Ғылыми жоба Қар барысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғылыми жоба Қар барысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қар барысының Алтай тауында мекендеуі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Аннотация

Бұл жобада қар барысының табиғи мекені туралы баяндалған. Ғылыми жобаны орындау барысында қар барысының «ілбісін» деп те аталатынын білдім. Бүкіл дүние жүзінде саны азайып кеткендіктен қорғауға алынғандығы айтылған. Барыс өз өңіріміз – Шығыс Қазақстанның Сауыр және Оңтүстік Алтай тауларында кездесетіні жайында мағлұмат берілген. Оның халықаралық және республикалық Қызыл кітапқа енгізілгені, сонымен қатар соңғы 20 жылда жоғалып кеткені жө

нінде жазылған. Ерекше күштілігі, сымбаттылығы, ептілігі сипатталған. Дене тұрқы, салмағы анықталған. Алматы және Астана қалаларының белгілері – осы қар барысы.

Ғылыми жоба жұмысының тақырыбы: Қар барысы

Мақсаты: Қар барысы туралы ақпаратпен танысып, өз бетінше білім алуға, тапқан жаңалығымен шығармашылық табысқа жетуге, нақты шешім қабылдай білуге үйрету.

Зерттеу тақырыбы: Теориялық.

Зерттеу мақсаты: Сыни ойлауын қалыптастыра отырып, өз бетімен ізденуге, білімін толықтыруға баулу.

Зерттеу міндеті: Қар барысы туралы теориялық материалдар жинау.

Зерттеу болжамы: Қар барысының табиғи мекенін туристік нысанға айналдырса, ол қалай қорғалады?

Зерттеу әдісі: Сырттай саяхат.

Зерттеу көзі:(Әдебиеттер) «Дидар» газеті,№11(16948), 2014жыл.

Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар,№1, 2008 жыл.

Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар,№2, 2008 жыл.

Интернет көзі.

Зерттеу жоспары: 1.Өз бетінше ойландыру(Қар барысы туралы білетінін жазу, оның ерекшелігін анықтау).

2.Қар барысының мекендейтін жерлерімен танысу, оны

«ілбісін» деп те атайтынын білу.

3.Тақырып бойынша деректі материалдардан мәліметтер

жинау.

Зерттеу нәтижесі: 1.Барыстың ерекшелігімен танысты.

2.Барыстың «қар барысы» аталуын оқып білді.

3.Аңшының әңгімесінен барыстың шапшаңдығы мен ептілігін байқады.

4.Ақпарат арқылы барыстың санын анықтады.

Зерттеу жұмысының қорытынды кезеңі – жобаны қорғау.


Еліміздегі биік тау құздарын мекендейтін ірі жыртқыш аңның бірі – барыс (ілбісін).Саны бүкіл дүние жүзінде азайып кеткендіктен, барыс қорғауға алынған.

Барысты біздің халқымыз да бағалап, қамқорлыққа алған. Біздің еліміздегі барыстың саны өте аз. Қазақстанда барыстар Шығыс Қазақстанның аумағында, яғни, Сауыр-Тарбағатай және Оңтүстік Алтай таулы аймақтарында кездеседі.

Халықаралық және республикалық Қызыл кітапқа енгізілген ең сирек кездесетін түз тағысы соңғы 20 жылда бұл өңірде жоғалып кеткен. Қар барысының мекен ететін орны жайындағы ақпарат өте аз. Биыл өңірімізден қар барысы табылды. Қар барысы Тарбағатай тауларында жүр. МҰТП-де Алтаймен тауларынан осы керемет аңды көргендер бар.

Барыс – ерекше сымбатты, күшті, епті де батыл аң. Биік, қарлы шыңдарда тіршілік ететіндіктен жұрт оны кейде «қар барысы», «тау барысы» деп те атайды.

Бір аңшы барыстың таутекені қалай ұстағанын бақылағанын әңгімелейді: «Жайылымнан қайтып, құзға көтерілген таутекелер үйірі тоқтап, тыныға бастағанда, шет жағында тұрған біреуі кенет пысқырып, жер тарпып қалды. Бәрі үркіп қаша жөнелгенде 15 метрдей биік құз тастан барыс секіріп, таутекенің бірінің үстіне дәл түсіп, олжасын басып қалды. Барыстың шапшаңдығы мен ептілігіне біз таң қалдық».

Экологтардың пайымдауынша, елімізде қар барысының небәрі 100-ден астамы қалған. Дене тұрқы 120-130 сантиметр, салмағы 30-40 келі тартатын Қазақстанның тірі символы аңшылардың көзіне түскен. Тіпті, түз тағысын фотосуретке түсіріп алудың мүмкіндігі туды. Өңірде қар барысын қорғау қорының зоологтары зерттеу жұмыстарын бастап кетті.

Қазір қар барысының бұл өңірге қайдан келгені анықталуда. Аудан басшылары құрып кетудің аз-ақ алдында тұрған аңды мықтап қорғауға аламыз деп отыр. Сондай-ақ, қар барысының табиғи мекенін туристік нысанға айналдыруды көздейді.

«Эко-Алтай» коммерциялық емес ұйымы WWF бүкіләлемдік табиғат қорымен бірлесе отырып, Қазақстанда барыстарды сақтау мен зерттеу жөніндегі жобаны жүзеге асыруда. 2002 жылы «Эко-Алтай» коммерциялық емес ұйымы алғашқылардың бірі болып, Қазақстандағы барыстар мекен ететін жерлерде зерттеу жұмыстарын бастаған.

Аталмыш ұйымның ақпаратына сәйкес, барыстар тек 12 мемлекеттің аумағында ғана сақталған. Олардың жер бетіндегі жалпы саны – 3-6 мың. Шығыс Қазақстанда қазірде 10-12 барыс қана жүр. Оның 3-4-еуі Марқакөл қорығында мекен етеді. Теріскей, Күнгей, Жоңғар Алатауларының, Тарбағатай, Алтай тауларының (МҰТП) олар мекендейтін жерлері мемлекет тарапынан қорғалатын қорықтарға айналдырылған.

Қар барысы Алматы және Астана қалаларының символы.





Пайдаланған әдебиеттер:


1.Интернет көзі

2. «Дидар» газеті, 2014жыл , №11(16948)

3.Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар, №1, 2008 жыл

4.Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар, №2, 2008 жыл




















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.11.2020
927
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі