Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ғылыми жоба: ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ ҚАЖЕТ ПЕ?
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ЗЕРТТЕУ ТАҚЫРЫБЫ: ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ ҚАЖЕТ ПЕ?
Студент: Оспанова Аяжан Ақылбайқызы
Жетекшісі: Сұлтамұратов Бақытхан Әділбекұлы
Ақтөбе қаласы Қазақ гуманитарлық заң университеті колледжі
Аннотация
Біз, қазақелі, уақыт көшіне ілесіп, қалып қоймай, әлемдегі өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылу үшін, жалпы ұлт ретінде сақталып қаламыз десек, көпкешікпей, әліпбиімізді латын жазуына көшіруіміз керек. Бұл – бүгінгі күннің талабы.
Латын әліпбиіне ауысу – біздің ұлттық санамыздың отарсыздануының біржолы. Бірғана мысал,еліміздің латын әрпіндегі транскрипциясын Kazakhstan деп емес, Qazaqstan деп жазған болар едік.
Аннотация
Мы, народ Казахстана, чтобы, не отставая от времени войти в число развитых стран мира, а также для сохранения национальных ценностей должны пораньше перейти на латиницу. Это - требование времени.
Переход на латиницу один из путей независимости нашего национального сознания. Один пример, название нашей страны в новом варианте мы написали бы Qazaqstan,а не Kazakhstan.
Annotation
We, people of Kazakhstan must change our alphabet to the Latin one in order to come into the list of developed countries of the world and keep the national values. It is time demands.
Changing into the Latin alphabet is one of the ways of independence of our national thoughts. Only one example, the name of our country in a new variant of writing would be Qazaqstan, not Kazakhstan.
Жоспар:
Жұмыстың жалпы сипаттамасы
І. Кіріспе
1.1. Латын әліпбиіне көшу мәселесі.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1.Қазақ жазуын латын грфикасына көшіруде әлемдік оң тәжірибеге сүйену.
2.2. Латын әліпбиінің талқылауға ұсынылған нұсқасы туралы.
2.3. Латынәрпінекөшу-уақытталабы.
ІІІ. Тәжірибебөлімі
3.1. Сауалнамажәнеоныңқорытындысы.
ІV. Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер мен ресурстар тізімі:
ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Ғылыми жоба құрылымы: Алға қойған мақсаты мен міндеттерге байланысты жұмыстың құрылымын кіріспе, негізгі бөлім және тәжірбиелік бөлім, қорытынды және бағалау мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен ресурстар көзі құрайды.
Жоба тақырыбының өзектілігі.Қандай да істің бастамасында қиындық болатыны белгілі, бірақ әліпби мәселесінде ондай қорқыныш болмауы керек. Себебі бұл бір-екі жылда емес, Тәуелсіздік алған жылдардан бастап сөз болып келе жатыр және Елбасы атап көрсеткендей, оқушылар ағылшын тілін оқу арқылы латын әріптерін меңгерген, ғалымдардың, барша қоғам өкілдерінің көмегімен қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы қабылдануы керек, жаңа әліпби үйрететін мамандар, оқулықтар дайындалып, бір-екі жылда әдістемелік жұмыстар жүргізіледі. Яғни жаңа әліпбиге көшу бірнеше кезең арқылы жүзеге асады.Осындай деректерді білуім, менің осы тақырыпта зерттеуіме түрткі болды. Қазіргі таңда бұл тақырып еліміз үшін өзекті болып отыр. Сол себепті осы тақырыпты түрлі талдаулар және деректер арқылы өзектілігін ашқым келеді.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты «Латын әліпбиіне көшу қажет пе?» деген мәселеге ғылыми тұрғыдан баға беріп, бүгіні мен ертеңіне талдау жасау. Бұл мәселелерді шешу барысында ғылыми зерттеу жұмысымның алдына төмендегідей міндеттер қойдым:
