Материалдар / Ғылыми жоба. Мыңшұңқыр шипажайының туристік әлеуетін арттыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба. Мыңшұңқыр шипажайының туристік әлеуетін арттыру

Материал туралы қысқаша түсінік
: Асқақ Алтай мен сұлу Марқа өңірінің табиғаты осы уақытқа дейін сан рет зерттеліп, бірнеше мәрте ғылыми жұмыстардың жазылып, қорғалғаны баршаға мәлім. Дегенмен қасиетті Марқа жері әлі де толық қарастырылмаған, тылсым сыры толық ашылмаған тұңғиығы тереңде жатқан қасиетті өлке деген ойдамыз. Себебі сол Марқа жерінде Мыңшұңқыр атты тамаша жер бар. Мыңшұңқыр жерінде «сор» деп аталатын тұзды-батпақты шұңқырлар орналасқан. Ал шұңқырлардың әлемдік деңгейде еш теңдесі жоқ емдік қасиеті бар екені де бізге мәлім. Сол Мыңшұңқыр жерін жан-жақты зерттеген мағлұматтарды біз еш жерден таба алмадық. Сондықтан да осы бір табиғат құбылысының сырын ашып көруге бел будық.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

КІРІСПЕ


Жобаның мақсаты: Марқакөл өңіріндегі Мыңшұңқыр аймағын жан-жақты қарастыру, оның емдік, шипалық қасиетін барынша ашу және туризмге қосар үлесін айқындау арқылы ауыл экономикасына ықпал ету.

Жобаның өзектілігі: Асқақ Алтай мен сұлу Марқа өңірінің табиғаты осы уақытқа дейін сан рет зерттеліп, бірнеше мәрте ғылыми жұмыстардың жазылып, қорғалғаны баршаға мәлім. Дегенмен қасиетті Марқа жері әлі де толық қарастырылмаған, тылсым сыры толық ашылмаған тұңғиығы тереңде жатқан қасиетті өлке деген ойдамыз. Себебі сол Марқа жерінде Мыңшұңқыр атты тамаша жер бар. Мыңшұңқыр жерінде «сор» деп аталатын тұзды-батпақты шұңқырлар орналасқан. Ал шұңқырлардың әлемдік деңгейде еш теңдесі жоқ емдік қасиеті бар екені де бізге мәлім. Сол Мыңшұңқыр жерін жан-жақты зерттеген мағлұматтарды біз еш жерден таба алмадық. Сондықтан да осы бір табиғат құбылысының сырын ашып көруге бел будық.

Жұмыстың мақсаты мен міндеті. : Марқакөл өңіріндегі Мыңшұңқыр аймағын жан-жақты қарастыру, оның емдік, шипалық қасиетін барынша ашу және туризмге қосар үлесін айқындау арқылы ауыл экономикасына ықпал ету

Зерттеу жұмысының мәні. Туризм саласы үшін Мыңшұңқыр кешені туралы толық ақпарат беру.

Зерттеу жұмысының нысаны: Мыңшұңқыр

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Мыңшұңқыр туралы жазылған еңбектер өте аз. Кешенді, жоспарлы түрде зерттеу жұмыстары жүргізілген жоқ. Зерттеу жұмысының жаңалығы да тақырыпты кешенді әрі жүйелі түрде терең зерттей отырып, құнды ақпарат жинақтау.

Зерттеу жұмысының болжамы. Егер де біз, табиғат ескерткішіне кешенді түрде ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіп тиісті іс-шаралар атқарсақ, осы аймақта туризмді дамытуға қолайлы жағдай туады.


Зерттеу жұмысының базасы.Ұлан ауданы, Мыңшұңқыр ауылы

А.С Пушкин атындағы кітапхана.

Зерттеу барысында қолданған әдістер: ғылыми әдебиеттерді талдау, сауалнамалар жүргізу, әңгімелесу, сұрақ-жауаптар

Зерттеу жұмысының негізгі кезеңдері. Зерттеу жұмыстары 2020 жылмен 2021 жыл аралығында жүргізілді. Зерттеу жұмысы екі кезеңнен тұрады: теориялық және практикалық.

Зерттеу жұмысының дереккөздері: Географ ғалымдардың әдіскерлік еңбектері, ғаламтор сайттары, мақалалар.

Зерттеу жұмысының практикалық қолдану салалары:

аталған туристік орындардың кеңінен танымал болуы, оған қызығушылықтың артуы, сол арқылы көптің сұранысына ие болуы барысында мемлекет тарапынан да сол орындарға көптеп көңіл бөлінуі;

кей назардан тыс қалып бара жатқан жерлердің қайта қалпына келтіріліп, мемлекеттің тікелей қорғауында болуы;

алыс-жақын аймақтардан келетін туристердің саны артуы нәтижесінде өңір экономикасының дамуына үлес қосылуы.

Зерттеу жұмысының нәтижесі. Асқақ Алтай мен сұлу Марқа өңірінің табиғаты осы уақытқа дейін сан рет зерттеліп, бірнеше мәрте ғылыми жұмыстардың жазылып, қорғалғаны баршаға мәлім. Мыңшұңқыр жерінде «сор» деп аталатын тұзды-батпақты шұңқырлар орналасқан. Ал шұңқырлардың әлемдік деңгейде еш теңдесі жоқ емдік қасиеті бар екені де бізге мәлім. Сол Мыңшұңқыр жерін жан-жақты зерттеген мағлұматтар жоқтың қасы. Сондықтан да осы бір табиғат құбылысының сырын ашып көруге және оның туристік әлеуетін арттыруға бел будық және де аудан тарапынан, облыс тарапынан тиісті іс шаралар жасалуы керек деп есептейміз.





МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ...................................................................................................3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1 ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН ТУРИЗМІНІҢ ҚАЗІРГІ ӘЛЕУЕТІ.........6

2 ТАРАУ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ ТУРИСТІК МҮМКІНДІКТЕРІ..............................................................................................11

3 ТАРАУ «МЫҢШҰҢҚЫР» ШИПАЖАЙЫНЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУ......................................................................................17

3.1 Мыңшұңқыр киелі жеріне сипаттама..........................................17

3.2 Мыңшұңқыр жерінің туризмге қосар үлесі................................18

ҚОРЫТЫНДЫ ......................................................................................22

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .....................................................24

















1 ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН ТУРИЗМІНІҢ ҚАЗІРГІ ӘЛЕУЕТІ


Туризм – жалпы халықаралық көлемде танылған аса маңызды мәдени-ағарту, спорттық, демалыс шаралары ретінде кеңінен мәлім екендігі белгілі. Адамзат тарихында саяхаттау сауданы дамыту, жаңа жерлерді жаулап алу және игеру, ресурстарды іздеу мақсатымен пайда болды. Саяхат – адамдардың жылжу мақсатына байланыссыз кеңістіктегі қозғалысы. Саяхаттың бір түрі туризм болып саналады.

Туризм Қазақстан экономикасындағы қарқынды салалардың бірі, Халықаралық сарапшылардың пікірінше қазіргі кезде туризм әлемдік экономикадағы қарқыны төмендемейтін саланы біріне жатады. Туризм көп елдерде жалпы ішкі өнімнің қалыптасуына, қосымша жұмыс орнын құруға және сыртқы сауда балансының белсенділігіне ықпал етеді.

Туризм саласының дамуына ықпал ететін факторлар:

  • кез-келген елде, Қазақстанда да туристік рекреациялық ресурстың болуы;

  • туризмге тура немесе жанама салалардың және кәсіпорындардың дамуы;

  • сыртқа шығу туризмнің елге шетелдік валютаны тартуы;

  • аз мөлшерде шығын шығарып табыс табу;

  • алғашқы өндіріс факторын қамтамасыз етудегі шығынның болмауы; -халықты жұмыс орнымен қамтамасыз ететін орта және шағын бизнестің дамуы;

  • қызмет көрсету секторының өсуі;

  • елдің әлемдік қауымдастыққа белгілі болуы және бет-бейнесінің қалыптасуы.

Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқандықтан Қазақстан аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып көрікті жерлер ежелден саяхат және туризм нысандары болып табылған.

Қазақстандағы туристік ресурстарға – туристік қызмет көрсету нысандарын қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру нысандары, сондай-ақ туристердің рухани қажеттерін қанағаттандыра алатын, олардың күш-

жігерін қалпына келтіріп сергітуге жәрдемдесетін өзге де нысандар жатады. Олар мәдени-танымдық, экологиялық, спорттық, әлеуметтік, діни, т.б. туризм түрлеріне бөлінеді. Табиғи-рекреациялық нысандарға Солтүстік Қазақстан аймағындағы Көкшетау, Бурабай, Баянауыл, Ерейментау, Шығыс Қазақстан аумағындағы Зайсан, Марқакөл, қазақстандық Алтай, Оңтүстік Қазақстан жеріндегі Батыс, Солтүстік Тянь-Шань, Алтынемел таулары, Жетісу алабы, Батыс Қазақстандағы Үстірт, Мұғалжар, Каспий ойысы, Жайық өңірі, Орталық Қазақстандағы Қарқаралы, Қызыларай, Бектауата, Ұлытау, т.б. табиғи нысандар жатады. Сонымен бірге Алматы облысындағы ұлттық саябақтар мен қорықтардың туризмді дамытуда маңызы зор. Оларға Іле-Алатауы ұлттық саябағы, Түрген-Шамалған өзендері аралығындағы шатқалдар, Түрген, Есік, Талғар, Алматы, Қаскелең, Шамалған елді мекендері жатады. Алтынемел, Көкшетау, Бурабай ұлттық саябақтарында туризмді дамыту мемлекет тарапынан қолдау тауып, дамып келеді. Қазақстан аумағындағы 9 мемлекеттік қорықта да ғылыми-экологиялық туризмді дамытудың алғы шарттары қалыптасқан.

Тарихи-археологиялық ескерткіштердің туристік-экскурсиялық сапарлардағы орны ерекше. Археологиялық ескерткіштердің кез-келген нысандары туристік-экскурсия жұмыстарында маңызды орын алады. Соның ішінде Жетісудағы Сақ қорғандары, Талхиз қалашығы, Оңтүстік Қазақстандағы Отырар, Сайрам, Батыс Қазақстандағы Сарайшық, т.б. көне қалалардың орнына туристердің қызығушылығы мол. Археологиялық-тарихи ескерткіштердің қазірге дейін жеткен нысандарының ішінде қорғандар мен мазарлардың маңызы зор. Қола дәуір ескерткіштеріне жартастағы петроглифтерді атауға болады. Оларға әйгілі бірегей ғибадатханалар: Аңырақай тауының Таңбалы сайындағы, Көксу өзеніндегі Ешкіөлмес ғибадатханасы, сондай-ақ Шолақ, Кіндіктас, Баянжүрек тауларындағы тастағы суреттер жатады. Біздің дәуірімізге дейінгі 6 – 3 ғасырлардан қалған сақ қорғандары, Бесшатыр қорымындағы жерлеу камерасы және сақ әскері киімін киген “Алтын адам”, 2001 – 2002 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданының Бергіел (Берел) қорғанында табылған “Сақ патшайымы” археол туристік нысандарға жатады. Ортағасырлық Түркістан, Отырар, Тұрбай, Құлан, Мерке, Талхиз, Жаркент қалалары, т.б. елді мекендер қазіргі туристік нысандар болып табылады.

Түркістан – қазақ хандығының алғашқы астанасы. Онда Қожа Ахмет Иасауи кесенесі салынған, кесене іші мен айналасына қазақ мемлекетінің негізін қалаған Тәуке, Тәуекел, Жәңгір, Есім, Абылай, Қазыбек би жерленген.

Қазақстанда Отырар, Сарайшық, Сайрам, т.б. ортағасырлық көне қалалар туристер үшін тартымды нысандар.

Тәуеп ету (діни) туризм нысандары республика аумағында көптеп кездеседі. Оларға түркі әлеміндегі қасиетті Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Иасауи кесенесі, Абаб-Араб мешіті, Гауһар-ана зираты, Әли-Қожа бейіті, т.б. жатады. Адамдар бұл қасиетті жерлерге тәуеп етіп, Аллаға сиыну үшін келеді. Одан басқа Қоғам а. маңында (Отырар ауданы) Арыстан баб кесенесі, Ибраһим-ата бейіті, Қарашаш ана кесенесі, Тұраба ауданыннда – Ысмайыл-ата мазары орналасқан. Жамбыл облысында – Айша бибі кесенесі мен Қарахан кесенесі, Қызылорда облысында – Артық, Айтман кесенелері, Балқаш көлі маңында – Тектау ата, Әуез бақсы, т.б. киелі орындар бар. Қазақ халқының азаттық күресі жолындағы батырларға, қолбасшыларға деген құрмет белгісі мемориалдар мен ескерткіштерде көрсетілді. Бұларға Райымбек пен Қарасай батыр ескерткіштері (Алматы облысы) Қордайдағы (Жамбыл облысы) Өтеген батыр, Ақтөбедегі Есет батыр, Солтүстік Қазақстандағы Ағынтай мен Қарасай ескерткіштері, Астанадағы Қаракерей Қабанбай ескерткіштері, т.б. жатады. Ордабасы мен Аңырақай сағасының жазығы, Ұлытаудағы үш жүздің басын қосқан жер, тарихи орындар ретінде Жошы және Алаша хан кесенелері, Алматыдағы тәуелсіздік монументі, Астанадағы үш би ескерткіштері қастерлі орындар санатында туристік нысандарға қосылады. Қазақ тарихындағы құнды мәдени ескерткіштер қатарына: Қозы Көрпеш - Баян Сұлу, Еңлік-Кебек кесенелері, Ш.Уәлиханов, Қ.Мұңайтпасұлы мемориалдары, Сұлтан Бейбарыс, Құрманғазы және Д.Нұрпейісова, Абай, Абылайхан, Әлия мен Мәншүк, А.Иманов, І.Жансүгіров, С.Сейфуллин, М.Әуезов, т.б. көптеген естелік орындар жатады.

Республиканың әсем де әдемі жерлерінде бірнеше туристік базалар орналасқан. Оларға Іле Алатауындағы “Шымбұлақ” шаңғы базасы, Павлодар облысы Жасыбай көлі жағасындағы “Баянауыл”, Қарағанды облысындағы таулы-орманды “Қарқаралы”, Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма бөгені жағасындағы “Алтай мүйісі”, Орал қаласы Жайық өзені маңындағы “Орал”, Қостанай облысындағы орманды-тоғайлы Наурызым алқабы, Оңтүстік Қазақстан облысы Бадам жазығындағы “Оңтүстік”, Көкшетау таулы аймағындағы “Золотой бор” базалары жатады. Қазақстанда белгілі туристік маңызы бар зоологиялық, ботаникалық қорықтар да жеткілікті. Оларға Алматы қорығы (кешенді), Іле атырауы (зоологиялық), Тарбағатай (зоологиялық), Жалтыркөл (зоологиялық), Ұлытау (зоологиялық), Бетпақдала (зоологиялық), Қарақия-Қаракөл (зоологиялық), Зеренді (зоологиялық) қорықшалары, Шарын каньоны (ландшафты – палеонтолық) және Шарын өзеніндегі “Шетен тоғайы” (ботаникалық), Күміс қылқанды орман (ботаникалық), Жаманшық тауы (геморфологиялық), Айғайқұм, Әншіқұм (геоморфологиялық), Жаңғақ тоғайы (ботаникалық), Бүркіттау шоқысы және Тұма бастаулар (гидрологиялық), т.б.

2019 жыл қаңтар-қыркүйек айындағы Қазақстан туризмінің статистикалық әл-ахуалы мынадай:


Туристердің жатын орындарының 2018 және 2019 жылдардағы статистикасы


2019 жылғы Қазақстанға сырттан келушілер туристердің диаграммалық статистикасы

2 ТАРАУ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ ТУРИСТІК МҮМКІНДІКТЕРІ



Шығыс Қазақстан облысы көлемі бойынша ең кіші аудан. Қазақстан аумағының 10% үлесін ғана алып жатыр. Шығыс Қазақстан облысы 1932 жылы қалыптасқан. Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы бойынша 1997 жылы 3 мамаырында Семей облысының аумағымен біріктірілді.

Облыс республикасының солтүстік шығысында орналасып, оңтүстікте Қытаймен және Алматы облысымен, солтүстік-шығыста – Ресеймен, батыста Қрағанды және Павлодар облыстарымен шектеседі.

Шығыс Қазақстан облысының географиялық орны өте қолайлы болып келеді. Ол Алтай тауы және Сарыарқаның шығыс бөлігін қамти отырып, Ертістің жоғары алыбында орналасқан. Оның аумағына төбелі жазықтар мен аласа таулар, биік таулар және ірі тауаралық қазаншұңқырлар мен аңғарлар енеді. Ал облыс аумағының бірталай бөлігін қатты қиылысқан таулы және ұсақ қыратты рельеф алып жатыр. Шығыста Кенді Алтайдың жоталары орналасқан: Иванов(2276 м), Қоржын(2565 м), Көксу(2028 м), Тигрец(2007 м), Оба(1967 м), Үлбі(1895 м) және т.б., Оңтүстік Алтайда: Қатын(4506 м), Оңтүстік Алтай(3483 м), Сарымсақты(3373 м), Күршім(2645 м), Азутау(2385 м), Нарын(1386 м) және т.б. Оңтүстігіне қарай Қалба жотасы(1660 м) мен Зайсан қазан шұңқыры, Тарбағатай(2992 м), Маңырақай(2053 м) және Сауыр(2930 м) жоталары орналасқан. Облыстың батыс бөлігін шығыс Сарыарқаның ұсақ қыраты алып жатыр.

