Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз

Түсінікті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ
Ғылыми жоба: «КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ»
Материал туралы қысқаша түсінік
Құқықтық мемлекеттің негіздерін нығайту, азаматтық қоғамды қалыптастыру және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру азаматтардың құқықтық мәдениеті мен олардың құқықтық сауатылығына тікелей байланысты.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
02 Мамыр 2023
740
7 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ
ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ҒЫЛЫМИ ЖОБА
«КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ
ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ»
АМАНЖОЛ НҰРБОЛАТ ЕРҚАЗЫҰЛЫ
Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейі
директорының құқықтық-тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары
2023 жыл
МАЗМҰНЫ
Кіріспе……………………………………………………………………….3
Негізгі бөлім ……………..…………………………………………………5
І. ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ
СЕБЕБІН АНЫҚТАУ
1.1 Құқық бұзушылық …………………...…………………………………5
1.2 Құқық бұзушылықтың белгілері ……………………………………….7
1.3 Жастар мен жасөспірімдер арасындагы құқық бұзушылық,
қылмыстың пайда болуына әсер ететін факторлар …………….……………..14
1.4 Кәмелетке толмағандар арасындагы құқық бұзушылықтын алдыналу...........................................................................................................................18
1.5 Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандарға қатысты
тіркелген қылмыстар саны……………………..………………………………..21
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейтестілігі. Құқықтық мемлекеттің негіздерін нығайту,
азаматтық қоғамды қалыптастыру және азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын жүзеге асыру азаматтардың құқықтық мәдениеті мен
олардың құқықтық сауатылығына тікелей байланысты.
Қазақстан
Республикасының
Конститутциясында:
«Қазақстан
Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік
мемлекет ретінде орнықтырады: оның ең қымбат қазынасы – адам және
адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» (1-бап)-делінген. Құқықтық
мемлекет- бұл алға қойған мақсат қана емес, түптеп алғанда, қоғам алдында
тұрған
барлық
мінддеттерді
шешудің саяси
және экономикалық
реформаларды
жүзеге
асырудың
құралы. Құқықтық
мемлекет
қалыптастыруда өскелен ұрпақ құқықтық сауаттылығын артыру және
құқықтың тәрбие берудің маңызы зор. Құқықтық тәрбие қызметің сапалы
пайдалану арқылы тәуелсіз құқықтық мемлекетіміздің заңды қатынасын
дұрыс ұғындырып, қалыптастырған жөн. Құқықтық тәрбие беру арқылы
мектеп қабырғасында жас ұрпақтың құқықтық санасы дамиды.
Мектептің маңызды міндеттерінің бірі – оқушылардың қоғамға жат
көзқарастары мен қылықтарының қалыптаса бастағанын неғұрлым ертерек
тани білу. Құқықтық тәрбиені тиімді және нәтижелі жүргізу үшін мұғалімдер
оқушылардың жанұя жағдайларын жан-жақты білуі шарт. Жасы толмаған
құқық бұзушылардың жанұяларын зерттеушілер негізінен 3 топқа бөледі:
Өз балаларын тәрбиелеуге қабілеті жетпейді, олардың жалпы білімі,
мәдени дәрежесі төмен, тәрбиелеу мүмкіндігі, қабілеті жоқтың қасы;
Балаларына мардымды тәрбие бере алмайтын ата-аналар;
Балаларын қоғам талаптарына сай, дұрыс тәрбиелегісі келмейтін,
балаларға теріс үлгі көрсететін ата-аналар.
Жалпы жас жеткіншектің құқық бұзушылық жолына тез икемделіп,
ересектер ықпалына еруі – тікелей ата-ананың кінәсі. Егер әрбір ата-ана
баласының сабақтан тыс уақытта қандай іспен шұғылданып жүргенін
күнделікті бақылап отырған болса, өкінішті жайлардың аз болары сөзсіз.
Баланың достарының кім екенін, мектепте қалай оқитынын қадағалау ата-ана
тарапынан күнделікті дағдыға айналса, бақылаудың барын сезінген бала құқық
бұзушылыққа бармас еді.
Сонын ішінде біздің зерттеумізге жақын зерттеулер қатарына: А.Ә.
Махамбетованың «Жоғарғы сынып оқушыларының құқықтық мәдениетің
қалыптастыру», Б.Ш. Тұрғанбаеваның «Жеткіншектерге құқықтық тәрбие
берудің педагогикалық шарттары» еңбектері зерттелді.
Қай кезенде болмасын ұлт тәрбиесі алдыңғы орында оның ішінде
келешек ұрпақтың құқықтық сауаттылығын атап өту керек. Қазіргі таңда
жалпы білім беретін мектептерде құқықтық мәдениетті қалыптастыру
жеткілікті зерттелген, дегенмен оның тиімділігің көтеруге және құқықтық
сауаттылығын артырудың шарттары мен тетіктері айқандалған деп айту
қиынырақ.
Жалпы білім беретін мектеп теп ата-аналар бірлесе жұмыс жасай
отырып жасөспірімдерінің құқықтық сауаттылығын артыруда арнайы
бағдарламаның, әдістемелермен нұсқаулықтың жоқтығын көрсететі.
Зерттеудің мақсаты: Мектеп және отбасы ынтымақтастығы бырысында
жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеу,
оны тәжірибелік-экспериментте тексеріп, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар
беру.
Зерттеудің міндеттері:
1- мектеп және отбасы ынтымақтастығы барысында жасөспірімдердің
құқықтық мәдениетін теориялық тұрғыдан негіздеу;
2- «құқықтық мәдениетін» ұғымының мәнін ашу;
3- жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру барысында
мектеп пен отбасының бірлескен жұмысын ұйымдастырудың практикадағы
тиімді жолдарын белгілеу;
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
Құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселесінің түйінді «құқық»,
«құқықтық мәдениет», «құқықтық тәрбие» ұғымдары нақтыланып, теориялық
негізін айқындалды ;
жоғары сынып оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастырудың
құрылымдық-мазмұндық моделі жасалып, өлшемдері, көрсеткіштері мен
деңгейлерін анықталды;
жоғары сыныптың оқу-тәрбие үдерісіне құқықтық білім мазмұндарын
кіріктірудің әдістемесі дайындалып, тәжірибеге енгізілді;

құрылымдық-мазмұндық моделі тәжірибеде тексеріліп, тиімділігі дәлелденді.
Ғылыми жоба құрылымы: Кіріспеден, 1 бөлімнен, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Құқық дегеніміз не?
Мемлекеттің пайда болуына әкеліп ұластырған себептер (рулық
құрлыстың ыдырауы, жеке меншіктің пайда болуы, адамдардың мүліктік және
әлеуметтік теңсіздігі) құқықтың қалыптасуына негіз болды [1,8-бет]
Құқық (ағылш. 1. law (наука); 2. right) – мемлекет орнатқан және оның
күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп
ережелерінің ( нормалардың ) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ
мазмұндары біреу-ақ.
Құқық мазмұнының негізгі элементтері:
– қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау;
– қарым-қатынастарды реттеп, басқару;
– қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік,
мәдениетік т.б. бағытын дамытып, нығайту;
– мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп
басқару.
Құқықтың екі түрлі түсінігі болады:
Біріншісі – құқықтың обьективтік түсінігі, қоғамның обьективтік дамуына
сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы;
Екіншісі – құқықтың субьективтік түсінігі обьективтік қалыптасқан
қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында
қабылдап бекіту.
Құқықтың реттеу функциясы – нормативтік актілер арқылы қоғамдық
қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру.
Құқықтың қорғау функциясы – нормативтік актілердің қоғамдағы қарымқатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу.
Жоғарыда айтылғандай, құқық – жалпыға бірдей міндетті, мемлекет
қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың
жиынтығы. Құқықтық норма – құқықтың бір клеткасы, қоғамдық
қатынастардың жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің,
жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және
қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады [2,3].
1.1 Құқық бұзушылық – Қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша
жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Құқық бұзушылық: азаматтық (жеке басқа,
азаматтың немесе заңды тұлғаның мүлкіне зиян келтіру, азаматтың абыройы
мен қадір-қасиетін қаралайтын мәліметтерді тарқату және т.б.),әкімшілік (ұсақ
бұзақылық жол ережесі тәртібін бұзу), тәртіптік (жұмыстан кешігу, жұмысқа
бармау және т.б.) теріс қылық және т.б. Құқық бұзушылықтың барынша қауіпті
түрі қылмыс болып табылады.
Құқық бұзушылықтар үшін заңмен тиісінше әкімшілік, азаматтық
құқықтық, тәртіптік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған [3].
Заң, құқықта (ағылш. law) – мемлекет белгілеген бүкіл нормативтікқұқықтық актілер, жалпыға бірдей міндетті ережелер; мемлекеттік биліктің
жоғары өкілетті органы қабылдаған немесе тұрғындардың тікелей ерік білдіруі
арқылы (мысалы: референдум тәртібімен) қабылданған, неғұрлым маңызды
қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік акт. Заң мемлекеттің құқықтық
жүйесінің негізін құрайды. Мемлекеттік биліктің дербес бастауы ретінде Заң
ежелгі замандарда-ақ тәжірибеге еніп, әдет-ғұрып жосындарының орнын
басқан. Заң күші кез келген нормативтік актінің нормаларын жоя алады. Бүкіл
мемлекеттік органдардың актілері заңға сәйкес келуге, оның қағидалары
негізінде және оны орындау бағытында шығарылуға тиіс, яғни заңға
негізделген сипатта болуы шарт. Заңға қарама-қайшы келетін кез келген
құқықтық акт «қолданысқа жарамсыз» деп танылуға тиіс. Заңды қабылдаудың
айрықша тәртібі бар. Мазмұндалған нормалардың маңызына қарай заңдар
конституциялық заңдар және қарапайым заңдар болып бөлінеді.
Конституциялық заңға конституцияның өзі және Конституцияға өзгертулер
мен толықтырулар енгізетін заңдар жатады. Ал қарапайым заңдарға жүйелік
және ағымдағы заңдар жатады[3]
Азамат (арабша азамат) 1. ұлылық, мәртебелілік; 2. тәкаппарлық; 3.
кереметтілік; 4. ұлы мәртебелілік (сұлтандар титулы) ел азаматы; 2.
