Материалдар / Ғылыми жоба "Латын әліпбиіне көшудің негізгі алғы шарттары "
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба "Латын әліпбиіне көшудің негізгі алғы шарттары "

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңда Қазақ алфавитін латын әліпбиіне өзгерту барысында әліпби тарихы туралы және алғышарттарыт туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қараша 2020
924
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады







Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ақтөбе қаласы

















2019-2020 оқу жылы





Мазмұны

І. Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

1 Латын әліпбиіне көшудің негізгі алғы шарттары

1.1. Қазақ тілі әліпбиінің тарихы



Қорытынды



Пайдаланылған әдебиеттер





























Кіріспе

Жазу- белгілі бір әріптердің жиынтығы ғана емес, ұлттың , мәдениетінің өзіндік болмысын танытатын таңбалар жүйесі. Сол ұлттың тарихы , мәдениетінің таңбаланған жәдігері . «Латын әрпіне көшу – қазақ тілін дамыту мен жаңғыртудағы ішкі қажеттілік» - деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Қазіргі уақытта латын әрпін қолдану, ең алдымен, заман талабы болып отыр. Латын әліпбиіне көшу, сайып келгенде, ана тіліміздің болашағын ойлап, қолданыс аясын одан әрі кеңейте түсуге мүмкіндік жасайды.

Зерттеу жұмысының мақсаты : Қазіргі қазақ тілінің латын әліпбиіне көшудің маңыздылығын тану , тарихын тану

Ғылыми зерттеу жұмысының өзектілігі : Әркім өзін ұлттың азаматымын деп ұғынса, қазақтың ұрпағы екенін сезініп атсалысса, тілді және тілдің тарихын білуі шарт .

.

Зерттеудің әдіс –тәсілдері : зерттеу, салыстыру, дәлелдеу, мысал келтіру, сауалнама жүргізу, талдау, тұжырымдау.























1. Латын әліпбиіне көшудің негізгі алғы шарттары

Елімізде латын әліпбиіне көшу мәселесі соңғы жиырма жылда көтеріліп, соның оң жылында қызу талқыланып келе жатқан тақырыптардың бірі екендігі бәрімізге белгілі-ақ. «Латын әрпіне көшу – қазақ тілін дамыту мен жаңғыртудағы ішкі қажеттілік» - деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған кезден бастап қазақ лингвистері мен зиялы қауымының арасында латын әліпбиіне көшудің пайдасы мен зияны туралы бірталай пікірталастар туындай бастады.

Қазіргі уақытта латын әрпін қолдану, ең алдымен, заман талабы болып отыр. Бұл үдеріс жақсы дайындықты және ойластырылып жүргізілуді қажет етеді. Осы орайда, ХХ ғасырда кириллица негізінде қазақ тіліндегі әдеби және ғылыми мұралардың ауқымды қоры әзірленгенін есте сақтағанымыз дұрыс.

Латын әліпбиіне көшу, сайып келгенде, ана тіліміздің болашағын ойлап, қолданыс аясын одан әрі кеңейте түсуге мүмкіндік жасайды. , Бір жазудан екіншісіне көшу халықтың осы рухани байлықтан сусындауына қосымша қиындық келтіруі мүмкін екендігі де талай адамға ой салары сөзсіз. Сондықтан әліпби  мен жазу мәселесіне әлеуметтік лингвистика тұрғысынан жете назар аударған жөн. Жазу мен әліпби мәселесі бір-бірімен тығыз байланысты болатындығын білеміз. Алдымен әр тілдің дыбыс қорын анықтап, содан кейін әр дыбысты әріптермен таңбалау қажет. Жазбаша тілді ауызша тілдің графикалық бейнесі деуге болады. Жазудың қандай түрі болмасын белгілі бір таңбалар арқылы жасалады. Әліпби жасау  үшін алдымен графикалық лингвистика  теориясын терең танып,  тілдің дыбыс жүйесіндегі фонемалардың өзіндік фонологиялық ерекшеліктеріне жете назар  аударып, бөгде  тілдерден енген сөздерге қатысты фонемаларды қалай  таңбалау  керек  деген  мәселелерді шешіп алу керек,  одан кейін тілдің  болмысын танытатын негізгі заңдылықтарын біліп, тілдің  табиғатына сай келетін, өзіндік дыбысталу  ерекшеліктеріне кері әсер етпейтіндей мәселелерді ескеру керек. Жазу барысында әр әріптің өзара кездесу жиілігі де  назарға алынуы тиіс екендігін көптеген лингвист-ғалымдар ескертеді [3].

Латын әліпбиіне көшу туралы сөз қозғалғаннан бастап жұртшылық арасында пікірталас өршіп кетті. Мысалы, «латын әліпбиін қабылдаған жағдайда келешек ұрпақ кирилл жазуы негізіндегі бұрынғы бай жазба мұрамызды оқи алмай қалады» деген пікірге, екінші біреулер: «Қазақтың жазба мұрасы көп жылдық тарихы бар елдерге қарағанда (қытай, араб, француз) аз, сондықтан қазіргі жағдайда барлық жазба мұрамыз бен жәдігерлерімізді латын әрпіне бірте-бірте көшіріп алуға мемлекетіміздің мүмкіндігі жетеді» дейді. Мұндай пікірлер көп-ақ, көп...

Елінің болашағын ойлаған әр азамат, зиялы қауым өкілдері, әртүрлі мамандық иелері латын әліпбиіне қатысты өз көзқарастарын білдіріп, ой бөлісіп жатыр. Дегенмен, мәселенің байыбына терең бармай, әліпби өзгертуді бұрынғы кирилл әріптерін латын әріптерімен ауыстыра салу деп түсінетіндер де бар. Егер бұлай түсінсек, яғни қазіргі қырық екі әріпті латын әріптерімен жай ғана алмастыра салсақ, одан ештеңе өзгермейді [1].

Латын графикасына (таңбасы) негізделген қазақ әліпбиін жасау ісінде тіліміз дыбыс жүйесіндегі төл дыбыстар мен өзге тілден енген кірме дыбыстарды жеке-жеке қарастырып, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері мен жазу барысында туындайтын әртүрлі заңдылықтары ескерілуі тиіс.. Осы орайда, латын графикасын қазақ әліпбиіне икемдеу бағытында өзінің салмақты ойлары мен ғылыми маңызды зерттеулерін көп талқысына ұсынып жүрген білікті ғалым Әлімхан Жүнісбеков еңбектерінің маңызы зор. Қазіргі таңда Әлімхан Жүнісбеков бастаған ғалымдар қазақ тілі дыбыс жүйесіндегі 28 фонеманы (9 дауысты, 19 дауыссыз) латын графикасымен таңбалап, жаңа қазақ әліпбиін дайындап отыр. Бұған қоса, кірме сөздерді таңбалау үшін «в», «ф», «һ» әріптерін де әліпбиге алу туралы пікір айтылды. Себебі бұл әріптер 1938 жылы әліпбиімізге енгізгелі қазақ тілінде әбден орнығып болды [2].

Сөйтіп, ғалымдар 30-31 әріптен тұратын әліпби жасауды нысана етіп отыр. Бұл бұрынғы 42 әріптің қысқарып, 10 таңбасы алып тасталынатынын көрсетеді. Мысалы, бұрынғы әліпбиде «ащы», «тұщы» және өзге тілден келген щетка, щи, деген санаулы сөзді таңбалау үшін арнайы «щ» әрпі алынған болса, енді осындай әріптердің қысқаруы нәтижесінде кірме әріптерге қатысты 30-40 басы артық ереже өзінен-өзі жойылып кетеді екен.

Қазір ғалымдар қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру ісін қазақ жазуын реформалау (қайта қарастыру) ісімен байланыстыру жұмыстарының ғылыми негіздемесін дайындап отыр.

Ахмет Байтұрсынов жасаған төте жазу орыс ғалымдары арқылы әлемге танылып, жоғары бағасын алды. Ғалымның әліпби мен жазу санасында ашқан осы ғылыми жаңалығы, жазу заңдылықтарымыздың негізгі тірегі болып, басқа әліпбиге, латынға, одан кириллицаға көшкенімізбен де қазіргі күнде де жазуымызға қызмет етіп келеді. Төте жазуда болмасақ та, әліпби түзу және жазу заңдылығы Ахмет Байтұрсынов ұстанған қағидаларға негізделген. Ал қазіргі қиындықтарымыз да осы Ахмет Байтұрсынов көрсеткен кейбір ұстанымдардан ауытқып, кірме дыбыстарды әліппеге талғаусыз қабылдап, содан соң кірме сөздерді де өзгеріссіз жазып, өзіміздің төл сөздеріміз бен терминдерімізді де ғалым көрсеткен жолмен қарыштата алмауымыздан туындады.

Сондықтан Байтұрсынов ұсынған қағидаларға қайта келу керектігін еріксіз мойындағандықтан да әліпби өзгертіліп отыр. Ертең латыншаға өткен кезде Ахмет Байтұрсынов ұстанған қағидаларды басшылыққа аламыз. Ал неге төте жазу емес, латын әліпбиі дегенге келсек, халық өз еркімен таңдауға мүмкіндігі болып тұрғанда әлемнің озық елдері игілгін көріп, көпшілігі қолдап отырған латын әліпбиіне біздің де көшкеніміз дұрыс болар еді. Егер біз қазір араб әліпбиімен жүрген болсақ, онда латынға көшу туралы әңгіме болмауы мүмкін. Қазіргі таңда латын әліпбиі үлкен беделге ие болып, қолданыс аясы да мүмкіндігі де зор екендігін танытып отыр. Сондай-ақ графизация заңдылықтары әріптің дыбысты таңбалау, көру, оқу, жазу талаптарына сай келуін қажет етеді. Жер бетінде латын әліпбиі барлық салада қолданылатыны байқалады. Барлық дәрі-дәрмек атаулары, математика, физика, химия формулалары, көптеген терминдер, мамандықтарға қатысты ғылыми әдебиеттер — барлығы да латын әліпбиімен байланысты екенін байқауға болады.

Тілдің қоғаммен бірге дамып, ғылым мен техника дамыған сайын көршілес елдерден және басқа да шетелдерден жаңа сөздер кіруі арқылы да толығып отыратыны табиғи заңдылық болып табылады. Қазіргідей басқа елдермен арада барыс-келіс жиілеген замандағы күнделікті тіршілікте өзге тіл сөздерінің енуі де, әсері де күшейе түспесе, бояуламайды. Ал кірме сөздердің барлығын дер кезінде қазақы айтылымға икемдеп отыру да оңай шаруа емес. Әрбір оқыған сауатты адам өзге тілден келген сөздің де қазіргі  кирилл әріптерімен өзгеше жазылып тұрғанын оғаш көріп тез қабылдай қоймауы мүмкін [3].

Ал латын әліпбиі бұл қиындықты өзі реттеп, жұртшылық кірме сөздерді қазақы қылып жазып, қазақы оқып кеткенін өздері де байқамай қалар еді. Сондықтан тіліміздің табиғи айтылымына қайшы келетін кемшіліктерімізден арылатын кез келді. Әр сөзді бабалар салған жолмен ұлттық үндесіміне қарай айтуымыз үшін жарыса қапталдап кедіргі келтіретін ескі әліпбиімізді латын әліпбиіне ештеңеден қорықпай алмастыра салуға мүмкіндік келді. Демек, ұрпақ келешегін ойласақ, ұлттығымыздың негізгі белгісінің бірі тілімізді сақтап қаламыз десек, бірден-бір дұрыс жол — латынға көшу.

Оқушылардың арасында латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру негізгі міндет болып табылып отыр. Қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін патриот ұрпақ тәрбиелеу де осының қатарына кіреді-міс.

Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты. Сондай-ақ, Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай бұл жұмысты қазірден бастан қолға алу қажеттігін атап өтті [6].

Демек, көп кешікпей егемен еліміздің латын әліпбиіне көшетіні айқындалды. Ал осы межелі мақсатқа кедергісіз қол жеткізу үшін не істеу керек? Бұл мәселені жан-жақты талқылау мақсатында республика көлемінде әрбір мекеме, ұйымдарда іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Әр мектепте, әр сыныпта осыған байланысты «Латын әліпбиіне көшу» туралы өз ой-пікірімізді ортаға салуға жиналып дұрыс-бұрыстығын анықтап, өз ойларын жеткізіп отыру тиіс

Мысалы, тарихшылардың көзқарасымен оқушылар талқылаған болса, барлығының ойы бір жерден шығады екен. Қазіргі уақытта еліміздің басты проблемасына айналып отырған ең өзекті тақырыптардың бірі – әліпбиіміздің өзгеруі, яғни қалыптасқан дәстүрді бұзып, кириллицадан латын әрпіне көшу. Қазақстан халқы өз тәуелсіздігін жариялағаннан бері бүгінгі қолданыста жүрген кириллицадан латын әліпбиіне көшу мәселесі жөнінде пікірлер жиі айтылып келеді.





