Материалдар / Ғылыми жоба Жүз центнершіл жүлдегер 5 сынып Жеңіс Жаннұр
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба Жүз центнершіл жүлдегер 5 сынып Жеңіс Жаннұр

Материал туралы қысқаша түсінік
Ауыл-халқымыздың бойына нәр құятын бесігі,ұлттық рухтық қуат алар қайнар көзі.Әрбіріміз,келешек ұрпақ туған жеріміздің тұрмысы мен тіршіілігіне,мәдениеті мен ғылымына үлес қосуымыз керек.Келешек біз егеменді еліміздің ойлы да іскер,интеллектуалдық деңгейі биік,өзін – өзі іске асыруға,дамытуға қабілетті жеке тұлға болып қалыптасуымыз қажет.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қараша 2021
305
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қызылорда облысы.Қазалы ауданы,Әйтеке би кенті







Бағыты:«Қазақстан тарихи ескерткіштері және шығармашылық

тұлға негізі»



Секциясы: Өлкетану



Ғылыми-ізденіс жұмысының тақырыбы: «Жүз центнершіл жүлдегер»



Авторы: Жеңіс Жаннұр

266 мектеп-лицей 5-сынып оқушысы



Жетекшісі: Дәрмен Ранай Амангелдіқызы

Пәні: Бастауыш сынып мұғалімі



Ғылыми жетекшісі:Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Тарих, саясаттану және әлеуметтану» кафедрасының доценті, т.ғ.к С.Жүсіпов











М А З М Ұ Н Ы

І. Кіріспе ............................................................................ 1

ІІ. Жүз центнершіл жүлдегер.......................................... 2

1-тарау.Энгельс атындағы совхоздың күрішшісі Ранайкүл Қосбармақованың өмірі мен еңбек жолы............................... 3

2-тарау. Диқандық жолдағы алғашқы қадам..................... 4

3-тарау. Ақ күріштің атасы Ыбырай Жақаев атындағы жүлдені жеңіп алуы................................................................... 5

4-тарау. Рекордтық көрсеткіш............................................. 6

5-тарау. Халық қалаулысы................................................... 7

6-тарау. Ранайкүл апаның құрақ құрау өнері...................... 8

ІІІ. Қорытынды..................................................................... 9

Сілтемелер.............................................................................. 10

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................ 11

























Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,№266 мектеп-лицейдің 5 - сынып оқушысы Жеңіс Жаннұрдың «Жүз центнершіл жүлдегер» тақырыбына жазылған ғылыми- еңбегіне Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Тарих, саясаттану және әлеуметтану» кафедрасының доценті, т.ғ.к С.Жүсіповтен

П і к і р

Ранайкүл Қосбармақова-атақты күрішші,ІІІ дәрежелі Еңбек Даңқы Орденінің иегері,облыстық кеңестің депутаты,зейнеткер,қайраткер ана, еңбек ардагерін зерттейді.

Ранайкүл Қосбармақова жайлы әр кезеңдерде баспасөз беттерінде мақалалар жарияланғанмен жеке дара зерттеу жұмыстары бұрын қолға алынбаған.Зерттеуші осы тұрғыда біраз ізденіп,еңбектенген.Өз ойын бір жүйеге келтіріп,диқаншылық еңбек жолын ашуда көп еңбек еткен.

Пікір беріліп отырған зерттеу жұмысы талапқа сай.Яғни ғылыми жоба мазмұнын теориялық жағынан маңызды мәліметтерге сүйене отырып,оның тәрбиелік мәнін бүгінгі қоғам талабына сай айқын да анық аша білген.Ізденуші жай ғана материалды қарастырып қана қоймай,өз ойы мен пікірін қоса білдіріп,өзіндік көзқарасын да танытып отырған.

