Материалдар / Ғылыми жоба "Жусан"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба "Жусан"

Материал туралы қысқаша түсінік
іс тәжірибе бөлісу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Желтоқсан 2020
465
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мақсаты:1. Оқушының өз қабілетін жүйелі жұмыс істеуге, жұмсауға, танымдық көзқарастарын қалыптастыруға, ой қорытып, белгілі шешім қабылдауға үйренуге жол ашу 2. Өзінің зерттеу, бақылау, эксперимент жүргізе білу, ақпарат жинау, талдау, жинақтап қорыту сияқты қабілеттерін тәрбиелеу “ Бала еш уақытта іссіз отыра алмайтын болғандықтан, балаға ылғи пайдалы іс беріп отыру керек. Сол уақытта бала өмір бойы пайдалы іске әдеттеніп кетеді” М. Жұмабаев



Бастауыш сынып оқушыларын ғылыми жұмыс жүргізу жобаларына үйрету, бағыт беру



Зерттеу біліктілігі мен зерттеу дағдысы ғылымымен айналысатын адамдарға ғана тән емес, сондай-ақ адамның түрлі саладағы қызметіне қажет. Шығармашылық ізденушілік кез келген кәсіппен тікелей байланысты. Бала бойында зерттеу дағдыларын дамытуда бастауыш сыныптан бастаған жөн. Себебі бала табиғатынан зерттеуші, ал зерттеу ізденімпаздығы – табиғи қасиет. Ізденімпаздық, зерттеу белсенділігі – баланың мінез-құлқының табиғи қасиеті. Оқушылардың 1 сыныпқа келгеннен бастап әрбір оқушыны зерттеп, олардың ішінен оқуға қабілетті, айтқан тапсырманы үнемі орындап, көзге түсе бастайтын оқушылар да кездеседі. Балаға табиғатынан берілген белсенділік оның зерттеу әрекетінің негізін құрайды. Баланы жастайынан ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен біліктілігін игерту бүгінгі білім беру ісінің маңызды міндеті. «Зерттеу» түсінігі энциклопедияда «жаңа білімді өңдеу процесі және таным қызметінің бір түрі болып есептеледі» деп түсіндіріледі.баланың 2-3 сыныпқа келгенде зерттеумен айналысу баланың жеке және шығармашылық қабілеттері мен зерттеу, ойлау дағдыларын дамытады және бала өзі үшін «жаңалық» ашады. Зерттеу әрекеті баланы дамытады және ол шығармашылық арқылы көрініс табады.

Зерттеу жұмысы күнделікті қолданыста көбінде жаңа білімді меңгеру үрдісі, яғни адамның танымдық әрекетінің бірі ретінде түсініледі. Білім берудің теориясы мен практикасы оқушылардың ғылыми зерттеуде қызуғышылық туғызады. Ғылыми зерттеуге үйрету – оқытудың ерекше тәсілі баланың өз бетімен қоршаған ортаны танып білуіне деген табиғи талпынысы.

Зерттеуге үйретудің басты мақсаты – адам өмірінің кез келген саласындағы жаңа тәсілді өз бетімен шығармашылықпен меңгерудегі баланың қабілеттілігі мен даярлығы.

Зерттеу жұмысын ұйымдастыру нәтижесі – баланың шығармашылық қабілетін дамыту, оның білім, біліктілігін зерттеу дағдысын қалыптастыру. Зерттеу жұмысында екі нәтиже болады. Біріншісі баланың даярлаған еңбегі - баяндамасы, есебі, екіншісі өз бетіндік, шығармашыл, зерттеу жұмысын жүргізудің тәжірибесін жинақтау болып табылады.

Оқушыларды зерттеуге үйретудің мақсаты: оқушылардың зерттеу қабілеттерін жетілдіру арқылы тұлға ретінде жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту.

Міндеттері:

  • оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту

  • оқушылардың өзбетімен зерттеу жүргізе білетіндей, білімдерін пайдалана алуға үйрету

  • оқушының зерттеу дағдылары мен біліктіліктерін қалыптастыру, дамыту.



Сабақ барысында оқушылардың жас ерекшелігіне сай 1-2-сыныптарда ұжымдық, топтық, жұптық жұмыс түрлеріне көңіл бөлінеді. Жекелей жұмыс II жарты жылдықтан басталады. Топтық, жұптық жұмыс түрлеріне ұйымдастыруда зерттеуге бейімі бар балалар ерекшеленеді. Сондықтан II жарты жылдықтан бастап бейімі бар балаларға қызығушылығына қарай тақырыптар беріліп, жекелей жұмыс жүргізіледі.

Зерттеу жұмысын тақырып таңдаудан бастаған жөн. Алдымен тақырыптар таңдап алынады, Тақырып оқушыларға қызықты,оларды тартатындай болу керек.

Тақырып орындалатын, шешімі зерттуге қатысушыларға пайдасы тиетіндей болу керек.

Оқушылардың қызығушылығын ескере отырып, жетекші өзі жақсы білетін тақырып аясында таңдау керек. Тақырып шынайы болу керек, онда жаңа дүниелер,күтпеген жаңалық , ерекшелік элементтер болу керек.

Тақырыпты бәрі түсінетіндей болу керек,әрине тақырып оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес келуі де ескерілуі қажет.

Мысалы: Біздің таңдаған тақырыбымыз «Жусан».

Ары қарай оқушыға үйден өз тақырыбына сай материалдар жинақтауға берілді. Сонымен бірге материалды жинақтау кездері ұсынылады. Олар: кітапхана (энциклопедия, сөздік, әдебиеттер, оқулық, газет-журналдар), ата-анасы немесе басқа адамдардан сұрау, интернет т.б.

Келесі сабақта оқушым өзінің тақырып бойынша жинақтаған материалдарын әкеле бастады.. Материалдар жеткілікті жинақталатыны сөзсіз болды. Бұл жобаға оқушымның ата-анасы да өзінің қызығушылығын танытып,оқушыға ата-анасының да көмегі көптен көп септігін тигізді. Қазақстанда өсетін 6000-ға жуық өсімдіктің түрінің 500-і дәрілік өсімдіктерге жатады. Соның ішінде күнделікті өмірімізде көріп жүрген жусан өсімдігін тек көріп, байқап қана қоймай, тұрақты дәрі – дәрмек ретінде адам денсаулығына пайдасы зор екенін зерттей отырып.

«Жусан болмаса- шөпте береке болмайды,

Ауыз бірлік болмаса – көпте береке болмайды» деп жусан жайлы зерттеу жұмысымызды бастадық.

Оқушыларға зерттеу жұмысын жазуда аннотация , кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдер болатыны туралы түсінік берілді.

Тақырып : Жусан



Аннотация Кіріспе.

Жусан туралы қысқаша мәлімет.


Негізгі бөлім.

Тақырыпты ашу. Жусан туралы жазады.


Қорытынды.

Жусанның қандай пайдасы бар екені туралы өз қорытындысын жасайды.

Келесі жұмыс жиналған материалдарды іріктеу. Іріктеу жұмысы – зерттеу жұмысының ішіндегі ең күрделісі. Себебі жинақталған материалдарды оқып, керектісін белгілеу, оқушыға қиынға соғады. Бұл орайда мұғалімнің көмегі қажет.



Зерттеу жұмысын ұйымдастыруда мұғалімге арналған нұсқауды есте ұстаған жөн.

Мұғалімге нұсқау:

  1. Балаға өзбетімен жұмыс істейтіндей мүмкіндік беру

  2. Баланың сыртқы және ішкі уәжін баспау

  3. Бала істей алатынды істеп бермеу

  4. Бағалауға асықпау

  5. Оқушыға көмектесу

а) проблеманы өзбетімен көруге

ә) заттар, құбылыстар арасындағы байланысты байқауға

б) зерттеу проблемасын өзбетімен шешуге

в) сараптама жасау, ақпаратты жеткізуге үйрету

6. Өзінің көзқарасы мен пікірін қорғауға үйрету

Зерттеу жұмысымен айналысқан оқушының құзыреттілігі қалыптасары сөзсіз. Оның дәлелі ретінде төмендегі кесте ұсынып отырмын.



