Материалдар / ғылыми жоба "Қамшы - қасиетті де қастерлі қазына"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ғылыми жоба "Қамшы - қасиетті де қастерлі қазына"

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылардың ғылыми жұмыспен айналысуына пайдалануға болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Маусым 2018
1171
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1


Қарағанды облысы, білім департаменті
«Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми – әдістемелік орталығы










Ғылыми жоба тақырыбы:
Қамшы – қасиетті де қастерлі қазына



Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және белсенді туристік
бағыттар








Жұмыс авторы: Бейсен Темірлан
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы,
№8 Бесоба орта мектебінің 9-сынып оқушысы

Жетекшісі: Әшірбеков А.Т
Тарих пәнінің мұғалімі









Қарағанды - 2012


Page 2



Жұмыстың мақсаты:


Қазақ ауылында қазіргі кезде жалпы қолданыста болғанымен жас ұрпақ
толық қадір-қасиетін біле бермейтін, қазақ халқының қолөнер туындысының озық
үлгісі қамшының қадір-қасиетін, құрамын және жасалу жолымен таныстыру.



Зерттеудің өзектілігі:



1. Халқымыздың қолөнер туындыларын жинақтап, ата-баба мұрасына
деген қызығушылығын ояту;
2. Қамшы өрімі құраммен таныстыра отырып, теорияны практикалық
жұмыспен ұштастыру;



Болжамы:


Оқушылардың теориялық білімін практикамен ұштастыра отырып, олардың
табиғи қабілеттерін ашу, ой қиялын дамыту.



Күтілетін нәтиже:


1. Қазақ қолөнер бұйымдарына деген қызығушылығы артып, одан
эстетикалық-этникалық тәрбие алады;
2. Адам өміріндегі еңбектің маңызын ұсынады, еңбекке деген құлшыныс
пайда болады;
3. Өнер адамдарына деген құрмет сезімдері оянады;








Page 3





Аннотация

Оқушының бұл ғылыми жобасы мәдени мұраны жинақтап, ұлттық қолөнер
бұйымдарын жасауды дамытып, оны халық арасында насихаттауға бағытталған.


Тарих пәнінің мұғалімі: Әшірбеков А.Т




Аннотация

В научной работе собран богатый материал о культурном наследстве о
развитии народного прикладного искусства, а так же о широкой пропаганде этой
идеи среди населения



Annotation

In this project work were written about culture heritage and national traditions of
Kazakh people and how to use in our life.















Page 4

№8 Бесоба ортамектебінің
9-сынып оқушысы Бейсен Темірланның
«Қамшы – қасиетті де қастерлі қазына» жұмысына



Пікір


Оқушы бұл жұмыста, қазақтың киелі қамшысының түрлері,жасалу жолдары,
құрамын қолданылуы
Туралы мәліметтерді жинақтап ,жан-жақты зерттеген қамшы сөзінің шығу тарихы
мен сол сөзге байланысты айтылатын ырым-тыйым сөздер, ой орамдарын
қарастырған. Оқушының өзіндік ойы, ұсыныс-пікірі бар.Жобалау жұмысы
арқылы ұлттың мәдениетін насихаттайды.


Пікір беруші: Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі: Кәкенова І.М





















Page 5





Жоспар:



1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

3. Қорытынды

4. Ұсыныстар

5. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

6. Қосымша материалдар




















Page 6

Қамшы - қасиетті қастерлі қазына


Кіріспе


Ғасырлардан ғасырға жеткен бұл,
Қамшы еді қайтаратын жаудан құн.
Соңғы ғасыр аяғында жоғалып,
Қазақтардың сесі кетіп болған құл.
Қамшы арқылы талай сырды білетін,
Қамшы тастап не ой барын білетін.
Қазақ бабам мінгеніне кәріне,
Жердідағы жоң арқадан тілетін.

