Материалдар / Ғылыми жоба "Пластикалық бөтелке қақпақтарын тұрмыста қолдану"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба "Пластикалық бөтелке қақпақтарын тұрмыста қолдану"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл экологиялық тақырып болғандықтан, біз оны математикалық тұрғыда есептеулер жүргізіп зерттеу жұмыстарын орындадық
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Мамыр 2022
1488
13 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақмола облысы

Шортанды ауданы

«Бектау ауылының жалпы білім беретін орта мектебі» КММ












Бағыты: Математика, информатика

Секция: Математика

Ғылыми жобаның тақырыбы: «Пластикалық бөтелке қақпақтарын тұрмыста қолдану»








Орындаған: Ернұрқызы Назым, 6 сынып оқушысы

Ғылыми жұмыс жетекшісі: Исхан Амангул, математика пәні мұғалімі






Өтілетін орны: Шортанды №3 қазақ орта мектебі












2022 жыл

Мазмұны

Түйіндеме(қазақ тілінде)

Түйіндеме(орыс тілінде)

1.Кіріспе...............................................................................................................

2.Негізгі бөлім.....................................................................................................

2.1. Пластикалық өнімнің шығу тарихы...........................................................

2.2. Пластикалық өнімнің зияны, қалдықтар проблемасы..............................

2.3. Пластикалық қақпақ өнімінің қайта өңделуі.............................................

3. Қорытынды......................................................................................................

4. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.......................................................................

5.Пікір...................................................................................................................







































Түйіндеме

Зерттеудің мақсаты: Пластикалық қақпақтың адам өмірінде тигізетін пайдасы мол екендігін түсіндіру, тұрмыста қолдана білу. Пластикалық қақпақтардан күнделікті өмірде қолдануға болатын заттарды жасауға болатындығын көрсету, экологиялық мәселелерді бағалау және пайдаға асыру. Математикалық есептеулер жүргізу.

Зерттеудің міндеті: Пластикалық қақпақтың шығу тарихына зер салу, күнделікті өмірде қолдануға ұсыныс білдіру. Достарыма пластикалық қақпақтан қызықты, әрі пайдалы заттар жасауға болатынын көрсету. Пластикалық қақпақтардан жасалатын затқа математикалық формулаларды қолдана білуді үйрету.

Зерттеу проблемасы: Қазіргі кезде оқушылар түрлі компьютерлік ойындар мен ұялы телефон ойындары сияқты адамның денсаулығына зиянды әдеттерге әуес. Бұл заттарға әуес болмас үшін не істеу қажет? Сол үшін мен бос уақытта қызықты, әрі қажетті заттармен айналысу керек екендігін ұсынамын.

Болжам: Егер күнделікті өмірде қолданып жүрген пластикалық бөтелке қақпақтарының көп екендігін ескерсек, оны қоқыс жәшіктеріне лақтырып тастамай, қайта пайдалану тәсілдерін табамыз.

Нәтиже:  Пластикалық қақпақтардан қандай заттар жасауға болатынын және математикалық формулаларды адамзат күнделікті өмірінде қолданатынын білеміз.

Зерттеу жұмысының кезеңдері:

-Дайындық: тақырыпты таңдау, мақсат, міндет қою.

-Зерттеу: іздену, салыстыру, талдау, есептеу, тақырып бойынша зерттеу жұмысын жүргізіп, материалдар жинақтау.

-Практикалық: жинақталған материалдарды сұрыптау, іске асыру.


Жұмыс нәтижесі мен қорытындысы: Пластикалық өнімнің тарихын, пайдасы мен зиянын зерттей отырып, адам өқміріне пайдасын насихаттау.


Жұмыстың қолдану аясы: Математика және көркем еңбек сабақтарында қолдану.





Аннотация

Цель исследования: Объяснить пользу пластиковых шапочек в жизни человека. Объяснит, что из пластиковых колпачков можно делать вещи, которые можно использовать в повседневной жизни, оценивать и использовать экологические проблемы. Проведение математических расчетов.

