, оның орнына Жұрымбай Медетов келді. Ол колхозды қабылдап алғанда шаруашылықтың кассасында 365 мың сом таза пайда, 40360 қой, 1900 сиыр 580 жылқы бар еді.
Біреуді мақтап біреуді даттау мақсатымыз емес. Бірақ тарихтың тағылымын,оның жүріп өткен жолын дәл және анық жазу біздің бағытымыз болды. Әсіресе Беріктовтың тұсынан басталған қант қызылшасын өндіру жөніндегі жоспарды орындау жыл өткен сайын құлдырай берді. Одан кейін бұрындары аудан ғана емес облыс, республикаға аты шыға бастаған малшыларымыздың есімі бірте-бірте ұмтыла бастады.
Жоқ, олар ұмытылмайды.олардың еімдері тарихан орын алуы керек. Кезінде мал шаруашылығы саласын өркендетуге лайықты үлес қосты. Әсіресе, мұнда қой тұқымын асылдандыру ісі жақсы жолға қойылды.
Қой тұқымын асылдандыру жұмысы қалай қолға алды солай шаруашылық экономикасы да күрт өсіп, оның атақ республика, Одақ көлеміне дейін жетіп жатты. Бұл тұста әрине іскер басшылықтың да пайдасы зор болды. Міне осындай шаруашылық үшін үлкен тарихи мәні бар іс қалай жүзеге асырылды. Осы жөнінде біраз тоқтала кеткен жөн болар.
Құйрықты қойдың биязы жүнді қойдың қошқарымен шағылыстыру арқылы алынды. Бұл жұмыс 1932 жылы басталған болатын. Бірақ ол кезде ғалымдар қойдың жаңа тұқымын шығаруды мақсат етіп қоймай, қылшық жүнді қойды биязы жүнді қойға айналдыруды көздеген болатын. Құйрықты саулықтарға жаңа кавказ қойының, совет мериносы, сонан соң кавказ грозный және стовропель қойларының қошқарын, совет мериносы, сонан соң кавказ грозный және стовропель қойларының қошқарларын әкеліп күйекке салды. Алтай, аскания және басқа қой тұқымдарының қошқарлары да аздап күйекке жіберілді.
Шағылыстыру жұмысын жүргізумен қатар, еліміздің басқа республикаларынан әкелінген биязы жүнді қой тұқымдарын таза өсіру әдісімен де, меринос қойдың тұқымын шығару мүмкіндіктері қаралды.Алайда қора - қопсының, жақсы жем – шөп базасының жоқтығы бұл шараның ойдағыдай шешілуін қамтамасыз ете алмады.
Шағылыстыру әдісін қолдану ісі 1938 – 1939 жылдардың өзінде – ақ колхоздар мен сосвхоздарда биязы және биязылау жүнді бұдан қойлардың ірі ірі орталарын жасауға мүмкіндік берді. Алайда қой шаруашылығын 1948 -1949 жылдардағы зерттеу және үлкен бір отар қойды арнайы зерттеу жұмысының нәтижесі қылшық жүнді қойлар ( көздеген бағытта таңдап, іріктеп өсірмей – ақ, оны жақсылап азықтандырып күтпей – ақ) жүйесіз сіңіре шағылыстыру арқылы алынған қойдан қозының нашар туатынын, сөйтіп, оның өнімі артпай қоятындығын көрсетті.
Сондықтан да тиімді жолдары іздестірілді.Сөйтіп, 1948жылы Оңтүстік Қазақстан мериносы жаңа қой тұқымын алу үшін республиканың оңтүстік облыстарының ішінен санаулы шаруашылықтар таңдалып алынды. Соның бірі Қазақстан колхоз болды. Бұл шаруашылықтың біршама қыратты жері молырақ.
Жазғы жайылымы теңіз бетінен 1500-2000 метр биіктіктегі Қырғыз Алатауының өңірі. Қой мұнда сентябрьге дейін болады. Бұл жердің ауа райына салқындығы шөбінінің шүйгіндігі дәнді егіс пен қант қызылшасының аңыздығын пайдаланады.Бұдан соң күйі төмен тұқымды қошқарлардан, асыл тұқымды жас қошқар мен қозылардан басқа отардағы қойдың барлығын Орта құм, Сарғобы мал жайылым учаскелеріне күзгі қысқы жайылымға шығарады.