-
Ең бірінші латын әліпбиінің артықшылығын білу;
-
Болашақ Қазақстанның іргесін қалаушы студентердің жаңа латын қарпы туралы жеке ойларын білу;
-
Студентер мен мамандардың осы шараға қаншалықты баға беретінін яғни жеке бағалауын білу;
-
Латын әліпбиінің Қазақстанға берер артықшылығын қаншалықты білетінін;
-
Осы әліпбиді елімізге енгізгеуде қандай амалдар қолдана алатынын жинақтау;
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. ЖұмыстаЛатын әліпбиіне көшумәселелеріне ғылыми тұрғыдан баға беріп, бүгіні мен ертеңіне талдау тұрғысынан зерделеудің жолдары көрсетіледі, зерттеу нысаны бойынша зерттеулердегі осы уақытқа дейінгі жетістіктері мен кемшіл тұстары талданылды. Жұмыстың басты нәтижелерінің бірі Қазақ жұртының мақтанышы Латын әліпбиініңзерттелмеген тұстарын ашып көрсетуге талпыныс жасалып, сауал, сұхбат, түрлі талдау, оқулықтар және ғаламтор көзінен алынған мәліметтер деректер ретінде ұсынылды.
Зерттеу жұмысына болжам.Латын әліпбиіне көшу,Қазақстаның имиджін арттыруға мүмкіндік беретінін тереңірек танып – білуге жол ашады. Сондықтан, зерттеу жұмысында жасалған қорытындылар мен тұжырымдарды, ізденіс нәтижелерінЛатын әліпбиіне көшугеарналған сабақтарда, кластан тыс жұмыс сабақтарында пайдалануға болады деп ойлаймыз.
Зерттеу жұмысының әдісі. Қазақстаның имиджін арттыруға бере алатын қандай мүмкіндік болмақ және де бұл Латын әліпбиіне көшу бізге маңызы алдағы уақытта қандай болмақ? десек,кейбір тұстары әліде болса зерттеулерді қажет етуде. Сондықтан, мен академиялық және талдау әдісін таңдап алдым.
Кіріспе
Менің ғылыми ізденушілік тақырыбым «Латын әліпбиіне көшу қажет пе ?» Менің бұл тақырыпты таңдаған себебім дәл қазіргі уақытта осы тақырып ересектер мен оқушылар арасында көп айтылуда. Мені де осы сұрақ ойландырды. Яғни «Латын әліпбиіне көшу қажет пе?» деген бүгінгі күннің сауалы – ел келешегін ойлаған әрбір азаматтың көкейкесті мәселесі болып отыр. Қолданылып келе жатқан әліпбиімізді латын жазуына ауыстыру бізге не береді, неден ұтамыз, неден ұтыламыз деген секілді сұрақтарға жауап іздеп өз жұмысымды бастап кеттім. Енді сол зерттеулеріме тоқталайын.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді. 1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Президиумы латындандырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі алфавитін» енгізу туралы қаулы қабылдады. Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылды. 1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды. Сондай-ақ, Елбасымыз өзінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек. Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» – деп латын әліпбиіне көшудің қажеттілігін атап өтті.
Тілдері ұқсас, діні бір, түп негізі ортақ түркі тектес елдер осы күнге дейін әртүрлі әліпбимен жазып келеді, латын әліпбиін пайдаланатын түркі тілдес мемлекеттердің жазуы да бірізге түсірілмей келеді, барлығына ортақ әліпби құрастыру (жазу) түркі мемлекеттерінің тарихи, рухани, мәдени байланыстарының нығаюына, ынтымақтастыққа, өзара интеграцияға алып келер еді.