кәмелеттілік; 3. дара тұлға. Азамат ұғымын мемл. деңгейде қарастырғанда, ол
қоғамның тең құқықты мүшесі мәніне ие болады. Ғылыми-теориялық
қырынан қарағанда бұл адам құқығы мен азамат құқығының аражігін
ажырататын да ұғым. Өйткені азамат белгілі бір мемл-тің, саяси бірлестіктің
тең құқықты мүшесі және оның барлық саяси құқықтарына ие тұлға ретінде
әрекет етеді.
Азамат ұғымын кәмелеттік жағынан талдау салыстырмалы сипатта болып
келеді. Себебі табиғат, орта, дәстүр, заман ағымы, өмір сүру ерекшеліктері әр
елде, әр жерде әртүрлі және ол бірыңғай болып тұрмайды. Соған орай
кәмелеттілік жас мөлшері де әр елде, әр кезеңде әрқилы. 16 ғасырда Англияда
жасөспірімдер қолөнершілік кәсібін игеру үшін тәрбиеші-ұстаз бақылауымен
7 жыл оқыған. Шәкірттер үшін сол ұстаздары жауап берген. Мұнда “кісі 23
жасқа жетпейінше, ол көбіне өзін-өзі басқаруға, дұрыс ой қорытындыларын
жасауға әлі тәжірибесі жеткіліксіз, көбіне алыпқашпа сезімдердің жетегінде
болады” деп есептеген. Сондықтан да олар оқуын бітіріп, 24 жасқа толған соң
ғана үйленуге, өз бетімен қызмет атқаруға құқылы болды.
Мұрагерлік билік заңы үшін кәмелеттілік негізгі мәнге ие бола қойған
жоқ. Мұнда жеке тұлғаның қоғамдағы хал-ахуалы оның жасына емес,
әлеуметтік шығу тегіне, байлық дәрежесіне байланысты еді. Әйтсе де шығыс
халықтары кәмелеттік жасқа ертерек толатыны айқын. Мұны халық ауыз
әдебиеті үлгілерімен бірге жазба деректер де айғақтайды. Мысалы, “Күлтегін”
кіші жазуында (732 ж.): “Он жаста, шешем Ұмай текті ананың бағына, інім
Күлтегін ер атанды. Он алты жасында ағам қағанның ел-жұртын сонша
меңгерді. Алты баулы Соғдаққа қарсы соғыстық, талқандадық. Табғаш Оң
тұтықтың елу мың әскері келді, Күлтегін жауға жаяу ұмтылды. Оң тұтық
басшыларын жорықты нөкерімен қолға түсірді… Жиырма бір жасында Чача
сеңүнмен соғыстық… Оның жауға қалай тигенін, түркі бектері, жақсы
білесіңдер…” деген жолдар Күлтегіннің 10 жаста ұрандап жауға тиіп, 16 жаста
ел бастауға да, қол бастауға да жараған азамат болғандығына куәлік береді.
Азамат ұғымының дара тұлғалық мәніне де мысал бола алатын мұндай тарихи
деректер шығыс халықтарында, соның ішінде түркі қауымдарында көптеп
кездеседі.
Қазақстанда қазір 16 жастан бастап ресми түрде мемлекет азаматтығына
қабылданады (паспорт беріледі), ал үйленіп, отау құруға 18 жастан (Украина
мен Өзбекстанда 17 жастан) ғана рұқсат етіледі.
Қазақстан азаматтарының қоғамдағы орны мен негізгі құқықтары
Қазақстан Республикасы Конституциясының ІІ-бөлімінде белгіленген.[3]
Әкімшілік
1. Елдегі басқару қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың
жиынтық атауы;
Елбасының, басқа да мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық үйымдардың
жұмысты басқаруды ұйымдастыратын қызметкерлер құрамы;
Қазақстан Республикасыныңмемлекеттік билік органдарының жүйесіне
кіретін жергілікті атқару органының атауы.
Әкімшіліктің ұйымдық құрылымы оның жергілікті мемлекеттік биліктің
атқарушы органы ретіндегі қызметінің міндеттері мен құзыреттері арқылы
айқындалады. Әкімшілік кімнен, оның орынбасарларынан, басқармалардан,
бөлімдерден және т.б. қызмет бөлімшелерінен тұрады. Әкімшіліктің
құрылымын облысты, ауданды, қаланы басқарудың жобасына сәйкес анықтап,
әкімнің үсынуымен мәслихат бекітеді. Жергілікті атқару органдарының
экономикалық және қаржылық негізгі әкімшілік-аумақтық бірліктердің
меншіктерінен, жергілікті бюджеттің қаражатынан, жергілікті салықтардан,
бюджеттен бөлінетін дотаңиялар мен субвенңиялардан, мемлекеттік
алымдардан, қаланың, ауданның меншігіндегі мүлік үшін төленетін
жалдамалық ақылардан, кәсіпорындардан алынатын салықтардан және басқа
да төлемдерден құралады. Әкім жергілікті бюджеттен басқа бюд¬жеттен тыс
қор құра алады. Оған иесіз және тәркіленген мүліктерден түскен табыстар,
сенбіліктер өткізуден, жер¬гілікті займдар, лотереялар таратудан,
аукциондардан түскен пайда кіреді. Әкімшілік бюджетті жоспарлап,
қалыптастыру, жүмсау, шаруашылық қызметті ұйымдастыру, көлік пен
байланыс, жер пайдалану, табиғатты қорғау, табиғи ресурстарды жөнімен
пайдалану, тұрмыстық қызмет көрсету, сауда, түрғын үй, коммуналдық
шаруашылық, әлеуметтік- мәдени қызмет көрсету (білім беру, денсаулық
сақтау, тұрғындарды әлеуметтік қорғау, т.б.), заңдылықты, құқықты, тәртіпті
қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін
қорғау құзыретін иеленеді. [4]
1.2 Құқық бұзушылықтың белгілері
Құқық бұзушылық өзіндік пайда болу, даму және жойылу
заңдылықтарына ие белгілі бір қоғамдық құбылыс ретінде көптеген жекелеген
құқық бұзушылықтардан құралады, олардың барлығы да ортақ қасиетке ие
болады. Белгілі бір әрекет немесе әрекетсіздік әлеуметтік табиғаты мен заңды
нысанын бейнелейтін осындай қасиеттердің жиынтығы құқық бұзушылықтың
түсінігін береді.