Шығыс Қазақстанның көп бөлігін Сарыарқаның шығыс жағы алып жатыр. Ұсақ шоқылытаулар тар, көбінесе шатқал тәрізді болып келетін өзен аңғарлары тілімденіп, өте әдемі түрге ие болған. Көптеген тау төбелер мен жартастар айрықша таңғажайып пішіндермен көз тартады. Оңтүстік бөлігін Шығыс тауы 1305 м биіктікте, оңтүстік-шығысында Тарбағатай жотасы, солтүстік-шығысында Тарбағатай жотасы, солтүстік-шығысында Қалба жотасы, биіктігі 1600 м, солтүстігін Ертіс маңы жазығы, оңтүстігін Алакөлдің және Сасықкөлдің қазан шұңқырлары алып жатыр.

Ауданның оңтүстігі мен шығысы Қазақстанның мемлекеттік шекарасы бойымен созылып Жоңғар Алатауы, Сауыр-Тарбағатай мен Алтайдың биік тау жоталарына барып тіреледі. Шыңдарының көпшілігі мәңгі қар мен ұздықтар жамылған.

Алтайдың ең биік шыны – Ақсүмбе. Шығыс Қазақстандағы Үлбі өзені аңғарында жылына 1500 мм жауын-шашын түседі. Бұл еліміздің ең жоғарғы көрсеткіші. Таулардан бастау алған көптеген өзендер мен тау етегіндегі құнарлы жазықтар мен ірі тауаралық қазаншұңқырларды суландырады.

Шығыс Қазақстанның басты су күре тамыры – Ертіс. Аудан аумағындағы ірі көлдер: Зайсан, Алакөл, Марқакөл. Зайсан көлінде Бұқтырма ГЭС-ң салынуына байланысты көтеріле келіп, су қоймасының едәуір бөлігін қамтитын болды.

Табиғаттың әртүрлілігі бойынша Шығыс Қазақсатан республиканың оңтүстігіне ғана орын береді, ал жер қойнауының байлығы бойынша Оралмен тең тұрады.

Табиғи - ауа райы тұрғысынан алғанда Шығыс Қазақсатн теңдесі жоқ өңір болып табылады. Онда дала, шөлейтті және тау тайгасы ландшафттары көршілес тұрады. Облыста ормандар облыс аумағының 30% алып, республика орман қорларының 70%-ын құрайды. Бұл өңірде біз:

Құмды және дала аймақтардың;

Каньондардың;

Ормандардың;

Альпі шалғындарының;

Таулы жердің сұлулығымен тамсана аламыз.

Еліміздің туризм саласында Шығыс Қазақстан облысының алатын орны ерекше. Себебі: туризмді дамыту үшін үлкен әлеуеттік мүмкіндіктері бар. ШҚО-ның тек қазақстандық қана емес, сонымен қатар әлемдік туристік саласында бәсекеге қабілеттілігін көрсете алатын айырықша табиғи-географиялық, климаттық, мәдени-тарихи ресурстары бар.

Бүгінде Шығыс Қазақстандағы туризм саласының 6 негізгі  бағыты 

бар:

  • экологиялық  (Катонқарағай,  Күршім  ауданы  мен  Риддер

 қаласы)

  • мәденитанымдық  (Семей  қаласы,  Абай  және  Ұлан  аудандары), 

  • емдеу-сауықтыру  (Катонқарағай, Үржар  аудандары),  

  • жағажай  (Зырян,  Ұлан,  және  Күршім  аудандары),  

  • тау  шаңғы  (Глубокое,  Зырян аудандары мен Риддер қаласы) 

  • ауыл туризмі (Катонқарағай, Күршім аудандары мен Риддер қаласы). 

Шығыс  Қазақстан  облысында  тарихи  ескерткіштердің  біреге 

кешені  бар.

Шығыс Қазақстан облысының туристік саласы жылдан-жылға өсім көрсетіп келеді. Мәселен, Статистика комитетінің сайтында жарияланған деректерге сүйенсек, 2018 жылы ШҚО-да ішкі туристердің қатары 339 мың адамнан асып жығылған. Аталмыш көрсеткіш аймаққа нақты мақсатпен: демалыс пен ем-дом қабылдап, денсаулығын түзеу  үшін келген адамдардың саны (оған іс-сапармен келген жандар кірмеген). 2017 жылмен салыстырсақ, өсім 30 пайызды құрайды.

Демалыс барысында туристер ШҚО-да 21,2 млрд теңгеден аса қаржы қалдырған, ол бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 9 пайызға артық. Бұл қаржының 3,5 млрд теңгесі қонақүйлерде тұруға кетсе, 4,2 милларды – ішіп-жем, ал 3,9 млрд теңгесі көлік қызметіне жұмсалған. Ал ем-дом мен сауықтыру шараларына жұмсалған ақша 803 млн теңгені құрады. 

ШҚО-дағы демалыс орындарына келушілердің 74%-ы – жергілікті тұрғындар.  Қалғандары Қазақстанның өзге облыстары мен шетелден келгендер. Шығысқазақстандықтардың басым бөлігі демалысын туған жерде өткізгенді жөн көретінін статистика деректері де растап тұр. ШҚО Статистика департаменті мамандарының деректеріне сүйенсек, облыс тұрғындарының арасында ішкі туристердің саны шетелге шығатындардан 7,5 есе көп екен. 

Себебі айқын 

Облыс бойынша саяхаттайтындардың саны бір жылда үштен бір есеге өссе, демалысын шетелде өткізгенді жөн көретін шығысқазақстандықтардың қатары 45 пайызға артыпты. 2018 жылы ШҚО-ның 42 мыңнан аса тұрғыны шетелде демалып қайтқан (2017 жылы олардың саны 29 мың болған). Жалпы алғанда олар шетелдік демалысқа 11 млрд теңге жұмсаған. 
Шығыс Қазақстан тұрғындарының облыс аумағындағы демалыс орындарын таңдауының басты себебі – жолдама құны. Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының 11 пайызының ғана шетелдік турларға жолдама алуына мүмкіндігі жетеді. 