(Мұса Аманқұлов)


Қазақ халқының материалдық мәдениетінің салалары мал шаруашылығы,
егіншілік, үй кәсіпшілігімен, қолөнерімен байланысты күнделікті еңбек
құралдары болып табылады.
Қазақта ерте кезден бүгінге дейін өз құндылығын жоғалтпай жеткен киелі
жәдігерлер өте көп. Олардың барлығы да ата бабалардың көшпелі өмір салтынан
сыр шертеді.Қолда бар алтынның қадірі жоқ дегендей Кеңес үкіметі кезінде,
халқымыздың көптеген құнды мұраларынан айырылып қала жаздадық.
Қолда бар дүниелердің өзіндік сырына толық мән бермедік. Ұлттық қолөнер
бұйымдары біздің өткен тарихымыздан хабар берсе келешегіміз жас
жеткіншектерді ұлтжанды етіп тәрбиелеудегі негізгі тәрбие құралымыз болып
табылады. Халқымыздың мәдени тұрмысы мен рухани зердесінде ерекше орын
алып келген қолөнер бұйымдарының бірі қамшы. Қазіргі жастардың көпшілігі ат
айдайтын құрал ғана деп түсінеді. Қамшының өз құпиясы барын, оның сырын
ешкім біле қоймайды. Қамшы туралы деректермен таныссақ, оған терең ой
жүгіртсек, қамшының қадір-қасиетін, атқаратын қызметі туралы көптеген
деректерге қанығамыз. Қазақ өмірінде қамшы – өнер туындысы, қамшы - рухани
күш-қуат, сый-сияпат, сән-салтанат, азамат айбыны, шебер қолдың айғағы, қолға
алса қару, ата мұрасы, өлең-жырдың өзегі болып табылады. Сондықтан
халқымыздың құнды мұрасы қамшы туралы құнды деректерді зерттеп келер
ұрпаққа жеткізуді жөн көрдік. Қарына қамшы іліп жүретін заман өтті, бірақ
қамшыны атадан қалған мұра, қазақ мәдениетінің киелі сыйының бірі деп білуіміз
керек.






Page 7

Негізгі бөлім

Қамшы туралы түсінік және қамшы сөзінің мағынасы.

Қамшы көшпелі елдер тұрмысында аса кең тараған байырғы қолөнер
бұйымдарының бірі.
Қазақ петроглифтерінде, сондай-ақ эпикалық жырларда қамшыға ерекше
орын берілген. Қамшы қару ретінде көне заманнан яғни б.з.д І мыңжылдықтың
басынан б.з ХХғ басына дейін қолданылып келген. Қазақтың 3 биі Төле, Қазыбек,
Әйтеке өздеріне қараған елдің басын құрау жорығы ретінде қамшы өргізген екен.
Орта жүз биі Қазыбек Арғын, Найман, Қыпшақ, Қоңырат, Уақ, Керей алты арыс
болғандықтан алты таспа қамшы жасатқан. Бұл «Қасқатіс» деп аталады. Кіші жүз
биі Әйтеке Жетіру немесе Тама, Табын, Кердері, Керейіт, Рамадан, Телеу,
Жағалбайлы, (7) және Байұлы мен Әлімұлы үшін 2 таспа қосып 9 таспа қамшы
өргізген. Ұлы жүз Төле би Төбейден тарайтын Қаңлы, Шанышқылы (2),
Ойсылдан тарайтын Сіргелі, Шақшам (2), Үйсіннен тарайтын Ақсал, Жансақал
(2), барлығы 6 таспа және аға үйіне барып тұратын орта және кіші жүз үшін 2
таспа қосып 8 таспа қамшы өргізген екен. Бұл өрім «Бұзаутіс» деп аталады.
Жалпы қазақтың және үш жүздің басын біріктірсін деген мақсатпен Абылай
ханға 48 таспа қамшы өргізген. Кіші жүз 29, Орта жүз 6, Ұлы жүз 6 ру барлығы 41
таспа, иісі қазақ деп оған Төре, Төренғұт, Қожа, Сұнақ үшін төрт таспа,
аталарымыз үш тектен тұрғандықтан Сақ, Ғұн, Түркі 3 таспа қосып барлығы 48
таспа қылған.
ХҮІІІ-ХХғғ қазақ бақсылары жын-шайтанды қуатын, ауруды жазатын
магиялық зат ретінде де қолданған. Қазақ мәдениетінің бұл өнер туындысы әлі
күнге дейін мәнін жоймай келе жатқан бұйым. Қамшының түрлері, қасиеті
туралы Зейнолла Самашев, Жұмаш Жетібаев, Сейіт Кенжеахметұлы, Нұргелді
Уәлиұлы, Алмахан Мұхамедқалиқызының еңбектерінде және эпикалық жырлар
мен халық ауыз әдебиеті жырларында кеңінен айтылған. Қамшы қазақ
жігіттерінің жауға шабар қаруы, сән-салтанат бұйымы, тіпті үй-ішіне көрік беріп
тұратын өнер туындысының бірі болған. Қамшы ат айдайтын құрал ғана емес,
айта алсақ, сөйлете білсек мақтанарлық қасиеті бар қастерлі қазына әмбебап
дүние. Қолында қамшысы бар әр азаматтың жігіттік жігері еселене түскен.
Көшпелі елдер тұрмысында аса кең тараған байрғы өнер туындысының бірі.
Қарапайым қамшының өз құпиясы барын күнделікті өмірде аңғара бермейміз.
Оны білу үшін қамшы сөзін тілдік жүйенің бірлігі ретінде тарихи және қазіргі кез
тұрғысынан қарастыру керек. Бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда «қамшы» сөзінің
түбір мен қосымшадан тұратыны байқалмайды. Ал тарихи тұрғыдан бұл сөздің
түбірі – қам, ал - шы қосымшасы малшы, егінші сөздерінде кездеседі. Қазіргі
кезде қазақ тілінде «қам» түбірі жеке қолданыста кездеспейді. Орта ғасырда түркі
тілінде және туыстас тілдер тува, алтай, сары үйсін, хақас тілінде қам сөзі
«бақсы»-дегенді білдіреді. Әуелде қамшы сөзі қазақтарда да «бақсы», «шаман»
мағынасында айтылып, кейінен зат атауына айналған. Қамшының бастапқы
мағынасының ұмытыла бастауына парсы тілінен енген бақсы сөзі себеп болған.