Күзгі, көктемгі жауын шашыны мол, ауа райы жақсы жылдары бұл жайылымдарда эфир шөбі, изен, еркек шөп, шеңгел, селеу, ақтаспа, жүзген, қоян сүйек шөбі қаулап өседі де малдың ет алуына жағдай жасайды. Колходың мал өсірушілері күздігүні осы құмды жайылымда саулықтарды қолдан ұрықтандырады, отарлар осы жерде қыстап, көктемде осында қоздайды.
«Қазақстан» колхозы Оңтүстік Қазақстан қойдың тез семіруне қолайлы. Сондықтан кей жылдары оның семіздігі ортадан жоғарыға дейін барады. Тау жайылымынан қайтқан отарларды шаруашылық жанында біраз уақыт ұстай тұрады. Мұнда жайылым ретінде
мериносы асыл тұқымды қой өсіру жолында көп жұмыстар жүргізді.
Шаруашылықты қой тұқымын асылдандыру ісін Алматы қаласының тұрғыны ауыл шаруашыылығы ғылымының докторы, профессор Петров Александр Игнатьевичтің жетекшілігімен жұргізілді.
Алынған төлдердің өміршеңдігі де едәуір жоғары болды. Мәселен, туғаннан бастап енесінен бөлінгенге дейін табындағы төлдің шығыны бірнеше жыл бойы 2, 5- 3 проценттен асқан жоқ. Енесін еміп жүрген мезгілде қозының өсіп, маркасы айтарлықтай жақсы болды, ал, 4-5 айлық кезінде еркек қозының тірідей салмағы 30-36 килограмм, ұрғашыларының салмағы 28-32 килограмм болды.
Зерттеу жүргізілген мезгілде ( 1954) Оңтүстік Қазақстан мериносы бұл колхозда 23090 биязы жүнді қой ( бойдақ қойсыз)болды,бұлардың ішінде 898-і элита, ал бірінші классы-3081,яғни асыл тұқымды қой малының арасалмағы 17 проценттен сәл ғана астам еді,44887 қойдың ( бойдақ қойды қоса есептегенде әр қайсысынан орташа қырқылған жүннің нақтылы салмағы3,85 киллограмм немесе 1,95 килограмм таза талшық болды. Жаңа типті асыл тұқымды саулықтың төлдегіштігі де едәуір жоғары болды. 1961-64 жылдары әр 100саулықтан 117-124 қозыдан алынды.
1972жылы колхозға австралиялық үш қошқар әкелініп, Оңтүстік Қазақстан мериносы қойларын ұрықтандыра бастады.
Кейінгі жылдары шаруашылыққа жиі келетін Пертовтың шәкірті Иван Петровчик Фень жергілікті жердің мамандарымен бірлесе отырып, қой тұқымын асылдандыру ісін одан әрі жалғастырды. Негізгі мақсаты жүнді әрі ыстық-суыққа төзімді төл алу.
Сонымен 1972жылы австриялық қошқарлармен шағыстырылған Оңтүстік Қазақстан мериносы қойларының төлі қабылданды.
Қой төлдету науқанын шыдамсыздана күтіп жүрген И.П.Фень жаңа тұқымның алғашқы төлін өзі қабылдады. Ол дүниеге келген алғашқы төлді жерге түсірмей шаранасымен қолына алып, қозының тұмсығынан сүйді. Сол отарды бағып жүрген Ошақбай Ибраимовқа 10 сом көрімдік берді. Қой төлдету науқаны аяқталды, жайлауға шықты.
Қозы бөлік кезінде әлгі австралиялық қошқарлардың тұқымынан алынған төлдің ішінен іріктеп 150еркек қозыны өзінше бағып- күтуді ұйғарылды. Қозыларды бағу Қамбар Әлімшиевке жүктелді. Бұл 150 қозы И.П.Феньннің үнемі бақылауында болды. Сөйтіп ол қозылардың салмағы бір жылға жетер-жетпес уақытта 49-50килограмға жетіп, оның етті мал болатындығы анықталды. Міне содан бері шаруашылқта австралиялық қошқардың тұқымыннан таралған Оңтүстік Қазақстан меринос қойлар өсірілді.
Қой тұқымын асылдандыру жолындағы және басқа салаларындағы жетістіктер әрине өздігінен келмегені аян.Оның басы қасында нағыз еңбек адамдары,еңбек үлгісін көрсеткен жандар болды.Колхоздың даму көркею жолында елеулі еңбек еткендердің есімін атау бүгінгілердің парызы.
Құрметті демалысқа шыққанға дейін шопан таяғын тастамаған ССР Жоғарға Советтінің депутаты болған Базаркүл Келменбетова, шопандар Ә.Шотанов,К.Кәдірқұлов,С.Кішкентаев , Т.Дүйсенқұлов,К.Исақұлов,М.Төртбаев,Қ.Нүпбаев , И.Айдарбеков,сауыншылар;С.Бөлегенова,А.Дәрменова,М.Әтікова, С.Райымқанова,Ж.Исабаева,П.Әбдуәлиева,А.Ұзақбаева
Бақташылар:О.Сүгіров К.Ахметов,бұзау өсірушілер:Б.Жібітова, М.Шарипова,шоферлері:К.Шағыров,Т.Төлешев,Н.Байысев,О.Самбетов,К.Айдаев,О.Медетбеков,С.Оразбаев,қызылшашылар:К.Тағыбаев,К.Жаманбаев, марқұм,Н.Молдабеков,Б.Еркебаева,А.Есимбекова Ә.Сыдықбеков,Х.Исақұлова.
Колхоз құрылысына белсене қатысқан алғашқы еңбек ардагерлеріне СССР дің құрылыуының 50 жылдығы құрметіне 11 адам ‘’Құрметті колхозшы’’ атағына ие болды.
1.С.Сахов-қатардағы колхозшы
2. Б.Үмбетов-шопан
3 Ж.Иманқұлов-қой фермасының меңгерушісі
4.М.Иманқұлов-шопан
5. М.Жексенбиев-түйе фермасының меңгерушісі
6. А.Пышымықова-механизатор
7. Т.Абаев-председатель
8. Б.Келмембетов-шопан
9.І.Жаманбаев-бақташы
10.Ә.Жапарқұлов-шопан
11.Б.Демесінов-шопан
Ауыл ХХІ ғасырдың бас кезеңінде
“Қазақстан” колхозы 60-тың асқаралы белестеріне шығып отыр.
Осы аралықта шаруашылықтың енбеккеллері көптеген қиыншылықтарға, кедерлігелері душар болғандығы, кездескен қиыншылықтарға, өздерінің күш-қайратын қарсы қойып, биік табыстарға қол жеткізгендігі жөнінде жоғарыда аттап өттік.
Ал, енді колхоз еңбеккерлерінің бүгінгі тыныс тіршіліктері қалай, міне осы жөнінде біраз тоқтала кеткен жөн.
Бүгінгі “Қазақстан” колхозның бет-бейнесін бұрынғымен салыстыруға мүлде болмайды. Ол танымастай өзгерген. Шаруашылықтағы Дамир Әбдіқасымов басқаратын Кеңес селолық советтің территориясында 532отбасы немесе 3216адам тұрады. Оның 840-ғы колхозшы, 310-ы зейнет жасында, 749 мектеп оқушылары, 480 мектеп жкасына дейінгілер деп бөлуге болады. Олардың тұрмыс жағдайлары да жақсарған. Атап айтқанда әр отбасы мүшелері кейінгі типпен салынған стандартты тұрғын үйде тұрады Село орталығында 380 орындық Мәдениет үйі, 50 орындық интернат, 50 орындық балалар бақшасы, екі қабатты орта дүкен, екі қабатты орта мектеп, 25 орындық аурухана, 11024 дана кітап қоры бар 2 кітапхана, монша жергілікті халықтың игілігіне айналған. Ал колхоз игілігіне сөз ететін болсақ оның меншігінде барлығы 78291 гектар жері бар. Оның ішінде 11270 гектар егістік алқап, 60173 гектары жайылымдылық жер, 116 гектар село тұрғындарының үй іргесіндегі жері 11270 гектар қант қызылшасы, 200 гектар жүгері, 7810 гектар жоңышқа, 56 гектар бау-бақша, 100 гектар РАПС, 1800 гектар пар.