Цель задача: Рассмотреть историю происхождения пластиковых крышек, рекомендовать их использование в быту. Показать друзьям, что из пластиковых крышек можно делать интересные и полезные вещи. Научить применять математические формулы к предмету из пластиковых колпачков.


Проблема исследования: В настоящее время учащиеся увлекаются вредными для здоровья человека привычками, такими как различные компьютерные игры и игры для мобильных телефонов. Что вы можете сделать, чтобы избежать зависимости от этих вещей? Поэтому предлагаю в свободное время заняться интересными и нужными делами.


Прогноз Учитывая большое количество крышек от пластикавых бутылок, которые мы используем в повседневной жизни, мы можем найти способы их переработки, а не выбрасывать в мусор.

Вывод: Мы знаем, какие вещи можно сделать из пластиковых крышек и какие математические формулы используются в быту.

Этапы исследования:

-Подготовка: выбор темы, постановка целей, задач.

-Исследование: поиск, сравнение, анализ, расчет, исследование темы, сбор материалов.

-Практика: сортировка, реализация собранных материалов.


Результаты и выводы: Пропаганда пользы пластмассовых изделий для жизни человека, изучение истории, польза и вред.


Объем работы: Применение на уроках математики и художественный труд.







Кіріспе

Күнделікті тұрмыста пластикалық өнімдерді көп қолданатынымыз бәрімізге белгілі. Үйдің жанында таудай болып үйіліп жатқан бос пластикалық бөтелкелерді күнде көріп жүретініміз анық. Анамыз сол пластик бөтелкелерді кейде жуып-шәйіп сүт құйып жүретін. Бір күні аяқ астынан осы пластик бөтелкелермен қызықты зат жасағым келді. Көп ойландым, интернет көздерін пайдаланып қызықты заттар жасауға болатынын түсіндім. Арманға жету үшін мақсат қоя білу керек. Мақсаттың орындалуы үшін өмірге маңызы бар әрекет жасау керек деген оймен қызықты зат ойлап табуға кірістім. Сонымен қиялыма ерік беріп гүл құмырасын жасап көруге деген қызуғушылығым оянып, іске кірістім.

Бұл жұмыстың мақсаты-пластик өнімдерінен керекті әрі қызықты заттар ойлап табу және соны іске асыра білу, сонымен қатар математикалық есептеулер жүргізу арқылы пайдалы жақтарын ашып көрсету болды.

Менің алдымда келесі мақсаттар тұрады:

  1. Пластик бөтелке қақпақтарының пайдалы жақтарын көрсету;

  2. Математикалық есептеулерді жүргізу

Базалық зерттеу жұмыстары-бұл құжаттар, әңгімелер, есеп жүргізу дәптері және өлшеу жүргізулер.

Бұл практикалық зерттеу жұмыстарының мәні пластикалық бөтелке қақпақтарының пайдалы жағын көрсете отырып, екінші өмір сыйлау, үнемі қолдануға ұсыну, жас ұрпаққа пайдалы жағын көрсету.





















2.Негізгі бөлім

2.1. Пластикалық өнімнің шығу тарихы

Әлемдегі алғашқы толық синтетикалық пластик 1907 жылы Нью-Йоркте ойлап табылған, Лео Бекеланд «пластмасса» терминін кім енгізген. Қазіргі кезде пластикалық шөлмектердің пішіні мен көлеміне ешкім таңқалмайды.Мынадай шөлмектер,шыны шөлмектерге қарағанда,жеңіл,әр түрлі пішінді,майысқақ және қауіпсіз болып келеді.Алғаш Pepsi пластик шөлмегі АҚШ саудасында 1970 жылы шықты.Қазақстан аумағында пластик шөлмектер,алғаш саудаға алкогольсыз «Кока – Кола»,«ПепсиКола» сусындары келген кездері танымал бола бастады.Алғаш СССР аумағында Новороссийск қаласында пластик шөлмектердегі лимонад сусынын өндіретін заводты 1974 жылы «ПепсиКо» компаниясы ашты. Біздің кезімізде пластик шөлмектерді тек газды сусын және сыра өндіретіндер ғана емес және де, парфюмериялық фабрикалар да пайдаланады. Пласмасса – шикі мұнайдан алынатын қосынды болып табылады.

2.2. Пластикалық өнімнің зияны, қалдықтар проблемасы

Пластикалық заттар, соның ішінде  пластикалық бөтелке қоқыс қалдықтары түрінде (суда, кез келген жерде жатып-ақ) 4000 жылға дейін сақтала алады екен. Пластикалық бөтелкені өртеп түтінін жұтсаңыз бұл кезде өте көп улы заттар бөлініп, қауіптілігі аса жоғары болады. Сондықтан адамдар тұратын жерде пластикалық бөтелкені өртеуге мүлдем болмайды.

Пластик өндірісінен бастап кәдеге жаратылғанға дейін қоршаған ортаға елеулі зиян келтіреді. Пластикалық өнімдерді шығаратын зауыттар жылына атмосфераға 400 млн. тоннаға дейін көмірқышқыл газын шығарады және бүгінде жануарлардың шамамен 800-дей түрінің пластикті жеп қоюына байлансты және пластикпен улану салдарынан жойылып кету қаупі төніп тұр.

Мен дәл осы заттардың қиындыларын алып, кезек-кезекпен өртеп, бақыладым. Өртеу кезінде қағаз тез жанып кетті, жүннен жақсы иіс сездім, ал пластик пен резиннен – өткір жағымсыз иіс пен қара түтінді байқадым. Тұжырым: пластикті өртегенде улы түтін шығып,ауаны ластап және адам денсаулығына кері зиянды әсер етеді. Пластик шөлмектерді өртеуге де, де,лақтыруға да болмайтынына көзіміз жетті.

Пластик бөтелкелерге қатысты экологиялық мәселелерге тоқтала кететін болсақ. Ғаламторды қарап, мен келесі мәліметтерге тап болдым: қағаз жер астында – 1 айда шіриді екен, жүн – 1 жылда, ағаш – 13 жыл, пластик бөтелке– 500-ден 1000 жылға. Пластик те, шыны бөтелкелер де көшемізді күл – қоқысқа айналдырып жатыр! Бұл қоқыстардан құтылудың амалы ретінде әр қайсысын жеке-жеке өртеп, бақылау жасадым: пластик қиындысын өртеген кезде қап-қара өткір иісті түтіннің ауаны бірден ластай алатын жағымсыз әсері бар екенніне көз жеткізуге болады. Ал қағаз қиындысынан айтарлықтай зиян жоқ екен. Жүннен жағымды иіс шығатынын байқадым.

Пластикалық өнімдерді тұрмыста қайта қолдану аясы кішігірім анализ жасап көруді жөн көрдім. Бұл анализ сұрақ-жауап ретінде мектеп оқушыларынан алынды.


Сіз сұйық тағамдар мен сусындарды жиі пайдаланасыз ба?


Пайдаланылған пластик бөтелкелерді қайда қолдану керек екенін


білесіз ба?




Пластик бөтелкелер адам денсаулығына және экологияға зияны .




Бос пластик бөтелкелерді пайдалануда сіздің өтінішіңіз қандай?


2.3. Пластикалық қақпақ өнімінің қайта өңделуі

Мен өзімнің зерттеу жұмысымды жүргізу барысында адамдардың денсаулығына және ауаның ластануын қорғауда аз да болса өз үлесімді қосу үшін қолымнан келгенше өз үлесімді қоссам деймін. Жан-жақты пластиккалық өнімнің қасиеттерін зерттеп, қолымнан келгенше тұрмыста пайдалануға болатынын дәлелдеуге тырыстым. Ең алдымен қиялымдағы затты жасау үшін маған математика сабағында өткен дөңгелек, шеңбер тақырыбында қолданылатын формулаларды пайдалану қызықты болды.