Page 8

Қамшының жасалу жолдары

Қамшы әбден иленген сиыр терісінен өрілген. Сабы тобылғы, ырғай, киік пен
еліктің сирағы және таутекенің мүйізінен жасалған. Қазақ жігіттері көбінесе сап
ретінде тобылғыны пайдаланған. Тобылғы қазақ жерінің нулы-сулы, тоғайлы
жерлерінде (ашық далаларда) кездесе береді. Топталып өсетін ағаш келе-келе
қатайып, темірдей берік болады және ыстық-суыққа төзімді, судан қорықпайды,
жарылмайды. Тобылғының майы теміретке сияқты жараға жағуға болады. Емдік
қасиеті өте шипалы және тіс шұқығыш құралы ретінде де қасиетті. Ол тістегі
бактерияларды жояды. Тобылғыдан тәспі, моншақтар жасаған. Уақытысында
алынған тобылғы жүздеген жылдарға сыр бермей, сынында, сы рында
жоғалтпайды. Қамшыға сапты желтоқсан айынан бастап дайындайды. Осы
мезгілде өсімдіктердің жер-анадан нәр алу мерсімі толықтай тоқталады. Өсімдік
майымен тазалап, сүртіп, күннің көзі, желдің лебі тимейтін көлеңкеге кептіреді.
Осыдан кейін ғана ол қамшыға сап жасауға қолданылады. Мұндай қамшыны
қазақ халқы былайша жырға қосқан. Тобылғы қамшы саптық сайға бітер,
Көп жылқы көк алалы байға бітер.
Көргенде сұлулығың сұқтандырған,
Тек қана аспандағы айға бітер. Бұрынғы кезде сері жігіттердің сұлу қызға
осындай әсем қамшымен баруы оның абырой-беделін де көтере түскен.
Қазақ елінде кең тараған қолөнердің бірі – өрім өру. Өрімді белбеу, тұмарша,
ер-тұрман, ат әбзелдерін әзірлеу үшін қолданылған. Өрілген зат өте әдемі, берік
болып келеді. Өрімнің атауы таспа санына байланысты болады. Қарапайым 4
таспадан бастап, 48 таспаға дейін өрген.
Қолымда бір қамшы бар алты таспа,
Сөзімді ұнамаған алып таста.
Сондада әр сөзімді салмақтарсың,
Кісіге сыр ашпап ем сенен басқа, - деген жігіт сөзінен көруге болады.
Өріммен айналысатын адамдарды өрімші деп атайды. Өрім өрген кезде
қайыстың бас шағы (алақаны) тілімбей тұтас алынып, өрім солдан оңға қарай
басталған.қайыстың шетін бір тегіс ұстап тұру үшін бекітіп қойып, тілу, өру үшін
қажетті аспаптың бірі – «қысқы» деп аталады. Оны ағаштан жасайды, иленген
қайысты өңіне кіргізіп алып, керек затқа арнап таспа тіледі. Өрімшілер өрімнің
ұзындығын тұтаммен өлшеген. Оған өрімшілікте айтатын мына сөз дәлел.
- Ассалаумағалейкум (1-тұтам)
- Әлікссалам (2-тұтам)
- Жол болсын (3-тұтам)
- Әлей болсын (4-тұтам)
- Қайда барасың? (5-тұтам)
- Тобылғы сайға барам (6-тұтам)
- Оған неге барасың? (7-тұтам)
- Қамшы сапқа барамын (8-тұтам), бұдан біз өрімшілерге ортақ өлшем 8
тұтам екендігін байқаймыз.



Page 9

Қамшы түрлері

Қамшының қандай мақсатқа қолданылатына байланысты бірнеше түрге
бөлінген.
1. Сүндет қамшы. Атадан – балаға, баладан – немереге, немереден –
шөбереге, шөбереден – неменеге жалғасып келе жатқан дәстүр бойынша баланы
сүндетке отырғызғанда оған тума – туыстары сыйлайтын тобылғы сапты 4 тұтам
қамшы.
2. Бәйге қамшы. Ұзындығы 4 тұтам, сабының жуандығы шынашақтай
қамшы.
3. Көкпар қамшы. Қамшының тобылғы сабының ұзындығы 3 тұтам,
және жуан болған. Додаға түскенде бұлай деп серт берген: «Атыма – айбат,
тақымыма – қуат, қамшыма – жігер бер».
4. Дойыр қамшы. Дойыр қамшының тобылғы сабының ұзындығы 5
тұтам. Сабы мен өрімі жуан болады. Оған да серт айтылған. «Дойыр қамшым
доңыздай болсын, ауырлығы қорғасындай, мықтылығы емендей болсын,. Білек
күшіме қуат қосып, жауым әрдайым құлап жатсын, халқым жеңіске жете
берсін!»
5. Неке қамшы. Неке қамшының сабы қызбалаға еліктің сирағынан
жасалынған. Атақты шеберлер әшекейлеп, қымбат тастармен көмкерген.
Қамшыға қарап қыз төркінінің жағдайын, қыздың таза немесе салақ екендігін
айырған.
6. Баптау қамшы. Асауды үйрету кезінде оны үркітіп, қорқытып алмау
үшін бұл қамшының өрімі тобылғы сабының басынан аяғына дейін шикі терімен
өріліп, ішіне қайыстан қатты өзек салынған. Сол өзектің арқасында өрімнің тік
тұратын қасиетін қылыш сияқты дейді екен. Бұлардан басқа үйір қамшы, ноғай
қамшы, барымта қамшы деген түрлері бар.