1.1. Қазақ тіліндегі латын әліпбиінің тарихы

 Қазіргі қолданыстағы кириллица – қазақ тарихындағы төртінші алфавит екені бәрімізге мәлім. Сонау сақ дәуірі, түркі дәуірі кезеңіндегі ата-бабалаларымыз өздері ойлап тауып, енгізген, құрастырған алфавиттен басқалары бодандықтың кебімен күштеп енгізілді. Түркі заманынан мұра болып қалған осынау құндылық «руно» жазуы еді. Тіл – мәдениеттің негізі, жазу сол мәдениеттің жоғары сатысы. Біздің бабаларымыз мәдениеттің осындай жоғары сатысында болған. Түркі дүниесінің жазба мәдениетінің негізі болған Орхон, Енисей, Талас жазулары соның куәсі. Қазір өзіміз жиі айтатын Еуразия кеңістігінде кімнің жазуы бірінші десек, онда тарихи шындық көне түркі жазуын атар еді. Ендеше, біздің мәдениетіміз жалпы әлемдік өрке­ниет­те алдыңғы мәдениеттердің қата­рын­да. Бірақ өкінішке қарай, орыстілді қазақтар мұны білмегендіктен ана тіліне шорқақ. Сондықтан да олар қазақ тілінің болашағына күмәнмен қарайды. Егер сеніммен қараса ана тілімізді үйренер еді, балаларын қазақ мектебінде оқытар еді. Ондай қандастарымыз үшін өзге тіл өз ана тілінен артық. Бірақ олар сол орыс тілінің лексикалық қабатында қаншама жүздеген, мыңдаған түркі тілінің сөздері бар екенін де білмейді. Мысалы, күнделікті қолданыстағы қазы­на, теңге, үтік, сазан, сандық деген сияқты көптеген сөздердің орыс тіліне бізден енгенін көпшілік біле бермейді. Ана тілін білмейтіндер, не сөйлегісі келмейтіндер қазақ тілінің байлығы орыс тілінен әлдеқайда мол екенін де хабарсыз. Қазақ тілінің ең бай тіл екендігін шетелдік оқымыстылар талай рет жазған. Қазақ тілінің ғылымын қалыптастырып, ішкі тәртібін, жүйесін ретке келтірген Ахмет Байтұрсынұлы бастаған ғалымдар да тіл байлығын ерекше атап өткен. Біздің ойымызша, қазақ тілінің бай болуының бір себебі сан ғасыр уақыт бұзылмай таза сақталып келгендігінде болса керек. Бұл жөнінде Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан: «Нағыз түрік затты халық тілі – біздің қазақта» десе, тіл білімінің атасы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Жиырмасыншы ғасырға шейін түріктің тілін аздырмай асыл қалпында алып келген, тіл турасындағы абырой мен алғыс қазаққа тиісті», дейді Одан кейін араб шапқыншылығы кезеңінде елімізге араб жазуы (төте жазу) ислам дінімен қатар келді[6]

Латын және кириллицаны Кеңес үкіметі енгізді. Мұндағы мақсат – алфавитке көшу арқылы қазақ халқымызды рухани есеңгіретіп, халықтық болмыс, ұстанымдарынан айырып, мәңгүрт етіп алдарына салып айдап өз дегендерін жүзеге асыру еді. «Ресей тілін, дінін, жазу-сызуын орысқа аударса, үкіметке онан артық іс болмас» деген Ахмет Байтұрсынұлының 1914 жылы жарық көрген «Қазақ» газетіндегі жанайқайы бекер емес-ті. Кеңес үкіметінің орыстандыру саясаты мақсаты терең, ауқымды қарқынмен жүзеге асырылды. Нәтижесінде, орыс тілі өмірдің көптеген салаларында жалғыз ғана тіл болып, ұлттық тілдерді ығыстырды. Кирилл әліпбиінде тұрған уақытта тіліміздің көптеген ережесі орыс тілі­нің ыңғайына бейімделді. Әсіресе шет тілінен енген сөздер тілімізге орыс тілі арқылы кіріп біздің тілдік санамыз өзге тілге бейімделе бастады. Қазір жаңа әліпбидің емле ережелерін жасауда ғалымдарымыздың әртүрлі көзқараста болуы бір жағынан қазақ тілінің табиғи қалпын сақтау мен кеңестік кезеңде қалыптасқан тілдік санамыздың арасынан ортақ шешімді табу. Мысалы, орыс орфоэпиясымен біз «романды» «раман», «экономиканы» «еканомика», «авторды» «абтыр» дейміз. Ғалымдардың бір тобы мұндай сөздерді бұрынғыша жазайық, өйткені халық соған үйренген десе, келесі тобы тіліміздің табиғатына сай оларды өзімізше өзгертіп жазайық дейді. Ғалымдардың екі тобы да тіліміздің төл табиғатын сақтауды жақтайды. Бірақ олар қоғамда қалыптасқан тілдік сананы да есепке алу қажеттігін айтады. Ғалымдар қоғаммен санаспайын десе өз елімізде тұратын миллиондаған қазақтар ана тілін білмейді немесе біле тұрып сөйлемейді. Сонымен бірге өкінішке қарай, Қазақстандағы кеңсе тілі, мынау нарық заманындағы бизнес тілі, ақпарат заманындағы бұқаралық ақпарат құралдарының басым тілі орыс тілі болып отыр. Кеңестік кезеңде санамызға әбден кіріп алған отаршылдық зардаптары әлі бойымыздан шығар емес.

