Материалдар / Ғылыми жоба: Мақал мен мәтелдің айырым белгілері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба: Мақал мен мәтелдің айырым белгілері

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жоба қалалық кезеңнен сәтті өтіп,жүлделі орын алып, облысқа жолдама алған жоба.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қырқүйек 2023
704
2 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ғылыми-зерттеу жұмысының жоспары:



КІРІСПЕ

1 Мақал-мәтел туралы түсінік

1.1 Мақал-мәтелдің зерттелу тарихы

1.2 Мақал-мәтелдің танымдық табиғаты

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2 Мақал мен мәтелдегі өзіндік айырым белгілер

2.1 Мақал мен мәтелдің құрылымдық ерекшелігі мен айырмашылығы

ҚОРЫТЫНДЫ


















































Аннотация

Бұл жoбaдa мaқaл мeн мәтeлдің aйыpым бeлгiлepiнiң қолданылуы, мaқaл мeн мәтeлдің зepттeлy тapиxы, танымдық табиғаты қарастырылады. Қaзipгi жaһaндaнy зaмaнындa өскeлeң ұpпaқты сaнa-сeзiмi, aқыл-oйы қaзaқи ұлттық құндылықтapды жoғapы бaғaлaйтын, бap aсылды бoйынa сiңiргeн сaнaлы ұрпaқ eтiп тәpбиeлeyдe мaқaл-мәтeлдiң aлap opны eрeкшe. Әp біp мақалды оқи отырып оның мағынасын түсініп, өмір жолына бағыт алып, кез келген әрекетке қорытынды жасап,саралай білуде даналардан шыққан асыл сөздің пайдасы тиері сөзсіз. Мақал мен мәтелдің құрылымдық ерекшелігі мен айырмашылығы туралы айтылады.













































Отчет проверки текста на Антиплагиат

Отчет предоставлен сервисом проверки текста на «Антиплагиат» - https://rustxt.ru/antiplagiat

 Распечатать отчет Новая проверка 

 Создать сылку 

100%

Уникальность текста

Начало проверки:

2022-09-19 23:02:06

Длительность проверки:

14 сек.

Символов в тексте:

8216

Без пробелов:

7248

Количество слов:

969

Количество предложений:

110

Размер текста:

1 Кб





























КІРІСПЕ


Ғылыми жоба тақырыбының өзектілігі. «Мақал мен мәтелдің айырым белгілері» атты ғылыми зерттеу жұмысына қазақ тіліндегі мақал мен мәтелдің айырмашылығы мен ерекшелігін, жасалу жолдарын анықтау мен оларды мысалдар арқылы көрсету жатады. Қазіргі қазақ тіл білімінде мақал мен мәтелдің ерекшелік белгілерінің бірқатары терең зерттелгенімен, зерттеуді одан әрі қажет ететін құбылыстар немесе зерттелген құбылыстардың зерттей түсетін тұстары да баршылық. сол құбылыстардың бірі – мақал мен мәтелдің айырым белгілері. Әрине, мақал мен мәтел мүлдем қарастырылмаған, не зерттелмеген құбылыс деп айта алмаймыз, бірақ оның толық зерттелмеген және әлі де болса қанағаттандыра алмай жатқан жақтары барлығын айқындай кеткіміз келеді. Міне, осы тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізудің өзі ғылыми жобаның өзектілігін көрсетеді.

Ғылыми жобаның мақсаты мен міндеттері. Ғылыми жобамыздың негізгі мақсаты – тіліміздегі мақал-мәтелдердің айырым белгілерін анықтау, оларға толық түсініктеме беру, меңгеру және жалпы ерекшеліктерін көрсету жатады. Алға қойған мақсатымызға жету үшін мынадай мәселелерді жүйелі түрде дәлелдеуді міндет етіп қойдық:

  • мақал-мәтелдердің зерттелу тарихын анықтау;

  • мақал мен мәтелдің ерекшеліктерін қалыптастыру;

  • мақал мен мәтелдің айырым белгілерін мысалдар арқылы көрсетіп, талдау.

