Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ғылыми жоба "Ғарыштық ақпараттық технологиялар"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі
Батыс Қазақстан облысы
Секциясы: Ғарыштық ақпараттық технологиялар
Тақырыбы: «Қызықты ғарыштық технологиялар»
Авторы: Ибрашова Аделина , 9-сынып оқушысы,
Қайыңды орта жалпы білім беретін мектебі,
БҚО облысы, Казталов ауданы,Қайыңды ауылы
Жетекшісі: Гумарова Жазира Армановна, физика пәнінің мұғалімі,
Қайыңды орта жалпы білім беретін мектебі,
БҚО облысы, Казталов ауданы, Қайыңды ауылы
Орал - 2018
Пікір
Бұл жұмыста ғарыш туралы жалпы мәлімет беріліп,қызықты ғарыштық деректер және технологиялар туралы зерттелген. Еліміздің қазіргі қызу талқысында болған EXPO-2017 көрмесінің басты мақсатының бірі – ғарыш кеңістігі мен энергетика саласындағы нанотехнологияны біріге отырып зерттеп, қолданысқа енгізу мәселесін зерттеген.
Жұмыс архив деректерінен, интернет желісінің материалдарынан және ұлы ғалымдардың еңбектеріне негізделіп жазылған. Мектеп әкімшілігі Ибрашева Аделинаның «Қызықты ғарыштық технологиялар» тақырыбындағы жұмысын аудандық ғылыми — жобалар сайысына ұсынды.
Жетекшісі: Гумарова Жазира Армановна
Аңдатпа
Зерттеудің өзектілігі – тұлғаның барлық көрсету және шығармашылық ойлау қабілетін дамыту басты факторлардың бірі. Осы жұмыстың арқасында танымдық әрекеттің белсенділігі артады.
Зерттеудің мақсаты :
-
Ғарыштың таңғажайып сырларымен танысу;
-
Қызықты ғарыштық технологиялармен танысып, жеке шығармашылығымды кеңейту.
Зерттеудің міндеті:
-
Ғарыштың шығуын суреттейтін, түсіндіретін материалдарды тауып және талдау;
-
Ғалымдардың басты көзқарастарын көрсету;
Аннотация
Актуальность исследования - развитии творческого мышления по основным фактором работы. Благодаря этой работе развилась познавательная активность.
Цель исследования:
-
Знакомство с удивительными тайнами космоса;
-
Знакомство с достижениями в развитии космоса.
Задача исследования:
-
Анализ и объяснение по найденным материалам и фотографий космоса;
-
Показать в своей работе взгляды и доказательство некоторых ученых ;
Abstract
Аctuality research — personality all to specify and to develop ability creative thinking main factors first. At осы patron of work increases cognizableness activity of attempt.
Aim research
-
Space amazing to know your secrets;
-
The beginning of the Space Age, and get acquainted with the achievements in the development of personal creativityh:
Duty research:
-
Describes the origin of space, to find materials that explain and analysis;
-
To Specify main looks scientists;
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.........................................................................................................................7 1.Ғарыш ұғымы оның пайда болуы............................................................................8
1.1.Ғарыш туралы түсінік............................................................................................8
1.2.Ғарыш жайлы деректер..........................................................................................9
2. Қызықты ғарыштық технологиялар...................................................... ..............10
2.1. Ғарыштық STARTRAM магниттік пойызы........................................11
2.2. АСТЕРОИДТАР АУЛАҒЫШ.....................................................................11
2.3. КҮН ЗОНДЫ...............................................................12
2.4. МАРСТТЫҚ ФОРПОСТ..............................................12
2.5. РОВЕР NASA ATHLETE.............................................13
2.6. БАСЫП ШЫҒАРЫЛҒАН 3D-МАРСТЫҚ ҮЙЛЕр ......13-14
3. ЕХРО-2017 көрмесінің ғарыш әлеміне маңыздылығы.................................15-16
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................17
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................18
Кіріспе
Әлемді зерттеу уақыт және қашықтық бойынша тұңғиықта жатыр деуге болады. Олардың өзгеру ауқымдығы өте кең: Галактика (Ғалам) деп аталатын алып жұлдыздар аралдарынан оларды құрайтын тозаңдар мен ұсақ бөлшектерге дейін; миллиардтаған жылдар бұрын болған ғарыштық оқиғалардан осы күні секундтың миллиардтан бір үлесінде ғана болатын микропроцестерге дейін.
