400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғылыми жоба: "Қазақ тіліндегі тілек - бата сөздерінің қолдануы"

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі және қазақ әдеюиеті мұғалімдері үшін арналған қазақ халқының әр түрлі тақырыпта бата - тілектері жайлы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұлпа - (грек. hіstos; лат. textum) — өсімдіктердің шыққан тегі, құрылымы және организмдегі атқаратын қызметі бір-бірімен байланысты клеткалар жүйесі. Ұлпаны атқаратын қызметіне, шыққан тегіне, морфологиясына, т.б. қасиеттеріне байланысты бірнеше топқа бөледі. Егер Ұлпа біркелкі клеткалардан құралған болса, оны жай (колленхима), ал бірнеше клеткалардан тұрса — күрделі (эпидерма) деп жіктейді. Негізгі Ұлпалар атқаратын қызметіне байланысты ассимиляция, сіңіргіш, қорлық заттар жинаушы, ауа ұстағыш болып ажыратылады.

Жоғары сатыдағы өсімдіктер Ұлпалары 5 түрге бөлінеді:


Өсімдіктердің бір ерекшелігі — олардың тұрақты өсу қасиетін бөлінуге қабілетті меристемалық Ұлпаның болуына байланысты.

Қорғаныш Ұлпа

Қорғаныш (жамылғы) Ұлпалары өсімдіктің ішкі Ұлпаларын сыртқы ортаның қолайсыз әсерінен қорғайды. Эпидермис және тамырдың эпиблема Ұлпасын бастапқы жамылғы, ал көп жағдайда оның бет жағында түрліше қызмет атқаратын түкшелер, балауыз тәріздес кутин қабаттарын кутикула деп атайды. Жапырақ эпидермисі қорғаныш, газ алмасу, транспирация, ал кутикула Ұлпаға микроорганизмдердің, т.б. зиянкестердің енуіне қосымша кедергілік қызметін атқарады.

Механикалық Ұлпа

Механикалық Ұлпалар тіректік қызмет атқарып, жел, жаңбырға төтеп беріп, органдардағы клеткалар мен ұлпаларды, орган бөліктерін біріктіреді. Клетка қабығының қалыңдап қатаюы, сүректенуі механикалық Ұлпаның анатомиялық ерекшелігінің бірі болып саналады.

Механикалық Ұлпалардың 3 түрі бар:

Өткізгіш Ұлпа

Өткізгіш Ұлпалар өсімдік денесінде суды, минералдық, органик. заттарды тасымалдау және органдарды біртұтас жүйеге біріктіру қызметін атқарып, өсімдіктерде түтікті талшықты шоқтарға жинақталады. Сондай-ақ клеткалар жиынтығынан (шірнеліктер, безді талшықтар) немесе дара клеткадан (идиобластар) тұратын секреттік Ұлпалар болады. Ұлпаның сапалық өзгешеліктері клеткадағы гендердің ерекше ырықтылығына негізделген. Ұлпа құрамындағы кез келген клетка оның геномында тұтас организмнің дамуы жөніндегі ақпарат болатындықтан, бүтін органның немесе организмнің бастамасы бола алады. Бірақ бұл қасиеттің жүзеге асуы фитогормондардың, метаболиттердің және олардың физикалық, химикалық жағдайларының өзара үйлесімдігіне тығыз байланысты. Ұлпаның даму жолдарын зерттеуде клеткаларды іn vіtro жағдайында өсіру арқылы жүргізу ядродағы генетик. бағдарламаны толық жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ұлпаның пайда болып, дамуын гистогенез, ал бұл процестерді тереңдетіп зерттейтін ілімді — гистология деп атайды. Өсімдіктер Ұлпасын, олардың атқаратын қызметі мен құрылысын өсімдіктер анатомиясы зерттейді.[1



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18.09.2021
1633
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі