Материалдар / Ғылыми жоба "Жылқы өсірудің ұлттық рухты көтерудегі маңызы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба "Жылқы өсірудің ұлттық рухты көтерудегі маңызы"

Материал туралы қысқаша түсінік
материал оқушылардың ғылыми жұмысымен айналысып жүрген ұстаздарға, әсіресе енді еңбек жолын бастаған жас мамандарға үлгі ретінде қарауға көмегі бар. Жұмыс облыстық ҒПК-да І орынға ие болған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Маусым 2018
600
11 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1


Жас зерттеушілердің кіші ғылыми академиясы



Тақырыбы:

«Жылқы өсірудің ұлттық рухты
көтерудегі маңызы»


Бағыты: гуманитарлық
Секциясы: тарих









Орындаған: 8 сынып оқушысы
Молдақаш Шыңғыс

Жетекшісі: Тарих пәнінің мұғалімі
Әшірбеков Айдын







Қарқаралы ауданы, №8 орта мектеп


Page 2

№8 Бесоба ортамектебінің
8-сынып оқушысы Молдақаш Шыңғыстың
«Жылқы өсірудің ұлттық рухты көтерудегі маңызы»
жұмысына

пікір

«Жылқы өсірудің ұлттық рухты көтерудегі маңызы» тақырыбында жазылған
жұмыста оқушы жылқының қазақ тарихында алатын орнын зерттеу еңбектерінен
дәлел келтіре отырып, жан – жақты қарастырған. Еті мен сүтінің, терісінің, ат
спортының адам денсаулығына пайдасы және емдік қасиетіне тоқталған.
Ұлттық ойындардың ішінде ат спортын дамыту арқылы салауатты өмір
салтын қалыптастырып, Қазақстанда адам жасының ұзақтығын созуға
болаттындығын айтып өткен.
Жылқының жасы мен жынысының атаулары, түсі, жүрісінің аттары,
жылқының үні, ат спортына байланысты ойын түрлері, қымызды ашыту тәсілдері
жан – жақты баяндалған.
Оқушы өз ойын қорытып, ұсыныстар білдірген. Егер осы ұсыныстар жүзеге
асып жатса жылқы малының тектілігі мен қасиеті өскелең ұрпақтың рухты болып
өсуіне оң ықпалын тигізері даусыз.

І.М. Кәкенова
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

















Page 3

Жұмыстың мақсаты:

1. Ғасырлар бойы тіршіліктің көзі, өлең жырдың өзегі, ел қорғаған
батырлардың жан серігі болған жылқының қасиеті мен ерекшелігімен танысу;
2. Жылқы шаруашылығын жандандырудың жас ұрпақтың ұлттық рухты
көтерудегі маңызын түсіну;
3. Жастардың ұлттық рухын көтерудің бір жолы болып табылатын салт –
дәстүрлерімізді насихаттау.

Жұмыстың міндеті:

1. Атадан балаға мұра болып келе жатқан атбегілік, ат спортына деген жас
ұрпақтың қызығушылығын арттыру;
2. Жылқы шаруашылығын жандандыруға үлес қосу, оны насихаттау;
3. Ғалым ағаларымыздың еңбектерімен танысу, аталарымыздың жылқы
түлігі туралы тәжірибелерін жинақтау.

Жұмыстың жалпы сипаты:

Әлі де болса біз біле бермейтін жылқының қасиеттері туралы материалдар
жинақтап, оған сараптама жасап жас ұрпаққа ұғындыру.

Зерттеудің өзектілігі:

Қазіргі жас ұрпақ біле бермейтін жылқы түлігінің қасиеттері туралы
материалдар жинақтап, толықтырып баспасөз арқылы жариялап отыру жұмыстың
өзектілігі болып табылады.

Зерттеудің болжамы:

Қазақтың жан серігі жылқының қадір-қасиеті, етінің, сүтінің емдік қасиеті, ат
спорты , атбегілік, сыншылықты жастар арасына насихаттау арқылы олардың
ұлттық рухын көтеруге болады деп ойлаймыз.