Зерттеу нысаны. Бұл ғылыми жоба қазақ тіл біліміндегі мақал мен мәтелдің айырым белгілерін айқындауға арналады. Мұндай құбылыстар мен ерекшеліктерді көрсету үшін біз көркем әдебиетке жүгіндік.

Зерттеудің әдістері. Ғылыми жоба жұмысының мақсатына орай сипаттама, салыстырмалы әдістер басшылыққа алынды. Жиналған ақпараттарды іріктеу, талдау және жүйелеу әдістері қолданылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Мақал-мәтел ауыз әдебиеті озық үлгілерінің бірі. Сондықтан да олардың өзіндік ерекшелігі мен айырым белгілерін көрсету, мысалдар арқылы дәйектеу зерттеудің басты жаңалығы болып табылады.

Ғылыми жобаның теориялық және практикалық мәні. Мектеп оқулықтарында мақал-мәтел жайлы түсінік қысқаша түрде ғана кездеседі. Сол себепті оқушылар қауымы мақал-мәтелді және оның өзіндік белгілерін толықтай біле қоймайды. Ал біздің ғылыми ізденісіміз барысында тіл біліміндегі мақал-мәтелдердің табиғаты сипатталып, айырым белгілері анықталып, зерттелу тарихы жайлы түсініктеме беріліп, қорытындылар мен тұжырымдар жасалады. Ендеше бұл жұмыс қазақ тіл білімі, лексикология мен стилистика бойынша тың түйін жасауға, жаңа бағыт қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Ғылыми жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


1 Мақал-мәтел туралы түсінік

1.1 Мақал-мәтелдің зерттелу тарихы

Мақал-мәтелдердің табиғатын және олардың бір-бірінен айырмашылығын сөз етуден бұрын ең әуелі мақал-мәтелдердің зерттелу тарихына тоқталып өтуді жөн көрдік. Бұл салаға қатысты арнайы қалыптасқан ғылыми пәнді паремиология деп атайды. Көп жағдайда бұл әдебиет саласына қатысты болып келеді. Десек те тіл біліміне қатысты тұстары да бар. Сол себепті паремиологиялық зерттеулердің арасында филологиялық ізденістер өте көп. Осы тұста жалпы мақал-мәтелдерге қатысты зерттеулердің бастауында Г.Л.Пермяковтың бірнеше атаулы еңбектерін атап өтуге тура келеді. Олар: «От поговорки до сказки» (1970); «К вопросу о структуре паремиологического фонда» (1975); «Основы структурной паремиологии» (1988).

Бұл еңбектерінде ғалым түркі халықтарына ортақ (қырғыз, қазақ, өзбек т.б.) мақал-мәтелдерді, олардың мағыналық мәні, тақырыптық және семантикалық ерекшеліктеріне тоқталады.

Кейіннен мақал-мәтелдердәің сөздігі мен жинағын жасау жөнінде де бетбұрыстар көбейді. Бұл идеяны құптап әрі қарай дамыту мақсатында И.В.Даль, И.Е.Савенкова, В.Л.Жуков сынды ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Мақал-мәтелдер – сөздік қордың халық өміріндегі сан түрлі кезеңдерін, қарым-қатынасты қоғамдық тұрғыдан сипаттайтын қысқа әрі ұтымды, тұжырымды сөз бөлігі. Демек, халық өзінің өмірден түйгенін мақал-мәтел ретінде болашақ ұрпаққа үлгі ете отырып, білімге, адалдыққа, еңбекқорлыққа, елі мен жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді. Қазақ халқы үшін де мақал-мәтелдің алатын орны зор. Бұл турасында көрнекті ғалым Ш.Уәлиханов мынадай пікір білдіреді: «Тәуір деген әрбір би мен төре мақалдап сөйлеуді сүйеді және қатардағы қазақтармен сөйлескенде, тіпті кез келген сөзінде оны көп қолданады» [1, 185].

Сондай-ақ Х.Досмұхамедұлы: «Қазақтың мақал-мәтелдері ағыл-тегіл көптігімен және өткірлігімен ерекшеленеді. Ойды әдіптемей, мақал-мәтелдерді араластырмай, ақыл-нақылды қоспай, күлтелемей сөйлейтін қазақ кем де кем болған десек, артық кетпеген болар едік. Азды көпті шешен сөйлейтін кез-келген қазақ өз сөзінде мақал-мәтелге жүгінуге тырысқан, билер мен ел ішіндегі ділмарлардың сөздері халықтық мақалдар мен мәтелдерге тұнып тұратын» [2, 28], - деп басқа халықтармен салыстырғанда, ерекше көзге түсетін қазақ табиғатына тән, танымал мақал-мәтелдердің ерекшелігін айқындай түседі.

Демек, ел мен елді татауластыру, өріс-қоныс жер дауы, жесір дауы және тағы басқа билік-төрелік келісімдерде сөздің дәлелді, қисындылығымен қатар, тапқыр да тартымды болуына үлкен мән берген халық билері үкім сөздерінде, екі жақтың даулары мен ұтымды жауаптарында, әдетте, ұйқасты мақал-мәтелдерді өз орнымен тиімді қолдана білген.

Сондай-ақ, Абай, Жамбыл, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, А.С.Пушкин, М.Горький т.б. сынды әлем таныған ақын-жазушылар өз туындыларында сөз мәйегі санатындағы халық мақал-мәтелдерін асқан шеберлікпен қолдана білген.

Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерге қатысты материалдарға шолу жасау барысында оларды жинақтап, талдау жүргізу, жүйелеу ісінің 2 кезеңнен тұратындығы анықталды. Оның біріншісі – ХІХ ғасырдың ІІ жартысы. Кеңес дәуірінің 1948 жылдарына дейін мақал-мәтелдерді тек халық ауызынан жинап, жеке басылым ретінде жариялау. Ал, екінші кезең – оларды тілдік тұрғыдан зерттеу.

Сонымен қатар, қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерімен бірге қазақ мақал-мәтелдерін де қоса зерттегендердің қатарында Ы.Алтынсарин, Ә.Диваев, В.Радлов, Щ.Ибрагимов, М.Терентьев, Н.Н.Пантусов, А.Е.Алектров болды.

Қазақ мақал-мәтелдерін жинап, баспадан шығару ісі хронологиялық тұрғыдан алып қарағанда, 1847 жылдардан бастау алады. Алғашқы жинақ Щ.Ибрагимовтың құрастыруымен 1847 жылы жарық көрсе, Ы.Алтынсарин 1879 жылы «Қырғыз хрестоматиясы» атты еңбегінде ел аузынан жинаған қазақтың 67 мақалын кіргізіп, 1906 жылы Орынборда жарық көрген хрестоматияның екінші басылымында ел аузынан жинаған мақал-мәтелдердің ең таңдаулы 213 нұсқасын 11 тақырыптық топқа бөле отырып жариялайды.

Қазақ мақал-мәтелдерінің ғылыми тұрғыдан зерттелуіне келер болсақ, оларға арналған ірі монографиялық зерттеулер де, ғылыми еңбектер мен мақалалар да баршылық. Солардың ішінде зерттеу нысанына байланысты ғалым Б.Шалабаев алғашқылардың бірі болып 1948 жылы Алматыда жарық көрген «Қазақ әдебиетінің тарихы» [3, 72] атты очеркінде аталмыш тұрақты тіркестер тобын арнайы қарастырып, аңшылық, малшылық және егіншілік жөніндегі мақал-мәтелдер деп 3 топқа бөліп, олардың мағыналық ерекшеліктерін айқындайды.

М.Ғабдуллин «Қазақ халық ауыз әдебиеті» [4, 20] деген еңбегінде қазақ халқының шаруашылығын, кәсібін, тұрмыс-тіршілігін сипаттайтын мақал-мәтелдердің өмір танытқыштық мәні мен қызметіне тоқталады.

Қазақ мақал-мәтелдеріне қатысты ауқымды еңбек ретінде Р.Сәрсенбаевтың «Қазақ мақал-мәтелдерінің лексика-семантикалық ерекшеліктері» [5, 106] атты кандидаттық диссертацияны айтуға болады. Онда ғалым Ә.Диваев зерттеулерін басшылыққа ала отырып, мақал-мәтелдердің лексикалық ерекшеліктерін ашуға тырысады.

М.Әлімбаевтың «Өрнекті сөз – ортақ қазына» [6, 94] атты зерттеуі аударма мәселесіне арналады. Бұл еңбекте қазақ мақал-мәтелдерінің шығу тарихы, жасалу жолдары, ерекшеліктері, орыс тілінен қазақ тіліне аударылу қағидалары сөз етіледі.

Осылайша, қазақ мақал-мәтелдерінің зерттелу тарихына шолу жасау барысында оның 5 бағытта жүргізіліп келетіндігі айқындалды:

  • Бір тіл аясындағы зерттеулер;

  • Туыс тілдер арасындағы салыстырмалы зерттеулер;

  • Әртектес тілдер арасындағы зерттеулер;

  • Этнолингвистикалық астарларын ашу;

  • Қолданбалы мақсатқа негізделген ерекшеліктерін ашу.

Демек, қазақ мақал-мәтелдерінің зерттелу тарихы жайлы сан түрлі пікірлер мен бөліністер, көзқарастар өте көп. Қалай десек те, олардың түпкі айтар ойы мен ұстанар қағидасы бір екені анық.




















1.2 Мақал-мәтелдің танымдық табиғаты

Халықтың өмір тәжірибесін, жақсылық пен жамандық туралы ұғымын тіршіліктің сан тарауына берген бағасын, белгілі бір құбылыстардың қорытындысын, тобықтай түйінін әрі қысқа, әрі нұсқа етіп айтатын ғибрат сөздер мақал- мәтелдің ауыз әдебиетінде халықтың дүниені танып-білуінің дәрежесі байқалады, адамшылық, отаншылдық, еңбекшілдік, мәрттік, ізгілік, қаһармандық, мейірімділік секілді қасиеттердің парқы ажыратылып көрсетіледі. Халықтың тұтас бітім-болмысын ұлттық психологиямызда етене жақын ұғымдармен, ұлттық нақыш-бояумен шебер көрсететін және әдеби тілді дамытудағы орны айрықша даналық иірімдерінің бірі мақал-мәтелдер.

Мақал-мәтелдерде жиі кездесетін терең мазмұнды тұжырымды әсерлі, бейнелі түрде  оқырман ойында  тез сақталып, жатталып қалуға бейімділігімен назар аудартады. Бұл тұжырымдарда адам өмірінің алуан қыры қамтылып, адамның позициясы жалпы адамзаттық құндылықтар қарастырылады: белсенді іс-әрекетке үндейді, бір сөзбен айтқанда, мән-мағынасын, философиясын аз сөзге мақал-мәтелге сыйғызады.

Адамды адам еткен еңбек болса, сол еңбекті ұрпағына үйретіп, адалдыққа баулыған халқымыздың танымдық, тәрбиелік дәстүрлі салт - санасы, тұжырымдарының мәңгі нәр алатын рухани асыл қазынамыз дүниені көркемдік әдіспен бейнелеуде мазмұны терең, мыңдаған ұрпақтардың ми қазанында құрымай шыныққан ой - өрісі биік тәжірибе тезінен сұрыпталып өткен ой маржаны таза мақал - мәтелдердің шоқтығы биік.
Мақал - мәтелдер ұрпақтар ойының қиыннан қиыстырылған жүйесі мен қоғамдық тарихы тәжірибеде қорытылған жиынтығы, даналық ойдың шежіресі мен халықтың рухани өмірінің энциклопедиясы. Олар әлеумет өмірінің алуан саласын көркем образ түрінде бейнелеп, адамның сонау сәбилік дәуірінен сыр тартып, ұрпақтар үнінің жаңғырығынан елес беретін елгезек жанр. Осындай қасиеттерінің арқасында ұрпақтан - ұрпаққа таралып қалың көпшіліктің құдіреті, келісті көркем сөз кестесін қасиетті мұра ретінде жеткізді.

Сиқырлы сөз құдіретін, табиғатына терең меңгерген поэтикалық дарынды дала данышпандарының шығармашылық қиялынан туындаған мақал - мәтелдердің ат дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленіп, өмірдің сан алуан құбылыстарына баға беретін үлкен түйін жасалып, халықтың ғасырлыр бойы тәжірибесі қорытылған.