Қандай да істің бастамасында қиындық болатыны белгілі, бірақ әліпби мәселесінде ондай қорқыныш болмауы керек. Себебі бұл бір-екі жылда емес, Тәуелсіздік алған жылдардан бастап сөз болып келе жатыр және Елбасы атап көрсеткендей, оқушылар ағылшын тілін оқу арқылы латын әріптерін меңгерген, ғалымдардың, барша қоғам өкілдерінің көмегімен қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы қабылдануы керек, жаңа әліпби үйрететін мамандар, оқулықтар дайындалып, бір-екі жылда әдістемелік жұмыстар жүргізіледі. Яғни жаңа әліпбиге көшу бірнеше кезең арқылы жүзеге асады. Ең бастысы, жаңа әліпби төл дыбыстарымыздағы ерекшеліктердің сипатын нақты көрсете алатындай, қазір қолданылып жүрген басы артық әріптерден құтылатындай, орфографиялық заңдылығымыздың табиғатына сай келетіндей болуы керек. Бізден бұрын латын жазуына көшкен түркі халықтарының қателігі бізге сабақ болып, сол қателіктерді қайталамау үшін жаңа қабылдайтын әліпбиіміздің ғылымилығына баса назар аударғанымыз жөн.
Латын әліпбиінің жалпы алғанда зиянынан берер пайдасы көп.Және елдің дамуына зор ықпалын тигізеді . Егер еліміздің қарқынды түрде алға жылжып дамуын қаласақ , латын тілін де қатар дамытып отыруымыз қажет . Басқа жағынан алып қарасақ бізден басқа Түркия, Әзірбайжан , Өзбекстан тағы да басқа елдер латын әліпбиін қазір де қолдану барысында . Және дамыған елдер қатарында . Осыдан кейін «неге біздің елде латын әліпбиін дамытпасқа ?» деген ойға қызығушылық пайда болды . Қазақстанға келетін болсақ латын тілі әлі дұрыс дамымаған . Алайда белсенді жастарымыздың көптігінен бізге латыншаға ауысу қиындық тудырмайтынына сенімім мол . Ендігі кезеңде латынға көшуге толықтай жағдайлар жасалып жатыр , тек оны игере білу керек.
Негізгі бөлім
Қазақ жазуын латын грфикасына көшіруде әлемдік оң тәжірибеге сүйену.
Жазу – адамзат ақыл-ойының үлкен жетістігі. Кез-келген халықтың тарихы жазба тілмен тікелей байланысты қалыптасып, барлық рухани және материалдық құндылықтар деңгейі жазба мәдениетінен көрінетіндіктен жазу тарихы жалпы адамзат тарихының бір саласы ретінде қарастырылады.
Әлемдегі бүкіл халықтар секілді қазақ халқы да өзінің тарихи өрлеуі барысында саяси, қоғамдық әлеуметтік жағдайларға байланысты әр түрлі жазу үлгілерін қолданды.
Қазақ мәдениеті тарихында алфавит, емле мәселесінің өз орны бар. Өйткені жазу – мәдениеттің ажырамас бір бөлшегі. Жалпы жазу – әрбір халықтың рухани, мәдени өсуін, даму деңгейін көрсететін әлеуметтік мәні зор құбылыс, адамның рухани байлығының үлкен жетісітігі. Жазусыз мәдениет те, әдебиет те, ғылым да дамымас еді. Оның адамзат өміріндегі маңызын көптеген ғалымдар өз еңбектерінде атап айтқан.