Page 4


Кіріспе
Жас ұрпаққа ұлттық рух берер халқымыздың небір құнды дүниелері қазіргі
кезде ескерілмей жатыр. Жастардың толыққанды ой – санасын қалыптастыру
үшін халқымыздың тарихына салт-дәстүріне байланысты ежелден келе жатқан
бар дүниелерді жастар арасына насихаттап олардың бойына сіңіре білуіміз керек.
Біздің өткен тарихымыз, салт – дәстүріміз Тәуелсіз мемлекетіміздің рухани
негізі болып табылады. Қазақ халқы дүние жүзілік мәдениеттің дамуына өз үлесін
қосқан халық. Ол сонау Тоныкөк ескерткішіндегі жазудан бастап, Абайға дейінгі
ұлыларымыздың ой – пікірлерінен көрініс табады.
Ата – бабаларымыздың қанымен келген тектілік біздің жастарымыздың
бойында бар қасиет. Басты міндетіміз солардың бойындағы отанға, салт-дәстүрді
құрметтеуге деген сезімдерін оята білу. Ұлттық рухты асқақ жастар біздің
болашағымыз. Олар ертеңгі күні Тәуелсіздік туын берік ұстайтын, елін, жерін,
тілін құрметтей білетін ұрпақ болады. Белгілі ғалым, тарихшы М. Қозыбаев
«Іштен ешкім де патриот болып тумайды. Қазақстандық патриотизмді өсіріп,
өркендету үшін байыпты, байсалды тәрбие керек» - деген болатын. Біздің ата –
бабаларымыз өз балаларына биік рухта патриоттық тәрбие бере білген. Жалпы
«патриот» грек сөзі, ол елге, отанға деген сүйіспеншілік. Жас ұрпақты
тәрбиелеуде біздің халқымыздың сан ғасырлық тәрбиесі бар. Рухани байлықтың
иесі, солардың бірі ғасырлар бойы қазақтың жан серігі болып келген жылқының
қасиеттерін біліп, баптап күту арқылы қазақ жастарының ұлттық рухын көтеруге
болады деген ойдамыз. Сондықтан бүгінгі жұмысымызды жылқы өсірудің ұлттық
рухты көтерудегі маңызы туралы алдық.
















Page 5

Жылқы өсірудің ұлттық рухты көтерудегі маңызы

Ат қазақтың ауасы да, даласы,
Атсыз бір күн тұра алмайды баласы.
Ат биікке шығаратын аспандай,
Онсыз оның ашылмайды аясы.
Қайғысын да , қуанышын бөліскен,
Ат көзінің бейне ағы мен қарасы.
Кісінесе тілдескендей иесімен,
Аттың артық қазақ үшін бағасы.
Густав Зелинский
«Қазақ» дастаны

Қазір ғылым мен техника дамып, шарықтау шегіне жеткен ХХІ ғасырда,
жылқының қазақ үшін қандай бағалы, қасиетті түлік екендігін қала жастары түгілі
ауыл жастары біле бермейді. Қала жастары кинодан көріп, кітаптан оқыса, ауыл
баласы тек күн көрістің көзі, төрт түліктің бірі деп түсінеді. «Бала күннен тартып
мінсең ат жалын, онда сенің көкірегің от жалын» - деп ақиық ақын Төлеген
Айбергенов дұрыс айтқан. Ежелден ат үстінде жүрген ата – бабаларымыздың
рухы әрқашан биік болған. Алтайдан – Атырауға, Арқа мен Алатауға дейінгі кең
байтақ жерді аттың үсті, түйенің қомында жүріп қорғаған. Жылқының қадір –
қасиетін, мінез – құлқын, түр-түсін, барлық болмысын қазақ халқынан артық
білетін халық кемде кем. Жылқының тектелігі оның қанына сіңген қасиет, шөптің
шүйгінін, судың тұнығын ішіп өз бойын таза ұстайтын кірпияз түлік. Атқа мінген
қазақ баласының бойына желік кіріп, рухы көтеріледі. Ілияс Жансүгіров өз
жырында қазақ пен жылқының жақындығы туралы былай деп суреттейді:
Жасымнан жылқы десе менің жаным,
Атырдым жылқы ішінде өмір таңын.
Жапанда жел жылқының үстінде өскен,
Мекендеп өміріме аттың жалын.
Мал сырлас аттың сыры маған мәлім,
Жырым – жылқы, жүйрік ат салған әнім.
Аспан асты, жер жүзі кең, сахарам,
Күн көріп атам қазақ келген мәлім.
Міне, ақынның осы өлең жолдарынан көп затты аңғаруға болады. «Қарына
тартпағанның қары сынсын» - деп бекер айтылмаған. Ата – бабаларымыздың
бойындағы қасиет біздің жастарымыздың қанында да бар. Ат десе елеңдемейтін
қазақ баласы жоқ. Сондықтан оны ары қарай дамыту, жастардың рухын көтеріп,
ұлттық сана – сезімін ояту біздің парызымыз.


Page 6

Аталарымыз өз байрақтарына тоғыз ақ айғырдың құйрығынан алынған тоғыз
түп қыл байлаған. Егеменді еліміздің елтаңбасындағы қанатты тұлпарды
бейнеленуі де тегін емес тұлпардың бейнесі күштілік пен қайсарлықтың белгісі.
Сонымен бірге «Берел» қорғанынан табылған Сақ көсемі мен әйелінің және
ертоқыммен жерленген 13 жылқының мүрдесі табылды. Ғасырлар бойы жер
қойнауында жатқан бұл тұлпарлардың денесі бүлінбей осы уақытқа дейін
сақталуының өзі таңғажайып іс.
Жылқы туралы қазақ халқының жанашырлары, біртуар азаматт арымыз
көптеп жазып жатыр. Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология
институтының жетекшісі, ғылыми қызметкер, этногроф, тарих ғылымдарының
докторы Ахмет Тоқтабайдың еңбегін айтуға болады. 25 жылға жуық еңбек етіп,
«Қазақ жылқысының тарихы» альбом кітабын шығарған. Кітапта жылқының
қадір қасиеті туралы жан – жақты мәлімет берілген. М. Аупбаевтың «Ер қанаты»,
Ж. Шайманның «Жылқы атаулары», Ө. Жолымбетовтың «Ұлттық ат спорты
ойындары» тағы да басқа еңбектерді айтуға болады. Жылқының қадір – қасиеті
туралы жазылған шығармалар рухани мәдениеттің негізгі өзегінің бірі. Мысалы: І.
Жансүгіровтың «Құлагері», Ш. Айтматовтың «Қош Гүлсарысы», Қ.
Жұмаділовтың «Сәйгүліктері», С. Сейфуллиннің «Қызыл ат» сияқты көркем
шығармалардың өзегі болған. «Маңмаңгер», «Ақ бақай», «Қара жорға» тәрізді
әндермен қоса «Телқоңыр», «Қос күрең», «Көк дөнен» күйлері қасиетті жылқы
түлегіне арналған. Деректерге сүйенсек, жылқыға байланысты 38 ән, 89 күй, 4 би
бар. «Ер қанаты - ат» - деген қазақ мақалы тегін айтылмаған. Ер қорғаған
батырлардың аттары иелерімен біре халық жадында сақталып қалған.
Қобыландының Тайбурылын, Ер Тарғынның Бозтарланын, Алпамыстың
Байшұбарын, Исатайдың Ақтабанын, Махамбеттің Тарланын, Ақансерінің
Құлагерін, Қабанбайдың Құбасын, Бөгенбайдың Нарқызылын, Кенесарының
Кертайлағын, Наурызбайдың Ақауызын білмейтін қазақ баласы жоқ. Көптеген
елдерде әр түрлі жан – жануарларға қойылған ескерткіштер бар. Солардың бірі -
қазақ халқының жылқыға деген құрметін көрсететін, олимпиада чемпионы
«Абсентке» қойылған ескерткіш. Кезінде Қазақ өлкелік Комитетінің бірінші
хатшысы болған Голощекин «Ең бірінші қазақтарды жылқысынан айыру керек,
сонда олардан жуас, бейшара халық болмайды» - деген екен. Осы саясаттың
кесірінен 1928ж 3 млн 616 мың жылқының 1932ж 710 мыңы ғана қалды. Сөйтіп ат
жалында өскен халық өз рухынан айрылып, қызыл империяның боданына
айналды. Жылқы болмысын терең зерделеген қазақ халқының салт – дәстүрі, әдеп
– ғұрпы, мәдениеті мен өнерінде жылқы ерекше орын алады. Өздерінің барлық
болмысын, тұрмыс – тіршілігін жылқыға байланысты сөз тіркесі мен
афоризмдермен, философиялық көзқарастармен байланыстырып отырған.
Мысалы: Бір ауылда бірге өскен құрдастарды «Тай құлындай тебісіп берге өскен»
- деп жеткізсе, бір әулеттен тараған адамдардың бәрі бірдей атақты батыр немесе