Ал тілші-ғалымдардың пікірінше, «Латын алфавитіне көшу — заман талабы» - деп ойлаймын. Себебі әр ұлттың өзіндік бірізділігі, ерекшелігі ең бастысы оның тілімен белгіленеді. Сондықтан тілдің дамуы, өркендеуі қандай болса да этнос үшін өте маңызды.

Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі тіліміздің әрі қарай жаңғыруына жақсы ықпал етері сөзсіз. Себебі латын әліпбиіне көшу арқылы біз психологиямызды, ми қабыршығы астындағы санамызды орыс тіліне деген тәуелділіктен босатамыз деп ойлаймын. Сондықтан мемлекеттік тілдің латын әрпіне көшуі – заман талабы. Бұл мәселені көтеру – Президентіміздің көрегендігін көрсетеді. Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек» - деген болатын. Ендеше орыс тіліне жалтақтай беріп қарайтынымыз да осы кертарпаның бірі деуге болады. Бұл жолда латиницаға көшу – тиімді әрекет. Ол біздің ұлттық кодымызды сақтап, ұлт ретінде дамуымызға жол ашады.

Латын әліпбиіне кіру- әлемдік ғылыми, тілдік кеңістікке кіру үшін қажет. Бұл басқасын айтпағанда, түркі халықтарына ортақ әріп. Сонымен қатар, әріп қолданысы қазақ тілінің фонетикасына үйлесімдірек болып табылады. Біз, әлемдік ғылым мен технологияны, экономиканы игеру үшін ағылшын тілін үйреніп келеміз. Латын әліппесі сол тілді игеруге негіз, тиімді алғышарт болары сөзсіз. Халықаралық терминологияны алыңыз, немесе медицина мен басқа ғылымдар тілі көбінесе латынша жазылады [7].

Менің пікірімше, ынтасы бар адамға бұл әріпті үйренудің еш қиындығы жоқ, соның ішінде жоғары білімді немесе шет тілін білетін адамдарға. Алысқа бармай-ақ қоялық, қазір көп адамдар әлеуметтік желілерде отырады. Сонда отырып- ақ, өзара латынша жазуды үйрене берсе де болады. Латын əліпбиіне көшіу – ол, өз əліпбиімзіге оралу, нақтырақ айтақанда түрік əлеміне, тіліне оралу деп түсінемін, сондықтан   тез арада көшуіміз кажет деген пікірдемін.
































Қорытынды

Қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің ең үлкен мақсаты тіліміздің тазалығын қалпына келтіру.