ХХ ғасыр басында тікелей оқу-ағарту ісімен немесе әдебиетпен айналысқандарды ғана емес, бүкіл қазақ қоғамын алаңдатқан үлкен проблема болды. Қазақ халқы өзге түркі халықтары сияқты 4-5 ғасыр бойы араб жазуын пайдаланды. Көпшілікке мәлім, қазақ жазуын (араб графикасы негізіндегі) басқа графикаға көшіру мәселесі ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап көтерілген болатын. Сол уақыттағы баспасөз беттерінде араб жазуының кемшілік жақтарын, оның түркі тілдеріне жарамсыздығын айтып сынаған мақалалар көптеп кездеседі. Кей мақаланың авторлары араб жазуының қазақ тілінің дыбыстық жүйесін толық бере алмайтындығын, бас әріптердің, тыныс белгілерінің жоқтығы оқуда қиындық туғызатынын көрсете келіп, қазақ жазуын жетілдіру керек не басқа алфавит алу керек деген пікір айтады. Қазақ оқығандары, оның ішінде Ы.Алтынсарин тәрізді ағартушылар, қазақтың ұлттық жазба әдеби тілін қалыптастыру үшін оның дыбыстық жүйесін дұрыс бере алатын жаңа алфавит қабылдауды, не осы жазуды біраз жетілдіруді күн тәртібіне қоя бастады. Міне, осы пікір ағымын өз мақсаттарына шеберлікпен пайдаланған Н.И.Ильминский бастаған миссионерлер араб жазуының кемшіліктерін сынай отырып, қазақ жазуын бірден орыс графикасына көшіру идеясын қызу уағыздады.
Араб жазуын жетілдіру не басқа графикамен алмастыру мәселесі ХІХ ғасырдың екінші жартысында көтерілгенімен, бірақ өз шешімін таба алмай аяқталды. Бұған нендей себеп болғанын шығыстанушы Н.Яковлев былай деп көрсетеді: “Орыс графикасы миссионерлер мектебі арқылы таратылғандықтан кейбір халықтардың ұлттық сезіміне жағымсыз әсер етті. Бұл орыстандыру және зорлықпен ұлттық ерекшеліктерді жою үшін істелінген іс деп есептелінді”.
2.2. Латын әліпбиінің талқылауға ұсынылған нұсқасы туралы.
Латын әліпбиіне көшуге байланысты мәселе көтерілгеннен бері еліміздің түкпір-түкпірінде әртүрлі іс-шаралар жолға қойылып, үгіт-насихат, түсіндіру жұмыстары жүріп жатқандығы және оның әрі де жалғасын табатыны сөзсіз.
2017 жылдың 11 қыркүйегінде латын жазуы негізіндегі қазақ әліпбиінің нұсқасы Парламент мәжілісінде талқылауға ұсынылғаннан кейін жалпы халық өз пікірін білдірді, көпшілік қауым қоғамдағы болып жатқан бұл өзгерісті бей-жай қалдырмады. Бұл – құптарлық іс.
Алдыңғы жобамен салыстырғанда диграфтардың барлығы дерлік апострофпен өзгертіліп, әліпбидегі әріптің саны 32 болып отыр.
Диграфпен белгіленген ә, ө, ү, дыбыстарының таңбаларыae, oe, ue түрінде екі дауыстының әрпі қатар тұрғаннан кейін визуалды түрде қабылдауға қиындық туғызатындығы белгілі еді, себебі а-ның да, е-нің де өзіне тән дыбыстық сипаты бар, көп жағдайда, әрине көз үйренбегеннен соң, екі дауысты сипатында қабылдауымыз мүмкін болатын және бір әріптің орнына екі әріпті жазу арқылы мәтіннің көлемі ұлғаятыны да анық жайт.
Міне, бір ай уақыттан кейін 2017 жылдың 9 қазанында Елбасыға латын әліпбиінің өзгертілген жаңа жобасы таныстырылды және төмендегідей өзгерістер еніпті:
2.3. Латынәрпінекөшу-уақытталабы.
Қазақ халқы кеңестік қызыл империяның пәрменімен ХХ ғасырдың 20-30 жыл ішінде 3 рет әліпбиін (алфавитін) ауыстырған екен. Мұныңастарындахалықтыңғасырларбойғыжинақталған бай руханитарихынбіржолатаұмыттыру, отарлау, орыстандыру, жалған «сауаттандыру», мәңгүрттендірусаясатыжатқандығынбүгінгіұрпақжақсыбіледі.
