Материалдар / Ғылыми жоба "Құрылыстағы архитектуралық бейнелердің математикалық ерекшеліктерін айқындау"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ғылыми жоба "Құрылыстағы архитектуралық бейнелердің математикалық ерекшеліктерін айқындау"

Материал туралы қысқаша түсінік
Зерттеу жұмыстары жүргізілді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Желтоқсан 2017
1575
9 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіПавлодар облысы Білім беру басқармасы «Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибе орталығы

Ақтоғай ауданыХасен Шаяхметов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп



Кабек Алмаз Нұржанұлы9 сынып оқушысы



Тақырыбы: Құрылыстағы архитектуралық бейнелердің математикалық ерекшеліктерін айқындау

Бағыты: Эканомикалық және әлеуметтік процесстерді математикалық модельдеу Секция: Математика Ғылыми жетекшісі: Кабыкенова Айман Кабдыкәрімқызы Математика пән мұғалімі







Павлодар2013-2014 оқу жылыАннотацияЗерттеудің мақсаты: Құрылыстағы архитектуралық бейнелердің математикалық ерекшеліктерін айқындау. Сол денелердің пішініне енген фигуралар комбинацияларын, олардың өзара үйлесімділігін, сырт көзге тигізетін әсерін, табиғат жағдайларына төзімділігін сонымен қатар құрылыстың ішкі дизайнын математикалық тұрғыдан зерттеу.Гипотеза: Қазіргі құрылыс қатты дамыған заманда құрылыстың архитектуралық әдемілігі жан-жақты қарастырылмайды, сондықтан оған математикалық үйлесімділік талап ететін арнайы ұсыныстар келтіруге болады.Әдістемесі: 1. Кітап, журналдардан мағұлматтар жинастырылды.2. Интернеттен мағлұматтар жинақталды.3. Математикалық формулаларды пайдаланып, есептеулер жүргізілді. 4. Астананы аралап, бұрынғы, жаңадан салынып жатқан ғимараттармен танысып, олардың математикалық тұрғыдан қарағандағы артықшылығы мен кемшіліктерін қарастыру.Зерттеу кезеңдері:
  • Астанадағы жаңа құрылыстардағы геометриялық денелердің конфигурациясын математикалық тұрғыдан зерттеу.
  • Сыйымдылығы, көлемі, жарықтың түсуі жағынан тиімді құрылыс табу. Мысал ретінде болашақ мектеп құрылысы.
  • Күмбезі бар құрылыстарды математикалық есептеулер арқылы қарастыру.
Жұмыстың жаңалығы: Алғашқы рет Астанадағы ғимараттардың математикалық үйлесімділігі қарастырылып, математикалық тұрғыдан тағайындалды. Мектеп жобасы зерттеу тұрғысынан қарастырылды.Нәтижесі мен қорытындысы: Астанадағы жаңа ғимараттардағы геометриялық денелердің конфигурациясы математикалық тұрғыдан зерттелді. Сыйымдылығы және жарықтың түсуі жағынaн тиімді құрылыстар табылды. Мысалы киіз үй, пирамида, таға, қиық конус тәріздес т.б. үйлер.-1-



Annotation

Research object: To determine the mathematical special features of the Building architecture. To investigate the combination of figures which are the part of the construction, their mutual harmony, and the effect that it makes outside the capacity and inner design of the construction .Hypothesis: Nowadays, when the construction is so developed. The beauty of the architecture is not studied as it needed. On this reason, one can give special proposal demanding the mathematical harmony. Investigation periods:1. To find the connection between math and construction2.To investigate the configuration of geometry soils from the mathematical point of view, which are the new buildings on the left bank of Astana3. To find optimal construction with help of volume, lightness and capacity.4.To study dome houses with mathematical calculation











-2-

Мазмұны

Аннотация ....................................................................................1
Annotation ......................................................................................................2
Кіріспе.............................................................................................................3
Зерттеу бөлімі ...............................................................................................