Кирилл әліпбиінде тұрған уақытта тіліміздің көптеген ережесі орыс тілі­нің ыңғайына бейімделді. Әсіресе шет тілінен енген сөздер тілімізге орыс тілі арқылы кіріп біздің тілдік санамыз өзге тілге бейімделе бастады. Қазір жаңа әліпбидің емле ережелерін жасауда ғалымдарымыздың әртүрлі көзқараста болуы бір жағынан қазақ тілінің табиғи қалпын сақтау мен кеңестік кезеңде қалыптасқан тілдік санамыздың арасынан ортақ шешімді табу. Мысалы, орыс орфоэпиясымен біз «романды» «раман», «экономиканы» «еканомика», «авторды» «абтыр» дейміз. Ғалымдардың бір тобы мұндай сөздерді бұрынғыша жазайық, өйткені халық соған үйренген десе, келесі тобы тіліміздің табиғатына сай оларды өзімізше өзгертіп жазайық дейді. Ғалымдардың екі тобы да тіліміздің төл табиғатын сақтауды жақтайды. Бірақ олар қоғамда қалыптасқан тілдік сананы да есепке алу қажеттігін айтады. Ғалымдар қоғаммен санаспайын десе өз елімізде тұратын миллиондаған қазақтар ана тілін білмейді немесе біле тұрып сөйлемейді. Сонымен бірге өкінішке қарай, Қазақстандағы кеңсе тілі, мынау нарық заманындағы бизнес тілі, ақпарат заманындағы бұқаралық ақпарат құралдарының басым тілі орыс тілі болып отыр. Кеңестік кезеңде санамызға әбден кіріп алған отаршылдық зардаптары әлі бойымыздан шығар емес. Латын әліпбиін қабылдау отаршылдықтың салдарынан арылудың қамы, яғни жоғарыда айтқанымыздай тар кеңістіктен жалпы ғаламдық кеңістікке шығудың әрекеті. Латын әліпбиі қоғамның барлық саласына уақытымен және сапалы түрде енуі үшін барлық қазақ өзінің ана тілінде сөйлеуі, оқуы және жазуы керек. Сонда ғана біз әліппе арқылы басталған тілдік реформаны жүзеге асыра аламыз.

Екіншіден, түркілік ортақ ынтымақ­тас­тық қамы. Дүние жүзіндегі түркі халық­та­рының 60 пайызға жуығы осы латын әліпбиінде. Қазір түркі тілдес халықтардың ішіндегі дербес мемлекеттер: Түркия, Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан. Осылардың Қазақстан мен Қырғызстаннан басқасы латын әліпбиінде. Латын графикасындағы түркі халықтары 55,5 пайыз, араб графикасында 25 пайыз, кирилл графикасында 17,3 пайыз. Түркі халықтарының көне заманнан қалыптасқан мәдени-тарихи тамырластығын және осындай рухани қатынастың қазіргідей жаңа деңгейде дамып жатқанын ойласақ, онда Қазақ елінің өзге әліпбиде қала беруі осындай сабақтастық пен тамырластыққа қайшы келеді. Біз жаңа әліпбиге көшкенде және бір нәрсені ұғынуымыз қажет. Кирилл әліпбиінде қалсақ, онда біз орыс тілінің ықпалынан шыға алмаймыз. Өйткені екеуі де ортақ таңбалардан тұрады. Яғни біздің ақпаратты қабылдауымыз, жазуымыз, жалпы мәдениетіміз кирилл негізді әліпбидің кеңістігінде қалмақ. Бұл кеңістік біздің қалауымызбен болған жоқ. Ол кеңістік бізге отаршылдықпен бірге келіп, мәжбүрленіп, міндеттеліп таңылды. Ал қазіргі кезеңдегі латын әліпбилі кеңістік ол жеке бір жұрттың, мемлекеттің басыбайлы кеңістігі емес, жалпы ғаламдық кеңістік. Яғни біз тар кеңістіктен анағұрлым үлкен ғаламдық кеңістікке осы латын әліпбиі арқылы шыға аламыз. Сөйтіп кирилл әліпбиі тұсында тіліміздің емле ережелеріне артық таңбалар арқылы, ұғымдар мен терминдер арқылы сырттан таңылған, жапсырылған, тіліміздің төл табиғатына зиян келтірген артық ережелерден құтыламыз. Яғни тіліміздің төл табиғатына ораламыз. Басқа тілдің ықпалымен бұзылған ережемізбен бірге, өз сөздерімізді табиғатына сай дұрыс жазу арқылы қазақ тілінің талай батыс, орыс саяхатшылары мен ғалымдары мақтаған әуезділігіне, бейнелілігіне жетеміз. Сөйтіп жаңа әліпби біздің жазуымызбен бірге сөйлеуімізді де қалпына келтіреді.

