Материалдар / Ғылыми жоба "Латын әліппиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі" Важнина Карина. 8 сынып оқушысы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ғылыми жоба "Латын әліппиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі" Важнина Карина. 8 сынып оқушысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мұғалімдерге, оқушыларға өте көмек болады деп ойлаймын. Себебі қазір латын әліпбиіне көшу Қазақстанның алдына қойған үлкен міндет.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қараша 2020
422
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі

Шығыс Қазақстан облысы

Риддер қаласы

Бутаково ауылы

 

 

 

 

 









Бағыты: Қазақ тілі мен әдебиеті

 

Секциясы: Қазақ тілі грамматикасы

 

 

Тақырыбы: Латын әліппиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі

 

 



 

Авторы: Важнина Карина, 8 сынып оқушысы

«Бутаково ауылының негізгі орта мектебі» КММ-сі

 

 

Жетекшісі: Мутиханова Манар Абеновна

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

«Бутаково ауылының негізгі орта мектебі» КММ-сі

 

2020 жыл

Мазмұны:



Кіріспе..............................................................................................................3



Негізгі бөлім



2. 1. Латын әліпбиінің тарихы және өзіндік ерекшеліктері....4



2. 2. Латын әліпбиінің алатын орны..................................................5



2. 3. Латын әліпбиі арқылы жаһандық әлемге жол ашу ...................................6



Қорытынды....................................................................................................13



Пайдаланылған әдебиеттер ........................................................................24






























Аннотация

«Бутаково ауылының негізгі орта мектебі» КММ-нің 8 сынып оқушысы Важнина Каринаның «Латын әліппиіне көшу – тіл тазалығы» атты ғылыми жобасы латын әліппиінің тарихы мен оның қолдану ерекшеліктерін танытуға арналған.

Жұмыстың мақсаты: Латын әліппиінің шығу тарихы мен ерекшеліктерін зерттей отырып, тарихи құнды мәліметтер жинақтау. Ұлтымыздың мұрасын сақтауға және оны насихаттауға, көбейтуге үлес қосу.

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Егер, Латын әліппиі өз дәрежесінде танытылып, қолданысқа енсе, онда жас ұрпақтың бойында ата-бабалар рухы, ұлттық өнер, діл, салт-дәстүріне деген құрметтері артып, таным қабілеттері арта түсер еді.

Зерттеудің теориялық мәнділігі: Ұлттық құндылықтарды ардақтау, құрметтеу, оларды үнемі есте сақтау қажеттілігінің нәтижелілігі айқындалды.

Зерттеудің практикалық мәнділігі: Зерттеу нәтижесінде жинақталған материалдар болашақта латын әліппиіне деген жастардың қызығушылықтарын арттырып, әрі қарай зерттеп, зерделеймін деушіге пайдалы нұсқа, сондай-ақ мектептің тарих, қазақ тілі пәндерінен эллективті курстардың бағдарламасына енгізуге де болады.

Зерттеудің дербестік нәтижесі:

- Латын әліппиінің шығу тарихы терең таныстырылды;

- Латын әліппиінің ғасырлар бойы қолданыста болуына аса мән берілді;

- Оларды басқа әліппилермен салыстыра зерттеу жүргізілді;

- Латын әліппиінің өзіндік ерекшеліктері айқындалады.

Жұмыстың орындалу әдістері. Латын әліппиінің шығу тарихымен терең танысу, деректер жинау, ғылыми ізденіс, зерттеу


















І. Кіріспе

Жұмыстың мақсаты: Латын әліппиінің шығу тарихы мен ерекшеліктерін зерттей отырып, тарихи құнды мәліметтер жинақтау. Ұлтымыздың мұрасын сақтауға және оны насихаттауға, көбейтуге үлес қосу.