Қамшының құрамдары

Қамшы екі бөліктен тұрғанымен оның құрамы бірнеше қызықты әрі күрделі
атаудан тұрады. Мысалы: өрім, сап, бас, дүм, алақан, бүлдірге, орам, кежеге,
шежемей, айдар, мойнақ, бүркеншік, бунақ, бауыр, шашақ, өзек, түйін,
шығыршық, топшы, түйнек.
Бауырлық – өрімнің сапқа жалғасатын жері. Мойнақ – оны көмкерген жез,
мыс, күміс бөлігі. Бүркеншік – біріктірген шеге. Бунақ - таспа арқылы жалғасқан
жері, яғни таспамен бекіту. Түйін – өрімнің ұшындағы ұшығы. Таңдай – өрімнің
басталған жеріндегі ерек бедерлі сызық тәрізді көрінетін бөлігі. Тіл – шегелікті
жасыру үшін бауырлыққа қарама – қарсы жағына жұқалап қабаттап салынған
кішкене бөлік. Алақан – қамшы өрімінің басталар тұсы мен сапқа бекітілетін
бауырлық аралығындағы бөлік.

Қамшының қолдану тәсілдері

Қамшыны әр түрлі жағдайда қолдана білудің өзі өнер. Біздің тілімізде
қамшыны қолдана білудің мынандай түрлері бар. Қамшы үйіру, білеу, жасқау,


Page 10

сипай қамшылау, орап тарту, шықпырту, оса тарту, тіле тарту, баса тарту, көсіп
жіберу, серпе тарту, салып қалу, сілтеп қалу, көзтите тарту және тағы да басқа
түрлері бар. Бұның бәрі қолдың қимыл – әрекетіне байланысты. Сондай – ақ
қамшы сілтеудің өзіндік жеңіл және ауыр зардаптары болады. Мысалы: теседі,
сызады, осады, көгертеді, езеді, бөледі, сындырады және өлтіреді деген атаулар.
Қамшының қалай ұрылып, қаншалықты зардап болатынын осыдан білеміз.

Қамшыға байланысты ой-орамдары

Ата – бабамыз қамшысы арқылы өз көзқарастарын, ниетін, қарым-қатынасын
білдіре білген.
1. Қамшының ұшында бермеді. Бұл – «болыспады», «жәрдемдеспеді»,
«опасыздық істеді», - деген мағынаны білдіреді.
2. Басына қамшы үйірді (ойнатты). Қорқытты, сабауға ыңғайланды,
үрейлендірді, қауып төндірді, қорлық-зорлық көрсетті дегенді білдіреді.
3. Дау төрт бұрышты, қамшы екі ұшты. Бұл сөз «даудың себебі әр қилы,
біраққа шешімі не «ақ» не «қара» болады», - деген ойды білдіреді.
4. Қамшысын білем деді. Қамшысының сабы мен өрімін қосып, екі
бүктеп ұстауды бейнелейді. Мағынасы қыр көрсетті, кіжінді, қоқандады дегенді
меңзейді.
5. Қамшы түтеді. «қамшы жауып кетті», «таяқ жауып кетті», - деген
мағнаны білдіреді.
6. Қамшы болды. Бірнәрсеге себеп болу.
7. Қамшы жеді. Таяқ жеді, соққы көрді.
8. Қашы жұмсады. Қамшымен сабады, соқты.
9. Қамшының сабындай. Өте қысқа.
10. Қамшы салдырмады. Тапсырылған істі ынта жігерімен тез істеді.
11. Қамшысынан қан сорғалаған. Қаттыгез, жауыз, жауыз.
12. Қамшы тастады. Дауласу кезінде сөз сұрап рұқсат алу.
13. Қамшы алып беруге жарамады. Шірік, былжыр, қолынан ештене
келмейді.
14. Қара сөзді қамшы қылды. Сөзге дес бермей сөйледі.
15. Салт басты сабау қамшы. Үйленбеген жалғыз адам.
16. Сауырына қамшы тиді. Тұрмыс тауқыметін көрді. Міне, ата –
бабаларымыз өз ойларын қамшы сөзі арқылы осылай білдіре білген.