Мысалға,

  1. Радиусы 5-ке тең шеңбер сыз.

Шешуі:

R=5 см, D=2×5 см

D=2×R D=10 см

Жауабы: диаметірі 10 см-ге тең болады.

  1. Радиусы 6-ға тең шеңбер сыз.

Шешуі:

R=5 см, D=2×5 см

D=2×R D=10 см

Жауабы: диаметірі 12 см-ге тең болады.

  1. Радиусы 7-ге тең шеңбер сыз.

Шешуі:

R=5 см, D=2×5 см

D=2×R D=10 см

Жауабы: диаметірі 14 см-ге тең болады


Осы тұрғы да математиканың адам өмірінде алатын орны ерекше екендігін түсінуге болады. Мына еңбектерім соның айғағы:




Ұсынысым:

1. Өндіріс орындарында тазалаушы қондырғылар орнату;

2.Қалдықсыз технологияға көшу;

3. Пластмастты қайта өңдеу арқылы оған жаңа өмір сыйлау жолдарын қарастыру.



























Қорытынды

Пластик бөтелке өзінің ыңғайлылығының, жеңілділігінің, қаттылығының, майысқақ қасиеттерінің арқасында адам өмірінде орасан үлкен орын алды, бірақ қолданғаннан кейін оны жою мүмкін емес. Пластик бөтелкелер жерді ластап, табиғатқа зиянын тигізеді. Сондықтан, қолданған пластик ыдыстарды дұрыс қолдану қажет. Оларды лақтырмас бұрын, ойланып қиялымызға ерік беріп, сол пластикалық өнімдерге екінші өмір сыйласақ. Керегімізге дұрыс пайдалана білсек, және де қоршаған ортаға зияны тимеуі қажет.

Осы жұмысымды әрі қарай жалғастыра отырып, мектепті аяқтаған соң осы ісімді табыс көзіне айналдырсам деп армандаймын. Мектептің ажарын келтіретін әсем табиғат бұрышын жасағым келеді. Бұл ісім арқылы достарма, өзімнен кейінгі өсіп келе жатқан кішкентай сіңілдерім мен бауырларыма үлгі бола аламын деген ойдамын.


























Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1) Bilim Orda сайты

2) Zamana.kz сайты

3) http://www.business-directory.cc 











































Пікір

Ғылыми жобада жас зертттеуші Ернұрқызы Назым пластик шөлмектердің тарихы, пайдасы және зияны туралы тоқталған. Оқушы зерттеу жұмысын жаза отырып, қазіргі кезде пластик шөлмектердің адам өміріндегі пайдасы, оның адам қажеттілігіне жарамды екенін, сонымен қатар олардан әр түрлі бұйымдар жасауға болатынын айта кеткен, іс жүзінде дәлелді мысал келтірген. Жұмыс кең ауқымды қамтылған, жүйелі түрде өте жақсы жазылған. Және де математика сабағында оқушылардың қызығушылығын оятатындай дүниелерді көрсете білді.

Зияны туралы ол ешқашан шірімейтінін, өртесе улы иіс бөлетінін анықтап, зерттеген. Пластикалық бөтелке қақпағынан қызықты әрі күнделікті тұрмыста қолдануға болатын затты ойлап тапқан, оған екінші өмір сыйлаған.

Бұл берілген жұмыстың адам өмірі үшін қажетті ақпарат екенін біле отырып, әрбір адамның қажеттілігіне қолдануға болады деген ұсыныс жасаймын. Ғылыми жұмыстың өте жоғары баланатына сенімдімін. Алдағы уақытта Назымның қызықты әрі пайдалы заттарды ойлап табатынына сенімім мол.



Ғылыми жоба жетекшісі: математика пәнінің мұғалімі Исхан Амангүл

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!