1929-1940 жылдараралығындаресмитүрдеқолданылғанлатынәліпбиіменүкіметтіңқаулы-қарарлары, мемлекеттікбаспасөзі, көркемәдебиетіт.б. жарықкөріптұрды. Кейінненбұлжазукеңестікидеологияныңсаясатынмүлтіксізжүргізугекедергікелтіреді, біртұтаскеңесхалқынжасаймыз, баршажұрторыстіліндесөйлесе, солғұрлымкоммунизмге тез жетеміздегенжелеуменәліпбидікириллицағакөшіріпжіберді.
Соңғыуақытта осы латынжазуынақайтакөшунемесеқайта оралу мәселесікөпшілікарасындабіразпікірталасқаайналыпотыр.
Білім, ғылым, өндіріссаласынаеніпжатқанжаңатехнологияларғалатынәліпбиіарқылықолжеткізудеміз. Сондықтанлатынәліпбиінекөшуменхалықаралықақпараттықкеңістіккешығужеңілдейді, яғниғаламторжүйесінхалқымызғаанатіліндемеңгеругежолашылады. Қазірбәріміздіңкөзімізашық, көкірегімізояу, бірнешетілді бес-алтыайдыңішіндеқорықпай, еркінүйреніпалыпжатқанда, анатіліндегідыбыстардыбасқашатаңбалаудығанамеңгеріпалубіздергекөпқиындықкелтірмейді. Әрібүгіндеұялыбайланыстағыхабарламалардыңкөбі осы графикаменжазылуда.
Латынәліпбиінекөшумемлекеттіктілдіңқолданысаясыноданәрікеңейтугемүмкіндікжасайды. Тілтазалығымәселесінекелсек, тіліміздегіқазіргі жат дыбыстардытаңбалайтынәріптердіқысқартып, соларқылықазақтілініңтабиғи таза қалпынсақтауғамүмкіндікаламыз. Қазақтіліноқытуда басы артықтаңбаларғақатысты емес, ережелерқысқарып, мектептенбастапбарлықоқуорнындаоқытуүдерісіжеңілдейді.
Қазақстанныңкириллицанытастаплатынғакөшуі – көршімізРесеймендостықбайланыстарынан бас тартуыдегенсөземес. Бұл – тәуелсізелдіңішкіұлттықмәденимәселесі. Олмәселеніңкөршіелдерменқатынастарғақатысыжоқ. Ресей мен Қазақстанныңдостықнегіздегібайланыстарыекі ел үшін де пайдалыекеніанық. СондықтанҚазақстанныңлатынәліпбиінеөтуіРесеймендостықбайланыстардыжалғастыруғаешкедергікелтірмейді.
Өзгеұлтөкілдерініңмемлекеттіктілдіүйренуіне де өзәсерінтигізереді. Мәселен, бұғандейінкириллицаменжазылыпкелгенқазақтіліндегісөздерділатынәрпіментаңбалайтынболсақ, тілүйренушілеролсөздердібасқашақабылдайды, олардыңойындабасқа ассоциация пайдаболады: Қазақстан – Qazaqstan, өнер – öner, өзен – özen, өмір – ömirт.б
ІІІ. Тәжірибе бөлімі
Осы зерттеушілік жұмыс барысында көздеген мақсатыма жету үшін бірнеше әдістер қолдануды жөн көрген болатынмын. Оның себебі тақырыпты қамтитын, зерттеушілік сұрақтарыма жауап бере алатындай жеткілікті мәлімет алуым үшін бір ғана әдіс түрімен шектелу жеткіліксіз болып табылады. Кітпаханадан алынған мәліметтер , ғаламтор желісінен және сандық сауалнама нәтежиесінде алынған мәліметтермен толықтырылады, сонымен қатар әртүрлі әдістердің көмегімен алынған мәліметті басқа әдістер арқылы тексеруге болады. Зерттеушілік есептің ең басында мен колледж ішіндегі кітапханаға барумен шектелмей , қалалық кітапханалардың ішінен өзіме керекті мәліметтерді таптым. Және де тағы да бір қолданған қызықты әдісім колледж студенттерінен сауалнама алу болды. Бұл әдісті таңдаған кезде де алдымда екі таңдау тұрды олар интервью немесе сандық сауалнама болатын. Менің сандық сауалнаманы таңдағандағы негізгі себебім:
-
Колледждегі студенттердің ойын анықтау мен үшін маңызды болды.