«Көп сөз көмір, аз сөз алтын» дегендей мақал - мәтелдің ой бойынан поэзияға тән жинақылық, үнділік ұйқас, ырғақты кездестіреміз. Онда басы артық сөз жоқ, бәрі орнында, екшеленген, сұрыпталған біріккен, ой - өркен ажыратпас туыстық тапқан. Мысалы: «Ер дәулеті – еңбек» мұндағы негізгі ой еңбектің құдіретін, бүкіл игіліктің көзі екенін білдіру түйінделген қазығы еңбек болған соң мақалда «е» дыбысы ерекше естіледі. Мақалға саздылық, үнділік беріп тұрған сол. Дәулет сөзінің мақал бітіміне кіруі де соған байланысты. Оның орнына ырыс, байлық, молшылық сөздерін қоса алмайсыз. Онда мақал поэтикалық қасиеттерінен айрылады. Мақал - мәтелдерде халық сөзді барынша үнемдеп қолданған. Кейде, тіпті, сөз тастап кеткен отырған. Бірақ одан мақал - мәтелдің, мәні өзгермеген. «Ақыл жастан - асыл тастан»- өлеңде «шығады» сөзі қалып қойған, бірақ одан ойсырап тұрған жоқ.
Мақал - мәтелдердің тақырыптары әр түрлі және алуан, ол халықтың әлеуметтік шаруашылығы, рухани өмірін түгел қамтиды. Сол арқылы әр түрлі тақырыптар Отан, туған жер, атамекен, адамгершілік пен достық, еңбек туралы болып келеді. Елі мен жерін емірене сүйген халық Отанды шексіз сүюді ұрпағына өсиет етеді. «Ел - елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен жақсы», «Туған жердей жер болмас - туған елдей ел болмас», «Өз елің - алтын бесік», «Ер жүрегі – ел үшін туады, ел үшін өледі», - деп халықтың туған жеріне, еліне деген шынайы сүйіспеншілігі терең түйінделген. Сол арқылы туған жерді алтын бесіктей аялап, бағалау керектігін, ол үшін өміріңді берсең де артық еместігін бейнелейді.

Мақалдар халықтың тұрмыс-тіршілігіне, қоғамдық өміріне, еңбегі мен тәжірибесіне байланысты туғандықтан, оның тақырыбы да орасан көп. Бұл ретте мақалға қосылмаған нәрсе жоқ деуге болады. Халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы мен салты, дүние танудағы көз қарасы, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен қайғысы, айтатын ақыл-өсиеті, үйрету мен үкімі, қысқасы халық өмірінің барлық жақтары мақал-мәтелдердің басты тақырыбы болып отырады.

Әр халық ғалам бейнесіне қатысты құбылыстарды танып түсінуге әрекет етеді. Сондықтан да халқымыздың мыңжылдықтар бойындағы тәжірибесі бүгінгі таңда тіл білімі саласында «тіл-ұлт-таным», «тіл-мәдениет-этнос» тұрғысынан зерттелуде. Қазақ тіл білімінде тіл мен танымның, тіл мен адамның, тіл мен ойдың, тіл мен сананың, тіл мен мәдениеттің, тіл мен қоғамның бірлестіктерін, олардың өзара бір-бірімен сабақтастығын зерттеу – дамып келе жатқан тың лингвистикалық ғылыми бағыттардың бірі. Қоғам дамыған сайын тіл мәселесі «адам-қоғам-табиғат» сабақтастығында тереңірек қарастырылып, тілдің жаратылысын, болмыс-бітімін, табиғатын ғылымның басқа салаларымен, яғни, этнография, философия, психология, когнитология, мәдениеттанумен ұштастыра зерттелетін болды. Соның негізінде жаңаша ғылыми бағыттар қалыптасты.