Үшіншіден, еліміздің жаһандану дәуі­рін­дегі дамуының қамы. Халықаралық қа­уымдастықта Елбасы айтқандай, латын таң­балы әліпбидің маңызы зор. Осыны ескеріп латын әліпбиіндегі мемлекеттерді айтпағанның өзінде Жапония, Қытай, тіпті, өздері үшін тарихи кирилл әліпбиіндегі Беларусь, Ресей, Украина сияқты мемлекеттерде латын әліпбиінің өзіндік стандарттары қабылданып, бекітілген. Ал бізде латын әліпбиі бекітілмегендіктен халықаралық құжаттар, пошта алмасуда, тіпті, жеке құжаттарымызды толтыруда біз стандартталмаған әліпбиді пайда­ланып жүрміз. Мұндай жағдаяттар қа­зіргі жаһандану кезеңінде заман ағы­мы­мен санаспауды көрсетеді. Жа­һан­дану кезеңінде Қазақстан жаңа әліпби арқылы тек әлеуметтік және экономикалық мәселелерді ғана емес, сонымен бірге қазақтар үшін аса зор рухани мәселені де шешеді. Ол әлемнің 50-ге жуық мем­ле­кетінде тұратын миллиондаған қа­зақ­тың ұлттық рухани бірлігіне қызмет етеді. Бұл арада бізге латын графикалы әліпбидің халықаралық деңгейдегі таны­мал­дылығы көмектеседі. Атап айтқанда, мәселен, Қытайда, Өзбекстанда, Ресейде, Қырғызстанда, Түрікменстанда, Түркияда және Еуропа мен Америкада тұратын қазақтардың латын әліпбиін білуі немесе оны оңай игеруі. Әлемнің қай түкпірінде де латын әліпбиі ең танымал әліпби. Себебі қай елдің болса да білім беру жүйесіндегі, әсіресе химия, физика, математика сияқты нақты ғылымдардағы атаулар, терминдер, шартты таңбалар осы латын әліпбиінде болса, екіншіден, жаһандану дәуіріндегі халықаралық пошта, авиа байланыстар, интернет домендер, ғаламдық деңгейдегі брендтер осы латын әліпбиінде екені мәлім. Сондықтан да шетелде тұрып жатқан күллі қандастарымызға латын әліпбиі жат емес. Яғни, қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру Қазақстан үшін ғана емес, дүние жүзі қазақтары үшін аса маңызды қадам.

ХХ ғасырдың соңы және ХХІ ғасырдың басындағы әлемдегі саяси, экономикалық және мәдени өзгерістер, жалпы адамзат баласының ілгерілеу векторлары мен перспективалары жаһанданудың барысын аңғарта бастады. Бұл векторлар мен перспективалар ағылшын тілінің кең қанат жайып бара жатқанын және латын әліпбиінің ғаламдық саясатта да, қарапайым тұрмыста да белсенді түрде қолданыла беретіндігін аңғартты. Қазіргі деректерге сүйенсек, әлемдегі 7 млрд 450 млн адамның 48%-ы латын әліпбиін қолданады екен. Осы көрсеткішке халқы жағынан бірінші және екінші орындағы Қытай мен Үндістандағы осы әліпбидің қолданылуын айтсақ және Үндістандағы ағылшын тілінің ресми мәртебесін қоссақ, онда әлемдегі жалпы халықтың жартысынан астамы күнделікті латын әліпбиін қолданады. Сондай-ақ ғаламда ғылым мен тұрмысты қосып жіберген ақпараттандыру, кибернетика салаларындағы шартты белгілер мен таңбалардың, математика, физика, химия, биология, медицина салаларындағы латын әліпбиінің жетекшілік рөлін айтсақ, онда жаһанданудың негізгі әліпбиі – латын әліпбиі екені даусыз. Бұрын латын әліпбиін тек ғылымда, білім беруде қолданса, бүгінгі күнде халықаралық деңгейде де, тұрмыстық деңгейде де қанатын кеңге жайды. Халықаралық деңгейде латын әліпбиі ірі бизнес жобалардың, әлемдік брендтердің таңбалық белгісі және халықаралық поштаның, әуе, теміржол, автомобиль қатынасының негізгі әліпбиі болды. Тіпті қай мемлекеттің азаматы екендігіне қара­мас­тан төлқұжат міндетті түрде латын таң­балары арқылы да жазылып жүргенін жақсы білеміз. Себебі ХХІ ғасырда адамзат етене, тым жақын экономикалық жағынан да, мәдени жағынан да араласа бастады. Осы араласуды қамтамасыз ететін халықаралық виза режімі осы әліпбиде жүзеге асырылады.