Ғылыми жұмыстың
өзектілігі. Талай ғасырлар бойы аспан
әлеміне көңілі жетіп, қолы жетпеген адам баласы қал-қадірінше оны
зерттеуге, тануға, қазір тіпті өзге ғаламшарларды игеруге, сонда
барып қоныс тебугеде тырысып келеді. Ғарыш әлеміне қатысты
әңгімелер, аспан денелерін, Жұлдыздар, Күн мен Айды, Юпитер мен
Сатурнды, Марс пен Шолпанды қолмен ұстап көрмеген бұл бізге
ертегідей көрінеді. Бірақ әр ертегіде бір шындық болатыны секілді,
қазір әлем ғалымдары басқатырып жатқан адам баласының болашақта
Марс пен Айға көшіп баруы секілді қиял-ғажайып әңгімелердің
шындыққа айналуы ғажап
емес.
Ғарышты зерттеудегі
халықаралық ынтымақтастықтың тамыры сонау Кеңес Одағы кезеңінен
бастауалады. Міне, адамзат баласының ғарыш кеңістігін зерттеудегі
жетістіктері, ғылыми-техникалық прогрестер, жер бетіндегі барлық
халықтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайларын жақсартуға жұмсалып
келеді.
Жұмысымның мақсаты – ғарыштық әлем туралы түсінікті одан әрі ашу, ғарыштық кеңістікті зерттеуде жаңа технологияларды ойластыру жәнеде әрине қызықты ғарыштық технологиялар туралы айта кету.
Зерттеудің мақсаты:
-
Ғарыштың таңғажайып сырларымен танысу, ғарышқа алғашқы қадам, ғылымның адам өміріне қосқан үлесін зерттеу, білу;
-
Қазіргі заман талабына сай ғылыми – техникалық процестерді игеріп, өз мүмкіндігімді ашу;
-
Ғарыш дәуірінің басталуы, оны игерудегі жетістіктер жөнінде және қызықты ғарыштық технологиялармен танысып, жеке шығармашылығымды кеңейту.
Зерттеудің ғылыми
болжамы: Адам баласы ғарыш көгіне
көтеріліп, ашық космосқа жол ашты. Жерді және оның байлығын ғарыш
кеңістігінен зерттеудің пайдалы жақтары ойластырылуда. Дүние
жүзінің көптеген ғалымдары адамзаттың әрі қарай өмір сүруіне
қажетті жетістіктерді ғарыштан табамыз деп болжам жасауда.
Сондықтан Қазақстан жастарын ғарыш ғажайыптарын игеруге үйретсе,
әлемдік дамуымызға қосар үлесімізде тарихи қадам болар
еді.