Ізденуші аудан экономикасын көтеруге зор үлес қосқан тұлғаны жете танып,зерттеу жұмыстарын жүйелі жүргізді.Оның зерттеу барысындағы мақсаты-елім деген бабаларымыздың өнегесін үлгі ете отырып,бүгінгі ұрпақтың тарихи санасын,тәуелсіз Қазақстанға деген патриоттық сезімін қалыптастыру,еңбек адамын дәріптей отырып кейінгі ұрпаққа үлгі тұту,көпшілікке насихаттап таныту.Сонымен бірге түлектерді ауыл шаруашылығы жұмыстарының мамандықтарына тарту.

5-сынып оқушысы Серікбаева Дильназдың еңбегін аудандық және облыстық ғылыми жоба сайысына ұсынуға болады деп санаймын.



Ғылыми жетекші: «Тарих,саясаттану және әлеуметтану»

кафедрасының доценті,т.ғ.к С.Жүсіпов



І. Кіріспе

Ауыл-халқымыздың бойына нәр құятын бесігі,ұлттық рухтық қуат алар қайнар көзі.Әрбіріміз,келешек ұрпақ туған жеріміздің тұрмысы мен тіршіілігіне,мәдениеті мен ғылымына үлес қосуымыз керек.Келешек біз егеменді еліміздің ойлы да іскер,интеллектуалдық деңгейі биік,өзін – өзі іске асыруға,дамытуға қабілетті жеке тұлға болып қалыптасуымыз қажет.Сыр елінің өсіп – өркендеуіне түрлі саладағы мамандармен қатар қарапайым еңбек адамдарының да сіңірген еңбектері еңбектері зор екені белгілі.Осы орайда халық қалаулысының өмірі мен еңбек жолы жайлы қауымға ұсынуды жөн көрдім.Олай болса,бабалар әруағына тағызым,олардың мәңгілік рухына құрмет – бүгінгі ұрпақтың және менің мойнымдағы парыз.Біз «Үлкенді сыйламай өркеніміз өспейді» деген өнегені пір тұтатын,тобықтай түйінді ойға тоқтайтын халықтың ұрпағымыз.Сондықтан еңбек ардагері Ранайкүл Қосбармқова апаны зерттеп отырмын.

Ғылыми жобамның толық мәнін ашып,көздеген мақсатыма жету үшін «Жүз центнершіл жүлдегер» атты ғылыми-зерттеу жұмысымда келесідей бөлімдерге бөлдім.Олар: І.Кіріспе ІІ.Жүз центнершіл жүлдегер 1-тарау. Ранайкүл Қосбармақова-Энгельс атындағы совхоздың күрішшісі 2-тарау. Диқандық жолдағы алғашқы қадам 3-тарау. Ақ күріштің атасы Ыбырай Жақаев атындағы жүлдені жеңіп алуы 4-тарау. Рекордтық көрсеткіш 5- тарау. Халық қалаулысы 6- тарау. Ранайкүл апаның құрақ құрау өнері ІІІ. Қорытынды

Ғылыми зерттеу жұмысымда жазуда алдыма мынадай мақсат қойдым: Қызылорда облысы,Қазалы ауданындағы «Қожабақы» ауылының күрішшісі, ІІІ дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің иегері,облыстық кеңестің депутаты Ранайкүл Қосбармақованың еңбегін елге таныту;

Ғылыми-зерттеу жұмысының жаңалығы:Ардагердің елге сіңірген еңбегін зерттеп,оны жастарға үлгі ету.

Ғылыми-зерттеу жұмысының өзектілігі:Жастарды ауыл шаруашылығы мамандықтарына тарту.

Ғылыми зерттеу-жұмысымда шешуде мынадай әдіс–тәсілдер қолдандым: жинақтау,жүйелеу,талдау және баяндау.

ІІ . Жүз центнершіл жүлдегер 1– тарау . Энгельс атындағы совхоздың күрішшісі Ранайкүл Қосбармақованың өмірі мен еңбек жолы .