Ғаламдық жаһанданудың нақты, кең көрінісі – ақпарат алмасу. Әсіресе интернет жүйесі арқылы ақпарат алмасуда латын әліпбиінің үлесі тіпті зор. Интернет домендер, компьютерлер мен смартфондардағы шартты белгілер латын әліпбиінде. Яғни, әлемнің қай түкпіріндегі адам болсын өзіне қажетті ақпаратты іздегенде осы әліпбиге жүгінеді. Әліпбимен бірге негізінен ағылшын тілінде пайда болған ұғымдар мен терминдер де латын әліпбиі нұсқасында біздің пайдамызға жарап келеді. Сол себепті де, әсіресе жастар латын әліпбиін қолдануды жеңіл әрі қолайлы көреді. Сонымен бірге америкалық, батыстық өмір салтының белең алуы да бұл әліпбиді танымал етеді. Мәселен, ағылшын тіліндегі музыка, Голливуд фильмдері, брендтік тауарлар деген сияқты.

Тұрмыстық деңгейде де латын әліпбиі танымалдылыққа жетті. Үйдегі эл­ек­тр­лі тауарлар, жиһаз, ыдыс-аяқ, кос­ме­тика және басқа да аксессуарлар мейлі Аме­рикада, мейлі Қытайда немесе Ко­реяда өндірілсін, олардың атаулары латын әліпбиінде жазылып келеді. Күнделікті қолымыздан түспейтін телефон немесе телевизор пульттарындағы жазулар да осы әліпбиде. Әлбетте оларды күнделікті көру, пайдалану біздің санамызға латын әліпбиінің таңбаларына көздағдымызды қалыптастырады. Латын әліпбиінің осындай етене таныс болуы және осы әліпбиде атаулар жазылған тауарлардың сапалылығы оның біздің санамыздағы беделін, қазіргі тілмен айтсақ, «престижін» қалыптастырады. Осындай жалпы ғалам­дық беталыс жағдайында латын әліпбиін елемеу немесе оған қарсы тұру шараларын жос­парлау яки жүзеге асыру жалпы дамуға кедергі келтірмек. Өйткені қазіргі әлемдік кеңістікте оқшаулану қашан да регреске бастайды. Әрине, жаһанданумен ілесіп келетін барлық жаңалықтарды қабылдай беру жөн емес те шығар. Бірақ латын әліпбиінің заманауи, прогрессивті әліпби екенін қабылдамау мүмкін емес. Бұл арада әліпби мен тілді шатастырмау қажет. Латын әліпбиі дегеніміз бұл ағылшын тілі емес. Ағылшын тілі осы әліпбиде таңбаланатын жүздеген тілдердің бірі ғана. Оның бер жағында латын әліпбиі қазіргі кезеңде белгілі бір тілдің немесе мемлекеттің төл әліпбиі емес. Латын тіліндегі терминдер болмаса, ешкім де латынша сөйлемейді. Салыстыра айтсақ, кирилл әліпбиі 300 млн-ға жуық славян халықтарының төл әліпбиі. Қазақстанның жағдайында бізді отарлаған мемлекеттің әліпбиі. Осы тұрғыдан келгенде қазақ тілінің кирилл әліпбиінен латын әліпбиіне көшуі міндетті түрде отарсызданудың ең басты кепілдігінің бірегейі болмақ. Сондықтан да Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы ең бастапқы, бірінші міндет қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі қазақ халқын сана деңгейіндегі отарсыздануға, одан өрістеп жаңаша жаңғыруға, яғни бүгінгі ғаламдық үдерістерге ілесуге бастайды.

Жаһандану әлемдік зор құбылыс ре­тін­де қарсы тұруға ешқандай халықтың дәрмені жетпейтін феномен. Жаһандану жағдайында өзіңнің ұлттық және мем­ле­кет­тік келбетіңді сақтап, бейімделе білу тәсілі ғана бізді жаңғыруға бастап, қазіргі заманауи мүдделерді ұлттық міндеттермен сабақтастыра отырып шешуге мүмкіндік беретін үлкен мәселе. Оның маңызды алғышарттарының ішінде тілдің, соған орай әліпбидің де маңызы аса айрықша.

Бұл жаңа әліпбиге көшудің негізгі алғышарттары. Осындай алғышарттардан санамызға, білімімізге, мәдениетімізге сер­пін беретін талай жаңалық енбек. Әл­бетте, оған жету үшін мемлекетпен бірге ха­лықтың өзі ықылас қойып, ынтамен кірісуі қажет. Әркім өзін ұлттың азаматымын деп ұғынып, қаза

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!