1. Ғарыш ұғымы оның пайда болуы
1.1.Ғарыш туралы түсінік
Ғарыш дегеніміз не? «Космонавтика» - грек тілінен аударғанда «кеме басқару» деген мағынаны білдіреді екен. Ал осы космос корабльін орбитаға шығару үшін қуатты ракета двигателі және отын қажет, ал ракета жоғары температураға төзімді, жеңілде берік материалдан болуы тиіс. Негізі осы космос және космосқа ұшу туралы ғылымның негізін қалаған К. Э. Циолковский болатын, ал оның арманын, ойын жүзеге асырған бас конструктор Сергей Павлович Королев басқарған совет ғалымдары мен инженерлер болды. Сондықтан да ғарыш кеңістігін игеру С. П. Королевтың есімімен тығыз байланысты. Жердің тартылыс күшін жеңе отырып, жердің тұңғыш жасанды спутнигі орбитаға 1957 жылы 4 қазанда көтерілді, бұл күн балалар космос дәуірінің басталуы болып есептеледі. Бұлтсыз ашық түнде аспаннан жыпырлаған сансыз көп жұлдыздары бар. Олардың кейбірі солғын жарық нүктеге ұқсайды. Енді біреулері бірде күшейіп, бірде әлсіреген алыстағы отқа ұқсайды. Жұлдыздар жерден өте алыс қашықтықта орналасқан. Сондықтан олар біздің көзімізге кішкене жылтыраған ноқат сияқты болып көрінеді. Шынында да олардың әрқайсысы Күнге ұқсас жанып тұрған, орасан зор газ шарлар. Ең ірілері күннен ондаған, тіпті жүздеген есе үлкен. Мөлшері жермен қарайла шағындарыда бар. Жай көзбен қарағанда аспан әлемінен үш мыңға тарта жұлдыз көрінеді. Ал қазіргі замандағы ең жаңа Ғарыштық кеңістікті зерттеу Кеңестер Одағында белсенді жүргізілді. Бұл барлық жер тұрғындарының өміріндегі дәуір жаңалығы болды:
● Жер, Күн, Ай және Шолпанның жасанды серіктері ұшырылды;
● алғаш рет Ай, Шолпан бетіне қонып, Айдың арғы бетін суретке түсіріп, Ай панорамасының кескінін жерге жіберген, Ай бетін зерттеп, оның топырағын жерге әкелген автоматты апараттар ұшырылды;
● бірорынды және көпорынды серік-кемелерде алғашқы ғарышкерлер ғарышқа ұшты;
● ғарышкерлер ашық ғарышқа ұшты;
● алғашқы эксперименттік орбиталық станцияның автоматты ғарыштық жабдықтаушы кемесі ұшырылды;
● орбиталық станциялардың арасын ғарышкерлердің алғашқы ұшып өтуі және ғарышты игерудегі басқада жетістіктер көп десекте артық айтпаған болар ем.
1.2. Ғарыш жайлы деректер.
Ғарыш жайлы деректер
КСРО мен АҚШ арасындағы бәсекелестік Екінші Дүниежүзілік соғыстан
кейін ғарыштық бақталастыққа алып келді. Екі жақтың әр қайсысы
ғарыш технологиясындағы жетістіктерімен ерекшеленіп қалуға тырысты.
Жер шарының үштен бірі «Аплатон 11» кемесінің айға қонуын
теледидардан тамашалаған. Ғарышта жалпы 300-ге жуық адам болған.
Кеме Жерден ұшып кеткенде ішіндегі бар зат салмақсыздыққа ұшырайды,
бекітілмеген заттар ауада қалықтап жүреді. Басқарылып отырған
кеменің ішіндегі ауа әрдайым айналдырылып, тазартылып отырады.
Кейбір скафандрлар 15 қабат түрлі материалдардан жасалады. Бұл
ғарышкерді сыртқы әсерлерден қорғап, сақтап тұрады.Ғарышта ең ұзақ
болған – орыс ғарышкері Валерий Поляков. Ол «Мир» ғарышайлағында
1994 жылдың қаңтар айынан 1995 жылдың наурыз айына дейін 417 күн 17
сағат болған. АҚШ азаматтары Марк Ли мен Джуди Дэвис «Эндевор»
шаттлында 1992 жылы неке қию рәсімдерін өткізген бірінші жұп. Кеңес
одағынан ең алғаш ғарышқа жіберген иттер болса, америкалықтар сынақ
үшін маймылды жіберген екен. Тарихта қайтыс болған ең бірінші
ғарышкер Валентин Бондаренко. Ол КСРО ғарышкерлерінің бірінші
тобында болып, 1961 жылы, 23-наурызда дайындық кезінде өз
қателігінен өрт шығарып, қайтыс болған. Ғарышта болған ең бірінші
әйел – Валентина Терешкова (1963 ж.) Google компаниясы айға қонып,
500 метр аумағындағы айдың бетін түсіріп, Жерге тікелей репортаж
жасай алатын аппарат ойлап тапқандарға 30 млн $ премиясын
тағайындаған.
2. Қызықты ғарыштық технологиялар.
Ғарыштық технология саласының келешегі осы күнгіден қызықты бола түскені сондай, тіпті сол уақытты көргің келіп армандайсың. Солардың бірсыпырасы адамзаттың ойына қонарлық тұжырымдар болса, ал екінші біреулері ессіздікке, тіпті өзін жоюға апаратындай. Қалай болғанда да олардың өз бағдарлары бар, енді сіздерді солардың бірнешеуімен қысқаша таныстырайын.
2.1. ҒАРЫШТЫҚ STARTRAM МАГНИТТІК ПОЕЗЫ
Бұл ұсынылған ғарыштық Startram ұшырулар жүйесінің жобасына шамамен 20 млрд доллар қажет және ол орбитаға 300 000 тоннаға дейінгі жүктерді барынша қолайлы бағамен, яғни пайдалы жүктің әр килосын 40 долларға жеткізуге уәде беруде. Қазіргі осындай 1 кг пайдалы жүк ғарышқа ең аз дегенде 11 000 доллармен жеткізілетінін ескерсек, онда бұл жоба барынша тартымды әрі үнемді болары хақ.
Startram жобасы бұл мәселені жерден 20 км биіктікте қалқыма вакуумдық үңгір/тоннель салу арқылы шешуді ұсынады. Мұндай биіктікте ауа кедергісі айта қаларлықтай аз, ол ғарыштық ұшыруды неғұрлым жоғары жылдамдықпен және барынша аз кедергімен атқаруға мүмкіндік береді, сол арқылы ғарыштық аппарат әуе қысымына ұрынбай, бірден ғарышқа атып шығады. Мұндай жүйені салуға жалпы алғанда 60 млрд-тай қаржы салынып, ол 20 жылдай уақыт жұмыс істеуді қажет етеді.
2.2. АСТЕРОИДТАР АУЛАҒЫШ
NASA жақында Жерді апаттан құтқару үшін "астеройдтар мен кометаларды аулағышты" жасау мен оның құрылысын жүргізуге грант бөлді. Қуатты гарпуны бар арнайы ғарыштық аппарат таңдалған ғарыштық нысанға жабысады және өз қозғалтқышының күші есебінен бұл нысанды Жермен жақындасу аймағынан сүйреп шығарады. Одан бөлек аппаратты ауланған астеройдтарды пайдалы қазба байлық ретінде пайдалану үшін де қолдану жобасы бар, сөйтіп оларды мысалы, Марстың не Айдың орбитасында орналасқан базаларға жеткізеді. Одан әрі сол жерге қазба байлықты өңдеушілер жіберілетін болады.
2.3. КҮН ЗОНДЫ
Күннің бетінде де Жердегідей жел мен дауыл да баршылық. Алайда бұл желдер Сізді бірден буға айналдырып жіберерліктей. Күн туралы әлі көп сұрақтарға жауап алынған жоқ. 2018 жылы біздің шамшыраққа жіберуге жобаланған "Күн зонды", осыған жауап іздейді.
Бұл ғарыштық аппарат Күнге 6 млн шақырым қашықтыққа жақындайтын болады, сол арқылы бұл қолдан жасалған құрал әлі бірде-бір аппарат сыналмаған өте қуатты радиациялық қысымға төтеп беруі тиіс. Зондтың мұндай қауіпті радиациядан қорғанысына инженерлер мен ғалымдар ойынша қалыңдығы 12 см болатын карбонды-композиттік жылу экраны көмектеспекші.
NASA зондты Күнге бірден бағдарлай алмайды. Күнге жақындау үшін ғарыштық аппаратқа ең аз дегенде Шолпанды жеті рет айналып ұшуы тиіс. Бұл ұшуға шамамен жеті жыл кетеді. Әр айналым Зондты жылдамдатып, оның ұшу траеториясын жөндей түседі. Соңғы айналымда зонд Күн бетінен 5,8 млн км қашықтыққа бағытталады. Міне осылай ол Күнге ең жақын барған қолдан жасалған аппарат болмақшы. Бұған дейінгі Шамшыраққа 43,5 млн км жақындаған аппарат, ол "Гелиос-2" зонды болатын.