1.1. Киіз үйдің құрылысындағы математикалық үйлесімділік.....4-7
1.2. Күмбезді ғимараттардың математикалық ерекшеліктері .................. 8-9
1.3. Астанадағы жаңа ғимараттардың кемшіліктері мен артықшылықтары ....................................................................... 10-13

1.4. Егер мен архитектор болсам .................................................................

Iбөлім. Жалпы шолу...................................................................... 14-15

IIбөлім.Сыртқы құрылысы........................................................16-17

IIIбөлім.Ішкі құрылысы............................................................18-19

Қорытынды..................................................................................20

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.....................................................21

Пікір.......................................................................................... 22















КіріспеЖұмыстың өзектілігі: Құрылыс пен математиканың қандай байланысы болуы мүмкін? Ғимараттардың алдын ала жобасын жасау, сонымен бірге қандай материалдан, қанша қаражат керек екендігі т.б. мәселелерді қамтамасыз ету үшін математикалық арнайы есептеулер қажет екені мәлім. Ал құрылыс жүріп жатқан кезде архитектордың жобасын дұрыс түсініп, оның есептеулерін іске асырушы мамандар да математиканы білу керек екендігі мәлім. Құрылыс аяқталып, сыннан өткізгенде де математика қажет болады. Осы тұрғыдан қарағанда құрылыс ғимараттарының элементтерінің математикалық үйлесімділігі қазіргі кезде Астанада қарқынды дамып келеді. Қазақстан Республикасының президенті Н.А.Назарбаевтың қадағалауы бойынша қаламызда тамаша, әлемге әйгілі ғимараттар тұрғызылып жатыр. Бұны тиімді мәселе деп есептеуге болады.Жұмыстың мақсаты: Құрылыстағы архитектуралық бейнелердің математикалық ерекшеліктерін айқындау. Сол денелердің пішініне енген фигуралар комбинацияларын, олардың өзара үйлесімділігін, сырт көзге тигізетін әсерін, табиғат жағдайларына төзімділігін, сонымен қатар, құрылыстың ішкі дизайнын математикалық тұрғыдан зерттеу Алға қойылған міндеттерді шешу әдістері:
  • Киіз үйді геометриялық фигураларды цилиндр, қиық конус, шар сегменті ретінде қарастыру, оның формасымен байланысты математикалық үйлесімділікті зерттеу;
  • Күмбезді геометриялық фигуралар ретінде қарастыру
  • Астанадағы ғимараттардың ерекшеліктерін бұрынғы құрылыстағы жиі кездесетін ғимараттардан өзгешелігін салыстырмалы тұрғыдан қарастыру.
  • Көлем, жарықтың түсуін табу,табиғат жағдайына төзімділігін қарастыру, бет ауданын есептеу арқылы құрылыс материялының шығынын есептеу
  • «Егер мен архитектор болсам» атты бөлімінде экономикалық тиімді, орын алу жағынан қолайлы мектеп туралы көзқарас келтірілді.