Құқық бұзушылық – биологиялық, физиологиялық, технологиялық
ерекшеліктерге сай, адамның іс-әрекетінің әлеуметтік көрінісі. [3, 250б]
Құқық бұзушылық – құқыққа оның талаптарына қарсы бағытталған
мінез-құлық. Демек, құқықтық бұзған ат-үсті қарап, талаптарынан айналып
өту деген сөз. Әрбір құқық бұзушылық- нақтылы құбылыс. Оны нақты адам,
белгілі бір жерде, мезгілде, жағдайда жасайды. Ол құқық нормаларының
қағидасына қайшы келеді және өзіне тән оның белгілері болады. Сонымен
бірге жекелеген құқық бұзушылыққа тән жалпы белгілері де кездеседі.
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
Жазаланатындығы (жазаға тартылатындығы)
Әрекет (іс–әрекет, әрекетсіздік)
Кінәлілік
Қоғамға, тұлғаға, мемлекетке зиянды, қауіпті болуы
Құқық талаптарына қарсы келушілік
а) Қоғамға зияндылығы, қауіптілігі – құқық бұзушылықтың негізгі
объективтік нышаны, айырымдық белгісі және оның заңнан құқыққа қайшы
болу шегін ажыратуға негіз болатын объективтік тұғыры. Құқық
бұзушылықтың қоғамға келтіретін зияна мен оның қауіптілігі қоғамға
маңызды құндылықтар мен оның тіршілік ету жағдайларына қол сұғулардан
тұрады;
б) Құқыққа қайшы келушілік –әрекеттің немесе әрекетсіздіктің қоғамға
қауіптілігін, зияндылығын заң атауы арқылы білдірілуі. Құқыққа қайшы
(қарсы) келудің және ол үшін жауапты болудың шегін, мөлшері мен шамасын
мемлекет анықтайды, әрі оны бекітеді;
в) Кінәлілік – басқаша айтқында, құқық бұзушылыққа бару – құқық
бұзушының тысқарында ешбір ықпалсыз-ақ өзінің ерік ықтиярына әлгіндей
түрде білдіруі, ал мұның өзі кінәлі іс-әрекет (мінез-құлық). Егер де жеке
адамды таңдау еркі (ықтияры) болмаса, егер ол өзінің іс-әрекетінің құқыққа
қайшы келетінін жете түсінуге қабілеті болмаса, онда оның кінәлі әрекеті
құқық бұзушылық болмайды да, ол объективті түрдегі құқыққа қайшы
әрекеттік болып шығады. Сондықтан мұндай адам заң алдындаға
жауаптылыққа тартылмайды;
г) Әрекеттілік немесе әрекетсіздік түріндегі әрекеттер. Мұндағы
әрекетсіздік түріндегі құқық бұзушылық тұлға заңдық талаптарды орындауға
міндетті бола тұрып, оларды орындамаған жағдайдаболады;
д) Жазаланушылық – мемлекет тарапынан мәжбүрлеу шараларының
қолданылу мүмкіндігі.
Құқық бұзушылықты сипаттайтын белгі-нышандар:
Құқық бұзушылық құқықты, оның қағидаларын, құқық жүктеген
міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Яғни бұл адамдардың ісәрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарымқатынасқа түседі. Демек, құқық бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы
байқалады. Мінез-құлқы, іс-әрекеті арқылы көрінбеген адамның ой-тұлғасы,
сезімдері құқық бұзушылық болып табылмайды. Мәселен, адам өзінің ойын,
сенімін күнделікке, таспаға жазып, суретке түсіруі мүмкін. Адамның ой желісі
заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың,
сана-сезімнің қатысуынсыз жасалмайды. Олар қашан да ойдың елегінен өтіп,
бақылауында болады. Бұл дегеніміз, ақыл-есі адамның іс-әрекеті ерік пен
ойдың арқасында жүзеге асырылады деген сөз. Яғни құқық бұзушылық саналы
түрде жасалатын ерікті іс-әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады.
Құқық бұзушылық құқық нормалары қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп,
қоғамның және адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық
тәртіпті бұзады. Құқық нормаларының талаптарын орындамау нәтижесінде
құқықтық тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесел келеді, белгілі бір
игілік, құнды зат жоғалады, адамның құқықтарына, өміріне, денсаулығына,
рухани сезіміне зиян келтіреді. Зиянның көлемі, мөлшері түрлі болуы мүмкін.
Құқық бұзушылықтың екі зияны бар:
І. Құқық бұзушылық – қоғамға зиянды әрекеттің объективтік
нысандағы бейнесі, сыртқы көрінісі болып табылады. Бұл қоғамға зиянды,
қауіпті әрекет, әрекетсіздік заңда құқыққа қайшы сипатта ресми түрде бекітілуі
керек деген мағынаны білдіреді.
ІІ. Құқық бұзушылық – объективтік процесс болып табылады.
Бұндағы объективті деп отырғанымыз, кез келген құқық бұзушылық құқықтың
қорғайтын әлеуметтік игіліктері: жалпы мүдде, қоғамдық тәртіпке қауіп
төндіреді. Дәл осы мағынада құқық бұзушылық қоғамға қауіптілік және
зияндылық мәнге ие болады.
Формальді – логикалық жағынан бұл былай бейнеленуі мүмкін: қоғамға
зияндының бәрі де, құқыққа қайшы болып табылады. Тиісінше, құқыққа
қайшы, қоғамға зиянды әрекет – әрекетсіздік деп саналады. Шындығына
келгенде бұл тұжырымнан екі терістік
Қылмысты жасаған әдісін, уақытын, орнын анықтау.
Қылмысты жасаған адамның өзінен және осы іске тиісті материалды,
фактілерді жинастыру, толық мінездеме беру.
Қоғамдық зиянды анықтаудың мынадай тәсілдері белгілі:
Заңдылықты бұзудың объектісі адамдардың өміріне, денсаулығына,
қоғамдағы негізгі қарым-қатынысқа зиян келтіруді анықтау.
Зиянның түрін, мөлшерін анықтау.

фактілерді жинастыру, толық мінездеме беру. [3, 150б]
Қалай болса да заң бұзушылық қоғам үшін зиянды іс-әрекет, өйткені
жоғарыда айтылғандай жеке адамға (өміріне, денсаулығына, ар-намысына, бас
бостандығына), мүлікке, қоғамдық тәртіпке нұқсан келеді. Кейбір жағдайда
келтірілген зиянның орнын толтыру мүмкін болмайды. Мәселен, кісі өлтіру,
мүгедектікке душар ету, жазылмайтын ауруға соқтыру т.б.
Құқықбұзушылық әрқашан да құқық нормаларының талаптарына қайшы
келеді. Сондықтан да оның құқық нормаларымен реттеліп және қорғалатын
қоғамдық қатынастарға қарсы бағытталғандықтан құқыққа қайшы әрекет
деуге болады. Құқыққа келісті және ол рұқсат берген әрекет, ешқашан құқық
бұзушылық ретінде бағаланбайды.
Құқықбұзушылық ең алдымен заңның қоғауына алынған өзге
тұлғалардың мүддесіне қаіп төндіреді. Дегенмен адамның барлық мүддесіне
заңмен қорғала бермейді, сондықтан да оларға нұқсан кетіру әр уақытта да
құқыққа қайшы болып саналмайды, тиісінше құқық бұзушылық ретінде
бағаланбайды. Мәселен, бәсекелестік, біреудің жеке экономикалық мүддесіне
залал келтіруі мүмкін, бірақ бұл құқық бұзушылыққа жатпайды. Яғни, құқық
бұзушылықтың мәні мемлекет шығарған құқық нормаларына қайшы
әрекеттерімен байланысты болады.
Құқық бұзушылық құқық субъектісінің кінәлі әрекеті арқылы ғана жүзеге
асады. Кінәлі деп танылу үшін заңды бұзған адамның ақыл-есі дұрыс болу
керек. Есі дұрыс емес немесе әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған адам
(әрекет қабілеттілігінің жоқтығы соттың шешімімен анықталады) құқық
нормаларының талаптарын қалай бұзса да жауапқа тартылмайды, себебі, ол өз
әрекетінің мәнін түсінбейді, одан басқаға зиян келетінін болжай алмайды.
Кінәлі болу үшін адамның есі дұрыс және әрекет қабілеттілігі шектелмеген
болуы шартты жағдай. Әрекет қабілеттілік деген адамның өз еркімен саналы
түрде іс-әрекет жасап, сол үшін жауап беру мүмкінділігінің болуы. Кінә –
құқық бұзушының өзінің құқыққа қайшы әрекетіне қатысты психикалық
қарым-қатынасы. Кінәнің екі түрі белгілі:
Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған қасақаналық. Егер адам өз ісәрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық
қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын
алдын-ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе, әрекет тікелей ниетпен
жасалған қасақаналық деп танылады.
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін
ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін алдын
ала білсе, осы зардаптардың болуын тілемесе де оған саналы түрде жол берсе
не бұған немқұрайлықпен қараса, әрекет жанама ниетпен жасалған деп
танылады.
Абайсыздық. Ол менмендік және немқұрайлықпен жасалады.
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы мүмкін
екенін алдын-ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз
жеңілдікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, бұл менменшілдік деп танылады.
Мәселен, жүргізуші көлігінің техникалық акалықтарын біле отырып жолға
шығады, жеңілтектікпен жол апатын болдырмаймын деп ойлайды, ал
нәтижесінде жол апатына кезігеді.
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауі туғызуы мүмкін

жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе бұл менменшілдік деп
танылады. Мәселен, жүргізуші көлігінің техникалық ақаулықтарын біле
отырып жолға шығады, жеңілтектікпен жол апатына кезігеді.