Қамшы жайындағы ырымдар.

Қамшы – өте көне заманнан бере келе жатқан құрал. Сондықтан қамшы
төңірегінде әдет-ғұрып, салт ерекшеліктері жиі кездеседі.
Атам қазақ қамшының қадір-қасиетін, киесін ана сүтімен қатар бесігінен
бойына сіңіре білген. Бала бесігенде шошымау үшін бас жағына қамшы
жастанған. Жас бала түнде мазасызданып жылайтын болса сапарда жүрген әкесі,
ағасы немесе атасының қамшысы тиді келіп қалар деп ырымдаған. Жаңа түскен
келіннің бетін үкілі қоңыраулы қамшымен ашқан. Оның негізгі себебі: келін
ағайын жұртқа әділ, туған бала әділетті, билік иесі, ел қамқоршысы болады деп


Page 11

есептеген. Тұрмыс құрмаған қыздың бас жағындағы жартылай ашылып ілінген
қамшы оның басының бос екендігін білдірген. Ал қамшы бүктеліп тұрса басы бос
емес деген сөз. Қазақ ғұрпында қайтыс болған адамның қамшысын екі бүктеп,
керегенің төменгі жағына қыстырады. Ол қамшы иесінің жоқ екендігін білдірген.
Үйге кіргенде қамшыны сүйрете кіру немесе шошайтып кір у әдептілікке
жатпаған. Қонақ қамшысын қалдырып кетсе ол оның қайтып келетінін білдіреді.
Сонымен бірге қамшының сабы сынды, қамшы таянды дегендер «уайым»,
«қайғы» ұғымын білдірген.сондықтан үлкендер балаларға «қамшы таянба» деп
ескертіп отырған. Балаларға қамшымен жер сабама деп ескерткен, оның мәні
малынан немесе жақын туысынан айырылды, жер сабап қалды деген ұғымды
білдіреді. Қамшыны жерге тастамау, жерде жатса аттамау сияқты тағы басқа
ырымдар мен салттар бар. Сонымен бірге қазақтарда «қамшы сабындай», «қамшы
бойындай», «қамшы жетер жер», - деген өлшем бірліктері бар.
Қамшы жайында мифологиялық санаға жататын мақал - мәтелдерде бар.
Мысалы: «Бәйге алатын жүйріктің сауырына ти, ұл табатын әйелдің жауырына
ти», «Жүген майласа ырыс, қамшы майласа ұрыс», «Қанша жүйрік болса да қазан
атқа бап керек, қасиетті қамшыға тобылғыға сап керек».
Қай жағынан алып қарасақта қазақ өмірінің бір ажырамас бөлігі қамшы қазақ
атамыз атсыз өмір сүрмеген, атқа мінгендер қамшысыз болмаған.
Дәстүрлі қазақ қоғамында қамшы: тіл, заттық мәдениет, этникалық,
эстетикалық мәнділік, әлеуметтік мәртебе, мифологиялық наным-сенімнің
таңбалары ретінде жұмсалған.
























Page 12

Қорытынды.