-3-



Зерттеу бөлімі1.1. Киіз үйдің құрылысындағы математикалық үйлесімділік Қазақтың шаңырағы өзінің қайталанбас ерекшелігімен, эстетикалық келбетімен, философиялық мәнімен қасиетті. Киіз үй пішінінің өзі ерекше жайлық пен үйлесімділікті көрсетеді. Кең дала бетіндегі көк күмбезінің көшірмесіндей әсер ететін киіз үй бір жағынан халқымыздың еркіндік сүйгіш рухын және көшпенділердің тәуелсіздігін бейнелейді. Киіз үй - экологиялық тепе-теңдіктен бағыт алған дәстүрлі мәдениет өнімі. Өз дамуында табиғатты бағындыру, өзгерту емес, оның заңдылықтарын танып, оларды күнделкті өмірде ұстану бағытында құралған киіз үй әлі күнге дейін ең тамаша архитектуралардың бірі болып саналады. Киіз үйдің 2 мың жылға жуық тарихы бар. Оның сипттамалары Орхон- Енисей жазбаларында, араб, түрік, қайнар көздерінде кездеседі. Қытайдың ұлы ақыны Бо Цзюй-и киіз үйді былай сипаттаған: «5-6 адамнан тұратын орташа киіз үйді 2 адам 1,5 сағатта жинап, 30 минутта бөлшектейді. Киіз үйдің негізін кереге құрайды. Керегенің саны канатты анықтайды. Әдетте қанатты 2 метрге жуық қылып орнатады. Кішкентай киіз үйде 3, 4 қанат, үлкендерінде 6, 8, 12, 18, 24 қанат болады. Уықтың ұзындығы шамамен 2 - 2,2м Үй есігінің ені үлкен, бірақ ұзындығы 1,5 метрге жуық. Тіреу ретінде бағандарды қолданады. 4-5 қанатты киіз үйлерге 2 баған қояды. Жазда үйді жерге орнатады, қыста ағаштан жасалынған еден төселеді. Сонымен қатар қыста арнайы киіздермен киіз үйдің төменгі жағы жылытылады. Ал, жазда керісінше, салқын келіп тұру үшін, төменгі киіздер көтеріліп қойылады.-4-Киіз үйдің есігі әрқашан оңтүстікке қарап тұрады. Сондықтан жайлауда оны бағыттаушы ретінде қолдануға болады. Осыған орай көшпендінің үйі солтүстіктен келетін суық желдер мен қалың қардан сақталып, оңтүстіктен келетін күннің көзіне ашық болады.











Көптеген ғалымдар киіз үйдің сыртқы көрінісі ғарыштың горизонталь және вертикаль көрінісіне дәл келеді деп есептейді. Шаңырақ арқылы үй тұрғындары түнде жұлдыздардың жылжуын бақылай алады. Жыл, ай, күн санауын көшпенділер күннің шаңырақтан қандай бұрыш жасап құлауынан біліп отырған. Күн сәулесінің шаңырақ, уық, кереге, жиһаз, жерге түсуі арқылы көшпенді дәл уақытты біле алған. Күннің түсуіне байланысты киіз үйдің ішін 12 бөлікке бөлуге болады, оны 1 жылда 12 ай болуымен байланыстыруға болады. Сондықтан, шаңырақтың пропорциясы, керегенің биіктігі, ені және кіреберістің дәстүрлі орналасуы бір заңдылыққа бағынады. Бұл киіз үйдің нақты формаларының қалыптасуына әсер етті. 3-4 қанаттан тұратын киіз үйге 8-10 адам сыйатын болса, үлкен ақсүйектердің 10-25 қанаттан тұратын үйлері 50-100 адам сыйғызған. Ал, Монғолияның соңғы ханының киіз үйіне 500 адам сыйа алады.Қанаттың ұзындығы , есіктің ені шамамен 1метр болғандықтан, киіз үйдің алатын орны яғни шеңбердің ұзындығы-5-4 қанатты үй үшін 2πR=8+1=9 м R=6 қанатты үй үшін 2πR=12+1=13 м R=12 қанатты үй үшін 2πR=24+1=25 м R=Сол шеңберлердің аудандары:4 қанатты үй үшін = 6 қанатты үй үшін =12 қанатты үй үшін = Шаңырақ шеңберінің ұзындығы 3-5м.Онда шаңырықтың радиусы 2πR=3(5) R= ден ге дейін жетедіКиіз үйгің көлемі V=Vқиық конус + Vцилиндр = + πR2 = 4 қанатты киіз үйдің көлемі V==7,5 м36 қанатты киіз үйдің көлемі V==21 м312 қанатты киіз үйдің көлемі V==140 м3Киіз үйдің ауданы S=Sцилиндр+Sқиық конус=2πRH+π(R+r) формуласы арқылы есептеледі-6-Киіз үйдегі конустың биіктігінің цилиндрдің биіктігіне қатынасы алтын қимаға тең блады.Киіз үйге түсетін жарық I= мұндағы N aстрономдық күн тұрақтысы , S-шаңырақтың шеңберінің ұзындығы Киіз үйдің құрылысында көптеген құпиялар бар. Мысалы, киіз үйге жауын-шашын іркілмеуі үшін қиық конустың цилиндрдің бетімен жасайтын бұрышы 45-градусқа тең болуы керек. Сонымен, киіз үй қандай да бір архитектураның идеалы болып саналады. Ол тек ата-бабаларымыздан қалған дәстүр, мұра ғана емес, сонымен қатар математикалық үйлесімділіктерге толы архитектура. Қай жағынан қарасақ та кемшілігі жоқ бұл үй көшуге жеңіл 300-400кг, қыста жылы, жазда салқын, көлемі үлкен, жаңбыр, желден қорғайды. Бұл үй адам мен табиғатты байланыстыратын ең тамаша архитектураның бірден бірі.















