Материалдар / Ғылыми жоба Маранта Фасцинатор (Сиынғыш гүлі )
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ғылыми жоба Маранта Фасцинатор (Сиынғыш гүлі )

Материал туралы қысқаша түсінік
Жұмыста Оңтүстік және Орталық Америкада кездесетін Маранта фасцинатор (Maranta fascinator) – сиынғыш гүлін Қазақстанның оңтүстігінде жерсіндіріп, үй жағдайында өсіру мақсатында зерттемелер жұмыстары келтірілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қазан 2021
630
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ



89 IT МЕКТЕП – ЛИЦЕЙІ









ЖҰМЫСТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: МАРАНТА ФАСЦИНАТОР (MARANTA FASCINATOR) – СЫЙЫНҒЫШ ГҮЛ

БАҒЫТЫ (СЕКЦИЯ): БИОЛОГИЯ



ОРЫНДАУШЫ: ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ ҚҰРАЛАЙ, 4 «Ә» СЫНЫБЫ, № 89 IT МЕКТЕП – ЛИЦЕЙІ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ



ЖҰМЫСТЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: БАЙБУТАЕВА МАДИНА ҚАХАРҚЫЗЫ







2021 ЖЫЛ



ТҮЙІНДЕМЕ

Жұмыста Оңтүстік және Орталық Америкада кездесетін Маранта фасцинатор (Maranta fascinator) – сиынғыш гүлін Қазақстанның оңтүстігінде жерсіндіріп, үй жағдайында өсіру мақсатында зерттемелер жұмыстары келтірілген.



АННОТАЦИЯ

В работе приведены материалы исследования акклиматизаций Молитвенной травы - Маранта фасцинатор (Maranta fascinator) в климатической среде южного региона Казахстана с целью выращивания в домашних условиях.



























1







КІРІСПЕ

Зерттеулерге байланысты қарасақ зиянды органикалық қосылыстар тұрақты түрде үй бөлмелеріндегі ауада болады, оның ішіндегі негізгі 5-і:

Формальдегид – үй жихаздарында, кілемдерде, темекі түтінінде, пластик ыдыстарда, тұрмыстық газдарда кездеседі. Олар аллергиялық реакция тудырады, астма және тері ауруларына әкеледі.

Трихлорэтилен – киім және кілем тазалау ұнтақтарында, хлорданған суда, принтер картридждерінде, сырлау материалдарында кездеседі. Олар күшті канцероген және көз бен теріні тітіркендіргіш болып табылады. Бауыр мен бүйрек ауруларына әкеліп соқтырады.

Бензол – темекі түтінінде, жуу-тазалау құралдарында, соның ішінде сабында, сырлау материалдарында, резинадан жасалған бұйымдардарда кездеседі. Олар тыныс алу жолдарына, жүйке жүйесіне қатты зиянды әсері бар.

Аммиак – компьютер техникасында, темекі түтінінде, тұрмыстық химия құралдарында кездеседі. Олар тыныс алу жолдарына, тамақ ауруларына әкеліп соғады.

Ксилол – ол көптеген пластмассадан жасалған бұйымдарда, сырлау материалдарында, сонымен қатар темекі түтінін мен тері өнімдерінде көптеп кездеседі. Олар тері, тыныс алу жолдарының ауруларын әкеліп соғады.

Осындай зиянды қоспалардан экологиялық түрде бөлмелерді тазалау үшін үй жағдайында өсетін өсімдіктерді өсіру маңызды болып табылады. Зерттеулер бойынша үй өсімдіктері аудағы зиянды заттардың 85% тазартуға мүмкіншілігі бар. Сондай-ақ, үй өсімдіктері ауаны тазалаумен қатар эстетикалық жағынан алатын орны зор. Олардың әдемілігі үй ішін декорациялық әрлеуге және жыл бойы, әсіресе қыс мезгілінде үй ішінде ашылып, жайқалып тұрған гүл адамға жақсы эмоционалдық әсер беретіні анық. Осы қасиеттерге ие Маранта фасцинатор (Maranta fascinator) – сиынғыш гүлі.







2





НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Маранта фасцинатор (Maranta fascinator) – сиынғыш гүлі Маранталық тектес өсімдіктер тобына жатады. Қазіргі жағдайға дейін бұл өсімдіктердің 25 түрі белгілі.

Маранта өсімдігінің әйгілі сорттарының отаны – Орталық және Оңтүстік Американың тропикалық орманды алқаптары. Оған XVI ғасырда өмір сүрген итальяндық дәрігер және биолог Барталомео Марантаның құрметіне ат берілген екен.











3

Маранта – бойы 15см-ге жететін, 20 см аспайтын, жапырақтары сопақ, тік өсіп жайпақ келетін және түйнек тамыры бар көп жылдық өсімдік. Оның жапырақтары керемет ашық бояулы сызықтармен өрнектелген қанық түстерден тұрады.

Маранта гүлінің жапырақтары өзінің тұрған орнымен бағытын өзгерте алатын қасиеті бар. Сондай-ақ, маранта гүлі жер бетімен жорғалап өседі.Ол өсіп келе жатқан кезде оған ешқандай қырқу жасалмайды.Оның жапырақтары қызғылттан қызылға,немесе көкшіл жасылға дейін, ал жоғарғы жағы ашық жасылдан қараға дейін түрленеді. Гүлге жарық жақсы түсе бастаса жапырақтары жайылып жерге горизонталды жағдайға дейін жетеді, ал керісінше жарық азайып немесе басқа қолайсыз климаттық жағдайлар туындаса жапырақтары жоғары көтеріліп бір-біріне шоғырланып қалады. Сол себептен бүл гүлдерді халық арасында «Дұға гүлі» немесе «Сиынғыш гүл» деп те атайды.