Page 7

ақын болмайтындығын «Аттың бәрі тұлпар болмас, құстың бәрі сұңқар болмас» -
деген жолдармен бейнелеген. Ұрпақ жалғастығын «Ат тұяғын тай басар», балаң
бар ма дегенді «Ат ұстарың», немесе «Ат байларың» бар ма деген сөздермен
жеткізе білген. Жылқының «Еті – шекер, сүті – бал» деген. Жылқының етінің,
сүтінің, қазы – қартасының емдік қасиеттерін ертеден пайдалана білген.
Мәшһүр Жүсіп «Қазақ жылқыны жаным дейді, қымызды қаным дейді», - деп
текке айтпаған.
Жылқы сүтіндегі ең бағалы зат – белок 18-22%, май шамамен 1,0-2,5%, бұл
сиыр сүтіндегі майдан екі еседен астам кем. Бие сүтінің тамаша бір қасиеті
туралы зерттеуші П.Ю.Берлиннің айтуы бойынша сиыр сүтінің майында
туберкулез бактериялары өсіп – өніп жатса, бие сүтінің майында олардың өсіп –
өнуі тежеледі. Жылқы еті қан тамыры, жүрек қан тамыры, бүйрек жұмысын
жақсартуға, буындарының қатқылдануына ем болады. Сонымен бірге жылқы еті
жуылған суға шашты жуып тұрса, теміреткенің салдарынан болған шаштың
ағаруы тоқтайды. Жылқының сүтін, қымызын өкпе ауруларына пайдаланса,
майын сыныққа, ал жаңа сойылған жас терісін жел құздан арылу үшін пайдаланса,
ұмытшақтықты жою үшін жылқы жүрегін қуырып жеген. Ең далада мал баққан
қазақ жылан шағудан сақтану үшін ерді жастанып, тоқымды төсеніп, айыр –
тұрмандарымен айнала қоршап, жыланның шағуынан сақтанған. Бұдан біз
жылқының терісінің де қасиеті бар екендігін білеміз. Қазіргі кезеңде сал ауруына
ұшыраған балаларды жылқының көмегімен емдеу көптеген елдерде қолға
алынуда. Мысалы: Германия, Ұлыбритания, Франция және тағы басқа елдер. Ал
біздің елімізде жылқымен емдеу бар болғанымен әлі толық шешімін тапқан жоқ.
Ғасырлар бойы ер жігіттің серігі болған Қамбар ата ұрпағын әлі де бағалай
алмай жүрміз бе деген ой келеді. Оның себебі, қазақтың қазысы мен қымызын
басқа елдер біздікі деп пайдаланып кетті. Ал көкпарды қырғыздар ұлттық
ойынымыз деп өз бауырына басуда. Енді кеш болмай тұрғанда ұлттық ат
спортының басқа түрлерін қазақ елінікі екендігін дәлелдеп шықсақ деген ойымыз
бар.
Ұлттық ат спортының түрлері көп болғанымен қазіргі кезде оның көбісі
ұмыт бола бастады. Ауылдық жерлерде жаз айларында көптеген құлынды биелер
сауылмай бос жүреді. Қымыз ішудің аз уақыт болса да емдік қасиетін түсініп
жатқан ешкім жоқ. Ел боламыз, ұлттық рухымызды көтереміз, десек ата –
бабаларымыздың жан серігі болған жылқының қадірін жас ұрпаққа түсіндіре
білейік. Шаруашылықтың осы саласын дамытуға ел болып, үкімет болып көңіл
бөлсе, нұр үстіне нұр болар еді.