Ранайкүл Қосбармақова 1939 жылдың 1 маусымында қазіргі Бөзгөл ауылында дүниеге келген Жетіжылдық мектептің 7 класын бітірген.1957 жылы Айтжанов Ерғалимен тұрмыс құрып,7 бала тәрбиелеп өсірген.1978 жылдан бері күріш егеді.Оныншы бесжылдықтан үшінші жылында күріштің әр гектарынан 95,8т центнерден,1980 жылы 22 гектар күріштің әр гектарынан 100,7 центнерден өнім келтіріп,жоспардан тыс барлығы 3434 центнер күріш өндіруді қамтамасыз етті . Ранайкүл Қосбармақова совхозға 100199 сом пайда түсірді Ол облыстық Советтің депутаты,ІІІ дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің кавалері.Бүкілодақтық ауылшаруашылығы көрмесінің күміс медалінің иегері.КСРО–ның 60 жылдығы құрметіндегі социалистік жарыстың қорытындысы бойынша «Қызылорда облысының таңдаулы күрішшісі» деген атақ берілді (1982). «ХІ бесжылдықтың екпіндісі» (1985), «1978 жылғы социалистік жарыстың жеңімпазы» белгілермен марапатталды.1989 жылдан бері зейнеткерлік демалыста. 2010 жылы мамырдың 22-дегі Жарлық бойынша «Алтын алқа» алқасының иегері.





«Адам ұрпағымен мың жасайды»,сол себепті оның мәңгілік ғұмыры аяқталмайды,балаларымен жалғаса береді.Ол отбасында 4 қыз,3 ер бала тәрбиеленген.Қазіргі кезде олардың әр бірі шаңырақ иесі болып отыр.Осы балаларынан 17 немересі бар.Қазіргі таңда әке мен анасының жолын қуған баласы Айтжанов Қайрат «Бірлікте» салы егеді

2-тарау. Диқандық жолдағы алғашқы қадам



Т аң шапағы жер бетін әсем нұрға бөлеген.Осынау әсем көріністі тамашалай қараған Ранайкүл әлдене есіне түскендей шұғыл бұрылып,ағаш үйдің түндігін түре бастады.

-Ау,соңғы күндері құс ұйқылы болып кеткенбісің.Сен тұрған соң менің де мазам кетті,-деді есікті ашып далаға шыққан Серғали жолдасына әзілдей тіл қатып.

-Жан тыныштығын ойлайтын уақыт па қазір.Мен шай қояйын.Бүгін күріштік басына ертерек бару керек.Кеше бригадир Жетес Бижанов ертең күріштігіңе орақ түседі деген.Жаткалар түсетін жерлерді алдын-ала дайындау керек,-деді Ранайкүл.

-Дұрыс айтасың.Күрішің пісіп тұр.Менікі сәл кештеу.Күріштігіңе орақ түскен жөн ғой,-деді Серғали.Таңертеңгілік шайын асығыс ішкен ерлі-зайыпты диқандар күріштігіне аттанып бара жатты.Бригадирдің айтқанындай,күн көтеріле жаткистер Ранайкүлдің күріштігіне келіп жетті.Алдында озат Әділбек Әуезовтың жаткасы.Дала кемелерінің командирлері диқанмен жайдары амандасты.



  • Ранайкүл апа,алғашқы ортаңызбен ,-деді диқанды қаумалай қоршап алған Әділбек,Кеңес бастаған топ.

  • Рахмет! Өздеріңізге де жемісті еңбек тілеймін.

  • Мақтаулы әрі депутат диқанның күріштігіне қай жағыннан тиіссек екен,-деп қуақы тілде Кеңес Әлиев жолдастарына қарады.

  • Кеңес-ау, о жағынан қиналмай-ақ қой,мына тұстан түсе берулеріңе болады,-деп Ранайкүл ораққа дайын тұрған күріштік жерін механизаторларға көрсетті.

  • Ал,жігіттер іске сәт!Ендігі атқарылар жұмыс сендерге байланысты.

