Материалдар / Ғылыми жоба "Қарақұр ауылының" тарихы

Ғылыми жоба "Қарақұр ауылының" тарихы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жоба "Қарақұр ауылының" тарихы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Ақпан 2021
976
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Қарақұр ауылы.

Түркістан облысы, Созақ ауданындағы елді мекен Қарақұр ауылдық округі. Ауыл 1957 жылы құрылған.

Географиялық орны:Аудан орталығы –Шолаққорған ауылынан солтүстік-батысқа қарай 98 км-дей жерде орналасқан.Жер көлемі-275 077 га.

Халқының саны: 3238 адамды құрайды.

Тұрғын үй саны-491

Білім беру саласы: Жалпы орта мектеп, балабақша бар.

Денсаулық саласы: Аурухана, емхана, дәріхана бар.

Мәдениет саласы: Орталық кітапхана бар. Кітап қоры-12088 құрайды.

Ауыл шаруашылығы: Егістік жерлерінің жалпы көлемі-799 гектарды құраса, 68764 гектар жайылымдық жерлер, 1200 гектар шабындық, 360 гектар суармалы жерлері бар.

Орта және шағын кәсіпкерлік саласы, шаруа қожалықтары, өндірістік кооперативтері бар.

Қаратаудың теріскейіндегі күркірей аққан өзендердің барлығында, ру-ру ел мекендеген. Солардың бірі-Қарақұр өзені.Бұл әйгілі Созақ шаһарынан отыз шақырымдай батыста орналасқан.

Кейінгі жылдарда Ұлы Жібек жолының картасы нақтыланды.Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы ортағасырлық қалалар мен көне керуен жолының күре тамыры белгіленген тұсын қарап отырсаңыз, Сарыарқадан андыздап келген керуен жолдарына көзіңіз түседі. Бірінші жол, батыстан Арал теңізін айналып келіп Жанкент-Жаңакентке түседі де, Сырдың бойын жағалай «Қызтөбе-Барлышкент», Ашынас, Үзген арқылы Отырар-Фарабқа тоқтайды.Екінші жолда да Қорқыт ата қорығынан Сунақ, Саурандатып келеді.Үшінші жол Қаратау жотасының





теріскейіндегі Ақсүмбе, төртінші жол Созаққа, бесінші жол талас өзені бойындағы Шарбашылық (Кенджек) кентіне ат басын тіреп, одан ары керуендейді. Осы Ақсүмбеге тоқтаған керуен, ортадағы «Қарақұрымға» соғып,Созаққа, одан әрі Қарасуан-Урусочан, Қойқанд-Құмкент, Саудакент арқылы Таразға қарай тартады.Міне, біз әңгімелеп отырған Қарақұр елді мекенінің, ежелгі Ұлы Жібек жолы үстіндегі, айтулы қорған-қала болғандығын әзірше осылай танимыз.

Қарақұр аңғарындағы өзен бойындағы үлкен төбе бойында үлкен төбе жатыр. Бұл төбені жергілікті халық «Күлтөбе» деп атайды. Түрлі-түсті құмыра сынықтары, қыштар мен мал асықтары көптеп кездеседі. 1970 жылы Қазақ ССР Ғылым Академиясы тарих, археология және этнография институтының тарихшысы Сейдуәлі Жолдасбеков бастаған бір топ ғалымдары, осы «Күлтөбеге» қазба жұмыстарын жүргізді. Бұл жұмыста археолог ғалымдар «Күлтөбенің» ежелгі «Иилан-Қарауыл», кейінгі ХV-XVIII ғасырларда өмір сүріп, жаугершілікте қирап кеткен «Күлтөбе-Қарақұрын» қаласы екенін анықтады.Енді тарихтағы ортағасырлық қалалардың бел ортасында тұрған, «Қарақұрын» қамалының бізге Қарақұр болып жетуіне ешкімнің де дауы болмас.

1801-1876 жылдар аралығында Қазақстанның Оңтүстік бөлігін Қоқан хандығы билегені тарихтан аян. Осы тұста өзбектер Қаратаудың Теріскейіне де дендеп енген. Сөйтіп Созақ,Шолаққорған, Бабатаны билеген.Осы жылдарда Түркістанның Шоқтасы деген жерінде тұратын Үсенбай Датқа Төлегенұлы, Қарақұрды Қоқан хандығының Түркістандағы өкілі Бегілербектен сұрап, Қоңырат, жетімдер руының Беген , Қара ата ұрпақтарын қоныстандырады.Міне содан бері, осы ата ұрпақтары өсіп, өніп келеді.

Кеңес үкіметі тұсында Қарақұр ауыл кеңесі, Ленин колхозы болды. 1959-1960 жылдары ұсақ шаруашылықтар іріленіп, Энгельс

атындағы совхоз ұйымдастырылды. Оған Шаға,Раң ата (Қызылбайрақ), Алтын тау колхоздары біріктіріледі.









Мектеп тарихы

1930 жылы сауат ашу мектебі болып ашылды.

1933 жылы бастауыш мектеп болып ашылды. Оған Қарақұр, Шаға, Алтынтау, Раң ата, Ағалақ елді-мекен тұрғындарының балалары , ұл-қыздары оқуға тартылды.

1937 жылы «Қаратау» жеті жылдық мектебі болды.

1944 жылы И.В. Панфилов атындағы жеті жылдық мектебі болып ауыстырылды.Панфилов атының берілу себебі, Ұлы Отан соғысы жылдарында 28 гвардияның үлкен жеңісі үшін берілген.

1959 жылы сегіз жылдық мектеп болды.

1967-68 оқу жылынан бастап орта мектепке айналып, Ф.Энгельс есімі берілді. Осы жылы оқушылар саны 405-ке жеткен.

1996 жылдың 25 наурызында ономастикалық комитетінің шешімі бекіткен Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен «Қарағұр» орта мектебі болып аталды.















Күлтөбенің сырт көрінісі





















Күлтөбенің орны

























Күлтөбеден табылған құмыра сынықтары



























Қарақұр ауылының сырт көрінісі

Балаларға арналған ойын сауық орталығы





























Қарақұр өндірістік кооперативінің канторы





























Ауыл әкімшілік ғимараты











Ауруханасы

























Емханасы

























Дәріханасы



























Қарақұр ауылының Бау-бақшасы





















Табиғаты



































Алма бауы





























Жан-жануары



Көлі



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