Зерттеудің өзектілігі: Латын әліппиі көне және халықаралық альфавит. Латындар – римдік көне тайпалар. Латын әліпбиі б.з.б. VII ғасырда Римде грек және этрус әліпбиінің тармағы ретінде пайда болып, б.з. I ғасырда қалыптасқан. Орта ғасырда латын әліпбиі Еуропаға тарады. Африка, Америка және Азия халықтары пайдаланды. Қазіргі латын әліпбиінде 25 әріп бар. Дауысты дыбыстар е әрпі созылыңқы және қысқа айтылуы­на байланысты мысалы: Liber – тәуелсіз, Liber – кітап сөздердің мағыналары өзгереді.

ІІ. Негізгі бөлім

Латын альфавитінің шығу тарихы мен ерекшеліктері

Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылды. 1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» Заң қабылданды. Сондай-ақ Елбасы өзінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек» деді.

Түркітектес халықтар тілінде латын әліпбиі 1926 жылдан бастап

қолданылады. Латын әліпбиін алғаш қолданысқа енгізгендердің бірі – Түркия

мемлекеті. Біздің елде ХХ ғасырдың 20-жылдары қазақ зиялылары латын

әліпбиіне көшу мәселесін көтерді. Қазақ тілінің табиғатына сай әліпби үлгісін

жасап, қолданысқа енгізген болатын. Қазақ тіл білімінің, әліпбиінің негізін

салған бірегей ғалым А.Байтұрсынұлы: «Біздің заманымыз – жазу заманы:

жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман.

Сондықтан сөйлей білу қандай керек болса, жаза білу керектігі одан да

артық», - деген болатын. Бұл – ХХ ғасырдың басындағы қоғамдағы

коммуникациялық үрдістерді зерделеуден туған ой болатын. Қазір адамзат

баласы ХХІ ғасырға аяқ басып отыр. Жазудың маңызы бұрынғыдан бірнеше есе

өскен заман. Сондықтан, әлемдегі елдердің басым бөлігі, соның ішінде туыстас

түркі халықтары қолданатын латын әліпбиіне көшу – жаһандану дәуіріндегі

рухани жаңғырудың алғашқы да маңызды сатысы болмақ...

Латын әліпбиіне көшкенімізбен оны қолдану мерзімі ұзақ болмағаны

тарихтан белгілі. Бұл – кешегі кеңестік идеологияның салдары еді. Түркітектес ұлттардың түбі бір түркі екенін, тамырын тереңге жайған түбегейлі тарихы мен

мәдениеті бар елдер екенін ұмыттыру үшін жасалған сұрқия саясаттың айла-

шарғысы болатын. Ал рухани жаңғыру дәуірінде құлдық санадан арылып,

бұрынғы құндылықтарымызды қайта қалпына келтірудің қажетілігі өз-өзінен

түсінікті жайт.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, қазақтар арасында латын әліпбиіне көшу

мәселесі жиырмасыншы жылдың орта тұсынан бастап сөз бола бастады.

Алғашқыда осы жөнінде алдыңғы қатардағы қазақ оқымыстылары баспасөз

беттерінде арнайы мақала, пікір-талас ретінде өз ойларын білдіріп отырды.

Әліпбиге байланысты көзқарас, пікірталастарды бұқара арасына жариялап

халық талқысына салып отырған «Еңбекші қазақ» газетінің орны ерекше болды.

Аталмыш газетке екі топтың жүздеген мақалалары жарияланып отырды.