Дән дариясындаа жүзген жаткалар іске қызу кірісіп кетті.Жатқалар жүріп өткен жерде ұзыннан-ұзақ созылып күріш дестелері қалып жатыр.Күріштің бітісінің кемі жоқ.Жабағыдай ұйысып қалың өскен күріш сабақтарының бастары кере қарыс.Бадана дәндері топ-толық.Диқанның молшылыққа кеңелерін айтпай-ақ аңғарғандайсың.Күріш дестелері де жоталанып қалың түсіп жатыр.Дегенмен де диқан жаны мазасыз.Толқу үстінде.Өнім тағдырын ойлап тыншымайды.Жылдағы әдет.Күріштігіне орақ түсісімен осылай мазасыз күй кешеді.Күн бойы титықтап-ақ болды.Бір қадам күріштік басынан ұзап шыққан жоқ.Жаткистер жұмысына бақылау жасады.Тек күн батып,қас қарайып,жаткистер жұмысынтоқтатқан соң барып үйіне қайтты.Келе сала жолдасы Серғалиға бүгінгі орақтың барысы жайлы баяндап берді.Жаткистердің сапалы жұмысына риза болғанын ерекше сүйсініп айтты.Орақтың алғашқы күнін Ранайкүл ерекше қуаныш үстінде өткізді.Жүрегі лүпілдеп көңілді жүрді.Иә,бұл Ранайкүлдің төртінші дихан күзін қарсы алуы,төртінші орағы болатын.Ал,оның диқандық жолын бұдан үш жыл бұрын басталған еді.

Бәрі күтпеген жерден болады.Ранайкүл диқан болам деп әсте ойлаған еместі.Құрылысшы келіншек көктем,жаз айларында дихан жолдасы Серғалиға көмек беретін.Күзде жиын-терін аяқталысымен құрылыс жұмысына қайта араласатын.Сол 1977 жылы Серғали №2 егіс бригадасының «Қызыл әскер» учаскесіне 17 гектар жерге күріш екті.Ерте көктемнен бастап диқандар егіс даласына аттанып,тынымсыз күндер басталды.Әсіресе, тұқымды суға бастыру кезіндегі қиын айтсаңшы! Диқанның төзімі мен қайраты,тәжірибесі сыналар кез осы.Тегістелмеген жер ойлы-қырлы болып келеді.Мұндайда суды барынша ұқыпты,ыңғайына қарай пайдаланған жөн.Серғали да ертемен иығына кетпенін салып жұмысқа кетеді.Түсте аз-кем демалып,содан қас қарайғанда оралады.Кейде Ранайкүлде қолғабыс береді.Мұнысы кейін өзіне жақсы болды.Күріш жайынан хабардар бола бастады.Кейде диқандар үйде бас қосып,күріш күріш күтімі жайлы кеңесіп , сырласа қалса әңгіміелеріне құлақ түре жүреді.Күндер өтіп жатты.

Ауру айтып келе ме? Алғашында елемей жүрген сырқаты Серғалиды төсекте жатып емделуге мәжбір етті.Осы шақта еңбекқор азаматты қинаған ауруы емес,күріштігінің жайы еді.Қырсыққандай жиын-терін аяқталмай орта жолдан сырқатының сыр бергеніне күйінді.Осы сәт өмірлік серігінің ойын Ранайкүл айтпаса да түсінді.Қаншама қобалжыса да жолдасының орнына өзі қалып,күріштік жерін күтімге ала бастады.Білмейтіні көп екен.Көршілес диқандар мен егіс мамандарынан ақыл-кеңес сұрады.Ақыл айтса зердесіне тоқыды.Әрдайым күріштік плантациясынан табылды.Қалайда биігінен көрінуді басты мақсат етіп қойды.