Page 8



































Жылқының орташа өмір сүру жасы - 25-30 жыл.Дүние жүзінде жылқының
250 ден астам түрі бар.
Атбегі – атты баптап жарысқа қостан адам;
Шабандоз – бәйге атына шабатын бала;
Сыншы – ат сыншысы.

Құлын-6 айға дейін Жабағы-жүні
қалыңдаған.
Тай-1 жастан асып 2
жасқа толған.
Құнан-2 жастан асып,
3 жасқа толған.
Байтал-2 жастан асып,
3 жасқа толмаған
аналық.
Дөнен-3-4жасар
еркек.
Дөнежін-3 жасар
ұрғашы.
Сәурікж3-4 жасар
Айғыр-үйірге
түсетін еркек
жылқы
Бие-құлындайтын
аналық жылқы
Жылқының
жасы мен
жынысына
қарай атаулары:


Page 9























Жылқы түсінің түрлеріне байланысты қысқаша түсініктеме: алыстан
қарағанда қошқыл түстер көбірек болса баран жылқыға жатады. Бозғылт түстер
көп болса қылаңға жатады.
Жылқы 300 ден астам түске бөлінеді.

Жирен – Сыртқы түрі бірыңғай сары.
Торы – Тобылғы түстес, жал-құйрығы қара қошқыл.
Құла – Басы мен денесі жылтыр сары.
Бурыл – Жылқы түгінде жирен, қараторы, біртегіс ақ қылшықтардың
араласып келуі.








Жылқының түр түсі
Баран жылқы
Қара, қоңыр, жирен,
торы, кер, құла, күрең,
қаракөк, қарасұр
Қылаң жылқы
Ақбоз, көкбоз, көк,
сары, боз, бурыл, құла,
жирен, шабдар, көк,
сұр, құлагер, қызыл,
нарқызыл
Ала жылқы
Сарыала, сұрала,
көкала, керала, қараала,
қоңырала, күреңала,
шұбар, көкшұбар,
қарашұбар
Ерекше белгісіне қарай
Айқасқа, ақтабан,
ақбақай, ақжал,
күреңқасқа, күреңтөбел,
торытөбел


Page 10









































Аяң
Ілби аяңдау,
сыпылтатып
аяңдау, ойнақтата
аяңдау
Жылқының
жүрісіне
байланысты
атаулар
Жорға
Шапқын жорға, су
жорға, китін жорға
Желіс
Зар желіс, бөкен
желіс, шоқырақ
желіс
Шабыс
Жылқының
шапшан қозғалуы


Page 11


Салт – дәстүр, шаруашылық ыңғайына байланысты ат түрлері:

 Өзіндік ат (тақымға басқан ат) – үй иесінің өзі мінетін аты;

 Егей ат – хан, төрелердің ел арасына мінетін аты;

 Жетік ат – ат сайысына, аң аулауға, бәйге, көкпарға мінетін ат;

 Сетер ат – ешкім мінбейтін ауру, немесе құлын күнінен мінілмеген ат;

 Тұлданған ат – иесі қайтыс болған жылына сойылатын ат;

 Тұғыр ат – жұмыс аты;

 Ығыр ат (ер қашты) – үнемі мініліп жүретін ат;

 Құр ат – жүген, құрық тимеген семіз ат;

 Қырсау ат (шабан) – жүрмейтін ат;

 Пішпе ат.