Егер адам қажетті ұқыптылықпен сақтық болғанда ол зардаптарды
юолжап білуге тиіс және болжап біле алатын бола тұра өз іс-әрекетінің
(әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін
болжап білмесе, әрекет немқұрайдылықпен сипатталады. Мәселен, жүргізуші
жолға шығар алдында көлігінің техникалық жағдайын тексермейді. Ал ол
көліктің техникалық ақаулығы болған еді. Осының салдарынан жол апаты
орын алады.
Құқық бұзушылық өз жиынтығында қоғамның қалыпты өмір сүру
жағдайын, қоғамдық құрылыстың реттілігі мен тәртібін бұзатындықтан оған
мемлекет атынан шара қолданылып, жауаптылық тағайындалады. Құқықтық
жауаптылық белгісімен сипатталады:
– мемлекеттік мәжбүрлеу;
– құқық бұзушыны жауапқа тарту;
– құқық бұзушының өзіне жағымсыз жағдай тудыру.
Мәжбүрлеу шарасын мемлекет белгілейді. Құқық нормаларының
қағилаларын бір ауыздан қорғау қажет болған жағдайда олардың сақталуы
мәжбүрлеу арқылы қамтамасыз етіледі. Егер құқық норманың қағидалары
бұзылытын болса, мемлекет органдары тиісті шаралар қолдануға құқылы.
– заң бұзушының мемлекет жауапқа тартады. Мемлекет органдары заңсыз
әрекетті айқындап, әшкерлеу үшін тиісті шаралар қолданады – тергеу
жүргізеді, адамның кінәсі бары-жоғын анықтайтын дәлелдер, құжаттар
жинайды. Жиналған деректердің барлығын жан-жақты тексеріп, соның
нәтижесінде шешім қабылдайды.
Әр кез құқық бұзушы өзіне лайық жағымсыз қылықты жүзеге асырады.
Ал оның мүлкіне немесе өз басының бостандығына келетін нұқсан. Яғни,
кінәлі адам біреудің мүлкіне келтіретін зиянды төлейді немесе оның орнын
толтырады. Көп жағдайда шара кінәлі адамның жеке басына қолданылады.
Оны бас бостандығынан айырады, жүріп-тұру еркінділігін шектейді. Осы
айтылғандардың құқықтық жауаптылықтың мақсаты:
– кінәлі адамның зұлымдығын бетіне басып, оның іс-әрекетінің қоғам
үшін қауіпті екенін көрсету;
– қоғамға, жеке адамға істеген қиянат сұраусыз қалмайтынын, кінәлі
адамның өз басына да күн туатынын дәлеледеу;
– заңды бұзушылықтан басқа адамдарды сақтандыру болып табылады.
Әрекет – әрекетсіздіктің қоғамға зияндылығы және құқыққа қайшылығын
анықтау оны құқыққа сай әрекеттен бөліп қарауға негіз болады. Алайда, бұл
ерекшеліктер құқық бұзушылықты түсінуге мүмкіншілік бергенмен де, оның
мазмұнды белгілерін нақтылау қажеттілігі туындайды. Осы мақсатта заң
ғылымында құқыққа қайшы әрекет әрекетсіздікті құқық бұзушылық ретінде
саралауға негіз болатын элементтердің жиынтығы, яғни құқық бұзушылықтың
заңды құрамы болады: объективтік жағы, объект, субъективтік жағы, субъект.
Құқық бұзушылықтың объективтік жағы құқыққа қайшы деп саналатын
әрекет-әрекетсіздікті жасау немесе құқық нормаларында көрсетілген құқыққа
сай әрекетті жасамаудан туды. Қай жағдайда болмасын құқыққа қайшы әрекетәрекетсіздік саналы түрде жасалып, әлеуметтік зиянды салалардың тууына
әкеліп соғады. Ол құқықпен қорғалатын қоғамдық қатынастарға тікелей зиян
келтіруі немесе осындай зиян келтіруге байланысты қауіп төндіреді.
Іс жүзінде жүзеге асырылмаған ой-өріс, сезім, болжам заң бойынша
объектіге кірмейді. Кей жағдайда құқық қорғайтын мүддеге әдепсіздік,
белсенділік (балағаттау, жалған сөз) арқылы да зиялы келеді.
Объективтік жағы – құқыққа қайшы (қарсы) әрекеттің (әрекетсіздіктің)
сыртқы көрінісі. Құқық бұзушылықтың объективтік жағынан элементіне
әрекет-әрекетсіздікпен келтіретін зиянның арасындағы себепті байланыс және
келтірілген зала жатады. Заң территориясында себепті байланыс дегеніміз –
келтірілген зиянның басты және тікелей себебі құқыққа қайшы әрекетәрекетсіздік болып табылатын, зиянды әрекет-әрекетсіздікпен пайда болған
нәтиже арасындағы объективтік байланыс болып табылады. Мұнда зиян құқық
бұзушылықтың теріс нәтижелерінің жиынтығы ретінде көрінеді. Қандай да бір
игіліктің немесе құндылықтың жойылуы, оларды пайдалануға шек қою,
азаматтардың бостандығына қол сұғу, олардың субъективті құқықтарын бұзу
т.с.с.
Зиян – қолайсыз салдар, бұлармүліктік, мүліктік емес, ұйымдық, жекелік
(дербес) және басқалай да сипаттар түрінде болуы мүмкін. Зиянның
объективтік жағына сондай-ақ құқық бұзушылықтың болған орны мен уақыты
да кіреді.