2.4. Марстық форпост
NASA егер оларға ғаламдық катаклизмдер мен жойғыш астеройдтар кедергі болмаса, онда алдағы екі онжылдық ішінде Марс бетіне адам ұшырамыз деп отыр. Агенттік тіпті болашақ 2030 жылдың соңына қарай салынатын марстық форпостың тұжырымдамасын да жасап үлгеріпті.
Келешек зерттелетін аймақтың радиусы 100 км шамасын құрайды. Онда адам тұратын модульдер, ғылыми кешендер, марстық роверлер аялдамасы, 4 адамдық командаға арналған таулы-шахталық жабдықтар орналасатын болады. Мұнда кешенге арналған энергия бірнеше шағын ядролық реакторлар арқылы өндіріледі. Бұдан бөлек энергияны өндіруге марстың шаңды дауылының әсерінен тиімділігі аздығына қарамастан күн тақташалары да пайдаланылатын болады. Кейін біртіндеп ғылыми командалардың көптеп орналасуына орай өздігінше тамақ табудың, сол жерден су жыйнап, тіпті Жерге қайтарлық ракеталық отын да өндіретін жағдай да қарастырылмақшы.
2.5. РОВЕР NASA ATHLETE
Бұл шаянға ұқсас Ровер ATHLETE (All-Terrain Hex-Limbed Extraterrestrial Explorer) біруақытта Айды жаулаумен айналысатын болады. Өзінің бір-біріне байланыссыз алты аяқтан тұратын арнайы тірегі арқасында ровер кезкелген топырақ бетімен қозғала алады. Аяқтағы дөңгелектер оның тегістеу жерде тезірек қозғалуына мүмкіндік жасайды.
Бұл гексопод түрлі ғылыми және жұмыс жабдықтарымен жарақтана алады және қажет болғанда жылжымалы кранның да жұмысын атқарады. Жоғарыдағы суреттегі ATHLET-те адам тұратын модуль де қондырылған, яғни роверді жылжымалы үй ретінде пайдалануға болады. ATHLET-тің биіктігі 4 метрді құрайды. Ол осы қалпымен 400 кг-дық нысанды көтеріп, тасымалдай алады. Бұл жер гравитациясының өзінде ғана!
Мұны пайдаланудағы ең негізгі артықшылық, онда 3D-басып шығару құрылғысын орнатуға болатындығы. Сол арқылы роверді ай бетінде тұрғын үйлерді басып шығаруға жағдай туады.
2.6. БАСЫП ШЫҒАРЫЛҒАН 3D-МАРСТЫҚ ҮЙЛЕР
Марсқа адам ұшыруға дайындық сәтінің басталуын жақындата түсу үшін NASA сәулеттік конкурс ұйымдастырды. Конкурс осы арқылы үш өлшемді басып шығару әдісімен марстық үйлерді салуға мүмкіндік беретін 3D-басып шығару технологиясын жасауды және оны қаржыландыруды көздеп отыр.
Конкурстың бірден-бір шарты Марс бетінде өндіруге кеңінен қол жетімді болатын материалды пайдалану болды. Оның жеңімпаздары Нью-Йорктық Team Space Exploration Architecture және Clouds Architecture Office сияқты екі дизайнерлік компаниялар. Олар марстық үйді ICE HOUSE тұжырымы бойынша салуды ұсынды. Тұжырымның негізіне мұзды (атауы да содан) пайдалануды ұсынады. Ғимараттың қабырғасы су, гель және мұз араластырылған қойыртпадан орындалады. Марс бетіндегі төмен температурадан материал қатқан кезде, қос қабатты қабырғалы қолайлы тұрғын үй жасалады. Мұның сыртқы қабырғасы мұздық қойыртпадан тұрады және ол қосымша радиациядан қорғайды, ал ішкі модуль екінші қабырға рөлін атқарады.