-7-

1.2. Күмбезді ғимараттардың математикалық ерекшеліктері Жұмыстың бұл бөлігінде күмбезді ғимараттардың сыртқы көзге әсері, ішкі сыйымдылығы қарастырылады. Жалпы күмбездің нақты өлшемдері жоқ. Сондықтан біз тек бірнеше ғимараттардың ғана күмбезін қарастырамыз. Көбіне күмез жарты шардан немесе цилиндрдің үстіне қойылған конустан құралады. Жарты шардан құралатын күмбездің орташа ішкі сыйымдылығы және ауданы:V=πR3 S=2πR2Цилиндр мен конустан құралатын күмбездің өлшемдері: Vкүмбез=Vцилиндр+Vконус=πR2 + πR2 =Sкүмбез=Sцилиндр+Sконус=2πНR+πR =2RV1 мен V2 салыстырамыз :V1=πR3 v V2= > -8-

S1 мен S2 салыстырамыз:S1=2πR2 < S2= Сонымен қатар, цилиндр мен конустан құралатын күмбездің сыртқы көріктілігі көбірек. Күмбезі бар ғимараттар басқа ғимараттарға қарағанда табиғат жағдайларынан, жауын-шашыннан қорғалған болады.Қожа Ахмед Йассауи мовзалейінің күмбезінің диаметірі 30гяз.1гяз-60,6см.





Бұл дегеніміз 60,6*30=18,18м. Бұл Қазақстан және Орта Азиядағы кірпіштен жасалынған ең үлкен күмбез. Оның ішкі көлемі Vкүмбез==S===532Сонымен, күмбезі бар архитектураның үлкен артықшылықтары бар. Олар:
  • Сыртқы және ішкі көрінісі көрікті, үйлесімді көрінеді
  • Ішкі сыйымдылығы үлкен және ғимараттардың акустикасын арттырады
  • Жауын-шашын күмбездің үстіне жинала қоймайды, яғни төбеден су ақпайтын болады.






-9-1.3. Астанадағы жаңа ғимараттардың кемшіліктері мен артықшылықтары Жұмыстың бұл бөлімінде қазіргі таңда Астананың сол бөлігінде жаңадан тұрғызылып жатқан архитектуралық ғимараттардың артықшылықтары, ерекшеліктері мен кемшіліктері карастырылады. Математикалық есептеулер арқылы бірнеше ғимараттарды сейсмотұрақтылық, сыйымдылық, жарықтың түсуі жағынан қарастырып, қолайлы, адам өміріне қауіпсіз және сыртқы көрінісінен жағымды әсер ететін ғимараттарды табамыз. Қазіргі таңда Астанада параллелепипед тәрізді үйлер басқа формалы үйлерге қарағанда басым. Бұл ұйлердің кемшіліктері өте көп. Біріншіден, бұл үйлер беріктілігімен ерекшеленбейді. Екіншіден, құрылысы тұрғындарға қолайсыз, балалар ауласы, машинаның кіріп-шығатын жері өте қолайсыз жерде орналасқан. Сонымен қатар құрылыстар әр-түрлі уақытта жүргізілгендіктен, үйлер бір-біріне өте қолайсыз жерде орналасқан. Мысалы, Абай көшесіндегі тұрғын үй кешендері, 3ші, 1ші шағын аудандағы үйлердің орналасқаны соннша қолайсыз, үйлердің ауласы жоқ болғанымен қатар, үйлер тығыз орналасқандықтан ішіне күн түспейді. Оның үстіне қастарына тағы да жаңада үйлер тұрғызылып жатыр. Бұл мәселелерді шешу үшін басқа бұдан қолайлы формадағы ғимараттарды қарастырып, оларды құрылыста қолдану керек.Жұмыстың барысында ғимараттар келесі пункттер бойынша қарастырылады:1)ішкі көлемі, сыйымдылығы2)сейсмотұрақталық және табиғат жағдайларынан қорғаныштығы3)жарықтың түсуі4)архитектураның сыртқы көрінісі5)үйдің ішкі темпиратурасы немесе үйде тұратын адамдарға әсері.





-10-

1. Таға тәріздес үйлер



1)Сейсмотұрақтылығы және табиғат жағдайларынан қорғаныштығы Біріншіден, бұл ғимаратта қыры және бұрышы жоқ болғандықтан пәтерлер суық желдерден сақталған. Аркалар 90-градусты бұрыштарға қарағанда сейсмотұрақты екендігі барлығымызға беймәлім емес. Сондай сияқты таға тәріздес үйлер паралллелограмм тәріздес үйлерге қарағанда сесймотұрақты. Бұл ғимарат бір жағынан дөңгелек тәріздес болғандықтан суық желдерден сақталып тұрады. Үйдің сырт жағын солтүстікке қаратып тұрғызса, үй суық желдерден және қалың қардан сақталады.2) Жарықтың түсуі: Егер параллелепипед тәрізді үйлерге жарық үйдің бір жағына көп дегенде 6сағат түсетін болса, таға тәріздес үйлердің сыртқы жағына жарық ұзағырақ түсетін болады. Ал ауласына керісінше күннің көзі тәулігіне 5 сағаттан кем түсетін болады. Яғни үй түрғындары күннің көзінен сақталады және кез келген уақытта аулаға серуендеуге шығуға мүмкіншіліктері болады.3) Архитектураның сыртқы көрінісі Архитектураның сыртқы көзге әсері параллелепипед тәріздес үйлерге қарағанда жағымдырақ.4) Үйде тұратын адамдарға қалай әсер етеді: Үй таға тәріздес болғандықтан оның ауласы тұйық жерде орналасады, бұл үй тұрғындарының автокөліктерінің кіріп шығуына өте қолайлы. Сонымен қатар, балаларға арналған аула максималды қауіпсіз жерде орналасады. Мұндай үйлер ұрылар мен басқа да қауіп төндіретін тұлғалардан көбірек қорғаулы. Себебі, таға тәріздес үй өз-өзіне қоршау, тек ашық кеңістікке қоршау мен күзет қойсаң болғаны.-11-2. Конус тәріздес үйлер









1)Сейсмотұрақтылық немесе табиғат жағайларына тұрақтылығыКонустың қыры және бұрышы жоқ болғандықтан ол суық желдерден сақталады. Сонымен қатар, ауырлық центірі конустың төменгі ауданының дәл ортасына түскендіктен яғни сол нүктеде дененің барлық массасы шоғырланғандықтан сейсмотұрақтылық жағынан қауіпсіз. 2) Ішкі көлемі, сыйымдылығыды.



-12-V қиық конус = Vпараллелепипед Vқиық конус > Vпараллелепипед
578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!