БАӘ, Тайланд пен Хайнань аралдарына 1 адамдық жедел жолдаманың құны – 130-150 мың теңге. Бұл сомаға чартерлік рейстер ұшатын Алматы немесе Нұр-Сұлтан қалаларына жетуге кететін жолпұлды қосыңыз. Өскеменнен тікелей тек Түркияға ұшуға болады. Доминикан, Иордания, Вьетнам, Тунис пен Пхукет аралдарына жолдама бағасы сәл қымбаттау (адам басына 250-316 мың теңге аралығында). Осылайша екі адамнан тұратын отбасының ыстық елде демалуы үшін 260-632 мың теңге аралығында қаржы кетеді. Бұл – түрлі мәдени шаралар мен экскурция, қонақүйден тыс тамақтану мен шопингке кететін ақшаны есепке алмағандағы сома.

Екі адам Бұқтырма су қоймасындағы (Алтай аймағында) апталық демалыс үшін 70 мыңнан 300 мың теңгеге дейін жұмсайды (тұру мен ішіп-жем жағдайына байланысты). Шағын коттеждер мен қонақ үй бөлмелері бағасының айырмашылығы үлкен.  Су мен кәріз жүйесі жоқ, тамақты өзің жасап ішетін шағын ғана қалқан үйлерде бір түн түнеу құны 10-15 мың теңге. Сәл-пәл өркениет белгілері бар орындар күндігіне 18-22 мың теңге тұрады. 

Ал бір күндік құны 5 мың теңгеден басталатын, кеңес заманынан келе жатқан қонақүйлердегі бөлмелер – ең қолжетімді нұсқа. Үш мезгіл тамағы бар, люкс отельдегі бір күндік демалыс 38 мың теңгеден басталады. 

Ал Алакөл жағалауындағы жаңа салынған шағын қонақүйлерден адам басына 10-15 мың теңгеге орын алуға болады. Бұл сомаға тамағы да кіреді. 

Ең бастысы – қызмет сапасы 

Sanur Tour туристік агенттігінің жетекшісі, travel-блогер Айнұр Атантаеваның айтуынша, аймақта шетелге шыққысы келетіндердің көбею себебі, жағдайы бар адамдар сервис үшін қымбатырақ төлеп, «бәрі қосулы» принципі бойынша қызмет көрсететін шетелде демалғанды жөн көреді.

260-300 мың теңгелік жедел жолдамамен 4 жұлдызды қонақ үйдегі демалыс пен Бұқтырмадағы апталық саяхатты салыстыруға келмейтіні анық.

«Жылдан-жылға шетелге саяхаттау танымал болып, сәнге айналып келеді. Адамдар өздерінің саяхаттап жүрген достарына, таныстарына  қарап, шетелге шығудың жолын қарастырып, ақша жинап, тіпті несие де алып жатыр. Оның үстіне туристік индустрияның көшбасшылары – Қытай мен Түркия ұсынатын сервисті ескерсек, бұндағы демалыс құны Қазақстанда, соның ішінде біздің аймақта демалу құнынан біршама арзан», – деп атап өтті Айнұр Атантаева.

Туризм саласының мамандары қызмет көрсету сапасындағы жер мен көктей айырмашылықтың негізгі себебі ретінде  шенеуніктердің туристік кластерге деген алақұла көзқарасын атайды. Ең қонақжай елдердегі қонақүйлерге қаржы салатын инвесторлар сол мемлекеттен өте жақсы жеңілдіктер алады. 

«Мәселен, көл жағалауына шағын ғана демалыс аймағын салуға бел буған жергілікті кәсіпкерлер барлығын өздері істейді. Жалпыға бірдей шартпен несие алып, өз күшімен құрылыс салып, демалыс аймағына қарай инженерлік коммукация тартады. Әрине, оларға кеткен шығынды жабу керек, сондықтан бағаны арзандата алмайды. Кейде оларға жаным ашиды, таңнан қара кешке дейін еңбек етсе де, жолдама бағасы қымбат болса да, қырып ақша тауып жатқаны шамалы», – дейді турагент.

Енді ғана басталды

Айта кету керек, «мемлекет сервисті қамтамасыз етсе, бизнес бағаны төмендетеді» деген тұжырым Шығыс Қазақстанда, Алакөлде енді-енді жүзеге аса бастады. Бұқтырмадағы базалармен салыстырғанда, ала көлдің жағалауындағы демалыс орындарының бағасы арзандау және қызмет көрсету сапасы жақсырақ.

ШҚО туризм және ішкі байланыс басқармасының мәліметтері бойынша, соңғы үш жылда абаттандыру, Алакөлдегі базаларға апаратын жолды жөндеу, әуе және теміржол қатынасын субцидиялауға қазынадан 5,2 млрд теңге бөлінген. Мекеме басшысы Марат Қабақовтың айтуынша, Алакөлге апаратын жолдарды жөндеуге биыл 4 млрд теңге бөлінбек. Әкімдік паркті абаттандыру, 3-4 жұлдызды қонақүй салуға қажетті алаңдарды кептіруге қаржы бөлмек. Курорттық аймақ  Қазақстандағы туристік нысандардың топ-ондығына кіргелі бері, Алакөлдің жағалауы қарқынды түрде абаттанып жатқанын айта кету керек, яғни, туризмнің осы басым бағыты республикалық бюджеттен қаржыландырылады деген сөз.