Зиян материалдық, физикалық басқа да қасиеттерге ие болып, жеке
мүддеге де қауіп төндіреді. Іс-әрекеттің сипаты және одан келген зиян қоғамға
қауіптіліктің деңгейін анықтап, құқық бұзушылықты басқа құқық тәртібін
бұзудан айырудың объективтік негізін қалайды.
Құқық бұзушылық фактісін бекіту үшін барлық себепті байланыс
айтарлықтай мәнге ие бола бермейді. Субъектінің кінәсі оның қоғамға зиянды
салдарын болжаумен байланысты болады. Ал сол әрекеттен міндетті түрде
келетін зиянды ғана болжау мүмкін болмақ, Демек, әрекет-әрекетсіздікпен
қоғамға зиянды салдардың арасында қажетті себепті байланыс болады.
Басқаша айтқанда, келтірілген зиян жасалған әрекеттің тікелей нәтижесі
екендігі анықталуға жатады. Әрекет-әрекетсіздікпен оның нәтижесі
арасындағы байланыстың қажетті немесе кездейсоқ сипаты істің барлық
фактілік жағдайын жан-жақты зерттеудің негізінде ғана бекітіледі.
Объект – құқық нормалары қорғайтын бұзылған мүліктік немесе мүліктік
емес игілік. Құқық бұзушылықтың объектісі – қандай затқа құқық бұзушылық
бағытталып, оған нұқсан келтірілсе сол зат аталған объект болып табылады.
Мұндағы тектік объекті – қоғамдық қатынастар, ал түрлік объект – өмір, арнамыс, денсаулық, т.б. Яғни, құқықпен реттеліп қорғалатын қоғамдық
қатынастар. Құқық бұзушылық өз іс-әрекетінде құқық тәртібіне қарсы
бағытталып, қандай да бір зиян келтіреді.
Қоғамдық қатынастың, оның субъектілерінің құқықтары мен мүделері
көп түрлі болуына сәйкес нақтылы құқық бұзушылықтың объектілері де
бірнеше болуы мүмкін.
Субъективтік жағы – бұған өзінің жасаған әрекетіне және оның салдарына
сол тұлғаның субъективтік қатынасын (қарауын) сипаттайтын үлгілердің
(нышандардың) жиынтығы жатады. Мұнда басты категориялары болып – кінә,
себеп және мақсаттар болып табылады. Құқық бұзушылықтың субъективтік
жағын адамның құқық бұзушылықты жасауға жол берген әлеуметтікпсихологиялық механизмін сипаттайтын, элементтерді құрайды. Субъективтік
жағынан алып қарағанда барлық құқық бұзушылық, алдымен кінәнің
болуымен болады. Бұл тұрғыдан қарағанда құқық бұзушылық – құқық
бұзушының еркі және санасы арқылы жол берген кінәлі әрекет болып
табылады.
Субъектінің кінәсінің деңгейі оның өз іс-әрекетінің әлеуметтік зиянды –
нәтижесін алдын-ала болжағандығы немесе болжамандығына қатысты
анықталады және қасақаналық немесе абайсыздық нысанында бейнеленеді.
Қасақаналықта адам өз іс-әрекетін қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның
қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай
қоймайтынын алдын-ала біледі және осы зардаптардың болуын тілейді. Ал,
абайсыздықта адам өз іс-әрекетінің қоғамға қауіп туғызу мүмкін екенін білмеу,
бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтелікпен болғызбау
мүмкіндігіне сенеді немесе қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда, ол
зардаптарды болжап біле алатын бола тұра өз іс-әрекетінің қоғамдық қауіпті
зардаптарының болуы мүмкін екендігін болжай алмайды. Яғни, кінә
(қасақаналық немесе абайсыздық) адамның еркімен байланысты болатын, ішкі
психологиялық жай-күй болып табылмақ. [3, 156б]
Дегенмен, мұнда құқық бұзушыллыққа жол берген психологиялық
факторлар да ескеріледі. Барлық ерікті әрекет іштей реттелген және белгілі бір
мақсатты көздейді. Осыған байланысты құқық бұзушылықтың субъективтік
жағына әрекет-әрекетсіздіктің ниеті мен мақсаты да кіреді. Мұндағы ниет деп
отырғанымыз – құқық бұзушылықты жасауға түрткі салатын, ең басты негіз,
ал мақсат – құқық бұзушы жетуге тырысатын нәтиже. Сондықтан осы
элементтерін тани білу әрекет-әрекетсіздіктің барлық психологиялық
ерекшеліктерін ашу және құқықты қорғалатын қоғамның, мемлекеттің және
азаматтардың мүдделерін зиян келтіруші құқық бұзушылықтың субъективтік
жағын айқындауға мүмкіндік береді.