Көптен күткен диқан еңбегін таразыға тартар күз де келіп жетті.Барша диқандар қауымы сияқты Ранайкүл де өз еңбегінің жемісін тағатсыздана күтті.Берекелі күз ерлі-зайыпты диқандарға мол қуаныш сыйлады.17 гектар күріштің әр гектарынан 55 центнерден өнім жинап,берген сертін абыроймен орындады.Сөйтіп Ранайкүлдің диқандық жолдағы алғашқы қадамы осылай басталады.



3-тарау.Ақ күріштің атасы Ыбырай Жақаев атындағы жүлдені жеңіп алуы.

Оныншы бесжылдықтың үшінші диқан Ранайкүл Қосбармақованың есінде ұмытылмастай болып қалды.Осы жылы оған «Қырқұлақ» учаскесін 20 гектар жер бекітіліп берілді.Өткен жылдан біршама тәжірибе жинақтаған ол іске бірден құлшына кірісті.Серғали болса денсаулығына байланысты ауыр жұмысқа жарамағанымен Ранайкүлге көмекші болды.Көп жылғы тәжірибесі бар ол Ранайкүлге күріш күтімі жайлы кеңестер айтып отырды.Қайратты келіншек әп дегеннен агротехникалық шаралардың жүзеге асырылуына ден қойды.Тұқым себу,оны суға бастыру жұмыстарын бір бірімен ұштастыра жүргізді.Күрішті үстеп қоректендіру жұмыстарын тыңғылықты атқарды.Жаз бойы тынымсыз тер төгілді.Күріш көгі көңілдегідей болып шықты.Егіс мамандары мен талай жыл күріш еккен көршілес диқандар да Ранайкүл күріштігін аралап көріп таңданғаны бар.Мұндайда алдымен диқан еңбегі ауызға алынатыны анық.Бәрі де Ранайкүл еңбегін мақтанышпен айтады.Ал,диқан келіншек балапанды күзде сана дегендей берекелі күздегі егін орағын көз алдына елестетеді.

Күз айы.Диқандар қауымы толқулы.Барлығында бір ой,өнім қалай болар екен дейді.Сөйтеді де жаз бойы мәпелеп өсірген теңіздей толқыған дән дариясына көңілдене көз тастап,алға қойған межесін ойша таразылай түседі.Жолдасы Серғалидың мен білсем биыл міндеттеме межесін асып түсесің.Мамандар дұрыс айтады.Мұндай бітік егінді бірінші рет көріп отырмын деген сөзін көңіліне тоқ санайды.

Күрішке алғашқы орақты жаткистер Құттыбай Тарғынов,Елібай Аманов,Кеңес Әлиевтер салды.Ранайкүл күріштігіне орақ түскесін жұмыс басынан ұзап шыққан жоқ.Жаткистер жұмысына бақылау жасады.Күріштің сапалы орылуын қадағалап отырды.Екі күнде 20 гектар күріш түгелдей дестеге түсірілді.Одан соң күріш бастыратын комбайндарды күтті.

... Әне қызыл жалаушасы желбіреген комбайн мұның жанына өтіп барып тоқтады.Штурвальдан жерге секіріп түскен орта бойлы,қара торы жігіт диқан келіншепен сыпайы амандасты.

  • Реке,өнім жоғары болсын!

  • Айтқаның келсін,інім.



  • Биылғы межеңіз қанша еді?



  • Гектарына 65 центнер



  • Онда,-комбайнер Н.Елкеев қулана жымиып қойып,-сіз берген сертті қалайда асыра орындайтыныңызға кәміл сенемін.Бригада да сізден озар ешкім бола қоймас.Себебі бункерлер лезде толып жатыр.Демек өнім бар.Комбайнер жігіт қайтадан штурвалға көтерілді.Соңғы гектарлар бастырылып болды.Ранайкүл жүрегі жиі-жиі лүпілдеп,қуанышты хабар есіткенше асығулы.Ертеңіне совхоз партия комитетінің секретары мен ауылдық кеңестің атқару комитетітінің председателі бастаған топ Ранайкүлді еңбек табысымен құттықтады.