Айталық, Н.Төреқұлов «Бізге қандай әліппе керек», Ә.Байдилдиннің «Жаңа

әліппе тарихынан», Б.Байтоғайұлы, Қ.Басымов, М.Дулатов, Т.Шонанұлының

«Бізге жаңа әліппе не үшін керек», О.Жандосұлы, М.Жолдыбаев, Қ.Жұбанов,

Е.Омаров, Қ.Кемеңгеров, Н.Қаймекеұлы, Ж.Аймауытовтың, М.Мұхтарұлы

«Дыбыс белгілерін негізінен өзгерту керек» т.б. және шетелдік Г.И.Бройдо,

Н.Яковлев, Поливанов, Навширманов, профессор Ашмарин, профессор Жюзе, академик Бартольд, профессор Л.Жирков, профессор Б.Шобанзаде сынды ғалымдардың бірнеше мақалалары оған дәлел бола алады.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақ әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» 2017 жылы 26 қазандағы №529 Жарлығына қол қойды. Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 19 ақпандағы №637 Жарлығы жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілді.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халықтары Ассемблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде «Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік. Әйтсе де, латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдылыққа ие және көптеген елдер, соның ішінде посткеңестік елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес.....

.....біз бұл жерде асығыстыққа бой алдырмай, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін зерделеп алуымыз керек» - деді.

Біріншіден, латын әліпбиі әлемдік өркениетке аяқ басуымызға септігін тигізеді. Кириллица жазуын әлемдегі 12 мемлекет ғана пайдаланса, ал дүниежүзі халықтарының 80 пайызы осы латын әліпбиіне көшкен.

Екіншіден, латын әліпбиі есебінен басқа тілдерді үйренуге мүмкіндігіміз артады. Әрбір жаңа тіл – жаңа әлем. Оның үстіне – жаңатехнология тілі, ғаламтор тілі.

Үшіншіден, 1929-1940 жылдары латын әліпбиінде жаздық. Сол замандағы ұлы тұлғаларымыздың шығармалары мен қолжазбаларын келер ұрпақ қиындықсыз оқып үйренеді.

ІІІ. Қорытынды.

Мен «Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі»

Латын қаріпбиіне көшу – Рухани Тәуелсіздікке жасалған болашағы зор жарқын қадам!

Қорыта айтқанда, латын әліпбиіне көшу ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлеммен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады.


ІІІ. Қорытынды.

Мен «Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі» тақырыбында ғылыми жобамды қорғай отырып,қазақстанда қолданыстан шығып бара жатқан латын тілі арқылы жастарды әлемдік арена көшіне еруге шақырдым. Оның бүгінгі және келешек ұрпақ арасында қолдау табуы мақсатында халыққа үндеу-насихат жүргіздім.

Осы тақырыбымның қазіргі және келешек ұрпақ үшін де мәні аса жоғары деп есептеймін. Бұл ұлттық тілімізді насихаттаудың тиімді жолы. Әрине, бір ғана ұсыныспен бүкіл мәселе бірден шешіле қоймас. Бірақ осы тақырыптағы мәселелерді әрі қарай іліп әкетіп, қоғамдық шараларда, мектеп, балабақшаларда дәстүрлі түрде жиі тәрбие сағаттарын өткізудің жолдарын қарастырса құба-құп. Сөз соңында, елімізге тілерім ұлттық мәдениетіміз жаңғыра берсін, ұлдарымыз салмақты, қыздарымыз ибалы болсын! Ең бастысы, еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!

Ұсыныстар:

1.Әр қазақстандық мемлекеттік тілімізді құрметтесе, латын әліпбиінде жазу-сызуды үйренсе;

2.Көшелерде дүкен атаулары, мекеме атаулары тек латын әліпбиінде жазылса;

3.Латын әліпбиін үйрену үйірмелері ашылса;

4. Латын әліпбиі үйрену барысында жаһандық аренада өз орынымызды тапсақ.


ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруна Ltd.»ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-096-6

2. Әбілқасымов Б. Алғашқы қазақ газеттерінің тілі. А, 1971 –170 б. 43-бет

3. Әміржанова Н. Латын әліпбиі негізіндегі қазақ жазуының графикасы

мен орфографиясы. канд. дисс. Алматы, 2010

4. Елбасы өзінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауынан үзінді. «Егеменді қазақстан» газеті 2012 жыл 15 желтоқсан

5.









Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!