-
Көп студенттер санының ойын біріктіріп, анализді нақтылап жасауға көмек берер еді
-
Сауалнама колледж қабырғасында өткендіктен жауап берушілерді табу қиын болған жоқ
-
Қазақ тілі пәнінен осындай тақырып қозғалғандықтан, ҚазГЗУ колледжінің студенттерінің осы мәселеге қызығушылық көрсеткенін қаладым
-
Студенттеріміз елдіміздің болашағы болғандықтан олардың латын әлипбиінің дамуына үлесі тиер деген ниетпен ой қалдырғым келді.
-
Мүмкін олар сауалнама толтыру барысында терең ойда қалған болар.
Жоғарыда келтірілген әдістердің көмегімен алынған мәліметтерді өңдеу кезінде колледж бағдарламамызда бар блум таксономиясын қолдандым, сонымен қатар сол мәліметтердің бәрін RAVEN арқылы өткізіп, мәліметтердіңбәрісенімдіекенінекөзжеткіздім
Rreputation автордыңрепутациясы,беделділігі
Aabilitytoseeмәселенікөребілумүмкіндігі
Vvestedinterestөзіндікқызығушылықтыңболуы
Eexpertавтордыңосысаладаэкспертболуы
Nneutrality–көзқарастыңбірдебіржағынқолдамай,нейтралитетсақтауы
Барлық критерийлерге сәйкес келген мәліметтерді өз жобалау жұмысымды жазубарысындақолдана білдім.
Жоғарыда айта кеткендей алынған сауалнамаға 78 адам толықтай жауап берген болатын және оның нәтежиесі келесідегідей.
-
Қазақстанда латын тілі қаншалықты дамыған деп ойлайсыз?
Бұл сұрақтың нәтижесі бойынша латын тілінің дамуы «жоғары» деген пікірмен 3 адам, «орташа»55 адам, «төмен»20 адам келісті. Орташа деңгейдің басым түскеніне қарағанда елімізде латын тілі толық түрде дамымаған.
2) Сіз латын әліпбиінің Қазақстанда дамуын қолдайсыз ба?
Осы сұраққа 62 адам, яғни 80%-і елдіміздің дамуына көп пайдасы бар екенін қолдады. Ал 4 адам латын тілінің дамуына қарсы болды. Менің ойымша олар латын тілінің зиянды жақтарынан сақтанғысы келеді.
Зерттеу жұмысын орындауда кез келген адамдар аз болса да қиыншылықтармен кездеседі. Сол секілді менде де қиыншылықтар болды, алайда таңдалған тақырып маған өте қызықты болғасын аса сезіле қойған жоқ. Және зерттеу барысында тақырыпты ашып, оны анықтауға көмектекен әртүрлі талдаулар болды. Сол талдау әдістерін толтыру арқылы толықтай қанағаттандырарлықтай нәтижеге ие болдым деген ойдамын. Бұл талдауларға PEST, GAP, SWOT және Форсайт, т.б жатады. Осылардың ішінен тек үшеуін ғана таңдап алдым (PEST, SWOT және Форсайт)
SWOT талдау
Weaknesses(әлсіз жақтары) |
|
|
Елде латынға ауысу мәселесі әлі дұрыс қолға алынған жок
|
Opportunities(мүмкіндіктері) |
Threats(қауіп - қатер) |
|