Материалдар / Ғылыми жоба "Мағжан Жұмабаев От өлеңі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба "Мағжан Жұмабаев От өлеңі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мағжан Жұмабаевтың "От"өлеңінің өзектілігін зеттеу.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің

«№29ЖББМ» КММ









Ғылыми -зерттеу жұмысы: Мағжан Жұмабаевтың «От» өлеңін қазіргі қазақстандық қоғамның рухани қажеттіліктері тұрғысынан қайта зерделеу







Секция: әдебиет




Жоба авторы: Батаарбек Сайран

7 «ә» сынып оқушысы


Жоба жетекшісі: Ивкий Индираканди

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі









Теміртау қаласы 2023 жыл

Мазмұны



1.Кіріспе ------------------------------------------------------------------------------- 1



ІІ.Негізгі бөлім



1.Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен қызметі------------------------------2-3



1.2.Мағжан Жұмабаевтың «От» өлеңімен үндес туындыларының мазмұндық ерекшеліктеріне шолу------------------------------------------------------------- 4-5



1.3. Ғұндар туралы зерттеушілердің пікірі-------------------------------------- 6



1.4Мағжан Жұмабаевтың «От» өлеңіне мәтіндік талдау. Өлеңнің мазмұндық-идеялық мәнін ашу. ------------------------------------------------------------- 7-8



М.Жұмабаевтың «От» өлеңі мен ғұндар байланысы:--------------------9-10



ІІІ.Қорытынды-------------------------------------------------------------------------- 11















Тақырыптың өзектілігі:

1.Заманауи жастардың ұлттық рухани құндылықтардың маңызын түсінбеуі. Сол себептен әлеуметтік желілердегі, тағы басқа ақпарат көздеріндегі ұлттық контентке көңіл аудармауы;

2.Халық арасында қандай да болсын әдебиетті оқуға қызығушылықтың төмендеуі. Себебі көпшілік (оның ішінде әсіресе жастар, оқушылар, ата-аналар бар) бүгінгі заманда жақсы өмір сүру үшін өткен замандарда жазылған кітаптардың, тарихтың, дәстүрлердің маңызы жоқ, маңыздысы – қалайша жақсы табыс табуға болатынын үйрену деп түсінеді. Осындай түсінік қате деп айтуға да болмайды. Бірақ рухани дами алмаған адам табысты бола алмайтынын түсіну маңызды

3.Ұлттық салт-дәстүрлер, фольклорлық туындыларды, көркем әдебиет туындыларын зерттеуде, талдауда, елге таныстыруда жаңашылдық жетіспей жатыр. Яғни заман жастарының таным ерекшеліктеріне, қызығушылықтарына, рухани құндылықтарының даму деңгейіне қарай жаңаша зерделеу, талдау өте сирек кездеседі. Өткен ғасырда ғалымдардың жасаған талдаулары, көзқарастары мен пікірлері сол заман үшін өзекті болғанымен, тез өзгеріп жатқан әлем сол мәселелерге басқа қырынан келуді талап етіп отыр.

























Жұмыстың мақсаты: Мағжан Жұмабаевтың «От» өлеңінің идеялық мазұнын ашу арқылы өлеңнің ұлттық рухты ояту құралы ретінде қолдану мүмкіндіктерін анықтау.

Міндеттері:

-Идеялық мазмұнына қатысты тарихи зерттеулерге шолу жасау;

-Өлең мәтінінде жиі кездесетін От сөзі мен Қараңғылық сөзінің мәнін ашу;

-Ақынның суреткерлік шеберлігіне талдау.

Зерттеудің әдістері:

Шолу, салыстыру, мәтіндік талдау









































1.Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен қызметі

Мағжан Жұмабаевтың қазіргі Солтүстік Қазақсан облыс, ақынның өз атымен аталатын ауданда, аймақтағы мыңнан астам шағын айдынның бірі-Сасықкөл жағасында 1893 жылы маусымның 25-і күні туды.Бұл өлке бұрын Ақмола облысы,Петропавл уезі, Сарыайғыр болысы, кейіндері Полуденовский болысы, бертін Бейнетқор, тағы бірде Булаев ауданы деп аталған.