Проблеманы көреді, шеше біледі.

Қиындықтан шығуға талпыныс жасайды.

Проблема шешу құзыреттілік

Ақпарат көздерін пайдалана алады.

Ақпараттағы қарама-қайшылықты көреді.

Ақпаратты талдау жасап, дәлелдейді, қорытынды жасайды.

Ақпараттық құзыреттілік


Ақпаратты толық жаза алады.

Өз ой пікірін қорғай алады.

Сұраққа жауап береді.

Топта кез келген адаммен тіл табысады.

Коммуникативтік

құзыреттілік



Қазіргі оқыту үрдісінің мақсаты оқушыны жан жақты қалыптасқан, бәсекелістікке бейім жеке тұлға тәрбиелеу. Осыны еске ала отырып бастауыш сыныптардан бастап ғылыми жұмыстармен айналысқан дұрыс екендігіне көз жеткіземіз. Ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ,  оқушылардың танымдық дағдыларын дамыту, өз білімін өздігінен қолдану біліктігін қалыптастыру, ақпараттық кеңістікте бағдарлау, сыни тұрғыдан ойлауларын дамыту жатады. Сонымен қатар оқушы ізденіп, болжап, белгілі бір білім жиынтығына ие болып,  өзінің іс - әрекеті арқылы шешімін табуды, алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білуді үйренеді. Ғылыми жұмыстармен, жобалармен айналысатын бала- ол дарынды бала.  Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті қазіргідей әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғары дайындығы бар білікті мамандар қажет. Ал ондай мамандар дарынды балалардың ішінен шығады. 
Дарынды балалар қоғам үшін басқаға қарағанда көп пайда әкеледі. Әрбір дарынды адам, еңбекке бейім, ол шығармашылық тапқырлықпен жігерлі еңбек етеді.

    Белгілі психолог Н.С. Лейтес дарынды баланың негізгі қасиеттері мыналар деп көрсетеді: 
- ұқыптылық, жинақтылық, зейіннің тұрақтылығы, еңбек ету қабілетінің жоғарылығы. 
- ақыл- ой, логикалық ойлаудың тездігі, кез келген жағдайды талдап салыстыра білу. 
- барлық күш- қуатты сарқа жұмсап тынымсыз еңбек етуі 

Осы қасиеттерді біз мектеп тарапынан әр оқушының бойынан қалай анықтауымыз керек деген сұрақ туындайды.Осыған байланысты біз мектепте психологпен ақылдаса отырып, ата-аналардан, күнделікті сабақ өткізетін мұғалімдерден оқушының жеке бас қасиеттері туралы сауалнама ала отырып дарынды оқушыларды іріктеп алуымыз қажет.

Зерттеу жұмысының бастамасы ретінде белгілі бір тақырыпты  немесе тарауды өткен кезде оқушыларға шағын зерттеу жұмыстарын ұсынуға болады. Балаларға дүниетану пәні бойынша да өте қызықты жобалар, тәжірибелер, бақылау жұмыстар ұсынуға болады. Осылардың бәрін зерттеу жұмыстарының бір бөлшегі деп қарастырамыз. Зерттеу жұмыстарын топтасып, жұптасып немесе жалғыз да орындауға болады. Көрген, білген, естіген ақпараттарын  суретке салып, өз ойларын қағаз бетіне жазып, кітапша жасауларына болады. Мүмкіндіктері болса, бейнежазбалар жасап, суретке де түсірулеріне болады. Шағын болса да осындай жоба әдісін қолдану әрі қызық, әрі пайдалы, әрі көп еңбекті талап етеді.

Шағын зерттеу жұмыстарын жүргізу  арқылы балалардың қызығушылықтары артады .

Ол үшін оқушы өзінің шағын зерттеу жұмыстары мен шығармашылық еңбектері жиынтығын көрсетеді.



  •  





Күтілетін нәтиже: 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!