1989 жылдың қаңтарда колхозда да колхозда 37500 қой, оның ішінде 18100 саулық, 1010 сиыр оның ішінде 600 сауын сиыр, 720 жылқы,оның ішінде 180-і аналық бас.
Шаруашылық меншігіндегі сондай-ақ әр түрлі маркалы 70трактор оның ішінде 4-і “К -700” маркалы дала алыбы, 33комбайн, 66 автомашина бар.
Бұлаға қосымша жеткілікті түрде әртүрлі тіркеме тележкалкар мен
техникалық саймандар бар.
Мектеп мұғалімдері Қ.Дәрібаев, Тәукенов, Қ. Ембергенова, М. Бүрлібаев өз бойындағы білімдерін шәкірттеріне үйретіп, тәрбиеледі.
1967жылы жаңа мектеп үйі салынып, пайдалануға берілді. Ол 1968-69 оқу жылында онжылдық мектеп болып құрылды. Ұзақ жылдар бойы ұстаздық қызметте болған Д. Әмірова, О. Омаров, М. Айтбаева, Ә. Ардабековалар. Мектепті әңгіме ететін болсақ, мұнда 949 оқушы бар. Олар барлық сабақтарды кабинеттік жуйемен өткізеді. Барлық кабинеттер сабаққа керекті құрал- жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Спорт залда әртүлі үйірмелер жұмыс істейді. Шәкірттерге 70 мұғалім сабақ берсе оның 30-ы осы мектепте оқып, білім алған жергілікті жердікі. Атап айтқанда мектепте ұзақ жылдар бойы ұстаздары деректор болған қазіргі Қазақстан колхозының партком секретары Есберген Дабылтаев СССР Халық ағарту ісінің үздігі , Сара Әбдешова Еңбек Даңқы орденінің иегері, Жақсыгүл Нүрманбаева, Рыскүл Таубаева аға мұғалім атақтарына ие болды. Бұлардың қолынан білім алып, шаруашылықтың экономикасын дамытуға өзіндік үлесін қосып жүргендерді жоғарыда атап өттік. Ал осы ауылда туып өскен, мектептен білім алған бірнеше азаматтар қазіргі кезде сырт жерлерде лауазымды қызмет атқарып жүргендер де бар. Мысалы, Шайқы Ысқақбаев Алматы, медицина ғылымдарының профессор,Тоқтаров Таңатар Алматы қыздар иниститутында мұғалім.
Ауыл еңбеккелері мен жастардың көңілді демалуы үшін де барлық жағдайлар бар. Селода 1963жылдан жұмыс істейтін құрамында 10 адамы бар халық театры жұмыс істейді. Оған Нұрғайша Аманжолова жетекшілік етті. Спорт әуесқойлары үшін “Қазақша күрес,” “Дзюдо” күрес секциялары бар.Сондай-ақ спорт әуесқойларына футбол, баскетбол, волейбол алаңдары мен теннис, билльярд бөлмері қызмет көрсетеді.
Шаруашылықта спорт жұмысын жақсы жолға қойғандығы соншалық бір ауылдан бір СССР спорт шебері, үш кандидат шықты. Атап айтқанда, осы ауылдың түлектері күрес секциясының жаттықтырушысы СССР спорт шебері Мұхит Рақышев,балуандар-Мұрат Әбдіқасымов,Сейтбай Тайжанов,Айбек Қойшыбаев спорт шеберлігіне кандидат атанды.