3. EXPO-2017 көрмесінің ғарыш әлеміне маңыздылығы
Еліміздің қазіргі қызу талқысы да, әңгімесі де, жеңісі де – EXPO-2017. Бұл – үлкен жауапкершілік. Қазақстанның әлемдік деңгейдегі шараларды өткізуде тәжірибесі мол екені рас. Бірақ EXPO-2017 көрмесінің жөні бөлек. Қай жағынан алғанда да, аса ауқымды әрі өміршең. Ең алғаш Дүниежүзілік EXPO көрмесі Лондондағы Гайд-паркте өткізілген еді.
Содан бері 163 жыл өтіпті. Көрменің беделі өсіп, абыройы артпаса, кеміген емес. Иә, EXPO көрмесі – жалпы саяси және экономикалық мәнділігі бойынша теңдессіз оқиға. Ол индустрияландырудың нышаны және техникалық, технологиялық табыстарды көрсететін ашық алаң болып келеді. 2010 жылдың 1 мамыры мен 31 қазаны аралығында Қытайдың Шанхай қаласында өткен дүниежүзілік көрмеге 190-нан астам ел және шамамен 73 млн адам қатысты. Ұйымдастырушыларға шара 12 млрд доллар пайда әкелді. Орта бизнес табысы кем дегенде 20 пайызға артты .
Сондықтан да Қазақстан EXPO-ға бар күшті жұмылдырылды. Астанадағы EXPO-2017 көрмесі ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы өткізілетін ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрме болды.
Қазақстан халықаралық көрме тақырыбын «Болашақ энергиясы» деп таңдаған болатын. Бұндай тақырыптың таңдалуының да өзіндік ерекшеліктері ғана емес, жаһандық өзектілігі де баршылық. Сонымен бірге, «Болашақ энергиясы» тақырыбымен өткен EXPO көрмесі аумағының ерекшелігі мен артықшылығы, оның жаңғырмалы энергия көздері арқылы жұмыс істеуінде болды. Көрменің аумағында – Өмір, Бейбітшілік, Сана, Ғарыш атты 4 тақырыптық павильон орналастырылды.
Мен EXPO-2017 халықаралық көрмесінің көрермені болып келдім. Сондықтанда осы тақырыпты таңдадым. Мұңда сфераның жетінші қабаты ғарыш туралы мәлеметтерге толы. Бұл жерде келушілер планетариге барып, әлемнің пайда болуы туралы ақпараттар алуға болады. Ғарышкерлік жайлы бөлек ақпарат ала аласыз. Бұл бөлмеден Ай атмосферасын зерттеуге арналған техникаларды көруге болады. Осының барлығын шынайы, өз көзіменен көргендіктен, маған өте үлкен әсер қалдырды. Қызығушылығым EXPO-дан көріп артты. Осы жобаны қолға алуымның бірден-бір себебі осы.
Халықаралық көрмелер бюросы Бас ассамблеясының EXPO-2017 халықаралық көрмесін Астанада өткізу туралы шешімі – бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың мақсатты жұмыстарының нәтижесі, оның халықаралық беделінің көрсеткіші. Екінші жағынан, бұл – біздің жас мемлекетімізге деген үлкен сенім және үлкен жауапкершілік.
Жолдауында Елбасы ерекше атап өткен болатын. Осы бағыттағы тың міндеттер қатарында Тәуелсіз еліміздің абыройын әлемге асқақтатып, мерейін тасытқан «Байқоңыр» ғарыш айлағын одан әрі дамыту тұрғанын ерекше мақтаныш білдіре және екпін қоса атап өтуге болады .