3 ТАРАУ «МЫҢШҰҢҚЫР» ШИПАЖАЙЫНЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУ


2.1 Мыңшұңқыр киелі жеріне сипаттама


Бұл зерттеу жұмысымызда біз бұрындары сан рет айтылған Марқакөл өңірінің ғажайып сұлулығын сипаттап қана қоймай, қарапайым халық сан жылдар бойына таптырмас шипа көзі ретінде пайдаланып келе жатқан, әлі де қыры мен сыры ашылмаған, айрықша бір келбетін ашып көрсетуді мақсат тұттық. Ол – Қалжыр өзенінің бойында бой көтерген Қалжыр ауылынан 7км қашықтықта орналасқан, ауданы 1 шаршы шақырым жерді алып жатқан аймақта 50-60 шұңқырлар бар, сол себепті бұл аймақ ежелден Мыңшұңқыр деп аталып келе жатқан қасиетті де киелі мекен. Киелі деп атауымыздың өзінде де терең сыр бар. Себебі бұл жерде жергілікті халық «сор» деп атап кеткен тұзды-батпақты шұңқырлар орналасқан. Шұңқырлардағы батпақтың емдік, шипалық қасиеті аса зор. Жергілікті халық сол сорлы батпақтарға бар денесін батырып, әр жылдың жазғы маусым, шілде, тамыз айларында ем қабылдайды.

Жергілікті халықтың айтуынша бұл киелі аймақтың шипалық емін адамдар ежелден қабылдайды. Тек Марқакөл өңірінің халқы ғана емес Күршім, Зайсан, Өскемен және Алтай таулы аймағынан да аталған жердің шипалық қасиетіне көзі жеткен адамдар келіп ем қабылдайды. Тіпті медицина саласындағы мамандардың емі де шипа болмаған ауруларға осы жердің сор-батпағынан қабылдаған ем дауа болған. Бұл жердің батпағы буын ісіктеріне, тері ауруларына, аяқ-қол тартылып, қақсағанға тағы басқа ауруларға ем болған. Шұңқырдағы сор батпақтың ең ортасында мөлдір су бар ол суды адамдар асқазан қыжылына, бүйрек, бауырлары ауырғанда минерал су ретінде алып ішеді. Ал бұл Мыңшұңқыр жерінен 50 м-ге дейінгі жердегі суларды ішуге болмайды себебі ол сулар тұзды. Емді күніне екі үш мәрте 30 – 40 минуттан және жүрегінің шыдамдылығына қарай 7-10 күннен қабылдайды, ал суында 15-20 минут жуынады. Батпақтың шеті аппақ болып, тұзы бетіне шығып жатады, мемлекетте тұз тапшы болған жылдары осы жердің тұзын алып, тұрмыста қолданған. Әйел адамдар мен ер адамдар бөлек шұңқырларда емделеді. Қабылданған емнен аяқ-қолы мазалайтын адамдар өзінің серігі ретінде алып жүретін таяқтарын да тастап, таңқаларлық нәтижелерге жеткендер де аз емес. Бұл киелі аймақтың табиғаты да көрсе көз тоймайтындай. Аспанда құсы, жерде алуан түрлі жәндіктері көп. Жасыл майса шөп, селдір бұлтты көгілдір аспан. Бұл киелі жердің қыр-сыры жайында жергілікті жердің адамдары жарыса әңгімелейді.

Осы сұлулықтың бәріне өзіміз куә болғандықтан, осы киелі жерді туристік аймақ ретінде жарияласа Қазақстандағы туризмге қосар үлесі мол болар деп ойлаймын.


2.2 Мыңшұңқыр жерінің туризмге қосар үлесі


Осы жердің тұмса табиғатына тамсанып, және ем қабылдап жатқан адамдарды өз көзімізбен көріп көз жеткізгеннен кейін бұл тылсым сыры көп киелі жердің батпағы мен мөлдір суын зерттемек болдық. Осы орайда Мыңшұңқыр атауын иеленіп жатқан шұңқырлардағы сор батпақ пен судың қасиетін анықтау үшін оларды Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университеті жанындағы «Радиэкологиялық зерттеулердің ғылыми орталығы» инженерлік бейіндегі зертханасына әкеліп сараптама жасадық. Сор батпақ пен суға нақты сипаттама алу үшін қазіргі заман талабына сай зерттеулер жүргізілді. Алынған батпақ пен судың мөлшері Жапонияның JEOL Technics Ltd фирмасының JSM-6390 сканерлеуші электронды микроскобында зерттелді. Сканерлеуші электронды микроскоп – үлгі бетінің кескінін жоғары дәлдікпен (микрометрден кіші) алуға мүмкіндік беретін құрал. Сор батпақ пен суды алдымен SNOL (Литва) термостат қондырғысында 90°С-100°С-де 2 сағат кептірдік. Кептірілген батпақты фарфор шынысына салып, бір қалыпқа келгенше ұнтақтадық. Алынған нәтижелерге спектр бойынша түсінік бердік. 1-ші көріністе батпақтың электрондық бейнесі көрсетілген. Зерттеу нәтижесі бойынша 2-3-ші көріністе элементтердің толық тарау шкалалары бейнеленген. 4-ші көріністе элементтердің алынған нәтижелері пайыздық мөлшермен бейнеленген. Зерттелген батпақтың құрамында біршама химиялық элементтер табылып, 5-ші көріністегі кестемен көрсетілген.

Тексеру нәтижесі: Барлық элементтердің анализі жасалды

(Қалыпты жағдай)

Спектр

В стат.

Na

Mg

Al

Si

S

Cl

K

Ca

Fe

Нәтиже:

Спектр 5

Да

2.81

17.20

5.53

20.75

2.77

1.22

2.52

44.51

2.70

100

Орташа


2.81

17.20

5.53

20.75

2.77

1.22

2.52

44.51

2.70

100

Қалыпты жағдай


0.00

0.00

0.00

0.00

0.00

0.00

0.00

0.00

0.00


Макс.


2.81

17.20

5.53

20.75

2.77

1.22

2.52

44.51

2.70


Мин.