Иә, жалпы айтқанда жетістіктер көп-ақ. Міне,осы ауыл азаматтарына яғни колхоз еңбеккерлеріне колхоз басқармасы мен бастауыш партия ұйымы Кеңес селолық Советі жанды басшылық жасап,КПСС ХХУІІ съезі мен Бүкілодақтық ХІХ партия конференциясының шешімдерін орындауға жұмылдыру үшін барлық мүмкіндіктерді бұдан былай да сарқа пайдалана береді.
Колхоз ұйымдасқаннан бүгінге дейінге басқарма председаталі
Абаев Тескендей Тәкенов Жұмабай
Ақмонтаев Асубай Тағайбаев Наурызбай
Иманбаев Іңкәрбек Келдеубаев Оңғалбай
Меңлібеков Аманбай Дауышев Ерғали
Ахметов Өмірқұл Көксалов Қозген
Шалабаев Жағымпар Беріков Аліпбай
Қорғанбаев Жүніс Медетов Жұмабай
Төленов Асан Есембетов Сәбит
Диқанбаев Халық Жұрқабаев Өкілбай
Байқожаев Қыдырали Турдалиев Төлеу
Нұрманов Бердалы Айнақұлов Мұрапбай
Кәдірсізов Кәріпбай Жапарқұлов Бақыт
Дабылтаев Есберген
Кеңес селолық Советі бойынша «Батыр Ана» атағына ие болғандар
Алімшиева Өріккүл Мұхтарова Сейсекүл
Аденова Алмакүл Ниязалиева Меруерт
Аккулова Әширкүл Нүсіпова Жаңыл
Әсілова Мейзбала Ибраимова Айткен
Ахметжанова Ұлтуған Исрайлова Мариякүл
Алтынбекова Жәутен Рысбекова Базаркүл
Байқұлова Әсем Сқақбаева Күлпара
Бөкенбаева Жамикүл Сабырходжаева Бұрылша
Демесінова Мариякүл Төлешова Ұриякүл
Жапарқұлова Райкүл Тәңірбергенова Гүлжахан
Қайралапова Хадиша Шарипова Мақтакүл
Мауленқұлова Ұлшакүл Шанауова Канен
Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза болып, туған ауылына орала алмаған «Қазақстан» колхозының азаматтары
Шәмшиев Есберген Қосуақов Уалбай
Омаров Алғадай Дәрменқұлов Бұтабай
Шолжанбеков Азимжан Ахметов Рақыш
Бакиров Насуха Ауренбаев Әбдібай
Бештаев Ықылас Айдаев Көбен
Райымжанов Рысбай Айдаев Мұхтар
Жылқышиев Спан Оңғарбаев Құдайберген
Әбдірешов Әсімсейіт Құдабаев Есмаханбет
Әбдіқадіров Әшіімбек Құралбаев Сқақбай
Күздеубаев Кішкенебай Тұрсынбаев Әбдіразақ
Саудабаев Намат Лепсібаев Жолай
Саудабев Нұрлан Жексенбиев Төрехан
Оспанов Сейсен Тұлақбаев Асауадыл
Төкебаев Абдрахман Аманбаев Досымбай
Томатаев Еркетай Сауранбаев Қосымбай
Малабаев Муха Рахымбаев Қалмаханбет
Қосалиев Рахымберді Байдәулетов Таңсықбай
Маметаев Әбдірасыл Базарқұлов Идібай
Сүйіндіков Расту Түсііпов Мухран
Растуов Алдаберген Халықов Қарғабай
Сабаншиев Әбдікәрім Артықбаев Төреқұл
Тескенбаев Зияталы Ахметжанов Аманқұл
Абаев Ниеталы Тажиев Юсуп
Ермекбаев Карібай Кенжебаев Әділ
Хожампазов Алидин Юсупов Әбдіхалық
Өміршиев Ыдырыс Бөкетаев Ерен
Өміршиев Үйсінбай Сыдықов уәли
Өміршиев Шәріпбай Несіпбаев Нияз
ІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер.
-
Қазақ совет энциклопедиясы.
-
«Мерейлі Меркі»
-
Шайқы Ысқақбаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайы. №6 «Кеңес» орта мектебі.
-
Еңбек қайраткері, білім саласының үздігі Есберген Дабылтаевтың қолжазбалары.