Сонымен, қорытыныдылай келе, ЕХРО-2017 көрмесінің басты мақсаты – ғарыш кеңістігі мен энергетика саласындағы нанотехнологияны біріге отырып зерттеп, қолданысқа енгізу. Қатысушылар әркім өз жетістігін ортаға салып, келешектегі қуат көзін үнемдеуге байланысты жобаларын іске асыра алатындығын алға тарты. Сонымен қатар Қазақстан, Ресей және АҚШ ғалымдары бірігіп, бүкіләлемдік ЕХРО-2017 көрмесіне космостық технологияға байланысты халықаралық көрме ұсынды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Бүгінгі күні ғарыш технологиялары ғылымның, техниканың дамуына игі ықпалын тигізіп отыр. Осы уақытта орбитада мыңдаған жер серіктері ұшып жүр. Олар адамзат үшін қажетті аса маңызды стратегиялық міндеттерді орындауда. Ғарыш аппараттары Айға және Венераға ұшып, ол жақтың топырақ құрамын жерге жеткізді. Сондай-ақ бірнеше аппарат күн жүйесінің аймағынан шығып, әлемдік өркениет үшін қызмет етіп жатыр. Содан бері көп уақыт өте қойған жоқ.
Соған қарамастан, адамзат баласы санаулы ғана жылдардың ішінде ғарыш кеңістігін игеруде үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Ең бастысы, әлемдік қауымдастық ғарышсыз болашақты елестете алмайтындай күйге жетті. Өйткені қазіргі заманғы жоғары технологиялардың барлығы да ғарышпен байланысты.
Бізде ғарыш технологиясын өз бетінше зерттеп, ізденіс жолында жүрген ғалымдар баршылық. Бірақ кейбір әкімшілік-құқықтық кедергілердің кесірінен көптеген технолог ғалымның жобаларына жан бітпей отыр.
Біздің Қазақстанды өзінен-өзі бірінші ғарыш мемлекеті деп санауға болады. Бірінші жер серігі біздің жерден ұшты. Бірінші кісі, адам баласы ғарышқа аттанды біздің жерден.
Ал қазақтың Байқоңырын әрбір қазақ мақтаныш тұтады. Осы жерден қаншама жер серіктері, ғылыми зерттеу станциялары және ғарыш кемелері ұшырылды көкке. Соның нәтижесінде талай жаңалық ашылып, адамзат көп нәрсеге қол жеткізді. Демек, қазақтың ғарыш айлағы күллі әлем үшін де, еліміз үшін де алар орны ерекше.
Қорытындылай келе, ғарыштық сала – экономиканың және бүкіл қоғам мен мемлекеттің «ілгеріленуінің» белгісі. Ол әлемдік шаруашылықтың басқа да салаларына жаңа мүмкіншілік, тың технологиялар және ғылыми-жасалымдардың үздіксіз тасқынын беріп отыр. Елдің өркениетті дамуының, барлық маңызы өмірлік салалары бүгінде ғарыштық технологиялармен және жасалымдармен тікелей байланысты десек, кателеспейміз. Ғарыштық зерттеулер нәтижелері мен ғылымның осы саласының жетістіктерін енгізудің экономикалық маңызы үлкен.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. «Әлем. Үлкен жаратылыс, Әлем эволюциясының негізгі кезеңдері және ғарышты игеру және адамдзаттың оны игеру болашағы» атты тақырып, Физика 11 сынып, 2015. 394-409 бет.
2. Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.
3.Интернет материалдары:http://www.tarbie.kz/, // www.google.kz/
КҮНДЕЛІК
Тақырып таңдау
2017
Қызықты ғарыштық технологиялар.
2
Мектептегі жетекшімен ақылдасу
кезінде
Ақпараттарды салыстыру,жинақтау,
нақтылау
3
Мектептегі,ауыл және аудан кітапханаларына барып материалдар жинау
үнемі
Кітапханалармен байланыс
4
Ғаламтор желісінен ақпарат, суреттер жинау
үнемі
Деректер жинау
5
Қосымша материалдар іздестіру
үнемі
Мағлұмат алу
ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ КҮНДЕЛІГІ
Зерттеу тақырыбы: Қызықты ғарыштық технологиялар
Оқушының Т.А. Ибрашева Аделина
Мектеп,сынып: Қайыңды ОЖББМ, 9 –сынып
Жетекшісі: Гумарова Ж. А
Мектеп директоры: __________ С.Сүлейменов
2018 жыл