Ерліктің, ерен күштің, қайсарлықтың белгісі болып «ер қаруы – бес
қарудың» қызметін атқарған қамшының қадір – қасиеті жайында бүгінгі күнгі
жастарымыз біле бермейді. Сондықтан біздің мақсатымыз. қамшы сөзін тілдік
және этно-мәдени кеңістікте талдап, бірте-бірте архаизмге айналып бара жатқан
этнографиялық дерек беретін «қамшы» атауының мәдениетім ізде, сөздік
қорымызда алатын орынын анықтау. Ұлт тарихы туралы жазба деректермен бірге
мұрағат жәдігерлерінің айтары мол екендігін жастарға түсіндіру. Қамшы ел
мәдениетінің өткен ғұмыр шежіресінің жанды айғағы. Қамшының қадір –
қасиетін түсініп, оның бойындағы қаншама атаулардың болуы дал а
данышпандары, бабаларымыздың ұғымының тереңдігі болып табылады.




Ұсыныс:

1. Қазіргі кезде қоланыста жоқ қолөнер бұйымдарын жинақтап, мұражай
қорын молайту;
2. Қазақ қолөнерінің тәлім – тәрбиелік жақтарын оқушыларға үнемі
насихаттап отыру;
3. Тарих және еңбек сабақтарында қолөнер бұйымдары туралы
теориялық білімдерін практикамен үнемі ұштастырып отыру;
4. Мектеп жанынан қолөнер бұйымдарын жасаумен айналысатын шағын
орталықтар ашу;




















Page 13



Пайдаланған әдебиеттер тізімі.


1. «Жеті қазына» 3 кітап. Сейіт Кенжеахметқызы. А.2006ж
2. «Алатау». Балғабек Қыдырбекұлы. А.1991ж
3. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі». А.1980ж
4. «Бабалар сөзі» А.2002ж
5. «Шығармалар жинағы» 5 том. Ш. Уалиханов
6. «Шығармалар жинағы» 4 том. Мәшһүр Жүсіп. А.2004ж
7. «Қазақ энциклопедиясы»
8. «Қасиетті де қастерлі қазынамыз». Төреғали Тәшенов
9. «Қамшы». Н. Уәлиұлы. «ана тілі» газеті. 2011ж 6 қаңтар
10. Интернет материалдарынан
11. «Қамшыгерлік көне спорт түрі» Бабалықұлы Ж.. «Жас қазақ»,
2001, №4
12. «Қазақтың ұлттық ойындары». Нұржекеев Б. А., 1971.
13. «Ұлттық ат ойындары » Абишев К.. А., 2009






















Page 14















































Өрім
түрлері
3 таспа
6 таспа
8 таспа
48 таспа
9 таспа
12 таспа 40 таспа


Page 15












































Қайыс түюдің
түрлері
Өткерме
4 таспадан түю
Тас түйін
Қалмақша түю
Түйе мұрындық


Page 16


Қамшының құрамы:

1. Өрім
2. Сап
3. Бас
4. Дүм
5. Алақан
6. Бүлдіргі
7. Орам
8. Кенже
9. Межемей
10. Айдар
11. Мойнақ
12. Бүркеншек
13. Булақ
14. Бауыр
15. Шашақ
16. Өзек
17. Түйін
18. Топшы
19. Түйнек
20. Шығыршық




Page 17


Өрімшілердің ортақ өлшемі



- Ассалаумағалейкум (1-тұтам)
- Әлікссалам (2-тұтам)
- Жол болсын (3-тұтам)
- Әлей болсын (4-тұтам)
- Қайда барасың (5-тұтам)
- Тобылғы сайға барам (6-тұтам)
- Оған неге барасың (7-тұтам)




























Page 18















































Қамшының түрлері
Сүндет қамшы
Бәйге қамшы
Көкпар қамшы
Дойыр қамшы
Неке қамшы
Сопы қамшы
Үйір қамшы
Баптау қамшы
Аңшы қамшы
Барымта қамшы


Page 19















































Қамшы
Өнер туындысы
Рухани күш қуат
Сый - сиапат
Шаңырақ киесі
Сән - салтанат
Қару
Ата мұрасы
Өлең-жырдың өзегі


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!