Қазақ  ұлты өзіне тән этностық табиғатымен ерекшеленеді. Әр ұлттың, этностың таным үрдісі мен рухани құндылықтарды қабылдау, зерделеу, тұжырымдау өрісі халықтың асыл мұраларынан көрініс тапқан. Мұндай асыл мұраларымыздың бірі, қазақ халқының әдет-ғұрып, ұғым-сенімін, дүниеге көзқарасын көрсететін өмір тәжірибесінен, тіршілік танымынан түйіп түзілген  – мақал-мәтелдер. Осындай ұлттық дүниелерімізді зерттеу ХХ ғасырдың соңғы жылдарынан бастап жан-жақты қолға алына бастады. Қазақ  ұлтының этникалық төлтума болмысын танушы тілдік дереккөз қызметінде жұмсалатын тілдік бірліктерді (сөздер, сөзбейнелер, фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар) лингвомәдениет танымдық, когнитивтік лингвистикалық, этнолингвистикалық бағыттарда зерттелінді деуге болады.

Бүгінгі күні ұлт (халық, этнос) болмысы тілдік танымдық әрекетпен, кеңістікпен, мәдениетпен, өркениетпен сабақтастықта қарастырылады. Өйткені мәдениет пен дәстүрде халық даналығы жатыр. Даналықтың іздерін шешендік сөздер, дидактикалық толғаулар, мақал-мәтелдерден кездестіреміз. Соның бірі – жеті аталық дәстүр. Бұл дәстүр – ата-баба арасындағы өзіндік байланысты қамтамасыз етеді. Айналып келгенде бұлардың барлығы тектілікті қалыптастырады. Тектілік бар жерде даналық, менталдық тұтастық бар. Тексіз менталитет желмен ұшқан қаңбақ секілді. Сондықтан болар, қазақтың «Тегіңе тартсаң, тозбайсың» — дейтіні, Жеті атасын білмеген – жетесіз, жеті атасын білмеген – жетімдіктің белгісі, Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер, Адамға екі нәрсе тірек – тегің, бірің – ділің жүректегі» дейді. «Адам» компоненті мақал-мәтелдердің ішкі құрылымы «адамгершілік, адами қасиет» категориясымен сабақтасып жатады да, адамның сыртқы және ішкі әлемін, яғни, мінез-құлық, жақсылы-жаманды қасиеттерін, ақыл-ой өресін тұтастай қамтуға бағытталады. Мысалы, Ақ көңіл адамға біреудің сырқаты да батады. Ақылды адамға екі дүниеде жол ашық.

Қазақ мақал-мәтелдерінің тақырыбы сан алуан. Әр оқырман өзіне қажеттісін таба алады. Бүгінгі күні көбімізді толғандырып жүрген заман тақырыбы. Мысалы, Заманына қарай адамы, Заманы бірдің амалы бір, Заманың қасқыр болса, түлкі боп шал, Хан біреу болса, ел түзелер, хан екеу болса, ел бүлінер, Елін сатып асаған, екі-ақ күн жасаған, Бірлікті ел бұзылмас. «Қоғам» — тілдік әлем бейнесінде адам өмірі мен дүниетанымына ерекше әсер ететін қоғамдық құбылыс. «Қоғам» тақырыбына қатысты мақал-мәтелдердің астарында қоғамдық өзгеріс, өмірге қалай бейімделу керек екендігі жатқандай, жаман жолға түспей, дұрыс жолмен жүру, адал өмір сүру қағидалары сөз болады. Бұдан мақал-мәтелдердің белгілі бір дәуірге тән ойлау-сөйлеу қызметінің тәсілін рухани, мәдени және ұлттық  құндылықтарын аңғаруға болады.

Халықтың өткен тарихы мен рухани-мәдени құндылықтарын  бейнелейтін тілдегі моделдердің әрқайсысының білдіретін өзіндік доминаты бар. Сондықтан олар этнос ерекшелігін, оның таным-түсінігін, ой-өрісін, бір сөзбен айтқанда, халықтың этно-мәдени-танымдық болмысын білдіре алады. Бұлар тілді қолданушының танымына, эмоциялық-экспрессивтік күйіне, образды ойлауына сай сөзге түрлі бояу беріп, белгілі бір мақсатта жұмсалады. Тілдік деректер этностың дүниеге көзқарасын көрсетеді деп айтуға болады. Жалпы ұлттың таным үдерісі халықтың ойлау, пайымдау, өмірді қабылдау қасиетімен бірге тілдік ерекшелігімен де аңғарылады.