2.81

17.20

5.53

20.75

2.77

1.22

2.52

44.51

2.70


Барлық қорытындылар % есебімен көрсетілген

Зерттеу барысында анықталған элементтердің адам ағзасы үшін өте пайдалы екені мәлім. Мәселен осы батпақтың құрамынан 44,5% мөлшерінде табылған кальций элементін алсақ – ол денедегі сүйектің негізін құрап, ферменттер қатарын белсендіреді және адамның жүйке-жүйесіне, жүрек қантамырларының жақсы жұмыс атқаруына көмектеседі. Қабыну, рахит, аллергия ауруларына пайдаланады. Ал одан кейінгі 20,75%-ды құрап тұрған кремний элементі көздің көруін арттыратыны да дәлелденген. 17,2 %-ды еншілеген магнийдың адам ағзасында алатын орны ерекше. Магний – ақуыздың және нуклеин қышқылының түзілуінеқатысады, көмірсу алмасуына қатысатын ферменттерді реттейді. Адам қан тамырларын кеңейту қасиетіне ие болғандықтан, сала тамыр қысымын баса алады. 2,77%-дық мөлшері бар күкірттің медицина үшін пайдасы баршылық. Таза күкірт – у емес, қайта оның аздаған бөлшегі ішкі организм үшін бірден-бір керекті зат.[5] Күкіртті майдалап, неше түрлі майларға қосып денедегі жараларды, таз, теміреткі тағы басқа ауруларды емдейді. Атам заманнан белгілі өзімізге үйреншікті күкірт қазіргі өмірде де маңызды элемент болып табылады. Темір бұл батпақтың құрамында 2,70 %-ды құрап тұр. Темір - тіршілік үшін өте қажет, қанды жасауға қатысатын және тыныс алу ферменттердің құрамына кіретін элемент. Темірдің ағзаға жетіспеуі – қан аздық ауруына әкеп соғады. Темірдің қатысы жоқ саланы табу қиын. Сондықтан темірдің атқаратын рөлі, оның қызмет ауқымы уақыт өткен сайын арта түспесе, кемімек емес. Ал 2,5%-ды құрап тұрған Калий элементінің де адам ағзасында жүрек қан тамыры жүйесінің қызметін жақсартуға қосар үлесі мол. Калий су мен тұздың бөлінуін реттеп, жүректің бұлшықеттерінің жиырылуын жақсартады. [9]

Осы элементтердің барлығы да кездескен сор батпақтың шынымен де адам денсаулығын жақсартатынына сенбеске болмас.

«Су-тіршілік көзі» деп халық бекер айтпаған. Судың адам ағзасында алатын орны ерекше. Су организмде әртүрлі заттардың еріткіші рөлін атқарады. Ол дене массасының 60-65%-ын құрайды. Су ағзадағы барлық биохимиялық реакцияларға қатысады. Мыңшұңқыр жерінен сараптамаға алған суымыздың құрамынан да пайдалы элементтер анықталды. Судан анықталған элементтерге де спектр бойынша түсінік бердік. 1-көріністе судың электрондық бейнесі берілген. 2-3-көрініске элементтердің толық таралу шкалалары түсірілген. 4-ші көріністе элементтердің алынған нәтижелері пайыздық мөлшермен бейнеленген. 5-көріністе табылған элементтерді кесте бойынша көрсеттік.

Тексеру нәтижесі: Барлық элементтердің анализі жасалды

(Қалыпты жағдай)


O

Na

Mg

Al

Si

S

Cl

K

Ca

Нәтиже

54.08

14.11

1.96

0.94

13.34

0.71

9.01

4.55

1.30

100.00

Орташа

54.08

14.11

1.96

0.94

13.34

0.71

9.01

4.55

1.30

100.00

Қалыпты жағдай

0.00

0.00

0.00

0.00

0.00

0.00

0.00

0.00

0.00


Макс.

54.08

14.11

1.96

0.94

13.34

0.71

9.01

4.55

1.30


Мин.

54.08

14.11

1.96

0.94

13.34

0.71

9.01

4.55

1.30


Барлық қорытындылар % есебімен көрсетілген

Бұл кестеде Мыңшұңқыр жерінен алынған судың құрамынан анықталған элементтер тізімі берілген. Судың құрамында ең көп мөлшерде 54%-ды құрайтын оттегі бар. Екінші орында тұрған натрий судың құрамында 14,11%-ды еншілеп тұр. Натрий – адам ағзасында минералды тұздардың алмасуында болады, ас қорыту сөлінде болады және организмдегі қышқылды реттеп отырады. Медицина саласында асқазан ауруларына ұсынылған «Норсолфазол» дәрісінің құрамында да натрий кездеседі. Зерттеуге алған судың құрамында 9,01%-і хлордан құралған. Хлор – тұз қышқылының құрамды бөлігі болып табылады және асқазан сөлінің құрамына кіреді. Судағы ауру тудырушы бактерияларды жояды.[15]

Осы зерттеудің нәтижесінде алынған судың құрамындағы элементтердің адам ағзасына тигізер пайдасы мол екеніне көз жеткіздік.

Асқақ Алтай мен Марқакөлдің тамаша табиғи саясында демалыс орны, дүниежүзінде сирек кездесетін және Қазақстанның тек Шығыс өңірінде ғана өсірілетін кермарал пантысы, таптырмас емдік қасиеті бар ара балы мен емдік шөптерін қоспағанда, зерттеу тақырыбымызға өзек болып отырған Мыңшұңқыр мекеніндегі батпақты «сор» мен судың адам денсаулығы үшін жанға шипа, дертке дауа емдік қасиетінің ешбір теңдесі жоқ десек, еш қателеспейтініміз анық.





ҚОРЫТЫНДЫ


Туған жер кім-кімге де ыстық болатыны шындық қой. Марқа жері – талай жанды теңдесіз әсем сұлулығымен тамсандыратыны да, табиғатының кербез кереметімен таңдай қақтырары да сөзсіз. Жер әлемнің жақұты мен жауһары іспетті асқақ Алтай аясында көздің жасындай боп мөлдірей қалған көркем Марқа көлінің пайда болуына байланысты ел ішіндегі аңыздар ғасырдан ғасырға ұласқан асыл мұра.

Әсем Марқакөл болса, кез келген адамзат баласын еріксіз баурап алып кетері ақиқат. Асқақтаған таулары, ботаның көзіндей мөлдіреген Марқа көлі, өзен-сулары, саф ауасы, шүйгін шөбі, өсімдік әлемі мен жан-жануары, ұшқан құсы – осының барлығы әлемге мақтаныш етіп көрсете алар асылымыз, ортақ бөкенайымыз (брендіміз) десе де артық айтқандық емес.