  • Жарайсың,Ранайкүл!



  • Гектарына 97 центнерден өнім жинадың,-деп олар диқан келіншектің мүйізгек біткен алақанынан қысып жатты.Осы сәт ол әріптестерінің ортасында тұрып еңбек адамына деген құрметке тәнті болды.Адал еңбектің ғана абырой әперетінін жан жүрегімен сезінді.

Осы жылы совхозда мол өнімші диқандар арасында Ранайкүл Қосбармақовадан озған ешкім болған жоқ.Сондықтан Ранайкүл ақ күріштің атасы Ыбырай Жақаев атындағы жүлдені жеңіп алды.

Ранайкүлдің еңбек жолының үшінші белесі-оныншы бесжылдықтың төртінші жылы да табысты болды.Диқан келіншек тағы да ерлік еңбектің үлгісін көрсетті.Шаруашылықтағы № 3 егіс бригадасының «Мәйті» учаскесіне 20 гектар жерге күріш еккен диқан Ранайкүл Қосбармақова әр гектардан 85 центнерден өнім жинады.Бұл диқанның жыл басындағы қабылдаған міндеттемесінен 30 центнерге артық еді.

4-тарау.Рекордтық көрсеткіш

Энгельс атындағы совхоздың еңбеккерлері 1980 жылы мемлекетке астық тапсыру жөніндегі міндеттемесін аудан шаруашылықтары арасында алғашқылардың бірі болып орындап шықты.Отан қоймасын да 40663 центнер Сыр күріші құйылды.Осыған байланысты аудан орталығында салтанатты митинг болып өтт.Осы салтанатта совхоз коллективті өз мүмкіндіктері мен резервтерін есептей отырып,Отанға 45 500 центнер Сыр маржанын тапсыруға шешім қабылдады.Коллективтің осынау табысқа жетуіне совхоздың барлық диқан-механизаторларымен қатар күрішші Ранайкүл Қосбармақованың да қосқан үлесі қомақты.Ол қарамандыға күріштік жерінің әр гектарынан 101 центнерден өнім жинап,үздік көрсеткішке жетті.

Ранайкүл күріштігін жаткистер үш күнде түгелдей дестеге салып болды.Мұнда Әділбек Әуезов пен Кеңес Әлиевтер ерен ісімен ерекше көзге түсті.Іле шала комбайндар егіс даласын еңбек дүбіріне бөледі.Еңбек қарқына күні-түні бір сәтке толастамады.Ранайкүл күріштігінен Отан қоймасына толассыз жатты.Алғашқы гектарлардан алынған өнімнен соң-ақ Ранайкүл атына жылы лебіздер айтыла бастады.Алынған өнім гектарына 80-90 центнерден айналуда.Бұл жоғары көрсеткіш.Бірақ Ранайкүлдің ойлаған межесі бұдан сәл жоғарылау.Өз ойынша қалың біткен атыздар әлі бастырылған жоқ.Соған орай көрсеткіш те жоғарылай ма деген үміті бар дегенмен күдікті ой қатарласа жарысады.Сонда да сыр бермеуге тырысады.Күріштік жерін аралаған сайын комбайнер жігіттердің қажырлы еңбегін көріп сүйсінді.Анау Бекет Мәліков,Қасқырбай Жөкеев,Тарғын Тұрлыбаевтар шетінен еңбеккер жігіттер.Атқарған істері сапалы.Күн,түн демей тынымсыз еңбек етсе де қабақ шытып,әсте шаршадым демейді.Қайта еңбек десе қайраттанып кетеді.Бригадир Жетес Бижановтың да оларды мақтауы тектен тек емес.

