Материалдар / Ғылыми жоба Қолөнер- мол өнер
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ғылыми жоба Қолөнер- мол өнер

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздар қауымына. Қазақ халқының қолөнері туралы мағлұмат алады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қаңтар 2019
2755
6 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



№136Т.Жүргенов атындағы бастауыш пән мұғаліміҒылыми жетекшісі: Махамбетжанова ӘсемкүлҚорғаушы:Қуанышева Ильнура,Сейтасқарова Жарқынай 4”Б”сынып оқушысы. Алдымызға қойған мақсатымызХалқымыздың ежелден келе жатқан көне де, ізгі дәстүрі арқылы қазіргі заманымызға лайықты сапа түр беріп сәндік қолөнерді дамыту.Міндетіміз:Қазақтың қолөнері жайлы білу;Зергерлік өнер жайлы мағлұмат беру;Алқа ,тұмарша жасау технологиясын үйрену;Қазақтың қолөнерін қастерлеу және қолөнер шеберімен кездесу. Зерттеудің болжамы: осы зерттеп жатқан жобамызды, жұмысымызды тоқтатпай әрі қарай жалғастыру. Зерттеудің нысаны: зергерлік өнерді зерттеу, анықтау;Зерттеудің нәтижелері:Әрбір жұмысты істеген кезде одан қандай да бір нәтиже шығу керек. Зергерлік өнер туралы ізденген кезде біз бірнеше нәтижеге жеттік. Біріншіден, тоқыма өнерін зерттей келе олар жайлы көп біле бастадық. Екіншіден, ыстық клеймен,қысқашпен жұмыс істеуді үйрендік. Зерттеудің кезеңдері:Біріншіден, біз өзіміз зерттейтін жұмысымыздың тақырыбымен таныстық. Екіншіден, мәліметтерді жинақтап, жасалу жолдарын үйрендік. Үшіншіден, жинаған жұмысымызбен ұстазымызбен талдадық. Кіріспе бөлімӨз ұрпағының “сегіз қырлы, бір сырлы”өнегелі, өнерлі болып өсуін мақсат еткен ата-анамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін ұрпақтан ұрпаққа үйретіп келген.Сол қағиданы ұстанған ұстазымыз Әсемкүл Мырзабайқызы мектепішілік ғылыми жоба туралы айтқанда Жарқынай екеуміз қазіргі заманда интернетте неше түрлі қолдан жасалған сырға,сақина,білезіктер көреміз оларды бізде жасай аламызба сол жайлы ізденіп көрсек қалай болат деп сұрадық. Ұстазымыз біздің қызығушылығымызды құптап бізге бағыт бағдар бере бастады.Біріншіден екеуміз бірігіп ізденетін болғасын біз бір топпыз ғой деп өзіміздің топқа ат қоюды ойластырдық. Ойлана келе екеуміздің есімімізден екі буында алып НҰРАЙ деген топ бола шықтық. Енді ғылыми жобамыздың тақырыбы: «Қолөнер – мол өнер»Қолөнер халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатыр. Сан алуан түрлі қолөнер бұйымдар әсемдігі, өрнегі тұрмысқа мән берумен адамдарға рухани ләззат әкелген. Көз салып байыптап қараған адамға бұйымдардағы түрлі-түсті ою-өрнек, оның орналасуы адамзат дүниесінің табиғатпен біте қайнасқан сонау заманнан келе жатқан қарым-қатынасын, көңіл-күйін, жан дүниесіндегі тылсым күштердің бірлігін аңғаруға болады. Қазақ қолөнерінің түрі, сапасы, өрнегі, бояуының өмірге келуі көшпелі өмірмен тығыз байланысты. Шебердің қолынан шыққан бұйымдар күнделікті тіршілікпен қатар сол заманның ортақ қолөнер мәдениетінің баға жетпес үлгісі. «Шебердің қолы ортақ» деген мақал ел ішінде бекер айтылмаса керек. Нағыз шеберлікке жету үшін табандылық, іскерлік, талғампаздық, білім қажет. Шығармашылық ізденіс үстіндегі халық шеберлері тұрмысқа қажетті қолөнердің алуан түрлерін ойлап тапты.Соның бірі:ТұмарТұмар – мойынға слатын зергерлік әшекейі бұйымның бір түрі. Тұмар түрлері әшекейлер сияқты сонау палеолит дәуірінен пайда болған. Ол кездегі адамдар аңдардың тістерінен сүйектерінен сақина, моншақтар жасаған. Бұл заттар иесіне аңның ептіілігімен айласын береді, бүтіндей бөліктері, өрнектері де сол наным-сенімге байланысты болған. Сақтар заманында моншақ тастар, жыланбас, ұлу қабыршақтары тұмар ретінде тағылғын, өйткені археологиялық қазба жұмысын жүргізген кезде олардың табылатындығы көңіл аудартады. Қолөнері дами келе қасиетті сааналатын құстардың, жан-жануарлардың бейнесін тұмар ретінде ағаштан, сүйектен, металдардан жасап таққан. Отырар қаласының орнын қазу кезінде табылған бой тұмарларға зер салсақ, олар серке, аққу, қаз тәрізді, жылан басының бейнесі бар бойтұмарлар. Сол сияқты қасқырдың азу тісін, киіктің бақайшағын, қойдың асығын, құс сүйектерін де тұмар етіп таққан.Қазақтар тұмарды көбінесе ұшбұрыш, төртбұрыш етіп жасаған (күміспен күптеліп, алтын жалатылып, асыл тастар тізген металл қорапшамен ұаптаған). Ішіне молданың қағазқа жазған дұғасы, ұлутас, үкі қауырсыны, киелі деп есептеленетін қой не түйе жүнін салған. Тұмарды тек әшекей ретінде ғана емес, пәле-жаладан, ауру-сырқаудан, көз тиюден сақтайды деген түсінік бойынша таққан. Оларды түсті метлдардан, немесе терілерден ұшбырыштап немесе қиықшалап жасап, сыртын өрнектеп, лажылап, сіркелеп, бағдарлап, асыл тастардан көз салып әшекеленген. Оны көбінесе адамға (әсіресе жас балаға) көздің сұғынан, тілдің уынан сақтайды деп таққан. Осындай тұмарлар адам бойына қуат беріп, көңіліне сенім тудырған. Тұмар рөлін атқарған әдемі алқалар да болған.Халқымыз малдардың көп ауруы көз тиюден болады деп есептеген. Көз тимеу үшін жаңа туған ботаға, жүйрік атқа, сүтті көп беретін сиырға түрлі тұмар тағу әдеті күні бүгінге дейін сақталып келеді.Тілімізде тұмар түрлеріне байланысты қалыптасқан мынадай атаулар бар:Жастық тұмар – төртбұрышты түсті металдан жасалған көркемдік бұйым.Қиық тұмар – сәндікке мойынға тағылатын жалтырауық заттардан істелген тұмар.Лағыл тұмар – дағыл таспен безелген тұмар.Сіркелкі қолтық тұмар – бетіне сіркеліп өрнек салынған тұмар.Алтын тұмар – күміс бетіне алтын жалатқан, алтынмен әшекейленген тұмар.















































































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!