4

Өсіру жағдайларына қойылатын талаптар

Марантаның бойы аласа және өсетін жері тропикалық орманды алқап болғандықтан, биік ағаштардан күн сәулелері тікелей марантаға жете бермейді, бірақ жарық шашыраңқы түсіп тұрады және ылғал көп түседі. Марантаны үй жағдайында өсіру үшін осы екі қағиданы ұстану керектігін ескерсек, маранта жарық сүйгіш, біріқ тікелей күн сәулелеріне шыдамайды, яғни үй жағдайында оны тікелей күн көзінен қорғап, шашыраңқы жарық түсетін жерлерге қойған абзал. Күн сәулесінде қалған марантаның жапырақтары ағарып, өзінің қанық түсінен айырыла бастайды және жапырақтары кішірейіп кетеді. Сондай-ақ, жасанды жарық көздерінде де маранта өзін жақсы сезінеді екен.

Маранта жылу сүйгіш өсімдіктерге жатады. Жазда +22...+240С арасында ұстаған дұрыс, тым ыстық өсімдікке қауіпті болып келеді. Ал, қазаннан ақпанға дейін маранта ұйықтау күйіне түседі. Ол кезде +18...+200С температурада ұстаған жөн. Көптеген үй өсімдіктері сияқты марантада температура ауытқуларын жақтырмайды және жел өтінде тұрмайтын жерде сақтау керек.



5

Сондай-ақ гүліміз өте нәзік әрі ылғал сүйгіш болып табылады.Жаз мезгілінде үш-төрт күн сайын суарып,олардың қурап қалуына жол бермеуіміз тиіс.Сонымен қатар оны ылғал көп бөлінетін бөлмелерге қойған дұрыс мысалы асхана, және де асханада жуу-тазалау құралдары көп қолданылады. Одан бөлінген зиянды заттарды нейтралды күйге айналдырып, бізге әсер ететін қауіпін әлсіретеді. Және де өсу кезеңінде, жазғы мезгілде топырағын ылғалды етіп ұстау керек. Ал қысқы мезгілде керісінше су құюды азайтып топырақ бетін кебіңкі жағдайға жеткізіп ұстаған дұрыс.

Тыңайтқыштарға келетін болсақ, көктем-жаз маусымдарында өсімдіктің өсу қарқыны жоғарылай түскенде, оған қажетті қоректің де мөлшері жоғарылай түседі. Сол үшін 2 аптада 1 рет органикалық және минералды тыңайтқыштармен кешенді қоспасымен тыңайту керек. Ал, қыс мезгілінде тыңайтқыштарды беруді тоқтатқан дұрыс.







5

Әр жылы көктем мезгілінде марантадан жас көшеттерін негізгі бөлігінен бөліп алып отырғызу оның денсаулығына жақсы әсер береді. Ол үшін енділеу, терең емес ыдыс алып, оның ішіне жарытысынан сәл төмен керамзит тастарын саламыз, ол біздің дренаж болады. Оның бетіне әмбебап топыраққа құм араластырып салып үстіне жас көшетті қойып тамыр беткейін әмбебап топырақпен көмеміз. Содан соң, тамыр стимуляторын суға араластырып құямыз, менің жағдайымда «Корень супер, ВРГ». Болды, біздің жаңа кішкентай марантамыз дайын.

Бәріміз білетіндей, әр өсімдіктің зиянкестері болады. Марантаның зиянкестеріне және олардан қорғану жолдарын қарастырсақ. Марантаға, егер ауа кебу болып ұзақ уақыт тұрып қалса, өрмекші кенесінің зиянды әсеріне ұшырайды. Онымен күресу жолы, инсектицидтер және алдын-алу үшін жапырақтарының асты жақтарын жылы ағынды сумен жуу керек. Ұнды құртына – инсектицид қолданған дұрыс.



Марантаны дұрыс емес жағдайларда өсірудегі болатын салдарлар:

  • Жапырақтарының сарғайып түсуі – ауаның тым құрғақ болуы;



6

  • Сабақтарының солуы мен шіруі – төмен температурадағы ауаның ылғалдылығы жоғары жағдай;

  • Жапырақ ұштарының қоңыр-сары түске боялуы – қоректік заттардың жетіспеуі.



7







Қорытынды

Температура: көктемгі-жазғы маусымда +22...+240С арасында, ал күзгі-қысқы маусымда +18...+200С ұстаған жөн;

Ылғал: топырақ жағдайына байланысты жылы тазаланған су;

Ауа ылғалдылығы: жоғары бөлмеде ұстау керек;

Тыңайтқыштар: органикалық және минералды көктем-жаз маусымында 2 аптада 1 рет;

Ұйықтау кезеңі: қазаннан ақпанға дейін.





































Қолданылған дереккөздер:

  1. https://www.botanichka.ru/article/maranta/

  2. https://rastenievod.com/maranta.html

  3. https://greendom.biz/komnatnye-rasteniya/dekorativnolistnye/maranta/obsch.html

  4. https://floristics.info/ru/stati/2188-maranta-v-domashnikh-usloviyakh.html













8

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!