2 Мақал мен мәтелдегі өзіндік айырым белгілер

2.1 Мақал мен мәтелдің құрылымдық ерекшелігі мен айырмашылығы

Мақал-мәтелдер-бірнеше ғасырлар бойы атадан балаға мирас ретінде беріліп келе жатқан халық даналығы. Кез-келген халық мақал-мәтелдерді үнемі естеріне сақтаған, даяр тұрған мұра ретінде ұстап, өзінің күнделікті тұрмысында, бір-бірімен қарым-қатынас кезінде пайдалануға, сол арқылы өз ойларын, танымдарын құнарлы да тұшымды, көрікті жеткізуге тырысады. Мақал-мәтелдер халықтың белгілі бір өмір тәжірибесінен жинақталған, айқын ойды үлгі-өнеге, өсиет ретінде көркем бейнелеп, жеткізетін халықтың көне де бай рухани қазынасы. Ел аузында «Ер қазынасы-ескі сөз, ел қазынасы-ескі сөз, тіл қазынасы-ескі сөз» [56], - деген мақал бар. Бұл мақал әшейін, әлдеқалай айтыла салған сөз емес, өмір жүзінде ел аузындағы ескі де мәнді сөздер.

Мақал-мәтелдер халықтың атам заманда өткен өмір тіршілігі мен бүгінгі болмысын болашағымен жалғастыратын алтын арқау: олар рухани, мәдени салт-дәстүрді жалғастырудың, адамдар санасында, қоғам жадында, тілінде, ділінде сақталуының бірден бір кепілі. Бұл қазына байлықтан айрылған этикалық қауым өзінің өткен өмірінен айрылды деген сөз, ондай қауымның болашағы да жоқ.

Олардың қалыптасу тарихы тым ерте басталып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, халықтың өткен өмірі, дүниетанымы, әдет-ғұрып, салт-санасы өзгеріп, білімі, мәдениеті артқан сайын өзіне тереңде мазмұнды, дұрыс идеялық мағынаны талап ете бастайды. Соған орай мақал-мәтелдердің тақырыптары да молыға түседі.

Мақал-мәтелдердің тарихи категория екендігі «Қазақ әдебиеті тарихы» атты еңбекте де айқын көрсетілген: «Қазақ мақал-мәтелдерінде қазақ елінің басынан кешкен тарихи  кезеңдердің із-сүрлеуі айқын көрінеді. Арғы көне заманнан бергі күні бүгінге дейінгі еліміздің тарихи даму жолында кездескен үлкенді-кішілі оқиғалардың бәріне де белгілі мөлшерде мақал-мәтелдер қазынасы өзінше енші қосқандығы  байқалады» [112]. Бұл ойды Ә.Диваевтың: «Мақал-мәтелдер халық творчествосының ең көне түрі. Сонымен қатар олар көне заманда туған күйі қатып-семіп қалған емес, дәуір өзгерген сайын молайып, толығып отырған, халық тұрмысындағы  әрбір елеулі кезең, жаугершілік, шапқыншылық болсын, той-думан болсын, шаруашылыққа байланысты жағдайлар, қуаныш-реніш, мұң-шер, азап пен рахатты сәттер түрлі айтушылардың өңдеулерінен өтіп қалыптасқан, мақалға айналған» [67], - деген пікірі құптай түседі. Әрі мақал-мәтелдердің заман дамуына орай өзгеретіндігін және көбейіп отыратындығын айтады.

Мақал-мәтелдер-кез келген ұлт мәдениетін, өмірін танытатын тұғыр. Ол өз тамырын тереңге жайып, ата-бабаларымыздың өмірімен, болашағымен астасып жатады. Қазақ мақал-мәтелдерінің өзіне тән негізігі бір  ерекшелігі - аз  сөзбен көп  мағына беретіндігінде.

Мақал-мәтелдердің сөз саралауы олпы-солпы болмайды, етек-жеңі жинақы, ықшам келеді. Айтылатын пікір, жасалатын қорытынды, берілетін баға толық дәлелденген, шыңдалып, шынайыланып жонылып, өткірленіп келеді.

 Ішкі құрыл

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!