Ранайкүл күріштігінің соңғы өнімі совхоз орталығындағы қырманға жөнелтілді.Есеп қызметкерлері есеп шоттың тасын әрі қағып,бері қағып Ранайкүл табысын есептеді.22 гектар күріштің әр гектарынан 101 центнерден өнім айналды деген сөз.Мынау совхоздағы биылғы жылғы рекордтық көрсеткіш қой.Қуанышты сөздер жарқын естілді.Олар алдымен бір-бірін,одан соң қырманға келген №1 егіс бригадасының бригадирі Жетес Бижановты құттықтады.Совхоз директоры Ермағамбет Жұбатқанов «Қаракөл» учаскесіндегі күріштік алқапқа түс ауа келді.Алдымен іздегені Ранайкүл болды.Рекорд иесін табысымен құттықтамақ.Директор диқан келіншекпен күлімсірей амандасты.

  • Реке,-деді Е.Жұбатқанов диқанның қолын қысып.Рекордтық табысыңмен құттықтаймын.22 гектар күріштің әр гектарынан 101 центнерден өнім жинадыңыз!

Қуаныштан жүзі бал-бұл жанған диқан келіншек:

  • Барлықтарыңызға рахмет!-деді толқып тұрып.

Иә,ол қалай қуанбас.Жыл сайынғы талмай ізденіс,өлшеусіз төгілгіен маңдай тер енді оның ауданның маңдай алды диқандарының сапына қосып отыр.Ранайкүл күріш өсіруді озық тәжірибелерді күнделікті іске кеңінен пайдаланады.Көктемнің алғашқы күндерінен бастап күріш күтімін агротехникалық талаптарға сай жүргізді.Соынң нәтижесінде қазір мол өнім алып отыр.

Гектарына 101 центнер! Бұл цифр диқан келіншектің Сыр күрішін өсірудегі ерен еңбегінің жемісі.Бұл аудандық Советтің депутаты,Энегльс атындағы совхоздың диқаны Ранайкүл Қосбармақованың Қазақ КСР-нің 60 жылдығы мерекеленетін жылғы үздік табысы,мол еңбек тартуы.

Жүзден озған жүйріксің (Гектарына 100,7 центнерден өнім алған Ранайкүл Қосбармақоваға арнаймын)

Еңбекшіл едің жасыңнан, Комбайнер санын біледі. Жігерің таудай тасыған. Көргенше гектар өнімін, Өнегелі еді от басың, Таппады тағат көңілің. Табысын көптен асырған. Жүз дегенде қуандың Ардақты да анасың, Құшқандай космос өңірін. Алғысты жылда аласың. Машина келді ырғала Ерінбей еткен еңбегің Тасылды астық қырманға. Танытты ердің бағасын. Тау-тау болып үйілді, Комбайн алғаш түскенде, Тарлық етті қырман да. Уәйім кірді ішке де. Биіктің шықтың өріне Межеден шықсам болар ед Танылдың көпке көріне Деп тұрдың-ау тістене. Жүзден озған жүйріксің Алғашқы бункер тиелді Шықшы қалқам төріме! Жомарт деп неткен киелі. Сапырған дәндә бункердің

Нұғыман Әбірзақов. Энгельс атындағы совхоз

55 ц 97 ц 85 ц 101 ц

1977 ж. 1978 ж. 1979 ж. 1980 ж.



5-тарау. Халық қалаулысы

«Сенім білдіру сенімді туғызады»-деген.Ел тілегін орындау-басты міндет.Сол міндеттерді орындауда облыстық кеңестің депутаты ретінде біршама істер тындырған.Депутат өзінің бағдарламасында міндеттемелер алып,оны орындай білді: 1.Шаруашылықтарды дамыту; 2.Округ бойынша көгалдандыру,көркейту; 3.Жеміс ағаштарының санын көбейту; 4.Жарықтандыру; 5.Ауыз сумен қамтамасыз ету; 6.Көше тазалығын жақсарту; 7.Халықтың денсаулығын жақсарту; 8.Халыққа қызмет көрсету орындарын жақсарту; 9.Кітап қорын көбейту; 10.Ауыл орталықтарынан балабақша ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу; 11.Ауылдық орталық клубының барлық қоғамдық ұйымдарымен бірлесе жұмыс істеуіне ықпал ету; 12.Ауыл тұрғындарымен ашық пікірлер алысу; 13.Халықтың әлеуметтік мәселелерін шешу т.б. Осы өңірдің өсіп өркендеуі жолында тынбай қызмет атқарған ол,аудан басшыларының мекеме жетекшілерінің атына халықтың талап-тілегіне сәйкес бірнеше депутаттық сауал жолдады.

Кездесу барысында ауыл тұрғындарының ұсыныс пікірлері тыңдалды,сайлаушылар депутаттың атқарған жұмыстарына оң баға берді.

Халқына қалтқысыз қызмет ету басты принципі болған ел сенімін ақтау жолында қыруар істер тындырды.Ел үміт артып тапсырған жұмыстың үлкен,кішісі болмайды деп қарайтын.Бар өмірін, еңбегін туған жеріне арнаған ана ел-жұрттың алдындағы парызға адалдық танытты. Р.Қосбармақова абырой биігіне көтерілді.«Жақсы адам-жұрттың ырысы» десе,осы сөз Апаға арналғандай.

6-тарау. Ранайкүл апаның құрақ құрау өнері

Ранайкүл апа жас кезінен бастап құрақ құраумен де айналысады екен.Үйіне барғанда киіз,алаша үстіне төсеп тастаған әр түрлі құрақ көрпелерді көрдім.Сандықтың үстінде жинаулы тұрған әртүрлі құрақтан құралған көрпелерді көрсетті.Зейнеткерлікке шықаннан соң да осындай әдемі дүниені құрастырып қыздарына,келіндеріне сыйлаған екен.Қысқы салқын күндері орындық бетіне төсеп отыратын кішкене көрпешелері де бар екен.Өте ұсақ қиылып құралған құрақ көзге әдемі болып көрінеді екен.Апаның құраған көрпесінде әртүрлі фигуралар,көрпе ұзындығы бойынша бой түзеген жолақтар симметриялы орналасқан



«Бұрынғы заманда құрақ көрпе қазақ әйелдерінің ең қажетті бұйымдарының бірі болатын.Қазір үйдің ажарын ашу үшін ғана пайдаланады.Үйдегі құрақ көрпенің үстіне қонақтар жайғасқанда,ол отбасын ерекше бір ұлттық сән-салтанатқа бөлеп тұрады.Қазақтар қонақжай халық.Біздің үйге де қонақтар көп келеді.Үйдің сәнін келтіретін құрақ көрпелердің,құрақтан тігілген бұйымдардың үйде көп болғанын қалаймын.Құрақ көрпе тегін көрпе емес,яғни мән-мағынасы жағынан да маңызды.Жаңадан отау тігіп,үй болып жатқан жастарға,қыз жасауымен бірге салып жібереді.Өйткені,құрақ көрпе қиық маталардан біріктіріліп тігілгендіктен,үй болып жатқан жастардыңда, бір басы екеу,екі басы үшеу болып,бірін-бірі жеткізіп,үй болып құрылып кетсін деген мағынада тігіледі екен.Бұл да бір,біздің ерекше көңіл бөлетін,ырым-тиым,салт-дәстүріміз болып саналады.Және де тағы да айта кетейін бір ажырасып,бір қосылып,дұрыс үйлесе алмай жүрген жастарға да ырым болсын деп,құрақ көрпе сыйға тарту етеді екен.Яғни,құрақтар тобы бірыңғай мақта,бірыңғай пүліш немесе бірыңғай жүн,жібек маталардың қиықтарынан құралуға тиіс.Бұл құрақтың тегіс,оңай құралуы үшін қажет.Және де бірыңғай мата түрінен құралған көрпе қолданғанда, жуғанда бір жері созылып,бір жері қысқарып кетпей,өз үлгісін сақтайтын болады.Ал астарына тұтас мата алынады.Қазір түрлі қиықтард

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!