Жылқының үніне, әрекетіне байланысты атаулар:

Оқыранады, кісінейді, үркеді, осқырады, шұрқырайды, жөтеледі, ішін
тартады, ойнақтайды, мөңкиді, сілкінеді, аунайды, үйелейді, тебіседі, тебеді,
шайнайды, желдейді, үйездейді, шыбындайды, жерсінбейді, жериді.








Page 12








































Құрау - құрау
Құр
Тәк
Жамандатқыр
Моһ - моһ
Тыр - р

Жылқыға байланысты
одағай сөздер

Аударыспақ
Жамбы ату
Көкпар
қыз қуу
Салма ілу
Күміс ілу
Бәйге
Жорға жарыс
Ат спорты


Page 13






























Қымыз мұрындық – алғашқы қымызды ашытқанда көрші – қолаңды
шақырып ауыз тигізу салт – дәстүрі.









Қымыздың
түрлері
Саумал
(бие сүті)
Уыз қымыз
(алғашқы
көктемгі қымыз)
Жуас қымыз
(Саумал құйып
ашытқан бір
күндік)
Түнемелі қымыз
(Екінші күнге
қалған)
Құнан қымыз
(Екі күндік)
Дөнен қымыз
(Үш күндік)
Бесті қымыз
(Төрт күндік)
Қорабалы қымыз
(Саумал құйып бірнеше
күн жинаған қымыз)
Қор
(Қымызды ашыту
үшін қалдырған
қымыз)
Тосап
(Ыдыс
түбіндегі тұнба)


Page 14


Қорытынды:

Қорыта келе айтарымыз қазақ жастарының рухын көтерудің бір жолы ата
кәсібіміз жылқы шаруашылығын өркендетіп ауылда, қалада ат спортын дамытуға
өз үлесімізді қосу. Аттың жалын тартып мінген, үзеңгіге табан тіреген жас
ұрпақтың айбары астып, мерейі үстем болсын демекпіз.

Ұсыныс:

1. Ауылдық жерде және қалада ат спортын дамыту;
2. Барлық облыс орталықтарында жылқымен емдеу иппотерепияны жолға
қою;
3. Жылқының сүтінің, етінің және ат спортының емдік пайдасы туралы үгіт –
насихат жүргізу;
4. Ахмет Тоқтабайдың «Қазақ жылқысының тарихы» кітабын барлық мектеп
кітапханаларына жеткізу.























Page 15


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Қазақ жылқысының тарихы», Ахмет Тоқтабай, Алматы «кітап» баспасы;
2. «Қазақша мал атаулары», Ш. Жанәбілов, Алматы 1982ж
3. «Төрт түлік», Ж. Нұсқабайұлы, Қ. Қайым, Алматы «білім» баспасы 2006ж
4. «Жылқы және қазақ рухы», Б. Бәмішұлы
5. «Қазақ петроглифтері» З. Самашев, Ж. Жетібаев, алматы 2005ж
6. «Ислам әлемі» журналы №1 2002ж
7. «Жыл басы жылқының қасиеті», А. Тоқтабаев
8. «Жылқының түсі туралы не білеміз?», Ж. Әбділдә, Балдырған №2, 2013ж
9. «Қазақстан тарихы» әдістемелік құрал №11, 2012ж
10. «Ұлттық тәрбие ел болашағы», М. Жоламанқызы, «Алдаспан» журналы
№11-12, 2009ж


























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!