Осы сұлулықтың бәріне өзіміз куә болғандықтан, осы киелі жерді туристік аймақ ретінде жарияласақ Қазақстандағы туризмге қосар үлесі мол болар деп ойлаймыз.

Асқақ Алтай мен Марқакөлдің тамаша табиғи саясында демалыс орны, дүниежүзінде сирек кездесетін және Қазақстанның тек Шығыс өңірінде ғана өсірілетін кермарал пантысы, таптырмас емдік қасиеті бар ара балы мен емдік шөптерін қоспағанда, зерттеу тақырыбымызға өзек болып отырған Мыңшұңқыр мекеніндегі батпақты «сор» мен судың адам денсаулығы үшін жанға шипа, дертке дауа емдік қасиетінің ешбір теңдесі жоқ десек, еш қателеспейтініміз анық. Егер Мыңшұңқыр сорының адам денсаулығы үшін зор пайдасы мен мемлекеттік тұрғыда туризм саласына қосар мол үлесі бар екенін дәлелдей алсақ, біздің өз мақсатымызға жеткеніміз деп білеміз.

Елбасым Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында тарихтың өткеніне көз жүгіртіп, жаңа тарихи кезеңдерге жан-жақты баға бере отырып, рухани жаңғыру арқылы болашаққа деген өзінің парасатты пікірлері мен көзқарасын білдірді. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы», -деп ел келешегіне яғни біз сияқты жас ұрпаққа үміт артады және де экономикалық жаңғыруды қолға алу керектігін айқын көрсеткен. Шығыс Қазақстан облысындағы Марқакөл өңірінің Мыңшұңқыр жерінің осынау бір мол байлығын туризм саласына кеңінен пайдалана отырып, туған жеріміздің тамашасын дүниеге паш етер табиғи мұражайға, адамзат баласы үшін қайта қалпына келмес ең құнды байлық – денсаулығымызды түзетер ем мен шипа және ел экономикасын толықтырар қаржы көзіне айналдыра білсек, егемен еліміздің елдігі нығайып, даңқы онан ары арта түсері сөзсіз. Қазіргі кездегі негізгі проблемалардың бірі ауылды көтеру, елді мекендегі адамдардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, жұмыс көздерін іздестіру, шағын кәсіпкерлікті дамыту. Әрине, бұл қоғамды толғандыратын үлкен мәселе. Дегенмен Мыңшұңқыр өңіріндегі емдік батпақты пайдаланып, емдеу-сауықтыру орындарын ашуға қолайлы жағдай туғызу арқылы шағын кәсіпкерлерге мүмкіндік жасау керек. Осы арқылы халықтың басым көпшілігін жұмыспен қамтамасыз етуге, сонымен бірге елімізде қарапайым халықтың қалтасы көтеретіндей емдеу-сауықтыру орындары ашылушы еді деп ойлаймыз.

Осыған орай мынадай ұсыныстар жасаймыз:

  • Аталған Мыңшұңқыр жері кең көлемде зерттеліп, туристік аймақ ретінде ұсынылса;

  • Емдік-шипалық қасиеті бар деп танылып, туристік емдік санаторийлар ашылса;

  • Осы көркем Мыңшұңқыр жерін туристік аймақ ретінде дамытуға үкімет тарапынан қолдау көрсетілсе;

  • Туристік аймақ деп танылып, алыс-жақын шет елдермен байланыс орнатылса;

  • Еліміздегі жинақтаушы зейнетақы қорлары жиналған ақша қорларын осындай ауылды көтеруге арналған жобаларға салса ауылдың экономикасының дамуына үлес қосар еді.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Аубакиров.Е. – «Призваны оберегать превозданность природы». Күршім а: «Рауан», №37.-14.09.2006 – 3-4-6 бб.

  2. Алтай Казахстанский – Алматы: «Қайнар», 1986.- 217-222-б.

  3. «Ақиқат» журналы №6, 2005.

  4. Бельгубаева А.. – «Венец красоты - Маркаколь». Күршім а:«Рауан», №37.-14.09.2006 – 3-4-6 бб.

  5. «Валеология Дене тәрбиесі Спорт» Республикалық педагогикалық - әдістемелік журнал. 2004. №4, 7-13 бб

  6. «Глубокое инвестиционная привлекательность»кітапша -45 б

  7. Ерқасов.К.-Марқакөл маржандары. Алматы: «Қазақпарат», 2003- 8-9 бб.

  8. Еркінқызы.М. – «Қорық-сенімді қолда». Күршім а: «Рауан», №37.-14.09.2006 – №37-38 -5-6 бб.

  9. Егемен Қазақстан – 1998 ж, 12 желтоқсан.

  10. Жайлаубаев С. «Химиялық элементтер әлемінде» Алматы «Мектеп» 1984. 50-56, 64-68, 82-84 бб.

  11. Исина.Г. – «Марқа сұлулығы - мұражайдан». Күршім а: «Рауан», №38.-20.09.2006 – №39-42, 7-8 бб.

  12. Иващенко А.А. «Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары» Алматы кітап 2006, 140-149 бб.

  13. Құмарбеков.М – Алтайым – алтын бесігім.- Алматы: «Жалын», 1981.- 3-4, 64-65 бб.

14. Михайлов.В – Марқакөл. Маркаколь. Мarkakoll. Алматы: «Қайнар», 1983.- 27-28-бб.

15. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030 «Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы» 2010 жыл. 5-б

16. Очкур Е, Аманжолова Л, Жұмабаева Р. «Биология» 8-сынып, Алматы: «Мектеп» баспасы, 2008. 183-185бб.

17. Сайлау Төлеу. – «Таңғажайып таудағы Марқакөлге бардың ба?». ШҚО:«Дидар», №88.- 17.07.2010 – 5-6 бб.

18. Ыбыраев. Ж.- Алтай шұғыласы.Алматы: «Қазақстан», 1976.




12


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!