Субъект – әрекет қабілеттігі бар заңды бұзушы тұлға. Құқық
бұзушылықтың субъектісі – кінәлі, құқыққа қайшы (қарсы) әрекет жасаған
адам. Мұндай субъект деликт қабілеттілігі бар адам және заңды тұлға
танылады. Егерде субъект құқық бұзушылық кезінде өзге құқыққа сай жолды
таңдау мүмкіндігіне ақыл-есінің кемдігі, жасының толмауы, физикалық
немесе психикалық жетіспеушілігінің салдарынан жол берсе, әрекетәрекетсіздік зиянды нәтижеге әкеліп соқса да құқық бұзушылық деп
саналмайды. Құқыққа қарсы әрекеттерді құқық бұзушылық деп тану үшін заң
оның субъектісіне белгілі бір талаптар қояды. Ең алдымен белгілі бір жасқа
толы керек. Айталық, қылмыстың жауапкершілік 16 жастан басталады, кейбір
қылмыс түрлері үшін 14 жас, әкімшілік жауапкершілік 16 жас, азаматтық
жауапкершілік 15 жастан есептеледі.
Құқық бұзушылықтың субъектісі жайлы мәселелердің барлығы теория
мен практикада біркелкі шешілмеген, құқық бұзушылық субъектісінің
түсінігіне келгенде қылмыстық және азаматтық құқықта алшақтық байқалады.
Азаматтық құқық жеке құқық бұзушыларды (жеке адамдар) да, ұжымдық
құқық бұзушыларды (заңды тұлғалар) да құқық бұзушылар деп таниды.
Қылмыстық және әкімшілік құқық тек қана жеке құқық бұзушыны сондай деп
таниды, өйткені істелген әрекеттің ауырлығына және кінәнің нысанына қарай
құқықтық жауапкершілікті дараландыру мен саралауды міндетті түрде қажет
етеді (дегенмен, жанама түрде, қылмысқа қатысу институты арқылы құқықтың
бұл салаларында ұжымдық субъектілерді де бөлу мүмкін).
Қылмыстық құқықта қылмыс субъектісі мен жауапкершіліктің субъектісі
сәйкес келеді, ал азаматтық құқықта жауапкершілікке тек құқық бұзушылыққа
жол берген субъект қана тартылып қоймайды, құқық бұзушы субъект ретінде
адамдардың ұжымын тану мәселесі де күрделі болып табылады. Қылмыстық
құқық бойынша бұл сұрақ бір жолмен шешіледі – жауапкершілікке жеке тұлға
тартылады. Қылмыс топ болып жасалса да, оның әрбір қатысушысы өзінің
істеген жеке әрекеті үшін жауап береді. Өзге құқық салаларында, бір тобы
адамдардың тобын құқық бұзушылық субъектісі деп таныса, екіншілері бұлай
санамайды.
Сонымен, құқық бұзушылық – әрекет қабілеттілігі иеленуші субъектінің
заңды жауапкершілікке тартылатын қоғамға зиянды немесе қауіпті құқыққа
қайшы және кінәлі әрекет – әрекетсіздігі.
1.3 Жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық,
қылмыстың пайда болуына әсер ететін факторлар.
Жасөспірімдердің арасында қылмыстың көптеп таралуы зерттеушілердің
көңілін алаңдатып отыр. Бұл қылмыстың таралуының себептерін анықтау
мақсатында арнайы зерттеу жұмысын жүргізуге итермеледі. Негізгі себептерін
үлкен үш топқа бөлуге болады:
Социологиялық
байланысты;
фактор:
Қоғам
және
мәдениет
құрылымдарына
Психологиялық фактор бойынша: Белгілі адамның
ерекшелігімен қарым-қатынас ерекшелігіне байланысты;
мінезінің
Биологиялық фактор: Физикалық және органикалық элементтерінің
әсерінен;
Социологиялық фактор: Қылмысқа әсер ететін, социологиялық
факторлардың ішінде, зерттеу нәтижесінде, келесі себептер көп кездескен:
Төменгі экономикалық — қоғамдық статус;
Мәдениеттегі зорлық және бұқаралық ақпарат кұралдары;
Алкоголь және наркотикалық заттар;
Құрдастарының әсері;
Отбасындағы психологиялық және атмосфералық жағдай.
Төменгі экономикалық-қоғамдық деңгей және кедейшілік әсер етеді.
Көбінде қылмысқа, жұмыс және білім алатын жағдайлары жоқ, өз өміріндегі
жағдайларға көңілі толмайтындар барады. Сонымен қатар қылмысты жоғарғы
өкілдердің (бизнесмен, бай адамдардың) балалары жасайды. Себебі, олар
материалды жағдайдан қиыншылық көрмейді. Тек орташа тұратындардың
жасөспірім балалары қылмысқа сирек барады. Бай өкілдердің балаларын
көбінде айып төлеп босатса, кедей балалардың ата-аналары айып төлеп,
шығара алмағандықтан, оларды тұтқынға алып жазалайды.
Байлық, мәдени құндылықтар, өмір стилі: Қазіргі жасөспірімдердің
көбінде автокөлігі, қалталы ақшасы болады. Яғни, осы ақшаға жасөспірім
шылым,алкоголь,наркотикалық заттар сатып алуына мүмкіндігі бар. Олардың
өмірі біршама белсенді өтеді — кездесулер; ойын- сауық, би кештері; рокконцерттер; достарымен көкке, табиғатқа барады. Бірақ, бұлардың көбі кешке,
түнде болып тұрады. Бұл кезде көшеде көп адам кездеспегендіктен, оларды
бақылаушылар аз болғандықтан, жеткіншектер бұзақылық жасап, кейде ойынсауық үшін қылмыс жасауға шейін барады. Жасөспірімнің жан дүниесі
нәзік,сезім

Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)