Мағжан текті атадан әкесі Бекен дәулетті болыс болған кісі.Оның атасы Жұмабай сауда-саттықпен айналысып байыған. Көп нөмерлерінің Меккеге барып қажы атанған, ел сөзін ұстаған беделді адам боған.Көп немерелерінің ішінен Мағжанды бөліп атап «Менің атымды осы балам шығарады»,-деп отырады екен.Жұмабай 1899 жылы көз жұмады.Бұл кезде Мағжан алты жасар жеткіншек.

Ағаларына еліктеп, оқуды тым ерте бастаған.Әуелі ауыл молдасынан бір жаз оқып,қысында Қызылжарда медресе ашқан,Түркиядан оқыған Мұхаммеджан Бегішов деген иманға берілген.Бұл иман Мұсылмандарды шоқындыруға, патша өкіметінің миссионерлік әрекеттеріне қарсы әжептәуір ерлік көрсеткен қайраткер.Патша кеңселерінің қағаздарында Бекишов деп аталды.Ол жазған прокламацияның бір данасы Көкшетаудың қағазы Көшеғұлов (Қосшығұлов (?) Шаймерденнің қолымен көшіріліп , Абайдың қолына тиген.Полицмейстер өзі бастатып Абай ауылына тінту жүргізген кезіндегі тіміскілеп іздегені осы қағаз.

Бұдан әрі Мағжан оқуды жалғастыра береді.1902 жылдан 1906 жылға дейін төрт жыл шамалас Ақия Ақанов деген мұғалімнен білім алады. Сәбеңнің, Сәбит Мұхановтың айтуында, Ақия мұғалім жас Мағжанға арабша тілді білдіреді. Жадит жолымен тәпсірмен таныстырады.1906-1910 жылдары Мағжан Қызылжарда Қасен Панамарұлы деген жадит молдасының медресесінде мұсылмандық білімін шыңдай түседі.1911-1912 жылдары Уфа қаласындағы атақты медрессе «Ғалияда» оқиды.

Жас кезінде қай адам өз жанынан өлең шығаруға құмартпайды.Желбастыққа салынбаса да жел сөзбен әуестенушілік жағынан Мағжан құрбы-құрдастарынан қалыспағанға ұқсайды.Дегенмен, өлен-жыр есігінің босағасын шыңдап аттап, тәуекел етуі- 1910 жыл.Шығыс Қазақстанның Зайсан ауданында үш жыл шамасында мұғалімдік құрып, сол жақтан атақты «Оян қазақ!» атты өлеңдер жинағын бастыруға дайындап ала келген Міржақып Дулатовпен танысуға, жас ұстазынан орыс тіліне жаттығып,ұлы орыс классикасымен ауыздануды,Абай өлеңдері уызынан қанып ішуі, Омбыда «Бірлік» атты жастар қоғамы құрылып, сол қоғамның «Балапан» атты қолжазба журналына редактор боп сайлануы Уфадағы әдеби орта, медрессе «Ғалияда» сабақ беретін татар жазушысы Ғалымжан Ибрагимовпен жиі ұшырасуы,жаңадан бас құрап ұйымдаса бастаған әдеби ортаның жалындап тұрған жас талапқа жәрдемдесуі,-осының бәрі темір қанат балапан таланттың қауырсыны тез жебеленіп, «Шолпан» атты (1912) тырнақалды жинағының басылып шығуына себепті.

«Шолпан» жинағы Мағжан Жұмабаевтың ақындығының жас шағына, бірінші,бастапқы кезеңіне (1910-1912) нүкте қойып қана қоймайды.Бұл әдебиетіміздің Ыбырай Алтынсарин,Абай Құнанбаев,Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатовтың жақын есімдерімен тығыз байланысты ағартушылық кезеңінің соңғы бекеті де болатын.Бұдан кейін оқу-білімге шақырған өлеңдер болса,жаңалығы там-тұм, ілгердегі ағартушылық реализмнің сөзін қайталап, күйіс қайраудан әрі аспайтын.

Жас Мағжан Абайға еліктеді, өзін Алтын Хакім атаған ақынмен бір тақырыпта өлең сөз жарастырып та көрді.(«Жазғытұры», «Күз»).Сонымен біргге бұл кездегі қоғамдық ойдың ұлттық сипаты, орыс империализмінің отаршылдық езгісіне қарсы күрес әсіресе қазақ поэзиясы мен публицистикасында айқын , ашық басым сипат ала бастағаны мәлім.Осы ағымның ең көрнекті, жаңа өрнекті бастаушыларының бірі Мағжан Жұмабаев болды.Алғашқы жинағының өзі үлтшылдық сипат (ұлтжанды, ұлттық деген мағынада) алса, мұның өзі тек кітап сөзіне еліктеуден тумаған. Мағжанның бірден ұлт ақыны боп қалыптасуына өмірдің өзі әсер етті.

Мағжан жай ғана ақын емес, ұлт болашағы үшін күрескен Алаш қайраткері. Рухты жырларымен халықты жігерлендіріп, елді татулыққа шақырды. Бірақ солақай саясаттың құрбаны болды

Мағжан Жұмабаев қазақтың бірлігі мен Алаштың азаттығы үшін күрескен танымал тұлға. Оның күрескерлік өмірі мен шығармашылығы Кеңес кезінде кісенде болды. Қиялымен қазақ халқын бостандығынан айырмай, тарихын, мәдениетін, тілін, дінін ұмыттырмайтын, жақсылыққа кенелтетін, "өлтірмейтін" қоғам іздейді. Ол дүниені біртұтас құбылыс ретінде алып, адамды сол ұлы табиғат, жаратылыстың бір туындысы, бөлшегі ретінде суреттейді. Түркі тақырыбы қазақ халқының ұлт-азаттық тақырыбына ұласып, отаршылдыққа қарсы күреске алып келді. Өлеңдегі өміршең қуат пен сөнбес жалын жас ұрпаққа рухани күш беріп, қазіргі таңда өмірлік ұранға айналуы керек. Туған халқы туралы айтқанда, оның кешегі өткен жолын еске алады, оны бүгінгі жағдайымен салыстырады. Онымен де шектелмей, ақын жалпы түріктік идея көтереді. Түркі тектес халықтардың бәрінің болашағынан үміт күтеді, жалпы Шығысты пір тұтады. Бұл қатарда ақынның «Пайғамбар», «Күншығыс», «Түркістан», От», т.б. тәрізді бірсыпыра өлеңдерінде түптің түбінде жақсылық атаулының бәрі де Шығыстан келмек, Батыстан торлаған қою қара бұлтты Шығыстың жарық сәулесі ғана талқандамақ. Бұл өлеңдерінде ақынның туған жерге, өз топырағына, Шығысына деген ғажайып сүйіспеншілігі, перзенттік патриотизмі айқын көрінеді.

1.2 Ғұндар туралы зерттеушілердің пікірі:

Л.Н Гумилев былай деген: «Я русский человек, но всю жизнь защищал татар от клеветы». Ол түркі халықтары туралы қоғамдағы орнаған жабайылық пен тағылық тұрғыдан қарастыруды сынап, көшпелілерді өзіндік ерекше мәдениетті тасушылар ретінде көрсетті. Гумилевтің мәлімдеуінше ғұн державасының пайда болған кезеңі Б.з.б. 209 жыл. Бұл туралы өз кезінде В.В Радлов обьективті баға берген болатын: «У степных кочевников – очень своеобразная цивилизация». Қытайдың "Жылнама" атты байырғы кітабында айтылатын "тұрағы жоқ, үйі жоқ ғұндар бәле болды ғой" деген. Қытай деректерінде «Ғұн» атауының пайда болған кезі Б.з.б 3 ғасырдың аяғы. Ғұндар кезеңін қамтитын аралық Б.з.б. 3ғ 4 ғасыр аралығы. Қытай деректерінде ғұн басшысы лауазымы «шаньюй». Ғұн державасының негізін қалаған Мөде. Ғұндар мемлекеті әскери жүйе бойынша үш қанатқа бөлінген (оң, сол, орталық).Ғұн шаньюйінің жақын туыстары иеленген лауазым «Түменбасы». Әр түменбасының әскерінің саны 10 мың атты әскер болған.Ғұн мемлекетіндегі ру саны 24.Олар ақсақалдар кеңесіне бағынған, бұл кеңес жылына үш рет шақырылады. Ғұндар Қытайдың солтүстігіндегі Байкалдан Ордосқа дейінгі аралықты мекендеген. Қытай елі мен Ғұндар арасындағы соғыс 300 жылдан астам уақытқа созылды. Қытай мемлекеті Ғұндар шапқыншылығынан қорғану үшін Ұлы Қытай қорғанын Б.з.б 3 ғасыр аяғында тұрғызды. Б.з.б. 2 ғ.- б.з.б 1 ғасыр аралығында Ғұн мемлекетінің саяси күшейген кезі. Алайда, Б.з.б 55 жылы Ғұндардың біраз бөлігі өздерінің тәуелсіздігін сақтап қалу

үшін Чжи-Чжидің басшылығымен батысқа қарай қоныс аудара бастады.























1.3 Мағжан Жұмабаевтың «От» өлеңіне мәтіндік талдау. Өлеңнің мазмұндық-идеялық мәнін ашу.

«От» өлеңі 10 шумақтан тұрады. Сегіз тармақты, жеті буынды өлең өлшемімен жазылған. Өлеңнің негізгі ой-идеясын ашуда үлкен жүк арқалап тұрған түйінді сөз – От. Өлең мәтінінде 21 рет қайталанады.

Өлеңнің бірінші шумағынан бастап, Күннен туып, күннен қуат алған, барлық болмысы жарқырап, от болып лаулаған, оттың құдіретті күшіне ие, өзінен өзгені мойындамайтын, өзін барлық әлемнің иесі деп сезінетін құдіретті күш иесі оқырманның көз алдына келеді.

Күннен туған баламын,

Жарқыраймын, жанамын,

Күнге ғана бағынам.

Өзім - күнмін, өзім - от,

Сөзім, қысық көзім де - от,

Өзіме-өзім табынам.

Жерде жалғыз тәңірі - от.

Оттан басқа тәңірі жоқ.

Келесі шумақтарда (екінші, үшінші, төртінші) ақын небір бейнелі сөз оралымдарын қолдана отырып, кәдімгі оттың жану процесін, динамикасын сипаттайды. «Жалынмен жұмсақ сүйеді, Сүйген жері күйеді. Жымиып өзі жорғалар» деген жолдардағы кейіптеулер шөбі қураған жерде тұтанып, тез-тез жер бауырлап жылжып, артына қара күйік қалдырып бара жатқан оттың бейнесін дәл береді.















    1. М.Жұмабаевтың «От» өлеңі мен ғұндар байланысы:

дегенмен өлең шумақтарын ары қарай оқи түскенде ақынның суреттеуіндегі Оттың табиғатында басқаша, терең мән бар екені аңғарылады. Ақын «Өзім – күнмін, өзім - от, Сөзім, қысық көзім де - от», «Мен – оттанмын, от - менен», «Жалынмын мен жанамын, Оттан туған баламын» деген тіркестерді және осы мағыналас тіркестерді жиі қайталайды. Ақынның «Мен» деп отырғаны кім? Неге «Мен отпын, оттан жаралдым» дейді? Аталмыш сұрақтарға жауап табу үшін «Пайғамбар» өлеңін зер салып қайта оқуға кірістік. Себебі осы өлеңде ұқсас «Ерте күнде отты Күннен Ғұн туған. Отты Ғұннан от боп ойнап мен туғам. Жүзімді де, қысық қара көзімді, Туа сала жалынменен мен жуғам» деген жолдар кездеседі. Сонда Мағжанның «мен» деп отырғаны Ғұндардың ұрпағы түріктер, түріктің бір баласы – қазақтар болып отыр. Ертедегі Ғұндар туралы зерттеулерде ғұндарға берілген сипаттамаларға қарағанда да осы болжам дұрыс болады деп ойлаймыз. Демек, ақын Мағжан қазақтың отты Ғұнның ұрпағы екенін мақтан тұтады. Ақынның түсінігінде Ғұнның ұрпақтары от мінезді, от жүректі, от қимылды өткір, батыл, ержүрек халықтар.











































7 «ә» сынып оқушысы

Батаарбек Сайранның Мағжан Жұмабаевтың


Пікір

Ғылыми зерттеу жұмысында 7 -сынып оқушысы Батаарбек Сайран Мағжан Жұмабаевтың От» өлеңін қазіргі қазақстандық қоғамның рухани қажеттіліктері тұрғысынан қайта зерделеу тақырыбы бойынша зерттеуді мақсат еткен.

Ғылыми жұмыстың бірінше бөлімінде Мағжан туралы толық мағұлмат беріп, келесі бөлімінде ғұндар мен қазақ халқының ұқсатықтары, «от» сөзінің өлеңде қаншалықты қолданылғандығы туралы жақсы шолу жасаған. Өлеңнің әр құрылысына тоқталып сипаттап, қасиетін сипаттап жазған. Қазіргі заманда әдеби оқулықтардың қаншалықты мағына беретіндігі өзара салыстырып өзіндік зерттеу жүргізген.

Батаарбек Сайран бұл зерттеу жұмысын қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында, тәрбие сағаттарында қосымша материал ретінде пайдалануға болады.

Ғылыми жұмысты оқи отырып оқушының алдына қойған мақсатына жеткенін байқауға болады.



Пікір жазған: Тилеухан Б.

І санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі






Ұсыныс:

Осыған байланысты зерттеу жұмысымыздың нәтижесі ретінде төмендегідей ұсыныстар жасаймыз:

1.Ұлттық ақын-жазушылардың шығармаларын оқытқанда, салт-дәстүрлерді, фольклорды оқытқанда баяғыдан қалыптасып қалған жолмен, көптен айтылып жүрген мәселелерді жаттанды қайталап қоймай, бүгінгі жастардың таным-түсінігіне сәйкес жаңаша зерделеуге мүмкіндік беру керек;

2.Өзінің өмірі, еңбегі, табысы арқылы ұлттық құндылықтарымыздың үлгісін көрсетіп жүрген бүгінгі күн қаhармандары әлеуметтік желіде, БАҚ-та, оқу бағдарламаларында көп дәріптелуі керек;

3.Ұлттық құндылықтар өткен ғасырлардағы халық өмірі туралы жай уағыз түрінде емес, бүгінгі жастардың рухани қажеттіліктері зерттеліп, өзін танытуға, тегін танытуға бағытталған дүниелер соған сәйкес ұсынылуы керек.

4.Мектепте Teadx, Readx жобалары аясында Абай, Мағжан, Махамбет, Мұқағали сияқты классик ақындардың шығармашылықтарын жаңаша зерделеуді ұйымдастыру.

























ІV.Пайдаланған әдебиеттер

1.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030 Егемен қазақстан-1996

2.Б.Әбдешев «Мағжан»

3.Мағжан Жұмабаев «Жан сөзі» Алматы «Раритет» 2005 жыл

4. Мағжан Жұмабаев «Педагогика» Алматы-1993 жыл

5.Әндер жинағы

6.Жарықбаев Қ. Қалиев С. «Қазақ тәлім тәрбиесі» Алматы 1995 жыл

7.Қазақтың зергерлік әшекейлері.Алматы «Өнер» 1985 жыл

8.Қазақстан ұлттық энциклопедия Алматы-2002 жыл









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!